Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/31
Дата18.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ 
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІ 
СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ 
  
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ 
КАЗАХСТАН 
УНИВЕРСИТЕТ АЛМАТЫ 
ОТДЕЛ НАУКИ И МЕЖДУНАРОДНЫХ СВЯЗЕЙ 
СТУДЕНЧЕСКОЕ НАУЧНОЕ ОБЩЕСТВО 
 
«БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ 
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» 
атты  студенттер мен жас ғалымдардың  
ІІ-ші Республикалық ғылыми-практикалық  конференциясының 
М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы 
 
 
 
 
 
М А Т Е Р И А Л Ы 
II- ой Республиканской научно-практической конференции  
студентов и молодых ученых 
«ФОРМИРОВАНИЕ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ 
КУЛЬТУРЫ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ» 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2016 


 
ӘОЖ 001 (063) 
КБЖ 72.3 
Б 73 
Редакция алқасы 
 
Бас редактор: 
 
С.Қ.  Шілдебай,  Алматы  университетінің  ректоры,  тарих 
ғылымдарының кандидаты 
 
Бас редактордың орынбасары 
 
Ә.Д. 
Қариев, 
Алматы 
университетінің 
ғылым 
және 
халықаралық  байланыстар  бөлімі  бастығы,  педагогика  ғылымдарының 
магистрі 
 
Б 73 
«Болашақ  мамандардың  ғылыми-зерттеу  мәдениетін  қалыптастыру» 
атты    студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ІІ-ші  Республикалық  ғылыми-
практикалық    конференциясының  материалдары.  Бас.  ред.  С.Қ. 
Шілдебай – Алматы: Алматы университеті, 2016. -  388 б. 
 
 
 
ISBN 978-9965-658-47-1 
 
«Болашақ 
мамандардың 
ғылыми-зерттеу 
мәдениетін 
қалыптастыру»  атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ІІ-ші 
Республикалық  ғылыми-практикалық      конференциясы  ғылымның 
бүгінгі  даму  бағыттары  мен  зерттеу  тәсілдері  және  іздену  мәдениетіне 
арналған. 
Жинақ  мазмұнын  республиканың  ЖОО    студенттері  мен  жас 
ғалымдардың  және  колледж  студенттері  мен  мектеп  мұғалімдерінің 
баяндамаларының  тезистері  құрайды.  Баяндамалардың  мазмұны  
ғылымның  психология,  педагогика,  филология,  тарих,  жаратылыстану, 
информатика,  экономика  және  заң    салалары    бойынша    жан-жақты 
мәселелерді қамтиды. 
 
 
Мақалада  берілген  ой-тұжырымдардың  мазмұны  мен 
грамматикалық,стильдік  қателеріне  редакциялық  алқа  жауап 
бермейді. 
 
ӘОЖ 001 (063) 
КБЖ 72.3 
Б 73                                                                            ISBN 978-9965-658-47-1 
  © Алматы университеті, 2016 ж. 
 


 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Құрметті әріптестер және конференцияға қатысушы қонақтар! 
Бүгінгі  «Болашақ  мамандардың  ғылыми-зерттеу  мәдениетін 
қалыптастыру»  атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ІІ-ші 
Республикалық  ғылыми-практикалық  конференциясына  қош  келдіңіз-
дер! 
Қазірде  әлемдік  ғылым  кеңістігінде  Қазақстан  ғылымының 
өзіндік  орны  бар.      Ғалымдарымыздың  ерен  еңбектері  дүние  жүзілік 
ғылым кеңістігін толықтыруға өз үлестерін қосуда. Бүгін де ғылым мен 
білім  беру  саласы  Президентіміз  бен  Үкіметіміз  тарапынан  жан-жақты 
қамқорлыққа алынуда.  
Жас  ұрпаққа  берілетін  білім  мен  тәрбие  саласы  – 
Тәуелсіздігімізді  баянды  етудің  басты  тетіктерінің  бірі.  Тәуелсіздік  – 
тәңірдің  біздің  ұрпаққа  берген  үлкен  бақыты,  халқымыздың  мәңгілік 
құндылығы.  Біз  бүгінге  дейінгі  дербес  елдік  жетістіктерімізге 
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 
Ғылым  мен  білім  беру  жүйесі  заман  ағымына  қарай  ұдайы 
жетілдіріліп,  жаңартылып  отыруды  қажетсінеді.  Қазақстанның  қазіргі 
кездегі  экономикасы  ғылым  мен  инновациялық  саланы  халықаралық 
стандарт  талаптарына  сай  қарастыруды  талап  етеді.  Қазақстанның 
болашағы  –  ғылымда. 
Елбасы  өзінің  әр  жолдауында  жастардың  болашаққа  деген 
сенімін  айқындап,  қажырлы  еңбек  ете  отырып,  келешекті  кемел  ету 
жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтуда. Болашақта тәуелсіз 
еліміздің  тұғыры  биік,  қарыштап  дамуы  үшін  сапалы  білімі,  саналы 
тәрбиесі бар отан сүйгіш жастардың ғана, бар белесті бағындырары хақ.  
2016  жылы  Алаш  қайраткері  Ә.Бөкейхановтың  150  жылдығы, 
Алматы  қаласының  1000  жылдығы,  Тәуелсіздігіміздің  баянды 
болғандығының 25 жылдығын тойлау қарсаныңда тұрмыз. 
Құрметті  конференцияға  қатысушылар!  Бүгінгі  конференция 
аясында  көкейкесті  ғылыми  мәселелер  көтеріліп,  жаңа  идеялар  мен 
ұтымды  ұсыныстар    айтылады  деп  сенеміз.    Болашақ  жастардың 
қолында,  сондықтан  Сіздер  ғылымның  сан-саласында  көтерген 
мәселелерді  ғылыми  тұрғыдан  талдап,  тұжырым  жасайды  деп 
ойлаймыз. 
Құрметті  қонақтар!  «Болашақ  мамандардың  ғылыми-зерттеу 
мәдениетін қалыптастыру» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІ-ші 
Республикалық  ғылыми-практикалық    конференциясын  ашық  деп 
жариялауға рұқсат етіңіздер! Қонференция жұмысына сәттілік тілейміз! 
 
С.Қ. Шілдебай,  
Алматы университетінің ректоры, т.ғ.к. 


 
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСТІҢ БАЯНДАМАЛАРЫ 
ДОКЛАДЫ ПЛЕНАРНОГО ЗАСЕДАНИЯ 
 
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЛЕМ - ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК  
 
БЕРІКБОЛҚЫЗЫ Ж. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 
мамандығының  3 курс студенті  
Ғылыми жетекшісі: ТҰРҒАНБАЕВА Б.Ш. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 
университетінің доценті, п.ғ.к.  
 
XXI  ғасыр  техниканың  дамуының  шарықтау  шегіне  жеткен, 
даму,  өркендеу,  жалпы  айтқанда  техника  ғасыры.  Бір  кездері  адам 
баласына  арман  болған,  қиял-ғажайып  дүниенің  барлығы  қазір 
күнделікті  тұрмыста  қолданыста.  Біздің  қоғамның  дерті  ғаламторда 
жатыр. Рас, интернет әлемдік ғылымды тез меңгеруге жағдай жасайтын 
негізгі  және  ең  мықты  құралдың  бірі.  Шамамен,  соңғы  бес  жылдың 
көлемінде  біздің  елімізде  де  интернет  желісі  кеңінен  тарап,  дами 
бастады.  Бірақ,  өкінішке  қарай,  пайдалы  жақтары  бар  десек  те,  мұның 
зияндылығы  соңғы  жылы  басымырақ  тәрізді  сезілуде.  Неге  десеңіз, 
біздің  болашағымыз  –  жаңа  ұрпақ,  бүгінгі  буын  қайраткер,  қаламгер 
Мұхтар Шаханов айтпақшы, компьютер басты адамға айналып барады. 
Яғни,  балаларымыз  бен  жастарымыз  ғаламторға  мықтап  байланған, 
интернет  олардың  есі-дертін  жайлап  үлгерген,  тіпті  шамадан.  тыс. 
Бұлай  дабыл  қақпасқа  амал  жоқ.  Өйткені,  сіз  болашағыңыздың  қандай 
болатынын нақ қазір көргіңіз келсе, оғансәуегейлік жасамай-ақ, бүгінгі 
ұрпақтың қалай және қай бағытта өсіп келе жатқанын байқасаңыз жетіп 
жатыр.Интернет-  бүгінгі  күнде  ұлы  құбылыс.Осы  бір  керемет  желінің 
ресурстарын  пайдаланбайтын  заманауи  адамды  елестетудің  өзі  мүмкін 
емес. [1]  
Интернет  дегеніміз-дүниенің  әр  түпкіріндегі  тұтынушыларды 
бір-бірімен  мәлеметтер  қоймасы,  бейнелер  және  дыбыстар  жазбалары 
арқылы  жеңіл  байланыстыратын  дүниежүзілік  желі.  [2]    Интернет 
ұғымы  ХХ  ғасырдың  аяғында  пайда  болса  да,  жүрдек  пойыздың 
жылдамдығын  еске  салатындай  жедел  қарқынмен  кең  қанат  жайып 
келеді.  Әйгілі  Ер  Төстік  ертегісінде  Төстік  жыл  санап  емес,  ай  санап, 
күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты 
дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп 
санауға  болады.  Интернет  1960  жылдары  АҚШ-та  дүниеге  келдi.  Оны 


 
соғыс  бола  қалған  жағдайда  бір-бірімен  телефон  арналары  арқылы 
қосылған  компьютер  желілерімен  байланысып  отыру  үшін  АҚШ-ның 
орталық  барлау  басқармасының  қызметкерлері  ойлап  тапқан. 
Алпысыншы  жылдардың  аяғында   Пентагон  ядролық  соғыс  бола 
қалғанда  компьютер  желісінің  үзілмеуі  үшін  арнайы  жүйе  жасады, 
тәжiрибенiң  ойдағыдай  жүргiзiлу  барысында  ARPA  net  желiсi  пайда 
болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы 
үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет  
еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.  
Сексенінші  жылдардың  басында  «Интернет»-  деген  термин 
пайда болды. Бұл  ағылшынның   халықаралық  желі  деген  сөз. Қазіргі 
кездегі  әлем-бұл  ақпараттық  әлем.  Оның  ерекшелігі  сонда,өте  қысқа 
уақыт  аралығында  адамға  деген  ақпараттық  салмақ  анағұрлым  артып 
кетті.   Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Интернет күнделiктi тұрмыс пен  
жұмыстың    айнымас   құралына   айналып   келедi.  Интернетті  дұрыс 
мақсатқа  пайдалансаң,  ісің  де  оңынан  болады,  құлашың  да  кеңге 
жайылады.  Ал  егер  теріс  бағытқа,  пайдакүнемдікке,  қарау  ойлы 
мақсатқа,  т.с.с.  жасөспірімдерді  аздыруға  қолдансаң,  оның  жайы  бір 
басқа.  Яғни  терроршылдық,  экстремистік,  дінбұзарлық,  қоғамға  жат 
сананы  насихаттау  секілді  әрекеттер  үшін  Интернетке  цензура  енгізу 
қажет.  Бірақ  ең  демократияның  орнаған  саласы  -  осы  ғаламтор  екенін 
Интернетті  қолданушылар  жақсы  түсінеді.  Өйткені,  мұнда  қандай 
ой,пікір    айтсаңда,қалай  айтсаң  да,  тек  өзіңе,  адамгершілік  арыңа  сын. 
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға 
ұрып,  Интернетті  қызықтайтындар  да  кездеседі.  Бұл  да  бір 
есірткіқұмарлық,  нашаға  тәуелділік  сияқты  нышанды  байқатады. 
Адамның  психикасына,  денсаулығына  кері  әсер  етеді.  Осындай 
келеңсіз,  жаныңды  түршіктіретін  ақпараттар  интернетте  орын  алып 
жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, 
Интернетті  қажетіне  қарай,  шамамен  пайдалана  білу  мәдениетін 
қалыптастыру  да  көп  ойланатын  дүние.  Мектеп  жасындағы  баланың 
сабаққа  дайындалғаннан  гөрі  көп  уақытын  ұялы  телефонына  үңілумен 
өткізеді.  Ол  неге  үңіле  береді  десең,  әрине  ол  ішіне  сабағын  жазып 
алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу, 
ұятты  көріністер  қарайды.  Міне,  содан  барып,  ол  баланың  өмірге  көз-
қарасы  психологиясы  өзгереді.  Ұрлық-зорлық  көбейеді.  Жас  бала 
еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір 
ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан 
соң,  жаманға  айналады.  Қазір  ғаламтор  желісін  пайдаланбайтын  бала 
кемде-кем  шығар.  Әсіресе  жаз  мезгілінде,  демалыс  уақытында 
балалардың  дені  ғаламдық  торды  жан  серігіне  айналдырып  алатыны 


 
шындық. Дегенмен әрбір ата-ана осы бір дүниенің бала психологиясына 
қаншалықты  теріс  әсер  етіп  жатқанын  бағамдай  бермейді.  Одан 
балаларды  қорғау  жолын  да  дұрыс  қарастырмайды.  Ал  ғаламтордан 
қорғалмаған бала түрлі психологиялық  ауруларға душар болуда. 
Бұрын жаз мезгілі бола қалса балалардың барлығы азаннан қара 
кешке дейін үй көрмей далада ойнап жүруші еді. Қазір ауылдық жерде 
де,  қалалы  жерде  де  сыртта  асыр  салып  жүрген  баланы  сирек 
кездестіреміз.  Себебі  оларды  үйге  матап  тастаған  бір  дүние  бар,  ол  – 
ғаламтор.  Ғаламтордан  түрлі  ойындар  ойнап,  түрлі  әуен  тыңдап, 
бейнежазба  көруге,  инстаграмм,  ввконтакте,  ватцапп,  твиттер,  м-
агент  байланыс  көздеріне    құмартып  алған  олар  тіпті  компьютердің 
жанынан  шықпайтын  болды.  Бүлдіршіндерді  компьютерсіз  көзге 
елестету  де  қиын  болып  бара  жатқан  сияқты.  Күндіз  үй  көрмей,  түнде 
ұйқы көрмей жұмыс істейтін ата-аналар үшін де компьютер балаларын 
алдарқайтын  жақсы  құралға  айналды.  Осы  ғаламтор  желісінің 
балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп 
ата-ана  біле  бермейді.  Білсе  де,  одан  балаларын  қорғаудың  жолдарын 
меңгермеген.  Ал  мұның  салдары  балалардың  өскенде  маскүнем, 
зинақор,  жауыз  болып  өсуіне  әкеліп  соғады.  Бүгінде  ғаламторға 
тәуелділік  атты  жаңа  дерттің  пайда  болғаны  жасырын  емес.  The 
Independent  басылымының  мәлімдеуінше,  адамның  ғаламторға 
тәуелділігі  ішімдік,  кокаин  немесе  марихуанаға  тәуелділікпен  бірдей 
екен. Негізінен, компьютер тұтынушыларының 5-10 пайызы ғаламторға 
тәуелді.  Ересектерді  былай  қойғанда,  бұл  күнде  жасөспірімдер  мен 
бүлдіршіндер де ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр. Өкінішке 
қарай,  елімізде  ғаламтордан  зиян  шеккен  балалар  туралы  дерек  жоқ. 
Өйткені  ел  аумағында  арнайы  зерттеу  жұмыстары  жүргізілмейді  екен. 
Әйткенмен  мектеп  жасындағы  балалар  әрқилы  әлеуметтік  желілердің 
тұрақты «қонағына» айналғалы қашан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон 
арқылы хат алысатын оқушылар да жеткілікті. 
 Өзгесін  былай  қойғанда,  балалар  ғаламтор  арқылы  бейтаныс 
жандармен танысып, «сәбиқұмар» жауыздардың құрбанына да айналып 
жүр. Оның үстіне сіз бен біз тұтынатын ға-ламтор әлемі озбырлық пен 
асқан  қанішерлікті  де  кеңінен  насихаттайтыны  жасырын  емес. 
Бүкіләлемдік желі балалар үшін қауіпті екені де түсінікті жайт.  
Ғаламторға,  оның  ішінде  қоғамдық  желілерге  тәуелді  жастар 
ғалымдардың  соңғы  зерттеулері  бойынша  осы  әуестігі  нәтижесінде 
өзіне  деген  сенімділігін  жоғарылатады  екен.  Психологтар  қоғамдық 
желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін 
бағасына  әсер  ете  алады,  ол  көрсеткіштерді  жақсы  жаққа  қарай 
өзгертеді  дейді.  Ата-анада  бір  ғана  түйін  бар.  Балам  мені  мазаламаса 


 
болды.  Не  болмаса,  оның  мектепке  барып  жақсы  баға  алғанын  ғана 
қалайды.  Әл-Фараби  бабамыз  «Тәрбиесіз  берілген  білім  –  адамзаттың 
қас  жауы»  деген  жоқ  па?  Иә,  бала  жақсы  баға  алғанымен,  интернетке 
әуес  болған  соң  сабағын  тез  дайындап  тастауға  әдеттенеді  де,  қалған 
уақытын интернет желісіндегі ойындарға жұмсайды. Ал ата-ана тәрбие 
беруге құлықсыз,  
ұл-қызының мінез-құлқын бақылаудан, дұрыс тағылым беруден алшық. 
 Дүние  жүзі  бойынша  халықтың  -  96%  ғаламторды  қолданады, 
оның  ішінде  72%ы   ғаламтордың  пайдасы  зор  десе,  24%-ы  зиянды  деп 
отыр.  Компьютер  ойнайтын  баланың  психологиясында  көп  өзгеріс 
болады.  Бойында  іштей  қарсылық,  көңіл  күйінде  ауытқушылық, 
ырықсыздық  пен  агрессияшылдық  билейді.  Сондықтан,  баласының 
болашағын  ойлайтын  ата-аналардың  бәрі  қауіпті  дерттің  алдын  алған 
жөн.  Баланың  бос  уақытын  тиімді  пайдалану  үшін  ақыл-ойды 
дамытатын үйірмелер мен білім беру орталықтарына жаздыртқан абзал. 
Әйтпесе,  «батпаңдап  кірген  аурудан»  құтылу  қиындық  тудырмасына 
кім кепіл болмақ.  
Ғаламтордың  пайдасы  және  зияны  жайлы  насихаттау  үшін 
компьютерлік сауаттылық курсы ашылып,  халыққа ғаламторды тиімді 
қолдану туралы ақпарат берілсе;  
Ел  арасында  жүргенде  «Ғаламтордың  пайдалы  және  зиянды 
тұстарын 
насихаттап, 
бағдарламашылар 
мен 
информатиктерді 
мектебімізге шақырып,  кездесу    ұйымдастырып, уағыз айтылса, сонда 
ғана ғаламтордан тек өзімізге қажетті ақпараттарды аламыз деп білемін. 
Денсаулыққа  мән  беріп,  өзіміздің  тіл  байлығымызды 
жоғалтпай,бос уақытымызды тиімді пайдалану тек қана өз қолымызда. 
 Қолданылатын әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Білім 
беруде 
интернет 
ресурстарды 
пайдалану»Болсынбекова Ш.Ж \Алматы -2004-3 бет 
2. «Интернет технологиясы»  
Г.Е.Мырзабекова,А.Ш.Күлмұратова Л.Қ.Смаилова, Л.К.Тәжібай\ \ 
Алматы-2011- 5бет 
3.
http://www.ped.kz
 
4.https://kk.wikipedia 5.http://pedsovet.su  
 
 
 
 
 
 
 


 
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
 
ҚАБДЫРАХМАНОВА А. 
Алматы университеті, 5В010200 – «Бастауыш оқытудың 
педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ҚАРИЕВ Ә.Д. 
Алматы университеті, ғылым және халықаралық байланыстар 
бөлімі бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі 
 
Оқыту барысында шәкірттердің танымдық қызығушылығы 
мен ізденімпаздығын арттырудың маңызы зор 
Сократ 
Қазіргі  заманғы  ғылыми  -  техникалық  үрдістің  қарқыны  білім 
беру  жүйесінің  алдына  үлкен  мақсаттар  мен  жаңа  міндеттер  жүктейді. 
Жас  ұрпақты  жан  -  жақты  жетілген,  ақыл  -  парасатты,  ой  -  өрісі  биік, 
бәсекеге  қабілетті  азамат  етіп  тәрбиелеу  –  қоғамымыздың  ең  өзекті 
мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденісін қажет етеді. 
Осы  орайда  егеменді  еліміздің  білім  беру  жүйесінде  әлемдік 
деңгейге  жету  үшін  жасалынып  жасалынып  жатқан  талпыныстар 
оқытудың  әртүрлі  әдіс  –  тәсілдерін  қолдана  отырып,  терең  білімді, 
іздемпаз,  барлық  іс  –  әрекеттерінде  шығармашылық  бағыт  ұсынатын, 
сол  тұғырда  өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлға  тәрбиелеу  ісіне 
ерекше мән берілуде [1]. 
Демек,  мектептегі  оқу  үдерісі  оқушылардың  танымдық 
белсенділігін  арттырып,  шығармашылық  әрекетін  дамытуға  жол  ашу 
қажет. 
Танымдық  белсенділік  дегеніміз  –  оқушының  оқуға,  білімге 
деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық 
белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс 
орындауда  жүзеге  асады.  Мысалы:  мұғалімнің  баяндап  тұрған 
материалын  түсіну  үшін,  оқушының  оны  зейін  қойып  тыңдауы,  алған 
білімін  кеңейтіп  толықтыру  үшін,  өздігінен  кітап  оқуы,  бақылау, 
тәжірибе  жасау,  жазу,  сызу  сияқты  жұмыстар  істеуі  керек.  Өйткені 
өтілген  материалды  саналы  қайталауда,  жаңадан  білім  алуда,  оның 
жолдары  мен  дағдыларына  үйрені  белсенділіксіз  мүмкін  емес.  Яғни 
оқушылардың  белсенділігі  ауызша,  жазбаша  жұмыстарда,  бақылау 
эксперименттер  жүргізу  жұмыстарында,  бір  сөзбен  айтқанда,  оқу 
үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге 
қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой 
- өрісінің күрделі үрдісі» [2]. 


 
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес 
- алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық 
тапсырмаларды  белсенді  орындауы,  жауап  кілтін  табуға  ширақ  келуі, 
білуге  деген  ұмтылысы  танымдық  ойындар  арқылы  оқу  әрекетінің 
міндеттерін шешуде айқын көрінеді. 
Ахмет  Байтұрсынов  оқушының  өзіндік  жұмысының  маңызын 
бала  білімді  тәжірибе  арқылы  өздігінен  алуы  керектігін  атап  айтқан 
болатын.  Жалпы  білімге  деген  құштарлық  кез  –  келген  сыныптағы 
балаға  тән  қасиет.  Күн  сайын  жаңа  бір  нәрсені  білуге  ұмтылу  –  бала 
үшін зор қуаныш, үлкен мерей. 
Ал,  В.Г.  Лембергтің 
пікірінше,  өзіндік 
жұмыстарды 
ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: 
а) Жұмыстың мақсатын айқын түсінуі; 
ә)  Жұмыстың  жемісті  аяқталуына,  оның  алдағы  нәтижесіне 
қызығуы; 
б) Жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы [3]. 
Оқушының  оқу  –  таным  әрекетін  арттырудың  тиімді 
құралдарының бірі – оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу 
әрекеті. Өздіндік  жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ой еңбегінің 
мәдениетімен  байланысты.  Білімді  игеру,  байқау  және  жазба  жұмысын 
жүргізе  білу,  ой  әрекетінің  бірқатар  тиімді  тәсілдерін  игеру,  өзін 
бақылай білуі керек. 
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: 
1.Мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беру; 
2.Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; 
3.Мұғалімнің басқару мен оқушының дербестігінің мөлшері; 
4.Олардың  жұмысты  өз  еркімен  және  қалауымен  істеуі,  оған 
әсер ететін мотивтер: 
5.Оқушының  өзіндік  әрекетінің  нәтижесінде  оның  бойында 
мындай қасиеттер қалыптасады: 
6.Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы. 
7.Оқуға деген қабілетінің артуы. 
8.Берілген  білімді  иеру  ғана  емес,  оны  жаңалып  және  тиімді 
игеру жолдарын түсіне білу ниеті. 
9.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау. 
10.Өз ойының дербестігі [4]. 
Танымдық  қабiлет  оқушыда  қабылдау,  қиялдау,  есте  сақтау, 
дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк 
түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады. Профессор 
Т.Сабыровтың  мынандай  пiкiрiне  назар  аударсақ:  оқушыларды  пәнге 

10 
 
деген  қызығушылығын  туғызудың  шарттары  мен  амалдары  көп. 
Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:  
Оқу  материалының  мазмұны,  ондағы  жаңалықтар,  қазiргi 
ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, 
т.б.). Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен 
формалары, т.б.).  
Мұғалiм  мен  оқушылар  арасындағы  қарым  –  қатынастардың 
ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы 
шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, 
мұғалiм  көңiл-күйi  сергек,  жарқын  болуы,  оқушылардың  бiр-бiрiне 
көмек беруi, т.б.  
Кейбiр  тақырыптарға,  бөлiм,  тарауларға  түрлi  сұрақтар  мен 
тапсырмалар,  тәлiм-тәрбиелiк  жағынан  мәндi  қосымша  материалдар 
енгізілген.  
Оқушылардың  ой  -  пiкiрiнiң  еркiн,  дербестiгiн  жүзеге  асыру 
құқығын  барынша  дамыту,  оқудың  маңызды  шарттарының  бiрi. 
Осылайша  сабақты  тартымды  өткiзу  үшiн  сабақ  тақырыбына  сай 
көрнекi  құралдар,  дидактикалық  материалдар,  үлестiрмелi  карточкалар 
көптеп  қолдану  керек.  Қорыта  айтқанда  бастауыш  сынып  оқушылары 
үшiн  сабақты  қызықты  да  мазмұнды  етiп  жүргiзу  мұғалiмнiң  өзiне, 
шығармашылық  iзденiсiне,  әр  түрлi  әдiстемелiк  әдiс-тәсiлдердi  сабақта 
тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты [5]. 
Оқу  материалын  терең  меңгеруге  тек  оқушылармен  жүргізетін 
жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан 
мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға 
сүйенеді: 
1.  Жаттығу  жұмысы  пәннің  мәніне,  тақырыпқа  логикалық 
байланыста болуы керек. 
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін 
дамытарлықтай болуы тиіс. 
3.  Жаттығу  жұмысы  сабақтың  барлық  кезеңінде  болуы  керек. 
Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ 
қайталауда да қолданылады.  
Бастауыш  сынып  оқушыларымен  жұмыс  жасағанда  дамыта 
оқыту  теориясын  басшылыққа  ала  отырып,  баланың  ізденушілік-
зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін 
бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге 
жеткіліксіз  екенін  сезініп,  содан  барып  ол  білім  алуға  әрекеттенеді. 
Сабақ  мұндай  жағдайда  төмендегідей  құрамдас  бөліктерден  тұратын 
болады: 
1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы. 

11 
 
2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру. 
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік  -  зерттеушілік  әрекетін 
ұйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Осыған  байланысты  Д.  Б. 
Эльконин,  В.  В.  Давыдовтардың  жасаған  жүйесі  3  негізгі  құраушыдан 
тұрады. 
1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 
2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы. 
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.  
Дамыта  оқыту  ұлы  неміс  педагогы  А.  Дистербергтің  әйгілі 
«Неміс  мұғалімдерінің  білім  беру  ісіне  басшылық»  атты  еңбегінің  де 
негізі  болып  табылады.  Дамыта  оқыту  деп  ол  баланың  білім  алуға 
әрекет  етуін  ұйымдастыратын  оқытуды  атаған.  «Жаман  мұғалім 
ақиқатты  өзі  айтып  береді,  ал  жақсы  мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге 
жетелейді»  -  деген.  Ал  ойлауға  үйрететін  сабақты  дамыта  оқыту 
сабақтары деп білеміз [6]. 
Сабақты  жақсы  оқитын  оқушылармен  ғана  белсенді  жұмыс 
істеп  қана  қоймай,  барлық  баланың  дамуы  үшін  қолайлы  жағдай 
туғызып,  қабілеті  жеткен  жерге  дейін  еңбек  ету  ойластырылса,  әр 
оқушының оқуға деген қызығушылығы артады. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмыстарының  жоғарғы  формасына 
олардың  өз  еркімен  жаңа  амал  –  тәсілдер  қолданып  жасайтын 
шығармашылық  жұмыстары  кіреді.  Шығармашылық  жұмыстар  – 
оқушының  өздігінен  шығарма,  баяндама,  реферат,  өлең  шығару, 
модельдеу,  көрнекті  құралдар  жасауы.  Оқушы  ойынға  қызығу  арқылы 
шығармашылық  тапсырмаларды  жеңіл  әрі  белсенді  түрде  орындайды. 
А.  И.  Субетто:  «Ойын  -  әркез  бақытты  өмір  үлгісі.  Ойын  тудырушы, 
тудыра 
отырып 
шығармашылықты 
өрнектейді, 
адамды 
шығармашылыққа  даярлағандай  өмірге  де  дайындайды»  десе,  В.  А. 
Сухомлинский:  «Ойын  кезінде  балалар  алдында  әлем,  дүние 
айқындалады,  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілеті  ашылады. 
Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де 
емес»  деген.  Ойын  -  өз  алдына  оқыту  үрдісі,  жеткіншектерді  еңбекке 
дайындаудың  белсенді  құралы.  Ойын  сабақтары  түрлерін  таңдап  алу, 
оны  жүргізу  мұғалімнен  үлкен  шығармашылық  ізденісті  талап  етеді. 
Аймауытов:  «Баланың  ынтасын  арттыру  үшін  оқытылатын  нәрседе  бір 
жаңалық  болу керек»,  - дейді.   Ендеше, оқытумен  қатар тексерудің  де 
түрлерін  ауыстырса,  бала  ізденісі  арта  түседі.  Оқу  сапасын  арттыруда 
әдіс-тәсілдерді  мейлінше  түрлендіріп  отырған  дұрыс.  Ағартушы  - 
қайраткер  А.Байтұрсынов  «Қай  әдіс  жақсы?»  деген  мақаласында: 
«Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар дейді, ал, Л.Н. 

12 
 
Толстой  «Үйрету  әдістері  туралы»  еңбегінде:  «Олақтықтың  белгісі-бір 
ғана  әдісті  білу,  шеберліктің  белгісі  –  түрлі  әдісті  білу,  керек  кезінде 
жоқ  әдісті  де  таба  білу.  Мұғалім  көп  әдісті  білу  керек,  оларды  өзіне 
сүйеніш,  қолғабыс  есебінде  қолдану  керек»  деген.Олай  болса, 
күнделікті  ізденісіміз,  жаңа  технологияларды  оқып  -  үйреніп  өз 
тәжірибемізде  шеберлікпен    қолдануымыз  –  алдымыздағы  шәкірттерге 
терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз [7].  
Қорыта  келгенде,біз  өздік  жұмыс    арқылы  және  оқушыларға 
өздігінен  тапсырмалар  орындату  барысында  әр  түрлі  әдістерді, 
педагогикалық  технологияларды  пайдаланып  оқушылардың  тамымдық 
қабілеттерін  арттыруды  қарастырдық.  Әр  сабақ  тәрбиелік  бағыттан 
бөлінбей  қатар  жүргізілуі  қажет.  Ғалым  -  психолог  Блумның  пікіріне 
сүйенсек «7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттері 70 
пайызына  дейін  қалыптасады»  дейді.  Міне,  осы  кез  баланың  білім 
алатын,  білім  алу  арқылы  дамитын  кезеңі.  Бұл  кезде  алған  білім  оның 
бүкіл  өмірінде  қалатыны  белгілі.  Осы  кездегі  қаланған  тәрбие 
адамгершіліктің негізін қалайды.Оқушылардың оқу үдерісіне танымдық 
жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі 
жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал