Отбасы ислам дініндегі ең басты құндылық



жүктеу 47.63 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі47.63 Kb.

Отбасы – ислам дініндегі ең басты құндылық 

Оданова С.А. 

Қазмемқызпу, қазақ тіл білімі  

кафедрасының қауымдастырылған  

профессоры, ф.ғ.к.  



  

Отбасы  –  адам  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта.  Отбасы  белгілі 

дәстүрлердің,  жағымды  өнегелердің,  мұралар  мен  салт-дәстүрлердің 

сақтаушысы.  Отбасында  бала  алғаш  рет  өмірмен,  қоршаған  ортамен 

танысып,  мінез-құлық  нормаларын  игереді.  Отбасы  баланың  азамат  болып 

өсуінің негізі болып табылады. 

Отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл 

жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте 

дүниеге  келген  күннен  бастап,  оның  өміріне  қамқорлық  жасап,  болашағын 

жоспарлайды  және  саналы  азамат  болып  өсуі  үшін  қажет  жағдай  жасайды. 

Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне 

үйрету,  күн  тәртібін  дұрыс  реттеуге  ,  салауатты  өмір  сүруге,  адал  болуға 

тәрбиелеу,  жақсылықты  үйретуге,  жамандықтан  жиренуге  үйрету,  бойында 

жастайынан 

мәдени 

құндылықтар 



мен 

адамгершілік 

қасиеттерді 

қалыптастыру жатады.  

Әр  халықтың  бала  тәрбиесіндегі  өзіндік  ерекшеліктері  арқылы  сол 

халық  отбасы  тәрбиесінің  де  өзіне  ғана  тән  мәдени  құндылықтары 

қалыптасады. 

Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзіне  тән  ерекшеліктері  оның  халықтық 

педагогика  мұраларының  мазмұны  мен  түрлерінде  бейнеленген.  Көне 

заманнан-ақ  қазақ  халқында  жазбаша  педагогикалық  еңбек  жазып 

қалдырмаса  да  білгір  педагогтар,  тәрбиешілер,  ұстаздар  болған.  Олар  өз 

көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, 

халықтың 

мұраттары 

мен 

арман 


тілектеріне 

сүйеніп 


отырған.  

Қазақ  отбасында  дене,  еңбек,  ақыл-ой,  адамгершілік,  экономикалық, 

экологиялық,  құқықтық,  сұлулық  тәрбиелері  жүргізілген.  Қазақ  отбасында 

аталған  тәрбие  түрлерін  жүзеге  асырудың  мақсаты  жан-жақты  жетілген 

азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін 

дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс 

ұйымдастыруға, 

салауатты 

өмір 

салтына 


тәрбиелеу 

болды.  


          Қазақ  халқы  еңбекті  бүкіл  тәрбие  жүйесінің  күретамыры  деп 

қарастырды.  Еңбекке  асыл  мұрат  деңгейінде  қарады.  Еңбек  тәрбиесі  деп 

баланы  еңбекке  сүйіспеншілікпен,  еңбек  адамдарына  құрметпен  қарауға, 

халық  шаруашылығының  салаларындағы  еңбек  түрлеріне  баулу,  еңбек                            

іс  –  әрекетінің  барысында  олардың  дағдысы  мен  іскерлігін  қалыптастыру, 

болашаққа  мамандық  таңдауға  дайындауды  түсінді.  Отбасында  еңбекке 

тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді 

еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке 

адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі 


болып  табылады.  Қазақ  отбасы  баланы  қоғамның  моральдық  нормасын 

орындауға  қатыстыру,  олардың  тәртіп  және  мінез  құлық  тәжірибесін 

қалыптастыру,  Отанға,  халқына,  еңбек  және  қоғамдық  іс-әрекетке 

жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеу  арқылы  адамгершілікке  тәрбиелей  білді.  

Сондай-ақ,  қазақ  отбасында  адам  зиялылығының  негізі  –  ақыл-ой  тәрбиесі 

деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты 

болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, 

зиялылық  біліктері  мен  дүниетанымын  қалыптастыру  міндеттері  шешілді. 

Тәрбиенің  басқа  да  салаларымен  тығыз  байланысты  тәрбиенің  түрі 

экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала 

тәрбиелеуде  экономикалық  тәрбие  деген  ұғымды  пайдалабағанымен, 

тәрбиенің  бұл  түрі  отбасында  мақал,  өсиет  айту,  өнеге  көрсету  арқылы 

жүзеге  асқан.  Мысалы,  «Еңбегі  қаттының  ембегі  тәтті»,  «Еңбек-  өмірдің 

тұтқасы,  тіршіліктің  көзі»,  «  Еңбек  –  түбі  береке»,  «Үнемшілдік-сараңдық 

емес»,  «Ескі  киімді  баптағаның,  жаңа  киімді  сақтағаның»,  «Сараң  дүниенің 

малын  жыйса  да  тоймайды»  деген  мақалдары  дәлел  бола  алады.  Бұл  ата-

бабамыздың  экономикалық  тәрбиенің  негіздері  еңбек  тәрбиесінде  екенін 

жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы 

айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды 

тәжірибеде меңгеру жүзеге асты. 

Қазақ  отбасы  негізінен  үш  ұрпақтан  тұрады.  Ол  –  ата,  әке,  бала.  

Әке  -  әулет  басшысы,  отбасы  мүшелерінің  тірегі,  асырап  сақтаушысы, 

қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.  

Әке  үйі  барлық  балалары  үшін  үлкен  үй,  қара  шаңырақ  деген  киелі 

ұғымдармен сыйлы да құрметті.  

Қазақ  халқы  ежелден  ұл  бала  мен  қыз  баланың  тәрбиесін  бөліп 

қараған.  Ұлды  мал  бағуға,  отын  шабуға,  қолөнер  шеберлігіне,  мал  табуға, 

отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты 

үй  ішінің  ішкі  жұмыстарына  үйрету  арқылы  экономикалық  тәрбиенің  көзі 

болып  табылатын  үнемшілдікке,  тәуекелшілдікке  үндеп,  сараңдыққа 

салынып кетуден жирендіріп отырған.  

Түйгені  көп  шешесі  қызымен,  келінімен  өмір  тәжірибелерін  бөлісіп, 

болашақ  үлкен  өмірге  дайындайды.  Туыс  ағыйындардың  әйелдері  – 

абысындардың  қарым-қатынасы  өзара  көмек  пен  түсіністікке,  берекеге 

құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат 

көп», - деген. 

Әкенің  мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-қатынасы,  өнер  білімі  ұл 

баланың  көз  алдындағы  үлгі-өнеге  алатын,  соған  қарап  өсетін  нысанасы. 

Қазақта  біреудің  баласы  жақсы,  өнегелі  азамат  болса:  «  Оның  әкесі  немесе 

атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп 

мадақтайды.  

           «Әке  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»  дегендей,  отбасында 

ұлдар  әкелері  немесе  аталарының  бойындағы  қасиет  пен  өнерін  үйреніп 

өскен.  Шығармашылықта,  ақындықта  танылған  жас  баланың  тәрбиесіне  аса 

назар  аударылған.  Ата  өнерін  ұрпағының  қууы,  оны  мирас  етуі  қазақ 


отбасыларында  жиі  кездесетін  дәстүр.  Билік,  батырлық,  әншілік,  серілік, 

мергендік,  аңшылық,  зергерлік  сияқты  ата-баба  өнерін  жеті  атасына  дейін 

жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.  

«Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап  қыз  өсер»  дейтін  қазақ  қыз 

балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін 

бойжеткен  болашақ  отбасы  өмірінің  басты  міндеттерінен  сабақ  алды.  Ол 

ерінің  адал  жары,  ана  болу,  отбасы  беріктігін  сақтаушы  қызметіне, 

шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы 

алуға,  туыстарын  сыйлап  қадірлеуге  дайындық  тәрбиесі.  Көргенді 

отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың 

тәрбиесіне  ең  бірінші  анасы  жауапты  болған.  Сондықтан  қазақ  «Шешесіне 

қарап қызын ал» – деген.  

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге 

асыруда  олар  үлгі-өнеге  көрсету,  жауапкершілікке  арту  әдістерін  шебер 

пайдаланған.  Баланы  ерте  жастан-ақ  жауапты  іс-әрекетке  тартып  отырған. 

Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің 

арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.  

Сондай-ақ  қазақ  отбасы  тәрбиесінде  ғасырлар  бойы  қалыптасқан, 

ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  отбасы  мүшелерінің  қатынасының 

маңызы  зор.  Қазақ  халқының  отбасы  тәрбиесіндегі  өзіне  тән 

жарасымдылықтын  бір  ұшы  олардың  жасы  кішісінің  үлкеніне  «сен»  деп 

сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше 

тұрып  қыздың  орынсыз  сөйлемеуінде  деп  есептемейміз.  Және  қазақ 

отбасындағы  бала  тәрбиесін  ұл  тәрбиесі,  қыз  тәрбиесі  деп  жеке-  жеке  мән 

беріп  қарастыруда  оның  өзіндік  ерекшеліктерінің  ішіндегі  маңыздысының 

бірі.  


Имандылық  –  адамның  қоғамдағы,  күнделікті  өмірдегі  іс-әрекеттерін 

белгілі  бір  қалыпқа  түсіретін  ішкі  рухани  реттеуіш,  қадір-қасиет,  адам 

бойындағы  адамгершілік,  ізгілік,  кісілік  белгісі.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамында 

адамның  имандылығына  –  мінез-құлық  жүйесіндегі  ерекшеліктеріне  көп 

көңіл  бөлінген.  Адамның  жарық  дүниеге  келуі,  өсуі,  ержетуі,  тіршілік  етуі, 

қартаюы,  ата  мен  баланың  қарым-қатынасы,  үлкендік  пен  кішілік, 

сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер 

имандылықтың  маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде  ешқашан  да  назардан  тыс 

қалмаған.  

          Бойына  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  жинап  өскен  жасты  «көргенді» 

деп,  жүрегінен  нұр,  өңінен  жылу  кетпейтін,  әрдайым  жақсылық  жолын 

ойлайтын,  әр  істе  әділдік  көрсететін  адамдарды  «иманды»  деп  атаған.           

Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал 

иман  –  жүректегі  нұр,  нұрдың  сыртқы  болмысы,  яғни  Имандылық.  Алла 

тағалаға  иман  еткен  адамға  бітетін  көркем  мінез.  Алла  жіберген  әрбір 

пайғамбарының міндеті – иман мен Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең 

соңғы пайғамбар Мұхаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін 

жіберілдім»,-  деуі  арқылы  әлемдегі  тәлім-тәрбие  мен  имандылықтың 

қаншалықты  маңызды  екенін  көрсеткен,  Имандылыққа  өзі  бірінші  үлгі 


болған  делінеді.  Алла  тағала  адамды  иман  мен  имандылық  үшін  жаратқан, 

сондықтан:  «Алланың  мінезінен  үлгі-өнеге  алыңдар»  (Мұхаммед 

пайғамбар),- деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда 

деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі 

жайлы  Хазіреті  Айша:  «Оның  мінезі  -  Құран»,-  деп жауап берген.  Ізгі  істер 

діни  ұғым  бойынша  Имандылық  болып  табылады.  Қазіргі  зайырлы 

өркениетті  қоғамда  имандылық  –  аса  қастерлі,  биік  адамшылық  қасиет 

ретінде ұсынылады.  

Қоғамның  қуат  тірегі  –  отбасы.  Сол  отбасының  бекем  болуы  көбіне 

әйел  адамдарға  байланысты.  Ислам  діні  ерлер  мен  әйелдерді  теңестіріп, 

бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық 

парыздарын  еркін  атқаруға  мүмкіндік  алды.  Ислам  әйелдерге  құрметпен 

қарауға үндеді. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді 

деп  есептейді.  Мұндай  көзқарас  әлбетте,  әлемде  тыныштық  пен  берекет, 

бақыт  болып,  ұрпақтың  жалғасуына,  адамзаттың  өсіп-өркендеуіне  игі  әсер 

етті.  Құранда  ерлер  мен  әйелдер  тек  тең  құқықты  ғана  емес,  бірін-бірі 

толықтырып,  кемелдендіріп  отыратын  жаратылыстар.  Иманды  ерлер  мен 

иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.  

Ислам  діні  отбасының  бұзылмауына  ерекше  мән  береді,  шаңырақ 

шайқалмауын  көздейді.  Сондықтан  шариғат  заңында  неке  мәселесі  ерекше 

орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, 

әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың 

ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ 

жалғаспай,  тоқырауға  ұшырайды.  Жер  бетіндегі  тіршілік  жоғалып,  өшіп-

сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің 

де өзіне тән тиісті міндеттері, әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, 

осы  тиісті  міндеттерін  дұрыс  бөліп  атқарса,  онда  қуаныш  та,  өмір  мәні  де 

толық болады», - делінген Құранда.  

Исламның  қағида-ережелері,  қазақ  халқының  қағида-ережелерімен 

астарласып,  қабысып  кеткен,  әрі  ұзақ  жылдар  бойы  өмірде  қолданылып 

келген. Өз ата бабаларымыз екі етпей орындаған, әрі заңдарына айналдырған 

осынау 


қағида-ережелерді 

есте 


ұстаған 

ләзім.  


 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал