Оспанова гаухар қанабекқызы



жүктеу 491.52 Kb.

бет1/5
Дата22.04.2017
өлшемі491.52 Kb.
  1   2   3   4   5

ОƏК 613.955:616-053. 5-056.22                                         Қолжазба құқығында 

 

 



 

 

 



 

 

 



ОСПАНОВА ГАУХАР ҚАНАБЕКҚЫЗЫ 

 

 

 

 

Əртүрлі мектептік орта білім беру орындарындағы оқушылардың 

денсаулығының қалыптасуына əсер ететін қауіптілік факторларына 

кешенді гигиеналық баға беру 

 

 

 



14.00.07- Гигиена 

 

 



 

 

медицина ғылымдарының докторы  



дəрежесін алу үшін жасалған диссертациялық жұмыстың 

 

Авторефераты 

 

 

 

                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



Қазақстан Республикасы 

Алматы, 2009 

 


 

2

Жұмыс Алматы Дəрігерлер Білімін Жетілдіру Институтында орындалды 



 

Ғылыми кеңесшілері:                 медицина ғылымдарының докторы, 

                                                      профессор Алдашев А.А. 

 

                                                       медицина ғылымдарының докторы, 



                                                       профессор Неменко Б.А. 

 

 



 

Ресми оппоненттері:                     медицина ғылымдарының докторы, 

                                                        профессор Тоғызбаева Қ.Қ. 

 

                                                        медицина ғылымдарының докторы, 



                                                        профессор Жарқынов Е.Ж. 

 

                                                        медицина ғылымдарының докторы, 



                                                        Нəжметдинова А.Ш. 

 

Жетекші мекеме:                          Қарағанды Мемлекеттік  



                                                       Медицина Академиясы                       

 

 



 

Диссертацияны қорғау 2009ж. «        »                        сағат            Қазақ 

тағамтану  академиясының  БД.53.28.01.  Бірлескен  диссертациялық  кеңесінің 

кезекті  мəжілісінде  өтеді.  Мекен-жайы: 050008, Алматы  қаласы,  Клочков 

көшесі, 66 үй. 

 

 



 

Диссертациямен Қазақ тағамтану академиясының кітапханасында танысуға 

болады. 

Автореферат «     »                    2009ж. таратылды. 

 

 

 



 

 

 



Біріккен диссертациялық  

Кеңестің ғылыми хатшысы,  

биология ғылымдарының докторы:                                         Ф.Е. Оспанова 

 

КІРІСПЕ 


 

3

 



Мемлекеттің  экономикалық  өсуі  өздігінен  халықтың  салауаттығына 

кепілдік  бере  алмайды.  Біз  өз  қоғамымызды  құру  барысында  бірінші  кезекте  

халықтың денсаулығының дұрыс болуына, оларды қоршаған ортаның зиянсыз 

жəне  адамзат  денсаулығына  пайдалы  болуына  барлық  күш-жігерімізді 

салуымыз керек (Назарбаев Н.Ə.,1997).  

Балалар  денсаулығы – жан  ұя,  қоғам,  ұлт  денсаулығының  негізі, 

мемлекеттің  əлеуметтік-экономикалық  дамуының  маңызды  көрсеткіші  болып 

табылады. Қазақстан бойынша балалар аурулары, мүгедектігі мен балалар өлімі 

ерекше  көңіл  бөлуді  қажет  ететін  негізгі  өзекті  мəселелердің  біріне  жатады 

(Шарманов Т.Ш., 1996).  

Қазіргі  заманғы  гигиена  саласының  ең  өзекті  мəселелерінің  бірі  адамзат 

патологиясы  дамуының  (жеке  бас,  популяциялық  деңгейде)  қауіптілік 

факторларын  анықтап,  оған  сандық  баға  беру  болып  табылады.  Қауіптілік 

факторларына - адам  организмінде  қолайсыз  (зиянды)  реакциялар  дамуына 

мүмкіндік туғызатын ішкі жəне сыртқы ортаның туа біткен немесе жүре пайда 

болған  ерекшеліктері  жатады  (Онищенко  Г.Г.,2002, Campbell T.C, 1990, 

Бисмильдин Ф.Б. 2002., Суржиков Н.Н., 1994). 

Балалар  организмі  ересектерге  қарағанда  өсіп,  даму  үрдісі  аяқталмаған, 

үнемі  даму  үстінде  болатындықтан,  қауіптілік  факторларына  ерекше  бейім 

келеді.  Сондықтан  балалар  əлемі  қоршаған  ортаның  қолайсыз  факторлары 

бірінші  кезекте  əсер  ететін,  адамдар  арасындағы  ең  көп  тараған  қауіптілік 

тобын  құрайды  (Муминов  Т.А.,  Неменко  Б.А., 2005, Ормантаев  Н.С., 2007, 

Сердюковская Г.Н., Сухарев Л.М., Воронова Б.З. 1990, Құлқыбаев Ғ.А., 2006,. 

Frank O.  1990).  

Ғылыми  басылымдарда  бұл  мəселеге  өте  көптеген  зерттеу  жұмыстары 

арналғанымен,  мұндай  ғылыми  ізденістердің  көбі  бір  бағытқа,  яғни,  қолайсыз 

экологиялық  жағдайларға,  əсіресе  оның  ішінде  атмосфералық  ауаның  ластану 

жағдайына  байланысты  болып  келетін  балалар  организмінде  болып  жатқан 

қолайсыз əсерлерді ғана анықтауға бағытталған (Кучма В.В.,2002, Травин Ю.Г., 

Карапетян Г.М., Авенисян Г.М. 1990, Denny Clyde W. A., 1990, Сердюковская 

Г.Н., 1981, Гильденскиольд  С.Р.,  Кучма  В.Р., 1996, Шарманов  Т.Ш. 1994, 

Мажитова  З.Х.,1996,  Турлыбеков  Ж.  Т.,  Торгаутов  Б.  К.1992,  Нечаева  Р.В., 

Калугина В.И. 1996)  

Біздің  елімізде    эксперименттік  бағдарламадағы  мектептердің  оқу 

жүктемесінің  балалар  организміне  тигізетін  əсерін  зерттеуге  жүргізілген 

жұмыстарда  оқу  жүктемесі  мен  оқушылар  денсаулығы  жағдайының  арасында 

тікелей  бағыныштылық  анықталған  (Кабиева, 2000, Приз  В.Н.2004),  бұл 

жұмыстарда  да  оқу  жүктемесінен  басқа,  көптеген  факторлардың  əсер  ету 

көлемі ескерілмеген.  

1995  жылы  Антонова  Л.Т.  жəне  Сердюковская  Г.Н.  балалар  мен 

жасөспірімдерге  профилактикалық  шаралар  жүргізуде  пайдалануға  арналған 

нозология  алдындағы  диагностиканың  үлгісін  жасаған.  Бұл  үлгінің  əдеттегі 5 

денсаулық  тобынан  айырмашылығы,  бірінші  денсаулық  тобы  екі  топшаға 

бөлінеді: қауіптілік факторлары бар жəне қауіптілік факторлары жоқ топшалар. 



 

4

Біздің  бақылауымыз  қауіптілік  факторлары  жоқ  балалар  гипотетикалық 



жағдайда  ғана  болатыны,  табиғатта  ондай  топ  болуы  мүмкін  емес  екенін 

байқатады.  

Осы  аталған  мəселелер,  еліміздің  ертеңгі  болашағы,  өсіп  келе  жатқан 

ұрпақтар негізінен ұзақ жылдар бойы ұйымдастырылған ұжым - мектептік білім 

беру орындарында болатындықтан, қазіргі кездегі өзгермелі əлеуметтік, саяси-

экономикалық  жағдайда  жүргізіліп  жатқан  мектептік  реформалар  мен 

мектептік  оқу  орындарындағы  түбегейлі  өзгерістерге  байланысты  табиғаты 

əртүрлі  жаңадан  пайда  болып  жатқан  көптеген  факторлардың  əсеріне  тұрақты 

түрде кездесуде.  

Сондықтан,  біздің  еліміздегі  əртүрлі  мектептік  білім  беру  орындарында 

білім  алып  жатқан  əртүрлі  жастағы  мектеп  оқушыларының  санитарлық 

эпидемиологиялық  салауаттылық  жағдайын  анықтап,  салыстырмалы  түрде 

кешенді  гигиеналық  баға  беру  қажеттілігі  өте  өзекті  заманауи  мəселе  болып 

табылады.  

Алматы  қаласы  еліміздегі  білім  беру  жəне  мəдениет  орталығы  болып 

табылатын  ең  ірі  мегаполис.  Сондықтан  метептік  білім  беру  орындарының 

барлық  түрі  Алматы  қаласында  шоғырланған  жəне  жаңадан  пайда  болып 

жатқан  заманауи  қауіптілік  факторларының  əсерін  осы  қала  аймағында 

салыстырмалы түрде бақылауға мүмкіндік мол болағандықтан, жұмыс Алматы 

қаласының  ауа  ластануы  бойынша  əртүрлі  аймағында  орналасқан,  əртүрлі 

бағыттағы мектептік білім беру орындарында жүргізілді. 

 

Зерттеу жұмысының мақсаты 

 

Алматы  қаласының  əртүрлі  мектептік  орта  білім  беру  орындарында 



(жалпы білім беру мектептері, гимназиялар, лицейлер, жеке меншік мектептер) 

оқитын  оқушылардың  организміне  əсер  ететін  факторлар  кешенін  терең 

зерттеп,  ондағы  приоритетті  қауіптілік  факторларды  анықтау  арқылы  білім 

беру  орындарының  санитарлық-эпидемиологиялық  салауаттығын  жақсартуға, 

мектеп  оқушыларының  денсаулығын  нығайтып,  қызмет  қабілетін  арттыруға 

арналған ғылыми негізделген гигиеналық шаралар өңдеу. 

Көрсетілген  мақсатқа  жету  үшін  төмендегі  міндеттерді  орындау 

жоспарланды: 

1.  Мектеп  оқушыларының  организмінің  қалыптасуына  экологиялық 

факторлардың тигізетін əсерін анықтау; 

2.  Мектеп  оқушыларының  организмінің  қалыптасуына  əсер  ететін 

əлеуметтік, генеологиялық, биологиялық факторлардың əсерін  анықтау; 

3.  Əртүрлі  мектептік  білім  беру  орындарында  санитарлық  нормалар  мен 

ережелердің  оқу  үрдісінің  қойылымы  туралы  талаптарының  орындалуына 

салыстырмалы түрде гигиеналық баға беру;  Əртүрлі бағыттағы мектептік білім 

беру  орындарындағы  оқушылар  организмінің  қызмет  қабілетін  анықтау 

арқылы, оқу үрдісінің қойылымына салыстырмалы түрде гигиеналық баға беру;  

4.  Денешынықтыру  сабағының  қойылымына  салыстырмалы  түрде  

гигиеналық баға беру;  


 

5

5.  Мектеп  оқушыларының  денсаулығына  салыстырмалы  түрде  кешенді  



баға беру; 

6.  Зерттеуге алынған мектеп оқушыларының дене бітімі дамуы жағдайына 

салыстырмалы түрде баға беру; 

7.  Мектептік  білім  беру  орындарындағы  медициналық  қызметтің 

қойылымына салыстырмалы түрде гигиеналық баға беру; 

8.  Əртүрлі  мектептік  білім  беру  орындарының  (гимназиялар,  лицейлер, 

жалпы  білім  беру  жəне  жеке  меншіктегі  мектептер)  санитарлық-

эпидемиологиялық салауаттығына салыстырмалы гигиеналық баға беру; 

9.  Математикалық  көптік  регрессия  теңдеуі  бойынша  қауіптілік 

факторлары  мен  мектеп  оқушылары  денсаулығының  арасындағы  себеп-

салдарлық 

байланыстардан 

мектеп 

оқушыларының 



денсаулығын 

қалыптастыратын  приоритетті  қауіптілік  факторларды  анықтап,  ғылыми 

негізделген практикалық шаралар өңдеу. 

 

Жұмыстың ғылыми жаңалығы 

1.  Алғаш  рет  əртүрлі  мектептік  білім  беру  орындарындағы  оқушылардың 

денсаулығының  қалыптасуына  əсер  ететін  экологиялық,  əлеуметтік, 

генеологиялық  факторлар  кешенінің  арасынан,  негізгі  қауіптілік  факторларын 

анықтау арқылы, оларға салыстырмалы түрде кешенді гигиеналық баға берілді.  

2.  Мектептік  білім  беру  орындарының  оқу  үрдісінің  қойылымы, 

оқушылардың  функционалдық  мүмкіндігі  мен  жалпы  денсаулық  жағдайына 

байланысты салыстырмалы түрде зерттеліп, алғаш рет əртүрлі мектептік білім 

беру  орындарының  оқу  үрдісінің  қойылымына  салыстырмалы  түрде 

гигиеналық баға берілді. 

3.  Əртүрлі  бағыттағы  мектептік  білім  беру  орындарындағы  дене 

шынықтыру  тəрбиесінің  қойылымына  салыстырмалы  түрде  гигиеналық  баға 

берілді. 

4.  Мектеп  оқушыларының  денсаулық  жағдайына  салыстырмалы  түрде 

зерттеу жүргізіліп, кешенді баға берілді.  

5. 


Əртүрлі  мектептік  оқу  орындарының  оқушыларының  санитарлық- 

эпидемиологиялық  салауаттығының  маңызды  критерийлері  таңдалып  алынып, 

математикалық  өңдеу  жолдарын  пайдалану  нəтижесінде,  Алматы  қаласы 

əртүрлі  бағыттағы  мектеп  оқушыларының  санитарлық-эпидемиологиялық 

салауаттылығына  нақты  сандық  көрсеткіш  арқылы  салыстырмалы  түрде 

гигиеналық баға берілді. 

 

6.  Математикалық  көптік  регрессия  теңдеуін  құру  арқылы  алынған 



қауіптілік  факторлары  мен  мектеп  оқушылары  денсаулығының  арасындағы 

себеп-салдарлық  байланыстар  нəтижесі  бойынша  мектеп  оқушыларының 

денсаулығын 

қалыптастырудағы 

приоритетті 

қауіптілік 

факторлары 

анықталды.  

 

Жұмыстың теориялық маңызы 

Қоршаған ортаның мектеп оқушылары организміне тигізетін экологиялық 

əсері  жалпы  əлеуметтік  жəне  мектеп  ішілік  факторлардың  əсерін 


 

6

тереңдететіндіктен  басқа  факторлармен  тығыз  байланыста  қарастырылуы 



қажеттігі анықталды. 

Мектептік 

білім 

беру 


орындарындағы 

мектеп 


оқушыларының 

денсаулығының  қалыптасуына  əсер  етуші  факторлар  кешеніне  математикалық 

жолдарды  пайдалану  жəне  ойша  болжам  жасау  арқылы  жүргізіліген  зерттеу 

нəтижесінде, нақты приоритетті қауіптілік факторлар анықталды.  

Əртүрлі  мектептік  білім  беру  орындарындағы  қауіптілік  факторларын 

анықтауға  арналған  зерттеу  жұмысының  нəтижесінен  алынған  мəліметтерді  

мектеп 

оқушыларының 



денсаулығын 

нығайтуға, 

санитарлық-

эпидемиологиялық  салауаттығын  жақсартуға  арналған  шаралар  жүргізуде 

пайдалануға болатындығы туралы дəлелді түрде ұсыныстар берілді. 

Математикалық  себеп-салдарлық  байланыстың  нəтижесін,  санитарлық–

эпидемиологиялық  салауаттық  критерийлерін  жəне  əртүрлі  мектептік  білім 

беру 


орындарының 

санитарлық-эпидемиологиялық 

салауаттылығының 

салыстырмалы  сандық  көрсеткішін  болашақта  емдеу  салауаттандыру 

шараларын  жоспарлауда,  жүргізуде  ғылыми  негізделген  мəлімет  көзі  ретінде 

пайдалануға болады. 



 

Жұмыстың практикалық маңызы 

Зерттеу жұмысының нəтижесінде алынған санитарлық–эпидемиологиялық 

салауаттықтың  сандық  көрсеткіштері  мен  себеп-салдарлық  байланысты 

анықтау негізінде алынған приоритетті қауіптілік факторлардың нақты сандық 

көрсеткіштері,  мектеп  оқушыларының  денсаулығын  жақсартуға,  ауру 

дамуының  алдын  алуға  арналып,  даярланған 1 оқулық, 2 əдістемелік  нұсқау 

жəне 3 əдістемелік  ұсыныстарды  өңдеуде  пайдаланылды.  Аталған  еңбектерді 

Республикалық,  Алматы  қалалық  санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау 

орындарының  практикалық  саласына,  сонымен  қатар,  орта  жəне  жоғары 

медициналық  білім  беру  орындарының  сəйкес  кафедраларына  дəріс  беру  мен 

машықтандыру сабақтарын өткізуде қолдануға енгізілді. Олар:  

1.  Методические  указания  по  оценке  степени    риска  воздействия 

химического  загрязнения  окружающей  среды  на  здоровье  населения. 

Методическое указание, Алматы.-2003.-7б. 

2. Использование  скрининг-тестов  для  установления  должной  жизненной 

емкости  легких  школьников  города  Алматы.  Методические  рекомендации. 

Астана.- 2005. – 8 б. 

3. Санитарлық-эпидемиологиялық  қызметтің  іс  əрекетін  жетілдіру  (қазақ 

жəне орыс тілінде). Əдістемелік ұсыныс. – 2007. – 27б.   

4. Халықтың 

санитарлық-эпидемиологиялық 

салауаттылығының 

көрсеткіші (қазақ жəне орыс тілінде). Əдістемелік ұсыныс. – 2008. – 37 б.   

5. Методические  указания  по  оценке  риска  для  здоровья  населения 

химических факторов окружающей среды. – Алматы, 2007.- 14 б. 

6. Гигиена детей и подростков. Учебник. – Алматы, 2007. – 344с. 



 

 

 

 

7

 



Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар 

1.  Алматы  қаласының  қоршаған  ортасы  ластану  деңгейінің  əртүрлі 

бөлігінде  орналасқан    мектептік  білім  беру  орындарындағы  мектеп 

оқушыларының  денсаулығының  қалыптасуына  əсер  ететін  факторлар  кешені 

əртүрлі.  

2.  Жаңа  үлгідегі  мектептік  білім  беру  орындарындағы  (гимназия,  лицей, 

жеке  мектептер)  мектеп  ішілік  қауіптілік  факторларының  əсері  жалпы  білім 

беру мектептеріне қарағанда жоғарырақ. 

3.  Əртүрлі  мектептік  білім  беру  орындарының  өзіне  тəн  ерекшелігін, 

оқушылардың  жас  кезеңдерін  ескере  отырып  санитарлық-эпидемиологиялық 

салауаттығына  нақты  баға  беру,  себеп-салдарлық  байланыстан  алынған 

қауіптілік  факторларының  приоритеттілігін  ескеру  арқылы    нақты  алдын  алу 

шараларын қолдану керек.  

4.  Өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулық жағдайы мектептік білім беру 

орындарындағы медициналық қызмет көлемінің сапасына тығыз байланысты.  

 

Жұмыстың апробациясы 

Жұмыстың  негізгі  нəтижелері: «Проблемы  биоэтики  в  здравоохранении 

ХХІ века» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда  2005 жыл, 

«Актуальные  вопросы 12-летнего  обучения  в  обшеобразовательных 

учреждениях»  атты  Республикалық  семинарда 2006ж, «Современные  аспекты 

общественного  здоровья  и  здравоохранения»  атты  халықаралық  ғылыми-

практикалық  конференцияда 2006, «Методологические  и  методические 

проблемы  изучения  донозологического  статуса  в  экстремальных  условиях» 

атты  халықаралық  ғылыми  конференцияда,  Санкт-Петербург, 2008, «Теория  и 

практика  физической  культуры  и  спорта»  атты  халықаралық  ғылыми-

практикалық  конференцияда,  Алматы, 2008, «Отбасы  жəне  репродуктивті 

денсаулық»  атты  облыстық  ғылыми-тəжірибелік  конференцияда,  Қарағанды, 

2008,  Алматы  Мемлекеттік  дəрігерлер  білімін  жетілдіру  институтының 

проблемалық  коммиссиясының 19. 06. 2008. № 5 мəжілісінде, «Тағамтану 

академиясы»  ЖАҚ  бірлескен  апробациялық  кеңесінің  мəжілісінде 03.12.2008 

№13 талқыланды. 

 

Жарияланды  

Диссертация жұмысының материалдары 41 жұмыс баспадан шықты: оның 

30

 



мақала, 5 қысқаша

 

тезис  түрінде  ғылыми  ақпарат  көздерінде  жарияланды. 



Сонымен  қатар,  жұмыстың  нəтижелері  практикалық  сала  мен  ғылыми-ағарту 

жұмыстарына арналған 2 əдістемелік нұсқау, 3 əдістемелік ұсыныстарға жəне  1 

оқулыққа енгізілді. 

 

Зерттеу жұмысындағы автордың еңбегі 



 Материалдарды  жинау,  статистикалық  өңдеу,  алынған  мəліметтерді 

сараптау,  оларды  талқылау,  қорытындылау,  практикалық  сала  мен    ғылыми-

ағарту  жұмыстарына  арналған 2 əдістемелік  нұсқау, 3 əдістемелік  ұсыныстар 


 

8

мен 1 оқулыққа  енгізілген  материалдарды  даярлау,  толығымен  автордың  өз 



еңбегіне жатады 

  

Диссертацияның ғылыми жұмыстармен байланысы 

Диссертант 1994 жылдан  бері  ғылыми-ағартушылық  еңбекпен  айналысып 

келеді: 


 С.Ж.  Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ  қабырғасында 1999 жылы 

аяқталған  «Выявление  факторов  риска  для  детского  населения  г.  Алматы  в 

условиях  загрязнения  окружающей  среды» (Мемлекеттік  тіркеу  №  Р0100  ҚР 

00223) атты бағдарламаны орындауға қатысып, жұмыстың үш бөлімін (1,0; 3,2 

жəне 3,5) өз жауапкершілігінде аяқтаған. (1998-1999жж ҚазҰМУ есеп беруі). 

Денсаулық  сақтау,  медицина  жəне  экономикалық  проблемалар  ғылыми 

орталығының  негізгі  жоспарына  кірген, 2004-2006 жылдары  жүргізілген 

«Разработка  концепции  по  обеспечению  санитарно-эпидемиологического 

благополучия  населения  и  научно  основанных  принципов  взаимоотношений 

между  управлениями  госсанэпиднадзора  и  центрами  санэпидэкспертизы» 

(Мемлекеттік  тіркеу  № 0104РК00095)  атты  ғылыми  зерттеу  жұмысы  

диссертанттың басшылығымен орындалып, аяқталған. (НирОКиР 2008. І) 

Диссертация  мəліметтері  осы  жылдар  аралығында,  жəне  кейінгі 

жылдардағы жаңа мəліметтерді қосу арқылы үзіліссіз жиналып, өңделген. 



 

Жұмыстың мазмұны 

 

Материалдар мен зерттеу тəсілдері  

Зерттеу  жұмысы  Қазақстанның  Оңтүстік  астанасы,  еліміздегі  ең  ірі  қала, 

яғни төрт жүз мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер тұратын, мектептік білім 

беру  орындарына  жаңа  оқу  үрдісі  жан-жақты  кеңінен  енгізіліп  жатқан 

мегаполис Алматы қаласында жүргізілді.  

Жұмыстың  негізгі  мақсаты  мен  міндеттеріне  сəйкес  зерттеу  нысандары 

ретінде гидрометеоқызмет мəліметтері, атмосфералық ауаға жүргізілген өзіндік 

зерттеу  мəліметтері,  қаланың  шартты  түрде  бөлінген  «лас»  жəне  «таза» 

аудандарында  орналасқан  əртүрлі  мектептік  орта  білім  беру  оқу  орындары 

жəне  соларда  оқып  жатқан  əртүрлі  жастардағы (9-15 жас)  оқушылардың 

денсаулық жағдайы туралы 4 жылдық мəліметтер жəне денсаулыққа əсер етуші 

негізгі  əлеуметтік-экономикалық,  биологиялық  факторларды  анықтауға 

арналып құрастырылған сұрақнама мəліметтері алынды. 

Алматы  қаласы  бойынша 8 орта  білім  беру  мектебі, 9 гимназия, 2 лицей 

жəне 2 жеке  мектеп,  барлығы  əртүрлі  бағыттағы 21 мектептік  орта  білім  беру 

мекемелері зерттелді.  

Зерттеу 

нысандарын 

таңдап 

алуда 


сандық 

жəне 


сапалық 

репрезентативтілікті ескере отырып, математикалық көп сандар заңы бойынша 

іріктеп  алу  тəсілі  (жалпы  жинақтан  қажетті  мөлшерді  іріктеп  алу), 

монографиялық тəсіл, типологиялық тəсіл (іріктеуді аудандастыру тəсілі) жəне 

когорталық  (жалпы  жинақтан  маңызды  белгілерді  таңдау)  тəсілдер 

пайдаланылды.  



 

9

Сондай-ақ  зерттеу  жұмысын  жүргізуде  кеңінен  қолданылып  жүрген 



ақпараттық-аналитикалық 

зерттеу 


тəсілдері, 

əлеуметтік-гигиеналық, 

санитарлық-гигиеналық,  статистикалық  зерттеу  тəсілдері,  математикалық 

модельдеу  тəсілдері,  антропометрлік  өлшемдер  жүргізу  жəне  функционалдық 

мүмкіндікті анықтауға арналған таңдамалы тəсілдер пайдаланылды (1 кесте). 

 

 



Кесте 1 - Жұмыс көлемінде пайдаланылған материалдар мен тəсілдер  

 

Зерттеуге 

алынған 

нысандар  

 

Зерттелді 



 

 

көлемі 



 

Пайдаланылған 

тəсілдер 

1 2 


Қоршаған  орта 



ластануының 

əсері  


Əртүрлі 

жастардағы  

мектеп 

оқушылары



 

1.  Казгидромет.  мəліметтері,

 

өзіндік 


зерттеу мəліметтері  

 

2.  Салыстырмалы мүмкіндік (relative 



risk)  (СМ) көрсеткіші  

3. Патология көрсеткіші мен  қауіптілік 

факторының    арасындағы  байланыс 

күші  


4.  Организмнің бейімделу мүмкіндігі  

15 


жастағы 

қыз 


 

балалардың 

көрсеткіштері  (ЖСЖ,  АҚҚ,  ДҚҚ,  ДС, 

БҰ) 


5. Денсаулық жағдайы 

6 Дене бітімінің дамуы  




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал