Оңт батыс жағындағы жітіқара тауы (349 м). Кен бай- лықтарынан алтын, асбест, каолин сазы, құрылысқа



жүктеу 288.46 Kb.

бет2/3
Дата22.05.2017
өлшемі288.46 Kb.
1   2   3

ЗЕРЕнДІ  ҚОРЫҚШАСЫ  –  ақмола  обл.  зеренді 

ауд-ндағы облыстық мәні бар зоол. қорықша. 1979 ж. 

құрылған. ауд. 23 мың га. қорықша аумағында қы-

ратты-төбелі  жазық  жерлер  гранитті  шоқылар  мен 

адырлы қырқаларға ұласады. Олардың баурайында 

қарағайлы  қалың  орман,  астық  тұқымдас  өсімдік-

тер  мен  түрлі  шөптесін  өсімдіктер  аралас  өседі. 

қорықшада  бұлан,  елік,  борсық,  қасқыр,  тиін,  т.б. 

мекендейді.

ЗЕРЕнДІ ТАУЛАРЫ – Көкшетау қыратының орт. 

бөлігіндегі  орманды-таулы  алқап.  ақмола  обл. 

зеренді  ауд-нда  орналасқан.  батыстан  шығысқа, 

солт.-шығысқа  қарай  28  км-ге  созылған,  енді  жері 

18  –  20  км.  батысында  жыланды  тауына  ұласады. 

абс. биікт. 587 м. жер қыртысы палеозойға дейінгі 

гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-

ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен 

түзілген.  з.  т-н  шоқ  қарағайлы-қайыңды  ормандар 

көмкеріп жатыр. тау төңірегінде тұщы көлдер бар.



ЗИнАИДА  ШӨЛМАСАҒЫ  (eremostachys  zenai- 

dae) – еріндігүлділер тұқымдасы, шөлмасақ туысына 

жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанда 

Іле алатауының шығыс жағындағы торайғыр жота-

сында, Кетпен (ұзынқара) жотасының солт.-батысын-

да кездеседі. биікт. 40 – 70 см, жуан түйнекті тамыры 

болады. Сабағы көп емес, қарапайым, жалаң. тамыр 

түбіндегі  жапырақтары  тұтас,  ұзынша  жұмыртқа 

тәрізді, сабақ бойындағылары ұсақ келеді. гүлі қара 

қошқыл күлгін түсті. 8 – 10 гүлді күлтебас гүлшоғы-

рына топталған. тұқымынан көбейеді. мамыр – мау-

сым  айларында  гүлдеп,  маусымда  жемістенеді.  же-

місі – жаңғақша. Сәндік өсімдік. з. ш. өте сирек кез-

десетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, 

қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.

шілдеде  19°С.  жауын-шашынның  жылдық  мөлш.  

350 – 400 мм. ауданның оңт-нен солт-не қарай ша- 

ғалалы  өз.  мен  оның  оң  саласы  қылшықты  өз. 

ағып  өтеді.  Оңт-нен  есілдің  оң  салалары  –  жабай, 

аршалы,  қошқарбай  бастау  алады.  аудан  аума-

ғында көл көп. Ірілері: зеренді, қарағайлыкөл, ай-

дабол,  бірқыз,  шымылдықты,  құмдыкөл  (тұщы), 

қараңғыүңгір, жамантұз, жолдыбай, ахметжансор. 

аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қо-

ңыр  топырақ  кең  тараған,  сортаңдар  да  кездеседі. 

тың игеру жылдары ауданның көп жері жыртылған. 

ауданның солт. бөлігін қайың, терек шоқтары өскен 

ормандар алып жатыр. қыраттың биік жерлері мен 

шоқыларда қарағай, зеренді өңірінде қылқан жапы-

рақты орман, Кіші түкті өңірінде қайыңды, теректі 

ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, 

итмұрын,  бүлдірген  бар.  ашық  жерлерде  қараған, 

тобылғы,  т.б.  бұталар,  бітік  шалғындық,  астық  тұ-

қымдас түрлі шөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бе- 

теге,  жусан,  тастақты  жерлерінде  қына  өседі.  Ор-

манда қасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, 

тиін, даласында кемірушілер кездеседі. дала, су құс- 

тарының  200-ден  аса  түрі  мекендейді.  ауданда 

Куйбышев,  Самарбай,  зеренді,  Кіші  түкті,  т.б.  ор-

ман  ш-тары  мен  олардың  бөлімшелері  орналасқан. 

Ірі  елді  мекендері:  айдабол,  алексеевка,  бірлестік 

кенттері, зеренді, шағалалы, еленовка, викторовка, 

Куропаткино, Симферопольское, ақкөл а-дары. з. а. 

экономикасының басты салалары егін және мал ш. а. 

ш-на пайдаланылатын жер аум. 642,4 мың га, оның 

ішінде егістік 212,6 мың га, тыңайған жер 112 мың га, 

шабындық 3,1 мың га (2011), жайылымы 278,2 мың 

га.  Орман  85,9  мың  га  жерді  қамтиды.  аудан  жері 

арқылы алматы – петропавл, қостанай – барнауыл  

т. ж., алматы – петропавл, атбасар – Көкшетау, Сау-

малкөл – шортанды, т.б. автомоб. жолдары өтеді.

ЗЕРЕнДІ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ, ақмола обл. зе- 

ренді ауд-ның табиғаты көрікті жерінде орналасқан. 

аймақтың қыратты-төбелі жер бедері шоқылар және 

қырқалармен үйлесім тапқан. Олардың баурайында 

қайың,  реликті  шырша  өскен  орман  қалыптасқан. 

бұлардың барлығы туризм индустриясын дамытуға 

және  санаторийлер  мен  курорттар,  демалыс  үйлері 

мен балалардың денсаулығын сауықтыратын, таулы 

шаңғы  базаларын,  табиғи  ұлттық  парк  құруға  өте 

қолайлы.  з.  д.  а.  аумағында  «қарағайлы»,  «зерен 

плюс», «Сұңқар», «құлпынай мүйісі», м.Ғабдуллин 

атынд.  және  еуразия  ун-тінің  спорттық  сауықтыру 



Зинаида

ауданның жонды-белесті даласы

зеренді тауының көрінісі


254

Зортүлкі

ЗОРТҮЛкІ – арғанаты тауларының шығысындағы 

жота.  қарағанды  обл.  ұлытау  ауд-нда  орналасқан. 

абс. биікт. 736 м. батыстан шығысқа қарай ендік ба-

ғытта 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. жо-

таның беткейлері көлбеуленіп, бірте-бірте аласарып, 

төңірегіндегі жазыққа ұласады. девон мен тас көмір 

жыныстарынан  түзілген.  з.  жотасынан  қаракеңгір, 

Сарыкеңгір  өзендерінің  көптеген  салалары  бастау 

алады. Солт-н бүршіктікөл, ащыкөл, батысын бас-

байтал көлдері алып жатыр. з-нің етегінде бұлақтар 

бар.  беткейлерінің  қоңыр,  бозғылт  қоңыр  топырақ 

жамылғысында  селеу,  бетеге,  қылқан  селеу,  жусан, 

тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. етегі мал 

жайылымына қолайлы.



ЗЫҒЫР (Lіnum) – зығыр тұқымдасына жататын бір 

және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тін-

ді, талшықты, майлы дақылдар. қазақстанда 13 түрі 

кездеседі.  республиканың  солт.-шығыс  және  оңт.-

шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты 

жерлерде  өсіріледі.  Сабағының  биікт.  50  –  100  см, 

жапырағы қандауыр пішінді, қондырмалы, гүлшоғы- 

ры – шатыр тәрізді шашақ. гүлдері ұсақ, басым бө-

лігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғ. жағында шоғырла-

нып өседі.  жемісі – қауашақ. з-дың талшығын жә- 

не тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық з. (L.usі- 

tatіssіmum)  өсіріледі.  Ол  5  түр  тармағына  бөлінеді. 

Олардың  ішінде  кең  тарағаны:  салалы  (талшық- 

ты)  з.,  майлы  (шашақты)  з.,  жатаған  з.,  т.б.  Сала- 

лы з. – бір жылдық өсімдік. қоңыр салқын ауа райын-

да  жақсы  өседі.  –4°С  салқынға  шыдайды.  вегетац. 

өсу  мерзімі  75  –  90  тәулік.  өздігінен  тозаңданады, 

кейде айқас тозаңдануы да мүмкін. майлы з. – бір 

жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін 

(салалы з-мен салыстырғанда) өсімдік. вегетац. мер-

зімі 150 тәулік. желмен тозаңданады. майлы з-дың 

тұқымында 52%-ға дейін май болады. Салалы з-дың 

майы  сияқты  мұны  да  олиф,  лак,  бояу  дайындауға 

және тағамға пайдаланады.  з. күнжарасы – өте құ-

нарлы  мал  азығы,  талшығының  бір  га-сынан  7  –  

11 ц өнім алынады. з. тұқымы мен майын медици- 

нада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жа-

сау үшін пайдаланады. маусым айында гүлдеп, шіл-

денің аяғында жеміс береді. 

ЗЫМЫРАн  (Alcedinidae)  –  көкқарғатәрізділер  тұ-

қымдасына жататын құстар. 90-ға жуық түрі белгілі. 

қазақстанның  шығыс,  орт.  және  оңт.  бөліктерінде, 

сондай-ақ жайық өз-нің алабында кездесетін 1 түрі –  

к ә д і м г і   з.  (аlcedo  atthis)  бар.  дене  тұрқы  10  – 

45 см, қанатының ұз. 8 см-дей, салм. 27 – 38 г. аталы-

ғының мөлшері аналығынан ірілеу болады. денесінің 

жоғ. бөлігі қара көк түсті, басында қара және көгілдір 

түсті  көлденең  жолақтар  анық  көрінеді.  тамағы  мен 

мойнының  айналасы  ақ,  жемсауы  көгілдір,  бауыры 

жирен  түсті.  тұмсығы  қара,  аяқтары  қызыл  болады. 

негізінен  (ұз.  60  см-дей)  балықтарды  жейді,  одан 

басқа ұсақ жәндіктермен, әсіресе, инеліктердің дернә-

сілдерімен қоректенеді. з. – жыл құсы. ұяларын ағаш-

тың қуысына, індерге салады. жылына кейбір түрлері 

2 – 3 мәрте көбеюге қатысады. 2 – 7 жұмыртқа салып, 

оны  аталығы  мен  аналығы  21  күндей  кезектесіп  ба-

сады.  балапандарын  тек  аналығы  жемдейді.  зиянды 

жәндіктерді жеп пайда да келтіреді.

ЗЫРЯн  АУДАнЫ  –  шығыс  қазақстан  обл-ның 

солт.-шығысындағы әкімш. бөлініс. Солт-нде ресей 

Федерациясының  алтай  республикасымен  шекте-

седі. жер аум. 10,6 мың км

2

. тұрғыны 41,8 мың адам, 



орташа  тығызд.  1  км

2

-ге  3,9  адамнан  келеді  (2010). 



аудандағы  48  елді  мекен  2  қалалық,  14  ауылдық 

әкімш.  округке  біріктірілген.  аудан  орт.  –  зыря- 

новск қ. з. а. Кенді алтайдың орт. бөлігінде, ертістің 

оң  саласы  –  бұқтырма  өз-нің  тұрғысын  мен  қамыр 

(оң  жағынан)  және  березовка  (сол  жағынан)  салала-

ры құятын төм. алабында орналасқан. жері негізінен 

таулы  және  шоқылы  келеді.  ауданның  батысы  мен 

орт.  бөлігін  үлбі  жотасының  (ең  биік  шыңы  –  быс-

труха,  2577  м)  сілемдері  мен  шоқылары  (биіктіктері 

800 – 1500 м) алып жатыр. аудан жерінен қорғасын, 

мырыш, мыс, пирит, аздап алтын мен күміс, сондай-

ақ әр түрлі құрылыс материалдары өндіріледі. аудан- 

ның климаты тым континенттік. қаңтардың жылдық 

орташа  ауа  темп-расы  –22  –  24°С,  шілдеде  18,5  – 

20,5°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. тау-

лардың  биік  бөлігінде  800  –  900  мм,  етегінде  600  –  

800  мм.  басты  өзендері:  бұқтырма  және  оның  сала- 

лары – тұрғысын, қамыр, черновая, березовка және 

үлбі өзендерінің сол саласы Кіші үлбі. 1960 – 67 ж. 

зортүлкі жотасының беткейі

Салалы зығыр


255

Изен

ертіс  өз-нде  бұқтырма  бөгені  салынды.  өзен  аңғар-

лары  мен  тауаралық  ойпаңдарда  қара,  қара  қоңыр, 

қызғылт қоңыр топырақтар, таулы өңірде қара қоңыр, 

сұр және күлгін топырақтар тараған. з. а. қазақстан-

дағы орманды аудандардың бірі. таулардың солт. бет-

кейлерінде және березовка өз-нің бойында қайың мен 

терек, қылқан жапырақты ағаштар (самырсын, қара са-

мырсын, балқарағай, майқарағай, шырша), өзен аңғар-

лары мен аласа беткейлерде қайың, терек, тал, мойыл, 

қарақат, таңқурай, долана, тобылғы, жазық жерлерде 

бетеге,  бидайық,  селеу  өседі.  Омарта  ш-на  қолайлы 

гүлді өсімдіктердің сан алуан түрлері кездеседі. жа-

нуарлар  дүниесінен  марал,  арқар,  елік,  аю,  сілеусін, 

қар барысы, қасқыр, түлкі, қарсақ, бұлғын, қоян, са-

рышұнақ;  құстардан  бүркіт,  байғыз,  үкі,  кезқұйрық, 

қаршыға,  ителгі,  тоқылдақ,  қаз,  үйрек,  тырна,  ұлар, 

құр, шіл, кекілік, т.б. мекендейді. а. ш-на пайдаланы-

латын жалпы жер аум. 466 мың га, оның 75,4 мың га-

сы егістік, 47,1 мың га-сы шабындық, 338,7 мың га-сы 

жайылым (2008). елді мекендер арасындағы қатынас 

өскемен – зырян т. ж., өскемен – рахманов қайнары 

автомоб. магистралі, никольск – зырян – Среднегор-

ное – новохайруз автомоб. және бұқтырма бөгеніндегі 

кеме жолдары арқылы өтеді.

ЗЫРЯн кЕнДІ АУДАнЫ – шығыс қазақстан обл-

ндағы (Кенді алтай) бір топ полиметалл және мыс 

кендері  шоғырланған  өңір.  бұл  өңірдегі  алғашқы 

қорғасын  кенін  1791  ж.  орыс  геологы  г.зырянов 

ашқан.  1795  жылдан  үздіксіз  кен  өндіріліп  келеді. 

мұнда  ең  ірі  зырянов  кенінен  басқа  ондаған  кі-

шігірім  кен  орындары  бар.  Олар  әр  түрлі  генетик. 

және  морфол.  типке  жатады.  бірқатары  (зырянов, 

путинцев, грехов, богатырев, малеев, Сажаев, т.б.) 

ортаңғы девонның құмтас, алевролит, тақтатас, эф-

фузив, пирокластық жыныстар бойына орналасқан. 

бұл жыныстар ендік бағытқа созылған зырянов ан-

тиклиналын құрайды. Кен денелері осы антиклиналь 

бойында березовка және маслянка шоғырлары ара-

сындағы  жарылымдар  мен  қабатаралық  қуыстарда 

көлбеу бұрыш, линза пішіндес болып түзілген. Кен 

құрамында мырыш, қорғасын, мыс бар.

ЗЮЙД – Каспий т-нің солт-ндегі арал. атырау обл. 

құрманғазы  ауд.  және  ресейдің  астрахан  обл-мен 

шектеседі. жағалаудан 2,7 км оңт.-шығыста орналас-

қан. жер бедері жазық келген аралдың ұз. 9,7 км, енді 

жері  2,6  км.  аралдың  жағалауларын  қамыс,  құрақ, 

қоға басқан. з-ке жақын Соменок, Сомовий, дальний 

аралдары жатыр.

ИВАнОВ  ЖОТАСЫ  –  батыс  алтайдағы  үлбі  мен 

Оба  жоталарының  аралығында,  шығыс  қазақстан 

обл. жерінде. басты бөлігі риддер қалалық әкімдігіне 

қарасты аумаққа кіреді. үлбі және Кіші үлбі өзенде-

рінің суайрығы. абс. биікт. 2775 м. геол. құрылымы 

құмтас,  әктас,  қристалдық  тау  жыныстарынан  тү-

зілген.  Климаты  батыс  жағында  жатқан  өңірлерге 

қарағанда ылғалды келеді. қаңтардың орташа темп-

расы –22 – 24°С, шілдеде 18 – 20°С, биіктеген сайын 

10 – 12°С-қа төмендейді. жауын-шашынның жылдық 

орташа мөлш. 1500 мм. жотаның төм. беткейіндегі 

күңгірт  қоңыр  және  қара  топырағында  шырша,  қа-

рағай, қайың, көк терек аралас орман өседі. атырабы 

шабындық және жайылым. 



ИЗЕн  (Kochia)  –  алабұталар  тұқымдасына  жа-

татын  бір  немесе  көп  жылдық  бұташық  өсімдік-

тер  туысы.  80-ге  жуық  түрінің  қазақстанда  9  түрі 

кездеседі.  Сор,  сортаң,  тасты,  құмды  дала  мен 

шөлдерде өседі. Сабағының биікт. 10 – 100 см, гүл-

дері  гүлжапырақсыз,  қос  жынысты,  5  мүшелі,  2  –  

4-тен  топталып  жапырақ  қолтығына  орналасқан, 

кейде  жеке  жапырақты,  масақты  гүлшоғын  құ-

райды.  аталығы  –  бесеу.  қазақстанда  кең  тараған 

түрі: жатаған и. (K. prostrata) және сыпыртқы и. (K. 

scoparia).  бұлар  қуаңшылыққа  төзімді,  биікт.  10  –  

75 см, сабағы қара қоңыр қабықты бұташықтар. та-

мыры жусан, діңгекті келеді. Сабақтары көп, қалың 

жапырағының  сыртын  түк  басқан.  Солғын  жасыл, 

тау бөктеріндегі орман

иванов жотасының қылқан жапырақты орманы



256

жіңішке гүлі қос жынысты болады. тамыз – қыркү-

йекте гүлдеп, қазан айында жемістенеді. тұқымы –  

сопақша  дән.  и.  бағалы  жайылымдық,  кейде  шал-

ғындық жоғары өнімді өсімдік. 1 га-дан 6,2 – 9,8 ц 

пішен түседі. гүлдеген кезде құрамында 8,4 – 17,3% 

протеин, 24,2 – 37,9% жасұнық, 3,5 – 4,3% май бола-

ды. жемісі мен тұқымында 34,9% протеин, 8,2% май, 

16,3% жасұнық бар. и-нің кейбір түрлері (K. prostrata) 

әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. жас өскіні тағамға, 

емге, сыпырғыш жасауға пайдаланылады.

ИЗЕнДІ – мұзбел қыратының оңт-ндегі тұйық көл. 

қарағанды обл. нұра ауд. изенді а-ның оңт-нде 2 км 

жерде  орналасқан.  құланөтпес  өз.  аңғарында.  аум. 

5,7 км


2

, ұз. 4,6 км, енді жері 1,8 км, жағалауының ұз. 

11 км, ең терең жері 7 м, суының көл. 1,9 млн. м

3

. Су 



жиналатын алабы 127 км

2

. Көл жағалауы көбіне те-



гіс,  жайпақ  келген.  жағалауы  шалғынды,  кей  жері 

сор, сортаңды. Оңт. бөлігін қамыс құрағы су айды-

нының көп бөлігін алып жатыр. шөгінді тұнбаның 

қалыңд. 0,2 – 0,3 м. негізінен атмосф. жауын-шашын-

мен толысады. Солт-нен көлге құятын өзен саласы 

жазда құрғап қалады. Судың минералд. 1,2-ден 8 г/л-

ге дейін ауытқиды. Суы кермекті. Көктемде суы мал 

суаруға пайдаланылады. жағалауы – шабындық. 



ИкОннИкОВ  ЖАРҚАнАТЫ  (Myotis  ikonniko- 

vi)  –  қолқанаттылар  отряды,  жалтыртұмсықтылар 

тұқымдасына жататын жарқанат. негізінен тайганың 

таулы  жерлерінде,  үлкенді-кішілі  тайга  өзендері-

нің жайылымдарында, қыстау кезінде сирек табиғи 

үңгірлерде  кездестіруге  болады.  қазақстанда  бұқ-

тырма өз-нің (алтайда) алабынан ғана табылған. тір-

шілігі өте аз зерттелген. бұлар аздаған шоғыр құрып 

немесе  жеке-жеке  тіршілік  етеді.  қорегін  аулауға 

қараңғы түнде шығады. өте баяу, әлсіз ұшады. ұсақ 

жәндіктермен қоректенеді. түнде белсенді. и. ж-ның 

саны өте аз. өте сирек кездесетін түр болғандықтан 

қазақстанның  «қызыл  кітабына»  енгізіліп,  марқа-

көл мемл. қорығында қорғалады. 



ИМАнБҰРЛЫҚ, и м а н б о р л ы қ  – есіл алабын-

дағы өзен. Солт. қазақстан обл-ның айыртау және 

шал ақын аудандары жерімен ағып өтеді. ұз. 177 км. 

бастауын имантау көлінен алып, Коноваловка (шал 

ақын ауд.) а. тұсында есілге оң жағынан құяды. өзен 

аңғары  жоғ.  бөлігінде  тар,  төм.  ағысында  и-қа  ша-

ғын 13 сала құяды. жылдық орташа су ағымы құяр 

тұсында  1,13  м

3

/с.  өзенде  таутан,  сазан,  шабақ,  ақ-



қайран бар. 

ИМАнБҰРЛЫҚ  –  ПИТнОЕ  СУҒАРУ-СУЛАн- 

ДЫРУ ЖҮЙЕСІ, Солт. қазақстан обл. мағжан жұ- 

мабаев,  аққайың,  есіл  аудандары  аумағымен  қа- 

мыстысай сайын қуалай өтеді. «Союзцелинвод» тре- 

сінің  экспед.  қамысақты,  бозарал  өзендерінің  бұ-

рынғы арналарын анықтап, үлкен тораңғыл, Сары-

көл,  жыланды,  балықты,  ақсуат,  бозарал,  талды-

арал,  жалдыөзек,  үлкен  жарма,  питное  көлдерін 

біріктіретін  жалпы  ұз.  190  км,  суының  мөлш.  250 

млн. м

3

 болатын суландыру жүйесінің жобасын жа-



сады. и. – п. с.-с. ж. сирек құстар ұя салатын аймаққа 

айналуда. 



ИМАнҚАРА,  и м а н ғ а р а   –  Каспий  ойпатының 

солт.-шығысындағы  дөңгелек  пішінді  оқшау  аласа 

тау.  атырау  обл-ның  жылыой  ауд-нда,  құлсары  қ-

нан  солт.-шығысқа  қарай  65  км  жерде  орналасқан. 

абс. биікт. 200 м, ұзындығы мен ені 8 – 10 км. биік-

теу батыс бөлігі жарқабақтанып тілімденген, қалған 

бөліктері  үстіртті  жазық.  тау  беткейлерінде  бұта 

аралас бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан, т.б. шөлді 

белдемнің өсімдіктері өседі. етегінде бұлақтар кезде-

седі. и. өңірі жазғы жайылымдық. таудың басындағы 

3  алаңқайда  сақ  дәуірінің  (б.з.б.  5  ғ.)  обалары  мен 

қорғандары орналасқан. 



ИМАнТАУ  –  Көкшетау  қыратының  орт.  бөлігінде, 

имантау көлінің оңт-ндегі дөңгелене келген оқшау тау. 

Солт. қазақстан обл-ның айыртау ауд. аумағында. абс. 

биікт. 621 м. ұз. 7 км, ені 5 км шамасында. и-дың көлге 

қараған беткейі тіктеу келген. тау беткейін түгелімен 

дерлік  қарағай,  қайың  орманы  басқан.  жер  қыртысы 

архей мен протерозойдың гнейс, кварцит, филлит және 

кристалды  тақтатас  жыныстарынан  түзілген.  Орман 

жапқан тау баурайларының табиғаты әсем. 

ИМАнТАУ  –  Сарыарқадағы  имантау  тауының 

солт.-шығысындағы  көл.  Солт.  қазақстан  обл-ның 

айыртау  ауд-нда  солт.-батыстан  оңт.-шығысқа  қа- 

рай  созылып  жатыр.  аум.  49  км

2

,  ұз.  13,1  км,  енді 



жері 4,8 км. Орташа тереңд. 5,7 м, ең терең жері 10 

м-дей. Су жиналатын алабы 483 мың км

2

. и-дың оңт. 



жағалауында  қарағай,  қайың  аралас  орман  өседі. 

Оңт.-батыс жағасы биік, тік жарлы. басқа жағалары 

жайпақ.  Көлдің  солт.-батыс  бөлігін  көлге  сұғына 

Изенді

иманбұрлық өзенінің жағалауы

имантау тауындағы орман


257

Индер

енген  мүйіс  оқшаулайды.  Орта  бөлігінде  тасты 

арал  бар.  түбі  оңт.-шығысында  тастақ,  солт-нде 

сазды-құмды,  қалған  бөлігінде  лай  батпақты.  Көл 

жағалауында  қоға  аралас  қамыс  қопасы  өседі.  Суы 

гидрокарбонатты, минералдану мөлш. 780 – 840 мг/л. 

Көлге бірнеше жылға келіп құяды. Оңт.-шығысынан 

иманбұрлық  өз.  ағып  шығады.  мал  суаруға,  т.б. 

шаруашылықтарға  пайдаланылады.  көлден  балық 

ауланады  (торта,  аққайран,  алабұға,  шортан,  күміс 

түсті және сарғыш мөңке).

ИМАШЕВ  ГАЗкОнДЕнСАТ  кЕнІ,  атырау  обл. 

құрманғазы  ауд.  шортанды  а-нан  7  км  жерде  орна-

ласқан. құрылымы 1974 – 84 ж. сейсмобарлау жұмыс-

тарының нәтижесінде анықталған. бұрғылау жұмыс-

тары 1985 ж. басталған. Кен орны астрахан дөңінің 

шығыс периклиналын күрделендіруші тұз астындағы 

көтерілімнен орын алған. құрылымдық тұрғыдан бұл 

көтерілім – ортаңғы тас көмір шөгінділерінен құрал-

ған  брахиантиклинальдық  қатпар.  қатпар  ендік  ба-

ғытта созылып жатыр, аум. 7×14 км. өнімді қабаттар  

3790  м  тереңдікте  жатқан  башқұрт  ярусының  әктас- 

тарында  шоғырланған.  шоғырлардың  жалпы  қа-

лыңд.  276  м.  Коллекторлары  кеуекті  және  кеуекті-

жарықшақты,  ашық  кеуектілігі  9,51%.  газға  қанық-

қан қабаттардың қалыңд. 34 – 58 м. газдың тәуліктік 

өнімділігі 71 мың м

3

, конденсат 30,7 м



3

. Конденсаттың 

тығызд. 0,805 – 0,807 кг/м

3

. Кен шоғырларындағы бас-



тапқы  қабаттық  қысым  55,7  мпа,  темп-расы  107°С. 

газ құрамы: метан 75,75%, этан 3,68%, пропан 2,77%, 

бутан  1,82%,  азот  4,95%,  күкіртсутегі  15,6%,  гелий 

0,1%, аз мөлшерде көмір қышқыл газы бар.



ИнДЕР, д е н д е р ,   І н д е р  – Каспий ойпатында, 

жайық өз-нің сол жағалық аңғарында, индер көлінің 

солт-нде  орналасқан  аласа  тау.  атырау  обл.  индер 

ауд. аумағында, солт. жазық бөлігі батыс қазақстан 

обл-ның ақжайық ауд-на қарайды. тау солт.-батыс-

тан оңт.-шығысқа қарай 25 – 27 км-ге созылып жатыр, 

енді жері 10 км-дей. абс. биікт. 52 м. таудың негізі 

пермь кезеңінің тұзынан, гипсінен, гипсті-мергельді 

тақтатасынан түзілген. Көлге қарайтын оңт. беткейі 

жарқабақты,  тілімденіп  келген.  Солт.  жазық  бөлі-

гінде үйінді көне тас қорымдары кездеседі. етегінде 

көлге құятын көптеген минералды бұлақ көздері, ал 

қиыр  шығысында  тұщы  сулы  құдық  (алтықұлаш) 

орналасқан. тау беткейлерінде, негізінен, боз, жусан, 

т.б. шөлдің сораң шөптері өскен. бұл өңірде кезінде 

тұз қабаттарының мыңдаған жылдар бойы кебуінен 

пайда болған өте бағалы борат кені бар. 

ИнДЕР – Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық 

көл. атырау обл. индер ауд-нда орналасқан. аум. 110 

км

2

, ұз. 13,5 км, енді жері 11 км, ең терең жері 0,7 м,  



жағалау  бойының  ұз.  40  км.  негізгі  толысу  көзі 

айналасындағы саздардан шығатын тұзды бұлақтар. 

Су  жиналатын  алабы  425  км

2

.  тұз  линзасының  қа-



лыңд. 56 м-ге жетеді. Көлге жылына 1,5 млн. т-ға де-

йін тұз (негізінен NaCl) шөгеді. и. көлінен құрамында 

бром, калий бар жоғары сапалы ас тұзы өндіріледі. ал 

көлдің лайлы саз-балшығы түрлі ауруларды емдеуге 

пайдаланылады. 

ИнДЕР  АУДАнЫ  –  атырау  обл-ның  солт-ндегі 

әкімш. бөлініс. жер аум. 10,9 мың км

2

. тұрғыны 31,3 



мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 2,8 адамнан келеді 



(2010). құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімш. округі 

және  оларға  қарасты  21  ауыл  бар.  аудан  орт.  –  ин-

дербор кенті. и. а-ның жері Каспий ойпатының солт-н 

алып жатыр. ауданды екіге бөліп жатқан жайық өз-нің 

батыс жағы, негізінен, жазық құмды шөл болып келеді, 

ал шығыс жағы үстіртті (индер мен жамантау таула-

рының теңіз деңгейінен биікт. 52 және 26 м). Одан әрі 

сортаң топырақты жазыққа айналады. индер тауында 

карстық опырылымдар мен үйінділер өте жиі тараған. 

индер көлінің жағасындағы төбешіктердің асты күмбез 

пішінді  тұздардан  тұрады  және  көлдің  өзі  әр  түрлі 

шикізатқа  бай.  мұнда  борат,  калий,  магний  және  ас 

тұзының  аса  күшті  рапа  тұздығы,  гипс,  қиыршықтас, 

ұлутас,  т.б.  құрылыс  материалдары  бар.  тек  гипстің 

жалпы  қоры  10  –  15  млрд.  тоннадай.  индер  көлінің 

солт.-шығысында  минералды  су  көздері  мен  шипалы 

балшық та көп тараған. Оларды жергілікті тұрғындар 

ежелгі  заманнан  бері  әр  түрлі  сырқаттарды  емдеуге 

пайдаланып келеді. и. а-ның климаты тым континент-

тік:  қысы  біршама  жылы,  жазы  өте  ыстық.  қаңтарда 

ауаның  орташа  темп-расы  –  12,3°С,  шілдеде  25,3°С. 

жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 мм ша-

масында. жер беті сулары жайық өз-нің орт. бөлігі мен 

оның екі жағындағы өзен арналары арқылы салынған 

бағырлай,  алғабас  және  қурайлы  каналдарынан,  ау-

данның шығыс жағындағы индер және Ойыл өзенде-

рінің аңғарындағы ақтөбе, Отаркөл, бөлекаяқ, т.б. көл-

дерден тұрады. и. а-ның жері, негізінен, сортаң қоңыр 

топырақтан, өзен жайылымдары шалғынды топырақтан 

тұрады. өсімдіктерден қара жусан, көкпек, изен, еркек 

шөп, қияқ, т.б. өседі. жайықтың екі жағы қалың тоғай. 

жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ бөкен, 

жабайы шошқа, өзен бойларында су құстары, сондай-ақ 

бозторғай, сауысқан, қарға, т.б. мекендейді. жайық өз-

нде балықтың бірнеше түрі, оның ішінде бекіре тұқым-

дас балықтар да бар. ең ірі елді мекендері: индербор 

кенті, Кулагино, өрлік, елтай, зеленый, жарсуат және 

бөдене ауылдары. и. а. атырау обл-ндағы өнеркәсіпті 

және ауыл шаруашылықты аудандардың бірі. өнеркә-

сібі  түгелдей  дерлік  «индерборат»  және  «индертұз» 

акцион. қоғамына қарасты борат карьерлері мен байы-

ту ф-касынан, нан мен сүт з-ттарынан тұрады. мұндағы 

өнеркәсіп орт. – индербор кенті. а. ш. негізінен қара-

көл қойы мен сиыр, жылқы, түйе өсіруге маманданған.  

имантау көлі


258

ғауға  алынып,  қазақстанның  «қызыл  кітабына» 

енгізілген.  ұз.  14  –  120  мм.  құрсақ  бөлімі  жіңішке 

әрі ұзын. аузы кеміруге бейімделген. өте үлкен фа- 

сетті  көздері  басының  жоғ.  бөлігін  алып  жатады. 

мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. қанаттары 

торланып жүйкеленген. басқа жәндіктерден ерекше-

лігі: арқа – құрсақ қанатының бұлшық еттері жақсы 

дамыған, тыныштық күйде қанаттарын денесіне жи-

намай, жайып жібереді. и. – дара жыныстылар, шала 

түрленіп  дамиды.  жұмыртқаларын  суға  немесе  су 

өсімдіктерінің  сабағына  салады.  дернәсілдері  су 

астындағы  заттарға  жабысып  тіршілік  етеді.  қоре-

гін (ұсақ су жәндіктерін, т.б.) астыңғы ерні арқылы 

ұстайды. қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы 

жазғытұрым бірнеше рет түлеп, маусым айында ере-

сек и-ге айналады. ересек и. тұщы суқоймаларының 

маңында жиі кездеседі. шыбын, маса, шіркей, ұсақ 

жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды. и. – пайда 

келтіретін энтомофагтар. дернәсілдері – балықтың, 

су құстарының қорегі.



1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал