Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»



жүктеу 27.55 Kb.

бет1/10
Дата04.05.2017
өлшемі27.55 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 

 
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат  
және дін істері басқармасы 
«ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН 
САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ 
САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ШЫМКЕНТ – 2015 
 

 
 

 
Бұл кітапша 13.06.2015 жылғы №15-04-15/1433 хат негізінде 
ҚР  Мәдениет  және спорт министрлігі  Дін істері комитетінің 
дінтану сараптамасы арқылы мақұлданды. 
 
УДК 28 
ББК  86.38 
И     87 
 
Н. Тұрсынбайдың «Ислам мәдениетімен – өркениетке»  
кітабынан ықшамдалынып алынды. 
 
Редакция алқасы: А.Төлегенов, Д.Оспанов, М.Бесбаев,  
                                  Е.Бекбосынов, Ф.Тайтелиев 
 
            «Ислам мәдениеті мен салт-дәстүрдің сабақтастығы» 
И 87    Жалпы ред. басқ. Н.Тұрсынбай 
            Шымкент: ТОО «Нұр-капитал» баспасы  2015 
 
ISBN   978-601-7266-79-0 
 
Анықтамалық сараптамалық-талдау әдістемелік көмекші құралын 
ОҚО  ішкі  саясат  және  дін  істері  басқармасының  «Әлеуметтік 
бастамалар орталығы» мамандары дайындап отыр.  
Бұл  кітапта  мынадай  тақырыптар  қаралған:  «Илам  мәдениетіне 
кіріспе»,  «Ислам  мәдениетінің  ерекшеліктері»,  «Пайғамбардың 
сүннеті», «Қазіргі ғасырдың ислам мәдениетіне  тосқауылдары» т.б. 
Еңбек 
дінтанушы 
ғалымдарға, 
студенттерге, 
мектеп 
оқытушыларын,  жалпы  Ислам  мәдениетін  оқып  үйренушілерге 
арналған. 
«Әлеуметтік  бастамалар  орталығы»  жанындағы  кеңейтілген 
ғылыми кеңесте талқыланып, мақұлданды. 
 
ISBN   978-601-7266-79-0                                             УДК   28 
                                                                                         ББК   86.38 
 
 
©  ОҚО ішкі саясат және дін істері  басқармасының 
     «Әлеуметтік бастамалар орталығы» - 2015 
©
  
ТОО «Нұр-Капитал» баспасы  2015 
 

 
 

 
ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНЕ КІРІСПЕ 
 
Біз тегіміз – түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек.  
Ол үшін қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихаттауымыз керек. 
(ҚР. Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.) 
 
Ислам мәдениеті - ислам дінінің шығуымен байланысты. 
Әлемдегі  ұлы  үш  діннің  бірі  -  Ислам.  Б.з.  VІІ  ғ.  Арабияда 
пайда  болып,  тарихи  қысқа  мерзімде  Оңтүстік  Испаниядан 
Қытайға  дейінгі  және  Тынық  мұхиттың  бірқатар  елдерін 
мекендеген  халықтардың  араларына  кең  тараған.  Ислам 
дінінің  өкілдері  мұсылмандар,  негізінен  Африка,  Кіші, 
Орталық, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Азия жұртында 
тұрады.  Қазір  дүние  жүзінде  шамамен  2  миллиардқа  жуық 
адам  осы  дінді  ұстанады.
1
  Бұл  діннің  сонша  халықтарды 
қамтуының  басты  себебі  -  ол  адамдар  өміріне  өте  икемді, 
халықтарды  мәдениетке,  ғылымға  жетелейтін  және  оның 
шығу  және  даму  тарихы  баршаға  мәлім.  Сондықтан  оны  тез 
қабылдап,  көптеген  мемлекеттердің  азаматтары  сол  негізде 
өмір  сүріп,  ұрпақ  өсіруде.  Қазіргі  кезде  Жер  шарын 
мекендеуші  халықтардың  төрттен  бірі  исламды  қолдайды, 
дәріптейді.  Олардың  заңы,  басқару  орындары,  білімі, 
ғылымы,  тілдері  мен  әдебиеттері,  күнделікті  тұрмыстары, 
әдет-ғұрыптары  және  т.б.  өмірлері  ислам  дінінің  әсерінде. 
Ислам 
мәдениеті 
көптеген 
халықтарды, 
ұлттарды 
бірлестіреді.  Оларды  білімге,  ғылымға  және  мәдениетке 
жетелейтін  дін.  Сондықтан  да  ислам  дініне  енген 
халықтардың арасында рухани мәдениет орта ғасырда тамаша 
дамып  отыр.  «Культура  ислама  объединяла  народы  самых 
отдаленных друг от друга стран: достижения мусульманских 
ученых в математике, естественных наук и технике вызывали 
восхищение всего мира, стремившегося подаржать им»
2
.   
                                                
1
 Қазақ Совет энциклопедиясы, 5-т. - Алматы, 1974. – 301-б. 
2
 Всемирная история в иллюстрациях: Средние века. История мира от походов нармандов до 
путешествие Колумба. Т.4. - М., 1994. – 9-б. 

 
 

 
Ислам  діні  бөтен  мәдениеттерді  жатсынған  емес.  Қайта 
оларды  өркендетіп,  жақсы  жақтарын  алып  отырған. 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у)  түрік-соғды  сауытын  киюі, 
Қытайдан  әкелінген  заттарды  пайдалануы,  түрік  шатырында 
соғысқа  шығуы,  Араптардың  төрт  жағындағы  Мысыр, 
Византия, 
(395-1453), 
Сасани 
(224-651) 
қатарлы 
патшалықтарға  елшілер  жіберіп,  (630  ж.)  оларды  хақ  дінге 
шақыруы,  тіпті  император  Ираклиммен  хат  алысып  тұруы, 
Оның күллі адам баласына жіберілген елші екеніне әрі ғылым 
мен мәдениеттің құрушысы екендігіне бұлтартпас айғағақтар 
болып табылады.  
Мұсылман ғалымдар бар білімін жұртшылықтың игілігіне 
жұмсайды. Олар ғылымды күнкөріс пен атақ-даңқтың құралы 
ретінде есептемеген. Керісінше елдің материалдық әрі рухани 
тұрғыдан  даму  жолында  пайдаланған.  Бір  мысал  келтірелік; 
Иран  патшасы  І  Шапур  кезінде  (241-272)  Хұзистан 
аймағында  Жундишапур  деген  қала  орнатылды.  Осы  шағын 
қалашық  Сасани  билеушісі  І  Хұсраудың  кезінде  (531-579) 
патшалықтың  екінші  қаласына  айналады.  Мұнда  атақты 
дәрігерлік  мектебі  пайда  болады.  Бірақ  Жұндишапұрлық 
дәрігерлер  өздерінің  кәсіби  сырларын  тек  өз  топтарында 
ұрпақтан  ұрпаққа  қалдырып  сақтайды  да  монополия  мен 
кірістен  айырылмас  үшін  басқа  ешкімге  білдірмейді  һәм 
үйретпейді.  Аталған  аймақ  мұсылман  билігінің  қол  астына 
өткен соң ғана мұсылман ғалымдар олардың кейбір ғылымын 
ашып, пайдалана алған.
3
 Алайда, Ибн Сина секілді мұсылман 
ғалымдардың  жазған  кітаптары  мұсылман  елдерінде  ғана 
емес,  сонау  Еуропаның  өзінде  оқулық  есебінде  оқытылған. 
Сол 
ғасырларда 
Батыс 
елдерінде 
де, 
мұсылман 
ғалымдарымен салыстырарлық ғалымдардың шыға алмағаны 
баршаға аян. Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай дейді; 
«Исламның  басты  артықшылығы  және  мұсылман  әлемінің 
сол дәуірдегі білімді халықтардың алдында болуының сыры, 
                                                
3
 http://www.bilimtarihi.gen.tr 

 
 

 
материалдық  һәм  рухани  мәдениет  жағынан  болсын  мәдени 
біріншілікті ұстауында жатыр».
4
  
Тарихта  алғашқы  халифалықтар  дәуірінде  дүние  жүзі 
мәдениеттері  тығыз  араласты.  Қиыр  шығыстағы  Қытай 
мәдениетінің жетістіктері Батысқа, мұсылмандардың ғылым-
мәдени  табыстары  болса  Қытай  еліне  мәлім  болды.  Талас 
(751  ж.)  соғысынан  кейін  Атлант  мұхитына  дейінгі 
халықтардың  бірін-бірі  жақын  тануына  мүмкіндік  туды. 
Мұсылмандардың  үш  құрлықтағы  билігі  халықтар  арасында 
тығыз мәдени байланыстардың орнатылуына орасан зор үлес 
қосты. Халифалар Батыстағы Франк, Герман, Рим патшалары 
және  Қытай  хандарымен  тығыз  байланыста  болды.  Мәселен 
Қытай  деректерінде  халифалықтан  651-798  жж.  аралығында 
37  рет,  ал  908-1168  жж.  аралығында  49  рет  елшілік  келгені 
жазылған.
5
  
Мұсылмандар  билік  жүргізген  елдерде  әрқашанда  да 
бейбітшілік  орнап,  дінге  ерік  берілгені  және  халықтың  мұң-
мұқтажы ескеріліп, өмір сүргендігіне тарихи деректер мол. 
 
Ислам мәдениетінің, білімінің негізгі мақсаттары: 
Ислам  мәдениеті  адамның  айналасындағы  шынайы 
құбылыстармен  есептесетін,  ақыл-ой,  іскерліктің  барлық 
түрін  қамтитын  Исламның  кәміл  түсінігіне  негізделген. 
Сонымен  бірге  ол  осы  іскерліктің  дамуын  және  әрдайым 
жаңарып  отыруын  құнттайтын  негіздерді,  бағдарламаларды, 
ерекшеліктерді  де  қамтиды.  Ислам  мәдниетінде  адам 
баласының  өмірге  келуіндегі  негізігі  мақсаты  Жаратушыны 
танып,  құлшылық  қылу  болып  табылады.  Сонымен  бірге 
адамның  қызметі  –  жердің  бетіндегі  орынбасарлық,  жердегі 
қуат  көздері  мен  мүмкіндіктерді  барынша  пайдалану, 
тіршілікті дамыту әрі оны өркендету.
6
  
                                                
4
 Тарихшылар хейети, Доғуштан гүнүмүзе бүйүк Ислам тарихи, ІІІ том, 314- б. Станбул 1999 жыл.   
5
 Тарихшылар хейети, Доғуштан гүнүмүзе бүйүк Ислам тарихи, ІІІ том, 315-б. Станбул 1999 жыл.  
6
 М.Ф.Рифаъи, (аудар: Палтөре Ы.М.), Ислам мәдениеті, 34-бетте. «Дәуір» баспасы, Алматы, 2007 жыл. 

 
 

 
Бүгінгі  күні  ислам  мәдениетін  оқыту  жүйелі  түрде  қолға 
алынып  отыр.  Әлбетте  Ислам  мәдениеті  пәнінің  оқытылуы 
төмендегі мақсатты орындауға бағытталады:  
1.  Ислам  мәдениеті  жөнінде  түсінік,  оның  ерекшеліктері, 
сондай-ақ  оның  қайнар  көздері  және  Исламның  маңызды 
мәселелеріне тоқталуы.  
2. Исламға сүйену жөніндегі дұрыс бағыттарға түсіндірме 
және оны мұсылманның бойына сіңіру.  
3.  Ислам  дініне  деген  сезімді  адам  бойына  сіңіріп,  оны 
ары  қарай  дамыту  және  осы  адами  сезімдерді  насихаттау 
арқылы онымен құрметке ие болуы. 
4.  Исламның  жан  -  жақтылығын  зерттеп-зерделей 
отырып,  оның  кемелдігін  білдіру,  сондай-ақ  өмірлік  жүйелі 
жүйе екенін анықтау.  
5. 
Сын  көзқараспен  қарау  арқылы  жаман  мен 
жақсылықты  айыру  әлеуетін  қалыптастыру  және  негізгі 
мәдениет элементтерін ажырату. 
6. 
Ислам 
мәдениетіне 
бағытталған 
маңызды 
проблемаларға  түсінік  беру  арқылы  білім  алушы  шәкіртке 
онымен  қалай  қарым-қатынас  жасау  керектігіне  байланысты 
бағыт-бағдар беру. 
 
Мәдениет сөзінің сөздік және терминдік мағыналары 
1. Мәдениет тілдік мағынада «өткір, алғыр» яғни адамның 
бойындағы  өткірлік,  алғырлық  қасиеттер  сияқты  мағыналар 
береді. 
2.  Қисық  заттың  түзу  болуы  немесе  қисық  ағып  жатқан 
судың  туралануы.  Сонымен  қатар  мәдениет  тілде  тез  білім 
қабылдаушы  «шеберлік»  ұғымын  білдіреді.  Егер  мәдениетті 
адам дейтін болсақ, демек оның алғырлығын білетін боламыз. 
Алған  ілімінен  пайдалы  іс  қалдырады.  Яғни,  айналасындағы 
адамдармен жоғарғы талғаммен, әдептілікпен қарым-қатынас 
жасайды.  
 
 

 
 

 
Мәдениет терминдік мағынада: 
Жалпы  мәдениет  сөзі  қолданыста  жаңа  сөз  деп 
есептелінеді.  Батыс  ғылымында  бұл  «culture»  ұғымымен 
келеді.  Негізінде  бұл  сөз  барлық  ортада  ерекшеленетін 
білімдер,  мінез-құлықтар,  сезімталдық  т.б.  сол  сияқты 
сөздердің  жиынтығынан  қалыптасады.  Сондықтан  да  қазіргі 
уақытта  бірнеше  анықтамалар  қолданылады.  Соның  ішінде 
негізгілеріне тоқталып өтелік. 
Мәдениет  дегеніміз:  ол  білім,  сенім,  құндылық,  өнер, 
заңнама,  әдеп,  тарихи  құндылықтар  және  тілдердің 
жинынтығы.  Сол  арқылы  адамзаттың  ой-өрісін  кеңейтіп, 
сезімін  бекітеді,  сонымен  қатар  адамның  жеке  тұлғалық 
қасиетін қалыптастырады.  
Жоғарғы  анықтамадан  адамның  әрбір  әрекеті  артқан 
сайын және тәжірибелік құндылықтары молайған кезде оның 
мәдени  санасы  да  ұлғаяды  деп  түйеміз.  Осылайша  оның 
қоғамдағы белсенділігі арта түседі. 
Мәлік  Ибн  Нәби  берген  анықтама  бойынша  мәдениет  – 
бұл  жансыз
7
  мұра  ғана  емес,  адам  баласы  дүниеге  келген 
сәтінен  бастап-ақ  жолығатын  мінездік  қасиеттер  мен 
құндылықтар.  Әрі  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан 
нысаналы  шындық.  Оның  ішінде  адам  баласы  өз  тұлғасын, 
табиғатын  бейнелей  алады.  Осылайша  ғылым  мен  мәдениет 
арасындағы айырмашылық айқындалады.
8
 
Ал  енді  Ислам  мәдениеті  жөнінде  айтатын  болсақ,  біз 
алдыңғы айтылған түсініктемелерді жинақтай отырып оларды 
Исламның  талаптарына  және  негізіне  салып  таразылаймыз. 
Ендеше  Ислам  мәдениеті  дегеніміз  барлық  білім,  тәжірибе, 
ойлар,  мінез-құлық,  құндылықтардың  Құран  кітабынан  және 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  сүннет  жолынан  көрініс  табуы. 
Осылайша  ол  ерекше  қасиетпен  жеке  дара  ретінде  қоғамда 
мұсылмандық 
сипаттармен 
ерекшеленеді. 
Ислам 
мәдениетінің құрылымы Құран, Пайғамбарымыздың сүннеті, 
                                                
7
 Яғни, іс жүзінде пайдаланылмайтын, тек кітап беттеріндегі 
8
 М.Ф.Рифаъи, (аудар: Палтөре Ы.М.), Ислам мәдениеті, 19-бетте. «Дәуір» баспасы, Алматы, 2007 жыл.  

 
 

 
араб  тілі,  Ислам  тарихы  және  Ислам  әдет-ғұрыптарынан 
тұрады.  Сондықтан  Ислам  мәдениетінің  ілімі  әсіресе  Ислам 
құндылықтарының  бастамаларын  білуге  бағытталады,  деп 
айтқымыз келеді.  
 
Мәдениет 
сөзіне 
берілген 
анықтамалардан 
қорытынды:   
1  Мәдениет  сөзінің  сөздік  және терминдік  анықтамасына 
зер  салсақ,  мәдениет  сыпайылық,  әдептілік,  туралылықты 
меңзейді.  Сонымен  мұсылман  адамның  мінезі,  сезімі, 
болмысымен сәйкестенуі. 
2.  Мәдениет  сөзі  тілдік  мағынада  ізденіс,  табысқа  жету, 
яғни  адалдық  пен  жақсылыққа  саяды.  Сондықтан  мәдениет 
сөзі  адамның  мінезін  немесе  өмірін  бұзуға  шақыратын 
анықтамалар емес. 
3. Ислам мәдениеті мұсылманның діні немесе тарихы яки 
болмаса  тілімен  шектелмейді.  Қайсыбір  қоғам  дұрыс  мінез-
құлық, сезімталдық, құндылықтарды Исламнан алып онымен 
сусындаса онда ол Ислам мәдениетінің иесі болып есептеледі. 
Материалдық  жағынан  дамып  кетпесе  де  оны  ол  сақтауға 
тиіс.  Сондықтан  да  мәдениет  адам  баласының  өз  ортасында 
биік тұғырдан көрінуіне септігін тигізеді. 
4.  Әлбетте  ұлт  мәдениетін  қалыптастыру  сырттан  алуды 
қажет етпейді. 
 
Ислам мәдениетінің маңызы. 
1.  Ислам  мәдениеті  ол  исі  мұсылман  баласының  өмірлік 
кескіні  болып  табылады.  Өйткені  сол  арқылы  адамзатқа 
мінез-құлық, құндылықтар қалыптасады. Осы арқылы өмірлік 
заңды меңгереді.  
2.  Дұрыс  ислами  қөзқарасы  қалыптасқан  мұсылман 
баласы  бидайдың  дәні  мен  оның  қабығын  ажыратқандай 
жақсы  мен  жаманды  ажырата  алады.  Жақсыны  алып, 
жаманнан алшақтайды. 

 
 

 
3. 
Ислам 
мәдениеті 
арқылы 
саналы 
ақыл 
қалыптастырады.  Осы  арқылы  адам  баласының  ақыл-ойын 
негізі 
жоқ 
аңыз-әпсана, 
қисынсыз 
ой-тұжырым, 
адасушылықтан  тазалайды.  Сөйтіп  адамның  ақыл  ойын 
маңызды істермен шұғылдануға, зер салуға шақырады. 
4.  Ислам  мәдениеті  адамның  дүниеге  келудегі  мақсаты, 
яғни  Аллаға құлшылық ету екенін ұғындырады. 
5.  Ислам  мәдениеті  иманға,  яғни  Аллаға,  ақырет  күніне, 
періштелеріне,  елшілеріне,  кітаптарына,  тағдырға,  Оның 
жақсылығы мен жамандығына сенуге негізделеді.  
 
Мәдениет сөзінің қалалық ұғыммен байланысы 
Қалалық  дегеніміз  көбінесе  материалдық  жағдайды 
қамтиды.  Ал  осы  материалдық  жағдай  білімнің  жетілуімен 
бекітіледі. 
Сондықтан да бір елде білім жетілсе, ол жерде неше түрлі 
жаңалықтар,  ізденіс,  пайдалы  істер  кең  етек  жаятыны  анық. 
Осылайша  ол  жерде  өмір  сүру  деңгейі  көтеріледі.  «Білім  – 
қайнар бұлақ бастауы» демекші түрлі зауыт-фабрикалар, биік 
ғимараттардың  бой  көтеруіне,  ауруханалар  және  т.с.с. 
әлеуметтік – экономикалық жаңа жобалардың жүзеге асуына 
ықпал  етеді.    Осылардың  жинағы  қалалық  деген  ұғымды 
тудырады. Сол себепті де қалалық деген ұғымда білім, ізденіс 
бар. Бұл тек белгілі-бір қауымға ғана емес, бәлкім ол барлық 
ұлттарға  тән  ортақ  іс  болып  табылады.  Сондай-ақ  осы 
жетістіктер  бір  қоғамнан  екінші  қоғамға  өтіп  дами  береді. 
Мұндай  жетістіктер  Еуропа,  Америка,  Жапония,  Қытайда  да 
бар. Олардың мәдениеттерінің сан қырлы екеніне қарамастан, 
бұл жетістіктерге қолжеткізуге болады. Жаратылыстану және 
технологиялық  ғылым,  халықтың  түбегейлі  өзгеруімен 
өзгермейді, өйткені ол ізденістің нәтижесінде дүниеге келеді. 
Себебі,  оны  Жаратушы  жер  бетіне  халықтың  игілігі  үшін 
жаратқанын  білеміз.  Сонымен,  мәдениет  ұғымының  қалалық 
ұғымнан  басты  айырмашылығы:  ол  мінез-құлық,  ой-сана, 
тәртіп  жағын  қамтиды.  Әрбір  ұлттың  өзіне  лайықты 

 
 
10 
 
мәдениеті  бар.  Ол  сол  ұлттың  тілі,  діні,  тарихы  мен  әдет-
ғұрыптарынан құралады.  
 
Мәдениет пен өркениеттің байланысы 
Өркениет  ол  екі  ұғымның  бірігуінен  тұрады.  Яғни 
қалалық пен мәдениеттің жинағынан туындайды. Сондықтан, 
ұлттың  өркендеуін  осы  екі  істің  нәтижесімен  салыстырады. 
Осы  жерде  біз  өркениет  сөзінің  ауқымы  кең  әрі  қамтитын 
саласы  көп  екенін  ұғамыз.  Тіпті  өркениет  жалғыз  болуы 
мүмкін,  бірақ  сол  бір  өркениеттен  бірнеше  мәдениет 
қалыптасады.  Мысалға  батыс  мемлекеттерінің  өркениеті, 
олардың  мәдениеттері  бір-біріне  өте  жақын,  тіпті  олардың 
тілдік,  тарихи,  ортаға  сай  өзгешіліктері  болуы  мүмкін.  Діни 
сенімі христиан діні болып табылса, олардың басқару жүйесі 
зайырлы  деп  есептелінеді.  Ал  тілдерінің  түпкі  негізі  бір,  ол 
латын әріптерінен бастау алады.  
 
ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ислам  мәдениетінің  ерекшеліктері  басқа  мәдениеттерден 
бірнеше  жағынан  ерекшеленеді.  Соның  ішінде  ең  маңызды 
дегендеріне тоқталайық. 
 
1. Құдайшыл болу  
Ислам мәдениетінің қайнар көзі – Алла тағаладан келген 
уахи,  яғни  Құранға  негізделеді.  Ал  пайғамбардың  сүннеті  - 
Құранның  мағынасын  түсіндіреді.  Исламды  дұрыс  түсініп 
білу, негізінде Құран Кәрімде және Пайғамбардың сүннетінде 
баяндалады.  Алла  Тағала  адамды  жаратып  оған  барлығын 
үйретті  және  білмеген  нәрсесін  білдірді.  Оған  дұрыс  сенім, 
имандылықты  жіберді.  Бұрыс  сенімді  сынға  алды.  Оған 
дұрыс  жол  мен  бұрыс  жолды  ажыратып  беріп,  дүниенің 
ақиқаты  мен  ақыреттің  ақиқатын  түсіндірді.  Осы  дүниедегі 
мақсаттарды  білдірді.  Сол  түсініктер  біздерге  Құран арқылы 
және  Пайғамбарымыздың  сүннетімен  келіп  жетті.  Адам 

 
 
11 
 
Аллаға  сену  арқылы  басқаларға  зұлымдық  жасаудан 
сақтанады.  Яғни  қоғамның  арасында  бір-біріне  қастандық, 
қаскүнемдік  және  т.б.  сол  сияқты  жаман  пиғылдардан 
қорғанып  жүреді.  Себебі,  ол  Аллаға  сену  арқылы  санасында 
жоғарғы  бақылаушы  құдіретті  Жаратушының  бар  екенін 
біледі.  
Мұсылмандар  бір  Аллаға  ғана  сенеді.  Оған  ешкімді 
теңемейді. Оған әрдайым бағынып, нығметтеріне шүкіршілік 
етеді.  Ал,  имансыз  жандар  қолына  дүние  біте  қалса, 
тәкаппарланып,  айналасындағы  адамдарды  пысқырмайды, 
осылайша  Алланың  бергендеріне  қарсылық  білдіреді.  Ал 
иманды  жан  Алладан  қорқады.  Өз  бойында  жақсы  мінез 
қалыптастырады.  Демек,  Ислам  мәдениетінің  болмысының 
негізі дәннен нәр алады.  
2. Әлемдік болуы 
Ислам  діні  бір  ұлттың  меншігіндегі  дін  емес.  Ислам 
адамдарды  әуелден  тегіне,  түсіне,  тіліне  қарай  бөліп 
арандатуға  қарсы.  Ал  ислам  дінінің  әлемдік  діні  екендігін 
Құран  аяттарынан  аңғару  қиын  емес.
9
  Бұл  жайт  біздерге 
ислам діні бір ұлттың меншігіндегі дін еместігін көрсетеді.  
Ислам мәдениетінің негізін салуда арабтар жалғыз болған 
жоқ,  оған  басқа  ұлттан  болған  мұсылмандар  да  үлес  қосты. 
Олар  өздерінің  алдындағы  өркениеттердің  жақсы  жақтарын 
пайдаланды.  Әбу  Ханифа,  әш-Шафий,  Мәлік,  Ахмад  ибн 
Ханбал,  Сибауайһи,  әл-Ғазали, Ибн  Халдун,  Ибн  Рушд,  Ибн 
Сина,  әр-Рази,  әл-Фараби,  Ибн  әл-Һайсами,  т.б.  сияқты 
ғұламалар  адамзат  үшін  дұрыс  ой-пікірдің  ең  тамаша 
нәтижелерін  ұсынды.  Исламдық  мәдени  санада  барлық 
адамдардың арасын біріктіретін байланыс  – Ислам мен иман 
негізінде 
қалыптасатын 
бауырмашылдық. 
Адам 
сол 
бауырмашылдықтың 
қуатымен 
ғарыштайды, 
оның 
әлсіреуімен  құлдырайды.  Исламдық  мәдени  санада  жеке 
адамның,  қоғамның,  барша  адамзаттың  көздейтін  мақсаты  – 
                                                
9
 Сәбә сүресі, 34/28; Әнбия сүресі, 21/107.  

 
 
12 
 
тек  бір  ғана  Алланы  танып,  мойындау.  Бүкіл  адамзат 
ұлттарының,  елдерінің  жерлерінің  өзгешелігіне,  алыстығына 
қарамастан  осындай  ұлы  мақсатқа  бірігу  және  игілік  те, 
шындық та, туралық та, әділдік те, күш-қуат та, бостандық та, 
теңдік  те,  бейбітшілік  те  тек  Алладан  ғана  келеді  деп  сенуі 
қажет. Сонда ғана адамның, отбасының, мүліктің, халықтың, 
Отанның,  үмметтің,  басшылықтың  құндылығы  өз  шыңына 
жетеді.
10
  
Ислам қоғамында басқа қауымдардың құқықтары да жан-
жақты  қарастырылған.  Қаншама  халық  Ислам  дініне  кірді, 
олар  бұл  діннен  тек  жақсылықты  тапты.  Еркіндік, 
құрметтілікке  және  т.б.  сол  сияқты  Исламның  құрметіне  ие 
болды. Сондықтан да осы күнге дейін Ислам ғалымдарының 
Ислам мәдениетінің дамуына қосқан үлестерін тарихтан оқып 
біліп жатырмыз.  
 
3. Ислам мәдениетінің кең ауқымды қамтуы 
Ислам мәдениеті адамның жан-жақты тәрбие алып, кәміл 
жетілуі  үшін  оның  денесін  де,  ақылын  да,  рухын  да,  жүріс-
тұрысын  да  өз  қамқорлығына  алады.  Сонымен  бірге 
ғылымның  барлық  түрлерін  қамтиды.  Мақсат  пен 
тәсілдердің,  білім  мен  иманның  араларын  біріктіреді,  ақыл 
мен  білімге  сүйенеді.  Адамзат  баласының  құлдырауының 
бірден-бір себебі – ғылым мен иман арасының ажырауы және 
оқу  орындарының  адамгершілікті  этика  мен  дұрыс 
мақсаттардан қол үзуі.  
Ислам  мәдениеті  ұсынатын  сенім  адамға  айналасындағы 
болмыстың  мән-жайын  түсіндіреді.  Адамның  ондағы  орнын 
және  дүниеге  келудегі  мақсатын  белгілейді.  Мұсылман 
қоғамындағы  этикалық  тәрбие,  саяси  және  заңдар  шығару 
жүйесі,  әлеуметтік  және  экономикалық  тәртіп,  мемлекеттік 
және  халықаралық  қатынастар  жүйесі  адамның  қиялынан 
емес, осы діннің сенімінен бастау алады.  Ислам діні адамзат 
                                                
10
 М.Ф.Рифаъи, (аудар: Палтөре Ы.М.), Ислам мәдениеті, 37-бетте. «Дәуір» баспасы, Алматы, 2007 жыл. 

 
 
13 
 
баласына барлық қажетті жағдайларды қамтиды. Екі дүниеде 
бақытты  болуына  ықпал  етеді.  Сол  арқылы  ол  өмір  жүйесін 
салиқалы  етіп  қалыптастырады.  Құран  кітапта  «Нахл» 
сүресінің  89  аятында  былай  баяндалады:  «Қиямет  күні  әр 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал