Оқу мақсаттары



жүктеу 16.58 Kb.
Дата06.11.2022
өлшемі16.58 Kb.
#23406
3 Химия 10-сынып Спирттер № 6 зертханалық тәжірибе жұмыс парағы

10.3D Спирттер Аты-жөні __________________________________

№ 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»




Оқу мақсаттары
10.4.2.27 біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу;


Бағалау критерийлері
Оқушы

  • біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізе алады

  • спирттердің судағы ерігіштігіне және жану өніміне олардың молекулалық массасының әсерін сипаттайды

  • спирттердің жану реакциясының теңдеуін құрастырады


Тәжірибе №1 Спирттердің судағы ерігіштігін анықтау


Нұсқаулық
Сәйкесінше екі сынауыққа 2 мл этил спирті мен изоамил спиртін құйыңыз. Әр сынауыққа 3 мл су қосыңыз және шайқаңыз.


Тәжірибе №2 Спирттердің жануы


Нұсқаулық
Этил спиртінің аздаған мөлшерін кәрден табақшаға құйыңыз. Сіріңкемен жағыңыз. Тәжірибені изоамил спиртімен қайталаңыз.


Тәжірибе №3 Біратомды спирттерге сапалық реакция
Этанолдың мыс (ІІ) оксидімен тотығуы


Нұсқаулық
Сынауыққа 1 мл этил спиртін құйыңыз. Мыс сымды спиртшам жалынында жақсылап қыздырыңыз. Қыздырылған мыс сымды этил спирті құйылған сынауыққа салыңыз.


Тәжірибе №4 Көпатомды спирттерге сапалық реакция
Глицериннің мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі
Нұсқаулық
Екі сынауыққа 1 мл 10% мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін құйыңыз және 10% натрий гидроксиді ерітіндісінің 3 тамшысын қосыңыз. Көк түсті тұнба түзіледі. Сынауықтың біреуіндегі тұнбаға глицерин тамшысын қосыңыз және тұнбаны шайқаңыз. Екінші сынауыққа этил спиртін тамшылатып қосыңыз.

Тәжірибелер алаңы



Тәжірибе №1 Спирттердің ерігіштігі

Болжам

Бақылау
Қорытынды



Тәжірибе №2 Спирттердің жануы

Болжам



Бақылау
Қорытынды
Химиялық реакция теңдеуін жазу

Тәжірибе №3 Біратомды спирттерге сапалық реакция
Бақылау
Қорытынды
Химиялық реакция теңдеуін жазу



Тәжірибе №4 Көпатомды спирттерге сапалық реакция
Бақылау
Қорытынды
Химиялық реакция теңдеуін жазу

жүктеу 16.58 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет