Өте жақсы бастама. Сон дық тан алимент төлеумен шұ



жүктеу 0.69 Mb.

бет3/6
Дата12.09.2017
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4   5   6

ӨСІМДІКТЕР СЫРЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

Табиғаттың қыр-сырына қанық ма-

ман дар біздің елімізде алты мыңнан астам 

өсім 


діктің өсетінін айтады. Оның ішінде 

500-ге жуығы дертке дәру берерлік қа-

сиеті бар екен. Біле білген адамға осының 

өзі қаншама байлықтың көзі деп айта 

аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар 

ау дарып жүрген ешкімнің жоқтығы қын-

жылтады. Болмаса, қытайлар секілді біз-

дің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем 

жұрт 

шылығының алдында абыройымыз 



ас қақтар еді ғой. 

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен ем-



Басы 1-бетте

КЕРЕК ДЕРЕК

 

Дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне 

пай 

далану атам заманнан жалғасып 

ке леді. Бағзы замандарда Египет жұр ты 

алоэ, қараған, анис және басқа өсім-

діктердің шипалық қасиетін білген. Төрт 

мыңдай жыл бұрын үнділіктер 760 

дәрілік өсімдікті халық еміне пай 

да-

ланыпты. Қытайда бұл мақсатта тұң ғыш 

кітап 5 мың жыл бұрын жа зыл ған.

Бақытжан САРМОЛДАЕВ, 

Қазақстан халық емшілер қауымдастығының мүшесі:

– Мен Қытай еліне бірнеше мәрте ба рып қайттым. Ондағы дәрілік өсім дік-

термен емдеу ісі өте жоғары дең гей де. Олар әрбір өсімдіктің шипалық қа сиетіне 

ерекше мен береді. Оған ке ңін ен қолдау көрсетіліп жатады. Осын дай жұмысты 

бізде де қолға алуға бо 

лады емес пе? Ата-бабамыз да түрлі шөп 

тің емдік 

қасиеттерін білген. Өкі ніш тісі, бұл тұрғыда арнайы насихат бол май тұр.

деу ісіне медицина тарапынан күні бү гінге 

дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының 

салдарынан жұртшылық оны тұ ты ну ісіне 

қорқа қарайтыны шындық. Се бе бі кезінде 

жүргізілген саясаттың сал да рынан дәрілік 

өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы 

секілді болып жұрттың жадында жатталып 

қалған.  Де ген мен  осы  іс ті  әрі  қарай 

дамытып жүрген ел 

дер бар емес пе? 

Ендеше, несіне тар тын шақтай бе реміз? 



Қызылорда облысы

АЛАШ-АҚПАРАТ



Жақында Ақтөбе облыстық 

ішкі істер басқармасының 

ұйытқы болуымен жас 

мамандардың слеті өтті. 

Аталмыш шараның басты 

мақсаты – жұмысқа енді 

орналасқан жас қызметкерлердің 

кәсіби шеберлігін шыңдау. 

Басқосуға аймақтың ұзын 

саны 12 ауданынан 200-ге 

жуық полицей қатысып, өзара 

тәжірибелерімен бөлісті. 

44 жылдан кейін 

қайталанған 

жиын 

Мұндай мазмұндағы жиын осыдан 

тура 44 жыл бұрын, яғни 1967 жылы 

ұйым дас ты рылған екен. Бұл туралы бізге 

осы са ла да ұзақ жылдар бойы еңбек еткен 

Лескен Із  банов айтады. Оның пайымынша, 

жас ма мандардың тәжірибе алмасуы үшін 

слет тердің жиі өткізіліп тұруы қажет-ақ. Өз 

ке зегінде аталмыш департаменттің бас-

тығы Патрис Нокин де бұл басқосудың 

жастарға берері көп екенін айтып өтіп, 

алдағы уақытта слеттің жыл сайын 

ұйымдастырылатынын уәде етті.  

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, 

жыл басынан бері зауыт полиция бөлімінің 

өзіне 21 жас қызметкер жұмысқа қа был-

данған. Жиын барысында жоғарыда атал-

ған бөлімнің қызметкері Асхат Сисембаев 

ша раға қатысты өз ойын білдіріп, бас-

шылыққа өз ризашылығын жеткізді. 

– Бұл ұрпақтар сабақтастығының ай-

қын көрінісі екені айдан анық. Аға буынның 

ор 

нын білімді һәм білімді қызметкер 



басып, жылдар өте келе кейінгі ұрпаққа 

табыстайды. Меніңше, мұндай шараның 

тек қана жас маманға емес, тәжірибесі 

мол ардагер-полицейлерге де пайдасы 

ұшан-теңіз. Себебі осы слетке қатысқан кез 

кел ген жас маманға кемінде 25-30 жыл 

қыз мет еткен полицей болашақта атқа ры-

лар жұмыстары жөнінде жан-жақты баян-

дап қана қоймай, бастан кешкен қызықты 

оқи ғаларымен де бөліседі, – дейді А. Нұ-

рахметұлы. 

Тоқтала кеткеніміз жөн, осыдан екі жыл 

бұрын ТМД басшыларының бірлескен бас-

қосуында Елбасы Нұрсұлтан На зар баев-

тың өзі осы саладағы қызметкерлерге 

арналған кешенді бағдарламаны әзірлеу 

ту ралы Үкіметке тапсырма берген-ді. Бас-

қар ма белсенділерінің пікірінше, слет – 

атал мыш жастар бағдарламасының жал-

ғасы іспетті. Дерекке сүйенсек, өткен жылы 

осы басқосудың арқасында 134 қыз-жігіт 

полицей атанған көрінеді. 



Бекзат БЕРІКБОЛОВ, 

Ақтөбе

Пойыз астына 

түсіп, фәнимен 

қоштасты

Қызылорда облысы Жаңақорған ау да-

нын дағы «Бесарық» ауылының тұрғындары 

10 мамыр күні түс әлетінде дүрлікті де қал-

ды. Бұл елді мекен таспадай тартылған те-

мір жолдың бойында қоныс тепкен. Сол 

кү ні сағат тілі 12.15-ті көрсеткенде 34 жас-

та ғы әйелдің бұл жалғаннан татар дәмі тау-

сыл 

ды. Ол «Ташкент-Уфа» аралығында 



қа тынайтын №381 жолаушылар по йы зы-

ның астына түскен. 

Облыстық төтенше жағдайлар де пар-

та ментінің хабарлауынша, әлгі әйел сол 

жер де тіл тартпастан қайтыс болды. Атал-

мыш оқиға неліктен орын алды? Жолау-

шы лар пойызының астына түскен азаматша 

сал ғырттық салдарынан өмірден өтті ме? 

Әлде, ол қадамға әдейі өзі барды ма екен? 

Оның себеп-салдары құзырлы орындар 

тарапынан зерттелу үстінде. 

Мұндай жағдай теміржол бойында жиі 

орын алып жатады. Оған көбінесе адам-

дар дың жол бойында жүру ережелерін 

сақтамауы себепкер болып жатады. Сала 

қызметкерлері азаматтардан сол себепті 

әр дайым сақтық шараларын ұмытпауды 

сұ райды. 



Әділжан ҮМБЕТ,

Қызылорда облысы

Атамыз қазақ «Сақтансаң 

Құдай сақтайды» деген екен. 

Кейде осы қағиданы естен 

шығарып аламыз. Осының 

салдарынан кейбір адамдардың 

өмірі келтеден қиылып жатады.

ЖАҢҒЫРЫҚ


2011 жылғы 11 мамырда 

Алматы облыстық әкімдігінде 

облыс әкімінің бірінші 

орынбасары Амандық 

Баталовтың Талғар ауданына 

орналасқан жер телімін 

заңсыз басып алу акциясына 

қатысушылармен кездесу 

өтуі керек болатын. Алайда 

белгіленген мерзімдегі кездесуге 

акцияға қатысушылардың бірде-

бір өкілі келмеді.

Баталов болған 

оқиғаға орай 

түсінік берді

1-2 мамыр күндеріндегі оқиғаға орал-

сақ, Алматы қаласының «Думан» шағын-

ау данының тұрғындары көршілес жатқан 

жер телімін заңсыз басып алып, оны же ке-

мен шіктеріне беруді талап еткен болатын. 

Оқи ға орнына келген облыстық әкімдік 

өкіл дері туындаған мәселені шешу үшін 

ар найы кездесу өткізу туралы бастамашыл 

топ пен келіскен еді. 

Амандық Баталов акцияға қатысушы 

та раптың кездесуге келмегеніне қа ра мас-

тан, жиынды өткізіп, мәселенің мәнісін бы-

лай ша түсіндірді: «Алматы-Талғар» ав то-

жо лының бойындағы «Думан» шағын ау-

да нының солтүстігінде жатқан 75,1 га жер 

ер теректе бұрынғы ұжымшарға қараған. 

Ұжым шарлар мен кеңшарлар тараған ке-

зең де бұл жер ауыл шаруашылығы жұ мыс-

шы ларына шартты жер үлесі ретінде бө-

лініп берілген. Ауыл шаруашылығы жер-

ле ріне жекеменшік құрылымы енгізілуіне 

бай ланысты аталмыш жер телімінің же ке-

леген бөлігі жекеменшікке сатылған немесе 

са тылым  нысаны  болған». 

Тұрғын үй мәселесінің шешілуі «Ең бек-

пен қамту – 2020» бағдарламасында да 

қам тылған. Алматы облысында осы бағ-

дар лама аясында экономикалық даму нүк-

тесі ретінде Қорғас ауылына – 800 отбасы, 

Же тіген-Қорғас теміржолы пайдалануға 

бе рілген кезде – 120 отбасы, Гейт сити іс-

кер лік орталығы құрылысы кезінде – 300 

от басы және Талдықорған қаласының оң-

түс тік өндіріс аймағын дамыту кезінде – 30 

отбасы, жалпы саны 1250 отбасы көшіп, 

орналасатын болады деп жоспарлануда. 

«Думан» шағынауданының тұрғындары 

тұрғын үй алуды және қосымша білім 

алып, жұмыс табуды қаласа, біз осы бағ-

дарлама арқылы оларға экономикалық 

даму аймағындағы осындай мүмкіндіктерді 

ұсы натын едік», – деді А.Баталов.

Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Алматы облысы

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ



Алаяқ 

әйелдер 

құрықталды

Үш адамнан құрылған топ 30 бен 40 

жас аралығындағы әйелдерден тұрады. 

Полицейлердің ақпаратына қарағанда, 

олар бұрын сотталған. Әккі қылмыскерлер 

пәтер жалдап, сол арқылы түрлі заңсыз 

әрекеттерін іске асырған. Өздері жалға 

алған жылжымалы мүліктерді өзгелерге 

жалға бермек болып, алдын ала ақшасын 

алып, із жасырып отырған. Алаяқтардың 

қармағына түскендердің бірі қала 

орталығынан 5 мың долларға пәтер алмақ 

болған. «Б» есімді қала тұрғыны алдын ала 

кепілдік ретінде күдіктілердің қолына 85 

мың теңге ұстатқан. Ақша да, пәтер де жоқ. 

Ол алданғанын біліп, дереу полицияға 

хабарласқан. 

Тимур ПАЗЫНА, ІІБ орталық полиция 

бөлімінің аға тергеушісі:

– Олар пәтерлерді жалға алып, 

қала тұрғындарына өздерінің мүлкі 

ретінде жалға беріп тұрған. Пәтерлер 

арзан бағамен жалға берілетіндігін 

естігеннен кейін тұтынушылар да тез 

табылған. Үйдің ақысын күдіктілер 

алдын ала алып отырған көрінеді.

 

Бауыржан МЫРЗА, 



Семей

Соңғы кездері Семейде 

алаяқтық оқиғалары жиі кездесіп 

жүр. Полицейлер тіркеп отырған 

соңғы факт мүліктік алаяқтыққа 

қатысты. «Аңқау елге арамза 

молда» демекші, жұрттың 

сенгіштігін пайдаланған айлакер 

әйелдер талайдың қалтасын 

қағып үлгеріпті.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№79 (531) 12.05.2011 жыл, бейсенбі           



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

НАРЫҚ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ұшақпен не болса, соны алып жүруге болмайды

Тексеруге тосқауыл қойылады

Астана қаласының прокуратурасы 

хабарлағандай, бұдан былай кәсіп-

керлер жүргізілетін тексерудің дұрыс-

бұ рыстығын анықтай алады. 

Ол үшін www.pravstat.kz сай-

тындағы «Кәсіпкерлерді тексеруді 

тіркеу жөніндегі ақпарат» бөлігіне 

кіріп, актіде көрсетілген нөмірді 

көрсетілген тұсқа жазып, тексеретін 

органның атауын, тексеру себебі мен 

мерзімін, сонымен бірге тексеретін 

тұлға туралы мәлімет алуға болады. 

Осындай ақпаратты 1012 нөмі-

ріне жазып, sms жіберіп те білуге 

болады. 


Сонымен қатар Астанада кәсіпкер 

құқығын бұзушылықты болдырмау 

мақсатында арнайы шұғыл топ жұмыс 

істейді. Оның құрамында прокуратура 

қызметкерлері, БАҚ және кәсіпкерлер 

құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық 

бірлестік өкілдері енген. 

Астана прокуратурасының сенім 

телефоны: 71-24-36

Соңғы жылдары кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасалып 

жатыр. Бірақ түрлі органдар тарапынан жүргізілетін тексерулер әлі де 

көп. Осы тұрғыда қолға алынған шаралар бар ма?

Кәмила КӘРІБЖАНОВА, Астана

Жуырда ғана елімізде азаматтық авиа-

көліктермен тасымалдауға тыйым салын-

ған заттардың тізімі қайта бекітілді. Тізімде 

қопарылғыш және басқа да қауіпті қон-

дырғылар, радиоактивті заттар, есірткі 

атаулы, сығымдалған және сұйытылған 

газдар, тез тұтанатын сұйықтар мен заттар, 

тұтанғыш қатты заттар, улы және улағыш 

заттар, инфекциялық және биологиялық 

қауіпті материалдар, құрамында сондай 

заттары бар бұйымдар мен заттар, 

күйдіргіш және тотықтырғыш заттар бар.

Сондай-ақ қол жүкпен және жүк са-

латын бөлімде алып жүруге тыйым 

салынған қауіпті заттар мен бұйымдар: 

қарудың барлық түрлері, соққы беру-

ұсақ тауға жарамды бұйымдар мен үшкір 

заттар, оқ-дәрілер. Қол жүкпен алып 

жүруге тыйым салынатын қауіпті заттар 

мен бұйымдар: сыйымдылығы 100 мл-

ден асатын контейнерлердегі сұйықтар; 

құрамы белгісіз сұйықтар мен заттар.

Қаулыда ҚР Көлік және коммуникация 

министрлігі осы қаулыдан туындайтын 

шараларды қолдануы тиіс деп көрсетіл-

ген.

Өткенде ұшаққа отырып едім, «алып жүруге болмайды» деп бір затымды 

алып қалды. Олай етуге қақысы бар ма? 

Нұрлан ТІЛЕУОВ, Алматы қаласы

ТР

АНЗИТ



ТІК ҚАРЫМ

Мемлекетке табыс әкелуші саланың бірі 

– шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың 

орнына, біздегі мемлекеттік органдар олар-

ды өзінің «жемтігі» қылып алғаны жасырын 

емес. Бұл жайт Елбасының құлағына дейін 

жеткен-тұғын. Соған байланысты Мемлекет 

басшысы биылғы Қазақстан халқына 

Жолдауында Үкіметке әкімшілік реформа 

аясында бизнеске түсетін әкімшіліктік 

ауырт палықты азайтуды, рұқсат беру жүйе-

сін, соның ішінде лицензиялауды, серти-

фикаттауды, аккредитациялауды одан әрі 

оңайлатуды нықтап тапсырған болатын. 

Елбасы өз сөзінде мұның үлкен саяси шешім 

екенін де баса айтқан еді. Бір айдың ішінде 

міне, осы міндетті жүзеге асыруда Үкімет 

Қазақстандағы рұқсат беру саласындағы 

ұлттық заңнаманы мейілінше жетілдіруді 

мақсат етіп, осы бағытта заң жобасын әзір-

леп, өз ұсыныстарын енгізген болатын. 

Атал ған заң жобасы бес бірдей кодекске

49 заңға өзгерістер енгізуді қажет етеді. 

Қазір осы бағыттағы жұмыстар Мәжілістің 

екі палатасымен қызу жүргізіліп жатыр 

екен.


«Мемлекет басшысының тапсырмасын 

орындау мақсатында лицензиялық рұқсат 

беру жүйесі мен мемлекеттік органдардың 

бақылау-қадағалау қызметін реформалау 

туралы ұсыныстар әзірленді. Олар Экономи-

калық саясат жөніндегі кеңестің таяудағы 

отырысында қаралатын болады. Рұқсат ету 

жүйесі бойынша жұмыстар екі кезеңде 

жүзеге асырылады. Сараптамалық топтың 

кестесіне сәйкес, 10 мамырдан бастап рұқ-

саттарды қарау бойынша мемлекеттік 

органдардың ұсынысын қарау басталды. 

Жұмыстың бірінші кезеңінің қорытындысы 

бойынша Мемлекет басшысына нақты 

ұсыныстарды көрсетіп, ол мақұлданғаннан 

кейін тиісті заң жобасы әзірленіп, үстіміздегі 

жылдың үшінші тоқсанында Парламентке 

қабылдауға ұсынылады», – деді экономика-

лық даму және сауда министрі Қайрат 

Келімбетов осы аптадағы арнайы баспасөз 

мәслихатында аталған мәселеге байланысты 

көзқарасында.



Бақберген ДОСМАМБЕТОВ, сенатор:

– Елбасы таяудағы Үкіметтің оты-

рысында: «Бізге «рұқсат жоқ» дегендерден 

басқасының бәріне рұқсат беріледі»  деген 

қағида тұрғысынан жұмыс істеу керек», – 

деп мәлімдеді. Әсіресе, кәсіпкерлік сала-

сында. «Бизнесті негізсіз тексеруді доғару 

керек, осыны заң шеңберінде нақтылау 

қажет», – деп Елбасы Үкіметке тапсырма 

берді. Осыған сәйкес ,Сенатта таяуда 

лицензиялық рұқсат беру жүйесіне бай-

ланысты заң жобасы қарастырылды. Оған 

енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 

бизнестегі әкімшілік кедергілерді жоюға, 

тексерулерді азайтуға бағытталды деп нық 

айта аламын. Осы жағынан енді бизнес 

үлкен жеңілдікті сезінуі тиіс. 

Ал мұндағы өзгерістердің жаңашылдығы 

қандай дегенге келетін болсақ, бұл арада 

алдында аталған заң жобасын Сенатта қор-

ғаған бұрынғы экономикалық даму және 

сауда министрі Жанар Айтжанованың сөзін 

келтіре кеткен жөн болар: 

– Мұнда, біріншіден, қолданыстағы 1 

мың 15 рұқсат беру құжаты рәсімдерінің 

331-і немесе 30 пайызы қысқартылады. 

Оның ішінде, лицензиялау қызметтерінің 

20 түрі, сертификаттаудың 20 түрінің бесеуі, 

аккредиттеудің сегіз түрінің екеуі, рұқсат 

берудің 131 түрінің 44-і жойылады, қол да-

ныстағы 184 келісудің 134-і және өзге де 

құжаттардың 48-і қысқартылады. Екіншіден, 

лицензияланатын қызмет түрлері шеңберін-

де қоршаған ортаны қорғау мен ауыл ша-

руашылығы саласындағы субъектілер аясын 

азайту көзделеді. Заң  жобасы қабыл-

данғаннан кейін астық және мақта қабыл-

дайтын ұйымдардың тек астық және мақта 

қолхаттарын беру қызметтерін көр сетуі ғана 

лицензияланады. Ал осы саладағы қазіргі 

қолданыстағы лицензиялар түгелге жуық 

Енді отандық бизнес 

мемлекеттік органдар 

тарапынан жүргізілетін ұдайы 

тексерулерден арылып, 

қағаз бастылықтан  да 

құтылады. Иә, еліміздің биз-

нес қауымдастығының осы-

лайша жолын ашуды көздей-

тін мұндай заңнамалар күзде 

қабылданып қалады деп 

күтіліп отыр. Олар – Қазақ-

стандағы рұқсат беру сала-

сындағы ұлттық заңнама 

және «Уәкілетті мемлекеттік 

органдар мен Үкіметтің тек-

серілетін субъектілерге қойы-

латын талаптарды белгілейтін 

нормативтік құқықтық 

актілерді қабылдау құзы-

реттерін қайта қарау мәселе-

лері бойынша өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы» 

заң жобасы. Осы екі заң 

жобасы аясында мемлекеттік 

органдардың бақылау-

қадағалау қызме тінде 

реформалау жүргізілмекші.

Кәсіпкерліктің көсегесін көгертетін 

заң жобалары қабылданады

қысқарады! Үшіншіден, рұқсат беру құжат-

тарын алуға байланысты уақыт және қара-

жат шығындарын азайтуға бағытталған 

рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету шарасы 

көзделіп отыр. 

Бұл арада аталған үшінші мәселенің 

түсініктемесіне келер болсақ, ол «жалғыз 

терезе» қағидатына сүйенеді. Мәселен, 

бүгіндері лицензия алғысы келген тұлға 

құжаттарды келісу үшін алты мемлекеттік 

органның табалдырығын тоздырса, енді 

аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін 

тек бір мемлекеттік органнан лицензия 

алынатын болады. Сол секілді өтініш беруші 

нотариуске барып, қызметіне сұраған 

ақшасын төлеп, өзінің барлық тапсыратын 

құжаттарын нотариалды куәландыруға 

міндетті екені белгілі. Енді бұл талап заңнан 

алынып тасталынады екен. 

Жалпы алғанда, Үкіметтің есебі бойын-

ша, осы заң жобасы қабылданғаннан кейін, 

еліміздегі рұқсат беру құжатының айналымы 

жылына бірден 800 мыңнан астам данаға 

азаяды деп болжанып отыр. 



Виктор ЯМБАЕВ, Алматы кәсіпкерлер 

қауымдастығының президенті:

– Сертификаттау саласындағы былық-

шылықты, әкімшілік кедергілердің қасақана 

жасалып отырғанын Алматы кәсіпкерлер 

қауымдастығының айтып келе жатқанына 

10 жылдың жүзі болды. Бір мәселені нықтап 

қайта-қайта айта беру үшін қандай жүйке 

керек екенін білесіз бе?.. Бірақ соған қа-

рамастан, әрбір мәселені біз жекелей 

жеткізуге тырысып жатырмыз. Жалпы, рұқ-

сат беретін құжат тұтынушы үшін кепілдік, 

бәсекелестеріміз үшін – құрметтеу, өзіміз 

үшін мақтаныш нысаны болуы керек. Ал 

біздегі бұл қағаз ондай қасиетке ие емес. 

Өйткені оны саудалаушы құзырлы мем-

лекеттік органдар үшін ол ақша алудың 

құралы ғана. Кейде сол қағаздардың өзі 

жарамсыз болып жатады. Ол үшін де біз 

кінәлі болып шығамыз, ал оған қанша 

ақшамыз бекерге кеткендігінде ешкімнің 

шатағы жоқ. Бізде мейрамханаға да, 

далада шай ішетін ашық алаңқайға да 

бірдей сертификат беріле береді. Екеуінің 

айырмасы жер мен көктей, бірақ берілген 

сапа сертификаты бірдей. Бұл ақылға 

қонымды ма?.. Қалай дегенмен де бұл 

ретте жоғарыда қандай да бір жылжудың 

болып жатқаны көңіл қуантады. Онда 

әрине, біз айтып жүрген мәселелер қам-

тылып жатса, игі болар еді.

Бектұров мырзаның мәлімдеуінше, 

болашақта қазақ елі транзиттік әлеуетін 

жетілдіремін десе, осы саладағы мемлекет 

пен жекелеген инвесторлар арасында 

серіктестік нығаюы керек. Бұған қатысты 

вице-министр Азат Бектұров:

– Өкінішке қарай, бұл мақсатта әлі де 

жүйелі жұмыс істей алмай отырмыз. Біз 

осыдан бірнеше жыл бұрын транзиттік 

қары 

 

мымызды дамыту мақсатында бір-



шама істерді қолға алдық. Елімізде 2011 

жылдан бастап ақылы жолдар қыз 

меті 

жұмыс істеуі керек-ті. Десек те, осы халық-



аралық ақылы көлік жолдарына жекелеген 

инвесторлар тарапынан инвестиция салу 

– жоқтың қасы. Бүгінде ақылы жолдар 

құрылысы тек бюджет қаржысына 

салынуда. Ал бұл орайда шетелдік және 

отандық инвесторлар тарапынан жол 

құрылысына айтарлықтай инвестиция 

салынып жатқан жоқ, – деді.

Жалпы, аталмыш министрлік өкілі өз 

сөзінде: «Автомобиль жолдары» туралы 

заңның «Ақылы автомобиль жолдары» 

бөлі 


міне өзгеріс енгізіп, заң аясында 

жекелеген инвесторларға деген талапты 

күшейту қажеттілігін баса айтты. Сөйтіп, 

«заңға өзгеріс енгізу арқылы инвестор-

ларды ақылы жол құрылысына жұмылдыру 

керек» деген шенеунік мырза, жуырда 

Астана-Бурабай ақылы жолы іске қосы-

латынын, мұндай халықаралық ақы 

лы 

жолдардан ел бюджетіне кіріс көзі енуі тиіс 



екенін құлаққағыс жасады... Алайда нақ 

осы жайтқа қатысты отандық сарапшылар 

«еліміздің ақылы жолдарды табыс көзіне 

айналдыруға әлі де дайын еместігін» 

дегенді де алға тартады. Бұл турасында 

экономист-ғалым Атамұрат ШӘМЕНОВ:



– Ақылы жолдар қызметі әлемдік 

тәжірибеде бар. Мұны сауатты меңгерген ел 

ешқашан зиян шекпейді. Қазірде ақылы 

жолдарды көбейту арқылы Еуропа елдері 

айтарлықтай табысқа кенеліп отыр. Ал 

Қазақстанның жағдайында нақ қазір 

халықаралық ақылы жолдар қызметіне 

жүгіну бюджетке кіріс әкеледі деп нық 

сеніммен айту қиын. Себебі, біріншіден, 

бізде Еуропа елдерімен салыстырғанда 

көлік саны аз. Күні ертең ақылы жолдарды 

даңғарадай етіп салып тастадық делік, бірақ 

оның ақысын кімге төлетеміз? Екіншіден, 

бюджетке кіріс түсуі үшін ақылы жолдар 

өзін-өзі ақтауы керек. Бұл жерде халықтың 

орналасу тығыздығы, жолды пайдалану 

барысында қарапайым халықтың қалтасына 

салмақ салынбау жағы ескерілуі керек. 

Ақылы жол сол өзін-өзі ақтауы үшін жолдың 

қызметіне жүгінетін көліктер саны көп 

болғаны абзал. Өкініштісі, біздің жеріміздің 

ауқымы кең, ал сол жерді пайдалану жағына 

келгенде әлеуетіміз аз. Осы мәселені шешіп 

алу керек. Ал жол ақысынан түскен қаржы 

жол жөндеу құрылысына қайыра салынып 

отырса жөн болар еді, – дейді. 

Негізінен, ақылы жолдар төңірегінде 

мамандар қазірде елдегі жолдар халықтан 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал