ОҚу түрткілері және дамыта оқытудың психологияльқ негі3дері имрамзиева Сахинат



жүктеу 33.5 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі33.5 Kb.

ОҚУ ТҮРТКІЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЬҚ  НЕГІ3ДЕРІ 

 

Имрамзиева  Сахинат, 



Алматы энергетика және байланыс университетінің  аға оқытушысы 

 

 

Оқу  түрткілерін  (мотивация)  тудыру  –  мектептіңе  басты 



мәселелерінің  бірі.  Өйткені,бір  оқушыға    сабақ  оқу  қызықты  көрінсе, 

екшісі- керісінше болады, яғни бірі оқығысы келеді, ал енді бірі енжарлық 

танытады. Бұл үшін  түрткінің  негізгі  механизмдерін  қарастырып  көрейік. 

Қандай  іс  әрекет  болсын  , оған  ынталылық  қаншалықты  қажет  болса,  ол 

соншалықты  тиімді  жүреді.  Демек,  түрткі  дегеніміз-адамдың  бір  нәрсе 

істеуге  деген  талпынысы  және  сонымен  қоса  талап-тілегі,  сұранысы, 

мұмкіндігі нәтіжесінде  туындаған мақсаттардың бірігіп  қосылуы. 

 

Түрткінің  оң  және  теріс жақтары  бар  екені  даусыз.  Мәселен, балада 



оқуға  деген  ниет-тілек,  оқу  іс-әрекетіндұрыс  орындауға  ұмтылыс 

байқалса,  онда  оң  түрткінің  болғаны.  Ал  бала  мектеп  сабақтарынан 

мүлдем  қашқақтайтын  болса,бұл  теріс  түткінің    белгісі.  Қай  с  әрекет 

болсын, мақсатқа жетуге бағытталады. Мақсат  екі  түрде көрініс береді. 

1.баланың өзі қол жеткізуге тиіс нормативтік үлгідегі нәтиже. Іштей 

ол оқу тапсырмалары түрінде, ал сырттай әлеуеттік нәтиженің субьективті 

түрінде көрінеді. 

2.  Мақсаттардың  сандық түріндегі жетістік деңгейі. Мұнда бала өз 

мүмкіндегі  мен  талпынысына  тәуелді  болғандықтан,  ол  өзін  ғана 

қанағаттандыратын  деңгейге  жетсем  болды  деп  есептейді.  Мысалы,  бір 

оқушы  бақылау  жұмысына  дайындала  отырып,  оны  «өте  жақсы»  бағаға 

тапсыруды  көздесе,  басқа  бір  бала  «қанағаттанарлық»  деген  баға  алса, 

соның озін жетістік  санайды. 

  

Тек  көздеген  нәтіже  ғана  мақсат  түрінде  көрінеді.  Атап  айтқанда, 



болашақ  нәтижеге  жетуге  ұмтылу  ынталылық  (мотивациялық)сипат 

сыйлайды.  Егер  нәтиже  өзінше  тартымды  болса, онда ол  іштей,  ал  себеп 

салдарымен көрінсе, тартымдылық сырттай болуы мүмкін. Оқушы сабақта 

жаңа  білім  игеріп,оқу  оған  қызықты  болса,  бұл  оқу  іс  әрікетінің  ішкі 

тартымдылығы.  Егер  оқушы  ата-  аналарыныңқолдауына  ие  болу  үшін 

немесе  сыныптастары  арасында  өз  мәртебесін  көтеру үшін  оқитын болса, 

онда бұл сыртқы тартымдылықтыңбелгісі болып табылады.  

Мектеп  тәжірибесінде    окуға  деген  түрткі,  көбінесе,  кызығу 

формасында көрінісс табады. Кызығулар ішкі түрткі  негізінде ғана пайда 

болуы  мумкін.  Адамның  неізі  сұранысы  дүниені  танудан  және  оз  орнын 

табудан  турады.  Осыған  орай  педагогке  ішкі  әлеуетті  ашу  мідеті 

койылады.  Оқу  іс-әрекеті  іштей  қарама-  қарсы.  Бір  жағынан,  ол  ішкі 

тартымдылыққа  ие,  өйткені  оқушыға  білім  нәтижесінің  өзіндік  мәні  мен 


күш-қуаты  сезімін  қамтамасыз  етеді.  Екшші  жағынан,  муғалімге 

тәуелділіктен  табысқа  жетпей  қалу  қауіптілігін    қашанда  тудырып 

отырады.  Осыған  байланысты  оқу  іс-әрекетінің      кай  жағы  жузеге 

асырылады, соған орай белсенді, шығармашыл, өз бетінше ізденетін  тұлға 

немесе  енжар,  мұғалім    нұсқауымен  ғана  жүретшн  оқушы  калыптасады. 

Міне,  осы  факторларды  салыстыра  қарайтын  болсақ,  оқытудың  қай 

бағытта жургізілуіне сәйкес балаларда сол тип қалыптасатыны айқындала 

түседі. 


Оқушы  сабақты  орындау  барысында  қоятын  талаптарды  аса 

қаламайды,  сол  себепті  ол  кездесетін    қиындықтарды  субьективті  түрде 

бағалайды.  Егер  оқушы  тапсырмаларды  шешу  кезінде  аз  күш  жұмсаса, 

онда  ол  берілген  жұмыстарды  жеңіл  деп  есептейді  немесе  керісінше  

бағалайды.  Іс-әрекетті  орындауға  қатысты  табыстың  өте  жоғары 

субьективті  ықтималдығы  мен  аз  шығындылығынан  бала  қорқыныш  пен 

үрей  пайда  болады.  іс-әрекеттің  мэәнділігі    жоғары  болған  сайын  үрей 

одан  әрі  күшейе  түседі Сондықтан жауапкершілігі    мол  оқушы  қатардағы 

бақылау жұмысынан гөрі оқуга түсу емтихандарына деген сезім үрейлерін  

бастан  кешіреді.  Аса  қолайлылық,  пен  тартымдылық,  орташа  қиындық 

мідеттеріне  алға  тартқанымен,  ондагы  табыс  бәрінен    бұрын  оқушыньң 

кабілеі    мен  жігеріне    қарай  анықталады.  Сондықтан  да  мұндай 

тапсырмаларда бала өзін көрсете алады және оган қызығушылық туады. 

Бұл  механизм  оқу  белсенділігіне    жету  түртісі  тұжымдамасында 

ашып  көрсетілетін.  Онда  табысқа  шаттану  жэне  тапсырма  қиындығы 

арасындағы  байланыс  айтылады.  Іс-әрекетке  талпыну  табысқа  жетудщің 

субьективті  мүмкіндігінің    белгілі    деңгейіне  тәуелді.    Оқу  үрдісінде 

оқушы  өз  мумкіндігін,  бағалау  жағдайын,  табысқа  жету  мен  кедергіге  

жолықпау  жолдарын  салыстыра  отырып,  сапалық  және  сандық 

параметрлерді  сипаттайтын  іс-әрекет  мақсатын  “нормативтік  деңгей” 

турінде  қабылдайды.  Соньң  нәтижесінде  іс-әрекетті  орындаудың  жеке 

стандарты  немесе  субьективті  сапалық  және  сандық  сипаттарга  ғана  ие 

деңгейі  қалыптасады.  Ендеше  табысқа  жету  сұранысы  жоғары  болған 

сайын оқушы одан да күрделі тапсырмаларды тандауға ұмтылады. 

А.  Маслоу  тұжырымдамасында  адамньң  өзш-өзі  өзектеңдіру  

феномені  ай-  қындалған.  Егер  оқушы  қызықты  және  шығармашылық 

жұмыспен көбірек айналысатын болса, оның өсу мотиві (яғни, адамньң өз 

білімін,  өнімділігін    көтеруге  ынталылығы)  соншалықты  канағаттандыра 

туседі.  Бірак,  бұл  жағдайдағы  қанағаттандыру  ынталылықтың  ұлғаюына 

алып келеді. Осылайша өсу мотивін “қосу” оқытудың тұрақты түрткілерін  

туғызады.  Балаларда  түрткі  қондырғыларыньң  белгілі    дәрежеде 

қалыптасуы  педагогтің  тәртібіне,  оның  басқару  стиліне  байланысты 

болады. Оньщң міндеті—оқушының, өз күшіне сенімін оята білу. Мұғалім 

сабақтың қызықты өтуіне ұмтылып, ынталылыкты күшейтуді   қамтамасыз 

етуі  тиіс. 


Психологиялық зерттеулер нәтижесінде ғылыми ақпараттар мен оқу 

дағдыларын  игеруге  бағытталган  оқу-танымдық  түрткілер  тобы 

нқктыланған.  Оқу-танымдық  түрткілердің  қалыптасуыньң  белгілі  бір 

динамикасы бар.  Оны дамытудың үш деңгейі мына төмендегідей: 

1.

 

жаңа білімдерді  игеруге багытталған кең танымдылық,; 



2.

 

білімді  алу  тәсілін    меңгеру  бағытындағы  өзіндік    оқу-



танымдылық,; 

3.

 



түтас  оқу  әрекетін  жетілдіру    бағытындағы  өзндік  білім  алу 

деңгейі . 

Бір  деңгейден  басқа  деңгейге  өту  түрткіні  дамытудың  маңызды 

кезеңі  болып  табылады.  А.К.  Маркова оқушылардьң  жас  ерекшеліктеріне 

сәйкес түрткі  дина микасыньң өзара байланысын былайша сипаттаған: 

4.

 

бастауыш мектепте кец танымдқ, түрткі ,қалыптасады; 



5.

 

орта  сыныптарда  оқу-танымдық,  түрткілер  іске  қосыла 



бастайды; 

6.

 



жогары сыныптарда  өзіндік білім алу түрткілері өзектендіріледі . 

Оқу-танымдық түрткілер  оқу үрдісінде  жеке білім  алу ретнде  көрінеді. 

Сондықтан  оқу  бағдарламалары,  тәсілдер  мен  формалары  оқу-танымдық 

түрткілер    деңгейіне    сәйкес  және  олардың  өзіндік  білім  алу  мен  өзіндік  

дамуыньң  тұрақты түрткілерше айналуына әсер етуі   тиіс. 

 

 

 

Пайдаланылган эдебиеттер 

 

1.



 

http//www.ido rudn.ru 

2.

 

Н.В. Клюева. Педагогическая психология. Издательство “ВЛАДОС-



ПРЕСС”, 2003. 

 

 



Резюме 

В  данной  статье  говорится  об  основных  механизмах  мотивации. 

Мотивация — это соотношение целей, стоящих перед человеком, которые 

он стремится достигнуть и его желаний, потребностей и возможностей. 

 

Summary  



The article  says about the basic mechanisms of motivation. Motivation  is 

correlation  of aims standing before a man, which he wants to achieve   



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал