Оқу-әдістемелік және ғылыми кеңесі 2015 жылғы 19 наурыз №8 хаттама



жүктеу 0.52 Mb.

бет1/6
Дата10.04.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясының 

Оқу-әдістемелік және ғылыми кеңесі 

2015 жылғы 19 наурыз № 8 хаттама

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы 

Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесі 

2015 жылғы «31» наурыз № 5 хаттама

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Мемлекеттік 

тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссиямен келісілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісілген

Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға 

арналған  «Ресми-іскерлік  қазақ  тілі»  семинарларының  типтік 

бағдарламасы. – Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің 

жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2015. – 61 бет.



Құрастырғандар:

Төленбергенова  Н.Т.  –  Мемлекеттік  және  шет  тілдері 

кафедрасының профессоры, п.ғ.к.



Айтмұхаметова  Қ.Ө.  –  Мемлекеттік  және  шет  тілдері 

кафедрасының доценті, ф.ғ.к.



Ақтанова  Л.П.  –  Мемлекеттік  және  шет  тілдері  кафедрасы 

доцентінің м.а.

© Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясы, 2015



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

5

1.1  Қолданылу  саласы: 

«

Ресми-іскерлік 



қазақ 

тілі»

 

біліктілікті 



арттыру 

семинарларының  типтік  бағдарламасы



  Қазақстан  Республикасы 

мемлекеттік  қызметшілерінің  тілдік  біліктіліктерін  арттыру  және 

тілдік  білім  беретін  орталықтардың  ресми  стильде  оқыту 

бағдарламаларын  біріздендіру  мақсатында  ұсынылады.



1.2  Бағдарламаның  қысқаша  сипаттамасы:

«

Ресми-іскерлік  қазақ  тілі»  –  мемлекеттік  қызметшілердің 

ресми  стильдегі    талдамалық,  коммуникативтік  құзыреттіліктерін 

ауызша,  жазбаша  жетілдіруге  бағытталған  тілдік  семинарлардың 

жалпы  атауы.  Мемлекеттік  қызметшілерге  арналған  «

Ресми-

іскерлік  қазақ  тілі»  курсы  мынадай  біліктілікті  арттыру 

семинарларынан  тұрады: 

1) 

Ресми-іскерлік  қазақ  тілі  және  ресми  тестке  дайындық 

(тыңдалым,  жазылым,  оқылым,  тілдесім);

2) Ресми  жазылым  және  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын 

жүргізу;


3) Құжаттама  жасау,  құжаттаманы  басқару  және  мемлекеттік 

тілде  іс  қағаздарын  жүргізу; 

4) Персоналды  басқару  және  мемлекеттік  тілде  іс 

қағаздарын  жүргізу;

5) Сөз  мәдениеті  және  риторика; 

6) Мемлекеттік  қызметшінің  тілдік  құзыреттілігі:  пікірталас 

түрлері  және  әдіс-тәсілдері. 

Мемлекеттік  органдардың  сұранысына  сәйкес  тілдік  біліктілікті 

арттыру  семинарларының  бағдарламалары 72, 48, 40, 36 сағаттық 

болып  әзірленді. 



72  сағаттық  семинар  бағдарламалары  қазақ  тілі  ресми 

стилінің  кең  ауқымын  қамти  отырып,  тақырыпқа  сәйкес  

теориялық,  практикалық  және  салыстырмалы,  талдамалық 

материалдарын  тереңдете  қамтиды;



48  сағаттық  семинар  бағдарламалары  қазақ  тілі  ресми 

стилінің  практикалық 

және 

талдамалық 



материалдарын  

тереңдете  қамтиды;



40 және 36 сағаттық бағдарламалар қазақ тілі ресми стилінің 

практикалық  материалдарын  қамтиды. 



1.3  Оқытудың  мақсаты  мен  міндеттері:

Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттіліктерін 

(ресми  стильде  көпшілік  алдында  сөйлеу,  ресми  стильде  құжат 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

6

құрастыру, талдамалық-сараптамалық жазбалар әзірлеу) Қазақстан 

Республикасында  Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011– 

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның 4 бағытына 

сай  қалыптастыру.

Міндеттері: 

•  мемлекеттік қызметтің ресми жазылымын типтік бағдарлама 

арқылы  біріздендіру;

•  мемлекеттік  қызметшілердің  көпшілік  алдында  сөйлеу 

біліктіліктерін  кейс  технологиялары  арқылы  дамыту; 

•  функционалды стилистиканың негізгі мәселелерін сақтауды 

игерту;

•  қазақ  тілінде  сауатты  жазуды,  құжат  мәтінін  қазақ  тілінде 



дайындауды,  салалық  терминдерді  бірізді  қолдануды 

меңгерту.



Күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік 

тіл  бойынша  біліктіліктерін  арттыру  семинарларын  аяқтағанда 

төмендегідей  біліктері  мен  дағдыларын  қалыптастырады:   

•  қазіргі 

қазақ 

тілінің 


лексикалық, 

орфографиялық, 

синтаксистік,  стилистикалық,  пунктуациялық  нормаларын 

үйрену  арқылы  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  әзірлеуді 

және  ресми  жазуды  игереді;

 қазақ әдеби тілінің ресми, ғылыми, публицистикалық, көркем 

әдебиет, ауызекі сөйлеу функционалды стильдерін меңгеру 

арқылы ауызша және жазбаша баяндама құрастыру, талдау 

жүргізу,  есеп  жазуды  және  т.б.  меңгереді;

•  сөз  мәдениетіне  қойылатын  тазалық,  дәлдік,  байлық, 

логикалық,  орындылық  сапаларын  меңгеру  арқылы 

көпшілік  алдында  еркін,  мазмұнды  және  дәлелді  сөйлеуге 



бейімделеді.     

1.4  Жалпы  ереже:

Контингент:  мемлекеттік  қызметшілер.

Сағат  саны:  72,  48,  40,  36.

Оқыту  түрі:  практикалық  және  тренинг  түрінде.

Тілдік  білімді  бақылау  түрлері:  тест  сұрақтары.

Бағдарламаны  әзірлегендер:

Н.Т.Төленбергенова:

1.  Ресми-іскерлік  қазақ  тілі  және  ресми  тестке  дайындық 

(тыңдалым,  жазылым,  оқылым,  тілдесім); 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

7

2.  Ресми  жазылым  және  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу; 

3.  Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және мемлекеттік тілде 

іс  қағаздарын  жүргізу; 

4.  Персоналды  басқару  және  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын 

жүргізу. 



Қ.Ө.Айтмұхаметова:

5.  Сөз  мәдениеті  және  риторика.



Л.П.Ақтанова:

6.  Мемлекеттік  қызметшінің  тілдік  құзыреттілігі:  пікірталас  түрлері 

және  әдіс-тәсілдері. 


Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

11

2.1-семинар.  Ресми-іскерлік  қазақ  тілі   

және  ресми  тестке  дайындық     

(тыңдалым,  жазылым,  оқылым,  тілдесім)

І. Семинардың жалпы сипаттамасы: «Ресми-іскерлік қазақ 

тілі 

және ресми тестке дайындық  (тыңдалым, жазылым, оқылым, 

тілдесім)  семинары  мемлекеттік  қызметшілерді  мамандықтарына 

сай  тілдік  біліммен  қамтамасыз  етуге  бағытталған. 

Аталған  семинар  мемлекеттік  қызметшілерге  ресми 

стильдің  лексикалық  қорын,  оқылымы  мен  жазылымын,  ресми 

тест  бөліктерін  практикалық  тұрғыдан  орындау  біліктіліктерін  

меңгертуге  бағытталған.   



Мақсаты: 

Тыңдаушылардың 

кәсіби 

мамандығына 



байланысты сөздік қорын байыту, ресми тілде сөйлеу қабілеттерін 

қалыптастыру,  мемлекеттік  тілге  деген  қызығушылықтарын 

арттыру,  күнделікті  қызметтерінде  ресми-іскерлік  лексиканы 

қолдана  отырып,  іс  қағаздарын  әзірлеу  және  қызметтерінде 

сөйлесім,  жазылым,  оқылым  әрекеттерін  еркін  қолдана  білу 

деңгейіне  жеткізу.



Міндеттері:

•  ресми-іскерлік  қарым-қатынас  тілін  меңгерту; 

•  қазақ  тілінің  грамматикалық  ерекшеліктерін  (синтаксис) 

үйрету;


•  қазақ  тілінде  сауатты  жазуға,  іс  қағаздарын  қазақ  тілінде 

дайындай  білуге    бейімдеу;

•  сөз  мәдениетін  қалыптастыру;

•  мемлекеттік 

терминологиялық 

комиссия 

бекіткен 

мамандықтарына  қатысты  және  нормативтік  құқықтық 

актілерде  кездесетін  терминдерді  таныстыра  отырып,  

кәсіби  сөздік  қорларын  байыту;

•  тестілерді    орындаудың  әдіс-тәсілдерін  игерту.

Білімді  бақылау  түрі:  тест  сұрақтары.

         

1-семинар  бағдарламасын  әзірлеген: 

Төленбергенова  Н.Т.  –  Мемлекеттік  және  шет  тілдері 

кафедрасының  профессоры,  п.ғ.к.



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

12

ІІ.  Семинардың  тақырыптық  жоспары 

Р/с



Семинар

тақырыптары

Сағат  

саны

Сағат  

саны

Сағат  

саны

Сағат  

саны

Сабақ

 түрі

72

48

40

36

1

Ресми стильді мәтіндерді 



ырғақты топ арқылы оқу 

жаттығулары

7

4

4



2

тренинг


2

Ресми жазылымның

 әдіс-тәсілдері 

5

4



3

2

тренинг



3

Жоспар-құрылым 

бойынша 15 сөйлемдік 

эссе 


7

4

4



2

тренинг


4

Жоспар-құрылым 

бойынша 15 сөйлемдік 

талдамалық жазбалардың 

әдіс-тәсілдері

7

4



4

2

тренинг



5

Жоспар-құрылым 

бойынша көпшіліктің 

алдында сөйлеу

7

4

4



2

тренинг


6

Ресми тесттің  тыңдалым 

бөлігі бойынша 

жаттығулар, тестілік 

тапсырмалар

5

4



3

3

тренинг



7

Ресми тесттің  жазылым 

бөлігі бойынша 

жаттығулар, тестілік 

тапсырмалар

7

4



3

3

тренинг



8

Ресми тесттің  жазылым 

бөлігі бойынша 

жаттығулар, тестілік 

тапсырмалар 

7

4



3

4

тренинг



9

Ресми тесттің  оқылым 

бөлігі бойынша 

жаттығулар, тестілік 

тапсырмалар 

5

4



3

4

тренинг



10 Ресми тесттің  оқылым 

бөлігі бойынша 

жаттығулар, тестілік 

тапсырмалар орындау

5

4

3



4

тренинг


11

Ресми тесттің  тілдесім 

бөлігі бойынша 

жаттығулар,  тестілік 

тапсырмалар  

5

4



3

4

тренинг



12 Ресми тесттің  тілдесім 

бөлігі бойынша 

жаттығулар, тестілік 

тапсырмалар 

5

4

3



4

тренинг


Барлығы:

72

48

40

36

Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

13

ІІІ.  Семинар  тақырыптарының  мазмұны

1-тақырып.  Ресми  стильді  мәтіндерді  ырғақты  топ 

арқылы  оқуға  машықтану  жаттығулары 

Кәсіби  салаға  қатысты  хат-хабарлар,  ауқымды  мәтіндер, 

нақты  бір  тақырыпқа  байланысты  арнаулы  мақалалар    арқылы 

ресми  стильді  мәтіндерді  ырғақты  топпен  жылдам  оқуды 

игерту.  Мемлекеттік  қызметші  қызметтік  хаттар  мен  талдамалық 

жазбаларды  түсініп  оқудың  жолдарын  игереді.  Кәсіби  саласына 

қатысты  деректерден қажетті ақпаратты оқу арқылы алу біліктілігі 

меңгертіледі.  Ресми  мәтіннің  түрі  мен  көлеміне,  тапсырмаларға 

байланысты  түрлі  мәтіндерді  әр  түрлі  жылдамдықта  және  әр 

түрлі  тәсілмен  оқудың  техникасы  меңгертіледі.  Таныс  емес  және 

арнайы  мәтіндерді  оқығанда  сөздікті  тиімді  қолдану  жолдары 

таныстырылады.



2-тақырып.  Ресми  жазылымның  әдіс-тәсілдері 

Мемлекеттік  қызметшіге  көзқарасын  білдіретін  жүйелі 

дәлелдемелердің маңызды кезеңдері мен бөлімдері сипатталатын 

эссе  немесе  баяндама  жазудың,  тұжырымдар  мен  шешімдерді 

бағалаудың әдіс-тәсілдері ұсынылады. Тыңдаушыға қандай да бір 

ұстанымның  дамуына  белгілі  көзқарас  тұрғысынан  келісімі  мен 

қарсылығын  білдіре  отырып,  шешім  нұсқаларының  кемшіліктері 

мен  жетістіктерін  түсіндіретін  эссе  немесе  баяндама  жазу 

игертіледі.  Сондай-ақ  бірнеше  көзқарасты  білдіретін  ақпарат  пен 

дәйектерді жинақтай алу біліктіліктері меңгертіледі. Тіл қолданушы 

бірнеше  дереккөздерден  алынған  ақпараттар  мен  дәйектерді 

қорытындылап,  түрлі  мәселелер  бойынша  мәтін  құрастыруға 

бейімделеді.

3-тақырып.  Жоспар-құрылым  бойынша   

15  сөйлемдік  эссе

1) Тақырып бойынша кіріспе ой (өзектілігі, негізгі нормативтік 

құқықтық  актілері)  –  2  сөйлем;

2)  Тақырыпты  ашу  –  12  сөйлем: 

 тақырыптың 

ағымдағы 

жағдайының 

сипаттамасы, 

жетістіктерді  атап  өту  –  3  сөйлем; 

 тақырып 

бойынша 

кемшіліктерді 

(проблемаларды)  

көрсету  –  3 сөйлем;

•  берілген  кемшіліктер  (проблемалар)  бойынша  ұсыныстар 



беру  –  4 сөйлем; 

•  ұсыныстардың  жүзеге  асуын  болжау



  –  2  сөйлем.

3)  Қорытынды  –  1  сөйлем. 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

14

4-тақырып.  Жоспар-құрылым  бойынша  15  сөйлемдік 

талдамалық  жазбалардың  әдіс-тәсілдері 

1) Тақырып  бойынша  кіріспе  ой  (өзектілігі,  негізгі  нормативтік 

құқықтық  актілер)  –  2  сөйлем;

2) Тақырыпты  ашу  –  12  сөйлем: 

•  тақырыптың 

ағымдағы 

жағдайының 

сипаттамасы, 

жетістіктерді  атап  өту  –  3  сөйлем; 

•  тақырып 

бойынша 

кемшіліктерді 

(проблемаларды)  

көрсету  –  3 сөйлем;

•  берілген  кемшіліктер  (проблемалар)  бойынша  ұсыныстар 



беру  –  4 сөйлем; 

•  ұсыныстардың  жүзеге  асуын  болжау



  –  2  сөйлем.

3) Қорытынды  –  1  сөйлем. 



5-тақырып.  Жоспар-құрылым  бойынша  көпшіліктің 

алдында  сөйлеу

1) Тақырып  бойынша  кіріспе  ой  (өзектілігі,  негізгі  нормативтік 

құқықтық  актілері)  –  2  сөйлем;

2) Тақырыпты  ашу  –  12  сөйлем: 

•  тақырыптың 

ағымдағы 

жағдайының 

сипаттамасы, 

жетістіктерді  атап  өту  –  3  сөйлем; 

•  тақырып 

бойынша 

кемшіліктерді 

(проблемаларды) 

көрсету –  3  сөйлем;

•  берілген  кемшіліктер  (проблемалар)    бойынша  ұсыныстар 



беру  –  4 сөйлем; 

•  ұсыныстардың  жүзеге  асуын  болжау  –  2  сөйлем.

3) Қорытынды  –  1  сөйлем. 

6-тақырып.  Ресми  тесттің  тыңдалым  бөлігі 

бойынша  жаттығулар, тестілік  тапсырмалар

Мемлекеттік  қызметшілерге  аудиомәтіндердегі  нақты  және 

абстрактілі  ақпараттарды  түсініп,    дайындықсыз  сұхбатқа  түсе 

алу  біліктіліктерін  меңгерту.  Тыңдаушыны  айналасында  айтылып 

жатқан  әңгімелерді  түсінетін,  жолда,  іссапарда,  кез  келген 

жағдайда  ресми  мекемелермен  қатысымға  түсе  алатындай 

дәрежеге  жеткізу  қажет. 

Тіл  қолданушы  өз  қызметі  шеңберіндегі  тақырыптар 

бойынша  қалыпты  нормада  айтылған  лингвистикалық  құрылымы 

мен  мағыналық  жағынан  күрделі,  нақты  және  абстрактілі 

тақырыптардағы  негізгі  ойды  түсіне  алуы  керек.  Тыңдаушы 

кәсіби  білім  саласына  қатысты  дәріс,  сұхбат,  баяндамалардың 

және  т.б.  тақырыптың,  лингвистикалық  күрделі  хабарламалардың 

негізгі  түпкі  ойын  түсіне  алатындай  жаттығулар  орындайды. 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

15

Үнтаспаға  жазылған  хабарламаларды  тыңдай  алуы  және  ондағы 

айтушының бір нәрсеге көзқарасын анықтай алуы, хабарламадағы 

ақпаратты  қолдана  алуы  игертіледі.  Сонымен  қатар,  радиодан 

әдеби  нормада  берілген  деректі  радиохабарлардың  және 

басқа  да  материалдардың  басым  бөлігін  түсіне  алуы,  ондағы 

сөйлеушінің  сөйлеу  мәнері  мен  көңіл-күйін  анықтай  алуы 

меңгертіледі.  Айналадағы  нәрселерге  назар  аудармай,  жалпы 

тақырыптарға  ұзақ  әңгімелесе  алатындай  дәрежеге  жеткізіледі. 

Тыңдаушымен  әңгімелесу  кезінде  эмоциясын  жеткізе  алуы  және 

осы  тақырыпқа  деген  өз  қызығушылығын  білдіре  алуы,  бірнеше 

адамның  талқылауына  толық  қатыса  алу  біліктілігі  практикалық 

жаттығулар  арқылы  сомдалады.

7-тақырып.  Ресми  тесттің  жазылым  бөлігі 

бойынша  жаттығулар, тестілік  тапсырмалар

Мемлекеттік  қызметтің  өзекті  тақырыптары  бойынша 

жазылым  мәтінін  айқын,  нақты  етіп  құрастыру  игертіледі. 

Тыңдаушы  өзі  шұғылданатын  мәселелерді  жазу  барысында 

ойын  анық  және  нақты  сипаттай  алуы  қажет. 

Тыңдаушы өз көзқарасын білдіретін жүйелі дәлелдемелерінің 

маңызды  кезеңдері  мен  бөлімдері  сипатталатын  эссе  немесе 

баяндама,  түрлі  идеялар  мен  шешілген  мәселелерге  баға 

беру,  қандай  да  бір  ұстанымның  (позиция)  дамуына  белгілі 

көзқарас  тұрғысынан  келісімі  мен  қарсылығын  білдіре  отырып, 

шешім  нұсқаларының  кемшіліктері  мен  жетістіктерін  түсіндіретін 

жаттығулар  орындайды. 



8-тақырып.  Ресми  тесттің  жазылым  бөлігі 

бойынша  жаттығулар, тестілік  тапсырмалар 

Мемлекеттік  қызметтің  өзекті  тақырыптары  бойынша 

жазылым  мәтінін  айқын,  нақты  етіп  құрастыру  игертіледі. 

Тыңдаушы  өзі  шұғылданатын  мәселелерді  жазу  барысында 

анық  және  нақты  сипаттай  алуы  қажет. 

Тыңдаушы өз көзқарасын білдіретін жүйелі дәлелдемелерінің 

маңызды  кезеңдері  мен  бөлімдері  сипатталатын  эссе  немесе 

баяндама,  түрлі  идеялар  мен  шешілген  мәселелерге  баға 

беру,  қандай  да  бір  ұстанымның  (позиция)  дамуына  белгілі 

көзқарас  тұрғысынан  келісімі  мен  қарсылығын  білдіре  отырып, 

шешім  нұсқаларының  кемшіліктері  мен  жетістіктерін  түсіндіретін 

жаттығулар  орындайды. 



Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған 

«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы

16

9-тақырып.  Ресми  тесттің  оқылым  бөлігі  бойынша 

жаттығулар,  тестілік  тапсырмалар 

Мемлекеттік  қызметтің  өзекті  тақырыптары  бойынша  ресми 

стильді  мәтін  бойынша  өз  ойын  жеткізу  біліктіліктері  игертіледі. 

Тыңдаушы  өзі  шұғылданатын  мәселелерді  оқу  барысында 

ойын  анық  және  нақты  сипаттай  алуы  қажет.  Тыңдаушы  өз 

көзқарасын білдіретін жүйелі дәлелдемелерінің маңызды кезеңдері 

мен  бөлімдері  сипатталатын    баяндама,  түрлі  идеялар  мен 

шешілген  мәселелерге  баға  беру,  қандай  да  бір  ұстанымның 

(позиция)  дамуына  белгілі  көзқарас  тұрғысынан  келісімі  мен 

қарсылығын  білдіре  отырып,  шешім  нұсқаларының  кемшіліктері 

мен  жетістіктерін  түсіндіретін  оқылым  жаттығуларын  орындайды. 

10-тақырып.  Ресми  тесттің  оқылым  бөлігі  бойынша 

жаттығулар,  тестілік  тапсырмалар 

Мемлекеттік  қызметтің  ресми  стильді  мәтіндер  бойынша 

өз  ойын  жеткізу  біліктіліктері  игертіледі.  Тыңдаушы  оқитын 

мәтіндердегі  мәселелерді  анық  және  нақты  сипаттай  алуы  қажет. 

Тыңдаушы өз көзқарасын білдіретін жүйелі дәлелдемелерінің 

маңызды  кезеңдері  мен  бөлімдері  сипатталатын баяндама,  түрлі 

идеялар  мен  шешілген  мәселелерге  баға  беру,  қандай  да  бір 

ұстанымның  (позиция)  дамуына  белгілі  көзқарас  тұрғысынан 

келісімі  мен  қарсылығын  білдіре  отырып,  шешім  нұсқаларының 

кемшіліктері мен жетістіктерін түсіндіретін оқылым материалдарын 

оқиды. 

11-тақырып.  Ресми  тесттің  тілдесім  бөлігі 

бойынша  тестілік  тапсырмалар  орындау 

Терминологиялық  сөздіктерден,  нормативтік  құқықтық 

актілерден  сұрыпталған  жаттығулар  арқылы  орфографиялық, 

стилистикалық  дағды  қалыптастырылады.  Сондай-ақ  лексика-

грамматикалық  тестілерді  орындау  ұйымдастырылады. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал