Отбасы береке мен бірліктің бастауы. Отбасы бірлігі Отанның бірлігі, ағайынның татулығы атамекеннің тұтастығы




бет1/10
Дата08.03.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

9-бет.

 

12-бет.

 

4-бет.

 №36 (1324) 7 қыркүйек 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Отбасы – береке мен бірліктің бастауы. Отбасы бірлігі –  Отанның бірлігі, ағайынның 

татулығы – атамекеннің тұтастығы. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол 

ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Жанұя бақыт пен махаббаттың мекені екенін 

ескерсек, өсіріп отырған ұл-қыздарымыз тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы. 



Отбасым –

бақыт мекенім 

«Қызойнақ» сән бе, 

салт па?

 

„



«Талғамда талас жоқ». Ал сіз оң 

босағадан қалай аттанғыңыз келеді?  

 

„

Өңірдің белсенді жастары өткір де 



өзекті мәселені бірлесіп шешпек.                                  

Тіл инспекциясы

іске кірісті 

Зейнетақы шоты - 

сіздің телефоныңызда

 

„



«ENPF»-ті ұялы қосымша  арқылы  

бақылай аласыз. 

Құрметті 

қала тұрғындары!



Баршаңызды Ұлық мереке – 

Құрбан айт мейрамымен шын 

жүректен құттықтаймын!

Сабырлық пен салиқалыққа 

үндейтін Ислам діні - 

адамзаттың ізгі  құндылықтарын 

уағыздайтын дін. Дін ел 

ішіндегі ынтымақтастыққа, 

қайырымдылыққа, 

парасаттылыққа, адамгершілікке

сыйластыққа айтарлықтай 

қызмет етіп келеді. Діни 

тұрақтылықты нығайту, 

ұрпақты жат ағымдардан 

сақтау жолында табанды жұмыс 

жүргізілуде. 

Халық дәстүрмен үйлесімін 

тапқан ұлағатты дініміз 

тәуелсіздікпен бірге түлеп, 

қанатын кең жайып келеді. Еліміз 

барлық мұсылман елдерімен 

достық қарым-қатынаста болып, 

Ислам бірлестігінде ерекше орын 

алып отыр.

Құрбан айт – елдің 

ынтымақ-бірлігі, қанағаты мен 

қайырымдылығын арттыратын 

мейрам. Қоғамда бауырмалдық, бір-

біріне жәрдемдесу, қол ұшын беру

рухани тұтастықты күшейтудің 

игі жолы.

Қадірлі жерлестер!

Жарқын да мейірімді мереке 

құтты болсын, - дей отырып, 

сіздерге ынтымақ-бірлік, шаттық 

пен береке, еліміздің тәуелсіздігі 

баянды болуын және әр шаңыраққа 

көңіл жарасымы мен бақыт 

тілеймін!

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ,

Тараз қаласының әкімі.

 

8-бет.



ҚАлА-ҚАрбАлАс

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек   2016 Жыл  //



құмшағалдықтардың 

қуанышы

 

„

білім күні мерекесінде «құмшағал» шағын ауданындағы № 19 орта мектептің 



жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа мектептің ашылуына байланысты үш 

ауысымда оқып келген оқушылар мәселесі түбегейлі шешілді.   

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – 

болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына 

Жолдауында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту 

үшін бірінші кезекте үш ауысымда оқыту жүйесін 

болдырмауды  тапсырған  болатын.  Елбасының 

осы тапсырмасы негізінде жер-жерлерде жүйелі 

жұмыстар атқарылу үстінде. Бұл бағытта Тараз 

қаласында  да  біршама  тындырымды  тірліктің 

тиегі  ағытылуда.  Мәселен,  «Нұрлы  жол» 

инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында осы 

уақытқа дейін үш ауысымда білім беріп келген 

№19 мектеп жаңа ғимаратқа көшіп, оқушылардың 



 

„

«нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық 



филиалының қоғамдық қабылдауында 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау 

басқармасы басшысының міндетін атқарушы 

марат Жұманқұлов пен қр денсаулық 

сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 

медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің 

Жамбыл облысы бойынша департамент 

басшысы бақыт Исмаханбетов тұрғындарды 

қабылдады. 

көмек сұрап, ұсыныс айтты

құрметті тараз 

қаласының тұрғындары 

және қонақтары!

Барлықтарыңызды  еліміздің 

ынтымағы мен бірлігін, қанағаты 

мен қайырымдылығын арттыра-

тын  Құрбан  айт  мерекесімен 

шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл – күллі мұсылман қауымы 

үшін  ұлтымыздың  ғасырлар 

бойы  қалыптасқан  рухани 

құндылықтары  -    мейірімділік, 

т у ы с қ а   д е г е н   м а х а б б а т , 

қайырымдылық  және  үміт 

сезімдерін бөлісетін күн. 

Діни  нанымға  деген  құрмет 

–  еліміздегі  келісімнің  негізі. 

Адамгершілік,  өзара  түсіністік, 

сабырлық сияқты құндылықтар – 

мемлекетіміздегі бейбітшілік пен 

тұрақтылықтың  басты  кепілі. 

Әлемнің  өркениетті  елдерінің 

қатарына  ену  мақсатымыз 

болашақта  рухани  келісім  мен 

бірлікті  сақтай  білгенде  ғана 

жүзеге асырылады. 

Қадірлі жерлестер!

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы 

қарсаңында  ізгі  істеріңіз, 

а қ   н и е т т е р і ң і з   ж ә н е   и г і 

тілектеріңіз  қабыл  болсын! 

Елімізде  әрдайым  бейбітшілік 

пен  келісім  орнап,  тәуелсіз 

мемлекетіміздің  мәртебесі 

асқақтай берсін!

Балабек НАРБАЕВ,

Тараз қалалық 

мәслихатының хатшысы .                                    

Сейділдә ТӨРЕН

Қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген «Жансая» ықшам ауданы, 

№20 үйдің тұрғыны Мадина Омарова балалы болуы үшін 12 жыл бойына 

ем қабылдап келе жатқанын, бірақ одан еш нәтиже шықпағанын айтты. 

Ендігі жерде емделуі үшін өзіне «Эко квота» қажет екенін және басқарма 

басшысының міндетін атқарушыға дәрігерлердің осы мақсатта қарайласса 

деген тілегін жеткізді. Өз кезегінде Марат Сейтбекұлы биыл өңірге 49 квота 

бөлінгенін жеткізіп, тұрғынға әуелі денсаулығы туралы сараптама жасатуды 

тапсырды. Осыдан соң ғана барып тиісті мамандар жұмысқа кірісетіндігін 

баса айтты. Сондай-ақ, «Арай» алқабының тұрғыны Жанар Кеншінбаева 

«Арай» және «Көктем» алқаптарына медициналық пункт салып берсе деген 

өтінішін жеткізе келіпті. Ол аумақтардың тұрғындары «Мыңбұлақ» ықшам 

ауданында орналасқан №4 қалалық емханада емделеді екен. Дегенмен 

бұл емханаға сол аумақтан тікелей ешбір қоғамдық көлік қатынамайтын 

көрінеді. Бұл мәселе тұрғысында басқарма басшысы міндетін атқарушының 

сөзінен сүйенсек, «Арай» алқабына емхана соғу жоспарланған. Тіпті оның 

жобалық-сметалық құжатын да дайындап қойған. Бірақ емхана құрылысы 

дағдарысқа  байланысты  басталмай  тұр.  Ал  медициналық  пункт  соғу 

мәселесі қалалық әкімдіктің құзыретіндегі шаруа көрінеді. 

Ал, Мельничный көшесі, №12 үйдің тұрғыны Малика Қабылбаева 

Жамбыл медициналық колледжінде «электрондық портал» деген сабақ 

ашылса дейді. Өйткені қазір барлық емханаларда осы жүйе қалыптасқан. 

Колледж бітірген жас мамандар электрондық порталды тек мерзімдік 

тәжірибе кезінде ғана көреді екен. Ал ол уақыт студенттер үшін портал-

ды меңгеруіне аздық етеді. Көтерілген бұл сауалға жауап берген Марат 

Жұманқұлов  аталған  мәселе  облыс  деңгейінде  емес,  республикалық 

деңгейде шешілетінін тілге тиек етті. Дегенмен басқарма тарапынан ұсыныс 

жасалатынын жеткізді. «Жайлау» ықшам  ауданы, №21 үйдің тұрғыны 

Мейрамкүл Ізтілеуованы 2017 жылы енгізілетін сақтандыру медицинасы 

толғандырады екен. Ол Бақыт Исмаханбетовтен бұл жүйенің тиімділігі 

мен қазіргі жағдайдан айырмашылығын түсіндіріп беруді сұрады. Өз 

кезегінде Бақыт Торғайбайұлы ол жүйе енген кезде ешқандай өзгеріс бола 

қоймайтындығынан хабардар етті. 

- Сақтандыру медицинасы жүйесі енгізілген кезде тұрғындар үшін 

ешқандай өзгеріс болмайды. Тек қана халыққа көрсетілетін қызмет түрі 

көбейетін болады. Сонымен қатар, тұрғындардың баратын емханасының 

да саны артады. Негізі бұл жүйе 2017 жылы енгізілуі жоспарланғанымен, 

жарты жылға кері шегерілді. Яғни, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл 

жүйе енеді. Себебі жылдың ортасында ауысып кету оңай емес, - деді ол.   

Жаңа оқу жылын жаңа мектепте.    суретті түсірген н.тұрғынбек

игілігіне берілді.

Ме кт е п т і ң   с а л т а н ат т ы   а ш ы л у ы н а                                     

Жамбыл  облысының  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев 

пен  облыстық  білім  басқармасының  басшысы 

Сұлушаш Құрманбекова және қалалық бөлім бас-

шылары қатысты. Шарада аймақ басшысы аумақ 

тұрғындарын, ұстаздар мен оқушыларды білім 

күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

-  Көп  жылдан  бері  Құмшағал  аумағында 

бірқатар мәселелер шешімін таппай келе жатқан. 

Оның бірі осы жердің инфрақұрылымы болатын. 

Бұл күні ауыз су, электр қуаты, жол мәселелері 

шешіліп, тұрғындардың игілігіне жұмыс атқаруда. 

Осы уақытқа дейін мұндағы мектепте оқушылар 

үш ауысымда оқып келген еді. Бүгін заманауи тех-

никамен жабдықталған жаңа мектеп ашылып отыр. 

Сонымен қатар мұнда физика-химия кабинеттері 

соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Енді 

осындағы 802 оқушы үш ауысымда емес екі ауысым-

да оқитын болды. Бұл дегеніміз, оқушылармен қатар 

ұстаздардың және ата-аналардың үлкен қуанышы. 

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде облысымызда 91 

нысан, оның 71-і мектеп, 20 балабақша пайдалануға 

берілді. Мұның бәріне, әрине Елбасының парасатты 

саясатының  арқасында қол жеткізіп отырмыз. Білім 

саласының өзіне биыл Жамбыл облысына 90 млрд. 

теңге бөлініп отыр. Құрылыс саласына 6,4 млрд. 

теңге бөлініп, 19 нысан салынды. Соның бірі осы 

300 орындық мектеп, - деген аймақ басшысы Кәрім 

Нәсбекұлы осы мектептен оқушылар сапалы білім 

алып шығатынына сенім білдіріп, жаңа мектепке 

теледидар табыс етті. Сондай-ақ, ардагер-педагог 

Карима Исаева ата-аналар мен ауыл тұрғындары 

атынан ҚР Ұлттық қорынан қаржыландырылып, 

сәулетті ғимаратты салуға мұрындық болған облыс 

басшылығына рақметін жеткізді. Заман талабына 

сай мектеп ғимаратының құрылысын жүргізген 

«Ник-Тараз» ЖШС-нің директоры Сәбит Шоқатаев 

жаңа білім ошағының символикалық кілтін мектеп 

директорының міндетін атқарушы Бақыт Аужановаға 

табыс етті. Мұнан соң мектептің алғашқы қоңырауы 

соғылды. Алғашқы қоңырауды соғу бақыты 1-сы-

нып оқушысы Қарақат Берікбосын мен 10-сынып 

оқушысы Бауыржан Оразбаевқа бұйырды. 

Жаңа мектеп ғимаратының лентасын қиған 

облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев пен Сәбит Шоқатаев 

білім  ошағын  аралып  шықты.  Ондағы  оқу 

кабинеттеріне, мәжіліс залы мен  асханасына бас 

сұққан аймақ басшысы ұстаздар қауымының алдағы 

жұмысына шығармашылық табыс тіледі. 

Жалпы  мектеп  ғимараты  құрылысының 

жобалық құны – 749 млн. 149 теңге. Құрылыс 

жұмыстары өткен жылдың маусым айында баста-

лып, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталған. 

Мектептің жобалық қуаты – 300 орын, жалпы ауданы 

– 3896,2 шаршы метр. Оқу бөлмелерінің саны – 21, 

мәжіліс залы 110 орынға, ал асханасы 100 орынға 

арналған. Мектеп жаңа модификациялы физика, 

химия, биология, лингафонды-мультимедиялық, 

компьютерлік кабинеттермен жабдықталған. Алдағы 

уақытта бұл мектепте 681 оқушыға 67 мұғалім білім 

беретін болады. Ал оқыту мемлекеттік және орыс 

тілінде жүргізілмек. 

Айта  кетерлігі,  №19  мектептің  бұрынғы 

ғимаратында  осы  аумақтағы  күрделі  жөндеу 

жұмыстары жүріп жатқан №56 мектептің оқушылары 

І тоқсан бойына оқитын болады.

Толғандырған мәселелер түйіні.    



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек  2016 Жыл  //

ҚАлА-ҚАрбАлАс

3

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

 

-  Қала  басшысының  қаулысына  сәйкес, 



қала  аумағында    сенбіліктер  өткізіледі. 

Республикалық,  облыстық  деңгейлердегі 

басқармалар  мен  департаменттерді,  меке-

мелер  мен  кәсіпорындарды  сенбіліктерге 

белсенді қатысуға шақырамын. Қала әкімінің бас                        

инспекторлары округте орналасқан барлық ме-

кемелер мен бизнес нысандары, ПИК-тер мен 

үй ағаларының тазалық шарасына қатысуын 

қамтамасыз  етіп,  атқарылған  жұмыстар            

бойынша нақты ақпарат беріп отыруы қажет, 

- деп Мақсат Кеңесханұлы шаһар тазалығына 

жауапты бірқатар мекеме мамандарына тиісті 

тапсырмалар берді. 

Мәселен, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-

жай коммуналдық шаруашылық жолаушылар 

көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі және 

«Жасыл  ел  Тараз»  ЖШС-і  басшылығына 

биылғы жылға тал көшеттері дайындалып, егу 

Әріптестігіміз жарассын!   

 

„

№3 аймақтық ардагерлер 



кеңесінің мүшелері сенбілікке 

арнайы шығып, көппен бірге 

көш бастап, қаланы қоқыстан 

тазартты. 

Үлкендердің 

үлгісі

Арайлым БАқЫТжАНқЫзЫ

Құрамында  3  мыңға  жуық  қариясы  бар  

№3 аймақтық ардагерлер кеңесінің мүшелері 

Көшеней көшесіндегі мешіттің маңын тазартты. 

Мұндағы қарияның ең үлкені – 90 жаста болса, 

ең кішісі 65 жаста. Сенбілікті ұйымдастырған 

кеңес  төрағасы  Шымбай  Ахметов  сенбілікке 

қала тұрғындарының барлығын шақырды. 

– «Тазалық - көптің ісі». Бүгінгі сенбілікке 

қариялар  бірауыздан  келісіп,  мешіттің  айна-

ласын  тазарттық.  Арнайы  қоқыс  шығаратын 

техникаларды  да  шақыртып,  шыққан 

қоқыстарды  бірден  тазартып  жатырмыз. 

Қарттарымыздың  жасы  келсе  де  жұмыста 

ширақ. Мен ардагерлердің атынан барлық қала 

тұрғындарын  өз  аулаларының  айналасы  мен 

көпшілік жиі бас қосатын қоғамдық орындарды 

тазартуға шақырамын. Тазалық бар жерде бе-

реке де, ырыс та болады, – дейді №3 аймақтық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

«Тәрбиені  өзіңнен  баста»,  –  демекші 

қариялар  өздерінің  игі  істері  арқылы  барша 

жастар мен қала тұрғындарына үлгі болды. 

ұлы Жібек ЖОлындағы 

еңселі бастама

 

„

Иран Ислам республикасының казвин шаһарында әлемдегі 67 елдің 200 



қаласының басшылары бас қосқан салмақты жиын өтті. Экономика, мәдениет 

және туризм саласын дамытуға бағытталған ауқымды шарада тараз қаласының 

әкімі нұржан календеров сөз тізгіндеп, тарихтың темірқазығына айналған көне 

шаһарымыздың кешегісі мен келешегіне қатысты ойларын ортаға салып қайтты.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Ұлы Жібек жолы бойындағы қала әкімдерінің 

халықаралық форумы бірінші рет осыдан тура он 

жыл бұрын Өзбекстан Республикасының Ташкент 

шаһарында өткен еді.   Содан бері тарихи даңғылда 

орналасқан қалалар арасында бірталай әлемдік һәм 

әлеуметтік жобалар жүзеге асып, өткеннің өрнегіне 

жаңа заманның бояуы жағылған болатын. Ал Тараз 

қаласы аталған ауқымды форумға биыл тұңғыш рет 

қатысты. Сондықтан да өз кезегімен сөз алған қала 

басшысы Нұржан Календеров ең алдымен көпшілікті 

көне Тараздың тамыры тереңге бойлаған алтын тари-

хы мен бүгінгі таңда ашылып жатқан құм астындағы 

құндылықтарды, қазба жұмыстарының нәтижесінде 

табылған ескі қаланың орталығын арнайы слайд 

арқылы таныстырып өтті. «Ескі қала орталығына 

тиесілі XI-XIIғасырлардағы Шығыс моншасы сегіз 

бұрышты жұлдыз өрнегімен безендірілген. Мұндай 

өрнектерді соғды және ирандық сәулетшілер Айша 

бибі мавзолейінде қолданған. Бұл – Ұлы Жібек жолы 

бойындағы халықтар  мәдениетінің ортақ көрінісінің 

айқын  дәлелі»,  -  деп  қала  басшысы  Тараздың 

бүгінгі брендіне айналып отырған «Көне Тараз» 

археологиялық саябағын ерекше атап өтіп, форумға 

қатысушыларды  «ЭКСПО-2017»  халықаралық 

көрмесі қарсаңында Таразға арнайы шақырды. Бұдан 

бөлек, Нұржан Сәбитұлы қаладағы туризм саласын 

дамытуға қатысты бірқатар перспективалық жоба-

лар мен мәселелерге тоқталып, осы бағытта өзара 

ықпалдасудың тиімділігін алға тартты. Халықаралық 

транзиттік саладағы авиациялық, темір жол және 

тас жолдардың талапқа сай болуы да қаладағы 

туризмнің дамуына бағытталған үлкен серпіліс еді. 

Сөз соңында Нұржан Сәбитұлы қала басшыларын 

Жамбыл облысының табиғи шикізат көздері мен 

өңірден шығып жатқан өнімдердің жоғары сапасынан 

хабардар етті. 

– Жамбыл өңірінде барит, фосфор шикізаты, 

түрлі-түсті металл мен жер асты қазба байлығы мол. 

Шоғырланған шикізат қоры құрылыс материалдарын 

өндіруге пайдаланылуда. Тараз қаласының негізгі 

өндіріс саласы да химиялық, жеңіл және тамақ 

өнеркәсібі, металл өңдеумен құрылыс материалда-

рын өндіруге бағытталған. Қаладағы жалпы өндіріс 

қуатының  41 пайызы химиялық салаға тиесілі. 

Оған сары фосфор, агломерат, фосфор мен күкірт 

қышқылын, натрий үш полифосфатын өндіретін 

Жаңа Жамбыл фосфор зауытын айтуға болады,-деді 

шаһар басшысы. 

Әсіресе, фосфор өнімі мен қант қызылшасын 

өндіру  ісі  баяндамада  басты  назарға  алынды. 

Себебі, ағымдағы жылдың 8 тамызында Жамбыл 

өңіріне Иран Ислам Республикасының өкілдері 

арнайы іссапармен келіп, облыстағы аграрлық 

сектор мен қант қызылшасын өсіру ісіне үлкен 

қызығушылық білдірген еді.  Бүгінде еліміздегі  

мемлекеттік бағдарламалардың дені экономикаға 

инвестиция тартуға бағытталып отыр. Осы бағытта 

тарихи достықты нығайтуға талпынған тәуелсіз 

Қазақстан үшін жан-жақты жаһандануға  шетелдік 

инвесторлардың ықпалы мол. Туризмді дамыту 

арқылы мәдениет пен экономиканың болашағын 

саралаған  шарада  Нұржан  Сәбитұлы  шетел 

шаһарларының әкімдерін ортақ мақсатта әріптестік 

орнатуға шақырды. 

 

„

қыркүйектің 1-нен 



бастап қалада күзгі екі 

айлық тазалық жұмыстары 

басталды. Осы мәселеге 

орай, қала әкімінің 

орынбасары мақсат 

ахаевтың төрағалығымен 

штаб отырысы өтті. 

күзгі тазалық 

күн тәртібінде

жұмыстарын ертерек қолға алу міндеттелді. 

«Төле  би  көшесінің  бойында  ағаштар 

жаз  бойы  уақытылы  суарылмады,  ал 

суарылғандары белгісіз себептермен қурап 

кетті. Осыған орай, міндетті түрде ағаштар 

ауыстырылсын. Сондай-ақ, қала сыртындағы, 

әсіресе Элеваторный көшесінің бойындағы 

қураған  ағаштар  алынды,  бірақ  орнына 

тал  егілмеген.  Осының  барлығын  қолға 

алуды тапсырамын. Аталған іс осы күзден 

қалмасын»  деді,  -  Мақсат  Кеңесханұлы. 

Жиын  барысында  қаладағы  барлық 

қоқыс  алаңдары  мен  бейберекет  қоқыс 

орындарының күнделікті тазартылып оты-

руы жөнінде де бірқатар мәселелер қаралды. 

Қалалық  жергілікті  полиция  қызметінің 

басшысы  Талғат  Сәулебаевқа  учаске  по-

лициялары тарапынан бейберекет қоқыстар 

мен құрылыс қалдықтары бойынша айыппұл 

салу жұмысын күшейту жүктелді. Сонымен 

қатар,  сәулет  және  қала  құрылысы,  жер 

комитеті, кәсіпкерлік  және тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау бөлімдерінің мамандары-

на арнайы рейд жұмыстарын ұйымдастырып, 

заңсыз сауда дүңгіршектерін алып тастау ісі 

тапсырылды.  

«Бұдан былай ешкімге ескерту берілмейді. 

Тазалықты сақтамаса нақты шара қолданып, 

айыппұл салу керек», - деді сөз соңында 

Мақсат Кеңесханұлы.  

Айта  кетсек,  былтырғы  жылдың  осы 

кезеңінде  бейберекет  қоқыс  тастағаны 

үшін  700-ге  жуық  азаматқа  әкімшілік 

құқықбұзушылық  бойынша  айыппұл  са-

лынса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге, яғни 

1400-ге жетіп отыр. 

Өзіңнен баста!   



ӘлеумеТ

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №36 (1324), 7 қыркүйек   2016 Жыл  //



басты талап - тұтынушының мҮддесі

 

„

«агромашХолдинг» ақ Trade-In жобасының аясында 



ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жүзден астам 

ескірген техникасын 2016 жылғы егін науқанына сақадай сай 

комбайндарға ауыстырды. 

Ау ы л   ш а р у а ш ы л ы ғ ы   т ау а р 

өндірушілері  астық  жинайтын  тех-

никаны  таңдаған  кезде  қателеспеуге 

тырысады,  өйткені  күткен  үміттері 

орнынан шығып, ұзақ уақыт пайдала-

нылатын техникаға ие болғысы келеді. 

Агроқұрылымдардың көбісінде техника 

ескірген, өз тиімділігінен айырылған 

және  жиі  шығынға  ұшырайды. 

Сондықтан, егіншілердің айтуынша, ауыл 

шаруашылығы техникасын таңдау кезінде 

барынша техниканы жаңарту және оның  

пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында, 

заман талабына сай үрдістерді қолдануға 

тырысады.  Фермерлер  машиналарға 

үңіліп қарап жұмыста оларды сынайды 

және сервистік қызметтің бар болуы 

туралы әуестік білдіреді. Соңғы фактор 

өте ерекше, өйткені машина қуатты және 

сенімді болмаса да мамандардың арала-

суымен жәрдем көрсетілетін жағдайлар 

туындауы мүмкін. Бірақ техникалық 

мамандардың артықшылығын құратын 

басқа  да  айтарлықтай  маңызды  се-

бептер бар. Солардың бірі қаржылық 

қолдау. Тиімді шарттар бойынша тех-

никаны сатып алуға мүмкіндік беретін 

лизинг ұйымдары бар, сонымен қатар 

пайдалануда болған ескірген техника-

ны жаңаға ауыстыра алатын өндіруші 

зауыттың бағдарламалары да бар. Осын-

дай бағдарламаны «АгромашХолдинг» 

АҚ іске қосты. Trade-In жобасы тех-

ника өткізудің табысты нәтижелерін 

көрсетеді. Ең бастысы бағдарлама шарт-

тарын пайдаланып қалу. Расында да 

жоба агроқұрылымдар үшін өте қолайлы 

және тиімді. «АгромашХолдинг» АҚ 

сервис орталықтарының мамандары-

на жүгіну жеткілікті. Олар істің мән-

жайын  да  түсіндіріп  береді,  қажетті 

құжаттарды жинауға да көмектеседі. 

Барлығы  тегін  және  кейде  өндіруші 

де тәуекел етеді, өйткені пайдалануда 

болған техниканы кейін  қайта өткізе 

алатыны белгісіз. Бірақ бұл жағдайларға 

компания  жауап  береді.  Оған  қоса, 

«АгромашХолдинг»  кәсіпорны  үшін  

тұтынушылардың мүдделері  әрқашан 

бірінші  орында  тұр.  Компания  біраз 

уақыт бойы қабылданған шешімдер үшін                                                                                                 

жауапты  болғанын  дәлелдеп,  сенім 

білдірген  қазақстандық  техникалық 

мамандардың жоғары бағасына ие болған.

Бүгінгі күні, Trade-In бағдарламасы 

қазақстандық техникалық мамандардың  

техникалық паркін айтарлықтай жаңарта 

алды. Бұл науқанды ауыл шаруашылығы 

тауар өндірушілері  әбден ескірген техни-

каны барынша жетілдіру мүмкіндігі деп 

атайды. Сондай-ақ, фермерлерді ауысты-

ру шарттары өте қызықтырды. Процесс 

барлық жақтан ыңғайлы. Техникалық 

мамандарда  техниканы консервациялау 

қажеттілігі туындамайды, пайдалануда 

болған комбайнды астық жинағаннан  

кейін «АгромашХолдинг» АҚ мамандары 

бірден егістіктерден алып кетеді.    

Оған қоса, компания ауыстыруға жата-

тын техника бағасын бұрынғы деңгейде 

қалдырып, 2016 жылғы жаңа өнімді - 

«Essil-760.1» астық жинайтын комбайнын 

қосты. Соңғы модификация үлгісін ауыл 

шаруашылығы тауар өндірушілеріне дәл 

астық жинау жұмыстарының алдында 

ұсынды. Осы маусымдағы рекордтық 

егін  жинаудың қарқыны мен өнімділігін 

айтарлықтай жеделдеткен де –осы игі 

бастама. Іс барысында «Essil – 760.1»   

нағыз құтқару шеңбері болып шықты. 

Trade-In  науқаны  бойынша  өз  ауыл 

шаруашылығы машиналарын «Essil – 

760.1» ауыстырған техникалық мамандар 

комбайн таңдаудан қателеспегенін мой-

ындауда. Техникалық сипаттамалардың 

жақсаруы  байқалды.    Комбайнның 

жаңартылған нұсқасында жаңа көлбеу 

камерасы мен 9 м3 дейін ұлғайтылған 

астық бункері пайда болды.  Одан басқа, 

астық  бункерінің  конструкциясында 

механикалық вибро жетегі бар меха-

низм қолданылған, бұл дымқылдығы 

жоғары астықты түсіруге және күмбездің 

құрылуын  болдырмауға  мүмкіндік 

береді.  Заманауи  техника  өнімді 

және  қолайлы.  Және  де  егін  жинау 

кезіндегі ысыраптың төмендеуі бәрінен 

көбірек  техникалық  мамандардың 

қуантты. Басқаруы жеңіл, бедері мен 

конфигурациясы  бойынша  күрделі 

егістіктердегі  жұмыстың  барлығын 

атқарады. Жаңғыртылған «Essil – 760.1» 

комбайнында    барлығы  механизатор 

еңбегін ыңғайлы етуге, барынша егістік 

жағдайларын жеңілдетуге жасалған.    

          Қызықтыратын  науқаннан  және 

техника желісі жетілдірілген «ESSIL 

КЗС–760.1» комбайнынан басқа, «Аг-

ромашХолдинг»  астық  жинайтын 

комбайндарға  техникалық  қызмет 

көрсету мүмкіндігін де ойластырды. 

Қандай  ақаулықтар  болса  да  немесе 

қандай  күрделі  мәселелер  туындаса 

да, фермер шаруа қожалығына қызмет 

көрсететін филиалдың сервис қызметіне 

тәуліктің кез келген уақытында жүгіне  

алады. Мамандар тек қана кеңес бе-

руден бөлек, техниканы да жөндейді, 

қосалқы  бөлшектерді  де  жеткізеді. 

Астық жинау науқаны оңай және табы-

сты өту үшін, «АгромашХолдинг» өз 

үлесін қосуға  әрдайым әзір. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал