Оспанова ф. Е



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/13
Дата23.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ТƏЖІБАЕВ Ш.С.  
ОСПАНОВА Ф.Е.  
ЕРҒАЛИЕВА А.А. 
САРСЕМБАЕВА А.П. 
 
 
 
Оқушылардағы анемияның,  
йодтапшылықтың жəне   
витаминдер жетіспеушілігінің 
алдын алу туралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АСТАНА-АЛМАТЫ-2008 

 
2
 
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі 
Балалардың құқұқтарын қорғау  комитеті 
 Профилактикалық медицина академиясы  
Қазақ тағамтану академиясы  
 
 
ТƏЖІБАЕВ Ш.С. 
ОСПАНОВА Ф.Е. 
ЕРҒАЛИЕВА А.А. 
САРСЕМБАЕВА А.П. 
 
 
 
Оқушылардағы анемияның, 
йодтапшылықтың жəне 
витаминдер жетіспеушілігінің алдын 
алу туралы 
 
 
 
 
 
 
«МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУ» СЕРИЯСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АСТАНА-АЛМАТЫ-2008 

 
3
 
Мазмұны 
 
  
 
Бет 
 
Алғыстар  

 
Кіріспе 5 
1-БӨЛІМ 
Темір жетіспеушілік анемиясы 8 
2-БӨЛІМ 
Йодтапшылық аурулары 33 
3-БӨЛІМ 
Витаминдер жəне гиповитаминоздар 63 
 
А витамині 70 
 
Д витамині  
85 
 
Е витамині 90 
 
К  витамині  
95 
 
С витамині 99 
 
В
1
 витамині 105 
 
В
2
 витамині  
109 
 
В
6
 витамині 114 
 
В
12
 витамині 119 
 
Фолий қышқылы 124 
 
РР витамині 129 
 
Пантотен қышқылы 134 
 
Биотин 137 
 

 
4
 
АЛҒЫСТАР 
 
Кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысымен дайындалып 
басылған. Комитет төрағасы Ж.К.Жөкеновке жəне Комитет Төрағасының 
орынбасары Шер Р.П., Комитеттің Балалар құқықтарын қорғау 
басқармасының бастығы Г.А. Саймасаеваға жəне бас сарапшы 
Л.Дауылбаеваға кітапты дайындап басып шығару процесстеріне көрсеткен 
кеңестік, ұйымдастырушылық жəне техникалық көмектеріне алғысымызды 
білдіреміз. 
 
 

 
5
 
Балалар мен жасөспірімдер, 
жүкті жəне емізулі əйелдер 
микронутриенттер 
жетіспеушілігі дамуы 
бойынша осал топқа жатады, 
өйткені оларда:  
 
микронутриенттерге 
қажеттілік жоғары; 
 
микронутриенттер 
жетіспеушілігі жылдам 
дамиды жəне кеңінен 
таралған.
Кіріспе 
 
 
Витаминдер жəне микроэлементтерсіз организмнің қалыпты өмір 
сүруі мүмкін емес. Олар адам организмінде түрлі биохимиялық 
реакцияларға қатысады. Аса маңызды микроэлементтер мен 
витаминдердің арзымайтын өте аз мөлшерінің тұрақты түрде 
жетіспеушілігі іс жүзінде  адамдардың түрлі ауруларының пайда болуына 
себепкер болады жəне олардың ағымын ауырлатады, физикалық жəне 
ақыл-ой дамуының кемістіктерін қоздырады, ақырында бүкіл бір ұлттың  
денсаулық деңгейін жəне өмір сүру мүмкіндігін бірден төмендететініне 
сену қиын болғанымен, бұл - ақиқат. Осы себептермен, əсіресе дамушы 
елдермен жəне экономикасында өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған, 
мемлекеттерде тамақтануды жақсартуға арналған шараларға 
микронутриенттер (витаминдер мен микроэлементтер) жетіспеушілігінің 
алдын алу міндеті енуі керек.  
Бұл, əсіресе тамақтану 
жетіспеушілігі ақыл-ой жəне 
физикалық дамуларында қалпына 
қайта келмейтін бұзылыстарға 
соқтыратын балалар мен 
жасөспірімдер үшін маңызды. Бұл 
жүкті жəне емізулі əйелдер үшін де 
маңызды, өйткені оларда да балалар 
сияқты микронутриенттерге 
мұқтаждық жоғары, сондықтан 
болар оларда жетіспеушілік кеңінен 
таралған. Сонымен қатар аналардың 
тамағындағы жетіспеушіліктер - 
олардың балаларының тамақтануы 
жағдаятына əсер етеді.  
 Тамақтанудың бұзылуын тек қана тамақтану жетіспеушілігімен  
байланыстыру стереотипі, яғни аштықтың салдары деп санау 
айғақталынбаған мəселе. Қазіргі таңда əлем адамның физикалық жəне 
интеллектуалдық денсаулығына қауіп туғызатын ең басты проблеманың 
«жасырын аштық» екенін мойындады. Бұл ұғымға рационда витаминдер 
мен микроэлементтердің созылмалы жетіспеушілігін жатқызады. Біз осы 

 
6
 
күнге шейін «жасырын аштықтың» шын мəніндегі құнын білмейміз. Бұл 
аштық айқын аштық сияқты қауіпті. Жəне де ол балалардың, 
жасөспірімдердің, емізулі аналар мен жүкті əйелдердің, қарттардың 
денсаулығында əсері өте жіті байқалады. 
 
Тағамдық микронутриенттер 
 
Микронутриенттер (грекше «микрос» – кішкентай; ағылшынша 
«нутриент» – тағамдық зат) – бұл организмге өте аз мөлшерде қажетті 
витаминдер жəне минералдық заттар. Адамдардың оларға тəуліктік 
мұқтаждығы миллиграммен немесе микрограммен есептелінеді. 
Бұл тағамдық заттардың өте аз мөлшерінің өзі (микродозалар) тіпті 
миллиграмм немесе микрограмм, балалардың денсаулығын жəне  еңбекке 
қабілеттілігін демеп қолдауға, олардың қалыпты дамуы мен өсуіне аса 
қажет. Рационда тек қана екі микроэлементтің  – темір мен йодтың 
жетіспеушілігі, сонымен қатар  А витаминінің тапшылығы денсаулық 
жағдаятының нашарлауы мен физикалық жəне ақыл-ой дамуының 
мешеулеуі, организмнің инфекцияларға, қоршаған ортаның зиянды 
əсерлеріне төзімділігінің төмендеуі, онкологиялық аурулар туындау 
қауіпінің өсуінің себептеріне жатады, осылайша аталған жетіспеушіліктер 
миллиондаған балалардың тіршілік мүмкіншілігін айқындайды.  
Индустриалдық əлемде жасырын аштық кедей мемлекеттермен қатар 
бай дамыған елдер үшін де өзекті мəселеге айналды. Экологиясы нашар 
қалалардағы өмір, жүйкенің ауырпалықтары жəне стресстер витаминдер 
мен микроэлементтердің аса көп шығындалуын талап етеді.  
Технологиялық процесстердің аса жылдам даму дəуірінде қазіргі 
адамның кəдімгі рационы калориялылығы жөнінен айтарлықтай жеткілікті 
болғанымен, организмнің көптеген витаминдер мен микроэлементтерге 
деген мұқтаждығын өтей алмайды. Тамақтануда табиғи тағамдар үлесі 
төмендеп, рационда рафинадталынып тазартылған, яғни құрамы 
витаминдер мен микроэлементтерге кедейленген тағамдар көбейіп, 
тамақтану біржақтыланып барады. Қолданымдағы тағам өндірісіндегі 
тағамдарды өндіру, өңдеу жəне сақтау технологиялары тағамдық 
өнімдердегі осы құнды тағамдық заттардың сақталуына ықпал етпейді. 
Қазіргі кездегі көкөністер мен жемістерді өсіру технологиялары  
витаминдердің, микроэлементтердің жəне басқа биологиялық белсенді 
қоспалардың мөлшерінің кемуімен сипаталады.  
 
Микронутриенттер жетіспеушілігі неге соқтырады? 

 
7
 
 
Əрбір микронутриент туралы 
ойланбай:  «Аз болса да, саз» 
деуге болады.  
 
Əрбір микронутриенттің 
жетіспеушілігі организмде 
дисгармонияға соқтырады, 
осыдан-ақ бəрі түсінікті.  
 
Тағамдық микронутриенттер жетіспеушілігінен туындаған бұзылулар 
қазіргі кезде қоғамдық денсаулық сақтаудың глобалдық проблемасы болып 
отыр. Организмдегі зат алмасуға қажетті микронутриенттер жетіспеушілігі 
адамдар, əсіресе физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты осал 
топтарға жататын балалар мен жасөспірімдер, бала туу жасындағы 
əйелдердің денсаулығына əсер етеді. Микронутриенттер жетіспеушілігінің 
физикалық, сонымен қатар интеллектуалдық мүмкіншіліктерге де əсер 
ететінін ескеру керек. Микронутриенттік жетіспеушілікті «жасырын 
аштық» деп аталатынын біз жоғарыда айта кеттік, өйткені олардың айқын 
белгілері болмағандықтан көп уақыт бойы танылмайды. Осыған 
байланысты микронутриент жетіспеушілігінің орнын толтыруға ешқандай 
шаралар көрілмейді, денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келеді. 
Интеллектуалдық капитал – 
жеке елдердің жəне жалпылама 
əлемдік прогресстің маңызды алғы 
шарты. Алайда, жетіспеушілігінің 
алдын алуға болатын, өмір сүруге 
қажетті микронутриенттер 
жетіспеушілігі адамдардың 
интеллект (IQ) коэффициентін 
кемітіп, жүздеген миллион 
ұрпақтарға зиян келтіруде. 
Қазіргі кездегі ақыл-ой мешеулігінің маңызды, сонымен қатар алдын 
алуға болатын себебінің біріне йод тапшылық жатады.  
Йод тапшылық адамзатты ертеден өкшелеп келе жатқан аурулардың 
түріне жатады. Ол құрсақтағы нəрестеден бастап адамның кез келген 
жасында пайда болатын жемсау жəне кретинизм сияқты ақыл-ой 
бұзылыстарына дейін өрбитін бұзылыстар болып табылады.  
Халықтың басым көпшілігі əдетінде, өмір сүруге аса қажетті қайсы бір 
микронутриенттің катастрофалық түрде жетіспеушілігінен емес, бірден 
бірнеше микронутриенттер жетіспеушілігінен зардап шегеді. Нəтижесінде 
энергетикалық алмасу мен эндокриндік бұзылыстар, организмнің 
қорғаныш күштерінің бірден төмендеуі, созылмалы шаршаңқылық 
синдромы тез арада дамиды.  
Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымының соңғы мəліметтері 
бойынша (ДДҰ) адам денсаулығы жағдаятының тек 15% ғана 
медициналық қызмет ұйымдарынан жəне соншалықтысы генетикалық 
ерекшеліктерге байланысты, ал 70% тамақтану сипаты мен өмір сүру 
қалпынан анықталынады.  

 
8
 
1-
 бөлім
 
Темір жетіспеушілік 
анемиясы 
 
ТЕМІР 
 
Темірдің организмдегі ролі 
 
Темір эритроциттер құрамына кіретін гемоглобин синтезіне керек. 
Эритроциттер өкпеден барлық организмге оттегі тасымалдайды, 
көмірқышқыл газын шығарады. Оттегі –  өте күшті тотықтырғыш, алайда 
гемоглобин құрамындағы темірдің (Fe) арқасында оттегіні тасымалдау 
мүмкіндігіне ие.  
Біз ауамен дем алғанда оттегіні жұтамыз. Темірдің қызмет 
функциясына қандағы оттегіні байланыстыру жəне оны бүкіл организмге 
бөлу. Өкпедегі ауасыз, бір небары бірнеше минут көлемінде өліп кетуіміз 
ықтимал. Ал, біз өзіміздің қанымыздағы темірсіз де өліп кетеміз. 
Сондықтан, организмдегі темірдің басым бөлігі қан гемоглобинінің 
құрамына кіретіні таңданарлық жайт емес.
 
Ерте заманнан бері адамзаттың қанды өмірдің нəрімен салыстырып 
жəне денсаулық кепілі ретінде қарайтыны белгілі. Қанның ағуы немесе 
ондағы қандай да бір өзгерістер адамның өмір сүру мүмкіншілігі жəне 
түрлі аурулар туындауды анықтайтын факторлары ретінде қарастырылған. 
Қанды организмді аурудан, мүгедектіктен жəне қартаюдан сақтайтын 
магиялық күш санаған. 

 
9
 
Бұл, əрине рас, өйткені қан адам организмінің барлық жүйелерінің, 
органдарының, тіндерінің жəне жасушаларының толыққұнды қызметін 
атқаруды қамтамасыз ететін биологиялық сұйықтығы. Қанның негізгі 
биологиялық функциясына организм жасушаларына тағамдық жəне 
қорғағыш заттарды жеткізу, көмір қышқыл газын, зат алмасу өнімдерін 
жəне уытты қосындыларды шығару. Осыдан неге қанның 
жеткіліксіздігінде немесе жоғалтуларда адам организмінің барлық 
жасушаларының өмір сүру қалпы бұзылатыны түсінікті. 
Оттегінің жалғыз тасымалдаушысы қанның қызыл жасушалары 
немесе эритроциттер. Бұл жасушалар құрамындағы оттегіні 
байланыстыратын жасушаішілік белоктық-минералдық кешен гемоглобин 
болып табылады. Гемоглобин өкпеде оттегімен байланысады, оны өзге 
жасушаларға жеткізеді жəне береді, орнына көмір қышқыл газын алып 
өкпеге жеткізеді жəне өкпе арқылы сыртқа шығаратын осындай теңдесі 
жоқ қасиеттері бар. 
Толыққұнды гемоглобин түзу үшін микроэлемент темір қажет, ал ол  
организмге тек тағамдық өнімдермен жəне аздап ауыз суымен түседі. 
Эритроциттердің мөлшері кеміп немесе кемістігі пайда болуынан  
гемоглобин концентрациясының төмендеуін анемия немесе халық 
арасында– қаназдылық деп атайды. Мұндай жағдайлардағы организм 
өмір сүру қалпы – мəңгі оттегі жетіспеушілігі жəне барлық тіндердің көмір 
қышқыл газымен уыттануы. Осыдан барлық бұлшық еттердің 
дистрофиясы пайда болады, оның ішінде жүрек етінің, орталық жүйке 
жүйесінің, бауырдың, асқазан-ішек жолдарының қызметінің бұзылуы, 
тіптен жасушаның бөліну процессінің де бұзылуы байқалады. Басқаша 
айтсақ – организмнің созылмалы стресстік жағдаятының дамуы.  
Ал анемия дамуының себептері көп – түрлі дұрыс тамақтанбау 
формаларынан бастап сүйектің қызыл кемік майларының қызметінің 
бұзылуына дейін. Пайда болу себептеріне байланысты анемияның түрі де 
əр түрлі болады. Ең кеңінен таралғандарына темір жетіспеушілік 
анемиясы (ТЖА) жатады. Ол туа пайда болуы мүмкін. Темір құрсақтағы 
нəрестенің бүкіл тіндерінің түзілуі үшін қажет, əсіресе қанның түзілуі 
жүретін жүктіліктің екінші жартысында. Егер анасының өзінде анемия 
құбылысы бар болса, нəрестесін жеткілікті темір мөлшерімен қамтамасыз 
ете алмайды. Сондықтан бала туылмай жатып анемиядан зардап шегеді. 
ТЖА үлесіне барлық анемия біткеннің 50-90% тиесілі, жəне де ол 
анемия түрлерінің ішінде ең кеңінен таралғандарының бірі. ТЖА көбінесе 
организмге тамақпен темірдің кем түсуіне байланысты немесе оның нашар 
сіңірілуінен (биологиялық қол жетерлігі) пайда болады. 
 

 
10
 
Темірге қажеттілік 
 
Адамдардың темірге мұқтаждық мəліметтері 1-кестеде көрсетілген. 
Кестеде көрсетілгендей, адамдардың темірге мұқтаждығы жынысына жəне 
жасына, сонымен қатар бұл минералдың сіңімділігіне байланысты. 
Темірдің жануар тектес тағам рационынан сіңімділігі өте жоғары. 
Тазартылып өнделген дəндік дақылдарда (бірінші жəне жоғары сұрыпты 
ұн, сүріліп өңделген күріш жəне басқалар) бұл минералдардың мөлшері, 
өңделінбеген тағамдық өнімдерге (ірі тартылған ұн, қара ұн) қарағанда 
анағұрлым төмен. Сонымен қатар рациондағы темір сіңімділігі С витамині 
мөлшері жоғары болған сайын артады. Алайда, қазақстандықтардың тағам 
рационы С витаминіне өте жұтаң. Аталған факторларды ескере отырып, 
балалар мен жасөспірімдердің темірге мұқтаждығы, бұл минералдың 
қабылданатын рационнан сіңімділігі орта есеппен берілген.  
 
 1-кесте – Балалар мен жасөспірімдерге
1
  қабылдауға
а
 кеңес етілген темір 
деңгейі  
 
Жасы жəне жынысы  
Темірге қажеттілік 
б
 , мг/күн 
1-3 жас 6 
4-6 жас 6 
7-9 жас 9 
15 (10-14 жас) 
Еркектер 10-18 жас 
19 (15-18 жас) 
14 (10-14 жас)  
33 (10-14 жас) 
Əйелдер 10-18 жас 
31 (15-18 жас) 
а
 – Кеңес етілген қабылдау деңгейі (КҚД) – бұл іс жүзінде дендері сау адамдардың 
жасжыныстық топтарының (97,5%) қажеттілігіне сəйкес келетін тəуліктік қабылдау 
б
 –  Темірге қажеттілік рационда пайдаланылатын темірдің 10%-пайыздық биологиялық 
қол жетерлігін ескере отырып есептелінген
  
 
Темірдің тағамдық көздері  
 
Темір адам организміне негізінен еттік, балықтық, сүттік жəне 
астықтық тағам өнімдерінен, сонымен қатар көкөністерден түседі. Өсімдік 
                                                           
1
 Бейімделінген: Vitamin and mineral requirements in human nutrition. Second edition. WHO/FAO, 2004, 362 
p. (Потребность людей в витаминах и минералах. Второе издание. ВОЗ/ФАО, 2004, 362 с.)   

 
11
 
тектес тағамдардан темірдің не бары 3-4% ғана сіңіріледі, ал қалған 
мөлшерлері нəжіспен сыртқа шығып кетеді. Жануар тектес тағамдардан 
темірдің сіңімділігі жоғары.  
Кейбір тағамдық өнімдердің құрамындағы темір мөлшері туралы 
мəліметтер 2-кестеде берілген. 
2 -кесте- Тағамдық өнімдердің 100 г жегілікті бөліктеріндегі темір 
мөлшері 
 
Темір мөлшері, 
мг/100 г 
Тағамдық өнімдер 
Өте жоғар (3,0 мг-
нан артық) 
Бауыр (шошқаның, сиырдың), сиыр тілі, ет (қоянның, 
үндіктер), жармалар (қарақұмық, тары, арпа, сұлы), 
қара жидек, шабдалы, бекіре балықтарының 
уылдырығы 
Жоғары   
(2,0-3,0 мг)  
Ет (тауық еті, сиыр еті, қой еті), ысталған шұжықтар, 
балық (скумбрия, горбуша), манна жармасы, 2-ші 
сұрыпты ұннан нан, айва, құрма, алмұрт, алма, 
алхоры, өрік, саумалдық, қымыздық.  
Орташа                
(1,9-1,0 мг) 
Ет (шошқа), қайнатылған шұжықтар, сосискалар, кета 
уылдырығы, күріш жармасы, макарон, аскөк, қызанақ, 
қызылша, қырыққабат, шалғам, көк пияз, тарна, сəбіз, 
қарбыз, қарлыға, шие, қарақат, құлпынай, алша. 
Төмен                       
(0,9-0,4 мг) 
Балық (сардина, сайра, палтус, нəлім, көксерек, 
сельдь), қатты ірімшік, ақ ірімшік, жоғары сұрыпты 
ұннан жасалынған тағамдар, картоп, жасыл бұршақ, 
қияр, асқабақ, жүзім, мүкжидек, лимон. 
Өте төмен                
(0,3-0,1 мг) 
Сүт, кефир, қаймақ, апельсин, мандарин 
 
Темірдің сіңімділігі 
 
Темірдің қол жетерлік сіңімділігі оның формасына байланысты 
(гемдік немесе гемдік емес); тағам рационында оның сіңімділігін 
арттыратын немесе керісінше тежейтін заттардың болуы; асқазан-ішек 
жолдары органдарының жағдайы; организмге экологиялық ауыртпалық 
дəрежесі. Жануар тектес тағамдық өнімдер құрамында қабылданатын 

 
12
 
гемдік (түбірі гемоглобин сөзі) темірдің сіңімділігі, гемдік емес темірге 
(өсімдік тектес тағамдық өнімдерден түседі) қарағанда əлдеқайда жоғары. 
Құрамдық темірдің өсімдік тектес тағамдық өнімдерден не бары 2-4%, 
сүттік өнімдерден – 8-10%,  балықтық тағамдардан – 12-14%, ал ет 
тағамдарынан – 18-20% сіңіріледі.  
С витамині (аскорбин қышқылы) темірдің өсімдік тектес тағамдық 
өнімдерден сіңімділігін арттырады. Тағам рационында С витамині мөлшері 
неғұрлым жоғары болса, темірдің сіңімділігі соғұрлым жоғары. Бұл  
витаминнің препаратын қабылдау да темір сіңімділігін арттырады. Осы 
микроэлементтің сіңімділігін арттыруға А витамині жəне В (В
1
, В
2
, фолий 
қышқылы) витаминдер тобы да ықпал етеді.  
Темірдің сіңімділігін шəй мен кофеде аса көп мөлшерде кездесетін 
танин, сонымен қатар фитаттар мен тағамдық талшықтар (тазартылып 
өңделмеген дақылдық тағам өнімдерінде, бұршақ тектесмен, көкөніс жəне 
жемістермен түседі) төмендетеді. Осыған байланысты шəй жəне кофені 
тамақпен бірге емес, тамақтан 1-2 сағаттан соң, тамақпен түсетін темірдің 
негізгі мөлшері сіңіріліп болғаннан кейін, ішуге кеңес етіледі.   
Ал тағамдық талшықтарға келетін болсақ, олар Қазақстанда кеңес 
етілген деңгейден орта есеппен 2 есе аз көлемде қабылданады. Сондықтан 
олардың мөлшерін азайту емес, арттырған жөн болады. Сонымен қатар 
тағамдық талшықтардың өте пайдалы қасиеттерге (антитоксикалық, 
антиканцергендік, антиатеросклеротикалық) ие екендігін айта кеткен 
дұрыс. Тағамдық талшықтардың жеткілікті мөлшерін қабылдау 
атеросклероздың, онкологиялық аурулардың жəне ерте қартаюдың алдын 
алуда өте маңызды. 
 
Темір жетіспеушілігі дамуының себептері 
 
Темір жетіспеушілігі əлемнің миллиондаған адамдарына кері əсерін 
тигізуде, оған халықтың басым бөлігі бейімдеу келеді. Ең алдымен бұл 
тапшылық əйелдер, балалар денсаулығында бұзылыстарға соқтырады, 
аналар мен балалардың өлім-жітім деңгейін арттырады. Бұл 
микроэлементтердің жетіспеушілігінің салдары сан алуан жəне көптеген 
мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының да қоғамдық 
денсаулық сақтау ісінің маңызды проблемасы болып табылады.  
Темір тапшылығының туындауының негізгі себептері тамақтану 
рационында өңделініп тазартылған тағамдық өнімдердің үлесінің тұрақты 
түрде өсуі болып отыр. Ал тазартылып өңделінген астықтық өнімдер 
Қазақстан халқының тамағының негізін құрайды. Бірінші жəне жоғарғы 
сұрыпты ұндар, ақ нан, сүргіленіп тазартылған күріш жəне басқалары 

 
13
 
өңделініп тазартылған астықтық өнімдерге жатады. Рафинадталынған 
(өңделінген) астықтық өнімдер темірге, өңделмеген дақылдарға қарағанда, 
əлдеқайда бай келеді. Оларға екінші сұрыпты бидай ұны, қара ұн, қара 
жəне қошқыл нан, қабығы сақталынған бүтін дəндік дақылдардан 
жасалынған тағамдар жатады.  
Бірінші жəне жоғарғы сұрыпты ұндарды алу барысында бидайдың 
бүтін дəндеріндегі микроэлементтердің, витаминдердің, тағамдық 
талшықтардың орта есеппен 75-90% жоғалтылады. Бұл жайт, аталған 
тағамдық заттардың негізінен дəндердің қабығында орналасуына 
байланысты жəне майда тартылған ұнды алу барысында електен өтпей 
қалып қояды.  
Осыған орай, темір тапшылық жəне темір жетіспеушілік анемиясының 
дамуының негізінде тамақтанудың түрлі бұзылушылықтары жатыр, олар 
мыналардан басталады.  
 
Тамақ рационында темір мөлшерінің кемдігі жəне осы минералдың 
төмен сіңімділігінен. 
 
Тамақ рационында тазартылып өңделген тағамдық өнімдердің 
басым болуы. 
 
Жануар тектес тағамдық өнімдерді жеткіліксіз пайдалану. 
 
Тамақпен қатар шəй мен кофе ішу. 
 
Рационда С, А жəне В тобының витаминдерінің мөлшерінің төмен 
болуы. 
 
Халықтың салауатты тамақтану принциптері мен темір 
жетіспеушілік анемиясының алдын алу жолдары туралы білімдерінің 
таяздығы. 
 
Бұқара халықтың анемияның даму негізгі симптомдары жəне 
организмге зияндылығы, сонымен қатар оның алдын алу жолдарынан 
хабардарлығын арттыру жөніндегі коммуникациялық жұмыстардың 
жеткіліксіз жүгізілуі. 
 
Анемияның алдын алуды ұйымдастыру жұмыстарының 
жеткіліксіздігі жəне мемлекеттік бағдарламалардың жоқтығы. 
Тағамдық факторлармен қатар, темір тапшылық жағдаятының өрбуіне 
кез келген қан жоғалтулар ықпал етеді. Бұл темірдің адам организмінде 
негізінен эритроцит гемоглобинінде орналасқандығына байланысты. Қан 
кетумен байланысты бала туу жасындағы əйелдердің айлық етеккірі (15-49 
жас), безгек пен гельминтоздар ТЖА дамуына ықпал етеді. ТЖА дамуына 
темірге қажеттіліктің артуы да апарады. Мысалы, жүктілік кезінде 
əйелдерде темірге қажеттілік 4 есеге жуық артады. Темірге деген 
балалардағы мұқтаждық олардың өсуіне, қанның жəне эритроциттердің 

 
14
 
көлемінің ұлғаюына байланысты өсе түседі. Осыған байланысты ТЖА 
осал топқа жататын балалар мен бала туу жасындағы əйелдерде, əсіресе 
жиі кездеседі. 
 
МИЛЛИАРДТАҒАН АНЕМИЯ ЖАҒДАЙЛАРЫ 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал