Отырар Кітапханасы Тӛрегелді ТҦЯҚбаев



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/11
Дата10.09.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


 
 
Отырар Кітапханасы 
 
 
Тӛрегелді ТҦЯҚБАЕВ 
 
 
 
 
 
СҤЙМЕГЕНДЕР САҒЫНБАЙДЫ  
 
ӛлеңдер мен дастандар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Фолиант» баспасы 
Астана 
2004 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
Құмар-ақпын күнеске 
Халуаға мен құмармын. 
Өмір атты күреске 
Балуан – өлең шығардым. 
 
Жүрек сымы дір етсе, 
Шығады кеп алуан үн. 
Сеніп тұрмын күресте 
Жығады деп балуаным. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
Тойтарқар 
 
Тәуелсіздік − тәтті ҧғым, 
Тәттіқҧмар пақырмын! 
Жақынымның жаттығын 
Енді біліп жатырмын. 
 
Алар кезде − қалтамнан 
Кӛсіп-кӛсіп алады ол! 
Берер кезде − арқамнан 
Осып-осып салады ол! 
 
Тәуелсіздік − сӛз емес, 
Шоқ! 
Шоқ тілім, жалында! 
Әркім тілін беземес 
Тәуелсіздік − қанымда! 
 
Қаны бҧрқ-сарқ қайнаған 
Алақандай Алаң ем: 
Тарылса да айналам, 
Аспан − ашық, 
Дала − кең! 
 
Кӛгімде тҧр кӛк байрақ, 
Далам − жасыл желек-ті! 
Кеттім білем кӛп тойлап, 
Кӛп ойлансам керек-ті! 
 
 


 
Қарағайға қарсы біткен бҧтақтар 
 
Бҧтағында бар еді-ау, деп, мың ҧя, 
Қарағайға кҥн қарайды жымия. 
"Тәубә! − дейді, қарт қарағай сол шақта, − 
Тәубә, саған! 
Тәубә, жарық дҥния!" 
Қарағайдың тҥзеп тҧрған мың жыл бой 
Иығынан баса берді бір зілді ой: 
"Қайтер едім, жасар болсам ҥш мың жыл, 
Ҥндістанда ӛсіп тҧрған інжірдей!" 
Бір мезгілде жеті мың жан саялар, 
Сол інжірді ҥш мың бҧтақ аялар. 
Ҥш мың бҧтақ кӛтеріп тҧр мерейін, 
Сҥрегіндей - тірегіндей таянар. 
 
Кҥннен-кҥнге бой алардай жоғары, 
Сол інжірің қартайған да жоқ әлі. 
Сол інжірің жапырағымен саялы, 
Сол інжірің бҧтағымен бағалы... 
 
Тағдырына қызығып та қарамай, 
Інжір жайлы тҥс кӛрмейді қарағай. 
Бала келсе, бола қалып данадай, 
Дана келсе, елпілдейтін баладай. 
 
Кҥйбең-кҥйбең тіршілігі, тыртыңы, 
Таусылмастай кӛрінсе де, бір кҥні 
айналып кеп соғатҧғын зауалдай, 
соқты дауыл, 
Кәрі ағашты жҧлқыды. 


 
Соқты дауыл, жайдың оты жарқылдап, 
Ажал жетті қарағайды алқымдап. 
"Қҧлады!" деп, 
Қанаттары жалпылдап, 
Қарға біткен кетті сонда қарқылдап. 
 
Қарағайдың зауалға сай серті кеп, 
Орындалды соңғы тілек − Ер тілек. 
Жауырыны жерге тиген жоқ оның, 
Жатыр бҧтақ-қолдарымен жер тіреп! 
 
P.S. Әділдікпен бӛлген қара қылды қақ
Ӛзің жайлы жаза қалсам жыр-кітап, 
Сен қарағай сияқтысың, туған ел, 
Мен − ӛзіңе қарсы біткен бір бҧтақ! 
 
 
Жағалауда жҥргенде жазылған жыр 
 
Жас жанымның ӛкініш-запыранын, 
Толқындардай несіне сапырамын? 
Неге ғана кҥнҧзақ жағалауда 
Қара тастай қалшиып отырамын? 
Ӛлеңім-ау, 
ӛлеңім, келші бермен! 
Сен аумайсың кейде бір елшілерден: 
Жҥрегім мен ақылым ажырасса
Татулықтың ӛрмегін сенсің ӛрген. 
 
Сезе қояр болмашы дір еткенді, 
Сен айтқанға сезімтал жҥрек кӛнді. 


 
Ақыл деген астамшыл кӛнбеді ғой, 
Кімге барып айтайын қҧр ӛкпемді? 
 
Мазалайды жанымды қызық ойлар, 
Қызық ойлар − "бҥлікшіл, бҧзық" ойлар. 
Ой қуалап жҥргенде 
саусағымнан 
Сусып тҥсіп қалыпты жҥзік-айлар. 
 
Кездім талай теңіздің жағаларын, 
Шықты алдымнан ақ толқын-ағаларым. 
Жағалауға із салып болмайды екен – 
Білдім онда ізімнің жоғаларын. 
 
Жарасатын ӛршілдің талғамына 
Бір дауылдың жақындап қалғаны ма?! 
Ӛкінемін ойлардың теңізіне 
Жҥзігімді тҥсіріп алғаныма. 
 
Жағалауға жанымды кетпе байлап, 
Қайтайыншы найзағай, отпен ойнап! 
Тереңімде басталған тымық дауыл 
Жҥрегімді теңізге кеткен айдап. 
 
 
Жамыратқан желегін желкеміне, 
Кӛз алдымда туған жер, ӛлке, міне. 
"Бҧзық" ойым тіпті де ҧқсамайды 
Лермонтовтың бҥлікшіл желкеніне. 
 
 

10 
 
Мен іздеген 
және де сен іздеген 
Із бар, 
ешкім жҥрмеген ол ізбенен... 
Шықтым сені, ӛлеңім, жанға байлап 
Толқындары тепсінген теңізге мен.. 
 
* * * 
Қап-қара бҧлттан шығар Кҥн, 
Кӛрініп қалар Кҥн ептеп. 
Кӛрінбей қалса – ҧғармын 
Тӛңірегім тҥгел тҥнек деп. 
 
Ҥміттің қолы сілкілеп, 
Оянар іштей бір тілек: 
Тҥріліп қалар тҥн-тҥнек, 
Кӛрініп қалар мҥмкін от... 
 
Толғағы жеткен бір ӛлең 
Тепсініп шықпай жарыққа, 
Туар ма 
жарық тілеген 
Толағай бір ҧл халыққа?! 
 
Шабыттың сонда сіңірлі, 
Саусағы сығып жҥректі, 
Шыр етіп туған 
Ғҧмырлы 
Бір ӛлең тҥрер тҥнекті... 
 
 

11 
 
Қарлы қҧйын 
 
Соқты қар қҧйын болып, 
Әйтеуір, тыншымады. 
Нәрсіздік миымды еміп, 
Кҥшік-ой қыңсылады! 
 
Дҥние шыр айналсын, 
Сырттандар ҥсімейді. 
Сырттан-ой былай қалсын, 
Аяймын кҥшік-ойды. 
 
"Кел, кҥшім, кҥшім!" − дейтін, 
Жан қайда еркелетер? 
Жандар кӛп тҥсінбейтін, 
Шындықты ертек етер. 
 
Жазықсыз жазалыны 
Алмадым ақтап ала. 
Мҧржаның мазақ ҥні 
Жағардай аққа қара. 
 
Ызадан сілкіндім мен 
Мҧржаның мойнын орап. 
Деп біреу: "Бҧлкімжҥрген?" – 
Әйнектен қойды қарап. 
 
Мҧржаның зарлы кҥйін 
Тыңдағым келмей кетті. 
Секілді қарлы қҧйын 
Тіледім мол бейнетті. 

12 
 
Мен де − бір қар қҧйыны, 
жараспас шетте қалу: 
Ӛмірдің бар тҥйіні – 
шындықты ақтап алу. 
 
Жаратнай мҧржа даусын, 
Қҧйын боп ақын ӛтер. 
Қҧйындай бір жолаушы 
Кҥшікке рақым етер. 
 
Жоғалтпай елге сенім, 
Кетер ӛз жолыменен. 
Жылынар кеудесі оның 
Кҥшіктің деміменен... 
 
 
Омарта туралы жырлар 
(топтама) 
 

Домалап ӛрге қарай ӛлең тасы, 
Жҥргенім шабытқуып − еларқасы... 
Шамалған шалғынына аяқ бастым
Алдымда − Петро шал омартасы. 
 
Қҧмартып ӛскеніммен әрнеге мен, 
Омарта балын татып кӛрмеген ем. 
Бал тҧрса, кімге керек, 
кӛз жасына 
кӛмілген кӛкжасықтай кермек ӛлең?! 
 

13 
 
"Омарта, қайдасың!" - деп тартады ӛлең, 
Мен болсам, аралардан қорқа берем... 

 
Қорықпа! − 
деп шал мені таныстырды, 
сҥйкімді немересі Мартаменен. 
 
Қыз екен жатқа жаны жанасымды, 
Кҥлкісі, қалжыңы да жарасымды. 
Жҥреді ертелі-кеш тыным таппай, 
Гҥлдерден балжинаған ара сынды. 
 
Қалғандай сағынысқан досыма кеп, 
Кӛп жҥрдік, кҥлдік және қосыла кӛп. 
―Басыңыз торға тҥсті!" − деп кҥледі ол, 
Торшасын кигізгенде басыма әкеп... 
 
Мӛп-мӛлдір бал келгенде ортамызға, 
Қазақша "бал асаттым" Марта қызға. 
Басталды осылайша достығымыз... 
Айналып кетер ме екен арты аңызға?! 
 

 
"Поэзия қҧлқыныңа тығын боп, 
Жарытар ма?" − деп ойладым - бҥгін кӛп. 
"Ӛлең деген − бал" деп айтса бір білгіш, 
Бал-ӛлеңге қонар лезде шыбын кеп. 
Тойдыруға әлдекімнің қҧлқынын,  
Ақын, ақын, 
Алмайсың-ау, бір тыным. 
Аю-сыншы ақырады: 

14 
 
"Балжоқ!" − деп, 
Аралардан қорқып тҧр-ау шіркінің! 
 

Алмас саған, о, Марта, 
Елена да теңесе! 
Олимптен омарта 
Артық екен он есе! 
 
Сен тҥсіп ең кӛзіме, 
Қалды менен қҧдайлық. 
Қҧдайлардың ӛзі де 
Тура жолдан жҥр айнып. 
 
Кӛп болғасын кҥнәміз, 
Олимптен қуылдық. 
Тозақтан соң мына біз 
Шамалғанға жуындық... 
 
Шамалғанды ылайлар 
Жан емеспіз. 
Сонда да 
Кҥңкілдейді қҧдайлар: 
−Алдама, − деп, − сен, бала! 
 
Қҧдайлардың кҥңкілін, 
Естіген тҥн тҥнерді. 
Петро шал мылтығын, 
Аспанға атып жіберді... 
Алмас саған, о, Марта, 
Елена да теңесе, 

15 
 
Олимптен омарта 
Артық екен он есе! 
 

Ҧмыт қалып баратқандай бірдеңем
Бірде жҥріп, тҧра қалам бірде мен. 
Қыр астында қҧлын қҧйғып барады, 
Дӛң астында дҥбірлетіп жҥр дӛнен. 
 
Шіңгір-шіңгір сезім − қҧлын, ой − дӛнен, 
Ой-дӛненнен тҥспей биыл қойды ӛлең. 
Ара болып шағып алсам деп тҧрам, 
Қҧяңы бар жанды кӛрсем кейде мен. 
 
Аралардың емін шындап мақтайды ел, 
Ем іздесең "жынды судан" татпай кел! 
Бал арасы − кірпияздау, шікәмдау, 
Қайдағы бір маскҥнемді шақпайды ол. 
 
Ӛскен жандар тәтті қиял, сӛз еміп, 
Қиядға да, қҧяңға да тӛзелік! 
Тӛзе алмасақ, шақтырармыз араға, 
Ара шақса, кетер, бірақ ӛзі ӛліп. 
 
Бал тіліңде болмаса егер тҥк қызу, 
Мҥмкін емес жырдың мәнін ҧққызу...  
Мен ӛлсем де, 
шағып алған адамым 
Бҥкіреймей, жҥрсе болды тҥп-тҥзу! 
 
 

16 
 
Аяқ туралы жыр 
Андрей Вознесенскийге 
Жҥректі емес, 
ӛкшелерді кӛздеген  
Туылыппын қҧпиялы кезде мен. 
Махамбеттің басын шапқан Ықылас  
Ақындардың аяғының қҧдіретін сезбеген. 
 
Туатҧғын "Қырам! Жоям! Атам!" - деп, 
Жандар жайлы мҧңлы ойларға батам кӛп. 
Алматыға 
иығында басы жоқ 
Алшаң басып келе жатыр Махамбет! 
 
Тас тӛбеңе ойнататын таяқты 
Тентек тағдыр кімді, қашан аяпты? 
Таяқ ӛссе топыраққа шаншылып, 
Ақын ӛсер жерге тіреп аяқты! 
 
Билегенде жалғыз басты жанды ҥрей, 
аяқпен-ақ айтылады алғыр ой. 
Асфальтқа алғыр ойды ӛкшесімен шегелеп, 
алшаң басып бара жатыр Андрей! 
 
Оңайлықпен алдырмайды-ау әр адым, 
Ойда жоқта сҥрінбесем − жарадым! 
Болашаққа кӛз салуға асықпай, 
Аяғымның астына бір қарадым. 
 
Бас пен аяқ тірлік етсе жҧптасып, 
Сизиф әлі жҥрмес еді жҥк тасып! 

17 
 
Ертеңіме мен де кетіп барамын
Аяғымды ауыр оймен нық басып! 
 
 
Қол диірмен 
Дулат Исабековке 
 
Жаса, жаса қҧдыретті қол кҥші! 
Келер саған енді кімнің сенгісі? 
Қарап тҧрсам: біздің буын екен ғой, 
Қол диірмен тартқандардың соңғысы. 
 
Жан-жҥрегім диірменді сағынды, 
Қол диірмен ашты менің бағымды. 
Қызыл дәнді қауызынан бӛліп ап, 
Айналдырьш шығарушы ек ақ ҧнды! 
 
Қолымызбен тауып жеген нанымыз, 
Тәтті екенін біліп ӛстік бәріміз. 
Диірменді айналдырып отырып, 
Оһ, қаншама талды біздің қарымыз! 
 
Ризығымыз секілденіп тататын, 
Таң да лезде аппақ ҧн боп ататын. 
Қашау салып диірменнің тасына, 
Тоқымбай шал тісеп беріп жататын. 
 
Диірменнің кҥні бҥгін ӛтті деп, 
Болбыр тартып бара жатыр кӛп білек. 
Мен жҥремін: 
Ӛз кҥшіне сенгеннің, 

18 
 
диірмені мықты болсын! – деп тілеп. 
Жаса, жаса, қҧдіретті қол кҥші, 
Келер саған енді кімнің сенгісі? 
Кім біледі, біз болмасақ жарады 
Ӛз кҥшіне сенгендердің соңғысы! 
 
Тҧғыр 
 
Адам деген атқа лайық 
Арпалысқан азаматқа, 
Азаматты алып ҧшқан 
Ер қанаты – қазанатқа 
Кӛшелерде, 
алаңдарда, 
Мазарларда, 
Қамалдарда 
Бой тҥзеп тҧр небір ғажап 
ескерткіш... 
 
Әгәрәки ескерткіштің қысқа болса 
ғҧмыры, 
Кӛбіне-кӛп кінәлі оған тҧғыры! 
Қас тҧлпарға жатыр, әне, 
Тас тҧғырың жарамай, 
Осындайда 
"Тҧғыртаныр Толыбайдың" керегі-ай! 
Мен ескерткіш кӛрсем болды − 
қасынан 
Ӛте алмаймын тҧғырына қарамай... 
 
Ӛткерсе де ӛз басынан 

19 
 
Бҧлың-бҧлың талай жылды, 
Келе жатқан қалпын сақтап 
Әрі сҧлу, 
әрі айбынды, 
Кӛзін ашқан ӛнерменен 
Кӛсегесі кӛгерген ел, 
Болашаққа тартқан сара, ізгі жол 
Бҧл − әрине, біздің ел! 
 
Алатаудай алып тастан, 
Кҥндіз-тҥні жалықпастан, 
Заңғар, 
сҧлу ескерткішін 
Сомдап соғар кҥллі елдің 
Мҥсіншінің туатынын білгенмін. 
 
Ең бір ҧлы мҥсіншіден  
Айнымайды халқымыз. 
Ғасырлардан ғасырларға 
Кетеді әлі даңқымыз. 
 
Қанша гӛзал астаналар, 
Қанша ғажап ару кент − 
Мына біздер қолдан соққан монумент! 
Әттең, небір ескерткіштің ғаламат 
Лайықты тҧғырының 
болмайтыны обал-ақ! 
 
Қҧрсағында дӛңбекшіген тҥндердің 
Мҥсіндерге ӛлеңіммен тіл бердім: 
"Сенсіз бізге, енді қайтып ғҧмыр жоқ, 

20 
 
Сақта, бізді, 
сақтай гӛрші, тҧғыр!" — деп, Ескерткіштер 
тҧратындай кҥбірлеп. 
Қҧрсағында дӛңбекшіген тҥндердің 
Тҧғыр жайлы ойға бататын болдым... 
Қатар басып келе жатып кӛппенен, 
Жарқ еткізсем ойда жоқта 
отты ӛлең, 
Жҧрт тӛбесін бір тигізсем 
кӛкке мен, 
 
Кӛктер ем-ау... 
Депкелем-ау... 
Деп келем! 
Тереңдерден тауып тҧрып текті ӛлең, 
Биіктерге талпынбадым текке мен. 
Тҧлпарлары тҧратындай кӛк тарпып, 
Туған елге тҧғыр болсам деп келем! 
 
Дауыл 
Бҥлінгелі тҧр тағы да мына кҥн: 
Дауыл ма екен соғып-соғып тынатын? 
Арыстанды-Қарабастың желіндей 
Алапат па апта бойы тҧратын? 
 
Басталғалы тҧр тағы да бір бҥлік: 
Жапырағын жынды желге жҧлдырып, 
Бҧтақтарын алатындай сындырып, 
Кҥзгі тоғай ішін тартып тҧрды ҧлып. 
 
Талшыбықтар әнге басып не тҥрлі, 

21 
 
Соққан желмен желбіретті кекілді. 
Қара бҧлтты осып ӛтті найзағай 
Қаһарланған дойыр қамшы секілді. 
 
Қара бҧлттың туырлығы тілінді, 
Ал басталды... 
Аспан асты бҥлінді! 
Қапы қалып еиноптиктер білімді, 
Мен бастадым жырымды... 
 
Тыныштыққа болады деп арқау не, 
Ӛздерінше дҥрсіл қақты әр кеуде: 
Тосын соққан дауылдардың 
әдетте 
Болары бар алды — бҥлік, арты — әуре. 
 
Тҧра қашты жалтаңдар! 
Терезелер тарс жабылып, 
Босап жатыр балкондар. 
Байқаңдаршы, 
Байқаңдар, 
Мына дауыл дҥниені талқандар! 
 
Аспалы жол тоқтап қалды
Мен тҥспеймін тӛменге. 
Айналамын дауыл жайлы 
Асқақ, 
ӛршіл ӛлеңге, 
Кӛктӛбеден — 
Эфирлерден 
Жар саламын әлемге... 

22 
 
Аһ, бҥлінді-ау... 
Шын бҥлінді мына кҥн! 
Кӛрдім, міне, найзағайлар қуатын. 
Дәл осылай, 
жҥрегімде менің де 
Ҧйқы-тҧйқы дауыл ӛлең туатын! 
 
* * * 
Кӛктем кеп, 
Бала қайың бҥрлегендей, 
Біреу жҥр баққа келіп кҥнде мендей. 
Әйтеуір мазам кетті бҥгін менің, 
Әлдекім қоламтаны ҥрлегендей. 
 
Тҧп-тҧнық сезімімді қозғап алып, 
Қамыр-ой шыға келді тез қабарып. 
Жон арқам шымырлайды, 
тесірейіп, 
Тҧрғандай ту сыртымнан кӛз қадалып. 
 
Соққанда ала қҧйын сезімдер кеп, 
Тӛзейін! 
О, тәңірім, тӛзім бер тек! 
Біреу кеп қоламтаны ҥрлегендей, 
Кетердей ӛз отыммен ӛзімді ӛртеп. 
 
Кӛңілім суып қана отыр едім
Келеді шоғы маздап кӛкірегім. 
Ӛрт салып жҥрегіме кетсең-дағы, 
Кӛзіме бір кӛрінші, 
ӛтінемін! 

23 
 
Орын 
 
Орын жайлы жазбақ болып бір ӛлең 
Оңашада отырғанда шіренем. 
Шіренсем де, 
тас-тҧйыққа тірелем: 
Мен ӛмірден орын таппай жҥр емен. 
 
Ӛз орынын тапқан жандай ежелден 
Жалтақтамай ӛттім талай кезеңнен. 
Кӛрдім кейбір орын іздеп жҥргенді, 
Кӛкірегінде ең бір ҧлы сӛз ӛлген. 
 
Ӛтеуіндей тӛккен маңдай терімнің 
Бҧйырса егер маған бірі тӛріңнің – 
Жырға берген бағасы ғой деп ҧқтым 
Әуелден-ақ сӛз сыйлайтын елімнің. 
 
Тҧрғанымен қҧлақ тыңдап, 
кӛз кҥліп, 
Асаулықты қояды тіл сездіріп. 
Орын тауып, 
жҧмыс тауып бермесең, 
Аяқ асты шығарады сӛз бҥлік! 
 
Мен ӛзіме деген аздау ӛкпемен 
Ӛлең-сӛзден сәл алыстап кеткен ем... 
Жҥлделерге қызықпайтын жырларым 
Жҥректерден орын тапса деп келем! 
 
 

24 
 
Астар 
 
Кҥдері тон кигендерді қҧрметтеп, 
Анау жерде дуылдайды дҥрмек-топ. 
Менің жҧқа костюм киген ӛлеңім 
Тҧр оңаша томсырайып, дірдектеп. 
 
Менің сыпа ӛлеңімді кӛріп ел, 
Дейтін-сынды: 
"Дірдектемей, бері кел! 
Жорға мініп, 
Сал шекпенін жамылып, 
Сен де бір сәт еңсе кӛтер, сері бол!" 
 
Қай-да-а бірақ... 
Қҧрып қалсын серілік! 
Оны қуып жҥре алмаспын керіліп. 
Неге тоңып, 
неге кҥйіп жҥрмін мен − 
Бҧл жайында жатыр кімдер не біліп? 
 
Тоңбайын деп, терім қанша тӛгілген – 
Бҧл жайында тоққарындар не білген? 
Тым қҧрыса, жылуы жоқ костюмге 
Астар бола алатын-ақ едім мен... 
 
Жылу тауып жатқан кезде жҧрт әрең, 
Ашық, ояу кӛкіректі қымтап ем... 
Қымтап ӛлем мҧз боп ӛзім қалғанша, 
Бҧрқақ әлем, 
Менде − сенің бір кәдең... 

25 
 
Шапағат пен мейірімге бай далам
Сен де маған боп жатасың кейде алаң: 
− Жел ӛтінде жҥрсің, ҧлым, − дейсің сен, 
− Кҥрте тігіп қойдым саған! − дейді анам... 
 
Қарсы алдымда мҧз жамылып тҧр асқар, 
Ол да менің сыпалығымды растар... 
Астарлы кӛз, 
астарлы сӛз, 
астарлы ой − 
Астар, астар... 
Қайда барсаң бір астар! 
 
Елге барып, 
киіп қайттым кҥртемді, 
Мен жайында не дейді екен жҧрт енді? 
Білетінім: 
азынаған кеудеме 
Ӛмір жайлы оттай ыстық жыр толды! 
 
 
Қоға, шілік және 
басқалар туралы 
 
Шілік қылт-сылт етеді, 
Жапырылса қоға жай, 
Екеуінің мекені − 
Бір топырақ − 
Жағажай. 
 
Шілік − әнші! − дегенге, 

26 
 
Қоғаларды қомсынып, 
Ызың-ызың ӛлеңге 
Басты кенет сол шілік. 
 
Байты шілік гӛй-гӛйге, 
Мазаң кеткір кҥй сынды. 
Оған біреу − "қой‖ дей ме, 
Ӛзіне-ӛзі сҥйсінді. 
 
Естігенде ащы ҥнді, 
Келеді екен жылағың. 
Ҧялғаннан бас шҧлғып, 
Қоға басты қҧлағын. 
 
Жел соққаны желеу боп, 
Қол соқты деп тал-қайың. 
Қақты шілік елеуреп 
Шапанының шалғайын. 
 
Қҧр айқайды қойыңдар! – 
деп тҥнерді жағажай. 
Тамылжиды қайыңдар, 
Әннің аты − "Қамажай". 
 
Кеш. 
Тып-тымық кӛл беті. 
"Қамажай" тҧр қоңырлап. 
Қоңыр әуен тербетіп, 
Қос аққу жҥр мамырлап. 
 
Шілік мҧның бірін де, 

27 
 
Менсінбеді алайда: 
− Ақ қайыңның ҥнінде 
Кемшілік бар қалайда! 
 
Онда да бар кемшілік
Болмайды оны мақтауға! – 
деп кӛшті енді сол шілік 
Кӛрінгенді даттауға. 
 
Шулап кетті жағажай, 
Білдіргендей қарсылық. 
Жапырылды қоға жай, 
Қалмайын деп жаншылып!.. 
 
Бәйшешек 
 
Жӛңкіліп сайға аққанда 
Жылғалар арна-арна боп, 
Жиделісайға ақ панда 
Бәйшешек тере барған ек. 
 
Барған ек, тук те таппадық, 
Бәйшешек кӛрмей қылтиған. 
Тоңқабақ арна жатты ағып
Ӛкпелі жандай бҧртиған. 
 
Бҧртиған мҧңлы қалпыңнан 
Жазбай бір қалдың сен ҥнсіз. 
Тоңдың-ау сызды салқыннан, 
Бҧл ара қандай кӛңілсіз! 
 

28 
 
− Кӛңілсіз! − дедің, − 
Жҥр, былай, 
Барайық қырат-қыр жаққа! 
− Барайық! − деймін... 
Қҧрғыр-ай, 
Далада біздің гҥл жоқ па? 
 
Гҥл жоқ па сыйлар ӛзіңе? 
Бәйшешек іздеп келем мен. 
Кӛзімді қадап кӛзіңе, 
Жас − толқын кӛрдім зереңнен. 
 
Зереңнен шығар жас ытқып, 
Сәттерді сонда ойға алдым. 
О, гҥлге деген ғашықтық, 
Сен менен теріс айналдың! 
 
Айналдың менен теріс сен... 
Шарасыз ҥнмен мҧңайып: 
− Наурызда, − дедім, − келіссең, 
Бәйшешек тере шығайық! 
 
Шығайық! − деп ем... 
Жанарың 
кҥлімдеп тҧрып сен кенет: 
− Жаңғыртып мынау даланы, 
Ән салшы! − 
дедің еркелеп. 
 
Еркелеп, 
шырқап ән-аңсау, 

29 
 
Ҧқсадың жапа-жалғызға. 
Мен тҧрдым іштей: 
"Аман-сау 
жетейік, деумен, наурызға!" 
 
Наурызға мезгіл ауған шақ, 
Бәйшешек теріп келемін. 
Сен жоқсың бірақ әнді аңсап, 
Тыңдайтын ақын ӛлеңін. 
 
Ӛлеңім берсін бір хабар − 
Кеудеңе шаттық толтырып!.. 
Ӛзіңсіз аққан жылғалар 
Барады сайға жӛңкіліп... 
 
 
Пикассомен полемика 
 
Қайран менің Пикассом! 
Ӛлеңіме бола кеттің ҧйқас сен. 
 
Сенің салған суретіңді кӛрдім де, 
Бҧл ӛмірден безер болдым мен мҥлде. 
 
Мына сурет ойландырды мені кӛп: 
Екі кӛзде қалған екен сӛніп от! 
 
Ал, мынау кӛз... 
Жалғыз-ақ кӛз... сҧмдық-ай! 
Бҧл ӛмірге қарай алар кім бҧлай? 
 

30 
 
Бірақ сенің айтпағыңды тҥсіндім: 
Сен адамға ҥшінші кӛз ҧсындың! 
 
Кӛңіл кӛзі деп атайсың оны сен, 
Дҧрыс-ақ қой, мҧныңа да келісем. 
 
Бір кӛзбенен ала-қҧла тірлікке 
Қарасын деп, шақырасың бірлікке. 
 
Алакӛздік болмасын деп ӛмірде, 
Жалғыз-ақ кӛз беріпсің-ау кӛңілге. 
 
Келісемін кӛңіл де – бір кӛз десе, 
Бірақ менің кӛзім онан ӛзгеше: 
 
Қҧбылысын қалт жібермес әрненің, 
Кәдімгідей екі кӛзім бар менің. 
 
Айырмасы: бір кӛзіме − ҧйып тҥн, 
Бір кӛзіме тҧрады ылғи сыйып Кҥн. 
 
Кӛмегімен бояулардың, сияның, 
Адамзаттың арманы мен қиялын, 
 
Шырқалмаған, тартылмаған кҥй, әнін – 
Бәрін-бәрін соған әкеп қҧямын. 
 
Берілмей-ақ сентименталь кҥйге тым, 
Мынау, міне, менің салған суретім: 
 
Бір бозбала... қаны қашқан... беті боз... 

31 
 
Бір ӛмірге қарап тҧрған екі кӛз... 
 
* * * 
 
―Венеция суға батып барады!" 
"Венеция суға батып барады!" – 
деп айқайлап тҧрған бала дауысы 
Москваның эфиріне тарады. 
 
Кӛшедегі ығы-жығы кӛп халық 
Сол дауысқа қалды лезде топталып. 
Тҧрып-тҧрып, 
қолы жеткен кісілер 
Таптырмайтын бір-бір кітап кетті алып. 
 
Мадақтайтын гангстерді, бҧзықты 
Роман емес оқиғасы қызықты. 
Кітап аты − "Суға батқан қалалар". 
Мәссаған! 
Жҧрт сонша неге қызықты! 
 
Бҧл сауалға жауап таппай бӛгелдім, 
Жауап іздеп керегі жоқ, 
Не дермін? 
Кӛп елдердің қайғысы ортақ бір елге
Бір-ақ қайғы − қайғысы ғой кӛп елдің! 
 
Арқалаған ҧлы мақсат, мҧратты 
Бҧл кітапты алмай кетсем ҧят-ты. 
Кітаптарға созған қолдың бәрі де 
Венецияға созылатын сияқты. 

32 
 
Москвалық жас баланың дауысы 
Әлі кҥнге қҧлағымды жарады: 
"Венеция суға батып барады!" 
Венеция суға батып барады! " 
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал