«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының мемориалдық қорлары



жүктеу 88.43 Kb.

Дата24.01.2017
өлшемі88.43 Kb.

«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының мемориалдық қорлары 

ХХІ  ғасырдың  алғашқы  он  жылдығында  мемлекеттік  деңгейде  ұлттық 

руханиятымызды  түлеткен  ерекше  оқиғалар  болғаны  белгілі.  Соның  бірі  де 

бірегейі  «Мәңгiлiк  ел»  идеясының  идеологиялық  тұтқасына  айналған 

Күлтегiннiң  көктасы  көшiрмесiнiң  тарихи  отанының  төрiнен,  Л.Н.  Гумилев 

атындағы  Еуразия  мемлекеттік  университетінен  (ол  кезде  университет 

мемлекеттік  деп  аталатын  –  Д.М.)  орын  алуы  –  үлкен  оқиға  болса,  атақты 

Отырар кiтапханасының қайта түлеуі соның заңды жалғасы болды. Қазақстан 

Республикасының  ұлттық  тәуелсiздiк  алуының  10  жылдығына  орай 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  мемлекеттiк  университетiнiң  кiтапханасы 

негiзiнде  «Республикалық  ғылыми-көпшiлiк  «Отырар  кiтапханасы» 

мемлекеттiк  мекемесiн  құру  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiне 

ұсыныс жасалды. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығын құрудағы негізгі 

мақсат:  Қазақстан  Республикасының  тарихы  мен  мәдениетiне  қатысты 

рухани-тарихи  жазба  мұраларын  сақтау,  сирек  қолжазбалар  мен  кiтаптарды 

жинау,  жүйелеу  және  кеңiнен  пайдалану,  «Отырар  кiтапханасын»  ұлттық 

рухани-мәдени  орталыққа  айналдыру  болып  табылды.   Қазақстан 

Республикасының  тарихы  мен  мәдениетiне  қатысты  дүние  жүзiнiң  әр 

түкпiрiндегi көне қолжазбалар мен сирек кiтаптарды, заттай құндылықтарды, 

көне  түрiк  жазбалары  мен  жазу  үлгiлерiн  (мысалы  ұзын  саны  16  мыңнан 

асатын  көне  түркi  сына  жазулары  қай  елде,  қай  қалада,  қандай  кiтапха-  на 

мен  мұражайларда  сақтаулы  тұр)  анықтау,  оларды  бiр  орталыққа 

шоғырландыру,  археографиялық  экспедиция  ұйымдастыру,  қолжазбалардың 

түпнұсқасын  немесе  көшiрмесiн  сатып  алу,  оны  ғылыми  негiзге  түсiру, 

жинақталған  құнды  мұраларды  әлемдiк  стандартқа  сай  сақтау,  кiтапхана 

қорын  байы-  ту,  ғылыми-зерттеу  мен  библиографиялық  талдау,  жүйелеу 

жұмыстарын  жүргiзу,  электрондық  байла-  ныстар  арқылы  дүние  жүзiнiң 

мәдени  орталықтарымен  байланыс  жасау,  соның  негiзiнде  қазақ  жазуы 

тарихы  мұражайы  бөлiмiн  (музей  письменности)  құру  міндеттері 

қойылды.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001-жылғы 6 шілде күнгі № 

924 Қаулысына сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы мемлекеттік университетінің 

ғылыми кітапханасының негізінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы 

құрылды.  «Егеменді  Қазақстан»  газетінің  2001  жылғы  4  желтоқсандағы 

санында еліміздің бiр топ зиялылары республика халқына үндеу жариялады. 

Онда:  «Тарихтың  талқысына  түскен  тағдырымыз  кезінде  өткенді 

ойлауға, өмір сүріп отырған кезеңді талдауға, болашақты болжауға мүмкіндік 

бермеді. Бірақ «Ұлды ұл деп тәрбиелесең – ұл болады, құл деп тәрбиелесең – 

құл болады» деген Алаш даналығын ұстанып, ел басына түскен тауқыметке 

басымызды  исек  те,  ақылымызды,  игеміз  жоқ.  Сондай  қасиетті  қанымызға 

сіңірген және ділімізді сақтап қалған ұйықты – білім. Қазір сіз бен бізге ата-

бабамыз ама- наттап, тасқа қашап жазып кеткен 15 мың түркі жазуы төрткүл 

дүниенің бар түкпірінде елімізден тысқары жерлерде сақтаулы тұр. Сол ұлы 



ескерткіштің  заңды  мұрагерінің  бірі  –  Қазақ  елі,  Күлтегін  мен  Тоныкөктің 

тасқа қашалған дастанында айтылғандай, «Халқымыз қайтадан еңсе көтеріп, 

халық  болды».  «Енді  ұлт  боп  ұйып,  ақыл,  қайратты,  ниетті  бір  жерге» 

біріктірер  кез  келді.  Ұлтымыздың  ұйытқысы  –  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  тікелей  қолдауымен  Л.Н.  Гумилев  атындағы 

Еуразия  ұлттық 

университеті  кітапханасының 

негізінде 

«Отырар 

кітапханасы»  ғылыми  орталығы  ашылып  отыр.  Бұл  –  елдігімізге  сын, 

азаматтығымызға  таразы,  парасаттылығымызға  өлшем  болатын  тарихи 

шешім.  ...  Игілікті  іске  жұрт  болып,  жұмыла  кірісейік!»  [1]– 

делінген.   «Отырар  кiтапханасы»  ғылыми  орталығы  қоры  өткен  он  жылда 

Әлкей  Марғұлан,  Сапарғали  Бегалин,  Мұхамеджан  Қаратаев,  Тұрсынбек 

Кәкiшев, Оразкүл Нұрмағамбетова, Рабиға Сыздықова, Серiк Қирабаев, Әлия 

Бейсенова, Ақселеу Сейдiмбек қатарлы ғалымдардың жеке кiтапханаларымен 

толықты.  Ұлы  ғалым  Әлкей  Марғұланның  100  жыл  толу  мерекесіне  орай 

«Академик  Ә.Марғұланның  жеке  кітапханасы»  ашылды.  Ғалымның  қызы 

Дәнел  Әлкейқызы  кітаптары  мен  қолжазбаларын,  тұтынған  жеке  заттарын 

ғылыми орталыққа өткізді. Қазақ ССР ҒА-ның академигі, аса көрнекті ғалым, 

археолог, шығыстанушы, этнограф, тарихшы, әрі әдебиетші Әлкей Хаканұлы 

Марғұланның  жеке  кі-  тапханасында  700-ге  тарта  археология,  этнография, 

шығыстану, тарих, өнертану кітаптары (қазақ, орыс, неміс, ағылшын, қытай, 

жапон  тілдерінде),  ғылыми  зерттеу  экспедицияларының  қолжазбалары, 

Қазақстанның археологиялық картасы  және жеке пайдаланылған бұйымдары 

(компас,  көзәйнек,  үлкейткіш  әйнек  (лупа),  фотоаппарат,  әмияны,  фото-

суреттер  сияқты  жеке  заттары  да  [2]қойылған.  Ә.Марғұланның  әр 

жылдардағы экспедицияларының бағыт схемасы жасалған.  

Ғалымның  қоры  жыл  сайын  толықтырылып  келеді.  Ғылыми 

орталықта   жазушы  C.  Бегалиннің  505  қолжазбасы,  оның  ішінде  кезінде 

идеологиялық  тұрғыдан  басуға  рұқсат  етілмеген  «Тасарал»  атты  Кенесары 

туралы дастаны және Төлеу Көбдіковтің қолжазбасы, Мәди Бапиұлы туралы 

көпшілікке  белгісіз  мағлұматтар,  1924  жылы  ел  аузынан  жинаған  Бұқар 

жырау, Қаздауысты Қазыбек би, Досбол би туралы тағы басқа қолжазбалары 

сақталған.  Қолжазбалардың  ішінен  Л.Толстойдың  «Түлкі  мен  құр»  (1914 

жылы),  Пушкиннің  «Қыс»,  «Қысқы  жол»,  «Аңдар»  (1916  жылы), 

Лермонтовтан  «Тамара»,  «Демон»,  «Терек»,  «Үш  пальма»,  «Қайыршы» 

сияқты  туындыларды  (1945-1946  жылдары)  аударғандығы  туралы 

[3]мәліметтер кездеседі. Қолжазбалардың ішінде латын әрпінде, араб әрпінде 

жазылған  қолжазбалар  бар.  С.Бегалиннің  «Тасарал»  поэмасы  «Жетінші 

қазына»  (Алматы,  «Алаш  баспасы»,  2004  ж.)  атты  дастандар  жинағында 

басылып шықты.C. Бегалиннің әдеби мұрасын оның ұлы Хамит Бегалин 2001 

жылы  ғылыми  орталыққа  тапсырған.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 

сыйлығының  лауреаты,  көрнекті  сыншы,  ғалым-әдебиетші,  академик 

Мұхаметжан Қожасбайұлы Қаратаевтың қорындағы кітаптың жалпы саны  – 

1060 дана. Олардың дені әдебиет саласына арналған, оның ішінде ғалымның 



өз  еңбектері,  басшылық жасаған  «Қазақ  совет  энциклопедиясының»  барлық 

томдары,  қазақ  кеңес  ақын-жазушыларының  еңбектері,  орыс  классиктері 

М.Горький,  Л.Н.  Толстойдың  шығармаларының  толық  жинағы,  қырғыз 

жазушысы  Ш.Айтматовтың,  өзбек  жазушысы  И.Солтонның,  қырғыз  ақыны 

А.Токомбаевтың,  украин  жазушы-  сы  Г.Довнардың  қолтаңбамен  берілген 

кітаптары,  газетке  жарияланған  түрлі  мақалалары,  ескі  газет  қиындылары, 

диссертациялық, дипломдық жұмыстарға жазған пікірлері, хаттары бар. 

Ғалымның  көп  жыл  пайдаланған  жеке  заттары:  жазу  құралдары,  әр 

түрлі  медальдары,  фотоальбомдары,  медальонда-  ры,  ескерткіш  жазулары 

бар  сувенирлері,  алғыс  хаттары,  алған  құттықтаулары,  үнтаспалары  тағы 

басқа заттары [4]сақтаулы тұр. Академик Мұхаметжан Қаратаевтың артында 

қалған  бай  мұрасын  ғылыми  орталыққа  әкеліп  тапсырған  оның  балалары. 

Белгілі  абайтанушы  ғалым,  жазушы-драматург,  аудармашы,  сондай-ақ 

бірнеше  буын  өкілдерін,  тәрбиелеген  ұлағатты  ұстаз,  Мемлекеттік 

сыйлықтың  лауреаты  Қайым  Мұхамедхановтың  «Отырар  кітапханасы» 

ғылыми  орталығы  қорында  12  бума  қолжазбасы  сақтаулы.  Ғалым 

қолжазбаларының дені Абайдың ақындық мектебі аясындағы зерттеулері мен 

Алаш  көсемдерінің  қызметі  мен  мұрасына  арналған.  Сонымен  бірге  қорда 

«Майданнан  майданға»,  «Комиссар  Ғаббасов»,  «Ер  Білісай»,  «Перне» 

шығармалары  және  басқа  да  өлеңдері  сақтаулы.  Ұстазы  Мұхатр 

Омарханұлының 

кеңесімен 

жазған 

Қазақ 


Кеңестік 

Социалистік 

Республикасы гимнінің 1945 жылғы түпнұсқасы, авторлық құқығын қалпына 

келтіруді өтініп жазған хаты, 1992 жылы жазған гимні де ғалымның ғылыми 

орталықтағы  жеке  қорында.  2009  жылы  Қайым  Мұхамедханов  қоры  12 

беттен  тұратын  «Абайдың  досы  Михаэлис»  қолжазбасымен,  «Шуро» 

журналының №19 және «Вакть» газетінің қосымшасы (№1046), А4 форматты 

8 дана фотосуретпен, «Мен Абайды әке деймін» 3 DVD дискімен [5]толықты. 

Қайым  Мұхамедхановтың  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығы 

қорындағы  қолжазбалары  негізінде  шығармаларының  он  томы  жарыққа 

шықты.  Ғалымның  артында  қалған  жазба  мұраларын  жинастырып 

орталықтың  сирек  кітаптар  мен  қолжазбалар  қорына  тапсырған  оның 

ұрпақтары. Археолог, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың 

бірі –Кемел Ақышевтің мұражай- кабинеті де «Отырар кітапханасы» ғылыми 

кітапханасында орналасқан. Ғалымның жеке кітапханасын- да 615 кітап пен 

ғылыми  зерттеу  еңбектерінің  қолжазбалары  қойылған.  1955  жылдан  бастап 

өмірінің  соңғы  жылдарына  дейін  тарих  және  археология  саласында  жұмыс 

істеген  ғалымның  қорында  оның  ғылыми  жолымен,  рухани  мұрасымен 

кеңінен  таныстыратын  сызбалар  мен  археологиялық  карталар,  суреттер  мен 

диафильмдер  [6]қойылған.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері, 

ғалым˗ұстаз,  филология  ғылымының  докторы,  про-  фессор  Тұрсынбек 

Кәкішев өткізген кітапхана қоры 5600 дана, оның ішінде сирек кітаптар мен 

қолжазбалар,  мерзімді  басылымдар,  жалпы  21  тілде  (қазақ,  орыс,  араб, 

шағатай, парсы, қырғыз, өзбек т.б.) жазылған еңбектер бар.  



Қордың  құрамында  құнды  кітаптар  көптеп  кездеседі.  Мысалы:  М. 

Қашқари  «Түрік  сөздігінің»  үш  томдығы  (1997-1998  жж.),  Б.  Майлин 

шығармаларының  6  томдығы   (1960-1964  жж.);  «Манастың»  4  томы  (1961-

1962  жж.);  С.  Мұқановтың  таңдамалы  шығармаларының  5  томдығы  (1955-

1957 жж.), Ғ.Мүсіреповтың «Шығармалар жинағының» 5 томдығы (1976 ж.), 

М.Әуезов  шығармаларының  20  томдығы  (1979-1985  ж.),  М.Әлімбаевтың  14 

кітабы,  «Қазақ  қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасы»  6  том  (1975-1989 

жж.), «Қазақ халық әдебиеті» кітабының 6 томы (1986-1990 жж.), Ә.Тәжібаев 

«Шығармалар  жинағының»  5  томдығы  (1978-1981  жж.),  Пекиннен  шыққан 

«Қазақ  хисалары»  және  20  папкадай  қолжазбалар   (екеуі  араб  тілінде, 

Құранның  тәбсірі  (1930  ж.))  т.б.  2007  жылы  12  қаңтарда  әдебиеттанушы 

ғалым,  филология  ғылымының  докторы,  академик  С.Қирабаев  пен 

жаратылыстану  ғылымдарының  докторы,  академик  Ә.Бейсенованың 

«Отырар  кітапха-  насы»  ғылыми  орталығындағы  мұражай-кітапханасы 

олардың сыйға берген кітаптары негізінде ашыл- ды. Академиктер мұражай – 

кітапханасы   қорында  жаратылыстану,  тарих,  тіл  білімі,  ауыз  әдебиеті 

үлгілері,  қазақ  тіліндегі  және  орыс,  өзбек,  ұйғыр,  түрік  тілдеріндегі  көркем 

әдебиеттер мен газет-журнал- дар, ғалымның қолжазбалары, орыс және қазақ 

тілдеріндегі авторефераттар бар. Академиктер қорының бір ерекшелігі мұнда 

әдебиет  мәселесіне  қатысты  республикалық,  одақтық  газет-журналдардың 

бірне-  ше  жылғы  басылымдары  сақталған.  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  1953 

жылдан  бергі,  «Ана  тілі»  газетінің  1990  жылдан  бергі  тігінділері,  «Әдебиет 

және  искусство»  журналының  1953-57  жылдардағы  нөмірлері,  «Жалын» 

журналының  1969  жылдан  1998  жылдарға  дейінгі  нөмірлері,  «Жұлдыз» 

журналының  1957-  2005  жылдардағы  нөмірлері  бар.  Сол  кездегі  Одақ 

көлеміндегі  «Вопросы  литературы»  журналының  1957-1993  жылдардағы, 

«Дружба народов» журналының 1971-1989 жылдардағы, «Литературная уче- 

ба»  журналының  1978-1990  жылдардағы  нөмірлері,  «Литературное 

обозрение», «Мысль», «Простор» журналдарының бірнеше жылғы нөмірлері 

жинақталған.  Сирек  кездесетін  құнды  дүниелерді  де  осы  қордан  табуға 

болады.  Қорда:  «Қазақтың  Біріккен  Мемлекет  Баспасынан»  1948  жылы 

шыққан  Абай  шығармаларының  толық  жинағы,  1933  жылы  «Қазақстан» 

баспасынан шыққан Т.Жароковтың «Нептістан» поэмасы, «Қазақтың көркем 

әдебиет»  баспасынан  шыққан  И.  Байзақовтың  шығармалар  жинағы, 

Ә.Сәрсенбаевтың 

1940 


жылы 

шыққан 


«Ант» 

өлеңдер 


жинағы, 

Қ.Аманжоловтың 1948 жылы «Қазақтың Біріккен Мемлекеттік баспасынан» 

шыққан  «Дауыл»  өлеңдер  жинағы  мен  1949жылы  шыққан  «Балбөбек»  жыр 

жинағы,  «Қазақтың  Біріккен  Мемлекеттік  баспасынан»  1939  жылы  шыққан 

«Батырлар»  атты  жинақ,  Ғ.Мұстафиннің  1941  жылы  «Қазақстан  Біріккен 

Мемлекеттік  баспасынан»  шыққан  «Өлім  мен  өмір»  атты  прозалық 

шығармасы  бар.  1937  жылы   «Қазақстан  мемлекет  баспасынан»  шыққан  5-

сыныпқа  арналған  «Әдебиет  хрестома-  тиясы»,  1940  жылы  шыққан  «Қазақ 

әдебиетінің  хрестоматиясының»  1,  2  –  бөлімі,  1935  жылы  «Қазақ  көркем 

әдебиет» баспасынан шыққан 217 беттен тұратын «Қазақтың мақалдары мен 



мәтелдері»,  1939  жылы  «Қазақ  көркем  әдебиет»  баспасынан  шыққан  75 

беттік  Нарманбеттің  өлеңдер  жинағы,  М.Әлімбаевтың  «Қазақстан  Біріккен 

Мемлекет баспасынан» 1941 жылы шыққан «Толғау» атты өлеңдер жинағы, 

«Ер  Тарғын»  жырының  «Көркем  әдебиет»  баспасынан  1937  жылы  шыққан 

нұсқасы  да  -  қордың  бағасыз  байлығы.  Сол  сияқты  1948  жылы  жалпы 

редакциясын  С.Мұқановтың  басқаруымен  шыққан  Қ.Жұмалиевтың  «Абайға 

дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деген ғылыми еңбегінің 

орны  ерекше.  Сонымен  қатар,  мұнда  С.Мұқановтың  1935  жылы  «Көркем 

әдебиет» баспа- сынан  шыққан «Теміртас» романы, 1936 жылы «Қазақстан» 

баспасынан   шыққан  «Айтыс»  атты  шығармасы,  1938  жылы  «Қазақ  көркем 

әдебиет»  баспасынан  шыққан  «Жұмбақ  жалау»  атты  3  бөлімді  романы, 

«Қазақ  көркем  әдебиет»  баспасынан  шыққан  А.Тоқмағамбетовтың  өлеңдер 

жинағы,  1940  жылы  «Қазақ  көркем  әдебиет»  баспасынан  шыққан  қазақ 

ақындарының  «Тарту»  атты  жыр  жинағы,  орыс  әдебиетінің  классик 

жазушысы  Н.А.  Крыловтың  қазақ  тілінде  «Қазақстан  Мемлекеттік  Біріккен 

Баспасынан» 1944 жылы шыққан «Мысалдар» жинағы, А.Бектің қазақ тілінде 

«Қазақтың Бірлескен Мемлекет Баспасынан» 1947 жылы шыққан «Арпалыс» 

романы,  С.Сарғасқаевтың  1955  жылы  шыққан  «Сәуленің  жаңа  достары» 

шығармасы, 1949 жылы шыққан Ә.Сәрсенбаевтың «Төлдер айтысы», «Ақша 

бұлт»,  1945  жылы  шыққан  Қ.Сатыбалдиннің  «Әлия»  атты  шығармалары, 

М.Әуезовтің  «Ертегілер» жинағы бар. Мұражай - кітапханадағы С.Қирабаев 

қолжазбалары  да  құнды  дүниелер.  Мұнда  ғалымның  «С.Көбеевтің 

жазушылық  қызметі»  деген  тақырыптағы  филология  ғылымдарының 

кандидаты  атағын  алу  үшін  дайындаған  диссертациясының  қолжазбасы, 

авторефераты,  докторлық  диссертациясының  қолжазбасы,  сонымен  бірге, 

Абай,  Жамбыл,  С.Сейфуллин,  Ж.Аймауытовтар  туралы  жазған  зерт-  теу 

еңбектері,  мақалалары  мен  баяндамаларының  қолжазбалары  бар.  Әдебиет 

зерттеушілерінің кандидаттық, докторлық диссертацияларының орыс тілінде 

420 және қазақ тілдерінде жазылған 161 авторефераты да осы қорда. 

Ғалымның 

әр 

жылдары 


жазған 

оқулықтары 

мен 

ғылыми 


еңбектері  де  мұражай – кітапхананың төрінен орын алған. Олар: 1956 жылы 

жазылған  «Ғ.Мұстафин»  деген  сын  -  библиографиялық  очеркі,  1976  жылы 

«Жазушы»  баспасынан  шыққан  «Әдебиет  және  дәуір  талабы»,  1981  жылы 

шыққан  «Шындық  және  шығарма»,  1983  жылы  шыққан  «Шындық  және 

шеберлік»,  «Уақыт  және  қаламгер»,  «Революция  және  әдебиет», 

«С.Сейфуллин»,  «Талантқа  құрмет»,  «Тәуелсіздік  рухымен»,  «Ұлт 

тәуелсіздігі  және  әдебиет»  атты  зерттеу  еңбектері,  орта  мектептің  9-10 

сыныптарына  арнап  1982  жылы  жазған  «Қазақ  әдебиеті»  оқулықтары  мен 

хрестоматиялары бар.  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығы  құрылғанда 

өздерінің жеке кітапхана қорларындағы кітап- тарын табыс еткен ғалымның 

бірі  ҚР  Ұлттық  ғылым  Академиясының  академигі  Өтелбаев  Мұхтарбай. 

Ғалымның  қорға  тапсырған  кітаптарының  саны  147.  Олардың  дені 

математика ғылымы саласынан: «Математическая энциклопедия» 14 томдық, 


В.А. Стеклов атындағы математика институтының әр жылдары жарық көрген 

көп томдық, шетел математиктерінің кітаптары т.б. құнды еңбектер бар. 

Көрнекті фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, 

профессор Болатжан Шайзадаұлы Әбілқасымов 2009 жылдың 9 мамырында 

«Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығына  өзінің  жеке  кітапхана 

қорларынан  147  кітабын  (қолтаңбасымен)  және  50ден  аса  авторефератты 

сыйға  берді.  Жазушы  Олжас  Омарұлы  Сүлейменов  1670  жылғы  Қытайда 

басылған  Шың  Гу.  Жоу  Цзяның  «Жоу  дәуіріндегі  даналардың  шешендік 

сөздерінің  түсіндірмесін»  тапсырды.  Еңбек  Сұң  дәуірінде  ХІ  ғасырда 

жазылған,  көлемі  40  бет.  «Отырар  кітапханасы»  ғылымиорталығын  ашу 

бастамасының  жанашыры  әрі  ұйымдастыру-  шыларының  бірі  Иманғали 

Нұрғалиұлы  Тасмағамбетов  қорында  236  кітап  пен  45  журнал  бар.  Жеке 

қордан  халық  даналығын,  жыр-дастандарды,  тарих,  әдебеит,  саясат  және 

басқа да ғылым салаларынан ғылыми зерттеулерді, жоғары оқу орындарына, 

мектепке  арналған  оқулықтарды  табуға  болады.  Жазушы-ғалым,  «Отырар 

кітапханасы»  ғылыми  орталығы  директоры,  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор  Тұрсын  Құдакелдіұлы  Жұртбайдың  жеке  кітапхана 

қорында  мұрағаттардың  көшірмелері,  қолжазбалар,  Египеттен,  Ираннан, 

Түркиядан,  Монғолиядан,  Қытайдан  т.б.  шетелдерден  әкелінген  қазақ 

тарихына қатысты 700 данадан астам атаулы кітап бар. Солардың ішінде Әл-

Фараби,  Әт-Табари,  Ғазали  сынды  ғұламалар  еңбектері,  «Түнектен  кейін 

атқан  таң»,  Доктор  Мухәммәд  Сүһәйл  Тоққуштың  һижри  жыл  санауы 

бойынша  648-928  жылдары  жазылған  «Мысыр  және  Шам  елдеріндегі 

Мәмлүктер  тарихы»,  әлемдегі  ең  ұлы  72  томнан  тұратын,  26  мың  жылдың 

тарихын  қамтитын,  оның  ішінде  көшпелі  түрік  жұртының  да  тарихтарынан 

мағлұматтар  сақталған  «24  тарихтың»  толық  ба-  сылымы  яғни  қытай 

тіліндегі  24  томдық  «Чиң  дәуіріндегі  (1616-1911  жж.)  шекара  өңіріне 

қатысты 


Мәнжу 

жазуындағы 

мұрағаттар 

тізбесі», 

профессордың 

шетелдерден алып келген сирек қолжазбалар мен құнды кітаптары [7]бар. 

Ғылыми  орталықта  осы  қордағы  бай  материалдар  негізінде  түрлі 

гранттық  тақырыптар  бойынша  іргелі  зерттеу  жұмыстары  жүргізілуде. 

Орталықтың  он  жыл  бойы  жарыққа  шыққан  кітаптарын  дайындауда  да 

қордағы  деректер  пайдаланылды  және  пайдаланылуда.  Т.Қ.  Жұртбайдың 

жеке  кітапхана  қоры  жыл  сайын  жаңа  кітап,  қолжазба  және 

авторефераттармен  толықтырылып  ке-  леді.  «Алтын  орда»  газетінің  тілшісі 

Әшеева  Рәзиға  өзінің  жеке  кітапхана  қорынан  ХХ  ғасырдағы  қазақ 

әдебиетінің  көрнекті  өкілдері  Ғ.Мүсірепов,  С.Мұқанов,  І.Есенберлин, 

Т.Ахтанов,  Т.Айбергенов,  М.Мақатаев,  М.Шаханов,  Ұ.Есдәулетов  т.б. 

жазушылардың  әр  жылдары  жарық  көрген  кітаптарын,   1966  жылы 

«Жазушы»  баспасынан  жарық  көрген   «Қазақ  совет  поэзиясының 

антологиясының»  2  томдығын,   діни  тақырыпта  жазылған  түрік  жазушысы 

Фетхуллах  Гүленнің  «Очерктер-Мақалалар-  Пікірлер»  (2008,  12  б.),  Халифа 


Алтай  Ғақыпұлының  «Таңдамалы  хадистер  аудармасы»  (1993,  112б.), 

«Ғибадатул-Ислам»  (1994,128б.)  кітаптарын  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми 

орталығына сыйға тартты. Сондай-ақ, металлургия өнеркәсібіне, математика, 

физика, астрономия, заң терминдерінің саласына арналған «Орысша-қазақша 

терминология  сөздіктері»  мен  «Әскери  терминдердің  орысша-қазақша 

түсіндірме  сөздігі»  (Аманжолов  К.,  1982,  128  б.),  З.Күзекова  мен 

Т.Тұяқбаевтың  «Қазақша-орысша  дипломатиялық  қысқаша  сөздігі»  сияқты 

еңбектер де бар.  «Отырар кітапханасының» сирек кітаптар мен қолжазбалар 

қорында  зерттеушілер  мен  ізденушілер  үшін  қажет  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ 

ғасырдың  басында  қағазға  түскен  төте  жазумен  жазылған  (шағатайша, 

қадым, жадидше) құнды қолжазбалар сақтаулы.  Қолжазбаларды мазмұнына 

қарай:  әдеби,  ғылыми,  діни  қолжазбалар  деп  бөлуге  болады.  Әдеби 

қолжазбалар:  шағатайша  жазылған  ғазалдар,  рубайлар,  хикметтер,  қадымша 

және  төте  жазу-  мен  жазылған  өлеңдер,  діни  өлеңдер,  дастандар,  шешендік 

сөздер,  мақал-мәтелдер.  Діни  қолжазбалар:  хадистер,  діни  кітаптардың 

түсіндірмелері, Құранның, Калам шарифтің, Мұқтасардың аудармалары мен 

тәпсірлері.  Ғылыми қолжазбалар: жылнамалық және құқықтық тақырыптағы 

қолжазбалар мен сөздіктер, ғылыми танымдық еңбектер т.т. Қолжазбалардың 

тағдыры да ауыр, олардың дені қасіретке толы ХХ ғасырды сандық түбінде, 

үйлердің қабырғасында, қабір ішінде жасырынып жатып өткізген, көбі бұрын 

жарық  көрмеген,  зерттелмеген  дүниелер.  Қолжазбалар  ел  арасынан,  жеке 

адамдардың  қолынан  жиналған,  шағатайша  және  қадымша  қолжазбалар 

толық  емес,  кейбір  беттері  жыртылған,  жоғалған.  Сондай˗ақ  қалың  қазақты 

қанға  бөктірген  кешегі  тоталитарлық  жүйе  тарихын  зерттеушілер,  тарихтан 

тағылым  алам  деген  қалың  оқырман  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми 

орталығының  сирек  кітаптар  мен  қолжазбалар  қорынан,  мемориалдық  жеке 

қорлардан  мәселеге  қатысты  деректермен,  зерттеулермен,  танымдық 

еңбектермен  танысуына,  қазақ  зиялыларының  артында  қалдырған  мол 

мұрасымен  сусында-  уына  әбден  болады.  Университет  ректорының  2009 

жылдың  27  наурызындағы  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығын  қайта 

құру  туралы»  (№456  ж.)  қаулысына  сәйкес  «Отырар  кітапханасы»  ғылыми 

орталығынан  сту-  денттер  кітапханасы  жеке  бөлініп,  «Университет 

кітапханасы»  болып  қайта  құрылды.  «Отырар  кі-  тапханасы»  ғылыми 

орталығы  өз  алдына  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналысатын  орталық 

болып  қалдырылды.  Ғылыми  орталық  бүгінгі  күні  осы  бағытта  жұмыс 

атқаруда. 



Әдебиеттер: 

1. Ұлы отырар кітапханасын қалпына келтірейік! Қазақстан жұртшылығына 

үндеу //«Егеменді Қазақстан». - 2001 жыл. - 4 желтоқсан.  

2.  «Отырар  кiтапханасы»  ғылыми  орталығындағы  академик  Әлкей 

Марғұланның қоры.  

3.  «Отырар  кiтапханасы»  ғылыми  орталығындағы  жазушы  Cапарғали 

Бегалиннің қоры.  


4.  «Отырар  кiтапханасы»  ғылыми  орталығындағы  академик  Мұхаметжан 

Қожасбайұлы Қаратаевтың қоры  

5.  Отырар  кiтапханасы»  ғылыми  орталығындағы  филология  ғылымдарының 

докторы, профессор Қайым Мұхамедхановтың қоры.  

6.  Отырар  кiтапханасы»  ғылыми  орталығындағы  тарих  ғылымдарының 

докторы, профессор Кемел Ақышевтің мұражай-кабинеті.  

7. «Отырар кiтапханасы» ғылыми орталығындағы филология ғылымдарының 

докторы,  профессор  Тұрсын  Құдакелдіұлы  Жұртбайдың  жеке  кітапхана 



қоры. 

Махат да. т.ғ.д., профессор 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал