Оқу жылын қорытындылап, есеп беру



жүктеу 151.24 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі151.24 Kb.

Құрметті

 

әріптестер



!!! 

 

 



Бүгін  біз 

2014-


2015  оқу  жылын  қорытындылап,  есеп  беру

 

мақсатында  жиналып  отырмыз.  Елбасымыз  ұсынған  "Ұлт 



жоспарына"  сәйкес,  ендігі  жерде  мемлекеттік  мекемелердің 

жетекшілері  әріптестерінің  алдына  шығып,  жылдың  есебін  беруі 

тиіс.

 

Академиядағы  жұмыстар  келесі  негізгі  бағыттар  бойынша 



жүзеге асырылады

:  


Оқу және оқу

-

әдістемелік

 

жұмыс

 

Аяқталып  отырған  оқу  жылында  академияда  306  бакалавр 



бітіріп  шықты,  оның  ішінде  мемлекеттік  тапсырыспен  бітіріп 

отырғаны 

-  250. 

Магистратураны  53

 

түлек  бітіріп  отырса,  оның 



ішінде  мемлекеттік  тапсырыс  негізінде 

47  магистрант, 



докторантура  бойынша  бітіргені 

-  10.2014-

2015  оқу  жылында

  187 


бакалавр үздік

 

қызыл



 

дипломмен аяқтап отыр. 

 

7  студент  және  1  магистрант  алыс  шетел  мемлекеттеріне 



барып  (Германия  және  АҚШ),  академиялық  ұтқырлық  бойынша 

білім  алды.    Ішкі  академиялық  ұтқырлық  бойынша  М.Әуезов 

атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университетінен  1 

студент академияға қабылданды. 

 

 

Осы  оқу  жылында  бірінші  курсқа  328  студент  қабылданып, 



жалпылай  алғанда  академияда  білім  алып  жатқан  студенттердің 

саны  1433  адамды  құрады,  оның  ішінде  мемлекеттік  тапсырыспен 

білім алып жатқаны 

1072 студент. 



 

Жалпы  алғанда  академияның  үлгерімі  95

құрайды,  орташа 



балл 3,8.

 

 



Факультет бойынша атайтын болсақ

: 

"Хореграфия" факультеті –

 100 %. 

"Өнертану" факультеті

 



 98%; 



"Кескіндеме, мүсін және дизайн" факультеті

   


 97 %; 


"Театр өнері" факультеті

 



 95,5%, 

"Кино және

 

ТВ" факультеті



 

 94 %;  



"Музыкалық өнер" факультеті

 



 93,5 %. 

 

2014-



2015  оқу  жылында  оқу

-

әдістемелік



 

жұмыс  бойынша  оқу 

үрдісін, 

оқу


-

әдістемелік

 

құжаттамаларды



 

жетілдіру, 

оқытушылардың  педагогикалық  шеберлігін  арттыру,  академиядағы 

оқу


-

әдістемелік

 

жұмыстың  барлық  формасын,  түрін  және  әдісін 



жақсарту мақсатында түрлі шаралар кешені өткізілді. 

 

Қырқүйек



 

айында  академия  Мемлекеттік  аттестацияны 

ойдағыдай өтті. 

 

Сондай



-

ақ,академияның 

өкілі


 

"ЖОО Үздік оқытушысы"

 

атағын иемденді.



 

 

2015  жылдың  рейтингісі  бойынша  академия  бакалаврдың  4 



мамандығы бойынша келесі орындарға ие болды: 

 

Бакалавриат  бағдарламасы  бойынша  бірінші  орында



Режиссура, Хореография,  Сәндік өнер, Дизайн

.  

 

Екінші орында Дәстүрлі музыкалық өнер.



 

 

Магистратура  бағдарламасы  бойынша  үшінші



 

орында

Дизайн.


 

 

 



Үздік

 

40 ЖОО бойынша Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жүлделі 



25 

орынды иемденді 

(

өнер


 

саласындағы жоғары оқу орындары 

арасында бұл өте жоғары позиция

). 


 

Академияның барлық кафедраларында модульді жұмыс оқу 

жоспарлары жасалынды. Базалық және профильді пәндер 

бойынша 700

-

ден астам оқу



-

әдістемелік

 

кешен құрастырылды. 



 

Есеп  беру  ағымында  150  ашық  сабақ  және  260  шеберлік 

сынып өткізілді. 

 


Академияның  оқытушылары  50

-

ден  астам  монография, 



оқулық  және  оқу

-

әдістемелік



 

құралдарды

 

жарыққа  шығарды.  Оның 



ішінде ең маңыздылары 

Г.Т. Алдамбергенованың, Н.Е. Исабектің, 



С.К.  Қаржаубаеваның    монографиялары  және  А.Б.  Құлбаевтың 

оқулықтары.  Кафедралардың  ішінде  "Сахна  тілі"  кафедрасын 

ерекше  атап

 

өткеніміз



 

жөн,


 

себебі  кафедра  оқытушылары 

басылымдарды шығаруда белсенділік танытып отыр. Академияның 

оқытушылары  ағылшын  тілінде  оқу  құралдарын

 

шығару  жұмысына 



кірісіп

 

кетті 



(Namazbekov  N.  The  aspects  of  creating  cartoons:  Short 

film. Plot. Storyboard. Study guide. Almaty. 2015.) 

 

Академияның  оқытушы



-

профессорлар  құрамы  мемлекеттік 

аттестацияны  өткізу  барысында  өнер  мамандығының  бітіруші 

курсында  оқып  жатқан  студенттерге  арнап  тест  сұрақтарының

 

құрастырушылары



 

болып  табылады.  Ұлттық  тестілеу  орталығына 

арнап 40 пән бойынша тест сұрақтарын дайындады. 

 

3  мамандық  бойынша  көп  тілде  білім  алатын,  оқитын  топтар 



бар. 2015 жылы "Актерлік өнер" мамандығының студенттері Уильям 

Шекспирдің  "Асауға  тұсау"  қойылымы  бойынша  дипломдық 

жұмыстарын ағылшын тілінде қорғады. 

 

"Актерлік өнер" мамандығы бойынша дуалды оқу жүйесі енгізілді 



(3 курс, ұйғыр

 

тобы



). 

Жұмыс  берушілердің  сұранысы  негізінде  оқу

 

орнын  бітірген



 

түлектерді жұмысқа орналастыру жұмыстары толық қамтылған.

 

 

Сондай



-

ақ,


 

өнер


 

саласының  11  мамандығы  бойынша  ҚР  6 

жоғары  оқу  орындарының

 

өкілдерінің



 

қатысуымен

 

Республикалық 



оқу

-

әдістемелік



 

кеңес


 

өтті. Оқу

-

әдістемелік



 

кеңес


 

3 оқулықты және 1 

монографияны баспаға ұсынды. 

 

 



Сондай

-

ақ, академияның оқытушылары үнемі өздерінің 



біліктіліктерін көтеріп отырады. Осы оқу жылында академияның 221 

қызметкері

 

біліктілікті көтеру курстарынан өтті, оның ішінде 16 адам 



шетелден сертификат алды. Сонымен қатар, біздің академияда 68 

адам өз біліктіліктерін көтерді. Осының есебінен академияның 

қаражаты 2 млн теңгеге толықты. 

 

 

Академияның тағы бір маңызды бағыты 



 

Ғылыми

-

зерттеу жұмысы

 

2014-


2015  оқу  жылында  академия  Түркия,  Моңғолия, 

Қырғызстан,  Ресей,  Венгрия  елдері  ғалымдарының  қатысуымен  3 

халықаралық ғылыми

-

практикалық конференция ұйымдастырды:



 

«Қазақ



 

және  венгер  киносы  мен  телевизиясы:  «Өзін  тану

замануилық және тарихи мұра»;



 

«ХХI  ғасырдың  хореография  өнері:  теория,  тәжірибесі,  даму 

перспективалары».

 

Сондай



-

ақ,  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  70

-

жылдығына 



арналған  студенттердің  ғылыми

-

практикалық  конференциясы  өтті.  



Конференцияға  17  жоғары  оқу  орнынан  студенттер  мен 

магистранттар қатысты.

 

Осы жерде академия оқытушыларының жетістіктерін де айта 



кеткен  жөн.  2015  жылғы  рейтинг  бойынша  академияның  15 

оқытушысы  үздік

 

150  оқытушылардың  қатарынан  көрінді. 



Профессор  К.З.Халықовтың  Хирш

 

индексімен  2  мақаласы  шықты



Қабыл


 

Заманбекұлы  алғашқы  елулік  қатарында  тұр,  ал  біздің 

мэтрларымыз Нұрғали Нүсіпжан мен Берістенов Жанарбек үздік

 40 


оқытушылардың

 

қатарынан



 

табылды. 

 

Оқу  жайына  қайта  оралар  болсақ,  академияның 



42 

магистрантыРесей,  АҚШ,  Чехия,  Испания,  Германия,  Қытай, 

Италия,  Индия,  Түркия  елдерінен  шетелдік  тағылымдамадан 

(стажировка) өтті.

 

Академияның 



докторантыРесей, 

Корея, 

Индия, 


Ұлыбритания, 

Армения, 

Грузия 

елдерінде 



ғылыми

-

зерттеу 



тәжірибесінен өтті.

 

Ағымдағы  жылы  академияға  мастер



-

класстар  және  дәрістер 

өткізу

 

мақсатында  Ресей,  АҚШ,  Жапония,  Франция,  Болгария, 



Венгрия,  Түркия,  Әзербайжан,  Грузия  және

 

басқа  да  алыс



-

жақын 


шетелдерден 50

-

ден астам ғалымдар шақырылды. 



 

 

Шетелдік тағылымдама тақырыбын жалғастыра отырып, 

академияның Халықаралық байланыстар қызметі

 

жайында 


айта кетейін

. 

Ағымдағы  жылы  академия  6  жаңа  келісім

-

шартқа  қол  қойып, 



осыған 

дейін 


шетелдің 

өнер 


саласындағы 

жоғары 


оқу 

орындарымен  (АҚШ,  Ресей,

 

Израиль,  Жапония,  Түркия



Оңтүстік


 

Корея,  Чехия,  Египет,  Англия,  Италия,  Германия,  Эстония, 

Әзірбайжан және т.б.) жасасқан ынтымақтастық туралы 62 келісім

-

шартты қоса отырып



ары қарай жұмыс жасауда. 

 

Академия халықаралық шаралардың бірқатарын өткізді. Оның 



ішінде  ең  танымалы  –

  IV


Халықаралық

 

"Бастау"  студенттер 



кинофестивалі.Қысқа мерзім ішінде 25 мемлекеттің студенттері мен 

жас кинематографистерінен

 190-

нан астам өтінім



 

қабылданды

Сондай


-

ақ,  академия  2014  жылы  4

-

5  қазан  аралығында 



Тайбей 

(Тайвань) 

қаласының 

жоғары 


оқу 

орындарының 

қолдауымен

халықаралық  ынтымақтастықты  кеңейту  мақсатында 



өткен

 

Халықаралық  "Өнер  саласындағы  жоғары  білім  беру: 



көзқарас,  интеграция  және  мамандандыру"  атты  симпозиум 

жұмысына да қатысты

.  

Есеп  беру  ағымында  академияның  оқытушы



-

профессорлар 

құрамы

 

және  студенттері  халықаралық  ғылыми  симпозиум, 



конференция,  семинар  және  көрмелерге  қатысты,  шетелдік  іс

-

сапарларда  болды,  шетелдік  түрлі  фестивальдар,  байқау 



жұмыстарына да өз үлестерін тигізді. Студенттеріміз шетелде өткен 

50-


ден  астам  халықаралық

 

байқаулар  және  фестивальдарға 



қатысты

2014  жылдың  желтоқсан  айында  академияның  бір  топ 



қызметкерлері

 

Ұлыбританияда



 

біліктілікті  арттыру  курсын  өтіп 

келді. 

 

Халықаралық  түрлі  мәдени  шараларға  белсенді  қатысу 



арқылы  біздің  академия  еліміздің  дамуына  өзіндік  үлесін  қосып 

отыр. 


 

Осы  жылы  академияның  халықаралық  бөлімі  арқылы  213 

адамға  шетелге  шығуға  мүмкіндік  берілді,  оның  ішінде  93  адам

  -  

академияның оқытушы



-

профессорлар құрамы және қызметкерлері.   

 

Сондай


-

ақ,  халықаралық  қызметтің  тағы  бір  міндеті 

шетелден  келген  студенттердің  білім  алуына  жағдай  жасау. 



Ағымдағы жылы академияда 30 шетелдік студент білім алды. Оның 

ішінде  Қытай,  Ресей,  Өзбекстан,  Қызғызстан,  Ауғанстан  елдерінен 

келген студенттер бар

.  


15 адамның құжатынострификациядан өтті.

 

 



Академияның ендігі бір маңызды қызметі 

-  


шығармашылық жұмыстар

 

Біздің  студенттер  әрдайым  республикалық  байқауларға 



белсене  қатысады  және  жүлделі  орындарға  ие  болады.  Ағымдағы 

жылы  ҚР  бойынша  102  жүлделі  орындарды  иемденді.

 

Академия 



докторанттары  Арменияда  өткен  "Бұл  мен"  атты  халықаралық 

кинофестивальға  қатысып,  "Үздік  фильм"  номинациясының 

иегерлері атанды.

 

Ағымдағы  жылы



 

академияда  сәндік  киім  үлгісінің

  55 

топтамасы  жасалынды,  эскиздары  құрастырылып



 

және  65 

кинофильм  мен  қойылымға  арнап  костюмдар  дайындалды, 

60-


тан 

астам көркем, деректі, анимациялық фильм жасалынды, 15

-

тен аса 


спектакль  қойылды,  40

-

тан  астам  театрлық  қойылымдар 



ұйымдастырылып,  өткізілді.  Академияның  қызметкерлері  мен 

студенттері  800

-

ге  жуық  концертке  қатысты, 



30-

дан  астам  жеке 

концерттік  бағдарламаларын

 

беріп



 

және  спектакль,  фильм, 

жарнамалық  ролик,

 

бейнебаяндарда  200



-

дей  рөлдерді  сомдады. 

 

Академияның 



оқытушы

-

профессорлар 



құрамы 

және 


студенттері 28 көрме өткізді, оның ішінде 3

-

еуі жеке, 25



-

і топтық. 

 

Республиканың 



және 

Алматы 


қаласының 

мерекелік 

шаралары 

үнемі


 

біздің 


академияның 

студенттері 

мен 

педагогтарының 



қатысуымен 

өтеді. 


Олардың 

ішінде 


ең 

маңыздылары:  Наурыз

 

мейрамы


Қазақстан

 

халқының  бірлігі  күні, 



Отан қорғаушылар күні, Жеңіс  күні, Астана күні, Конститутция күні, 

тұңғыш  Президент  күні,  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік 

күні  Елбасының  және  шетелдік  үкімет  басшыларының  қатысумен 

өтті


2014-


2015  оқу  жылында  Республиканың  маңызды  даталары 

"Қазақ 


хандығының 

550 


жылдығы", 

Қазақстан 

Халқы 

ассамблеясының  20  жылдығы,  Ұлы  Отан  соғысы  Жеңісінің  70 



жылдығына арналып концерттер, көрмелер, көрсетілімдер өткізілді. 

 

Академия  ОПҚ  мен  студенттерімен  жасалған  өнер  өнімдерінің 



барлығы  республика  мәдениетінің  меншігі  болуы  өнер  саласында 

оқытудың  шығармашылық  тәсілдерінің

 

тиімділігін



 

негіздей  отырып 

растайды

.  


 

Құрметті


 

әріптестер

!!! 

 

Кез келген жоғары оқу орнының келесі маңызды көрсеткіші 



болып тәрбие жұмысы

 

саналады. 



 

 

Академиядағы  тәрбиелік  жұмыстар  қоғамдық

-

саяси  және 



мәдени

-

көпшілік шаралар арқылы жүзеге асады. 



 

Академияның тәрбиелік жұмысы студенттердің адамгершілік

-

эстетикалық,  патриоттық  тәрбиесін  қалыптастыруға,  салауатты 



өмір

 

салтын ұстануға, этникааралық қарым



-

қатынастағы мәдениетті 

нығайтуға бағытталған

.  


Өткізілген

 

шаралардың  ішіндегі  маңыздылары  ретінде 



Алматы  қалалық  ішкі  саясат  бөлімі  және  ұлттық  қауіпсіздік 

комитетімен  бірігіп,  кинозалда  бейнематериалдар  арқылы  дәріс 

оқып,  түрлі  діни  ағымдарға  қарсы  өткізілген  шараны  айтуға 

болады. 


 

Академияның  жастар  ісі  жөніндегі  комитеті  "Театр  өнері", 

"Кескіндеме,  мүсін  және  дизайн"  факультетінің  студенттерімен 

бірігіп,  Халықаралық  шығармашыл  жастардың  фестиваліне 

қатысты



Алматы  қаласындағы  жетім  балалар  мен  көпбалалы 



отбасы 

балаларына 

арналған 

"Аман 


келешек" 

атты 


кинофестивальға  "Кино  және  ТВ"  және  "Кескіндеме,  мүсін  және 

дизайн" факультеттерінің студенттері белсене қатысты.  

 

Академияда  патриоттық  тәрбиеге  бағытталған  жұмыстар 



атқарылады.  Жастар  ісі  жөніндегі  комитет  Ұлы  Отан  соғысына 

арнап  концерттер  ұйымдастырды  және  де  Алматы  қаласындағы 

балалар  үйінде  қайырымдылық  концерттерін  өткізіп,  оларға 

сыйлықтар үлестірді. 

 

    


Академиямыздың 

аты 


берілген 

Темірбек 

Қараұлы 

Жүргеновтің  өмірі  мен  қызметіне  қатысты  да  ағарту  шаралары 

өткізіліп

 

тұрады.  Е.Рақышевтің  Жүргеновтің  өмірі  мен  қызметіне 



арналған  деректі  фильмінің  көрсетілімі  де  осы  шараның  негізінде 

өтті,  сондай

-

ақ,  академияға  "Саяси  қуғын



-

сүргін  құрбандарын  еске 

алу"  күнінде  Темірбек  Қараұлының  туыстары  шақырылып,  ОПҚ 

және  студенттермен

 

кездесу  ұйымдастырылып,  еске  алу  асы 



берілді. 

 

Құқықтық  тәрбие  құқықтық  мәдениеттің  құрылуына  және 



дамуына 

негізделеді. 

Құқықтық

 

тәрбиенің 



негізгі 

бағыты 


оқытушылар  мен  студенттер  арасында  жемқорлық  элементерімен 

жұмысты белсенді түрде жүргізуге бағытталған. 

 

Студенттердің  құқықтық  түйсігін  дамыту  мақсатында  құқық 



қорғау 

органдарының, 

сот, 

прокуратура 



жұмыскерлерімен 

кездесулер  ұйымдастырылып  тұрады.  Соның  негізінде  мына 

шаралар 

өткізілді: 

«Жаңа 

әлемдегі 



жаңа 

Қазақстан»

 

конференциясы,  «Қазақстан  патриоты»



 

дөңгелек  үстелі



,

«Саяси 


мәдениет  және  тәрбие»

 

конференциясы,  «Қазақстанда  жастар 



мәдениетін  қалыптастыру»

 

студенттік  конференциясы,



 

«Саяси 


және  құқықтық  мәдениет»

 

конференциясы,  «Демократия  және 



азаматтық 

белсенділік»

 

конференциясы, 



«Қазақстандағы 

жастардың патриотизімінің қалыптасуы»

 

дөңгелек үстелі және т.б. 



 

Тәрбие  жұмыстарының  үлкен  бір  бөлігін  топ  кураторлары 

студенттер

 

тұратын жатақханаларда өткізіп тұрады.



 

Ағымдағы  оқу  жылы  16  дөңгелек  үстел,  семинар,  ашық 

кураторлық сағаттар ұйымдастырылды. 

 


 

"Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 

қадамы 



ұлт  жоспарын"

 

түсіндіру  және  насихаттау  мақсатында 



академияда 20

-

дан астам шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.   



 

"

Мәңгілік  Ел



идеясы  қазіргі  таңда  саясатта  жоғары  маңызға 

ие  болып  отыр. 

 

«Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы  және  рухани  



мұраны  зерттеу»атты  дөңгелек  үстелі  толығымен  осы  идеяға 

арналып өткізілді.Тарих

 

төңірегіндегі атақты қайраткерлермен үнемі 



кездесулер ұйымдастырылып тұрады.

 

Қазақ



 

хандығының  550  жылдығын

 

(13  шара),  Қазақстан



 

Халқы  ассамблеясының  20  жылдығын

 

(15  шара),  Ұлы



 

Отан 

соғысы  Жеңісінің  70  жылдығын(20  шара)  атап  өтуде  академия 

Республика  көлемінде  және  Алматы  қаласы  бойынша  өткізілген 

шараларға белсенді түрде қатысты

Кадрларды  дайындау  және  жұмысқа  орналастыру  мақсаты 



бойынша  академияда  ашық  есік  күндері,  концерттер,  вакансия 

жәрмеңкелері және жұмыс берушілермен кездесулер өткізілді.  

 

Академияда  салауатты  өмір  салтына  үлкен  көңіл  бөлініп 



отырады.  Академияның  студенттері  және  оқытушылары  барлық 

спорттық  шараларға  қатысады.  Академияда  спорттық  секциялар 

бар,  атап  айтсақ,  футбол,  волейбол,  баскетбол,  еркін күрес,  жеңіл 

атлетика бойынша клубтар бар. 2014

-

2015 оқу жылында студенттер 



Алматы қаласындағы 6

-

шы спартакиадаға қатысып, 13 жоғары оқу 



орындары  командалары  арасында  2

-

орынға  ие  болды.



 

Сонымен 


қатар, академияның оқытушылары және қызметкерлері 12 оқу орны 

қатысқан


 

"Парасат" кәсіподағының 10

-

шы спартакиадасында екінші 



орынды иемденді. 

 

 



2014-

2015  оқу  жылында  академияда  тәрбиелік  және 

әлеуметтік

 

жұмыстарды жоспар бойынша атқара отырып, 114 шара 



ойдағыдай атқарылды. 

 

 



Академияның оқу және шығармашылық үрдісін қамтамасыз 

етуде материалды



-

техникалық жабдықтау

 

қызметтері



 

де

 



маңызды болып табылады. 

 

 

Ағымдағы  жылы  академияда  39  миллион  теңгеден  жоғары 

соммаға негізгі құралдар сатып алынды. Бұлар 

жиһаз, оргтехника, 



жарық

-

дыбыстық  және  сахналық  құралдар,  пештер  және 



шығарманың  қолданбалы  түрлеріне  арналған  құрал

-

жабдықтар, 



костюмдер және тұрмыстық техникалар, аспаптар, оқу әдебиеттері 

және  көрнекілік  құралдар,  электронды  оқулықтар  және  дискідегі 

кинофильмдер. 

 

Мен  бұларды  шығын  бойынша  санап  жатпайын,  бірақ 



алынған  барлық  заттар  оқу  және  шығармашылық  үрдісті 

қамтамасыз

 

ету  мақсатында  кафедра  оқытушыларының  берген 



сұраныстары бойынша сатып алынды. 

 

Архитектуралық  ескерткіш  болып  табылатын  біздің  бас 



корпусымыздың күрделі жөндеуін қамтамасыз ету мақсатында 2015 

жылдың 1 қаңтарынан бастап 164 млн. теңге жұмсалынды. 

 

 

Құрметті



 

әріптестер

!!!  

Академиямыздың 



мектеп

-

интернаты 

және 

колледж

 

ұжымының


 

жұмысын ерекше атап өтуіміз керек. 

 

 

Бұл



 

ұжымның


 

ерекшелігі 

кәмелет 

жасқа 


толмаған 

балалармен

 

жұмыс  атқаруында  көрініеді.  Қазіргі  кезде  мектеп



-

интернатта  және  колледжде  199  оқушы  мен  319  студент  білім 

алуда. 

 

Орташа  есеппен  үлгерім 



93% 

құрайды


Балаларға  білім 

беруде  мұғалімдер  дәртүрлі  технологияларымен  қатар  оқытудың 

инновациялық  технологиясын  да  параллель  қолданып  отырады. 

Мектеп және колледждің мұғалімдері үнемі семинра, конференция 

және  форумдарға  қатысып,  өздерінің  біліктіліктерін,  шеберліктерін 

көтеріп  отырады.  Олардың  ішінде  ЕХРО

-2017 


семинарын, 

филологтардың  республикалық  форумын,  Лондондағы  білім  беру 



менеджменті  бойынша  өткен  семинарды  ерекше  атап  өткен  жөн. 

Мамандарды  дайындауда  академиялық  ұтқырлықтың  маңызы  зор, 

бұл  мәселе  колледжде  де  өзіндік  орнын  алды.  Мысалы, 

"Анимациялық  графика"  мамандығының  2  курс  студенттері 

Қытайдағы

 

СУАР  университетіне  барып,  екі  апта  білімдерін 



толықтырып келді. 

 

Тәрбие ісі жөнінде біздің колледжіміз қаладағы басқа да білім 



беру  мекемелеріне  үлгі  болады  деп

 

айтсақ  қателеспейміз. 



Слайдтан  көріп  отырғандарыңыздай,  жеті  негізгі  бағыт  бойынша 

жұмыстар  атқарылуда.  Біздің  балалар  мұғалімдерінің  көмегімен 

елімізде  өтіп  жатқан  барлық  маңызды  шараларға  белсенді  түрде 

қатысып


 

отырады. 

Олар 

мемлекеттік 



және 

саясат 


қайраткерлерімен,  атақты  кісілермен  кездесулер  өткізеді.  Спортта 

да біршама жетістіктерге де жетіп отыр.  Елбасымыздың Қазақстан 

халқына  арналған  жолдауына  байланысты  өткен  "Нұрлы  жол 

болашаққа  апарар  жол"  атты  тәрбие  сағатының  жаңашылдығын 



ерекше  атап  өткім  келеді.  "Ұлт  жоспары 

100  нақты  қадамға" 



байланысты  бірнеше  сынып  сағаттары  да  өтілді.  Осы  жерде  мен 

оқытушы Берікбаевты, Ілдебаевты және Матвеевті ерекше айтқым 

келеді.  Тарихымыздағы  болған  Ауғанстан  соғысына  біздің 

әріптестеріміз

 

бей


-

жай қарап өте алмайды. 

 

Сондай


-

ақ,  Қарағанды  қаласындағы

 

су  басу  жағдайынан 



зардап 

шеккен 


тұрғындарға 

көмек 


беруге 

байланысты

 

ұйымдастырылған



 

акцияның  тәрбиелік  мәнін  ерекше  атап  өту 

керек. 

 

Шығармашылық  қызмет  бойынша  мектеп



-

интернат  және 

колледж  академиядан  қалыс  қалмай,  үнемі  жұмыс  атқарып 

отырады.  Бұл  жерде  мектеп

-

интернаттың  «ЮНЕСКО



-

ның»  «Дети 

рисуют  мир»

 

және



 

«Дети  в  ритме  мира»

 

атты  халықаралық 



фестиваліне қатысуы ерекше маңызға ие болды

Сондай



-

ақ, біздің 

балалар  «Египет  глазами  детей»,  «Нарисуй  мне  Францию», 

«Манящие  лики  гор»,  «Пейзаж  глазами  детей»,  «Тәуелсіздік

 



 



тірегім, теберігім» атты конкурстарына да белсене қатысты. 

 


Лувр  мұражайында  өткен  «АРТ  ШОПИНГ»

 

халықаралық 



көрмесінде  оқытушы  Абжанова  Анар  жүлдегер  атанды.  Абжанова 

Анар  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Мемлекеттік 

стипендиясының  иегері  болып  табылады.  Мектеп

-

интернаттың 



және колледждің шығармашылық жетістіктерін ауыз толтырып айта 

беруге  болады.  Осылардың  ішінде  ең  маңызды

 

жағдай


  - 

колледжіміздің

 

ЮНЕСКО  клубының  мүшелігіне  енгендігін  атап  өту 



қажет

.  


Колледж және мектеп ұжымына әрі қарай да шығармашылық 

табыстар тілей отырып, одан да биік белестерді бағындыра беруді 

тілейміз! 

 

 



 

Құрметті


 

оқытушылар мен қызметкерлер

Жоғарыда  айтылған  қызметтердің  бағыты  және  қол  жеткен 



көрсеткіштеріміз  біздің  академияның  дамуының  стратегиялық 

жоспарының

 

индикаторы болып табылады. 



 

Академияның стратегиясы 2010 жылы қабылданды және 2020 

жылға  дейінгі  дамудың  этаптарын  сипаттап  берді.  Бірақ  ағымдағы 

жылы  Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  стратегиялық 

жоспарына  "Мәдениет  және  өнер  саласындағы  білім  беру" бағыты 

қосылғанына

 

байланысты



академияның  стратегиясы  және 

стратегиялық 

жоспары 


"Нәтижеге 

бағдарланған 

бюджет" 

форматында 

қайта 

қаралатын 



болады. 

Өткен 


ағымдағы 

академияның 

жылдық

 

есебіне 



талдау 

жасалынып, 

жаңа 

индикаторлар қойылатын болады. 



 

Біздің  барлық  алдағы  уақытта  атқарар  қызметіміз  Қазақстан 

Республикасының  Президенті,  Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы


 

Назарбаев  «Ұлт  Жоспары»  –

  100 

нақты  қадам  тарихи 



құжатында

 

алдымызға  қойған  міндеттерін  орындауға  бағытталуы 



тиіс

.  


Көп  тілде  білім  алу  үрдісін  жоғары  оқу  орындарында  дамыту 

жүйесін  ары  қарай  мықтай  түсуіміз  керек.  Себебі  қазіргі  таңда 

ағылшын  тілінде  білім  беру  талабы  қойылып  отыр

Біз,  көп  ұлтты 



жоғары  оқу  орны  ретінде  "Үлкен  ел 

үлкен



 

отбасы"  патриоттық 

жобасын дамуымыздың бағдары ретінде қоюымыз керек. 

 

"Ұлт  жоспарын"



 

қолдау


 

негізінде,  мен

білім  беру,  ғылым, 



мәдениет  және  өнер  саласында  қандай  да  бір  тәртіпсіздік  орын 

алған  жағдайда  оған  бей

-

жай  қарамаушылық  саясатын  ұстануға 



шақырамын. 

 

 



Құрметті

 

әріптестер



!!! 

Мемлекеттің  бізге  беріп  отырған  мүмкіндіктерін  дұрыс 

пайдалана 

алуымыз 


керек. 

Біз 


өзіміздің 

стратегиялық 

жоспарымызды  нақты  құрып,  мақсатымызды  айқындап,  мүмкін 

болып  отырған  барлық  спектрларды  қолдануымыз  тиіс.  Еліміздің 

мәдениеті  мен  өнеріне  қажетті  мамандарды  дайындауда 

аянбауымыз  керек.  Ол  міндетті  атқаруда  алдымен  біз  жұмысты 

өзімізден бастауымыз керек. 

 

Мен,  біздің  академия  өзінің  кадрларымен  мақтанатындай, 



әрбір

 

оқытушыны  және  қызметкерді  өзінің  кәсібилігін  жетілдіруге, 



оқытушылық 

және 


шығармашылық 

дағдыларын 

дамытуға 

шақырамын. 

 

Осымен мен өз баяндамамды аяқтаймын. 



 

 

Көңіл қойғандарыңызға рақмет. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал