Отбасындағы гендерлік рөлдер



жүктеу 0.97 Mb.
бет1/4
Дата11.11.2022
өлшемі0.97 Mb.
#23745
  1   2   3   4
СРС Әлеуметтану Сейтбек А.Ж.

СРС Тақырыбы: «Отбасыдағы гендерлік рөлдер»

Дайындаған:Сейтбек АйгеРім

Қабылдаған: Авсыдыкова К.А.

Гендер

  • Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.

Гендерлік рөл

  • Гендерлік рөл - қоршаған адамдардың ұғымдарынан шығатын әлеуметтік үміттер. Кейбір адамдардың ойынша, ерлер мен әйелдердің идеялары қарама-қайшы болып табылады және кейбір қоғамдарда рөлдік мінез-құлықтар полюстерге бөлінген болуы мүмкін: енжарлық - әйелдердің рөлі, ал белсенділік - еркектің рөлі. Гендерлік рөлдерге байланысты әлеуметтік рөлдердің алғышарттары еңбектің жыныстық ерлер және әйелдер еңбегі болып бөлінуінде ерекше көрініс табады

Гендерлiк саясат

  • Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады. Гендерлік саясат - отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Гендерлік саясат - әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін білдіреді. Ал әйелдердің қоғамдық жұмысты атқарып, отбасына да уақытын қажетті деңгейде бөліп, балаларының тәрбиесімен де айналысып жүргендігі жасырын емес. 

жүктеу 0.97 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет