Өте жақсы бастама. Сон дық тан алимент төлеумен шұ



жүктеу 0.69 Mb.

бет5/6
Дата12.09.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6

Мұрат ӘУЕЗОВ, 

– Жапондықтар – біздің тарихи 

достарымыз. Тек Мұхтар Әуезов қана 

емес, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бай-

ЖИЫН


Отандық және шетелдік ғалымдардың 

қатысуы мен өтіп жақтан cъезге Мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау 

хатын жолдап жіберіпті. Хатты Премьер-

министрдің орынбасары Ербол Орынбаев 

оқып берді. «Бұл мәртебелі жиын рес-

публи ка үздік математиктерінің, білім беру 

саласы көшбасшыларының, жетекші 

ғалым  дардың,  белгілі  әдіскерлер  мен 

жаңашыл педагогтердің басын қосып 

отыр. Мен елімізде сапалы білім беру 

ісіндегі ұстаз рөлінің маңыздылығын түсіну 

қалыптасқанын қанағат сезіммен атап 

өткім келеді. Бүгінгі заман талабына сай 

мұғалім – ол рухани дамыған, педагоги-

калық технологияның қыр-сырын жетік 

меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс. 

Мұның математика мұғалімдеріне де 

ерекше қатысы бар. Себебі еліміздің жедел 

индустриялық-инновациялық дамуы 

жағдайында базалық техникалық пәндер-

дің бірі ретінде математика қазіргі заманғы 

білім берудің алдыңғы шебіне шығып 

отыр», – депті Елбасы құттықтау хатында. 

Съезде сөйлеген министр соңғы жыл-

дары білім саласына ерекше мән беріліп, 

ЮНЕСКО ұйымының зерттеуіне сәйкес 

Қазақстан білім беруді дамыту индексі 

бойынша ТМД елдерінің ішінде бірінші 

орынға көтерілгенін алға тартып отыр. 

«Атал 

ған зерттеу бойынша Қазақстан 



ТМД-да бірінші орынға ие болса, индекске 

қатысқан әлемнің 129 мемлекеті ішінде 

4-орында келеді. «Биыл отандық білім 

беруді дамытуға бөлінетін мемлекеттік 

шығыстардың көлемі 900 млрд теңгені 

құрайтын болады. Бұл – елдің ішкі жалпы 

өнімінің 4,2 пайызы. Осылайша, біз 

ЮНЕСКО ұсынған 5,6 пайыздық көрсет-

кіш ке жақындап келеміз», – дейді Б.Жұ ма-

ғұлов.


Съезде ол сонымен қатар елімізде ма-

те матика пәні мұғалімдерінің қауымдас-

тығын құру қажет деген ұсыныс айтты.

Қалай болған күнде елімізде тұңғыш 

рет математика пәнінің мұғалімдері 

съезінің өтуі осы салаға деген құрметтің 

артқанын білдірсе керек. Дегенмен кемшін 

тұстарымыз да жоқ емес. Белгілі академик 

Асқар Жұмаділдаевтың айтуынша, білім 

саласында кемшін түсіп жатқан жайттар да 

жетерлік. Соның бірі – білім жүйесінің жиі 

өзгеріске ұшырауы. Айтуынша, бір жүйеге 

көшеміз деп жүріп осыған дейін қол 

жеткізген дүниелерімізді ұмыт қалдырып 

жатамыз. «Ғылым, соның ішінде матема-

тика консервативті болуы тиіс. Бұйрық шы-

ғарып, өзгерте саламыз деу – құр қиялмен 

бірдей. Біздің жетістігіміз кеңестік жүйенің 

артықшылығында жатыр. Соның екпінімен 

келе жатырмыз. Сол кезде математикаға 

қатысты ең озық жүйе бізде болды. Бірақ 

біз соны өзгертіп, қазір батыстық жүйеге 

көшудеміз. Бұрын математиканы алгебра, 

Білім саласында жағымды 

жаңалық. Елордамызда 

Қазақ  стан  Республикасы 

математика пәні мұғалім дері-

нің І съезі басталды. «Қазақ-

стан мектептерінде математи-

калық білім беру ісін дамыту: 

қазіргі жай-күйі мен даму 

болашағы» тақырыбын да 

өткен жиын «Қазақстан» 

орталық концерт залында 

Білім және ғылым министрі 

Бақытжан Жұмағұ ловтың 

қатысуымен ашылды. Онда 

математика  мұғалім де рін 

даярлау, дарынды оқу шы-

лармен жұмыс жасау, 

математика оқулықтарын 

әзірлеу және басқа да мате-

ма тикалық білім берудің 

өзекті мәселелері талқылан-

ды.

Астанада математиктер бас қосты

арифметика, геометрия деп үш негізге 

бөліп оқыдық. Қазір бәрін қосып қойырт-

пақтап жатырмыз. Ал батыстық жүйеде 

бұл сайнс ғылымы деп оқытылады. Жеке-

жеке бөлмейді. Бұл дұрыс емес. Матема-

тиканың үш негізі қалуы керек. Бізге осы 

жетістігімізді дамыту қажет. Олай болмаған 

күнде бәрін жоғалтып алуымыз мүмкін. 

Екінші бір кемшілігіміз – «алтын басты» 

кадрларымызды бағалай алмаймыз. 

Білімді жастарымыздың барлығы шетелге 

кетіп қалады. Озаттарымыз бен үлкен 

олимпиаданың жеңімпаздары көп. Бірақ 

олардың көбі елде емес. Барлығы дерлік 

батыс мемлекеттеріне кетіп қалған», – 



дейді ол.

Күләш ШӘМШИДДИНОВА, 

«Назарбаев интеллектуалдық мектебі» 

АҚ төрайымы:

– Бұл – еліміз үшін өте қажет 

дүние. Себебі қай елде болмасын 

мектептегі білімнің сапасы мұғалімге 

байланыс ты болады. Мұғалім жақсы 

болса, білім де жақсы. Осы мақсатта 

біз съезге ерекше дайындықпен келіп 

отырмыз. Өзіміздің сайтымызда 

мұғалімдерге арналған бөлім аштық. 

Онда ұстаздар дайындаған методика-

лық құралдар, оқу жоспарлары 

болады. Қиын есептерді шығару 

жолдары бар. Сонымен қатар форум 

жұмыс істейді. Мұғалімдер өз 

сауалда рын қойып, жауап ала алады. 

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВакадемик:

– Бұл жиын әрмен қарай басқа да 

пәнге қатысты съезд түрлерімен өз 

жалғасын табатын болады. Себебі, біз 

Болон кеңістігіне кіріп отырмыз. Алда 

үлкен реформа күтіп тұр. Мек теп-

тердің барлығы 12 жылдық жүйеге 

көшеді. Съездің мақсаты – осы 

реформаның ішіндегі математи каның 

рөлі. Дүниежүзінде оқылатын жалғыз 

ғана ортақ білім болса, ол – мате-

мати ка. Оның үстіне дүниежүзін де 

ұлттың негізін анықтайтын екі 

критерий бар. Оның бірі осы – мате-

ма тика. Бүгінгі таңда жастарымыз – 

өте білімді, логикасы жоғары. Біздің 

оқушыларымыз математикалық білімі 

жағынан 200 елдің ішінде бесінші 

орында тұр. Бірінші бестікте – 

Сингапур, Гонконг, Жапония, Оңтүстік 

Корея және Қазақстан. Бұның бар-

лығы да – Азия елдері. Ендігі мақсат – 

осы қарқынды жоғалтып алмау. 

Бүгінде қазақ журналис тика-

сы ның  мүмкіндіктерін  ашып 

көрсетіп, ақпарат құралдары 

өкілдері арасынан айрықша 

материалдарымен көзге түскен 

мамандарды марапаттайтын 

түрлі байқаулар көп. Осындай игі 

істердің бірі – «Нұр Сұңқар» 

журналистер байқауы да жыл-

дан-жылға өз беделін арттыруға 

күш салып келеді. Аталған бай-

қауда жанрлық, формалық және 

мазмұндық жағынан, сондай-ақ 

жас мөлшеріне қатысты шектеу 

қойылмайды.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл ды-

ғына арнап белгілі балбармақ 

күйші, толғаушы ҚР еңбек сіңір-

ген қайраткері Шәміл Әбілтай 

«Тілде су» атты үнтаспасын шы-

ғар ды. 

Басы 1-бетте

Шығыс Қазақстан облысының 

Курчатов қаласында Тәуелсізді гі-

міздің 20 жылдығына орай 

Оралхан Бөкеевтің құрметіне 

арналған дәстүрлі «Оралхан 

Бөкей» атындағы көркемсөз оқу 

шеберлерінің байқауы өтті. 

Атал мыш шараны Мәдениет 

және тілдерді дамыту бөлімі 

ұйымдастырды. Бұл жайлы 

Курчатов қаласы әкімінің баспа-

сөз қызметінен мәлімдеді. 

– Жапония ІІ дүниежүзілік 

соғысқа дейін және соғыс кезінде де 

идеоло гияландырылған ел болды. 

Алайда жапондарды соғыстан кейін, 

ел еңсесін қалай көтереміз деген 

сұрақ көбірек мазалайтын болды да, 

сол арнаға бет бұрды. Меніңше, 

жапондықтар мен алашордалық-

тарды елдің экономи калық және 

мәдени, рухани ахуалын қайтсек 

көтереміз деген ойы ортақтас тырды. 

ТҮЙІН:  

Жаман пиғыл иелері жеті құлыпқа салып, жеті қат жердің астына тастау 

арқылы ақиқатты адастырдым деуі  мүмкін. Алайда бұл  – барып тұрған 

қателік. Сол қателік талай көреген, көсем ұлт зиялыларының тағдырына 

қиянаттан қыл арқан болып керіліп, «халық жауы», «жапон тыңшысы» 

секілді таңба басты. Жазықсыз күйдірді. Алайда араға сан жылдар 

салып, ақиқат жарыққа шықты. Ол ақиқат –  бір кездері Жапония секілді 

салтына берік, саясаты нық елді арыстарымыздың Алашқа үлгі етуде мүлт 

кетпегендігі. Бүгінде барлық жағынан өзге елдерге үлгі боларлық озық 

өркениеті бар ел  - Жапония. Соны сонау ХХ ғасыр басында-ақ байқап, 

көк аспанын тұман басқан қазаққа «құс жолы» етіп көрсеткен Алаш 

қайраткерлерінің көрегендігі тұғын... Кім білсін, егер ұлт көсемдерінің 

сәулелі идеясы сол кезде-ақ жүзеге асып, қатыгез пиғылды әміршіл 

жүйенің бөгеті болмағанда бүгінгі Қазақстан қаншалықты қарыштап 

дамығын ел болар еді...

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№79 (531) 12.05.2011 жыл, бейсенбі           



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

АЛАШ-АҚПАРАТ



Жер сілкінісінің емес, 

жерасты суының салдары 

Пойыздағы өрттен зардап шеккендерге 

сақтандыру төлемдері төлене ме?

Алаяқтардың 

алдауына түспеңіз!

Оның айтуынша, жер сілкінісіне дейін 

үстіміздегі жылдың 22-23 ақпанында жерас-

ты суының көтерілуі салдарынан тұрғын 

үйлерді су басқан. Сол мезгілде су құрсауын-

да қалған тұрғын үйлер жағдайын зерделеу 

үшін облыс әкімдігі тарапынан құрылған 

комиссия жұмысының қорытын 

дысында 

118 үйді су басқаны анықталған. Сәуір 

айында облыс бюджетінен Еңбекші қазақ 

ауданындағы дренаждық жұмыс тарға және 

бұрыннан бар дренаждық же лілерді тазалау 

жұмыстарына 116 млн теңге бөлінді.

«Қазіргі кезде дренаждық жұмыстардың 

60 пайызға жуығы аяқталып, жерасты 

суының деңгейі нормаға сәйкес төмен деді», 

– деді басқарма басшысы.

29 сәуірде аталған комиссия ақпандағы 

су басқан 118 үйді қайта қарап шықты. Олар-

 дың ішінде іргетасы шөккен, сылағы жарылған 

28 үй апаттық жағдайда деп танылды. Сон-

дық тан да тозығы жетіп, ескір ген бұл апатты 

жағдайдағы үйлердің тұр ғындарын 1-2 ма-

мыр күндері жер сілкінісінен кейін Еңбек-

шіқазақ аудандық әкімдігі киіз үйлер мен 

шатырларға көшіруді ұйымдас тырды. Бүгінгі 

күні Сейсмология институтының мамандары 

жерасты суының салдарынан апаттық жағ-

дайда тұрған үйлерді жөндеу туралы ұсыныс 

дайындау үшін зерделеу жүргізуде. Аталмыш 

ұсыныс беріліп, смета лық құжаттары дайын-

далған соң апатты үйлердің жөндеу жұмыс-

тарына қаржы бөлу мәселесі қарастырылатын 

болады деді С. Салагаев. 

  Сағыныш НАМАЗШАМОВА

– Сайлау аға, Қазақстанның 

Ислам Конференциясы Ұйымымен 

(ИКҰ) алғашқы қарым-қатынасы 

қалай басталды? 

– 1991 жылғы қараша айында Иран 

Ислам Республикасының сыртқы істер 

министрі Али Акбар Велаяти ИКҰ басшы-

лы ғының тапсырмасымен Орта Азия мұ сыл-

ман республикаларына арнайы са пармен 

келді. Ондағы мақсаты – Душанбе, Ташкент, 

Ашхабад, Бішкек қалаларында болып, осы 

тәуелсіздігін жариялаған мемлекеттер 

басшыларына Сенегалда өтетін Ислам 

Конфе 

ренциясы Ұйымының саммитіне 



қатысу үшін шақыра келіпті. 29 қарашада 

Тараз қаласында Президент Н.Назарбаев 

Иран министрімен кездесті. А.Велаяти 

Қазақстан Президентін Сенегал дың аста-

насы Дакар қаласында өтетін ИКҰ-ға мүше 

мемлекеттер басшыларының VІ кездесуіне 

шақырды. Бұл шақыру КСРО құрамынан 

бөлініп шыққан мұсылман ел 

дері үшін 

өзімізді араб және ислам елдеріне толық 

танытудың орайлы сәті еді. Қазақстан әлі 

тәуелсіздігін жарияламағандықтан, Респу б-

лика басшысы бұл сапарға Қазақстан атынан 

қатысуды маған тапсырды. 



– Бұл сапарды ұйымдастыруда 

Иранның еңбегі зор болған екен 

ғой?

– Иә, Иран үкіметі тек шақырып қана 

қойған жоқ, біздерге көлік жағынан жәрдем 

берді, айрықша ілтипат танытты. Мен 

желтоқсан айының 3-і күні рейс ұша ғымен 

Алматыдан Бакуге жетіп, сол күні министр 

А.Велаятидің арнайы ұшағына отырдым. 

Бакуден менімен бірге Әзірбай жан Прези-

дентінің кеңесшісі Ф.Мұрадалиев және 

Әзірбайжан мұсылмандары бас мүф 

тиі 

Шейх Паше-заде ұшты. Тегеранда бізді 



Иран 

ның ресми адамдары күтіп алды. 

Олар  мен бірге бұрынғы Кеңес Одағы елші-

лігінің кеңесшісі Т.Сүлейменов және бір 

орыс дипломаты да бар. Сыртқы істер 

министрі А.Велаяти сол сәтте-ақ жергілікті 

журналистерге Орталық Азия Республи ка-

ларына барған сапары жемісті болғанын 

мәлімдеді. Иран астанасында бір күн бол-

ғаннан кейін, желтоқсанның 4-і күні төрт 

моторлы үлкен «Боинг» ұшағымен Дакарға 

бет түзедік. Иран делегациясының өзі – 

100-ден астам адам. Өзге елдерден 20 

шақ ты өкіл қосылды, олардың ішінде Ау-

ғанс тан дағы Кеңес әскеріне қарсы соғысып 

жатқан Ауғанстан ұлт-азаттық үкімет бас-

шы лары болды. Иран делегациясын Пре-

зидент Хашеми Рафсанджани өзі басқарып 

барды. ИКҰ жарғысына сәйкес, ресми 

делегация құрамында бес адам болуы 

қажет: мемле кет не үкімет басшысы, сыртқы 

істер минис трі, діннің бір өкілі. Кеңесшілері, 

жәрдем шілері, хатшылары бар – делегация 

құрамы жиырма адамнан аспауы шарт. Бұл 

саммит ке Иран елінің үлкен мән бергені 

соншалық – олардың делегациясы сан 

жағынан ең көбі болды. Жолсапар туралы 

айта кетсем, біз Азияның орталығынан 

ұшып шығып, Африканы түгел басып өтіп

Шығыс жаға лауы нан Атлант мұхитының 

жағалауына бір-ақ секірдік. Маршрут былай 

болды: Иран – Түркия – Сирия – Жерорта 

теңізі – Ливия – Алжир – Мали арқылы он 

екі сағат дегенде Сенегалдың астанасы 

Дакарға келіп қондық.

– Алғаш рет ұйымға мүше мем-

ле кеттер басшыларының саммитіне 

қатысқан кеңестік мұсылман рес пуб -

ли калары өкілін мұсылман елдері 

қалай қабылдады?

– Сенегалдықтар бізді өте жақсы күтіп 

алды. Ең қызығы, Әзірбайжан делегациясын 

және мені ирандықтардың алдын ала 

дайындатқан «Лагуна» қонақүйіне орна лас-

тырды. Ертеңінде саммитті ұйымдасты ру-

шылар одан да жақсы қонақүй дайындап 

қойыпты. Сонымен біздер екі бірдей жайлы 

да сәулетті мейманханаға ие болып қалдық. 

Бұл жолғы кездесу желтоқсанның 5-11-і 

күндері аралығында өтті. Алдымен 5-7 

желтоқсан күндері сыртқы істер министр-

лерінің кеңесі болды. Бұған мен де қатысып, 

алдағы мемлекет басшылары кеңесінің күн 

тәртібі мен талқылайтын мәселелерін қара-

дық. 9 желтоқсанда ИКҰ-ға мүше 45 мем-

лекет және үкімет басшыларының кездесуін 

осы конференцияның төрағасы, Кувейт 

әмірі Шейх Жабер Ас-Сабах сөз сөйлеп 

ашып, фатиха сүресі оқылды. Форумға 12 

халы қаралық ұйымның және БҰҰ-ның де-

ле  гациялары қатысты. Байқаушы ретінде 

Албания, Мозамбик, Солтүстік Кипр Түрік 

Республикасы, Әзірбайжан және біздің 

Республикамыз қатысты. Ұйымның Бас хат-

шысы Хамид Әл-Габид ұйымның үш жылда 

атқарған жұмысы жөнінде баяндама 

жасады. Қазақстан және Әзірбайжан деле-

га цияларының бірінші рет ИКҰ саммитіне 

қатысуға келгендігін бүкіл араб, мұсылман, 

батыс елдерінің ақпарат құралдары әлемге 

жария етумен болды. Расында да, ИКҰ-ның 

отыз жылдық тарихындағы бұл ең алғашқы 

қадамымыз еді. (Ұйым 1972 жы лы құрыл-

ған). Міне, содан бері бірінші рет бұл фо-

рум ға бұрынғы Кеңес Одағының мұсылман 

республикалары өкілдерінің келуі зор ынта 

туғызды. Ал сол күндерде Қа зақстан тәуел-

сіз дігін әлі жариялаған жоқ-тын. Сондықтан 

бұл халықаралық сен сация болды. ИКҰ 

мемлекеттері бізді өздерімен тең дәрежеде 

қабылдап, форум да сөз сөйлеген оннан ас-

там мемлекеттің (Түркия, Иордания, Пәкіс-

тан, Иран, Индо незия, Марокко т.б) басшы-

лары Қазақстан мен Әзірбайжанның бұл 

мәжіліске қаты суын құттықтап, қолдау көр-

сетті, жан-жақ ты жәрдем беретіндіктерін 

мәлімдеді. 



– Ондай болса, осы бір тарихи 

оқиғаның қатысушысы болған 

біздің ИКҰ-ға жасаған алғашқы 

қадамымыздың басты мақсаттары 

туралы айта кетсеңіз?

– Әрине, ең  бастысы,   елімізді мұсыл-

ман әлемімен етене жақындастыру еді. 

«Әлхамдулилла мұсылманбыз» дейтін 

қазақтың ұрпағымыз. Олай болса мұсыл-

ман елдерімен байланыс орнату – біз үшін 

табиғи заңдылық. Мен сол сапарымда он 

шақты елдің делегация басшыларымен 

кездестім. 10 желтоқсан күні арнайы шақы-

ру бойынша Түркия Президенті Тұрғыт 

Озал дың қабылдауында болдым. Менімен 

бірге Әзірбайжан делегациясы қатысты. 

Әңгімеміз түрікше, қазақша, әзірбайжан 

тілінде араласып жатты. Біз түрік халықтары-

ның ұлдары өз ортақ тілімізде сөйлесуге 

алдын ала президенттің хаттамасымен ке-

ліс тік. Француз, араб, орыс тілдерінде сөй-

лесуден бас тарттық. Т.Озал ИКҰ-ға қа-

тысқан қадамымызға ризашылығын біл дір-

ді. «Қазақстан КСРО-дан қашан шыға ды?» 

деген сұрағына мен түсінік бердім. «Прези-

дент Н.Ә.Назарбаев Республиканың тәуел-

сіздігін алуға бел байлады. Ішкі және сыртқы 

жағдайды сараптап, Республикада басқа ұлт 

өкілдері тұратынын да ескеріп отыр. Ин -

шал  ла,  жақын  арада  бостанды ғы мызды  жа-

риялаймыз», – дедім. Тұрғыт Озал жаны-

мыз да тұрған Түркия сыртқы істер министрі 

Четинді шақырып алып, тап сырма берді. 

Қазақстанның Тәуелсіздігін Түркия ең 

бірінші болып мойындап, құттық тауы керек. 

Четин мырза Алматыда Түркияның 

ешқандай өкілдігі жоқ, Мәскеуде ғана 

елшілігінің бар екен дігін баяндады. Сон да 

Тұрғыт Озал Қазақ станға арнайы Анкара 

өкілін, журналистерді жіберуге және түрік 

радио, теледидарының тәулік бойы Қазақ-

стан хабарларын тың дауын тапсырды. Сон-

дықтан да Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі Тәуел-

сіздігін жариялаған сәттен бастап, бір сағат-

тың ішінде Анкара дан Президент Т. Озал қол 

қойған құттықтау жеделхат келіп түсті. Онда 

Түркия Республи касының Прези денті Қазақ-

станның Тәуел сіздігін әлемдік қауымдас-

тық тың толық субъектісі ретінде мойын да-

ғаны туралы айтылды.

Дакар қаласында Палестинаны азат ету 

ұйымының (ПАҰ) төрағасы Ясер Арафатпен 

де кездестім. Ол былай болды: түнгі сағат он 

екілер шамасында «Савана» қонақүйін дегі 

телефон безектеп қоя берді. Тұтқаны 

көтерсем, ар жағындағы кісі өзін ПАҰ төра-

ға 

сының көмекшісімін деп таныстырып, 



ертеңіне сағат 8-де Я.Арафаттың менімен 

кездескісі келетінін хабарлады. 



– Жеті түнде хабарлағаны қалай?

– Оның өзіндік сыры бар. Қай елге, қай 

жерге бармасын Я.Арафаттың қайда түней-

тіндігі алдын ала айтылмайды. Себебі Из-

раиль 

дің «Моссад» барлау басқармасы 



үнемі Палестина халқы лидерінің ізіне түсіп, 

қалайда оның көзін жоюға әрекет жасаған. 

Сонымен, ертеңгісін сағат сегізде ПАҰ төра-

ғасы орналасқан мейманханаға барып 

жолықтым. Я.Арафат Қазақстан мен Палес-

ти на арасында тікелей дипломатия лық бай-

ланыс орнату жөнінде тілек білдірді және өз 

елінің делегациясын Алматыға жібергісі 

келетінін айтты. Қазақстанның өзге араб 

әлемімен байланыстар орнатуына Палести-

на ның әрқашан да көмектесуге даяр екен-

дігін атап өтті. Иә, Арафаттың араб, мұсыл-

ман елдері арасында байла нысы өте жақсы, 

беделі де жоғары еді. Кеңес заманында 

барлық сыртқы саясатты Мәскеу өз қолында 

ұстаған. Одақтас республикаларға шетел-

дер мен байланыс жасауға тыйым салынған. 

Сондықтан да Ясер Арафаттың ұсынысын 

мен елге орал ған соң Президент Н. Назар-

баев қа  жеткіз ді м. 

Желтоқсанның 12-сі күні Иран Президен-

ті Хашеми Рафсанджанидің қабылдауына 

шақырылдым. Ол кісі Иран мен Қазақстан 

арасындағы өзара түсіністік пен экономика-

лық, мәдени қарым-қатынасты қолдай-

тындығын білдірді. Сондай-ақ Ливия деле-

гациясы басшысы Ахмед Аш-Шерифпен

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 

Президенті Рауф Денкташпен, ИКҰ Ғылым, 

оқу-ағарту және мәдениет мәселелері 

жөніндегі бюросының бас директоры, жал-

пы, он шақты ресми кісілермен кездесіп, 

сұхбаттастым. Осының барлығы азаттығын 

алуға талпынып отырған еліміздің бола-

шағы үшін әлемге Қазақстанды таныту мақ-

сатындағы дипломатиялық әрекет еді. 

Қазақ стан тәуелсіздікке жетуі үшін әлемдік 

форумды пайдаланып, араб мұсылман 

елдерінен қолдау табуы керек болды. Бұл 

миссия орындалды.



– Одақтас республикалардың 

алды болып, саммитке қатыстық. 

Қызу қолдауға, жақсы ықыласқа ие 

болыппыз. Олай болса, ИКҰ-ға неге 

ең соңынан мүше болдық?

– Иә, сол сапарда ұйымға мүше 45 мем-

лекет, үкімет басшылары қазақ деген мұсыл-

ман халық бар екенін білді. Қолдады, қуана 

қарсы алды. Тіпті олар біз ұйымға кіру тура-

лы шешім қабылдасақ, келесі сам митті күт-

пей-ақ, басқа рәсімдерді қысқар тып, ұйым-

ға тіркейтіндіктерін жеткізді. «Орта 

лық 

Азия дан бірінші болып саммитке қа тыс тың-



дар, бірін ші болып кіріңдер» деді. Өкініш ке 

қарай, бұл ұсыныс аяқсыз қалды. Кеңес 

идеоло гия сынан шыға қоймаған кейбі реу-

лер  бұл қадамға өре қарсы тұр ды. «Ойбай, 

мұсыл ман елде рінің ұйымы на кірсек, Мәс-

кеу не дейді? Қы тай не айтар екен?» деп, бұл 

мә се лені ысы рып тастады. Осындай жел 

сөз дердің  ықпа лында  кеткен  біздер  бәрінен 

кешіктік.  Өз бе к  стан,  Қыр ғызстан, Тәжікстан, 

Түрік менс тан  және  Әзір байжан  Қазақстан-

нан бұрын ИКҰ-ға мүше болып, бұл ұйым-

ның көп қол дауы на ие бол ды. Біз солардың 

ең соңынан, 1995 жылы ғана мүшелікке 

өттік. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал