Оңт батыс жағындағы жітіқара тауы (349 м). Кен бай- лықтарынан алтын, асбест, каолин сазы, құрылысқа



жүктеу 288.46 Kb.

бет1/3
Дата22.05.2017
өлшемі288.46 Kb.
  1   2   3

249

оңт.-батыс жағындағы жітіқара тауы (349 м). Кен бай-

лықтарынан алтын, асбест, каолин сазы, құрылысқа 

жарамды тас, құм, әктас, т.б. кездеседі. Климаты тым 

континенттік, қаңтардың  орташа  ауа  темп-расы  –

17°С, шілдеде  20°С шамасында. жауын-шашынның 

жылдық  орташа  мөлшері  шығыстан  батысқа  қарай 

250 мм-ден 350 мм-ге дейін өзгереді. жер беті сула-

ры ауданның оңт. және шығыс шекараларымен ағып 

өтетін  тобыл  өз-нен,  оның  сол  салалары  –  бозбие, 

ақтастысай,  шортанды,  желқуар  өзендерінен  және 

тобылдың  бойында  орналасқан  кішігірім  көлдерден 

тұрады. топырағы қара, қызғылт қоңыр карбонатты, 

көбінесе  бетеге  мен  жусан,  селеу,  өзен  бойларында 

шалғынды шөптер басым өседі. жабайы жануарлар-

дан  қасқыр,  түлкі,  қоян,  сарышұнақ,  тышқан;  құс-

тардан  кезқұйрық,  бозторғай,  бөдене,  сары  және  ақ 

шымшық,  қызғыш,  қарға  мен  сауысқан  мекендейді; 

өзен-көлдерде  қаз,  үйрек,  қасқалдақ,  шағала  кезде-

седі, аздап балық ауланады. Ірі ауылдары: тоқтаров, 

чайковское,  тургеневка,  мықтыкөл,  милютинка, 

жалтыркөл,  т.б.  ж.  а-ның  а.  ш-на  пайдаланылатын 

жері 731,1 мың га, оның ішінде жыртылған жері 313,8 

мың га, шабындығы 1,4 мың га, жайылымы 389,6 мың 

га (2008). қостанай – жітіқара т. ж. және қостанай –  

жітіқара,  жітіқара  –  забеловка,  жітіқара  –  волго-

градское – жалтыркөл автомоб. жолдары бар.

ЖІТІҚАРА  ХРИЗОТИЛ-АСБЕСТ  кЕнІ,  қоста-

най  обл.  жітіқара  ауд-нда  орналасқан.  Кен  орнына 

1930 – 66 ж. барлау жұмыстары жүргізіліп, 1961 ж.  

өндіріске  берілді.  Ол  бойлық  бағытта  11,3  км-ге 

созылған,  ені  1,5  –  3  км,  серпентиниттер  мен  пе-

ридотиттерден  құралған.  жітіқара  ультранегізді 

массивінің  ортаңғы  бөлігінен  орын  алған.  асбесті 

қабаттар гранитоид апофизаларының перидотиттер-

мен  жапсарласқан  тұсындағы  жарылыс  белдемдері 

бойында. «негізгі» аталатын ең үлкен асбест қабатта 

кен қорының 85%-ға жуығы шоғырланған. өндіріс-

тік  кентастардағы  асбест  талшықтарының  орташа 

мөлш. 3,9%. Көлденең талшықты хризотил асбестен 

тұратын  кентас  қорының  96%-ы  қысқа  талшықты, 

7%-ы  ұзын  талшықты  асбест.  өндірілген  асбестің 

80%-ы  асбоцемент  бұйымдарын  жасауға  пайдала-

нылады, біразы энергетика, химия, целлюлоза, қағаз 

өндірістеріне  жұмсалады,  шет  елдерге  экспортқа 

жөнелтіледі.  мұнда  асбест  өндіретін  қуатты  карь-

ер  мен  кен  байыту  комб.  бар.  ж.  х.-а.  к.  ірі  кендер 

қатарына жатады.

Жітіқара

Орал Сырты үстіртінің көрінісі

20 км. аум. 2,1 мың км

2

. жер бедеріне қырқалы-тө-



белі (биікт. 10 – 12 м) құмдар тән. Олар желдің әсе-

рінен пайда болған. өсімдік жамылғысынан құм жу-

сан, бидайық, сұр жусан, теріскен, ақ сексеуіл, жүзгін 

өседі. жер асты суы жақын жатқан ойпаңды жердің 

шалғынды және сор топырағында құрақ, ши, бұйыр-

ғын өседі. алқап жайылым ретінде пайдаланылады. 



ЖІҢІШкЕ ПАЙЫЗ (Stubendorffіa gracіlіs) – орам-

жапырақтар  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық 

шөптесін өсімдік. қазақстанда қаратау, шу-Іле тау-

ларының  тасты,  тастақты  беткейлерінде  кездеседі. 

биікт. 30 см-дей жалаң өсімдік. Сабағы бұтақталған, 

қырлы. жапырақтары тұтас; тамыр түбіндегілері кең 

сағақты; сабақ бойындағылары ұзынша сопақша; ең 

жоғарғылары қандауыр тәрізді. гүлдері ақ түсті. тұ-

қымынан көбейеді. мамыр айында гүлдеп, маусымда 

жемістенеді. жемісі – эллипс тәрізді бұршаққынша 

(ұз. 7 мм-дей). ж. п. өте сирек кездесетін реликт және 

эндемик  түр,  сондықтан  қорғауға  алынып,  қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген. 

ЖІҢІШкЕСАБАҚТЫ  ТАСПА  (аstragalus  lepto- 

caulіs) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық 

бұташықты өсімдік. қазақстанда Оңт. алтайдың тас-

ты, тастақты баурайлары мен бұталар арасында өседі. 

биікт. 30 см-дей, жайылған сабағы бар өсімдік. жас бұ-

тақтары жылтыр ақ түсті. жапырақтары ұзынша, 3 – 6 

жұптан құралады. гүлсидамы жіңішке, жапырағынан 

ұзындау. гүлдері күлгін көк түсті, шашыраңқы ұзын 

шашақ гүлшоғырына топталған. тұқымынан көбейеді. 

мамыр  –  маусым  айларында  гүлдеп,  маусым  –  шіл-

деде жемістенеді. жемісі – жіңішке қабықты, ұзынша 

қандауыр  тәрізді  бұршақ  (ұз.  12  мм-дей).  ж.  т.  өте 

сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға 

алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.



ЖІТІҚАРА  –  қостанай  обл.  жітіқара  ауд-нда  ор-

наласқан  тау.  жітіқара  қ-нан  оңт.-шығысқа  қарай 

25 км жерде, тобыл өз-нің сол аңғарында. етегінде 

подгорный а. бар. абс. биікт. 349 м. батыстан шы-

ғысқа  қарай  8  км-ге  созылып  жатыр.  ені  4  км.  тас 

көмір кезеңінің төм. бөлігі жыныстарынан түзілген. 

қара топырағында астық тұқымдас өсімдіктер өседі. 

етегі егін ш-на пайдаланылады.



ЖІТІҚАРА  АЛТЫн  кЕнІ,  қостанай  обл.  жіті-

қара ауд. жітіқара қ-ның маңында орналасқан. Кен 

орны  1910  ж.  ашылған.  ж.  а.  к.  бойлық  және  ендік 

бағыттағы  жарылымдармен  қиылған  серпентинит, 

плагиогранит  және  палеозойдың  жанартаулық  шө-

гінді жыныстарының арасында орналасқан. алтын-

ды  желілер  серпентинитпен  жарылатын  ірі  тұйық 

тармақты  (апофиз)  плагиогранит  интрузивтерінің 

жоғ. бөліктерінде шоғырланған. құлау бұрышы 19 –  

65°. желілер негізінен кварцтан (60 – 95%) және аз 

мөлшерде анкерит, кальцит және серициттен тұрады. 

Кен минералдары: пирит, арсенопирит, галенит, сфа-

лерит, халькопирит, саф алтын және күміс. Кен орны 

қазір уақытша пайдаланылмайды. 



ЖІТІҚАРА  АУДАнЫ  –  қостанай  обл-ның  батыс 

бөлігіндегі әкімш. бөлініс. жер аум. 7,3 мың км

2

. тұр-


ғыны 51 мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 6,9 адам-



нан келеді (2010). аудан аумағындағы 33 елді мекен 

1 қалалық, 1 кенттік және 14 ауылдық округке бірік-

тірілген. аудан орт. – жітіқара қ. ауданның аумағы 

шығысқа  қарай  еңіс  келеді.  Орал  сырты  үстіртінің 

орт. бөлігін алып жатыр. Оның ең биік жері ауданның 


250

биіктікте.  жағалауы  жайпақ.  тектоник.  бөген  көл-

дер  типіне  жатады.  з-ға  қара  ертіс  өз.  құяды  да, 

ертіс (ақ ертіс) ағып шығады. өзеннің жалғасы көл 

табанындағы ені 2 км, тереңд. 10 м-ге дейін баратын 

ұзынша ор түрінде байқалады. Су режимі қара ер-

тіспен байланысты. жазда таудағы қар ерігенде көл 

деңгейі көтеріледі. қыста төмендейді. Су деңгейінің 

маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. ең төмен деңгейі сә-

уірдің  басында  байқалады.  қарашада  суы  қатып, 

сәуірде ериді. ертістегі бұқтырма СЭС-і салынғанға 

дейін көл айдынының аум. 1788 км

2

, ұз. 111 км, ені 30 



км, орташа тереңд. 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) бола-

тын. бөгет салынғаннан кейін көл бұқтырма бөгеніне 

қосылып  кетті.  Көлемі  артып,  жаға  сызығының  пі-

шіні  өзгерді.  з-да  балықтың  23  түрі  мекендейді, 

оның 17-сінің кәсіптік маңызы бар. Әсіресе, бекіре, 

ақбалық, таймень, көксерке, табан, аққайран, сазан, 

т.б.  көптеп  ауланады.  Көл  маңында  бірнеше  балық 

кәсіпшілігімен  айналысатын  ауылдар  (артельдер) 

бар. Суына ондатр жерсіндірілген. Көл айдыны кеме 

қатынасына пайдаланылады. Соңғы жылдары көлге 

құятын қара ертіс өз-нің суын қытайда шамадан тыс 

пайдалану салдарынан бұқтырма бөгенінің деңгейі 

төмендеп, аумағы кішіреюде. қосылатын су мөлшері 

бұдан әрі азая берсе, з. көлі бөгеннен оқшауланып, 

бұрынғы табиғи қалпына қайтып оралуы мүмкін.

ЗАЙСАн  АРТЕЗИАн  АЛАБЫ,  Оңт.  алтай  мен 

тарбағатай  тауларының  арасында  орналасқан.  аум.  

30 мың км

2

-ге жуық қазаншұңқырды қамтитын жер 



асты  суы  бар  өңір.  алаптың  батысы  мен  оңт-нде, 

көбінесе  арынсыз  жер  асты  суы  тараған.  Олар  ан-

тропоген  кезеңінің  құм  аралас  дөңбектасында,  мал-

татасында және таза құмда шоғырланған. жер асты 

суларының жалпы тереңд. 100 – 120 м, зайсан көлі-

нің маңында 3 – 5 м. Судың орташа минералд. 1,2 –  

1,5 г/л, ұңғымалардың су өнімд. 1 – 5 л/с. Оңт. зайсан 

маңында 120 – 150 м тереңдікте орналасқан жоғ. плио-

цен шөгінділеріндегі жер асты сулары арынды. Олар 

саз  қабатшаларымен  бөлінген  малтатас  пен  құмда 

шоғырланған.  Су  қабаттарының  жалпы  қалыңд.  2  –  

15 м. Судың минералд. 0,3 – 0,8 г/л. ұңғымалардың 

су өнімд. 3 – 7 л/с. жер асты су алабының солт. бө-

лігіндегі  жоғ.  бор-палеоген  және  палеоген-неоген 

шөгінділерінде қалыңд. 1 м-ден 10 – 15 м-ге дейін же-

тетін үш сулы қабат бар. алаптың шет жағындағы су 

қабатының тереңд. 300 м, ортаңғы бөлігінде 1200 м.  

Судың  минералд.  0,3  –  1  г/л-ден  3  –  8  г/л-ге  дейін, 



Забурунье

ЗАБУРУнЬЕ, з а б ұ р ы н  – Каспий т-нің солт-нде-

гі  шығанақ.  атырау  обл.  исатай  ауд-нда.  құрлық- 

қа 5,5 км сұғына енген. шығысында Середка құмқа- 

йыры жатыр. жағалауында өзімен аттас елді мекен  

орналасқан. шығанақтың орташа тереңд. 2 м. жай- 

пақ жағалауы төрттік кезеңнің құм, саздақ жыныста-

рынан түзілген. шығанақ түбі құмды келген. жаға-

сында қамыс өседі.



ЗАБУРУнЬЕ МҰнАЙ кЕнІ – атырау обл. исатай 

ауд. жерінде орналасқан кен орны. Сейсмик. зерттеу-

лер  нәтижесінде  1966  ж.  анықталып,  1990  жылдан 

пайдаланылып келеді. төм. бор шөгіндісі маңайынан 

өнім беретін апт-неоком, 1-неоком және 2-неоком қа-

баттары  ашылды.  апт-неоком  қабатының  жарыспа 

қатпарлары көп реттерде алевриттерден, кейде ұсақ 

түйіршікті, сазды құмдардан тұрады. қабаттың жал-

пы қалыңд. 4 – 9 м, ал мұнайлы қабатының қалыңд. 

1,2 – 3,4 м-ге жетеді. шөгінділер 853 – 879 м терең-

дікте жатыр. забурунье мұнайы ауыр, күкірті (0,23 

– 0,72%) мен парафині (1,75%-ға) аз, жоғары шайыр-

лы (15%-ға дейін) келеді.

ЗАВЬЯЛОВ ТАС кӨМІР кЕнІ, қарағанды обл. нұра 

ауд-нда, қарағанды қ-нан батысқа қарай 90 км жерде 

орналасқан.  Кен  орны  1910  жылдан  белгілі.  мұнда 

ағылшын  концессиясы  1910  –  12  ж.  көмір  өндірген. 

барлау жұмыстары 1953 – 69 ж. жүргізілген. з. т. к. к. қа-

рағанды квазисинклинорийінің батыс бөлігінде орна-

ласқан. геол. құрылымына девон кезеңінің фамен және 

турне  ярустарының  карбонатты-шөгінді  түзілімдері 

мен тас көмір кезеңінің көмірлі қабаттары кіреді. Кө-

мірлі түзілімдер аргиллит, алевролит, құмтас, тас кө-

мір қабаттары, туффит пен күлді туф қабатшаларынан 

тұратын 4 шоғырға: ащылыайрық, қарағанды, долин-

ка және тентек жіктеледі. Кен орны құрылымдық жа-

ғынан – шығысы мен батысы меридиандық жарылым-

дармен  шектелген,  бойлық  бағытта  созылған  іспетті 

өндірістік көмір қабаттарының қалыңд. 0,7 – 3,3 м ара-

лығында. Көмірдің күлділігі 21 – 28%, тығызд. 1,4 г/см

3



концентрат шығымы 36,7 – 54,8%, күкірт 2,3 – 3,6%, 

фосфор 0,02 – 0,11%, маркасы ж, Кж. Көмір шахталық 

әдіспен өндіріледі.

ЗАЙСАн, ж а й с а ң  – Оңт. алтайдағы көл. шығыс 

қазақстан обл. аумағында орналасқан. Солт-нен на- 

рын  мен  Күршім,  оңт-нен  Сауыр  –  тарбағатай  жо-

таларының  сілемдерімен  қоршалған  тектоник. 

қазаншұңқырда  жатыр.  Көл  теңіз  деңгейінен  395  м 

зайсан көлінің шығыс жағалауы



251

кекілік, көл мен өзендерде аққу, қаз, үйрек, көкқұтан, 

т.б. мекендейді. зайсан көлі мен қара ертісте шортан, 

алабұға, сазан, бекіре, ақ амур, ақ балық бар. з. а. не-

гізінен а. ш. дамыған аудан. а. ш. жерінің аум. 837,1 

мың га, оның 28,3 мың га-сы егістік, 53,8 мың га-сы 

шабындық, 747,9 мың га-сы жайылым (2008).  аудан 

жерімен зайсан көлін жағалап зайсан – Семей, зай- 

сан – өскемен, боран – теректі – балықтыбұлақ авто-

моб. жолдары өтеді.



ЗАЙСАн  ҚАЗАнШҰҢҚЫРЫ  –  қазақстанның 

шығыс  бөлігіндегі  ойыс.  алтай  тау  сілемдері  мен  

тарбағатай  –  Сауыр  таулары  аралығында,  шығыс 

қазақстан  обл.  аумағында,  теңіз  деңгейінен  395  –  

1000 м жоғарыда жатыр. жалпы ұз. 250 км, енді же-

рі 140 км-ге дейін. қазаншұңқыр батысында шар –  

Көкпекті  шоқыларына  ұласады.  палеозойдың  қат- 

парлық іргетасы қазаншұңқырдың осьтік бөлігі ар-

қылы  1600  –  1700  м  тереңдікте  өтеді.  Оның  бетін 

бор,  палеоген,  неоген  және  төрттік  кезеңдерінің 

құрлықтық шөгінділері жауып жатыр. өңірде шөлге 

және  шөлейтке  тән  ландшафт  басым.  ең  ойыс  же-

рінде  зайсан  көлі  мен  бұқтырма  бөгенінің  оңт.  бө-

лігі орналасқан. Климаты тым континенттік. қаңтар 

айындағы ауаның жылдық орташа темп-расы –21°С. 

Кейбір жылдары темп-ра –49°С-қа дейін төмендейді. 

шілде  айындағы  жылдық  орташа  темп-ра  22°С. 

жылдық  жауын-шашынның  орташа  мөлш.  300  мм 

шамасында.  қазаншұңқыр  аумағында  батыс,  оңт.-

батыс  бағыттан  күшті  желдер  соғады.  топырағы 

қоңыр,  қызғылт  қоңыр,  шығыс  бөлігінде  құмды 

топырақтар басым. Суғармалы егіншілік, мал ш. да-

мыған.

ЗАҢҒАР  –  қуаңдария  өз-нің  ортаңғы  ағысындағы 

төбе. қызылорда обл. қармақшы ауд. жаңақала а-ның 

оңт.-батысында 25 км жерде орналасқан. абс. биікт. 

160 м. Солт-тен оңт-ке қарай 2,5 км-ге созылып жа-

тыр, енді жері 900 м. маңында №61, №48, шибұлақ, 

тектұрмас артезиан құдықтары бар. құмды, қырқалы 

келген беткейінде сексеуіл, жусан, жүзгін, т.б. өсім-

діктер өседі. етегі мал жайылымына пайдаланылады.



ЗЕЛЕнОВ  АУДАнЫ  –  батыс  қазақстан  обл-ның 

солт-ндегі әкімш. бөлініс. 1939 ж. приурал ауд. бо-

лып құрылған. 1997 ж. приуралье ауд. таралып з. а. 

болып аталды. жер аум. 7,7 мың км

2

. тұрғыны 55,2 



мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 7,1 адамнан келеді 



(2010). аудан орт. – переметное а. аудандағы 77 елді 

мекен 24 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. з. а. 

жалпы Сырт қыратының оңт. бөлігі мен жайықтың 

өнімд. 0,2 – 3 л/с. з. а. а-ның суы елді мекендерді су-

мен қамтамасыз етуге, жер суғаруға пайдаланылады.

ЗАЙСАн  АУДАнЫ  –  шығыс  қазақстан  обл-ның 

қиыр  шығысындағы  әкімш.  бөлініс.  шығысында 

қытай халық республикасымен шектеседі. жер аум. 

9,1 мың км

2

. тұрғыны 40,4 мың адам, орташа тығызд. 



1  км

2

-ге  4,4  адамнан  келеді  (2010).  аудан  құрамын-



дағы 42 елді мекен 1 қалалық, 8 ауылдық әкімш. ок-

ругке біріктірілген. аудан орт. – зайсан қ. з. а-ның жер 

бедері өте күрделі. Оңт-н маңырақ жотасының шы-

ғыс бөлігі мен Сауыр жотасының батыс бөлігі, жазық 

келген солт. жағын зайсан қазаншұңқырының шығыс 

бөлігі  алып  жатыр.  қазаншұңқырдың  солт.-шығыс 

бөлігінде айғырқұм құмы орналасқан. ауданның те-

ңіз деңгейінен биікт. таулы бөлігінде 2500 – 2700 м,  

жазық  бөлігінде  400  –  1000  м  аралығында.  Сауыр 

жотасының  үйдене  өз.  басталар  тұсындағы  ең  биік 

шыңының биікт. 2950 м. ауданның қытаймен шекте-

сетін шығыс жағындағы Сауыр жотасында баймырза 

асуы орналасқан. Кен байлықтарынан титан кентасы, 

шағын тас көмір, жанғыш тақтатас кендері, саз, құм, 

т.б.  құрылыс  материалдары  бар.  Климаты  тым  кон-

тиненттік, қысы суық, жазы ыстық. ауданның таулы 

бөлігінің жазы қоңыржай салқын, ылғалды, қыста қар 

қалың,  аязды.  аудан  аумағында  қаңтардағы  ауаның 

орташа темп-расы зайсан көлі жағалауында –17,8°С-

тан –20,2°С-қа дейін, зайсан қ-нда –16,6°С, ал шілдеде –  

жазықтан тауға қарай 23,1°С-тан 21,3°С-қа дейін тө-

мендейді.  зайсан  қ-нда  шілдедегі  ең  ыстық  темп-ра 

40°С-қа  дейін,  ал  қаңтардағы  ең  суық  темп-ра  (то-

полев мүйісінде) –49°С-қа дейін барады. жауын-ша-

шынның мөлшері де жазықтан тауға қарай өзгереді: 

зайсан қазаншұңқырында 150 – 250 мм аралығында 

болса, таулы бөлікте 400 – 500 мм-ге жетеді. жер беті 

сулары  зайсан  көлінің  оңт.-шығыс  бөлігі  мен  оған 

құятын қара ертіс, ақсу, Кендірлік, теректі, темірсу, 

жеменей,  үйдене  өзендерінен  және  айғырқұмдағы 

Сарыкөл,  Сарманақ,  тұздыкөл  және  Сауыр  жота-

сындағы кішігірім көлдерден тұрады. аудан жерінде 

күлгін, қызғылт қоңыр, бозғылт, қоңыр, сортаң және 

құмды топырақтар тараған. мұнда тек қана ағаш пен 

бұтаның 26 түрі өседі: тау беткейлері мен өзен бойла-

рында тал, тобылғы, итмұрын, одан биіктеу жерлерде 

қайың,  көк  терек,  одан  жоғарырақ  белдеуде  қылқан 

жапырақты  ормандар  өседі.  жабайы  жануарлардан 

арқар, марал, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, қар-

сақ, сасықкүзен, ақ тышқан, қоян, суыр, сарышұнақ; 

құстардан бүркіт, үкі, байғыз, кезқұйрық, құр, ұлар, 

Зеленов

зайсан қазаншұңқырының оңтүстік-шығыс көрінісі

Сауыр жотасының баурайы


252

саласы  –  деркөл  өз-нің  аңғарын  алып  жатыр.  жер 

бедері  сайлы-жыралы,  жонды-белесті  (абс.  биікт. 

20 – 200 м) келеді. ең биік жері – ауданның батысын-

да, Соколов елді мекені жанындағы аласа тау (204 м). 

ауданның жер қойнауында газ конденсатының қоры 

мол.  1990  –  2000  ж.  чинарев,  цыганов,  гремякин, 

теплов, т.б. газ кен орындары барланып, қоры анық-

талды.  Сондай-ақ  құрылысқа  қажет  тас  өндіретін 

карьерлер бар. з. а-ның климаты тым континенттік. 

қысы суық, жазы ыстық. қаңтарда жылдық орташа 

темп-ра  –12°С,  шілдеде  24°С.  жауын-шашынның 

жылдық орташа мөлш. 300 мм-ге жуық, көбінесе жаз 

айларында жауады. қардың қалыңд. 30 см-ге дейін 

жетеді.  өзендері  жайықтың  оң  саласына  жатады. 

Ірілері:  шаған,  деркөл,  емболат,  Крутая,  быковка. 

аумағы  шағын  (5  км

2

-ден  аспайтын)  бірнеше  өзен-



көл  аңғарларында  орналасқан.  грунт  суы  оңт.  мен 

шығысында  4  –  10  м  тереңдікте  кездеседі.  аудан 

жерінде қара қоңыр, шалғынды қызғылт қоңыр және 

сор, сортаң топырақтар тән. мұнда боз, бетеге, жу-

сан,  изен,  кермек,  өзен  жайылымдарында  шалғын, 

аңғарларында қайың, көктерек ормандары өседі; қас-

қыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ, аламан, сасық күзен, 

т.б. мекендейді.

з.  а-нда  басқа  аудандарға  қарағанда  халық  біршама 

тығыз  орналасқан.  Ірі  елді  мекендері:  переметное, 

дария,  зеленов,  мичурин  және  Фурманов.  а.  ш-на 

жарамды жері: 487,8 мың га, оның ішінде жыртылған 

жері 141,6 мың га, шабындық 12,4 мың га, жайылым 

10,6 мың га (2009). өсімдік ш-нда дәнді дақылдардың 

үлесі басым, одан басқа көкөніс, картоп, бақша, т.б. а. 

ш. өнімдері өндіріледі. аудан жерімен Саратов – елек 

т.ж., Каменка – Орал, Орал – чапаев, Орал – Самара 

автомоб. жолдары өтеді.



ЗЕЛЕнЫЙ  –  түпқараған  түбегінің  солт.-батысын-

дағы  мүйіс.  маңғыстау  обл.  түпқараған  ауд-нда. 

маңғыстау  шығанағына  сұғына  орналасқан.  жа-

ғалауы  жарқабақты  келген.  теңіздің  су  асты  жар-

тастары су бетіне шығып жатыр. тереңд. 27 м. Солт.-

шығыс жағалауында жығылған мүйісі орналасқан. 

маңында Сағажа, т.б. қыстаулар бар.

ЗЕРАВШАн  АРШАСЫ  (Junіperus  seravschanіca)  –  

кипарис  тұқымдасы  арша  туысына  жататын  мәңгі 

жасыл қылқан жапырақты ағаш. қазақстанда қара-

таудың  оңт-нде,  талас  алатауында  ғана  кездеседі. 

табиғи жағдайда ол таудың тасты, жартасты беткей-

лерінде әрі төм. белдеулерінде өседі. биікт. 5 – 10 м, 

жуанд. 0,5 м-ге дейін жетеді. з. а. – сыртқы пішіні 

Зеленый

шарға  ұқсас  биік  әдемі  ағаш.  қабығы  қызғылт,  қо-

ңыр қызыл. жас және шөптесін бұтақтары жіңішке 

әрі  қысқа  болады.  жапырақтары  ромб  пішінді,  бас 

жағы  үшкірлеу  келеді.  жақсы  жетілген  жеміс  бүрі 

шарға ұқсайды, ені 10 – 12 мм. з. а. өте баяу өседі, 

1000  жылдай  тіршілік  етеді.  50  жылдан  кейін  же-

міс  бере  бастайды.  тұқымынан  көбейеді.  жемісі 

маусым – шілде айларында піседі. алматы ботани-

ка бағында көп жылдар бойы өсіріліп келеді. ақсу-

жабағылы қорығында з. а-ның бірнеше түбі сақтал-

ған,  ол  табиғат  ескерткіші  ретінде  қорғалады.  з.  а. 

өте  сирек  кездеседі,  таралу  аймағы  жылдан-жылға 

азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген.

ЗЕРЕнДІ  –  есіл  алабындағы  тұйық  көл.  ақмола 

обл-ның зеренді ауд-нда орналасқан. аум. 11,9 км

2



ұз. 6,1 км, енді жері 3,8 км, тереңд. 4 – 4,8 м. Оңт. 



және  оңт.-батыс  жағалауының  биікт.  10  м,  батыс 

жағалауының  биікт.  4  м-ге  жетеді.  Оңт.  жағалауы 

сай-жыралармен тілімденген. Суы тұщы, ауыз суға 

жарамды.  з.  көлінің  табиғаты  өте  әсем,  оны  қалың 

қарағайлы аласа таулар қоршаған. Оңт.-батыс жаға-

сында демалыс үйлері, жазғы оқушылар дем алатын 

лагерьлер орналасқан.

ЗЕРЕнДІ  АУДАнЫ  –  ақмола  обл-ның  солт-ндегі 

әкімш. бөлініс. 1935 ж. құрылған. 1997 ж. Көкшетау 

ауд-мен біріктірілді. жер аум. 8 мың км

2

. тұрғыны 



41,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 5,1 адамнан 



келеді (2010). аудандағы 81 елді мекен 24 ауылдық 

әкімш. округке біріктірілген. аудан орт. – зеренді а. з. 

а. Көкшетау қыратының солт-н алып жатыр. жер бе-

дері аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық. 

Ірі таулары: зеренді (587 м), жыланды (609 м), қараүң-

гір, қаратау, қошқарбай, шымылдықты, байөтер (551 

м), елікті (502 м), нарөлген (489 м), т.б. Кен байлықта-

рынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа 

жарамды тас, құм, каолин, емдік саз, т.б. кездеседі. 

Климаты тым континенттік: қысы ұзақ (қар 140 – 160 

күн жатады) суық, қары аз (20 см), жазы жылы әрі 

құрғақ.  ауаның  орташа  темп-расы  қаңтарда  –18°С, 

зеренді көлінің жағалауы

ауданның қайыңды-көктеректі орманы



253

лагерьлері,  «аққайың»,  «жасыл  мүйіс»,  «ұшқын», 

«шығыс»,  т.б.  демалыс  базалары  шоғырланған. 

демалушыларға  «Керемет»,  «нұр  ауыл»,  т.б.  кафе-

лері, «Көмек» кемпингі, «Оазис» мотелі, «қалқаман» 

қонақ үйі, т.б. қызмет көрсетеді. Уақытты толық әрі 

тиімді өткізу үшін демалушыларға шаңғы трассала-

ры,  стадион  салынған.  Сонымен  қатар  11  экол.  ту-

ристік маршрут ұйымдастырылған. бұл маршруттар 

бойында  барлаутөбе,  шиелі,  беріктас,  жазықтөбе, 

бөрік,  қалқантас,  ақшабұлт,  құс  базары,  аюлы, 

қоянды,  Сұлутөбе,  Әулиешың,  қойтас,  жекетау, 

жайынауыз, т.б. шоқылар мен жартастар және бал-

балтастар кездеседі. з. д. а. зеренді табиғи зоол. қо-

рықша аумағында орналасқан.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал