Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы



жүктеу 171.54 Kb.

Дата15.02.2017
өлшемі171.54 Kb.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық   ғылыми-

әмбебап кітапханасы 

 

 

 

Ақпараттық-библиографиялық бөлім 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨЛЕҢІ ГҮЛМЕН ӨРІЛГЕН 



 

Биобиблиографиялық көрсеткіш 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент -2015ж. 

ОҚЫРМАНҒА 

Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы 

Қазақстан және Өзбекстан Жазушылар одағынының мүшесі, 

Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері, Тәуелсіздіктің 20 

жылдығына арналған медалімен марапатталған, талантты ақын 

Нұр Бибі Омардың мерейтойына орай биобиблиографиялық 

көрсеткіш ұсынады.  

Биобиблиографиялық көрсеткіште Нұр Бибі Омардың өмір жолы 

мен шығармашылық жолы, жарыққа шыққан кітаптары мен 

мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары туралы жазылған 

естеліктер еніп отыр. 

Биобиблиографиялық көрсеткішті құрастыруда кітап, газет – 

журнал мақалалары, интернет сайттары пайдаланылды. 

Биобиблиографиялық көрсеткіш жас ақындарға, студенттерге

кітапханашыларға және көпшілік оқырманға арналады. 

 

 

ӨМІРДЕРЕК 

 

Нұр Бибі Омар 1955 жылы 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, 

Қазығұрт ауданында туған. Өлеңдері мектеп оқушысы кезінен (1970 

жылдардан) аудандық, облыстық газеттерде жариялана бастады. 

1977 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогика 

институтының филология факултетін бітіреді. 

Көп жылдар Өзбекстандағы «Бостандық дауысы», «Нұрлы жол» 

газеттерінде қызмет етті. Бұл күндері елге оралып, «Замана», 

«Ақиқат» газеттерінде қызмет атқарып жүр.  

Өлеңдері Өзбекстан мен Қазақстанның республикалық 

басылымдарында және «Балауса», «Елқин» (өзбек тілінде) жыр 

жинақтарында жарық көрді. Жеке жыр жинағы «Жансәуле» 1998 

жылы жарыққа шықты. Нұр Бибі Омар – Қазақстан және 

Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі. 

 

 

Туған жер - жыр жауһары 

 

Ақындардың  туған  жер,  аялы  табиғат  туралы  сыр  шертетін 

дәстүрін  ақын  Нұрбибі  Омар  да  өлеңіне  арқау  етті.  Ол  Оңтүстік 

Қазақстан  уәлаяты  Қазығұрт  ауданының  Тұрбат  ауылында  дүниеге 

келген.  Оның  өлеңдері  мен  мақалалары  мектеп  қабырғасында 

жүргеннен бастау алып, студенттік жылдарында аудандық, облыстық, 

республикалық  басылымдарында  жарық  көріп  тұрған.  Н.Омар 

мектепті  бітірген  соң  Ташкенттің  Низами  атындағы  мемлекеттік 

педагогика  институтының  филология  факультетіне  оқуға  түсіп,  оны 

үздік бітірген. Студент шағында да өлең жазуды жалғастырған. Ақын 

болып  таныла  бастаған  ақ  балауса  қыздың  алғашқы  өлеңдері 

«Балауса»,  .«Елқин»  (өзбек  тілінде)  жастар  топтамасында  жарық 

көрген.  Жеке  жыр  жинағы  тұңғыш  рет  1998  жылы  Ташкенттегі 

«Шарқ»  


баспасында «Жан сәуле» деген атпен жарық көрді. 

Бұл күнде ақынның «Сағыныш сағымдары», «Ақындықты әруақ 

жолына  айырбастаған  қыз»,  «Бақытсыздықтан  бақыт  тап»  атты 

кітаптары  да  бар.  Ол  -  Қазақстан  және  Өзбекстан  жазушылар 

одағының мүшесі. 

Нұрбибі  Омардың  2006  жылы  өзі  туып  өскен  Қазығұрт 

ауданында  50  жылдық  мерейтойы  болып  өтті.  Мерейтойда  ақындар 

жыр шашу төксе, ұстаздар жылы лебіз білдірді. 

Халық арасында Нұрбибі ақынның есімі «Оңтүстіктің Отаншыл 

ақыны»,  «Қазығұрттың  қымыздығы»  деп  тараған.  «Қазығұрттың 

қымыздығы»  деп  ақынды  қызғалдаққа  емес,  қымыздыққа  теңеуінің 

өзіндік  себебі  бар.  Қызғалдақ  жарқ  етіп,  алыстан  көз  тартады. 

Көктемде  қызғалдақ  толы  даланы  көргенде  қуансаң,  жаз  өткен  соң 

оның  орнын  сипалап  қаласың.  Бірақ  Тұрбаттың  тумасы  -  Нұрбибі 

ақында қызғалдаққа тән «жарқ етпе» қасиет жоқ. «Туған жерім» деп 

жыр  төккен  Нұрбибінің  нәзік  жырларынан  сусындаған  жанның 

алыстан  шөлдеп  келіп  қымыздыққа  тап  болған  аңсарын  аңғарасың, 

оның  өлеңін  қашан  шөлің  қанғанша  бас  алмай  оқып,  ләззатқа 

кенелесің. 

Нұрбибі  Омар  -  өмірде,  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерге, 

құбылыстарға ақындық көзбен қарап, содан ой түйіп отыратын ақын. 

Ол  әсіресе  туған  жер  туралы  өлеңдерінде  алыста  жүрген  қандас 



бауырларымыздың елге оралуын аңсап күтеді. Туған жердің қашан да 

ыстық болатынын тілге алады: 



Туған жер деп, туған ел деп өледі ер, 

Керегеміз бұрынғыдан кеңейер. 

Өз жерінде өзін енді таптатпай, 

Қазақстан өзгелермен теңелер. 

Оралмандар, 

Оралмандар, келе бер, - деп ақын шетелде жүрген 

қандастарымызды елге тартпақ болады. 

«Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» дегендей,  

Нұрбибі  ақын  өзі  де  көрші  елде  оқып,  еңбек  етіп,  өмір  сүрген  жан. 

Нұрбибі  сондықтан  жүрегін  жарып  шыққан  ой  -  сезімін,  елге  деген 

сағынышын жырмен ақ қағаз бетіне әрлеп, өрнек салады: Мәселен: 



 

Тұрбатта туып, 

Ташкентте өлгім келмейді. 

Кеудемнен менің Бір үміт шоғы сөнбейді. 

Алауыздығың, талас - тартысыңмен ісім жоқ,  

Туған жер ғана 

Ән  болып  мені  тербейді,  -  деп,  ақын  өзінің  жырақта  жүргісі 

келмейтіндігін,  елге  қайтуға  деген  үміт  шоғының  барлығын 

көрсетеді.  Сондағысы  ақын  туған  жеріне  өзге  елдің  топырағын 

теңестіре  алмайды.  Жүрегіндегі  ыстық  махаббатын  туған  өлкесіне 

жырмен төгілте жеткізеді.          

                  



Кекіліксеңгір, Қосмола мен Боздөңгіл, 

Сірә саған тең келмейді өзге өңір. 

Қанша жерде болсамдағы, сендегі, 

Жылылық пен сұлулықты сезбедім , - десе, өз елінің, жерінің 

қымбат екендігін, оның дарқандығын былай суреттейді: 

 

Сенде ғана еркін тыныс аламын

Маған дәрі иісі ғажап даламның. 

Нәзіктік пен ақылды сен берген, 

Жырларыма арқау етіп барамын... , - деп, туған жерін жер 

жәннатына теңеп тамсанады. 



Ақынның мұндай елге деген сағыныш сезімі бейнеленген жыр-

лары көп-ақ. Сондықтан да бір кітабының атын «Сағыныш сағымда-

ры» деп атауының бірден - бір себебі осы болса керек. 

Белгілі  ақын  Исрайыл  Сапарбаев  «Жансәуле»  (1998)  атты  Нұр-

бибі  Омардың  алғашқы  өлеңдер  жинағына  жазған  алғы  сөзінде 

ақындықтың арынын, шайырдың шабытын дөп басып айтып, Нұрбибі 

өлеңдерінің  шынайылығына  риза  болатынын  білдіреді.  Біз  сөз етпек 

болған тақырып аясында алғашқы жыр жинағының өзінде ақын туған 

жер  сағымын  оның  үстіндегі  тіршілік  өрімімен  кестелейді.  «Топы-

рағыңа  тағзым  етем»,  -  деп  құлшыныс  танытады.  Тоқаш  Бердия-

ровтың  70  жылдығына  арналған  мүшәйрада  ақынның  оқыған 

өлеңінен  өзіне  тән  сыршыл  әуен  жаныңа  жылы  ұялайды.  Келісімді 

кестелеген ой кесімді пішінін де тапқан. 

 

Топырағыңа тағзым етем Келестің, 

Көз алдымнан өтіп жатыр Елес мың. 

Оңтүстікте бүршік атқан Көктемде, 

Мен де сенің бөтен гүлің 

Емеспін,  -  деп,  Келес  өңіріне  бар  ықыласын  жайып  салып,  со-

ның өзі де бір гүлі екендігін нақтылай түсіп, ұлтымыздың ұйытқысы 

болған Оңтүстіктің тумасы екендігін қадап айтқан. 

Туған жердің қойнауы той, мерекесі мол екендігін сөз сырымен 

жеткізген ақын оның жыр мекенге айналғандығын, көк шалғын бауы-

рында  алыптар  мен  ақындар  туып  өскендігінде  деп  ой  түйеді.  Ки-

елілігіне бас иіп, қуаныш лебінің ыстық самалымен оқушысының се-

зімін  баурай  өтіп,  жер  мекенде  ақын  туғанын  айтып  салады. 

Тоқаштай ақынның Келес бауырына жаттығы жоқтығына, қайта одан 

ешкімнің алыстамайтынына қуаныш білдіреді. 

 

Топырағыңа тағзым етем Келестің. 

Сан тойлар мен өткен мұнда Кеңес мұң. 

Тоқаш ақын дүниеге Келген жер, 

Сағандағы жаттығы жоқ Демес кім? - 

Сулы Келес, нулы Келес, Құр Келес-бәрі де жақсылықтың  

жаршысындай,  татулықтың  ордасындай,  дарқандықтың  дари-

ясындай  көз  тойғысыз  ордаға  айналады.  Ақынның  туып-өскен 

жерінде  үлкен  атақты  шоқтықтарының  біріне  айналған  дарынның, 

Тұрар Айдаровтай ақынның да туғандығы елдің мақтаныш сағымына 


айналады. Ақын тойында белес гүлдеріндей өлең падишаларының өз 

мекенінде салтанат құрғанын ағынан жарыла жырлайды. 

Келес суының шалқыған шалқар ағысы арнасы кеңіп, өр өзенге 

теңелуін  күткен  Нұрбибі  ақынның  тілегі  тәуелсіздік  тұғырына 

кенелген  елдің  төсінде  еркіндіктің  желі  мәңгілікке  есіп  тұруын 

жырлай жөнеледі: 

 

Топырағыңа тағзым етем Келестің. 

Суы толқын өр өзенге Теңессін. 

Бердияров ақын туған  

Бұл жерде. 

Арман болған еркіндіктің Желі ессін, - дейді. 

Ақын Нұрбибі Омардың «Сағыныш сағымдары» атты жыр жи-

нағы 2004 жылы Шымкентте «Ордабасы» баспасынан жарық көрді. 

Өлеңдер жинағынан туған жер, өмір жайлы толғаныстары мен махаб-

бат лирикалары орын алған. Кітаптың алғашқы бөлімі «Тұрбат таңы» 

деп аталады. 

Оңтүстіктің отаншыл ақыны осы бөлімдегі бір топ өлеңдерінде 

туған жерінің топырағын да, тасын да, адамдар бойынан табылатын 

рухани мәнділік, эстетикалық қуат, дүниетанымдық сипаттың айқын 

көріністерін тебірене тіл қатқан терең толғанысы арқылы тамаша 

ашып бере алған десек артық айтқандық болмас. Ақындардың төс та-

бандап табан тірер іргелі ой тақырыбының бір парасы туған жер бол-

са, Нұрбибі Омар да кіндік кесіп, қаны тамған Тұрбатын алақанымен 

аялап, жүрегінің жылы лебін жібектей есіп, мәңгілік жырға айнал-

дырмақ болады. 

 

Қайда жүрсе арқасында тірек болып тұратын, 

Туған жерін жырламаған барма, сірә, бір ақын? 

Өмір бойы жазса да - таусылмайтын тақырып, 

Сендағы бір ғажайыпсың, туған жерім Тұрбатым

 

Өтсем  деймін,  мен  де  сені  мәңгілікке  жырлап,  Топырағың  да, 



тіпті тасың мен үшін қымбат. 

Шалғай  шеттің  дәмін  татып,  суын  ішіп  жүрсем  де.  Жүрегімнің 

түкпірінде тұрсың тұнып Тұрбат . 


Өмір бойы жырының арқауына айналатын жер жәннаты Тұрба-

тына  сүйсінеді.  Шалғайда  жүрсе  де,  жүрегінің  төрінен  орын  береді. 

Сүйіспеншілікке бөленген сезімін биік адамгершілік баурап алған. 

Туған жерім, арманшыл ғып, қиялшыл ғып өсірдің, 

Сен мақтаныш ететіндей бола ала ма есімім? - деп, туған жерін 

тәу  етіп,  риялық  пен  ризалық  білдіреді.  Алдына  мақсат  қойып, 

ақындық шабытын шыңдап, арман жолына түседі. 

Автор  тұрмыстың  тауқыметін,  аласапыран  өмір  толқындарын 

өлеңінің  астарынан  суыртпақтап  айтар  ойын,  танытайын  деген  се-

зімін  өкініш  өртіне  шарпытып  өксігін  жасыра  алмайды.  Ел  басына 

күн туғанда жөңкіп, сырғи жөнелген, өзге жерден тұрақ тапқан ата - 

бабалар  тағдырына  терең  үңіліп,  өкініштен  өксіген  көкіректері  қарс 

айырылып, жүректері сыздаған жандардың күйін кешеді. 

 

Ел басына күн туғанда алапат, 



Жүректерде тілім-тілім жарақат. 

Туған жерден қимай ұзап кеткендей. 

Өзге елден іздеп қайыр - шарапат. 

Өзге жерде көріп талай тамұқты, 

Көкіректерің қарс айырылып, қамықты. 

Күндіз естен, түнде түстен кетпеді, 

Қасиетті туған жерің - жарықтық, - деп, қиын - қыстау заман-

да  амалсыздан  бас  сауғалаған  жандардың  туған  жерінен  жыраққа 

кетіп, маңдайлары жарқырай алмай, қайтып орала да алмай, елеспен 

өмір кешкендігіне өкініш білдіреді. 

Қазіргі  қазақ  поэзиясының  айдынында  еркін  жүзіп  жүрген  ар-

дақты  ақын  Аққұштап  Бақтыгереева  таза  да  сыршыл,  нәзік  иірімді 

лирикамен  туған  жерге  сүйіспеншілікті,  махаббатты  жырлап  келеді. 

Аққұштаптың  атамекеніне  деген  сүйіспеншілігі  Отаншыл  жандар-

дың,  ақындардың  ешқайсысынан  кем  түспейді.  Ақын  «Бұлдырты» 

өлеңінде  туған  жерім  деп  соққан  жүрек  лүпілін  төмендегіше  жет-

кізеді.  

 

Өмірдің білдім өтерін, 



Бақыттың сездім не екенін. 

Сан гүлдер өскен жасыл бел

Армысың атамекенім! 

Мөлдірін көрдім көліңнен, 

Даналық көрдім төріңен. 

Егінді жасыл жайқалған, 

Айналдым туған - жерімнен,  - дейді. 

Өлеңін  оқыған  сайын,  оқығың  келеді.  Өмір  танытарлық,  ой  са-

ларлық сезім жетегінде кете барасың. Алдыңда белдері гүлге оранған, 

тұп-тұнық көлдер, жайқалған егін, жаныңды жадыратар туған жердің 

қош  иісі  аңқыған  ауыл  туған  баласын,  ақынын  құшағын  жая  қарсы 

алады.  Рух  күші  деп  осыны  айтса  болады!  Мұндай  сезімге  белену, 

сүйсіну үшін ол адамда, ақында мықты рух болуы тиіс. 

Осы жәйтті көздей отырып, Аққұштап пен Нұрбибі Омар шабы-

тынан  қос  ақынға  тиесілі  үйлесім  тапқандай  боласың.  Әсіресе,  бұл 

жоғарыдағы  екі  ақынның  туған  жерге  арналған  ыстық  ықыластары-

нан аңғарылатын сияқты. 

Көздің  жауын  алатындай  көкпеңбек  Бұлдыртыны  жырлаған 

Аққұштап  Бақтыгерееваның  шабыты  шалқи  түсіп:  Шалғынын 

құштым жайлаудың, 

 

Иісіне жұпар тоймадым. 

Бабамның мәңгі мекені,  

Құмынан тағы айналдым. 

Құлақта сыңғыр мың күлкі, 

Көңілдің болмас бір бұлты. 

Достарым қалды-ау өзіңде 

Шақыршы қайта, Бұлдырты, - дейді. 

 

Нұрбибі Омар Тұрбатын сүйсіне жырлап оны ғажайып ел, мекен 



ретінде  көкке  көтеріп,  топырағын  да,  тасын  да  ешкімге  бергісіз 

қымбат дүние санап, туған жері Тұрбатқа жүрегінің төрінен орын бе-

реді. Аққұштап ақын да ауылы жайлы тебіренісін озық ойдың, жүрек 

сырының  өріміне  өрілген  өлең  жолдарымен  туған  жердің  табиғатын 

тамсана  жырлағанын  аңғарасың.  Қос  ақынға  ортақ  болған  ой 

толғаныстары  жарасымдылык,  тауып  тұр.  Мұны  біз  биік  азаматтық 

үн,  пайымды  парасаттан  туған  отансүйгіштік  деп  атағанымыз  жөн 

болар.  Бұларды  өмірге  ұлт  мүддесімен  қарайтын  шабытты  ақындар 

тобының  ортасынан  ойып  алар  орны  бар  шайырлар  десек  артық 

бағалағандық болмас. 

Ақын  Нұрбибінің  ақындық  шабытына  қанат  бітірген  бір  жәйт, 

халық  арасында  сақталып  келе  жатқан  аңыздың  ықпалы  да  болды. 



Елінде, туған өлкесінде әйгілі Қазығұрт тауына байланысты айтылып 

келе жатқан халықтың нанымы мен сенімі ақынды тағы да толғанды-

рады.  Ұзақтан  сарнап  жеткен  күйдің  сазындай  Қазығұрт  жайында 

бүкіл әлемге тараған Отандық рух күшіне әрі таң қалып, әрі ризалық 

білдіреді. 

 

«Басында кеме қалған Қазығұрттың» 



Мен одан ғажап күйдің сазын ұқтым... 

Қараймын қайта-қайта тұрпатына 

 Барғанда  оқта-текте  Тұрбатыма,  -  деген  жолдардағы  мазмұн 

мағынасы  халықтық  жырлар  ғана  емес,  ежелден  ән,  дастандар 

жазылған  «Адамзаттың  биік  рухы  -  Қазығұрт»  екеніне  сүйсіне  бас 

иеді. 


Жасыл  жайлауда  өсіп,  ескен  желдің  лебі  тәніне  тиіп,  ес 

танғандай  еркелей  бой  жеткен  қыз  оқу  іздеп  кеткеннен  соң  туған 

жеріне  оралғанда  «Қызғалдақ,  мөлдір  бұлақ  қайда  екен  деп,  іздейді 

толып  шіркін  жасқа  кеуде»  деп  сыр  сандығындағы  сағыныш 

сағымдарын  төгілтеді.  «Бірақ  магниттей  тартқан  сол  араға,  Зарығып 

оқта-текте  ораламын»  тәрізді  өлең  жолдарынан  өз  ауылының 

ыстығын  қарапайым,  әсерлі-ақ  ұғынықты  әрі  мағынасы  терең 

сөздермен кестелейді. 

Ақын «Қантөгіс майдан ішінде» өлеңінде әлеуметтік өмір, дәуір 

тізгіні мәселелеріне көңіл аударып, оған өзінің көзқарасын білдірген. 

«Мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақтың  басынан  өткен  аласапыранның 

зардабы «Ақтабан шұбырындыдай» боп «Елім-айды» айтып зарлаған 

ата-  бабалардың  ел  ауа,  жер  ауа  көшкендегі  қиналыс  сәттерін  өз 

ойынан  өткізіп,  көңіл  құлазыған  үні  жасты  есейтіп,  қартты 

қайраттандырады: 

 

Жақсы түс көрсең біреуің, 



Аспанға қолың жайғайсың. 

Туған жер ғана тілеуің, 

Іздеушің бар ма, қайдасың? 

Жат жерде болып жаутаң көз

Жүрсің-ау, қайран қандасым. 

Естілмей даусың, айтар сөз. 

Тұншығып, сірә, қалмасын. 

 

Бұл  жолдарда  халықты  тоздырып,  өз  жерінен  бездіріп, 

мейірімсіз 

жаудың 

талай 


қандасының 

көзін 


жат 

жерде 


жаутаңдатқанын  жүрек  жұлып,  жүйкеге  жетер  сезіммен  тебірене 

жырлады.  Мұның  өзі  халқының  басынан  өткен  шарасыз  шытырман 

алапат заманын оқушының көз алдына келтіріп, оның шешімін шарқ 

ұра іздейді. Сондағы тапқаны:      

   

Айжарық күннің барында, 

Басыңа түсті-ау, ауыр сын. 

Қазақтығыңнан арылмай, 

Қайрылмай жетші, қауырсын, - болды. 

 

Ақын  болған  оқиғаны  өмір  ауыртпалығын  барынша  қалпында 



дәл  сипаттаса,  екіншіден,  Тәуелсіздік  шуағымен  таңы  атқан,  нұрға 

бөленген ата жұрттың тарыдай шашылып кеткен қандастарын шақы-

рып отырған басты ұстанымы бар екенін сәулелендіре жеткізеді. 

 

Жазықсыз жапа шеккенмен, 



Артыңда туған жерің бар. 

Бір кезде қашып кеткенмен, 

Қарсы алар сені елің бар. 

Қайран да қайран, қандасым, 

Жат жерде сүйек қалмасын. 

Аман жет ата жұртыңа, 

Алланың өзі қолдасын!. 

 

Ел  тағдыры,  халық  тағдыры  жанын  ауырта  сыздатқан  ақын 

елінің  болашағы  гүлдене  түсетіндігін  сезінуі  терең  оптимизм.  Бұл 

біздің  ғана  емес,  мыңдардың  жүрегінің  түбіндегі  түйткілді  шешетін, 

ел  қуатын  арттырудың  бір  серпіні  болатынын  бүгінгі  күн  айдай  та-

нытып отыр. 

Жоғарыдағы  өлеңнің  жалғасындай  жазылған  «Ел  басына  күн 

туғанда» жыры айтылған ойды тереңдете түскендей. Ақын өзге жерде 

жүрген  қандастарының  көкіректері  қарс  айрылып,  туған  жер  сағы-

нышы өзекті өртер дерттің бірден асқынып бара жатқандығына дауа 

іздеп,  құстай  қос  қанатын  қағып,  алға  көз  тастайды.  Бұл,  әрине, 

отаншылдық  қасиеттен  туған  сезім.  Осыны  қалай  жырлағанын  ақы-

ның өзіне айтқызайық: 


 

Өзге жерде көріп талай тамұқты, 

Көкіректерің қарс айырылып қамықты. 

Күндіз естен, түнде түстен кетпеді, 

Қасиетті туған жерің - жарықтық. 

Армандарың бір көруге ел — жұртың, 

Шөліркедің суын аңсап бір жұтым. 

Топырағы туған жердің бір уыс, 

Төрде тұрды қасиет боп ең құтты!. 

 

Өмір шындығынан алынған, тарихта көз жетіп отырған оқиғала-

рдың түйдегі ақын сезімінің бүршік жарған гүліндей кейінгі ойлары-

на,  армандарына  жол  тартады.  Адамның  жаратылысы  арманшыл-

дығымен  аңғарылса,  ақындарда  қиялшыл  қасиеттің  өзінен  асқақтата 

туындайтын  өршілдік  басым  болады.  Ойда  тұтанған  аңсар  оптимиз-

мнің  шығар  көзіне  айналады.  Сиқырлы  сөздің  сан  қырын  аша  түсіп, 

заманына,  оның  адамына  сөз  айтады.  Қараңыз,  ақын  оқушысымен 

қалай сырласады: 

 

Өтті зұлмат... замана да өзгерді, 



Елге оралар, елге қайтар кез келді. 

Қайтқан құстай топ-топ болып оралман, 

Келіп жатыр оны-дағы көз көрді. 

Құшақ жайып қарсы алуда қандасын

Қазақ елі тәуелсіз ел болғасын. 

Туған жер деп аңсап-арып келгендер, 

Жат көздердің табасына қалмасын. 

 

Бұл  үзіндіде  ақын  туған  ел  құшағына  қайтқан  құстай  топ-топ 

болып  оралған  қандастарының  қуаныштарына  құмарта  ортақтасады. 

Өскен  орта,  ұшқан  ұямен  сырласқандарына  сыпайылықпен  құтты 

болсын айтады. Осыны айтудағы нәзіктік, жылылық, соған қоса ақын 

табиғатындағы  ақпейілділік  -  бәрі  де  жарасып  тұрғандай.  Өлең 

соңында «Қазақ саны  

өзгелермен теңелер, оралмандар, оралыңдар, келе бер...», - деген 

туыстық,  бауырлық  ой  ұшқындарын  алаулатқан  қайраттылық,  әрі 

өжеттік, әрі нәзік сыршылдық лиризм егіз өріліп отырады. 



«Өз елімде жасаймын деп» өлеңінде туған елге, туған жерге тек 

қана  тағзым  етіп  қана  қоймай,  оған  оралу,  сонда  өмір  сүруге  бел 

буған,  еңбегін  еселей  өз  ұлтына  жұмсауға  келген  кейіпкерінің  көңіл 

күйі беріледі: 



Өз елімде жасаймын деп, 

Өзегіңді қақ бөлдің. 

«Арыстаннан» қашамын деп, 

«Айдаһарға» тап келдің.  

Бұл күніңді көп көрген, 

Пенделер бар екен-ау. 

Қайда барсаң бәрібір, 

Дүние тар екен-ау. 

 

Туған жерден ұзағырақ жүрген ақын мұңын да, өкініш өксігін де 

сыр ғып айтады, жыр ғып таратады. Елге қайта оралып, құстай қана-

ты бейне бір қайырылып қалған шағында да, жолында сан кедергілер 

көлбесе де туған топырағын ұлықтайды. «Тұрбатта туып» өлеңі мұны 

айғақтайды.   

 

Тұрбатта туып,          

Ташкентте өлгім келмейді. 

Кеудемнен менің Бір үміт шоғы сөнбейді. 

Алауыздығың, 

Талас-тартысыңмен ісім жоқ, 

Туған жер ғана 

Ән болып мені тербейді. 

 

Адам өмірінің қысқа екендігін мойындай отырып, өмір сүрудің 

өзі  де  тура  сүрлеу  емес  екендігін  жоғарыдағы  өлең  жолдарынан 

аңғарамыз. 

Сонда  да  туған  жерге  деген  сүйіспеншіліктің  ыстығы  бір  суы-

майтындығын ақын өлеңдері ашық, айқын аңғартады. Қоғам өмірінің, 

адам  өмірінің  қызық  та  қиын  сырларына  бір  шомып,  жұмбақ  сезім-

дердің  шешімін  іздейсің.  Оның  әлеуметтік  жағын  аша  бейнелеудің 

шынайы  шеберлігіне  қолы  жеткен  ақынның  өзі  соңғы  жолдардағы 

өлеңмен берген.      

 

 


Керегі де жоқ 

Атағың - дағы шатағың. 

Шетте жүріп-ақ 

Ақын қызың боп атандым. 

Шетте жүріп-ақ, 

Намысын бермей қазақтың, 

Басты да имей, 

Қазақ боп қана жасадым. 

 

Ақын  алған  тақырыбын  соның  ғана  айналасында,  тар  шеңберде 

жырламайды,  оны  жан-жақты  қамтып,  көп  көріністі  суреттермен 

бейнелеп  өрнектеуге  талпынады.  Өз  басынан  өтіп  жатқан  сан  түрлі 

кедергілерді айта отырып, шеттен келген қандастардың да жай - күйін 

сездіретін, оқырман жүрегін баурайтын сиқырлы сөз таба білген. 

 

Басымнан өтті, 

Сан тағдыр менен сан қайғы, 

Бір арман ғана жүректен Құстай самғайды. 

Туған елімде 

Жасауға менің хақым бар

Ал бұған жетпей 

Қаншама жандар сарғайды. 

 

 Өлеңінің шынайылығына мән беретін Нұрбибі Омар ащы шындықты 

бүгіп  қалуды өзіне  жөн  көрмейді.  Үйірге  қосылып,  -  үйренісе алмай 

жүргенде қазіргі жай - күйін қалыптастыру мақсатында талай сергел-

деңге  түскендігін  жасырмайды.  Кейбір  кедергілерге  тосылып,  көңілі 

құлазыған сәтте де оны биік рух - Отандық рух жетелейді. 

 

Тұрбатта тудым... 

Ташкентте қалмас өлігім. 

Өзімшілдерден, 

Өлермендерден жерідім! 

Енді арманым жоқ, 

Сұлтаны болмай өзгенің, 

Ұлтаны болсам елімнің

 


Өлең шумақтарының өзгешелігі ерекше осы үзіндідегі жеті жол-

дан  тұратын  өлең  тармақтарында  Нұрбибі  ақын  ой  тұжырымын 

халқымыздың  асыл  маржандарымен  астастырып,  берік  түйін 

жасайды.  Мұның  ақиқаттығын  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  Қазақтың  Ұлттық  Университетінің  75  жылдығына  арнап 

дәріс  оқығанда,  барлық  қазақстандық  жастарға  «Өзге  елдің  сұлтаны 

болғанша,  өз  елдеріңнің  ұлтаны  болыңдар»-деген  халық  нақылын 

келтіріп,  өз  Отанының  техникасын,  экономикасын,  ғылымын  дамы-

тыңдар деген нақты өсиеті айқындап тұр. 

Жоғарыдағы ой желісінің жалғасы болып келетін «Туған жерім 

деп келіп ем» өлеңінде алғаш салы суға кеткен, сағы сынған лирика-

лық кейіпкердің ой толғанысы көз алдымызға келді. Көрелік: 

 

Туған жерім деп келіп ем, 

Деп келіп ем, елім-ау! 

Ойламап ем кұтеді деп, 

Кұтеді деп мені дау. 

Басар жай да, баспана да Таба алмастан сенделдім. 

Қазағым деп барған жерден  

Кері қарай сермелдім. 

 

Ақын  өлеңі  оқырманға  ой  саларлықтай.  Ілгері  жылжып  айта 

берсек, өлеңнің ашылар қыры, айтылар шындығы әлі де баршылық: 

 

Туған жерім деп келіп ем, 



Деп келіп ем, елім-ау! 

Қалмады ма жүрегіңде Титтей мейір сенім-ау! 

Менің-дағы, менің-дағы Мұқалғандай сенімім. 

Өзге тілді пір тұтатын Қазақтардан жерідім

 

Бұл  жолдардың  негізінде  де  бұлтартпас,  мойын  бұрғызбас 



шындық  жатқаны,  біздің  ойымызша,  тайға  таңба  басқандай.  Ақын 

өмір құбылыстарын сараптай келіп, жалпыны нақтылап, ақындық мен 

арқылы суреттеу, бейнелеу тәсілімен жырлайды. 

Шетте  жүріп  өгейсітсе,  Ештеңе  емес  екен-ау.  Өйткені  ол,  өйт-

кені  ол,  Қайтсе-дағы  бөтен-ау.  Дүниеде  ең  жаманы  Туған  жерде 

шеттесең (Арман болып келген жерден) 



Өмірдің  ортасынан  ойып  алған  Шымқаладағы  жоғарыдағыдай 

көріністерді суреттеген Нұрбибі Омар көргеніне көз тоқтата отырып, 

сағыныш сағымын құлазыған көңілге бой алдыртады. 

 

Туған жер деп келіп едім, 



Келіп едім, елім-ау! 

Қалмағандай тауларыңда  

Маралың мен елік-ау. 

Қатыгездер құрбанына 

 Айналды ма қайтейін, 

Бір кездегі шабақты 

Айдын шалқар көлің-ау [сонда]. 

 

Нәзік  ақ  сағым  жүзін  аймалаған  ақын  сабырды  билеген  сағы-



нышына жол береді. Туған жердің топырағын басып, сол киелі топы-

рақты мәңгі құшуға бар. 

 

Туған жерім деп келіп ем, 

Деп келіп ем елім-ау! 

Адам деген үйренбей ме, 

«Үш күннен соң көріне-ау». 

Осылайша жұбанамыз, 

Кетеміз бе көніп-ау. 

Не де болса туған жерде  

Қалса екен деп өлік-ау... 

Өз жеріңде өзіңді-өзің 

 Жоғалтқаның өлім-ау... [сонда]. 

 

Туған  жерім  дел  келген  оралмандар  мәселесі  тек  бір  ақынның 



ғана  ойын  алаңдатып  қалмай,  бұған  қоғам  қайраткерлері,  ғалымдар, 

бақ өкілдері т.б. жиі-жиі көңіл аударып келеді. 

Ой  мен  сезім  арқылы  шабыт  шалқарын  нұрландырған 

Нұрбибінің  өлеңдерінен  шындық  шырғалаңы  да  аңғарылатынын  сөз 

еттік. Дегенмен, ол елін, жерін  шынайылықпен сүйетін ақын. Туған 

жеріне сүйіспеншілігі бәрінен де жоғары. 

Бізді  мұндай  ойға  жетелеген  өлеңдері  мол.  «Басқа  шаһар» 

аталатын өлеңінен-ақ мұның куәсі боламыз: 

 


Басқа шаһар, басқа ортада жүргенде, 

Туған жердің қадірі ең қымбатты. 

Ең ғажайып сұлу жерді көргенде

 

Салыстыра  алмадым-ау  Тұрбатты  Кекіліксеңгір,  Қосмола  мен 



Боздеңгіл, 

 

Сірә саған тең келмейді өзге өңір. 



Қанша жерде болсам - дағы, сендегі, 

Жылылық пен сұлулықты сезбедім. 

 

Өлең жолдарынан сұлулықты жанындай жақсы көретін ақынның 

туған жерді қадірлеген сүйіспеншілік үні айқын танылады. 

Өмірді  ұғындырып,  онысүюді  үйретіп,  қара  бастың  қамын  ой-

лаудан  жырақтататын,  биік  арман  қуған,  поэзияның  даңғыл  жолын 

салған қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 

халық  жазушысы  Фариза  Оңғарсынованың  өлеңдеріне  көз  жүгіртіп 

отырғанымызда,  ақынның  туған  жеріне  арнаған  өлеңдерінде  терең 

сағыныш,  сондай  сүйіспеншілік,  көгалынан  тапқан  сұлулықты 

аңғарамыз: 

Сағындым  туған  жердің  көгал  белін,  желпіген  беттен  сүйіп  са-

мал желін. 

Асқар тау, шалқар көлің болмаса да, көрікті - ақ көрінесің маған 

керім. 


Сағыныш  сағымын  сұлулыққа,  әдемілікке,  көріктілікке  бөлеп 

суреттеген  ақынның  туған  жері  бәрінен-де  артық  деп  қарайтын  әсер 

аласыз. Сонымен қатар бастапқыда атап өткеніміздей, туған жер жыр 

жауһары, оған ат басын бұрмаған ақынның өзі жоқ. Оған дәлел ретін-

де  Оңтүстіктің  тағы  бір  ақын  қызының  осы  тақырыпқа  арналған 

өлеңінен үзінде келтірейік:  

 

Табаным тисе, топырақ майлы көрінген, 

Құлан емеспін қағынан ерте жерінген. 

Көгерген болсам, туған жер сенің киең ғой, 

Перзентің болып шыға алсам жарар сенімнен

 

Ақтарылып,  ағынан  жарылған,  топырағына  табаны  тисе  тұла 



бойын  қуаныш  билеген  ақын  Тұрдалиева  Роза  туған  жеріне  шексіз 

сүйіспеншілігін  білдіре  отырып,  оған  борыштар  екендігін  бір  сәт  те 

естен шығармайтындығын білдіреді. 

Мұның  бәрі  бесіктегі  сәбиден  бастап,  ер  жеткен  азаматқа,  ел 

ағаларына  да  ой  толқытатын,  сезім  оятатын,  туған  жерге 

сүйіспеншілігін  арттыратын  асыл  дүниелер  ғой.  Ақынның  өлеңіне 

шабыт, құрылысшының қолына қайрат, шәкірттерге қанат, қарттары-

мызға  қанағат  беретін  жыр  жауһарлары  екендігіне  көз  жеткізу  қиын 

емес. 


Асылдан туған ақын аналарымыздың ой үндестігі, тақырып бір-

лестігі, сезім сүйіспеншілігінің үндесіп те, келісіп те тұрғаны ғажап. 

Нұрбибі Омар: 

 

Сен де қалды балалықтың іздері, 



Сен де қалды биік арман тізбегі. 

Көрмей қалсам екі - үш айдай өзіңді,  

Қиялымның қайығы алға жүзбеді,- десе, 

Роза ақын: 

Шежіре толы киелі менің аймағым, 

Өзіңде өсіп, гүліңдей болып жайнадым.  

Балапаның ем, алақаныңнан ұшырған  

Жайдары жұртым пейілдеріңнен айналдым, - дейді. 

 

Қос  ақын  да  төгілте  жырлаған.  Бірі  Тұрбаттың  бауырында  қаз 



басып, бал дәурен шағының куәгері болған мекенін сүйіспеншілікпен 

жырға  қосса,  екіншісі  киелі  Домалақ  ана  табаны  тиген  топырақтан 

ұшар биікке самғағанын көңіліне медеу  тұтады. 

Шығармаларында  өз  тұстастарының  жасампаздығы  жайлы  сыр 

шерткен Сыр ақыны Әбділда Тәжібаев: «Фариза сөз қалаудағы халық 

поэзиясындағы  әсемдіктерді,  ұтымдылықтарды  меңгерген.  Ол 

сөздердің  бойындағы  қызу,  қуат-күштерге  қозғау  салғыш,  жан 

бергіш, сөздердің өзара қиюласулары, өзара шарпысуы арқылы жаңа 

сурет,  жаңа  әуен  туғызатындығын  көрсетті»,  -  деп  ақын  поэзиясына 

жоғары  баға  берді.  Сөз  болып  отырған  тақырыптағы  Ф. 

Оңғарсынованың өлеңінен тағы да бір үзінді алып көрелік:  

Сен де тас та, қастерлі, аспан да алау, 

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау. 

Менің мынау өмірге құштарлығым  

Сені жақсы көруден басталған-ау. 


 

Әрине,  соңғы  өлеңнің  салмағы  басым,  қиюы  келісті,  ойы  тар-

тымды екендігіне оқырман келіседі ғой деп ойлаймыз. Ал негізгісі үш 

ақынның  арасындағы  тақырып,  идеяның жалғастығы,  үндестігі.  Осы 

пікірімізді  дәлелдей  түсу  үшін  ақын  қыз-келіншектердің  көш-

басшысы Фариза Оңғарсынованың өлеңіне тағы да мойын бұрайық. 

 

Кешірме сен 

Жат қылықпен жаныңды жараласам, 

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам. 

Мен ел кезіп кетермін отансыздай, 

Үмітіңді ақтауға жарамасам [сонда]. 

 

Ақын үні жоғары. Шешім кесімді. Туған жерге шексіз мейірімді. 



Ал, Нұрбибі Омар әуені жұмсақтау, табыну басым. Бар бойына 

жиғанын  өз  даласының  сыйы  деп  қабылдаған  ақын  нәзіктікпен  те-

реңге барады. 

 

Ұмытылмас сенде үйренген ырғақты ән, 



Өзге ортада көкірегіме мұң қатқан. 

Ысмайыл ата, өзің ғана қолдай жүр, 

Ұшып кеткен бір құсыңды Тұрбаттан! 

Сенде ғана еркін тыныс аламын, 

Маған дәрі иісі ғажап даламның.  

Нәзіктік пен тереңдікті сен берген

Жырларыма арқау етіп барамын

 

«Сәуір  самалы»  жинағында наз  бен  саз  үйлесімін,  жан- жүрек  жара-



сымын  таба  білген  ақын  Роза  Тұрдалиева  кейде  мұңайып  кеткендей 

болып,  бір  сілкініп,  дүр  сілкініп  алғысы  келгенде,  дауылды  даласын 

өзіне тірек етеді. 

Тағдырым мені сілкілеп талай сынаған, 

Амал  таба  алмай  аңғал  қалпымда  жылаған.  Көзімнің  жасын 

жұмсақ самалың сүйгенде, Дауылды далам, ашуың маған ұнаған. 

 Ақындарды жақындататын, бір біріне сырластыққа шақыратын, 

жырлаған  ортақ  тақырып  болса,  оларды  бір-  бірінен  ерекшелендіріп 

тұратын олардың ақындық табиғаты. Ол дегеніміз  - сөз  қолданыста-

ры,  көркемдеуіш,  бейнелеуіш құралдарының  сан  алуандығы.  Мұның 



бәрі  ойды  жеткізудегі  ақынның  мені,  яғни  өзіндік  шеберлігі,  стилі. 

Жоғарыда  салыстырылған  үзінділердің  бір  тақырыпты  қаузайтыны 

бірлік  болса,  оны  суреттеу  жайы  әркелкілік.  Ой  -түйін  жасауда  әр 

ақын  өзінің  алдына  қойған  мақсатымен,  ақындық  қуатымен  дарала-

нады. 

Сонымен Нұрбибі Омардың туған жер туралы өлеңдерінің қазақ 



поэзиясы  арнасына  қосылар  талпынысы  да,  оны  дамытуға  қосқан 

үлес  тамшысы  да  бар.  Оның  өлеңдерінің  арасында  көңіл  тамшыла-

рын,  жүрек  лүпілін,  сезім  сиқырын,  туған  өлкесінің  атпал  азаматта-

рын  жырға  қосып,  нұрлы  үнін  байқатқан  даралығы  төрт  топтамасы-

ның әрқайсысынан табылады. 

 

 



 

НҰР БИБІ ОМАРДЫҢ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕРІ 

 

Омар Н, Ақындықты аруақ жолында айырбастаған 



қыз (ғұмырнамалық хикаяттар мен діни сенім-

нанымдар туралы деректі мақалалар) Шымкент: 

«Оңтүстік», 2005. – Б. 67. Ақындық аруақ жолына 

айырбастаған қыз (ғұмырнамалық хикаялар мен діни 

сенім - нанымдар туралы деректі мақалалар) 

 

 



Омар Н, Артында өшпейтұғын із қалдырған ұстаз. Ташкент, 2014. 

– Б. 60. 

 

 

Омар Н, Бақытсыздықтан бақыт тап: өлеңдер. – 



Шымкент: «Кітап». – 2007. – Б. 252. Ақынның жаңа 

жинағына соңғы кезде жазған өлеңдері мен баспасөз 

беттерінде жарық көрген мақалалары, эсселері 

топтастырылды. 

 

 

 



 

Омар Н, Жақсы жоқ деп айтпаңдар.(Өлеңдер) – 

Алматы: «Нұрлы әлем шыңы», 2011. – Б. 144.  

Бұл кітаптың мақсаты-өмірдегі келеңсіздіктерді емес, 

кереметтерді, ел ішінде көрінбей жүрген қарапайым да 

қасиетті жандарды, елеусіздеу жүрсе де ерен еңбек 

сіңіргендерді елге таныстырып, кейінгі ұрпақтарына 

мұра етіп қалдыруды мақсат етті. 

 

 

 



Омар Н, Жансәуле. Ташкент: «Шарқ», 1998. – Б. 92.  

Бұл кітапта ақынның өлеңдер жинағы топтастырылған 

(Өлеңдер) 

 


 

Омар Н, Құлпырған қызғалдағым ең... Шымкент: 2015. 

– Б. 190. 

ОҚО қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекенінде 

туылған бұрынғы Ленин орта мектебі, қазіргі 

«Болашақ» гимназия мектебінде оқыған, 10 маусым 

1972 жылы дүниеге келген Стықұлова Злиха жайында 

 

 



 

Омар Н, Нұх пайғамбар кемесінен нәуірзеректер 

ұшады: Шымкент: «Анарметов». – 2014. – Б. 109.  

Өлеңдер жинағы. 

 

 

 



 

 

Омар Н, Сағыныш сағымдары: Өлеңдер. – Шымкент: 



«Ордабасы». – 2004. – Б. 96. 

Нұрбибі Омардың оқырманға ұсынып отырған екінші 

жинағына туған жер, өмір жайлы толғаныстары мен 

махаббат лирикалары енгізілді. Кітап өлең сүйер 

қауымға жақсы әсер қалдырады деген үміттеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

НҰР БИБІ ОМАРДЫҢ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ 

БЕТТЕРІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛАЛАРЫ 

 



 

Омар  Н,  "Айтматовтың  айымдарын"  аударып  ем...  /  Н. 

Омар//Әділет.- 2013. - 25 желтоқсан. - Б. 7. 

 



Омар Н, Бұлбұлдар ерте қартаймайды: [әнші, сазгер Қатира 

Бекмұратова туралы] / Н. Омар//Оңтүстік Қазақстан.- 2014 - 

30 қазан. - Б 6. 

 



Омар  Н,  Депутат  жеңгеме  хат  немесе  зейтеттің  жыры  мен 

сыры... / Н. Омар//Әділет.- 2013. - 23 желтоқсан. - Б. 3. 

 

Омар  Н,  Алпыстан  асқан  қыз:  [Эссе]  /  Н.  Омар//Әділет.- 



2012. - 7 тамыз. - Б. 3. 

 



Омар  Н,  Оңтүстікте  ерекше  құнды  кітап  жарық  көрмек: 

[ақын Әбілда Аймақпен сұхбат] / Н. Омар//Замана.- 2001. - 3 

шілде. - Б. 4. 

 



Омар  Н,  "Өз  салт  -  дәстүріңе  ештеңе  жетпейді":  [Ақын 

Н.Омармен  сұхбат]  /  Сұхбаттасқан  Ү.Алтаева  /  Н. 

Омар//Оңтүстік Қазақстан.- 2010. - 10 сәуір. - Б. 2. 

 



Омар  Н,  Мөлдіреген  Мөлдірлер  бар  өмірде..:  [Эссе]  /  Н. 

Омар//Әділет.- 2012. - 10 қазан. - Б. 8. 

 

Омар  Н,  Иса  пайғамбарды  іздеген  қыз:  [емші  қыз  жөнінде 



сыр] / Н. Омар//Шұғыла.- 2014. - 27 қараша. - Б. 9. 

 



Омар  Н,  Ізімді  іздеп  таба  алмай  қайттым...[Ташкенттегі 

қазақ  құрылтайы  қалай  өтті]  /  Н.  Омар//Әділет.  –  2012.  –  1 

маусым. – Б. 6. 

 



Омар  Н,  «Таңның»  таңсық  гүлі  едім...[Эссе]  /  Н. 

Омар//Шұғыла. – 2012. – 9 қараша. – Б. 8. 

 

Омар  Н,  Татьянаның  трагедиясы  [Эссе]/Н.  Омар//Қазығұрт 



тырысы. – 2012. – 24 тамыз. – Б. 1. 

 



Омар 

Н, 


Сеулден 

келген 


шал 

[Эссе]/Н. 

Омар//Әділет. – 2013. – 7 тамыз. – Б. 5. 

 



Омар Н, Өртенген бидай гүлдер ме... [Қазығұртта 500 гектар 

жер өртке оранды]/Н. Омар//Замана. – 2001. – 3 шілде. – Б. 

4. 


 

Омар  Н,  Өзбекстандағы  қазақ  құрылтайынан  кейін 



[пікірлер]/Н. Омар//Қазақ әдебиеті.  – 2012. – 13 шілде. – Б. 

12. 


 

Омар  Н,  Оралмандар  одағы  құрылды[«Оңтүстік  Қазақстан 



оралмандар 

одағы» 


құрылғандығы 

жөнінде]/Н. 



Омар//Оңтүстік Қазақстан. – 2005. – 6 желтоқсан. – Б. 6. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

 

1.

 

ОҚЫРМАНҒА.........................................................................2 

2.

 

ӨМІРДЕРЕК...........................................................................3 

3.

 

ТУҒАН ЖЕР - ЖЫР ЖАУХАРЫ.........................................4 

4.

 

НҰР БИБІ ОМАРДЫҢ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕРІ....17 

5.

 

НҰР БИБІ ОМАРДЫҢ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕ  

ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛАЛАРЫ......................................19 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жауапты: 

ОҒƏК директоры  Парымбекова З. С. 

 

Редакторы: 

Ақпараттық–библиографиялық бөлімнің 

басшысы Алдабергенова  С. А. 

 

Құрастырушы: 

Библиограф Сейтбекова С. Н. 

 

Көркемдеуші: 

Автоматтандыру бөлімінің бас маманы 

Мұса Б.Р. 

 

Мекен жайы: 

Шымкент қаласы, 

Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы, 

Нұрсәт мөлтек ауданы, 

Астана даңғылы 8 

 

E-mail: 

otirar-nursat @mail.ru 

 

 

 

 

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал