«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» мм қостанай облысы әкімдігі білім Басқарамасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0.59 Mb.

бет1/7
Дата12.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

 

 



 

      «Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ 

       Қостанай облысы әкімдігі білім  

Басқарамасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО 

«Synergy» ғылыми білім беру орталығы» ҚҚ 

 

 

 

 

Құлмағанбет Ә.Қ., Тлебаева Д.А., Алиева Г.Р., 

Сеилханова А.А., Жақсыбайқызы А. 

 

 

 

 

 

 

ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕП 

 АРАСЫНДАҒЫ  ЫНТАМАҚТАСТЫҚ  

  ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ  

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы 

Қостанай қаласы   

2017 жыл 

 

 

 

 

УДК 370.182.6 



ББК 74.200 

 

Отбасы  мен  мектеп    арасындағы    ынтамақтастық      жұмыстары  туралы 

(әдістемелік құралы) – Қостанай қ.,  - 60 бет. 

 

 



Құрастырушы - авторлар:  

Құлмағанбет  Әсем  Қайнолдақызы  -Қостанай  облысы  әкімдігі  білім 

басқармасы  әдістемелік  кабинетінің  тұлғаны  әлеуметтендіру  және  тәрбиелеу 

бөлімінің  сектор  меңгерушісі.  Тлебаева  Дана  Аманжоловна,  -  Қостанай  қаласы 

әкімдігі  білім  беру  бөлімінің  №  9  орта  мектебінің  педагог-психологы.  Алиева 

Гульнар  Расуловна,  психолог,  Таран  ауданы,  Тобыл  орта  мектебі,Сеилханова 

Асем  Амангельдиновна,  психолог,  Мендықара  ауданы,  Введен  орта  мектебі. 

Жақсыбайқызы 

Айнагуль, 

психологы 

Арқалық 

қаласы, 


«Алпамыс» 

балабақшасы. 

 

 

 



ISBN 978-601-80636

 

 



Бұл  әдістемелік  құралда  2016  жылы  сегіз  ай  бойы  өткізілген    3  жылға 

дейінгі  еңбек  өтілі  бар  «Жас  мамандар  мектебі»  жобасы  аясында  жүргізілген 

жұмыстары.  Материалдардың  мазмұны  психологиялық  тәжірибелер  ата-

аналардың бала тәрбиесінде жағымды жағдай тудыратын құралдарын қолдануға 

көрсетеді. 

 

«Жас  мамандар  мектебі»  жобасы  аясындағы  (педагогикалық  озық 



тәжірибиелер  тарату  Кеңесіндегі  1  хаттамасы  22.12.2016  ж  Куәлік  №152)  

жұмыстар оң тәжірибе берді.    

Әдістемелік құрал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту үшін 

білім беру мекемесіндегі психологтарға арналған көмекші  құрал.  

 

 

 



УДК 370.182.6 

ББК 74.200 

 

 



ISBN 978-601-80636 

 

 

©  «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ 



©   «Synergy» ғылыми білім беру орталығы,  2017 

 

 

 



 

Мазмұны 

 

 

Түсінік хат...........................................................................................................3 

Отбасы  мен мектеп арасындағы 

ынтамақтастық жұмыстарын жүргізу...............................................................7 

Оқушылармен жұмыс..........................................................................................8 

Ата –аналармен жұмыс.....................................................................................16 

Ұстаздармен ......................................................................................................31 

Тәрбиешілерге арналған баяндама. 

Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы......................................44 

Психологиялық әдістемелер. 

Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты зерттеуге арналған 

 

психологиялық әдістемелер жиынтығы..........................................................51 



Қорытынды........................................................................................................59 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................60 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Түсінік хат 

 

 



Бүгінгі  күнгі  педагогтардың,  отбасы  мен  жұртшылықтың  күш-жігерін 

үйлестіріп  отыру  –  сынып  жетекшісінің  міндеті.  Баланың  алғашқы  тәрбиешісі 

ата-ана  десек,  баланың  көзқарасы  және  нанымы,  мінез-құлық  дағдылары  мен 

әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші 

роль  атқарады.  Мемлекет  балаларды  тәрбиелеуде  отбасыға  мектеп  арқылы 

көмектесіп,  отбасылық  тәрбиенің  мазмұны  мен  ұйымдастырылуына  әсер  етіп 

отырады.  Яғни  мектеп  мемлекеттік  мекеме  есебінде  жасөспірімдер  мен 

жастарды  дұрыс  тәрбиелеуде  отбасына  жәрдемдесуге,  ата-аналар  арасында 

педагогикалық  насихатты  белсене  жүргізуге  міндетті.  Мектеп  пен  отбасы 

бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына 

ат  салысулары  тиіс.  Кемелденген  ел  жағдайында  мектептің  отбасы  өміріне 

белсене  араласудың  үлкен  маңызы  бар.  Бұл  ең  алдымен  балалардың 

адамгершілік  кемелдігін  қамтамасыз  ету  үшін  керек.  Ендеше  білім  ордасының 

отбасымен  және  жұртшылықпен  байланысы,  негізінен,  сынып  жетекшілері 

арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық 

ұйымдармен  үнемі  байланыста  болады.  Ата-аналармен  кездескенді  оларды 

мектептің  талабымен  таныстырып,  оқушыларға  әсер  етудің  формалары  мен 

әдістері  жөнінде  келісіп  алады.  Олар  көпшілікке  педагогикалық  білім  таратып, 

ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін 

жақсы  орындауына  көмектеседі,  барлық  ата-аналардың  өз  балаларының 

қамқоршы  ұстазы  болуы  үшін  тырысады.  Егер  ата-аналар  мұғалімдердің 

талаптарын  жақсы  түсініп,  қолдап  отырса,  балаларының  дұрыс  тәрбиеленуіне 

ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз 

отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке 

бір  ерекше  бағытын,  балалармен  қарым-қатынастығы  дара  әдісін  қарама-қарсы 

қояды.  Кейбірі  балаларын  еркелетіп,  шолжыңдандырып  жібереді,  барлық 

тілектерін  орындауға  тырысады,  еңбектен  қол  үздіреді.  Мұндай  отбасыларда 

балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне 

де  теріс  әсерін  тигізеді.  Нәтижесінде  балалар  нашар  оқып,  үйге  берілген 

тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып 

жетекшісі  педагогикалық  сипаттағы  шаралар  қолдану  керек.  Яғни  балаларға 

сезімталдықпен  қарау,  олардың  бастамаларын  және  дербестігін  тұншықтырмау 

керек  екенін  ата-аналарға  ескертіп  отырған  жөн.  Кейде  отбасы  мен  мектептің 

арасында  келіспеушіліктер  болып  қалады.    Бұл  балалардың  сана-сезімі  мен 

мінез-құлқын  қалыптастыру  үрдісін  қиындатады.  Ал  мектеп  пен  отбасының 

тығыз  ынтымақтастығы  талап  пен  тәрбиелік  ықпалдың  бірлігін  қамтамасыз 

етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді. 

Ал  мектептің  отбасымен  ынтымақтастығы  оқушыға  беретін  тәрбие  жұмысы  ең 



 

алдымен  оқушыны,  оның  отбасы  жағдайын  зерттеуден  басталады.  Ол  сынып 



жетекшісі  тарапынан  төмендегідей  жүйеде  жүзеге  асырылады.    Зерттеу 

жұмысын  жүргізе  отырып  сынып  жетекшісі  балалар  тәрбиесін  тиімді 

ұйымдастыруда  ата-аналармен  байланысады.  Олар  әр  түрлі  формада 

ұйымдастырылады.  Сынып  жетекшісінің  ата-аналармен  ынтымақтасқан 

бірліктегі  еңбектерінің  бағыттары  іс  жүзінде  іске  асырылса,  онда  тәрбиелеу 

тиімді  болады,  тәрбие  сағаттары,  кәсіптік  бағдар,  экскурсиялар,  сайыстар,  

олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады.   Ата-ананың 

баласына  қалдыратын  ең  үлкен  мұрасы  –  оны  жақсы  тәрбиелеу.Мектептің 

отбасы  тәрбиесіне  ықпалын  арттыру  үшін  ата-аналарға  мектеп  есігін  айқара 

ашып,  балалармен  өткізілетін  әр  түрлі  тәрбиелік  іс-шаралар  мен  сабақтарға 

қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты 

талап  ететін  үйірмелерді  басқаруға  саяхаттар  мен  серуендерді  ұйымдастыруға 

шақырылады.  Оларға  оқушылар  тарапынан  концерттер  мен  қойылымдар, 

көрмелер  ұйымдастырылады.  Мұғалімдер  мен  сынып  жетекшілері  қажет 

болғанда  отбасына  оқушы  арқылы  баласының  сабақтағы  үлгерім  жетістіктері 

мен  ұнамды  әрекеттері  жайлы  хабарлап,  хаттар  жолдайды.Мектептің  ата-

аналармен  жүргізілетін  негізгі  мақсаты:  ата-аналар  мектепті  балаларының  шын 

жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге 

дайын  болуын  қамтамасыз  ету;  ата-аналарды  отбасында  балаларымен  өзара 

ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету. 

Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері 

бойынша  ата  –  аналар  семинарларын  ұйымдастырады.  Онда  ата  –  аналар 

балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың 

бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған 

ортадан  сүйіспеншілік  сезімін,  мейірімділік  пен  сыпайылықтың  қажеттілігін 

біледі.  Ата  –  аналар  балаларымен  ынтымақты  қарым  –  қатынас  нақтылы 

әдістерін  үйренеді,  отбасында  пайда  болған  өзара  түсініспеушіліктерге 

байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады. 

Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі.  

1.  Балаға  дұрыс  тәрбие  беру-ата-ананың  моральбық  қана  емес,  заң  жүзінде 

міндеті. 

2. Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.   3. 

Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін , оның үлгі болуға тырысқан 

талабын көтермелеп отыру керек.  

4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс.  


 

«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – 



саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша 

мектебі  –  отбасы  екендігін  әрбір  тәрбиелі  азамат  өзінің  өміріне  талдау  жасап, 

мол  мәліметтер  жинақтап  байқайды.  Ата-аналар  мен  мектептің  бірден-бір 

мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, 

ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ата-ана өздері білімді 

болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін 

сұрап,  пікірлесіп  отыруы  керек.  Осындай  жағдайда  ғана  балалардың  жағдайын 

түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын. 

Бұл  әдістемелік  жинақта  2016  жылы  сегіз  ай  бойы  өткізілген    3  жылға  дейінгі 

еңбек  өтілі  бар  «Жас  мамандар  мектебі»  жобасы  аясында  жүргізілген 

жұмыстардың  қорытындысы,  білім  беру  мекемелеріндегі  психологиялық 

тәжірибелер ата-аналардың бала тәрбиесінде жағымды жағдай тудырады.  

 

Әдістемелік құрал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту үшін 



білім беру мекемесіндегі психологтарға арналған көмекші әдістемелік жинақ 

 

 



Құлмағанбет Ә.Қ- 

Қостанай  облысы әкімдігі білім басқармасы  

әдістемелік кабинетінің тұлғаны 

әлеуметтендіру  және тәрбиелеу 

  бөлімінің сектор меңгерушісі 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

«Отбасы  мен мектеп арасындағы ынтамақтастық  

жұмыстарын жүргізу» 

 

 

Әрбір  отбасы  қоғамның  кішкентай  бір  бөлігі  болып  табылатындықтан, 

қоғам  өркениетілікке  жеткізу,  ең  алдымен,  әрбір  отбасындағы  өмірді 

ұйымдастырудан  басталмақ.  Тәрбиенің  бастапқы  әліппесін  бала  отбасында 

алады. Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады. 

 Заманымыздың  заңғар  жазушысы  М.  Әуезовтің  «Ел  боламын  десен, 

бесігінді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгіннің 

ұстары,  елінің  ертеңі  болар,  халқының  үмітін  ақтай  білетін  дені  сау,  білімді  де 

саналы  жас  ұрпақты  өсіру  талабынан  туындап  отырады.  Осы  ұлы  мақсаттарға 

жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар. 

 

Бірі,  баланың  бастапқы  тәрбие  мектебі  алтын  бесік  -  отбасы  болса, 



екіншісі,  алтын ұя  -  мектеп.  Бұл  екі ортанында  мақсат-  мүддесі ортақ.  Отбасы, 

ата-ана  адамды  дүниеге  әкеліп,  қалыптастырып,  дамытып  жетілдірсе,  адам 

бойындағы  бар  игі  қасиет  мектеп  қабырғасында  қаланады.  Бұл  киелі  жерде 

қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған. 

  

 

Оқушылармен 

 

Тақырыбы: «Дос боламыз бәріміз» 

Мақсаты:Балаларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор 

болуларына,  қиналғанда  қол  ұшын  беруге,  бірлікпен  пен  татулыққа 

баулу.Балаларға  достық  сөзінің  мәнің  түсіндіру,  зейінін,  есте  сақтау,  ойлау, 

сөйлеу  қабілеттерін  дамыту,  эмоционалдық  еріктік  аумағын  дамыту,  сюжеттік 

рөлдік  ойын  ойнауға  дағдыларын  дамыту.  Ойынға  деген  қызығушылықтарын 

арттыру. 



Көрнекілігі:  слайдтық  көрсетілім,  саңырауқұлақ  макеті,  үнтаспа, 

васкобович,  кюзенер  таяқшалары,  геоконттақтайшалары,  майлық  қағазда 

оралған печение, суреттер. 

Тренингтің барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберін жасау 

Қайырлы таң досым 

Қайырлы күн блсын 

Жұма күннің  сәті 

Сәттілікке толсын 

Мейірімді жүрекпен  

Ақ пейілді тілекепен 

Амандасып алайық  

Келіп қалған қонақтар 

Иеліп сәлем салайық 



 

Балалар  орманға  саяхат  жасағыларын  келе  ме?  Олай  болса  біз  орманға 



саяхат жасайық.  (балалар ақырын орманға келеді) 

Психолог: Көктем келді,  жер  көгерді, табиғат әсем күйге енді, дала гүлге 

бөленді,  көгерген жер  қойнына  енді.  Ой,  балалар жаңбыр жауып  кетті.  Енді не 

істейміз?  

-Олай болса бізге не керек? 



Балалар: Қолшатыр 

Психолог:Воскобовичтің  геоконт  тақтайшасы  арқылы  біз  қолшатыр 

жасайық. 



(балаларды  үстел  үстіндегі  геоконт  тақтайшасы  арқылы  қолшатырды 

құрастырғызу, осы кезде аспан түнере бастайды , слайдтан жаңбыр жауғалы 

тұрған сурет көрсетіледі,  құмырсқа кіріп  келді) 

 

Құмырсқа: Бұлттыр бәрі жылжыпты 

 Жаңбыр сірә төгеді 

Мына саңырауқұлақ пана болса, 

Бізге тиер көмегі 



Психолог: Құмырсқа жорғалап барып, саңырауқұлақтың астына 

жасырынады. Жаңбыр жауа бастайды. Шалғынға көбелек келеді. 



Көбелек: 

Сәлеметсің бе құмырсқа досым. 

Күшім кетіп әлсіреп,  

Қанатым су боп жабысып. 

Ұша алмадым, құмырсқа 

Алшы мені қасыңа 

Пана берші басыма 



Құмырсқа: Жарайды егер сен менің тапсырмамды орындасан мен сені 

кіргіземін 



Психолог: Балалар біз көбелек досымызға көмектесеміз бе? 

Балалар: Әрине көмектесеміз 

Психолог: Олай болса балалар біз «Сөйлемді жалғастыр» ойының 

ойнайық. 



 

«Сөйлемді  жалғастыр»  жаттығу ойыны 

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. 

Балаға   қарама-қарсы   отырып,  балаға допты  лақтырып,  сөйлемнің  басын 

айтамын.  Допты  тосып  алған  бала  сөйлемді  аяқтап,  допты    маған  қарай  кері 

лақтыру    қажет.  Егер  бала  екі  рет  сөйлемді  аяқтай  алмаса,  ойыннан 

шығады.Жылдам  орындалуы  қажет Сөздердің нұсқауы: 

Лимон ащы, ал қант ... 

Шөп жасыл, ал аспан ... 

Ағашты аралайды, ал шегені ... 

Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ... 

Құс ұшады, ал жылан ... 

Кеме жүзеді, ал машина ... 

Шиені жейді, ал шәйді ... 


 

Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ... 



Түнде қараңғы, ал күндіз ... 

Балалар құмырсқаның тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. 



Құмырсқа: Көбелек досым сен менің тапсырмамды достарыңмен 

орындадын рахмет, енді менің саңырауқұлағыма  кіре ғой. 



Психолог: Жаңбырда қанатты су болып ұша алмаған соң, ара да 

саңырауқұлақтың саясына жасырынуға келді.  



Ара: 

Сәлеметсіңдерме достарым 

Жаңбыр қандай күшті еді, 

Ұша алмадым, мені көр! 

Бас сауғалап келіп ем 

Жандарыңнан орын бер 

Көбелек: Жарайды егер сен менің тапсырмамды орындасан мен сені 

кіргіземіз. 



Психолог: Балалар бізге жаңбырдан тонып, су болып келген ара 

досымызға  көмектесеміз бе? 



Балалар: Әрине көмектесеміз 

Психолог:Олай болса біз, Кюзенер таяқшалары және Дьенеш блоктары 

арқылы «Көңілді көктем», «Көбелек», «Құстар», «Көңілді шошқалар»суреттерін 

құрастырайық. 

Құмырсқа мен Көбелек: Ара досым сен менің тапсырмамды достарыңмен 

орындадың рахмет.  



Психолог:Балалар біздің ара досымыз су болып тоңып қалыпты, көңілін 

көтеріп бір сергітіп, жылынып алайық. 



Сергіту сәті:  

Армысың, досым! (қолдарын жоғары көтереді) 

Кел, маған қосыл (қолын бұлғайды) 

Алақанға салып алақан, (алақандарын бір бірінің алақанының үстіне 



қояды) 

Шеңберге бірге тұрайық. (шеңберге тұрады) 

Әлемге жылу шашайық (айналады) 

Күннің нұрын алайық, (қолдарын созады) 

Қасымызда досымыз  

Құшақтасып алайық (құшақтасады) 



Психолог: Сол кезде торғай ұшып келеді. 

Торғай:  

Қарға қуып есім кетті 

Айналайын достар-ау 

Маған пана болыңдар 

Жасырындар, қорындар 

Үшеуі қосылып: Тұра ғой, қосыл да, жасырамыз осында 

Қарға: 

Шиқ-шиқ еткен торғайды көрдіңдерме?  

Меннен қашып қайда тығылды? 

Бәрі: Жоқ, жоқ көрген жоқпыз.  


10 

 

Қарға: Әлі-ақ қолға түсерсің. Көрсетермін сонда саған, сазайынды 

берермін. Ой,  

шиқ-шиқ еткен, торғай.(ол ұшып кетеді) 



Психолог: Міне, жаңбыр да басылды, 

Аспан шайдай ашылды 

Достар саңырауқұлақтан шықты 

Бір-біріне қарасты, 

Таңдана былай таласты. 

Құмырсқа: Біз бәріміз қалайша бір саңырауқұлақтың астына сыйып 

кеттік?  Таң қалып тұрмын. 



Көбелек: Біз бәріміз сонша кішкентаймыз ба? 

Ара: Жоқ, өйткені біз татумыз, «Көңіл сыйса бәрі сыйады» деген сөз бар  

емес пе? 



Торғай: Дұрыс айтасыңдар, достарым, себебі шыныменде достар емеспіз 

бе? 


Барлығы бірге: Әрине, доспыз!  

Психолог: Осылайша бір саңырауқұлақтың астына жиналған орманның 

кішкентай иелері бір-бірімен жақын болып кетіпті. 

   Міне, балалар, бүгінгі біздің тренинигіміз  «Достық» біз бір-бірімізбен 

доспыз ба? Әрине, олай болса бүгінгі тренингімізді «Жасырынған құпия» 

ойынымен жалғастырайық. Алдарыңызда салфеткада бір нәрсе жасырылған, 

алақандарымызбен сипап сезу арқылы не екенің ажыратып білуіміз керек. 



 «Ұяшықты таңда» ойынмен қорытындылайық 

Шарты: Экранда көрсетілген ұяшықтарда балалар өздеріне ұнаған суреті 

бар  ұяшықты таңдайды. Ұяшықтың бетінде көрсетілген тапсырманы 

орындайды. 

1.

 



Бүгін біз қайда саяхатқа бардық? 

2.

 



Не жаууды? (жаңбыр) 

3.

 



 «Достық» әңгімесінде саңырауқұлақ астында нелер бірге 

тығылды? (ара, құмырсқа, көбелек, торғай) араның қимылын салшы? 

4.

 

 Шиқ-шиқ еткен торғайды не қуып келді? (қарғаның дауысын 



сал) 

5.

 



Дос дегенді қалай түсінесіндер? 

Рахмет балалар«Дос болайық бәріміз» әнің айтып аяқтайық. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



11 

 

 



 

 

 



 

12 

 

 



Танымдық дидактикалық ойындар 

 

 

Баланың  тілін  дамыту  мақсатында  ауызекі  сөйлеу  мәдениетіне 

тәрбиелеу,  байланыстырып  сөйлеуді  дамыту  мен  сөздік  қорын  дамыту  үшін 

сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың 

маңызы  зор.  Ойын  шарттары  мен  көрнекіліктерін  пайдаланып  ойналатын 

дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға 

болады.  Дидактикалық  ойындар  баланың  ақыл-ойын  дамытады.  Өзін-өзі 

бақылауға  үйретеді.  Дидактикалық  ойындарды  іріктеуде  баланың  ойынды 

саналы  түсініп,  ол  ойын  шартын  дұрыс  орындауға  тырысып,  белгілі  бір 

нәтижеге  жету  мақсаты  көзделді.  Бала  ойын  мақсатына  сай  ойын  шартын 

орындап,  ондағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап  беруге  дағдыланады. 

Ойын  шартын,  ережесін  қатаң  сақтау  арқылы  жолдастарын  тыңдай  білуге, 

олардың  қатесін  түзетуге  белсенділік  көрсетуге  ынталандырылады. 

Жолдасының  қатесіне  көмектесуде,  оған  ойын  шартын  түсіндіріп  ойынды 

жалғас  тыруға,  жаңа ойын  ережесін ойлап  табуға,  оны басқаларға  түсіндіре 

білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.  

       Дидактикалық  ойындарды  тіл  дамыту  сабақтарында  пайдаланудың 

тиімділігін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Сабақты  бекіту,  сабақта  меңгерген 

материал  туралы  түсінігін  кеңейту,  баланың  шығармашылығын  дамыту,  тіл 

байлығын  молайту  үшін  дидактикалық  ойындар  сабақтың  тақырыбына, 

мақсатына  сай  таңдалып  алынады.  Ұсынылып  отырған  дидактикалық 

ойындардағы  тапсырмалар:  сөйлеудің  екі  түрі:  монологтық  және  диалогтық 

сөйлеуге  арналған.  Мысалы:  Телефон  ойынында  бір  нәрсе  жайында  сұралып, 

оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. 

     Ұсынылып  отырған  дидактикалық  ойындардың  мақсатына  сәйкес, 

шарты  нақты  көрсетіледі.  Бұл  ойындарды  сабақта  және  сабақтан  тыс 

уақытта  пайдалану  арқылы  баланың  тілін  дамытумен  қатар  ойынды  өз 

шығармашылығымен  жалғастыруға,  ойын  шартын  дұрыс  орындауға,  онда 

белгілі  бір  нәтижеге  жетуге,  ұжымдық  мақсатқа  бағынуға,  үлкендер  мен 

балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.  

 

 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал