Қостанай қаласы Қазақстан Жазушылар Одағының Мүшесі, ақын,Филология



жүктеу 96.44 Kb.

Дата06.02.2017
өлшемі96.44 Kb.

Қостанай қаласы 

Қазақстан  Жазушылар Одағының Мүшесі, ақын,Филология 

ғылымдарының кандидаты. 

  

Тұғыры биік Тұрсекең 



 (Абзал азамат, өнегелі отбасы иесі, адал жар, мейірімді әке, Алматы 

қаласының тұрғыны,әйгілі профессор, ұлағатты ұстаз ,марқұм, 88 

жасында дүниеден озған Тұрсынбек Кәкішұлы туралы сөз) 

 

    



Саналы,  зиялы,  түсінігі  терең  адамдарға  кей  жандарды  жариялы  түрде 

таныстырудың  өзі  ыңғайсыз.  Атақты  ғалым  Тұрсынбек  Кәкішұлын  алты 

алашта  білмейтін,  танымайтын  қазақ  жоққа  тән.  Солай  десек  те  туған  тілге 

бұртия,теріс  қарап,  әдебиет  тынысынан  әрірек,оқшау  жүретін  жаңа  қазақтар 

үшін  марқасқа  кісі  жайлы  мәлімет    бере  кету  артық  болмас.  Тұрсекең    1927 

жылы, тамыз айының 15-нші жұлдызында Ақмола облысы, Бұланды ауданы, 

Бөрлі ауылында туған.  Әйгілі әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының 

докторы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер. Қазақ, Кеңес әдебиеті тарихын 

екі  тілде  жазып,  кітап  етіп,    шығаруға  атсалысқан  ғалым.    Әсіресе  біртуар 

тұлға  Сәкен  Сейфуллиннің  өнегелі  өмірі  мен  шынайы  шығармашылығын  

ғылыми  тұрғыдан  зерттеуге    біраз  ғибратты  ғұмырын  арнаған.  Тұрсекеңнің 

«Сәкен  Сейфуллин»,  «Қызыл  сұңқар»,  «Сәкен  және  Гүлбахрам»,  «Сәкеннің 

соты»,  «Тар  жол  тайғақ  кешудің  тағдыры»  (К.Ахметовамен  бірге).  «Сәкен 

сүйген  сұлулар»,  «Мағжан  және  Сәкен»,  «Сын  сапары»,  «Оңаша  отау», 

«Садақ»,  

«Жасампаз  өлке»,  «Санадағы  жаралар»,  «Кер  заманның  керағар    ойлары», 



«Сәбең  әлемі»  және  басқа  да  еңбектері    әдебиеттану  ғылымына,  ұлттық 

рухани  байлық  қазынасына    қосылған  сүбелі  үлес.  Бір  ғажабы  сол,    бұл  



кітаптарда  салиқалы,салмақты    әдеби  сын  да,  парасатты  ,пайымды    ой-

толғамдар  да,  ерекше    елеңдететін  елеулі  естеліктер  де,  жүйелі,жоспарлы  

жол сапарлар әсерлері  де  бар. Былайша айтқанда қарымды қаламгердің кез-

келген  жинағы  талғампаз  оқырман  қауымды  ,  жалпы  бұқара  халықты  бей-

жай қалдырмайды.  

      Тұлғасы  бөлек  Тұрсекең  туралы  айтпас  бұрын,  жалын  жастық  шағымды 

көз алдыма еріксіз елестеткім келеді де тұрады. Бұл 1968 жылдың  қоңыр күзі 

еді-ау. Қостанай облысы, Жанкелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде әдеби 

қызметкер  болып  тура  бір  жылдай  жұмыс    жасадым  да,    арман  қуып, 

мамандық таңдап асқақ Алатау баурайындағы Алматыға бардым.  Жедел   

КазМУ-дің  журналистика  бөліміне  құжаттарымды  тапсырдым.  Күндізгі 

бөлімге  жолым    болмады.  Сырттай  оқитын  бөлімнің    бірінші  курс  студенті 

болып  шыға  келдім.  Алматыда  екі-үш  айдай  жүріп  қалдым.  Қаланы  алғаш 

көргендіктен  бе,  жасыл  желек  жамылған,  ғажайып  ғимарат,  көрікті 

көшелерден  тұратын    мерейлі  мекен  еріксіз  таңдандырды.  Мектепте 

бірдеңелерді  шимайлап,  аудандық  газетте  қызмет  істегендіктен  әдебиет 

жолына  біржола  бұрылғанмын.  Балауса  жырларымның  біразы  баспасөз 

бетіне  де  жарияланып  үлгерген.  Ара  тұра  уақыт  тауып,  Алматыдағы 

«Балалар  әлемі»  дүкенінің  дәл жанынан  орын  тепкен  Қазақстан  Жазушылар 

Одағының  үш  қабатты  ғимаратына  бас  сұғамын.  Есіктен  енгеніммен 

жоғарыға бірден көтерілмеймін. Көңіл алаң, жүрек қобалжулы. Атақты ақын-

жазушыларды  көріп,  сырттай  қызықтаймын.  Жақындап,  тақап  барып, 

сәлемдесуге  ынта  ықылас    болса  да,    батылдық  жете  бермейді.  Қасыма  еріп 

жүрген достарымның кейбірі:  

-  Әне    Ғабит  Мүсірепов,  әне  Қуандық  Шаңғытбаев,  әне  Сырбай  Мәуленов 

деп  қалады.  Кейде    сақ,  сездірмей  соңдарынан  еріп  жүріп,  көз  тігеміз. 

Тәңірдің  өзі  сыйлаған  таланттар.  Алла  тағала  бұларға  өзгеше  жүрек,  өзгеше 

сезім,  өзгеше  көз,  өзгеше  шабыт  бергендей.  Тек  жазушыларға  ғана  емес, 

атағы  алысты  шарлаған  ғалымдарға  да  сол  пейілде  қараймын.  Тұрсынбек 

Кәкішұлымен  ең  алғаш  жүздесуімнің  өзі  қызық.  Туған  ағайым  Жақсылық 

Жүнісұлы  (екеуміздің  фамилиямыз  бөлек  болғанымен  ат-анамыз  бір,  оны 

қазақы  дәстүр  бойынша  үлкен  атаға  жазып  жіберген)  КазГУ-дің 

журналистика  факультетінің  күндізгі  бөлімін  тәмамдағалы  жатқан.  Диплом 

жұмысының  тақырыбы  «Қасым  Тоғызақовтың  сатирасы». Жетекшісі      қазақ 

сатирасын  зерттеуші  белгілі  ғалым  Темірбек  Қожекеев.    Екі  рецензенттің 

біреуі Тұрсынбек Кәкішұлы екен. 

 -  Жүр  бірге  менімен.  Танымал  адамдармен  танысқанның  түк  зияны  жоқ. 

Мүмкін түбі өзіңе де қамқорлығы болар, - деді Жақсылық аға асығыс сөйлеп. 

Әуелі  сәл  ыңғайсыз  күй  кешсем  де,  іле  ұсынысын  қабыл  алдым.  Тұрсекең 

қазақтың  дәл  өзіндей  мейлінше  қарапайым    жан  болып  шықты. 

Журналистиканы  бітіргелі  отырған  студентпен  де,  бейтаныс  менімен  де 

бұрыннан білетіндей емін-еркін сөйлесті.  Аңғарғаным тал бойынан адамдық 

асыл қасиет, ұстаздық мөлдір, шуақты мейірім мен мұндалап тұр. Кейін  

арада  пәленбай  жылдар  өткен  соң  Қостанайда  қауыштық.  Ұлттық  әдебиет 

хақында  ағынан  жарыла  пікірлестік.  Одан  кейін,  егделеу  тартқан  шағымда 


КазГУ-де  «Қайнекей  Жармағанбетовтың  әдеби  мұрасы»  деген  тақырыпта 

кандидаттық диссертация қорғағанымда  Кәкішұлы  келісімін беріп, ғылыми 

жетекші болды. Әлі есімде, кеңесті Әл-Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік 

университеті  филология  факультетінің  деканы,  белгілі  ғалым  Қансейіт 

Әбдезұлы  жүргізіп  отырды.  Оппоненттерім  осал  емес.  Академик, 

Қайнекейдің  қадірлі  шәкірті  Серік  Қирабаев  және  Қостанай  педагогикалық 

институтының  оқытушысы,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Серікбай 

Оспанов. Залға отызға жуық  мүйізі қарағайдай докторлар жиналған. Ғылыми 

еңбекке  пікір  де  ашық  түрде  айтылып,  сұрақ  та  қойылып  жатыр.  Тұрсекең 

жетекші ретінде жүйелі, Жармағанбетов әруағын көтере  көсілді.  

      -  Қайда  барасыз,  қорғаушы  еңбегіне  баға  беріп,  түйінді  сөзіңізді 

айтпадыңыз ғой,- деді кеңес тізгінін  ұстап отырған ғалым.  

        Тұрсекең мінбеге қайта оралып, микрофонға ауызын тақап:  

       - Қорғаушының тақырыпқа байланысты кітабы, монографиялық еңбегі де 

жарық  көрген.  Нағашыбай  Мұқатовқа  дауыс  бермей  байқаңдар,  содан  кейін 

көрейін сендерді,- деді залға қарап.  Ешкім ләм лим демеді. Артық қозғалыс 

жоқ.  Бәрі  өзін  сыйлайтын  інілері,  әріптестері.  Тұрсекеңнің  сөзі  толығынан 

қуатталды. Былайша айтқанда бәрі ойдағыдай болды. 

          

Бұдан  үш  жыл  бұрын  Тұрсекең  60  жылдық  мерейтойыма  мәртебелі 

мейман  ретінде  қатынасып,  мінбеден  ағалық  салиқалы  сөзін  айтты.    Осы 

сапарда  біз  Жанкелдин  ауданындағы  Ұлы  Ахмет  Байтұрсынұлының 

алыстағы  ауылына  дейін  бардық.  Тұрсынбек  аға  да,  алаш  арысы  жөнінде 

бірнеше  кітап  жазған  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы  Өмірхан 

Әбдіманұлы  да  екі-үш  күн  бойы  аса  ризалық  сезімде  жүрді.    Тағы  да 

Тұрсекеңнің қуат күшіне, ширақ қимылына, сергектігіне тәнтімін. Автокөлік 

кеңшарға,  елді  мекенге,  қалың  жұртшылық  жиылған  жерге  сәл  аялдаса 

болды, Тұрсекең қойын дәптеріне қол созады.  Ұлы Ахаңа, ұлттық әдебиетке, 

ел  тірлігіне  байланысты  жергілікті  жерлердегі  деректерді  жалма-жан  қағаз 

бетіне  қондырады.  Сауал  тастап,  жауаптарына  да  қанығады.  Әсіресе,  ауыл 

іргесіндегі  жібек  желмен  баяу  толқыған  Ақкөл жағасына  барғанда  Тұрсекең 

мен Өмірханның терең тебіренісін әбден сезіндім. 

     -  Бізде  де  арман  жоқ.  Ұлы  Ахаң    табаны  тиген  топырақты  басып,  Ұлы 

Ахаң  түскен  көлге  шомылып  жүрміз.  Бұл  қасиетті  күн  ешқашан 

қайталанбайды.  Бәрімізді  біртуар  тұлғаның  әруағы  жебеп    жүргей,  -  дейді 

олар.  


       Тұрсынбек  Кәкішұлының  Торғай  сапарынан  туған  көлемді,  көркем, 

мазмұнды естелігі  «Қостанай таңы» газетінің бірнеше санында жарияланды. 

Бұл туындыны «Қазақ» газеті де басты. Кейін көреген көзбен, көркем сөзбен 

жазылған  естелік  кітап  болып  та  шықты.  Турасын  айту  керек,  оқыған 

оқырман түк өкінбейді.   

           

Несін  жасырайық,  егеменді  ел  дегеннің  өзін  кей  жағдайда  кері  түсіну 

әрекеттері  бар.  Естеріңізде  ме,  кешегі  қылышынан  қан  тамып  тұрған  кеңес 

дәуірінің өзінде тілді, дінді, ата-текті дәріптеген жандар болды ғой. Бірақ  



бөлектену  ерсі  көрінді.  Мәселен  Тұрсынбек  аға  Ақмола  облысында  туса  да 

бүкіл  қазаққа  ортақ  перзент.  Оны  ешкім  жатырқамады.  Жолы  түсе  қалса 

Көкшетау  көкке  көтерді,  Қарағанды  ыстық  құшаққа  орады,  Қызылорда 

керемет  құрметтеді,  Қостанай  құшағына  баурады,  Шымкент  шын  бауыр 

тұтты.  Бәрібір  оқырман  тарапынан  ғалымның  өзі  қай  тектен  деген  сауал 

туындауы  әбден  заңды.  Ол  Керей  ұрпағының    бір  өкілі.  Қостанайдағы 

беделді, 

белгілі 


інілері, 

профессор 

,танымал 

ғалым 


Аманжол 

Күзембайұлы,бай  тәжірибелі  кәсіпкерлер  Темірхан  Үндемесов,  Ибраш 

Естаевтармен  ұдайы  хабарласып  тұрды.  Бірақ  өздерін  өзгелерден  алшақ 

ұстап, бұра тартып, бөлектеніп жүруден әрқашан аулақ болды.  Қостанайдағы 

қаламдас  інілері  Серікбай  Оспанов,  Ақылбек  Шаяхметовтермен  жүздескен 

сәтте бір серпіліп, бір желпініп қалатыны және бар.  

         Ел  ішінде  ғылым  кандидаттары,  докторлар  жауыннан  кейінгі 

саңырауқұлақтардай  қаулап,  қаптап  кетті  деген  күбір  –сыбыр  бар.  Негізсіз 

емес.  Жалпы  ғалымдар  ғана  емес,  майталман  мамандар  кез-келген  салада 

некен  саяқ.  Жүріс-тұрысы,  білгірлігі,  көзқарасы,  қабілеті  Тұрсекеңе  ұқсас 

әдебиеттанушылар,  шәкірттер  баршылық.  Ерте  көз  жұмған  Бақытжан 

Майтанов  ұмытылар  ма  сірә.    Түркістанның  төріне  жайғасқан  зиялы  жан, 

талантты  ғалым  Құлбек  Ергөбектің  биік  еңсесі  біразынан  оқшау  тұр.  Күнде 

көрісіп,    аға-іні  арасындағы  ып-ыстық  сыйластықтан,  достыққа  ауыса 

бастаған қазақы қалың қасиетті Тұрсекең мен Өмірхан арасынан ылғи көрдік. 

Өз  басым  шын  мәніндегі  докторларға  айрықша  құрметпен  қараймын. 

Жуырда  ертелетіп  доктор  бауырым,  Тұрсекеңнің  сенімді  шәкірті  Өмірхан 

Әбдіманұлының Алматы қаласындағы пәтеріне телефон шалдым.  

     -Тым  ерте  хабарласқаным  үшін  кешірім  сұраймын.  Ұйқыдағы  докторды 

ояту  ормандағы  ұйықтап  жатқан  айбатты  арыстанды  оятумен  бірдей  ғой,  - 

дедім.  

     Сөзден  тосылмаған  Өмірхан  да  үнсіз  қалмады.  Әуелі    рахаттанып  бір 

күліп алды да: 

      -Өзіңіз  сияқты  ғылым  кандидаттары  мазаласа,  докторға  оянуға  болады 

ғой,  -  деді  әдемі  әзіліне  басып.  Екеуміз  де  күлкі  қайнарынан  ләззаттандық. 

Ұлттық  әдебиетке  ауқымды  үлес  қосып,бақиға,мәңгілік  сапарға  аттанған  

ұстазымыздың артында қалған аса бағалы,бай мұраларын кеңінен насихаттау 

бағытында әңгіме  өрбіттік, хабарласып тұруға келістік. 

     Тұрсекең    қазақ  әдебиетінің  маңайында  жүрген,  өзімен  сыйлас  інілерінің 

көбін  бір  әке-шешеден  туғандай  сезінді.  Талантты    ақын  Серік 

Тұрғынбекұлының Астана қаласында 60 жылдық мерейтойы құрметіне өткен 

шығармашылық  кеште  шешіле, шабыттана, ағынан ақтарыла сөйледі. 

Серіктің  өлеңдерін  оқып  тұрамын.  Кітаптарының  бәрін  түгелдей 



парақтадым.  Сәкен  Сейфуллин  арқылы    да  екеуміз    тамырласпыз.  Әсіресе 

Серіктің лирикалық  өлеңдерге қоса, эпикалық көлемді туындыларға  қалам 

тартуы  қуанарлық.  Кейкі  батыр,  Сәкен  Сейфуллин  туралы  жазған 

дастандары дабылдап тұр.  Көре алмастықты, қызғанышты қояйықшы. Серік 

Тұрғынбекұлы қазақтағы  Ұлы ақындардың бірі. 


        Осы  сөз  емін-еркін  естілген  кезде  зал  ішінде    қозғалақтап,  оң,  солыма 

алма-кезек  көз  тастадым.  Дүрілдете  қол  соққандар  да,    күбірлеп  үнсіз 

қалғандар  да  байқалды.  Өзгелерді  өз  жерінде  тайыншадай  тайраңдатса  да, 

өзіне келгенде  

жұмған аузын ашпай,  әдепті әрекетке бармай, бейтарап күй кешетін қайран 



қазағым-ай. 

          Естуімше  Құлбек  Ергөбек  кандидаттық  диссертация  қорғап  тұрғанда 

да Тұрсекең талантты шәкіртін көкке көтере үн қатыпты. 

Ғылыми  еңбектің  жазылу    стилінде,  зерделеуінде,  пайымдауында    еш 



кінәрат жоқ.  Өте жоғары деңгейде. Осы  үлгідегі еңбек авторларына бірден 

докторлық атақты неге бермейміз. 

        Ол  жылдары  да  әдебиеттанушылар  арасында  қызғаныш  оты  қызарып, 

лапылдап,  алаулап,  жалаулап  тұрған.  Бірақ  шын  талант  тас  жарары  белгілі. 

Бәрібір  Құлбек  шәкірті  құйғыта  шапты.  Өзінің  қарымын  қабілетімен 

дәлелдеді. Қазақстандағы докторлардың сапына қосылды. Кейін  Ергөбектің  

әдеби сын бағытындағы  зерттеулері өз алдына,«Егемен Қазақстан», «Қазақ 

әдебиеті»  және  басқа  да  газеттерде  жиі  жарияланған      мағыналы 

мақалаларын көргенде ұстаз шексіз риза болатын 

         Алла  адамның  бәрін  бірдей  етіп  жаратқан.  Аулада  үй  сыпырушыдан 

бастап  Президентке  дейінгі  адамдардың  барлығына  да    бір  жүрек,  бір  бас, 

екі  қол,  екі  аяқ,    екі  көз,  екі  құлақ,  бір  мұрын  берген.  Артық  ештеңе  жоқ 

ешкімде.  Бірақ    пенделердің  сезу,  көру,  есту,  сараптау  қабілеттерінде 

айырмашылықтар өте көп. Негізгі кейіпкеріміз Тұрсынбек Кәкішұлының тал 

бойындағы  тамаша  қасиеттерді    таңертеңнен  кештің  бір  уағына  дейін   

айтсақ  та  аз  болар  еді  -ау.    Тұрсекең  жас  кезінде  Ақмола  облыстық  қазақ 

театрында  актер  болып  та  қызмет  істеген.  Былайша  айтқанда  адамдардың 

ішкі жан дүниесіне негізделген ойларын ерте қалыптастырған. Кісі танудан 

қатыспаған.  Жақсыға  жолықса  бейне  көктемдей  көріктеніп,  жаздай 

жайдарыланып,  шуақтай  шырайланатын.  Бірдеңе  ұнамай  қалса  қабағы 

қатуланып,  екі  көзі  шарасынан  шыға  үлкейіңкіреп  көрініп,  бет  аузы 

құбылып, табанда теңеу сөздердің талайын табатын. Бет жүзге қарамайтын. 

Алла,  ата-баба  нұсқаған  жолдан  басқа  жаққа    бұрылмайтын.Соңғы 

жылдардың 

өзінде 

Т.Кәкішұлының 



үкімет, 

Президент 

саясатына 

байланысты батыл ойлардан тұратын бірнеше сұхбаты оппозициялық «Дат» 

газетінде жарық көрді және олар  халыққа өте ұнады.  

          Атақты  жанның  рухани  байлыққа  негізделген  өзекті  жәйлар  көкейін 

мазалаған  сәттегі  жан  айқайы  тіпті  бөлек.Әдебиет  әлемінің  бозторғайы 

тәрізді  тынымсыз  шырылдады.Ғалымдардың  ішінен  суырылып  шыққан 

бұқаралық-ақпарат  құралдарының  белсенді  авторларының  бірі  осы  кісі 

болса  керек.Газеттерді  алып  оқығанда  танымал  тұлғаның  сұхбат,мақаласы 

көзге 

түсті.Қазақ 



радиосын 

тыңдағаныңызда 

әдебиетші 

ретінде 


философиялық  ой  –түйіндерін  айтып,дамылсыз  сөйледі.  Теледидар 

арналарына  көз  тіксеңіз,белгілі  жанның  бейнесі  шықты.Тағы  да  салиқалы 

сөздерінен  сусындадық.Әйгілі,ғалым,әдебиетшіні  республикалық  ақындар 


айтысындағы 

әділ-қазылар 

алқасының 

құрамынан 

да 

сан 


мәрте  

көрдік.Төрелікті  турасынан  айтуымен  көзге  түсті.Қазақстанның  халық 

ақыны  Ә.Беркенованың  50-жылдық  мерейтойына  қатынасу  үшін  әдейі 

Қостанай  қаласына  келіп,ағалық  ниетін  білдіріп,ғалымдық  ғибратты  сөз 

айтқанын  қалай  ұмытайық.Тұрсекеңнің  айтыс,мерейтой  иесі  жайлы 

айшықты лебізі маңызды мәдени шараның ажарын ашып берді 

         Тұрсекең  қазақтың ежелгі әзіл қалжыңына да шебер еді. Ол арқылы сөз 

киелілігін,құдіретін көркем  көрсете білді. Біртуар Қаныш Сәтпаевтың күйеу 

баласы,  Қайнекейдің  туған  бажасы,  баяғы  дүрілдеген  ЦК-нің  білдей  бөлім 

меңгерушісі,  жоғары  партия  мектебінің  ректоры  болған  құрдасы  Оразай 

Батырбековпен  жиі  жүздескенді  тәуір  көретін.  Қысы-жазы    дәм  тұздары 

ортақ.  Неге  екені  белгісіз  Орекең  ғалымды  атымен  атамады.  Үнемі 

“Кәкішұлы, Кәкішұлы” деп жүретін. Екеуі дидарласса әңгіме Қазақстанның 

баяғы және қазіргі тынысы, туған тіл тағдыры, ұлттық әдебиет  пен өнердің 

өрісі  жөнінде  өрбіді.  Құрдастар  бірін-бірі  қағытып,  сөзді  ойнатып, 

құбылтқан  сайын  рухани  жағынан  байып,  кемелдене  түсті.  Тіпті  сол 

құрдастар  қалжыңы  азын-аулақ  сырқаттан  да  айықтырды.  Денсаулықтың 

қалыпты  сақталуына  кәдімгідей    көмегін  тигізді.Жалған  дүние-ай 

десеңші.Атағы  дардай  екі  құрдас  та  бірінен  соң  бірі  бақиға  аттанып 

кетті.Тәуба  дейтін  жәй  сол,екеуінің  де  егеменді  ел  алдындағы  асқақ 

абыройлары,қалтқысыз,қажырлы 

еңбектері,адамдық,қазақы 

қасиеттері 

қалың ел аузында. 

        Тұрсынбек  ағаның  ең  жоғары  атқарған  қызметі  КазМу-де  филология 

факультетін басқарған жылдары. Декандықтың өзі бұрын кез-келгеннің  

 қолына  түсе  бермейтін  жұмсақ  орындық.  Одан  әрі  ірі  лауазым,  көтеретін 



кран іздеп, шарқ ұрып әуреленбеді. Оның есесіне барлық тиянақты  еңбегін, 

ірі  ізденісін,  көлемді,көрнекті  шығармашылық  жұмысын  ғибраты  ғажайып 

ғылым  бағытына  бұрды.  Ешқашан  өсіріп,өкіртіп  өтірік  айтпады.  Жалған 

сөйлемеді.  Сол  үшін  кей    марапаттан    құр  қалған  кездері  де  бар.  Тіпті 

жұбайы,  белгілі  ғалым  Күләшті  қудалауды  да  жүзеге  асырды  кей 

жағымпаздар.  Ақиқат  үшін    алты  алаш  арыстарының  барлығы  да  белсенді 

күресті.  Тұрсекең  азабы,  ауырлығы,  қиналысы  көп  болса  да  сол  жолмен 

тайсақтамай,  тура  жүрді.  Қазір  адамды  астындағы  автокөлігіне,  тұратын 

пәтеріне, қолындағы ұялы телефонына, қалтасындағы теңге, долларына қарап 

бағалайтын  зияны  күшті  заман  туды.  Ал,  егер  кісіні  біліміне,  ақылына, 

зердесіне, көзқарасына, пайымына қарап  таразыласақ , Тұрсынбек Кәкішұлы 

баяғыда –ақ өз биігіне өрмелеп,  шарықтап  шығып  алды. Шындық  шыңынан 

шын қырандай шаңқылдады. 

        Атақты  ғалымның  аса  қарапайым,  адамдық  қасиетін    дәлелдейтін  бір 

көрініс  ойымнан  кетпейді.  Есіме  түсіп отырған  соң  айта  кетейін. Алматыда 

Абай атындағы  педагогикалық институтта көрнекті  ақын, қазақ поэзиясына 

оқиғалы  өлеңді  берік  орнықтырған  Қайнекей  Жармағанбетовтың  туғанына 

90  жыл  толуына  байланысты  халықаралық  конференция  өткізілді.  Атақты 

Серік  Қирабаев,  Тұрсынбек  Кәкішұлы  бастаған  бір  топ  ғалымдар,қаламгер 


көзін  көрген  ақын-жазушылар    қатынасып,  мінбе  арқылы    сүбелі  сөздерін 

айтты.Мен  де  зерттеуші  ретінде  лебіз  білдірдім.  Мәртебелі  мәжіліс 

аяқталған  соң  ұстазым,  ардақты  аға  Тұрсекеңді  үйіне  шығарып  салуға, 

сыртқа, көшеге  шықтым.  

       Аялдама  маңынан  такси  ұстамақ  ниетте  қолымды  жоғары  көтере  бастап 

едім, Тұрсекең бұл  әрекетімді құптамады. 

    -      Немене  қалтаңнан  ақшаң  шашылып  жатыр  ма?  Әлі  тың  екенімді  өзің 

көріп  тұрсың.  Таксиің  қажет  емес.  Ағылып  жатыр  ғой.  Автобуспен  –ақ  

барамын. Мен үйге жеткенше өзің көрген Күләш жеңгеңнің тәтті қуырдағы 

мен  қою  шайы  да  даяр  болып  қалар,  -  деді  күлімсіреп.  Қанша  айтсам  да  

көнбеді.  Доктордың  әмиянында  ақша  жоқ  дегенге  ешкім  сенбес. 

Қарапайымдылығы  тағы  бір  таңдандырды  мені.  Жалпы  Тұрсекең  қаржыға,  

дүниеге байланысты әңгіме қозғауды әмән ерсі санады. Оның есесіне ұлттық 

әдебиет туралы сөзді  көк байрақтай ұрандатып көтеруге бейім еді-ау. 

        Былай  қарасаң  Тұрсынбек  Кәкішұлын  сақтандырып,  сақтап,  қорғаштап 

жүрген арнайы медицина маманы болмады. Жұрт сияқты ауқаттанды. Жұрт 

сияқты  демалды.  Жұрт  сияқты  шақырылған  дастарқанға  барып,  ізгі  лебізін 

үнемі білдіреді. Азын - аулақ ыңқыл сыңқыл болмаса негізінен денсаулығы 

күшті болған. Ана жолы сәл сырқаттанып Алматы ауруханасында жатқанда 

Қостанайдан арнайы телефон соққаным бар. 

        -  Алатаудай  алып  Тұрсекеңнің  шамалы  ауруды  алып  ұрып  ,жерге 

құлатып,жеңе  алмауы  жұрттан  ұят  емес  пе  дедім.  Сөз  астарын  тереңнен 

түсінетін аға мәз болып күлді. 

         Әлі  есімде  Тұрсекеңнің  85  жылдығына  жұрт  жұмыла  кірісіп,мәре  сәре 

тойлады.Өзі  ұзақ  жыл  жемісті  жұмыс  істеген  КазГу-де  өткен  мәртебелі 

мәжілісті  кім  ұмытар.Сол  жиынға  Қостанайдан  танымал  тарихшы,доктор 

Аманжол  Күзембайұлы  екеуіміз  барып  біреуіміз  қара  сөзбен,екіншіміз 

өлеңмен  мерейтой иесін ізгі ниеттен  құттықтадық.Менің өлеңімде  мынадай 

жолдар болатын: 

 

Кей кезде жақын, жуық жүр өкпелеп, 



Тұманды  тұс жағыңа түнетпе деп, 

Айқайлап айту үшін ақиқатты 

Алдымен қызыл тіл емес, жүрек керек. 

 

Келісті кезіксе кенет жүдедім бе, 



Кескіні кең пейілде, гүл өңінде, 

Әртіс болып көргенмен Ақмолада 

Әртіс болып көрмеген бұл өмірде. 

 

Жалғанда ғалымдардан жоқ ғұламам, 



Тұтатып өзі берген отты маған, 

Ғылымның теңізі боп тербетілген 

Ойға шомған ормандай доктор ағам. 

 


Қойшыдай  қомақты ойын қырда баққан

Тек өзі тентек өзен тулап аққан, 

Коммунизмнен күдерін кілт үзген соң 

Кереизмге томпаңдап тура тартқан. 

 

Тамаша өмір тамырын рас көргем, 



Жақындассам жайсаңға құлаш кергем, 

Гүлден сұлулық алғандай жұпар шашып 

Күннен шуақ алғандай Күләш жеңгем. 

 

Адасып ләйлімеген заты сыны, 



Аңды аңдыған адамдай атысы ірі, 

Тас лақтырсаң тасадан тие қоймас 

Тас тұғырда  кәдімгі Кәкішұлы. 

                

           Тіршілікте    тірі  пендені  жоғалтып  алудан  артық  қасірет,қайғы  бар 

ма?Алматы  жақтан,Алатау  баурайынан  суық  хабар  сумаңдап  жетті.Қойын 

қоншымды аралады.Қалтырадым,тоңдым.Амал,шара жоқ.Баршамызға ыстық 

жан,ұлағатты 

ұстаз,әйгілі 

ғалым 


Тұрсынбек 

Кәкішұлынан 

біржола 

айырылыппыз.Өзектегі  өртті,өкінішті  сөзбен  жеткізу  мүмкін  емес.  Сол 

күндері  қан  қысымым  қатты  көтеріліп,сырқаттанып  қалғандықтан,қаралы 

жиынға  бара  алмадым.Үлкен  ғалым,адал  жар,қолынан  талай  дәм  татқан 

қазақы  ару  Күләш  жеңгенің  қайғысына  ортақтасып,көңіл  айтып  жедел  хат 

жібердім.Және,және  жазу  столыма  отыра  қап  жаны  жайсаң  әйгілі  ғалым 

Тұрсынбек 

Кәкішұлының 

жарқын 

дидарын 


елестетіп,өлең 

жазуға 


бекіндім.Тұғыры  биік  Тұрсекеңнің  екінші  рухани  ғұмырын  зерттейтіндер 

қатары  қалыңдай  түссін  деген  игі  ниетпен,әлгі  өлеңді  оқырман  назарына 

ұсынуды  жөн  көрдім.Қолдан  келсе  қайраткер,зиялы,талантты  жандардан  

айырылып қалмауға тырысайық,сақтанып жүрейікші ағайын. 

 

Ауыссам айшықты сөз расына



Қуанғам құйттайымнан құлашына, 

Не дейін опырылып тұрған отбасына 

Не дейін көз жасы –көл Күләшына 

 

Тұлғасыз тура көкке самғамаспын, 



Қазақы қасиеті қанда тасқын, 

Алтынды кенішінде туған перзент 

Алтыны шынында да алты алаштың 

 

Көрмейді көтерілген қыранды кім, 



Тұсында жүргенін-ай тұманды күн, 

Шыбықтан шын орман боп шыға келген 

Көлемді,көрнекті ұлы Бұландының 

 


Біреуді тектен текке кінәлап па, 

Жаны-жайлау,жақсыға,жұрағатқа, 

Таңсәріден тартатын тарлан еді-ау 

Мұндалап тұратұғын мұрағатқа 

 

Деректі,керекті фильм бәрі маған, 



Жоқ тіпті тірі пенде танымаған

Профессор боп парасатты ғұмыр кешіп 

Академиктей алшаңдады ғалым ағам 

 

Көркем сөз көз алдымда гүлдеткені, 



Жасымнан жетеледі жүр деп мені, 

Жапырақ кезден жайпаған жалғандықты 

Шындықтың мәрмәр тасты бір мектебі 

 

Қайғыда қай қазағың күрсінбеді, 



Зерделі,зиялы ғой кіл шың тегі, 

Тұрады том-том кітап тек жүректе 

Тұрмаса да орнынан Тұрсынбегі 

 

Тажал-ажал талантты таңдады ұдай



Таразылар барлығын бар ма құдай, 

Сары сандығын күзетіп Сәкендердің 

Сары сандыққа айналған саңылағым-ай 

 

“Қазақ әдебиеті” газеті,2015 желтоқсан айы 



Нағашыбай Мұқатов  

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  

ақын, филология ғылымдарының кандидаты 

Қостанай қаласы 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал