«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» Ақсу өңірінің тумасы



жүктеу 174.68 Kb.

Дата12.03.2017
өлшемі174.68 Kb.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Отан үшін күрес – 

ерге тиген үлес» 

 

 

Ақсу өңірінің тумасы,

 

ҰОС

 

ардагері Ілияс Оспанұлы 

туралы

 

 

 

 

 

 

 

 «Отан үшін күрес- ерге тиген үлес»  жалғанның 

жартысындай жасыл жазира даласын ғасырлар бойында 

шекарасына  қамал  қорғандар  салмай-ақ  жалаңтөс 

батырлары  жанпидалықпен  қорғай  білген.    Қазақтың 

тарихи  көшін  әрқилы  кезеңде  бастаған  көреген 

көсемдерінің,  айбатты  батырларының  ел  қорғаудағы 

аңызға  айналған  ерліктері  бүгінгі  ұрпаққа  өнеге-үлгі. 

Отансүйгіштік  және  «Өзіңді  өзің  сыйласаң,  жат 

жанынан  түңілер»  тенденцияларының  түп  тамыры 

этникалық  тектіліктің көрсеткіші.  

Ілияс  Оспанұлының  ұдайы  даму  көзқарасы 

зиялы қауым өкілдеріне үлгі және ізгіліктің көрсеткіші 

 

 



 

 

 



 

Құрастырған: 

Павлодар 

облысы 

Ақсу 


қаласындағы  қазақ  гимназиясының    2010-11  оқу 

жылының  түлектері  және  сынып  жетекшісі  Ерхасова 

Қанпа Боранбайқызы 

 


 

 

 

Мазмұны

 

 

1.

 



Кіріспе 

2.

 



Ілияс Оспанұлы Оспанның ғұмырнамасы 

3.

 



Қазақ халқының мұраларын дәріптеген ұстаз 

4.

 



Ел аузындағы айтулы тұлға 

5.

 



Қорытынды 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  Қазақстанға 

еңбегі  сіңген  атағы  бар  ардагер  ұстаз,  зейнеткерлікке 

шыққан  кезеңнен  бастап  Ақсу  ауданының  «Қазақ  тілі» 

қоғамының төрағасы болған Ілияс Оспанұлы өмір жолы, 

еңбек жолы баршамызға үлгі-өнеге. 

Мінезге  бай,  парасатты,  тіл  жанашыры, 

оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беруде  көп  еңбек 

сіңірген  кемеңгер  ұстаз.  Ол  кісінің  жастарға  сіңірген 

еңбегін  бағалау  біздің  парызымыз  деп  білемін.  Есімін 

ұмыттырмай  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастыру  зор  міндет 

деп  санаймын,  өйткені  Ілияс  Оспанұлы  Оспанов 

әрқашан  адамгершілік  биігінен  көріне  білді,  беделді 

азаматтардың  бірі  болып,  жауапты  кезеңдерде  алғы 

шептен табылып, үлкен жауапкершілігін көрсете білген 

ел ағасы болғанын мақтанышпен айта аламын. 

 

 

             



       

Ақсу қаласы гимназиясының директоры,  

                              «Ерен еңбегі үшін» меделінің иегері,   

                             халық ағарту ісінің үздігі 

                               Сламбекова Рымкеш Хамитқызы

  

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ілияс Оспанұлы Оспанов 

 

 

 

Кіріспе

 

«Отан үшін күрес- ерге тиген үлес»   жалғанның 

жартысындай жасыл жазира даласын ғасырлар бойында 

шекарасына  қамал  қорғандар  салмай-ақ  жалаңтөс 

батырлары  жанпидалықпен  қорғай  білген.    Қазақтың 

тарихи  көшін  әрқилы  кезеңде  бастаған  көреген 

көсемдерінің,  айбатты  батырларының  ел  қорғаудағы 

аңызға  айналған  ерліктері  бүгінгі  ұрпаққа  өнеге-үлгі. 

«Ұл  қуатты  болмай,  қуаныш  тұрақты  болмайды», 

«Бірлік қайда болса, ерлік сонда», «Отаның берік болса, 

жауың  алмайды».  Иә,  халық  айтса,  қалт  айтпайды.  Бұл 

өзекті  сөздер  өмірдің  өзінен  алынған.  Бүгінгі  жас 

ұрпаққа сабақ, алдарына дұрыс бағдар деуге де болады. 

Отанын,  елін  сүю,  туған  халқына  қызмет  етуге  баулу 

әрбір  ата-ана,  ұстаздардың  жауапкершілігі.  «Бала 

болсаң,  болғандай  бол,  ағайынға  қорғандай  бол»  мұны 

тар  мағынада  емес,  кең  мағынасында  пайымдаған 

халық,  ұқтырған  халқымыз,  әр  ұланға  азамат  болып 

һөсу  парызын,  еліне  қорған  болуды  ойлап  өс,  жетіл, 

кемелден  дегені.  «Жылуы  болмаса  түбіт  қасиетсіз, 

жігері  болмаса  жігіт  қасиетсіз».  Қайраты  бары  ғана 

қаһарман  болады,  жасық  ұлан  жауынгер  болып 

жарытпайды. Жалпының абыройына көлеңке түсіреді. 

«Ер  елімен  жақсы,  жер  кенімен  жақсы»  халқы 

үшін қабырғасы қайысатын, жалпы үшін жаны ашитын, 


ел  десе  ет  жүрегі  елжірейтін,  елі  үшін  көзсіз 

жанқиярлыққа іркілмей барады.  

    *Ер  елімен  жақсы,  жер  кенімен  жақсы*  халқы  үшін 

қабырғасы  қайысатын,  жалпы  үшін  ашитын,  ел  десе  ет 

жүрегі  елжірейтін,  елі  үшін  көзсіз  жанқиярлыққа 

іркілмей  барады.  *Тайынбаған  тауды  жығады*.  Жас 

ұлан,  сенің  де  Қобыланды,  Наурызбай,  Бөгенбай, 

Бауыржан,  Мәлік,  Төлеген  аталарындай  мың  кісілік 

ерлік  жасар  мүмкіндіктеріңнің  барына  кәміл  сен  деп, 

бала  бойына  жігер  беріп  рухтандыру  ата-аналар  мен 



тәлімгерлердің міндеті.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ілияс Оспанұлы Оспанның ғұмырнамасы 

 

Ілияс

 

Оспанұлы  1923  жылдың    қаңтар    айының  5 

жұлдызында  Павлодар  облысының  Лебәжі  ауданының 

Қаракесек  аталған  (ал  кейіннен  *Қайрат*,  *Қызылқоғам* 

кеншерлері  болған)  Қызыләскер  ауылдық  Кенесінде  туды. 

Әкесі  Оспан  Оразалыұлы  ауылдағы  *Қосшы*    ұйымының 

мүшесі, 

жергілікті 

сауда

-

саттық 

ұйымдарында, 

*Қараауыл*  деген  жердегі  *ГОЗ*  (қоғамдық  жер  серіктігі) 

ұйымдастырып, сонда басқарма болып қызмет атқарды. 

 

   

Ілияс  7

-

жылдық  мектепті  сол  Октәбіртан  мектебінде 

бітірді.  Сол  мектепті  6  бала:  Ілияс,  оның  немере  ағасы 

Әубәкірұлы 

Баймолда 



Серғазыұлы 

Сейтжан, 

Молдакелдіұлы Нұрымбай,  Шәменұлы Тұқылай және Кеңес 

Одағының  Батыры  Серғанұлы  Құдайберген  бітірді.  Ілияс 

Керекуге  келіп,  ондағы  N10  Абай  атындағы  үлгілі  орта 

мектепке  түсті.  Сол  түлектердің  көбі  Воровский 

атындағы мұғалімдер техникумына түсті.

 

   

Сол 

онжылдық 

мектепті 

бітірген  Ілияс  Оспанұлы  өз 

ауылындағы жаңа ғана

 

ашылып 

жатқан 

Қызыләскер 

орта 

мектебіне 

қазақ 

тілі  мен 

әдебиетінен  оқытушы  болып 

тағайындалды. 

 

   

Сонымен  1940  жылдың  15 

тамызынан  бастап,  Лебәжі  ауданының  Қызыләскер  орта 

мектебінде ұстаздық еңбегін бастады. 

 

   

Әскерге

 

шақырылар 

алдындағы  әскери  коммисияда

 

оны  Житомирдегі  әскери

-

саяси 

училищеге 

тіркеп 

қойған 

болатын. 

 

   

Кейіннен,  1942  жылдың  9 

қаңтары  күні  Ілиястың  өзі  де  әскер  қатарына  аттанды. 

Ол  Кемерова,  Прокопьевск,  Алматы,  Самарқанд,  Катта

-

Қорған қалаларында әскери дайындықтар өтіп, 1943 жылы 

мамырдың

 

10  жұлдызында  Өзбекстанның  Наманған 

қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді. Онда 

әуелі 6

-

аймақ, кейін бір жылдық бағдараламамен ақоп, 1944 

жылдың  қыркүйегінде  кіші  лейтенант,  минамётшілер 

взводының командирі болып шықты.

 

   

Харьковтің 

әскери

 

училищесін 

бітірісімен 

оны 

Украинаның  Нежин  деген  қаласындағы  59  ОПРОС

-

қа

 

(Отдельный  полк  резервного  офицерского  состава) 

жіберді.  Онда  бір  айдай  тұрып,  әскери  бөлімшелерге 

жіберуді күтті. Сонымен 

 

І Украина майданының 

 

3-

танкшылар армиясы,

 

 



 9-

метомеханизацияланған 

корпустың 

70

-

бригадасы 

құрамындағы  616

-

гваридияшылар 

миномёті 

 

І  батареясындағы  І 

взвод 

командирі 

қызметіне 

тағайындалды. 

 

   

Даңқты 1945 жылдың сәуірінде 3

-

танкшылар  армиясы  фашизмнің 

ұясы

 

Берлин  түбіне  жетіп,  сол  сәуірдің  21  жұлдызында 

Берлинге  шабуылмен  Трептов  көпірі  арқылы  Шпрес 

өзенінен өтіп, жау астанасына басып кірді.

 

Мұнда 3 мамырға дейін соғысып, ақыры Кеңес әскерлерінің 

жойқын 

күштері 

тозығы 

жеткен 

империалистер 

армиясының  тосқауылдарын  талқандап,  дұшпанның  өз 

ұясында тізе бүктірді. Мамырдың 3 жұлдызында І Украина 

майданның  әскерлеріне  туысқан  Чехословакия  астанасы 

Праганы басқыншылардан азат етуге бұйрық берілді. Сол 

күні  кешқұрым  бүкіл  Украина  майданы  сол  бұйрықты 

орындау үшін аттанды. 

 

 

9  мамырда  9

-

мехкорпус  осы  қандастар  қаласы  үшін 

кескілеске ұрыс құрды.

 

8  мамырда  Прага  азат  етілді.  Ал,  келесі  күні,  9  мамырда 

соғыс аяқтанды.

 

   

Ілияс  Оспанұлы  1945  жылдың  5 

маусымынан  бастап,  1946  жылдың  5 

маусымына 

дейін 

Австрияның 

Голлабрун,  Штоккерау  қалаларында 

КСРО  Орталық  аккупация  тобында, 

1

946  жылдың  5  маусымынан  1947 

жылдың 

15 

желтоқсанына 

дейін 

Германиядағы 

КСРО 

аккупациялық 

тобының 

құрамында 

Штоккерау, 

Коттбус, 

Люббен 

қалаларында 

батарея командирі қызметін атқарды. 

 

   

1947  жылдың  20  желтоқсанынан  1948  жылдың 

мамырының  аяғына  дейін  Белорусия  әскери  округінің  5 

армиясы  қатарында  Минск  облысы,  Пуховичи  ауданы, 

Лапичи  деген  селосында  268  танкшілер  полкінде 

кадрленген дивизионда кіші командирлер даярлайтын полк 

мектебінде батарея командирі болып жұмыс жасады. 

 

1948  жылдың  мамырдың  аяғында  запасқа  шығып,  елге 

оралды. 

 

1948  жылдың  шілдесінен  бастап,  1957  жылдың  қазан 

айына  дейін  Лебәжі  ауданының  Жас  Еңбек  N23  кеншар 

орталау  мектебі,  Лебәжі  орта  мектебінің  директоры, 

1957-

1961  жылдарда  аудандық  оқу  білімінің  меңгерушісі, 

1974-

1975  жылдарда  Ақсу  аудандық  ауыл  шаруашылық 

қызметкерлерінің  кәсіподақ  комитетінің  төрағасы  болып 

қызмет  атқарды.

  1976-

1983  жылдарда  5  қаңтарға  дейін 

Қызылжар орта мектебінің директоры

 

қызметін атқарып, 

сол  жерден

 

жасына  байланысты  зейнеткерлікке  шықты. 

Дегенмен  Ілияс  Оспанұлы

 

қызметтен  қол  үзбей  келді. 

1984-

1985  жылдарда  Ақсу  аудандық  архивінің  директоры, 

1985-

1989  жылдарда  Май  аудандық  *Шамшырақ*  газетінің 

бас  редакторы.  1990  жылдан  2003  жылға  дейін  Ақсу 

қалалық

-

аудандық 

біріккен 

*Қазақ 

тілі* 

қоғамының 

төрағасы  болып  жұмыс  атқарды.  Ол  кісі  осы  ұйымды 

ұйымдастыруда,  қалыптастыруда  көп  еңбек  сіңіріп, 

алғашында  төраға  орынбасары,  көп  ұзамай  сол  ұйымның 

төрағасы болып сайланған. 

 

   

Зейнеткерлікке  1983  жылдың  10  қаңтарынан  шығып, 

1984 

жылдың 

наурызынан 

бастап 

*Қазақстан 

Республикасына  сіңірген  ерекше  еңбек  үшін*  деп 

аталатын  зейнеткер

 

болып,

 

1957  жылы  *Қазақ  ССР

-

і 

халық  ағарту ісінің озаты* омырауға тағатын белгісімен 

марапатталған.  1966  жылы  Ұлы  Отан  соғысында  Қызыл 

Жұлдыз,  Отан  соғысын  2  дәрежелі  екі  орденмен,  1961 

жылы  «Үздік

 

еңбегі

 

үшін»

 

және  басқа

 

да  15  медалімен 

марапатталды.  «Республика

 

алдындағы  сіңірген  еңбегі 

үшін» 

 

белгісін де тақты. 

 

   

1966  жылы  наурызда  Қазақ  ССР

-

і  Жоғарғы  Кеңесінің 

Құрмет 

грамотасымен 

жүлделенді. 

Облыс, 

аудан 

грамоталары ондаған.  Басқа  да  кеудеге  тағатын  ерекше 

белгілері де толып жатыр. 

 

   

1955  жылдан  1985  жылға  дейін  аудандық,  ауылдық 

Кеңестер  депутаты,  аудандық  партия  комитетінің 

мүшесі болып сайланып отырды.

 

   

Өлең

 

жазу өнерімен 1939 жылдан шұғылдануда. Өлеңдері 

аудандық,  облыстық,  республикалық  газет

-

журналда 

жарияланып  жүр.  «Полковник  Баймолдин»,  «Ана  аясында»

 

деген  екі  поэмасы  облыстық  *Қызыл  ту*  (*Сарыарқа 

самалы*) 

газетінде 

жарық 

көрді. 

*Социалистік 

Қазақстан*(*Егемен  Қазақстан*),  *Қазақстан  мұғалімі*, 

облыстық,  аудандық  газеттердің  штаттан  тыс  тілшісі 

болып  көп  жыл  еңбек  еткен.  Ілияс  Оспанұлы  Кеңес 

Одағының

 

Маршалы  Г.К.Жуков  медалімен,  «

1941-1945 

жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  Жеңісінің  елу  жылдығы»

 

мерекелік  медалімен  марапатталды.  20  медаль  иегері, 

«Халық  ағарту  қызметінің  озаты»,  Қазақстан  мектебіне 

еңбегіне сіңген мұғалім

 

 

 

 

 

Қазақ

 

халқының

 

мұраларын дәріптеген ұстаз

 

    

Соғыстан  бұрын  ешбір  әдістемелік  құралы  жоқ, 

мұғалімнен  басқа  ештеңе  жоқ  кезде  қазақ  мектебі  орыс 

мектебінен 

кем 

түспеген

-

тін. 

Бүгінгі 

зиялы 

оқымыстылардың бірі –

 

сол кезде мектеп бітіргендер. 

 

   

Ол  кезде  мектептерде  көне  сөздер,  мақал

-

мәтелдер, 

эпостар, 

батырлар 

жыры, 

ертегілер 

кенінен 

насихатталған. 

 

   

Халқымыздың  ғажайып  қазынасы  –

 

эпостарды  балалар 

жас  кезінен  жаттап,    батырлар  жыры  мен  ертегілерді 

тамсана оқитын.  

  

   

Ілияс  Оспанұлы  –

 

тек  ұлттық  мәртебесімен  шектеліп 

қалған  тұлға  емес,  өзінің  әлемдік  интеллектуалды 

әлеуетін  ұтымды  пайдаланып,  қазақтың

 

тарихын  басқа 

елдерге  жеткізуші,  әрі

 

өткендегі  даналар  философиясын 

әлемдік кеңістікке дәріптеген ұстаз.

 

   

«Құтадғы

 

білік»

  - 

өз  тұсындағы  әлемдік  әдебиеттің 

қымбат  ескерткіштері  саналады.  Мұның  авторы  Жүсіп 

Баласағұнның  заманының  озық  білімді  адамдарының  бірі 

екен.  1069  жылы  жазылған  бұл  шығарма  жетпіс  екі 

тараудан  тұрады.  Автор  төрт  кейіпкерін  төрт 

қасиеттің  иесі  етіп  алып,  соларға  арнаулы  ат  қояды. 

Сонда  әлгі  кейіпкерлер  әділет,  дәулет,  парасат,  қанағат

 

сипатында жүреді. 

 

   

*Құтадғы  біліктегі*  білім  мен  сөз  құдіреті  туралы 

келтірілген 

тұжырымдардың 

кейбіреулері 

мәні, 

тапқырлығы жағынан әлі де ескірмеген.

 

Қайсыбір жолдары

 

ұшқыр, қанатты сөздердей, нақылдардай әсер қалдырады. 

 

      

Мұнда, тіл –

 

білімнің делдалы;

 

      

кісіні қорғайтын да, қорлайтын да тіл;

 

      

қаупым

 

менің тілден; басым аман болса, 

 

      

тілімді кессе де мейлі;

 

      

көп  сөзден  пайда  жоқ;  тіл  –

 

есік  алдында  жатқан 

арыстан,

 

      

бір күні түбіңе жетуі кәміл;

 

      

кісі өлгенмен, сөзі өлмейді;

 

      

ақылдың көркі –

 

сөз; 

 

      

сөзі жақсының жүзі жақсы сияқтанған терең әңгімелер 

бар.

 

   

Бір ғажабы –

 

дастанда еңбек, кәсіп адамдарының қоғамға 

пайдалылығы  көтере  мадақталған.  Темірші,  тігінші, 

етікші, сушы, оқшы, тас қашаушы секілді мамандықтарды 

санай  келіп  солар  өте  ғажайып  нәрселерді  жасайды  деп 

түйіндейді.  Мал  өсірушілер  еңбегінің  де  қағанға  зәрулігін 

түсіндіреді.  Әсіресе,  қымыздың,  сүттің,  жүннің  қымбат 

заттар екеніне тоқталады. 

 

   

*Құтадғы  біліктің*  жасалуына  ауыз  әдебиетінің  әсері 

күшті  болған.  Дастандағы  мұндай  сипатты  профессор

 

Н.Мамаев  *Өзбек  әдебиеті  тарихында*  терең  ашып, 

дәлелдеп көрсетеді. Бұған мына төмендегі тапқыр сөздер 

мен  мақалдар  айғақ:  Айтылмаған  сөз  –

 

саф  алтын, 

ауыздан  шыққан  сөз  –

 

мыс;  Ақылдың  көркі  –

 

тіл,  тілдің 

көркі –

 

сөз, кісі көркі –

 

жүз, жүздің көркі –

 

көз; Көп сөйлеме



аз сөйле, он мың сөздің тығыны бір

 

сөзбен аш; Ақылсыз кісі 



 

мәуесіз ағаш; Білім алған екенсің, оны іске асыр; Сүтпен 

кірген  мінез  өлгенше  өзгермейді;  Оқулы  кісі  даңқ  табады, 

оқусыздың аты шықпай қалады. 

 

   

Ежелгі  дәуірдің  жазба  ескерткіштері  Орта  Азия  мен 

Қазақстан  халықтарының  тарихын,  тілін,  мәдени,  әдеби 

дәстүрін толығырақ, тереңірек

 

түсінуге көмектеседі.

  

   

Ерте  Халық  өлеңдері,  жырлар  мен  әңгіме  ертегілері 

баланы  кішіпейіл,  рақымшыл  және  ұяты  бар  азамат  етіп 

шығаруға  жол  ашқан.  Балалар  мен  жас  өспірімдер  тіпті 

жігіт  ағасы  болған  адамдар  да  өзінен  үлкенді  атымен 

атамай,  аса  быр  сый  құрмет  көрсетіп, 

*

жақсы  аға*  өнері 

бар  кісі  болса

 

*ақын  аға*



одан  үлкенірек  болса  *көке*, 

*жәке*, *ата*, жасы сексеннен асқан адамдарды көргенде: 

 

*о  құдіретіңнен  айналайын  баба*  деп  қол  алысып,  иіліп 

сәлем  беретін  болған.  Өзінен  үлкенге  құрмет

 

көрсету 

осындай  тәрбиенің  жемісінен  туған  жақсы  әдет, 

жарастық

 

пен сән



салтанатқа  айналған.  Жас бала

 

өзінің 

албырттығына  салынып  ешнәрсеге  ықыластанбай,  оның 

аяғын  салғыртыққа  айналдырып  жіберсе,  түбінде  өмір 

соққысына душар болатынын алдын ала

 

ескертеді. *Еңбек 

түбі  зейнет*  дейтін  сияқты,  еңбектенсе  ғана  ойлаған 

мұратына  жететініне  жас  басынан

-

ақ  олардың  құлағына 

құйып, бойына сіңіре береді. 

 

   

Бала  тәрбиелеуде  халық  өзінде  бар  барлық  асыл  сөз, 

даналық  ойларын  балаларға,  жеткіншектерге  арнады.  Өз 

өмірінің  ғасырлық  тәжірибесінен  алынған  асыл  ойларын 

мақал –

 

мәтел етіп, үлгі –

 

өнеге ретінде өмірінің жалғасы 

болатын  баласына,  немересіне  қалдырып  отырған.  *Бала 



 

бауыр еті, көздің нұры* деп босқа айтпаған. Кім болса да 

өз  баласын  білімді,  өнегелі  халық  азаматы  болып  өссін 

дегенді  арман  етеді.  Сол  арманын  іске  асыру  үшін  қолда 

бар  барлық  мүмкіншілігін  бала  болашағының  игілігінен 

аямайды.  *Оқу  –

 

білім  бұлағы,  білім  –

 

өмір  шырағы*  деген 

ақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырады.  

 

  - 

*Ақыл –

 

тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен* 



деп 

оның  болашағы  да  соншалық  баянды,  мығым

 

болатынын 

сан рет ескертеді.  Бірақ мұның өзі де  еңбексіз,  әрекетсіз

 

тектен  –

 

тек қолға  түсе қалатын оңай олжа емес.  Асуы 

қиын  бел  –

 

белес,  ұшы  –

 

қиыры  көрінбейтін  құба

 



 

жон 

екенін де ашық

 

айтады. Қажымай қайрат көрсету арқылы 

ғана  оның  үдесіне  жетуге  болатынын  ескертеді.  *Білім 

қымбат,  білу  қиын*  деген  мәтел  осыдан  алыны,  жас 

өспірімдерге  әдейі  айтылған.  Білім  алу  жолына  түссең, 

оның  қиындығын  ауырсынба.  *Өз  білмегеніңді  кісіден  сұра, 

үлкен жоқ болса, кішіден сұра*, қалайда болса оның үдесіне 

жет, шыңына көтеріл дегенді насихат етеді. 

 

   

Егер,  білім  алу  жолындағы  қиыншылыққа  төзбесең, 

еңбектенбесең  қатарыңнан  қалып  қоясың,  өкінішті 

боласың.  *Өкініш  естен  кетпейді,  бір  тойғаның  түске 

жетпейді*

  

осы жағын да ескерген жөн.

  

*Өнерлі  жігіт  өрге

 

озар,  өнерсіз  жігіт  жер  соғар*  деп 

жастардың  намысына  тие,  ойына  қозғау  сала  айтатын 

жақтары да халық мақаладарынан көп кездеседі.

 

   

*Адам  болар  баланың  кісіменен  ісі  бар,  адам  болмас 

баланың кісіменен несі бар?* 



деп баланың психологиялық 

өсу  процесіне  зер  салып,  үздіксіз  бақылап,  сынап,  дұрыс 

бағыт

 

–бағдарға

   

жөн  сілтеп  отырған.  Баланың  талабы, 

ынта  –

 

жігері  жас  кезінен  танылады.  Көпшілікке,  оның 

игілікті жақсы  жақтарына үйір бола бастайды.  Ұйымшыл, 

көпшіл

 

бола бастайды.

 

   

Білім  алу,  жақсы  өсу,  еңбек  сүюшілікке  дағдылану  –

 

осының  бәрі  де  адамның  саулығына,  жақсы  тәрбиеге 

байланысты  екені  де  мақалдар  мен  мәтелдерде  толық 

қамтылған.  Халық  өз  өмірінің  тәжірибесінен  көрген  –

 

білгеннің  бәрін  де  өзінің  ұрпақтарына

 

нақыл

 

етіп,  үлгі 

насихат  ретінде  қалдырып  отырған.  *Ден  саулық  зор 

байлық* деп  алдымен саулығыңды  сақта,  саулығың жақсы 

болса,  ойлаған  мақсатыңа  жетесің  деп  үйретеді.  Саулық 

та  өз  өзіен  келе  бермейді.  Таза  тұрып,  таза  жүрудің

 

қажет  екенін  ескертеді.  *Тазалық  –

 

саулық  негізі, 

шаруашылық  –

 

байлық  негізі*  дейді.  Осының  барлығы  да 

біріне  бірі  тығыз  байланысты.  Бірінсіз  бірі  қаз  қалпында 

тұруы  мүмкін  емес.  Саулықтың  негізі  таза  тұрып,  таза 

жүруге байланысты болса, саулық пен таза жүрудің негізі 

ұқыптылыққа

 

байланысты екені де  айтылады.  Өз  –

 

өзіне 

ұқыпсыз,  сылбыр  –

 

салақ  болса,  мұның  бәрі  де  іске 

аспайды.  Сондықтан  да  *ұқыптының  тоны  тозбас, 

ұқыпсыздың  ісі  онбас*    деп  қатты  айтады.  Қай  нәрсеге 

болса  да  ұқыптылықпен,  зейін  ықыласпен,  ынта  –

 

жігермен  кірісуге  шақырады.  Осы  айтылған  мақал  –

 

мәтелдердің бәрі де жес буынға ой салып, өмір танытады. 

 

   

Мақалдар  мен  мәтелдерде  жолдастық  қатынастар 

жайында да айтылған. Жасөспірімдерді мейірімді, кішіпейіл 

болуға,  берілген  уәдеден,  айтқан  серттен  айнымайтын 

адал  дос,  жақсы  жолдас  болуға  үйретеді.  *Ат  жаманы 

жолда  қалдырар,  жолдас  жаманы  қолда  қалдырар* 



деп 

жаман  адамның  соншалық  опасыз,  тұрақсыз,  табансыз, 

тайғақ  болатынын  білдіреді.    *Жаман  аттан  –

 

аяғым 

артық,  жаман  жолдастан  –

 

таяғым  артық* 



деп,  жаман 

жолдастың

 

қолдағы таяқтан да қадірсіз екенін ескертеді. 

*Жаман  дос  көлеңке,  басыңды  күн  шалса,  қашып  құтыла 

алмайсың,  басыңды  бұлт  алса,  іздеп  таба  алмайсың*  деп 

қорытынды  жасайды.  Жолдастық,  достық,  мәселесін 

айтқанда,  жас  буынға  көбіне  адамгершілік  сипатқа 

жатпайтын  жат  мінездердің  барлығынан  аулақ  болуды 

көздейді. 

 

   

Халықтық  шығармалардың  жас  өспірімдерге  тигізетін 

тәрбиелік  әсері  бір  жақты  емес,  жан  –

 

жақты.  Барлық 

мәселеден  де  хабары  бар,  дүние  тетігінің  барлық 

жайымен  таныстыруды  көздейді.  Халық  ғасырлар  бойы 

өзінің  жинаған  барлық  көрген  –

 

білгенін,  тәжірибесін, 

арман  –

 

мақсаттарын  және  келешегінің  баянды  болуын 

соларға үлгі, өнеге етіп ұсынады. 

 

   

Ілияс  Оспанұлының  ұстанымы  ішіндегі  басымдық 

мәндегісі  –

 

мектеп  пен  балабақша  тіл  мәселесін  шешуге 

қатысты  ойлары.  Қазіргі  күнде  қазақ  тілі  шын 

мағынасында  жетілген,  икемді,  бай,  бұтарлы  еске, 

шыңырау  ойлауға,  шарықтаған  қиялға,  түпсіз  терең 

ғылымға,  шытырманды  техниканы  түсіндіруге  төтеп 

берелік  құрал  болып  отыр.  Бұған  дәлел  ретінде:  қазақ 

тілде  том  –

 

том  болып  шығып  жатқан  көркем 

әдебиетіміз,  өмірді  жан

-

жақты  қамтитын  күнделік, 

жұмалық  газеттер;  айлық,  жылдық  журналдар,  сан

 

түрлі 

оқулық, оқу құралдар ғылыми

 



 

техникалық кітаптар. 

 

   

Тіл 

мәселесі 

жөнінде 

данышпан 

ақын 

Абай 

Құнанбаевтың:

 

      

*Алыстан сермеп,

 

       

Жүректен тербеп,

 

       

Шымырлап бойға жайылған;

 

      

Қиядан

 

шауып,

 

      

Қыйсынын

 

тауып;

 

      

Тағыны жетіп қайырға;

 

      

Толғауы тоқсан қызыл

 

тіл,

 

      

Сөйлеймін десең, өзің біл* 



дегені де толық жауап бола 

алады. Ендеше, қазіргі қазақ тілінің бай қазынасын орайын 

тауып,  өз  пайдамыз  үшін  игілікті  іске  жұмсай  алмасақ,  өз 

кінәміз, оны қазақ тілінің кемшілігіне санау тіпті орынсыз. 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ел ауызындағы айтулы тұлға

 

 

  

*Ел атын ер шығарар* демекші елі 

мен  жері,  туған  өлкесі  үшін  тер 

төккен

 

тұлғалар  қазақ  елінде  аз 

емес. Солардың бірінде, бірегейі де 

туған өлкеміздегі дара тұлға –

 

 

Ілияс Оспанұлы. 

 

   

Ілияс  Оспанұлы  Кереку  өңірінің 

тумасы.  Туған  халқы,  елі  үшін 

аянбай тер төккен соғыс ардагері. 

Ілияс  Оспанұлы  сонау  аумалы  –

 

төкпелі  соғыс  кезінде  халқының 

қамы 

мен 

тыныштығы 

үшін 

арпалысқан. 

 

   

Батырлық  сом  тұлға  –

 

туған  өлкесі,  қарапайым  халық 

қамқоршысы болып еңбек еткен. Өз елінің табысын, атақ 



 

даңқын  жырға  қосып,  қалам  тербеген.  Оның 

қолтаңбасын  танытатын  тырнақ  алды  туындылары 

*Өмір  өрнектері*,  *Ана  аясы*,  *Полковник  Баймолдин*, 

*Сыр  сандық*,  *Белестер*  атты  жинақ  болып  жарыққа 

шықты. 

 

   

Ақын  өлеңдерінің  мазмұны  көбіне  күнделікті  тұрмыс  –

 

тіршіліктен  алынған  тақырыптар.  Тыңнан  өрілген  осы 

тақырыптардың көпшілігі әдеби бағытта да өріс алған. 

 

   

Мысалға Ілияс Омарұлының *Өлең сөздің қайнары* атты 

Сұлтанмахмұт 

Торайғыров 

рухына 

арнауында 

Сұлтанмахмұт  Торайғыровпен  тақырыбы  және  идеясы 

үндес.  Екеуі  де  қазақтың  көк  аспанында  еркін  *көзі  ашық, 

көкірегі  ояу*

 

болғанын  қалады,  қалайды  да.  Ал  Ілияс 

Омарұлының 

Сұлтанмахмұт 

Торайғыровпен 

анық 

үндестігі  –

 

ақын  аңсаған  күннің  туғандығын,  өзі  осы  күнді 

көре  алмаса  да,  келер  ұрпақтың  аспаны  ашық,  көкірегі 

оянғаның  көргенін  ақын  рухына  арнауы.  Ілияс  Омарұлы  өз 

жырында:

 

1. 

Жырлардан өрнек салғансың,

 

2. 

Әр

 

сөздің үлгі боларлық,

 

3. 

Тарихта мәңгі қаларсың,

 

4. 

Ұрпақтар

 

үлгі аларлық, 

-  

деп ақынмен ақындарша тіл қатады. 

 

   

Ақын  Ілияс  Омарұлы  ұлылар  салған  дара  жолды 

мадақтап қана қоймай, тыңнан өрілген тағы бір тақырып 



 

табиғаттың  тылсым  жаратылысы  туралы  да  тіл 

катқан

 

екен. Ақын *Ертісім* деген өлеңінде: 

 

                    

Ертісім, бұлқынасың арна керіп,

 

                    

Несібең көп қой жүрген маған бер.

 

                    

Тасқының тау бұзардай асау өзен,

 

                    

Кетерсің қамал бұзып, берсем едік, 

 -  

                    

деп  табиғат  жаратылысының  ағынды  бір 

бөлшегі  Ертіс  өзені  туралы  қалам  тербеген.  Қазақ 

ақындарының  өзен –

 

көл, тау –

 

тастар туралы жырлаған 

өлең  –

 

толғаулары  көптеп  кезедседі.  Бірақ  осы  өлеңде 

Ертіс  өз  өңірінің  көркі,  елінің  берекесі,  жайлы  қонысы, 

қорегі  ретінде  нақты  танытылған.  Бұл  Ыбырай 

Алтынсариннің  тауды  жарып  шыққан  сарқырамасы  емес, 

Ілияс Оспанұлы жырлаған Сарыарқа  төсіндегі кең  жазира. 

Міне, бұл Ілияс Оспанұлының өз қайталанбас қолтаңбасы.      

      

 

Қорытынды

 

   


Павлодар өңірі көрнекті ғалымдар, ақындар және 

композиторлар шыққан киелі жер. Олардың  есімі бұкіл 

елдің  мақтанышы.  Жүсіп  Баласағұнның  «кісі  танымақ 

болсаң, ісіне қара» деген тамаша сөзі бар, сол айтқандай 

кез  келген  адамды  тереңнен  тану  үшін,т  оның  қажыр 

қайраты  мен  ақыл-парасатын,  ізгі  қасиеттерін  зерделеу 

үшін  атқарған  істеріне  байыппен  көз  жүгірту  керек. 

Көкейге  қонымды  қызметімен  көпшіліктің  көңілінен 

шыққан жағымды да, шарапатты істерімен жұртты тәнті 

еткен  әрбір  азамат  ғұмыр  бойы,  тіпті  ғасырлар  бойы 

туған халқының құрметі мен ақ тілек алғысына, лебізі -

батасына бөленетіні белгілі.  

   

Кемеңгерлікті  тереңнен  тани  біліп,    оны  өз 



өмірінің  басты  мәні  деп  түсінген  Ілияс  Оспанұлының 

өмір  жолдары  кейінгі  ұрпаққа  өшпес  мұра.  Ұлтының 

өркениетке  қадам  басқан  өзге  халықтардан  қара  озып, 

бодандықтың  бұғауында,  пәнделіктің  шылауында 

қалмасы  үшін  терін  төккен,  сол  мақсат  жолында  білім 

меңгерту  салаларында  аянбай  еңбек  еткен  Ілияс 

Оспанұлының  дара  тұлғасы,  азаматтық  болмыс-  бітімі 

әрбір атқарған ісінен  дараланып көрініп тұрады. 

Білікті  ісін  бүгінде  баласы  Талғат,  немересі  Лаура 

ұлағатты ісімен жалғастырып отыр.     



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал