Основы имиджелогии на примере Первого Президента



жүктеу 5.11 Kb.

бет8/8
Дата29.03.2017
өлшемі5.11 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
86 
ҚАДАМЫ ҚАРЫШТЫ ҚАРАҒАНДЫ 
 
Самрат Ж., Несіпбай А.  
«Егемен Қазақстан» 2 желтоқсан 2012 жыл 
 
Еліміздің барлық өңірлері де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз-
деріне қандай да бір қатыстылығын айтып, мақтан етіп жатады. Батыс-
тықтар да, шығыстықтар да, оңтүстіктер де, солтүстіктер де Елбасының 
келген  сапарларында  немесе  үлкен  мінберден  айтқан  сөздерінде, 
естеліктерінде өздері туралы айтқан жақсы сөздерін, ұнамды пікірлерін 
үнемі  еске  алып,  оны  мақтан тұтып,  марқая  жариялап  жүреді.  Барлық 
қазақстандықтар  үшін  Елбасының  берген  бағасы,  айтқан  тілегі  ең  жо-
ғарғы сипат, үлкен құрмет, баға жетпес қазынадай қабылданады. Осы-
ның бәрі еліміздің өз Көшбасшысына деген құрметінің, алғаусыз махаб-
батының көрінісі. 
 
 
 
Еліміздің  барлық  түкпірлері  Елбасының  өздеріне  жақындығын  айтып, 
осылай  іш  тартып  жатқанда  қарағандылықтардың  Президентке  деген 
жақындығы,  мақтанышы  тіпті  айрықша  екені  даусыз.  Өйткені,  Нұрсұлтан 
Назарбаев дарыны айрықша тұлға екендігін ең алғаш осында көрсетіп, саяси 
қайраткер  ретінде  осы  өңірде  қалыптасты.  Қазақша  айтқанда,  қыран 
қанатының  қатаюына  осы  өлкенің  құнары  игі  әсер  етіп,  құты  дарыған  деп 
айтсақ,  қателеспейміз.  Бұл  туралы  Президенттің  өзі  де  талай  естеліктерінде 
айтты. Теміртаудағы Қарағанды металлургия комбинатының қып-қызыл шоқ 
шашып  жататын  балқыту  цехында  мың  градустық  ыстыққа  пісетін  болатты 
қайната  жүріп,  жас  Нұрсұлтанның  өзінің  де  ерік-жігері  жанылып,  мінезі 
қалыптасты.  Міне,  сондықтан  да  Елбасының  Қарағанды  өңіріне,  әсіресе 
Теміртауға  деген  махаббаты  ерекше  екені  күмәнсіз.  Еліміздің  Тұңғыш 
Президентінің  күні  алғаш  рет  аталып  отырғанда,  Нұрсұлтан  Әбішұлының 

 
87 
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келуінде де осындай символикалық 
мән жатыр. 
Бұдан бір күн ғана бұрын Сарыарқаның ақ түтек бораны соғып тұрған 
сайын  даласы  Елбасы  келерде  тына  қалды.  Аспан  да  жарқырап  ашылды, 
бірақ күн айтарлықтай аязды. Бұл да адам өмірі мен табиғаттың өзара үндес-
тігін  көрсетсе  керек.  Халқы  қалаған  адамды  табиғат  та  құрмет  тұтатын 
секілді.  Тіпті,  осы  жердегі  қойнынан  түлеп  ұшып,  қазір  бүкіл  елге  жылы 
шуағын шашып, барша әлемге танылып отырған перзентінің келуіне Жер-ана 
да қуаныш білдіріп тұрғандай көрінді. 
Елбасын  Сарыарқаның  ақ  жамылғыға  оранған  сайын  даласы  осындай 
жылылықпен  қарсы  алса,  халқының  қуанышында  тіпті  шек  болмады. 
Тікұшақтан  түскен  Президент  бір  кездері  ыстық  цехтан  шыққанда  жастық 
жалынмен қуана дем алатын таза ауаны бір сәт еске алғандай, біраз тыныстап 
тұрды. Елбасын Премьер-Министр Серік Ахметов пен облыс әкімі Әбілғазы 
Құсайынов  бастаған  топ  қарсы  алды.  Осыдан  кейін  Президенттің  кортежі 
Теміртау қаласы әкімдігінің ғимаратына қарай бет алды. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевты  есік  алдында  Теміртау  қаласының 
әкімі  Нұркен  Сұлтанов  бастаған  қалалықтар  күтіп  алды.  Осы  жерде 
Нұрсұлтан  Әбішұлымен  бір  кезде  Теміртау  қалалық  партия  комитеті  мен 
атқару  комитетінде  бірге  қызмет  еткен  Нина  Уахитова,  Владимир  Рыскаль, 
Виктор  Стринжа,  Виктор  Котляров,  Камалтин  Мұхамеджанов,  Әли 
Қарабалин секілді еңбек ардагерлері тосып тұрды. Президент олармен емен-
жарқын  амандасып,  жастық,  жалынды  шақтарын,  бірге  қызмет  еткен  күн-
дерін сағынышпен еске алды. Сырт қараған адамға осының бәрі жан толқы-
татын  сәттер  еді.  Президент  өзінің  бұрынғы  қызметтестеріне  сол  кездерде 
болған  әртүрлі  қызықты  жәйттерді  де  айтып,  жиналғандарды  күлкіге  қарық 
қылды. 
Одан  кейін  Президент  бастаған  топ  бұрын  өзі  отырған  №6  кабинетке 
өтті.  Бұл  бөлмені  теміртаулықтар  бұрынғыша  жасандырып,  дәл  Нұрсұлтан 
Назарбаев  отырған  кездің  сәніне  келтіріп  қойған  екен.  Бұл  күй  де 
Президенттің  сол  қиын  да  қызықты  күндерді  есіне  түсіріп,  бір  сәт  толқи 
ойлануына  мүмкіндік  берді.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  осы  ғимараттың  екінші 
қабатында  орналасқан  «Тұңғыш  Президенттің  мұражайына»  көтерілді.  Осы 
бөлмеде  Теміртау  қалалық  партия  комитетінің  екінші  хатшысы  Нұрсұлтан 
Назарбаев 70-жылдардың басында үш жылдай отырған екен. Бұл кабинет те 
сол  кездегі  өмірді,  теміртаулықтардың  өткен  ғасырдың  70-жылдарындағы 
қайнаған тірлігін бұзбай жасақталып, бәрін де еске түсіруге қолайлы етіп жа-
салыпты. Екінші хатшының бөлмесіндегі Лениннің суреті мен мүсіні де сақ-
талыпты.  Теміртау  қаласының  сол  кездегі  картасы  да  ілінген.  Мұнда  да 
Елбасы өзінің сол кездегі өмірін, кейбір қимас оқиғаларды жанындағылармен 
бірге еске түсіріп, біршама аялдады. 
Қалалық партия комитеті отырыстарының кейбір хаттамаларын, өзінің 
қол қойған құжаттарын көріп, Президент сол шақты жадынан тағы бір мәрте 
өткізді. Одан әрі осы ғимараттың басқа бөлмесінде Елбасы бастаған 70-жыл-

 
88 
дардағы  қызметкерлеріне  –  бүгінгі  ардагерлерге  қазақ  дәстүрімен  дәм  ұсы-
нылды. 
Теміртау қаласы Қарағанды облысы өнеркәсіп өнімдерінің 31 пайыздан 
астамын  береді.  Үстіміздегі  жылдың  10  айында  оның  өнімдері  былтырғы 
жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға азайған. Бұл негізінен 
темір  прокаттарын  өндірудің  төмендеуі  себебінен  орын  алып  отыр. 
Теміртауда құрылыс қарқыны былтырғы жылмен салыстырғанда сәл артып, 
23,9  мың  шаршы  метр  тұрғын  үй  пайдалануға  беріліпті.  Қалада  шағын 
кәсіпкерліктің  даму  қарқыны  артып  келеді.  Биыл  ол  36,8  млрд.  теңгенің 
өнімін беріп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімінен 43,5 пайызға асып түскен. 
Осы салада еңбек ететіндер саны 22150 адамға жетіпті. 
Қалалық  әкімдіктің  ғимаратынан  шыққан  соң  Елбасы  өзін  Теміртау 
тұрғындары көптен бері күтіп тұрған «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени 
орталығына»  келді.  Қалалықтар  ғимараттың  сыртына  да,  ішіне  де  молынан 
жиналыпты. Осы жерде Президент өзін қарсы алып тұрғандарға жылы лебіз 
білдіріп,  қысқаша  сөз  сөйледі.  Мен  Теміртауды  ешқашан  ұмытпаймын. 
Қарметкомбинат  парткомының  хатшысы  болып  жүргенде  салғызған  спорт 
кешені,  балабақшалар,  тұрғын  үйлер,  оң  жағалау  –  бәр-бәрі  көзіме  оттай 
басылды.  Әлі  күнге  сіздердің  халдеріңіздің  қандай  екенін  сұрап,  біліп 
отырамын. Қазір қала бұрынғыдан да өсіп, құлпырған. Мен бұған қуанышты-
мын.  Сіздердің  сайлаған  Президенттеріңіз  ретінде  мен  әлі  де  халықтың  әл-
ауқатын жақсарту жолында еңбек етемін. Одан әрі Президент елдің бірқатар 
жетістіктерін  атап  берді.  Сөзінің  соңын  теміртаулықтарға  бақытты  тұрмыс 
тілеумен  аяқтап,  енді  бүгінгі  мереке  күні  тезірек  үйлеріңізге  барып, 
жылыныңыздар деген әзілмен аяқтады. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртауға сапары «АрселорМиттал» 
АҚ дайын өнім жасауға арналған құрыш кесектер құятын конвертерлік цехта 
жалғасты.  Бұл  кәдімгі  Нұрсұлтан  Назарбаев  еңбек  жолын  бастаған  атақты 
Қарметкомбинат қой. Кортеж оның ішіне ендеп кіріп келе жатқанда, Елбасы 
тағы  да  осында  жүрген  кездерін  еске  түсіріп,  жастық  шағын  жадында 
жаңғыртқаны анық. 
Құрыштан жасалған ұзын кесектердің көлемі 130х10 және 150х150 мм. 
екен.  Төртбұрышты  кесек  блюм  деп  аталатын  көрінеді.  Олардан  артынан 
арматуралар,  бұрыштар,  швеллерлер,  дөңгелектер  және  т.б.  жасалады  екен. 
Цех  2010  жылы  басталып,  2011  жылдың  желтоқсан  айында  пайдалануға 
беріліпті.  Жобаның  толық  құны  5  млрд.  483  млн.  теңге  болған.  Оның  іске 
асуының арқасында жаңадан 88 жұмыс орны ашылған. Цех жылына 1,2 млн. 
тонна  құрыш  кесектерін  шығарады.  Елбасы  бұл  жерде  сұйық  құрыштың 
қалай  ағып,  қалыптарға  қалай  құйылып  жатқанын  көріп,  цехты  біршама 
қызықтады.  Құрыш  кесектер  құю  цехының  жұмысы  туралы  Нұрсұлтан 
Назарбаевқа «АрселорМиттал» АҚ бас директоры Махадеван Виджай түсінік 
беріп  тұрды.  Осыдан  кейін  Елбасының  кортежі  Қарағанды  қаласына  бет 
алды. 
Еңбекке  шыңдалу  мен  қайраткерлікке  толысудың  алтын  бесігі  болған 
ыстық  ұяға  Ұлт  көшбасшысының  тап  осындай  күні  келіп,  орталарынан 

 
89 
табылып, аймақ тынысымен танысуы қарағандылықтардың көңілін шаттыққа 
бөлегені  анық.  Қарағанды дегенде  әдетте  адамның  көз  алдына  алып өндіріс 
ошақтары, оттары жарқыраған өлке елестейді. 
Елбасының 
«Қазақстан 
жолы» 
кітабында 
«Республиканың 
индустриялық орталығы менің көз алдымда өтті. Қарағанды облысын өзінше 
бір шағын Қазақстан деп атауға болатын», деп жазғанындай, жер қойнауында 
елімізде  барланған  марганецтің  –  100,  вольфрамның  –  85,  бариттің  –  70, 
қорғасынның  –  54,  мыстың  –  36,  көмірдің  32  пайызы  шоғырланған. 
Сондықтан  өңір  ежелден  өндірістік  бағытқа  басымдық  беріп  келеді.  Ал 
өндіріс – қашанда экономикалық дамудың қайнар көзі, қозғаушы күші. 
Бүгінгі  күні  Жезқазған  мен  Балқаштағы,  Жәйрем  мен  Теміртаудағы, 
Шұбаркөл  мен  Ақжалдағы  қайнаған  еңбек  те  соның  айғағындай  болып, 
дүрілдеп 
жатыр. 
Республикалық 
индустрияландыру 
картасына 
қарағандылықтар  енгізген  6  мың  адамды  жұмыспен  қамтамасыз  ететін  56 
өміршең  жобаның  бүгінге  дейін  40-қа  жуығы  іске  қосылса,  биыл  тағы  3-
еуінің  тұсауы  кесілді.  Олардың  ішінде  Шахтинскідегі  метан  газынан  электр 
қуатын өндіруге арналған қондырғы, Жезқазғандағы «Ютария» LTD” ЖШС-
нің  тігін  өндірісі,  Қарағандыдағы  «ТИАТР»  ЖШС-нің  полиэтилен  құбыр-
ларын шығару зауыты бар. Бұған қоса, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағ-
дарламасы  бойынша  атқарылып  жатқан  94  жобаның  жаңғырығы  да  өндіріс 
дабылын  арттыра  түсуде.  Бұлардың  қай-қайсысы  болсын  экономикалық 
маңыздылығы  жағынан  бір-бірінен  кем  соқпайтын  жобалар.  Мысал  үшін 
айтар болсақ, шахталардағы метан газының барланған геологиялық қоры 550 
млрд. текше метр болса, соны арзан энергия көзіне айналдыру мәселесі осы 
жобалар арқылы шешілуге бет бұрған. 
Экономикалық-әлеуметтік  әлеуеті  мықты  өңірдің  инвестициялық 
тартымдылығы  Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы 
ауқымының  кеңейе  түсуіне  игі  ықпалын  тигізіп  отырғаны  –  жағымды 
жайлардың  бірі.  Табиғи  және  минералды  шикізаттың  молдығы,  облыстың 
географиялық  тиімді  орналасуы  сияқты  негізгі  үш  фактордың  қолай-
лылығының,  оның  үстіне  Жезқазған  –  Бейнеу,  Шұбаркөл  –  Арқалық  темір 
жолдарының  аймақтың  транзиттік  қуатын  еселеп  арттырмақтығы,  ыңғайлы 
бизнес-климат  аймақтық  экономиканың  инвестиция  тартымдылығын 
жылына орташа есеппен 20 пайызға ұлғайтатындығы есептеліп шығарылған. 
Биыл  шетелдік  капиталдың  қатысуымен  жұмыс  істейтін  450  компанияның 
негізгі  капиталға  салған  инвестициясы  көлемінің  15,9  пайызға  артып,  190,2 
млрд. теңгені құрағаны соның бір айғағы. Жақында өткен «Қарағандыинвест-
2012»  форумы  өңір  ерекшелігіне  орай  мұның  ең  жоғары  шек  еместігін 
көрсетті.  Алдағы  жылы  іштен  және  сырттан  құйылатын  қаржы  көлемі  300 
млрд. теңгеге жеткелі отыр. 
Жаңа өндірістердің жаппай ашылып жатуы, шағын және орта бизнестің 
белсенділігінің күшеюі үстіміздегі жылы жұмыссыздық деңгейін 4,4 пайызға 
төмендетті.  Атап  айтқанда,  5  мыңнан  астам  азамат  барлық  салада  қыз-қыз 
қайнаған  еңбек  дүбіріне  қосыла  алды.  Осындай  экономикалық  табыстармен 
бірге,  тұрғын  үй  құрылысы  бойынша  облыстың  бірнеше  жылдан  бері 

 
90 
елімізде алдыңғы орындардың бірінен табылуы қарағандылықтардың мақтан 
тұтар  көрсеткіштері  қатарында.  Биыл  пайдалануға  берілмекші  203,6  мың 
шаршы  метр  тұрғын  үй  межеленген  деңгейден  асып  түсіп,  талай 
отбасыларын қуанышқа бөледі. 
Өңірдегі оң өзгерістер мен жаңғыртулар жайлы айтқанда, әлбетте, стра-
тегиялық маңызы зор Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жолдары 
құрылысының  500  және  200  шақырымды  құрайтын  бөлігі  облыс  үлесінде 
екенін  айналып  өте  алмайсың.  Бүгінде  бұл  учаскелердегі  жұмыс  күннен 
күнге қызып келеді. 
Үстіміздегі  жылдың  10  айында  қарағандылықтар 186,6  млрд.  теңгенің 
өнеркәсіп  өнімдерін  шығарса,  бұл  көрсеткіш  былтырғы  жылдың  сәйкес 
мерзімінен  106,5  пайызға  артық.  Бұған  өңір  халқы  ғана  емес,  барша 
қазақстандықтар  жақсы  білетін  «Еуразиан  Фудс»  АҚ,  «Қарағанды 
кәмпиттері»  АҚ,  «Имсталькон»  АҚ,  «SІLІСUМ  КАZАКHSTAN»  компа-
ниясы,  «Қарағанды  ЭнергоОрталық»  АҚ  өздерінің  сүбелі  үлестерін  қосты. 
Қаладағы  құрылыс  көлемі  өңірдегі  осы  саланың  жартысына  жуығын 
құрайды.  Биыл  қарағандылықтар  үшін  39,3  млрд.  теңгенің  құрылысы  іске 
қосылып, былтырғы  сәйкес  мерзімге қарағанда ол 9 пайызға  артқан. Соның 
ішінде  118  шаршы  метр  тұрғын  үй  пайдалануға  берілді. Шағын  кәсіпкерлік 
жақсы  қарқын  алып  келеді.  Биыл  ол  барлығы  253  млрд.  теңгенің  өнімін 
өндірді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артық. Бұл салада 
еңбек ететіндердің жалпы саны қазір 100 мың адамнан асқан. 
Қараша  айының  басындағы  мәліметке  қарағанда,  облыста  977  адам 
жұмыссыз  ретінде  тіркелген.  Биыл  жалпы  саны  993  адам  қоғамдық 
жұмыстарға тартылыпты, ал 687 адам кәсіптік қайта даярлауға жіберілген. 
Президент сапары алдында бүкіл елді дүр сілкіндірген, барша қауымды 
қатты  қуантқан  ЕХPО-2017  халықаралық  көрмесінің  Астанада  өтетіндігі 
қарағандылықтарды  да  шаттыққа  бөледі.  Мерей  бір,  мәртебе  ортақ,  дейді 
олар.  Елорданың  аз  жылдарда-ақ  әлем  тамсанған  әсем  шаһарға  айналуына 
көршілік парызы ретінде көмек-қолдауын аямаған кеншілер қаласы бұл жолы 
да оған тірек болуға дайын екендіктерін білдіруде. «Қарағанды облысы және 
EXPO-2017”  дөңгелек  үстелінің  іле  ұйымдастырылуы  да  соған  арналған 
алғашқы шара болыпты. 
Қарағандыда  Елбасы  Н.  Назарбаев  «Ариста»  кешеніне  келді.  Осы 
жерде жүзге жуық жастар жұбы Президентке бал биі бойынша өнер көрсетті. 
Арасында  қазақ  тілінде  Елбасына  арналған  құттықтау  сөздер,  жастарға 
жасаған  қамқорлығы  үшін  алғыстар  айтылып  тұрды.  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
жастарға  арнаған  өзінің  қысқа  сөзінде  оларды  Тұңғыш  Президент  күнімен 
құттықтап,  басқа  да  өркениеті  озық  елдерде  осындай,  «Президент  күні» 
мерекесінде  балдық  би  биленетінін  естіп,  сіздердің  сол  дәстүрді 
жалғастырғандарыңызға  ризамын.  Бәрі  де  әдемі  болды.  Әрқашанда  жақсы 
өнерді  осылай  бойларыңа  сіңіре  беруге  ұмтылыңдар,  дей  келіп,  оларға 
бақытты өмір мен баянды тұрмыс тіледі. 
Елбасының  Қарағанды  өңіріне  жұмыс  сапарының  алғашқы  күні  Қара-
ғанды  мемлекеттік  техникалық  университетіне  (бұрынғы  ҚарПТИ)  келумен 

 
91 
аяқталды. 
Университеттің 
оқытушы-профессорлары 
мен 
үздік 
студенттерінен  тұратын  топ  Президентті  есік  алдынан  құрметпен  қарсы 
алып,  өздерінің  жетістіктерімен  және  Елбасы  тапсырмаларының  қалай 
орындалып  жатқандығымен  қысқаша  таныстырды.  Атағы  алысқа  кеткен 
осынау оқу орнында Елбасы өзінің бір топ курстасымен кездесті. 
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды өңіріне сапары одан 
әрі жалғасады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
92 
ҚАРАҒАНДЫ – ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ОТАНЫ 
 
Сектенұлы С.,Жанысбай С., Айтжанова Қ. 
Орталық Қазақстан, 4 желтоқсан 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1  желтоқсан  күні  еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
Қарағанды облысына жұмыс сапары басталды. 
Сапар  басында  Елбасымыз  Теміртау  қаласында  қалалық  әкімдік 
ғимаратында  болды.  Мұнда  өткен  ғасырдың  70-ші  жылдары  стилінде 
қалпына келтірілген  ҚР Тұңғыш Президентінің  кабинет мұражайы ашылды. 
Мұнда Мемлекет басшысы қызмет істеген болатын. Сонымен қатар, құрметті 
қонақ  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президентінің  тарихи-мәдени 
орталығында  болып,  аралап  көрді.  Бұдан  кейін  Елбасымыз  Металлургтер 
алаңында  жиналған  халықтың  алдында  сөз  сөйлеп,  Тұңғыш  Президент  күні 
мерекесімен шын жүректен құттықтады. «Теміртауға келу мен үшін әрдайым 
қуаныш», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. 
Бұдан кейін ел Президенті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның метал-
лургиялық  комбинатында  болып,  болатты  үздіксіз  құятын  машинаның 
жұмысымен  танысты.  Осы  заманғы  технологиямен  жұмыс  істейтін  бұл 
машинаны  Қазақстан  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  Нұрсұлтан 
Назарбаев өзі іске қосқан болатын. 
Осы  жобаны  жүзеге  асыру  арқылы  кәсіпорын  төртбұрышты  құймалар 
және  сапалы  сортты  прокат  шығарудың  өз  өндірісін  жасап,  шығарылатын 
өнімдерінің  түрлерін  көбейткен  болатын.  Мұндай  өнімдер  бұрын  шетелден 
әкелінетін  еді.  Жобаны  іске  қосу  арқасында  қосымша  жұмыс  орындары 
ашылды.  Болатты  үздіксіз  құятын  МНЛЗ  №3  машинасы  сырттай  қарағанда 
үлкен  металл  конструкциясынан  тұрады.  Ол  негізінен  сұйық  шойын 
құйылған  алып  ожаудан  және  аралық  ожаудан,  6  кристализатор,  роликті 
бөлшектен тұрады. Осы жерде қажетті қалыптар құйылады. Үздіксіз шойын 

 
93 
құйылатын машинаның 6 шүмегі бар. МНЛЗ №3 машинаға  қажетті шикізат 
конвертер цехтарында балқытылатын шойын болып табылады. 
Елбасының жұмыс сапары бұдан кейін Қарағанды қаласында жалғасын 
тапты.  Құрметті  қонақ  алдымен  «Ариста»  мейрамхана  кешенінде  Қазақстан 
Республикасы  Тұңғыш  Президентінің  құрметіне  арналған  «Салтанат»  деп 
аталатын  балды  көріп,  тамашалады.  Мұнда  кілең  жас  жігіттер  мен  қыздар 
мерекелік киім – қара костюм, ақ көйлек киініп дөңгелене биледі. Жастардың 
биін  тамашалаған  Елбасы  риза  болып,  оларға  сәт-сапар  тіледі,  «Өнерлерің 
өрге бассын» деп бата берді. 
Бұдан  кейін  ел  Президенті  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  уни-
верситетіне келді. Бұл жерде Мемлекет басшысын оқытушы – профессорлар 
құрамы,  студенттер  және  осы  жоғары  оқу  орнында  Н.Назарбаевпен  бірге 
оқыған курстастары қарсы алды. Олармен емен-жарқын әңгіме болды. 
Қазіргі  уақытта  Еңбек  Қызыл  Ту  орденді  Қарағанды  мемлекеттік  тех-
никалық  университеті  Қазақстандағы  ірі  техникалық  жоғары  оқу  орын-
дарының бірі болып табылады. «Электронды университет» мәртебесін алған 
республикамыздағы  жоғары  оқу  орындарының  алғашқы  алтылығына  енген. 
Еліміздің  ІІ  инновациялық  конгресінде  ҚарМТУ  «Үздік  оқу  орны» 
номинациясы  бойынша  дипломмен  марапатталған.  2008  жылы  Еуропалық 
бизнес-ассамблея  комитеті  (Оксфорд,  Ұлыбритания)  осы  оқу  орнын 
халықаралық  бағдарламаны  жүзеге  асырғаны және оқытушылардың  жоғары 
кәсібилігі  үшін  «Еуропалық  сапа»  халықаралық  наградасын  берген.  2009 
жылы  ҚарМТУ  Болонья  қаласындағы  (Италия)  университеттердің  ұлы 
хартиясына қол қойған. Осының арқасында ол әлемдік білім беру кеңістігіне 
шығып, Еуропалық білім стандарттарына жақындағанын растады. 
* * * 
2  желтоқсанда  ел  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қарағанды  облысына 
жұмыс  сапары  жалғасын  тапты.  Алдымен  Мемлекет  басшысы  жөндеуден 
өткен  облыс  әкімдігінің  ғимаратын  аралап  көрді.  Бұдан  кейін  осында 
«Сарыарқа» арнаулы экономикалық аймағының қызметіне қатысты жиналыс 
өткізді. 
Бұрын белгілі болғандай, арнаулы экономикалық аумақ Мемлекет бас-
шысының  2011  жылғы  қараша  айындағы  Жарлығына  сәйкес  құрылған 
болатын.  Бұл  аймақтың  міндеті  ыңғайлы  инвестициялық  жағдай  қа
 
лыптастырып,  инвестициялық  жобаларды  жүзеге  асыру  үшін  отандық  және 
шетелдік  инвестицияны  тарту  болып  табылады.  Соның  ішінде  металлургия 
өнеркәсібі  және  металл  өңдеу  саласын  дамытуға  көңіл  бөлетін  болады. 
Әсіресе,  әлемдік  сауда  маркасы  бар  өндірушілерді  тарта  отырып,  дайын 
өнімдер өндірісін кеңейтуге көңіл бөлетін болады.  
Бүгінде арнаулы  экономикалық аймақта бюджеттен бөлінген 150 млн. 
доллар көлеміндегі қаржыға барлық инфрақұрылымдар жасалып, 53 резидент 
тіркеліп, 24 жоба орналастырылған. Жалпы алғанда, арнаулы экономикалық 
аумаққа қатысушылардың инвестициялық портфелінде 2 млрд. доллар қаржы 
бар.  Жобалар  металлургия,  құрылыс  индустриясы,  машина  жасау 
салаларында іске асырылады. 

 
94 
Жиналыс үстінде облыс әкімі Әбілғазы 
Құсайынов еліміздің Президентіне аймақтың 
әлеуметтік-экономикалық  дамуы  туралы 
және  үдемелі  индустриалдық-инновациялық 
дамудың  мемлекет  бағдарламасын  жүзеге 
асыруы 
жайлы 
айтып 
берді. 
Өз 
компанияларының 
алдағы 
жұмыстары 
туралы  мемлекет  басшысына  «Қазақмыс» 
корпорациясы» ЖШС және «АрселорМиттал 
Теміртау»  АҚ-ның  басшылары  баяндап 
берді.  Сонымен  бірге,  «Сарыарқа»  АЭА 
алаңында индустриализация картасына енген 
«Метаннан  электр  энергиясын  алу  қондырғысы»,  «Интерактивті  жабдықтар 
өндіру» жобалары көрсетілді. 
* * * 
Мұнан кейін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкім-
дігінде  жұртшылық  өкілдерімен  кездесу  өткізді.  Облыс  әкімдігінің  мәжіліс 
залына  жиналғандар  алдына  келгенде  жылы  амандасып,  олардың  жайғасып 
отыруын  өтінді.  Одан  соң  жұртшылық  өкілдері  өздерінің  Елбасына  деген 
алғыстары мен жүрекжарды пікірлерін білдірді. 
Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігі «Арай» ансамблінің әншісі 
Меруеш Башай: 
–  Азаттықты  аңсаған  ата-бабаларымыздың  асыл  арманы  орындалып, 
қазақ  еліміз  егемендігін  алды.  Жат  жердегі  қандас  бауырларыңыз  елге 
оралды.  Солардың  бірі  мен,  өзіңіздің  ақ  батаңызды  алып,  шақыруыңызбен 
2008 жылы Моңголиядан келдім. 
Елге келіп, еркін өмір сүріп жатырмын. Сол жақсы көңілден туған өлең 
жолынан бір шумақ оқуға рұқсат етіңіз. 
Айбыны күшті Алашым, 
Жаңғыртып тау мен даласын, 
Бұдан жиырма жыл бұрын
Атырау, Алтай арасын, 
Қолына көк ту ұстатып, 
Қолтықтап атқа қондырды, 
Нұрсұлтандай баласын. 
Құрыштай піскен сол бала, 
Ақылы, күші мол, дана, 
Олжа салды ойрандап
Еңсесі биік ордама. 
Олжаға бөлеп орданы, 
Ел ертеңін болжады. 
Қазақтың тәуелсіздігін, 
Аттан түспей қорғады. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  (Қарағанды  қаласы)  ғылыми-
сарапшылар тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский: 

 
95 
–  Мен  еврей  мәдени  орталығының  төрағасымын.  Бүкіл  этно-мәдени 
бірлестіктер 
атынан, 
Қазақстан 
халықтары 
Ассамблеясы 
атынан 
Қазақстанның  гүлдене  беруі  үшін  жасап  жатқан  еңбегіңіз  үшін  зор 
ризашылықпен  алғыс  айтуыма  рұқсат  етіңіз.  Сіздің  арқаңызда  елімізде 
келісім ахуалы қалыптасты. 
Қазір  Сіз  әлеуметтік  жаңғырудың  жаңа  бағдарламасын  жария  етіп, 
халықтың  шығармашылық  белсенділігіне  жан  бітірдіңіз.  Мен  Сіздің 
Қазақстан  халықтар  Ассамблеясының  ХІХ  сессиясында  сөйлеген  сөзіңізді, 
қоғамдық  көшбасшыларға,  жастарға  Ассамблеяның  рухын  әрбір  азаматқа 
жеткізуге,  болашаққа  қызмет  етуге  шақырған  тілектеріңізді  ешқашан 
ұмытпай, есте сақтаймын. 
Жезқазған қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, еңбек ардагері Мүсілім 
Тоқтасынов: 
– Мен Жезқазған өңірі халқының, Сізге деген шексіз алғысын жеткізуге 
келіп тұрмын. 
Сіздің тікелей қолдауыңызбен осы аймақтың дамуына кешенді жоспар 
жасалынды.  Халықтың  әл-ауқатын,  тұрмысын  жақсартуға  қосымша  130 
млрд. теңгедей қаржы бөлінді. Елдің еңсесі көтеріліп, бір серпіліп қалдық. 
Бүгінде  Жезқазған  –  Бейнеу,  Арқалық  –  Шұбаркөл  теміржолдары 
салынып  жатыр.  Қазақстанда  кейінгі  жылдары  5  темір  жол  салынған  екен. 
Солардың  барлығының  ұзындығы  1000  шақырымды  құраса,  осы  салынып 
жатқан екі жолдың ұзынды – 1200 шақырым болып отыр. Басқа аймақтармен 
ара  қашықтық  500  шақырымға  дейін  қысқармақ.  Осы  жолдардың  бойында 
қаншама  елді  мекендер  салынбақ.  Мыңдаған  жаңа  жұмыс  орындары 
ашылмақ. Бүгінгі таңда темір жол құрылысына жұмысшылар, әсіресе, жастар 
орналысып  жатыр.  Бұл  ғасырлық  жоба  5  жылда  орындалмақшы.  Бұл 
дегеніңіз ғажап, қол жетпес арман емес пе. 
Шахтинск  қаласы  «Құрылыс»  ЖШС  №2  өндірісінің  бастығы  Мақсат 
Мұратбекова: 
–  Мен  кен-шахта  жабдықтарын  шығаратын  өндірістің  бастығы  болып 
істеймін.  Осы  өндірісте  істегеніме  24  жыл  болыпты.  Мен  қарапайым 
жұмысшы  болып  бастадым,  «Лайықты  еңбек»  деген  тақырып  маған  өте 
жақын.  Менің  басшылығыммен  500-ден  астам  адам  еңбек  етеді.  Олардың 
орташа  айлық  табысы  112  мың  теңгеден  асады.  Масылдық  пиғыл  біз  үшін 
өте  жат.  Мұны  елдің  барлығы,  әсіресе,  бүкіл  әлем  жұртшылығы  ғаламдық 
дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған қазіргі шақта жақсы түсінеді.  
Бізде  істеймін  деген  адамға  жұмыс  жетеді.  Сондықтан  да,  біз  келер 
күнге  зор  сеніммен  қараймыз.  Сізге  Еңбек  адамына  қолдау  көрсетіп 
отырғаныңыз  үшін  зор  алғысымызды  білдіреміз.  Еңбек  еткісі  келетін  және 
тамаша табысы бар адамдарға біздің елімізде барлық жағдай жасалған. 
Балқаш  қаласындағы  «Зере»  құрылыс  компаниясының  директоры 
Серік Пішенбаев: 
–  Мен  Балқаш  қаласында  кәсіпкермін.  Ең  бірінші  кезекте  Сізді 
«ЭКСПО  –  2017»  көрмесін  Қазақстанда  өткізу  құқығын  жеңіп  алуыңызбен 

 
96 
құттықтаймын.  Егер  металлургтер  қаласының  даму  қарқыны  туралы  айтар 
болсақ, ТКШ-ын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру қарқыны қуантады... 
Осы жерде оның сөзін бөлген Президент: 
– Жаңғырту жайын халық қалай түсінеді? – деп сұрады. 
– Жақсы түсінеді,– деп жауап берді С. Пішенбаев. 
– Тұрғын үйді жаңғыртудың пайдасын халық білді ме? 
Енді біле бастады, – деген жауап қатты кәсіпкер. – Қала қысқа мерзім 
ішінде  түрленіп  шыға  келді,  осы  бағдарламамен  14  үй  қалпына  келтірілді, 
аулалар  көріктендірілді.  Балалар  алаңдары,  осы  заманғы  спорт  корттары, 
субұрқақтар  салынды.  Бұл  тек  бастауы  ғана.  Балқаштықтар  жаңа  өзгерістер 
алдында, олар бұл бағдарламаға зор ынтамен кірісті. 
Бұдан  соң,  Елбасының  1989  жылы  Қарағанды  қаласындағы  кеншілер 
ереуіліне шыққандар алдында сөйлеген сөзі киносюжет болып көрсетілді. 
Шағын кино көрсетіліп болған соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөзді 
алыстан орағыта бастады. 
–  Жаңағы  экранда  көрсетілген  осыдан  33  жыл  бұрын  болған  оқиға. 
Негізі,  мемлекеттің  шаруасы  барлығымызға  бірдей.  Елдің  барлығы  жұмыс 
істеуі  керек.  Тек  мүгедектер,  аурулар  және  зейнет  жасындағы  қарт  адамдар 
ғана жұмыс істемеуі мүмкін. Олар өздеріне тиесілі жәрдемақыларын алады. 
Ал,  ақсақалдар,  еңбек  ардагерлері,  олардың  еңбек  тәжірибелері  көпке  үлгі. 
Бірақ,  Жезқазғандағыдай  өз  беттерімен  мөр  жасап  алып,  билікке 
таласатындары  да  бар.  Елдің  бәріне  билік  жете  бермейді.  Жұмыс  жасау 
қажет.  Жұмыссыз  өмір  жоқ.  Өйткені  қазіргі  кезде  азық-түлікке  де,  суға  да, 
жылуға  да,  электр  қуатына  да  ақша  төлеу  керек.  Кейбіреулер  бізге 
корпорация 
немесе 
комбинат 
көмектессін,  ақша  берсін  дегенді 
айтады.
 
  Комбинатты  дамыту  қажет. 
Егер  комбинат  тоқтап  қалса  не 
болады? 
Ол 
ешкімге, 
ештеңе 
бермейді.  Демократия  өз  алдына. 
Бірақ,  құр  даурықпа  демократия 
болмайды.  Естеріңізде  болар,  сонау 
1993-1995  жылдар.  Бүкіл  дүкендердің 
сөрелері  бос  қалған  кез.  Міне,  сол 
кезде  маған  инвестор  тартуға  тура 
келді. Карметкомбинатқа үндістер сол 
уақытта  170  млрд.  АҚШ  доллары  көлемінде  инвестиция  салып,  еліміздің 
экономикасын сақтап қалдық. 
Кеңестік уақыттың дәуірі өткен. Басқа елдерде біздегідей жағдай жоқ. 
Бәрі  экономикаға  байланысты.  Бізде  жыл  сайынғы  экономикалық  өсім 
қарқыны  6-7  пайызды  құрайды.  Бұл  30-шы  жылдарға  қарай  тіпті  жоғары 
болады.  Біз 25-30  жылдары  экономикамыз  1,5  есе  ұлғаятын  елдер  қатарына 
қосылдық. 
Біз  қазір  мүлде  жаңа,  мүлде  басқа  елде  отырғандаймыз.  Біздің 
азаматтарымыз  басқа  елге  жұмыс  іздеп  бармайды,  қайта олардың  адамдары 

 
97 
бізге жұмыс іздеп келеді. Бүкіл әлемді жайлаған дағдарыс әлі басылған жоқ. 
Бұл күндері Испания, Греция, Португалия, Италия сияқты атақты елдер өте 
қиын жағдайды бастан кешуде. Біз болсақ, одан әрі даму жолын қарастырып 
жатырмыз.  «Кедендік  одақ»  осындай  мақсатпен  құрылды.  Бұл  –  менің 
бастамам.  Оған  қазір  Беларусь  Республикасы,  Ресей  Федерациясы  және 
Қазақстан  мүше.  Қарап  отырсаңыз  Ресейдің  алдыңғы  қатарлы  өндірістері 
біздің елге келіп, бірлескен кәсіпорындар құра бастады. Бұл – жақсылықтың 
белгісі. Ал, Оңтүстік Америкада «Интеграциялық одақ» деген құрылды. Жай 
уақытта  олар  бұған  бармас  еді.  Біздің  жүргізіп  жатқан  жұмыстарымыздың 
барлығы заңды, соған орай келешекте әлемдік рынокка шығу жоспарымызда 
бар. 
Екінші  бір  мәселе  –  индустриаландыру.  Естеріңізде  болар,  кеңестік 
кезеңде  миллиард  пұт  астық  жинаушы  едік  қой.  Соған  қарамастан  басқа 
елдерден  астық  сатып  алатынбыз.  Қазір  өзіміз  шет  елдерге  астық  сата 
бастадық.  Ұн  сатудан  әлемде  бірінші  орынға  шықтық.  Қазір  экономикамыз 
мүлде басқаша. 
Өздеріңіз  білесіздер,  елдің  барлығы  шағын  несиелер  ала  бастады. 
Ауылда  тұратындар  осындай  несие  алып,  5-6  сиыр,  оншақты  тауық  сатып 
алады  да  шаруашылығын  дөңгелете  береді.  Ондай  несиелерді  банктер  қазір 
18  пайызға  дейін  беріп  жүр.  Оның  кем  дегенде  5-6  пайызын  мемлекет  өз 
мойнына алады. 
Тағы  бір  мәселе  –  денсаулық  сақтау.  Бұрын  Қарағандыда  жүрекке 
ашық ота жасау деген болып па еді? Әрине, жоқ. Қазақстандықтардың орта 
жасы  –  70  болып  отыр.  Келешекте  бұдан  да  жоғары  болмақ.  Денсаулық 
сақтау саласын бұрынғыдан да дамыта беретін боламыз. 
Негізгі мақсатымыз – жастарды еңбекке баулу болып табылады. Бүгін 
осында  зияткерлік  мектеп  ашамын.  Онда  дарынды  балалар  оқитын  болады. 
Талантты  балаларды  жинамақ  ойымызда  бар.  Бұдан  соң  олар  Назарбаев 
Университетінде  оқитын  болады.  Ондай  бала  кез  келген  жерде  жұмыс 
істейді. 
Ендігі  бір  мәселе  –  қазақ  тілі  елімізде  басты  тіл  болмақ.  Мәселен, 
Америкада барлығы өздерін «американдықпыз» деп атайды. Болашақта бізде 
де сондай болады. Орыс тілі ешқашан жоғалмайды. Үш тілді білу парыз. Біз, 
сонда  ғана  басқа  елдерге,  әлемге  шығатын  боламыз.  Тілді  неғұрлым  көп 
білген  адам  –  соғұрлым  ақылды  болмақ.  Мәселен,  Үндістан  Англияның 
отарынан бостандық алған соң ағылшын тілінен бас тартқан болатын. Бірақ 
олар  көп  ұзамай  мұның  қате  екендігін  түсініп,  қайтадан  ағылшын  тілін 
қабылдады.  Қазір  балалармен  кездесемін.  Олардың  көпшілігі  үш  тілде 
сөйлейді.  Баланы  жас  кезінен  үйретсе,  соғұрлым  жеңіл  болады.  Интернет 
кеңістіктің өзі ағылшын және орыс тілдерінде ғой. 
Енді бір айта кететін мәселе – біз ядролық қарудан дұрыс бас тарттық. 
Бұл  –  өте  дұрыс  шешім  болды.  Атом  қаруы  бар  ел  әрқашан  бақылауда 
болады.  Бір-бірін  аңдып  отырғанның  несі  жақсы.  Ядролық  қауіпсіздігімізге 
АҚШ, Англия, Франция, Ресей сияқты мемлекеттер кепіл болған. 
*** 

 
98 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қарағандыда,  құрылысы  жүріп  жатқан 
химия-биология  бағытындағы  «Назарбаев  Зияткерлік  Мектебінде»  болды. 
Президент  мектеп  ғимаратын,  соның  ішінде  гимнастикалық  және  спорт 
залдарын  аралап  көрді.  Мұнда  бір  топ  жастармен  жүздесті.  Оның  арасында 
студенттік  құрылыс  отрядының,  «Қазақмыс  корпорациясы»  ЖШС-да  еңбек 
етіп жүрген жастар бар. 
Нұрсұлтан  Назарбаев  елімізде  білім  мен  денсаулық  салаларын 
жаңғырту,  спортты  дамыту,  өскелең  ұрпақты  жұмыспен  қамту  жөніндегі 
бағдарламаны қоса алғанда, жастар үшін қыруар істер атқарылып жатқанын 
атап өтті. 
– Зияткерлік мектепке талантты балалар іріктеліп алынады, кейін олар 
«Назарбаев Университетіне» түсе алады. Осылайша біздің еліміздің элитасы 
дайындалады.  Бүгінде  жастар  тәуелсіз  Қазақстанның  игілігі  үшін  жұмыс 
істеуге тиісті, - деді Мемлекет басшысы. 
Елбасының алдында Қарағандының жастары Президент бастамаларын 
қолдайтындықтарын,  ел  үшін  аянбай  еңбек  етуге  әзір  екендіктерін  білдірді. 
Студенттік құрылыс отряды облыстық штабының төрағасы Ербол Сармурзин 
–  өңірдің  жастары  құрылыс  жұмыстарына  белсенділікпен  араласып,  адам 
еңбегі мәртебесін арттыруға өз үлестерін қосып келе жатқанын жеткізді. 
Ербол Сармурзин: 
– Біз екі жыл қатарынан Сочиде Олимпиадалық нысандар құрылысына 
қатыстық.  Сіздің  тапсырмаңыздың  арқасында,  келесі  жылы  біз  Жезқазған-
Бейнеу  темір  жол  құрылысына  қатысатын  боламыз.  Біз  Қазақстанды 
өркендету жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз. 
Одан  кейін  сөз  алған  «Қазақмыс»  корпорациясының  цех  бастығы 
Мұрат  Бөрібаев  өзінің  мамандығы  Елбасының  мамандығындай металлургия 
маманы  екенін  мақтан  тұтатынын  айтты.  Сонымен  қатар,  ол  «Қазақмыс» 
корпорациясында  жұмыс  істей  жүріп,  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық 
университетіндегі оқуын жалғастырған екен. 
Мұрат Бөрібаев: 
–  Мен  болашақ  инженер  ретінде  кәсіпорынға  қажет  болдым.  Ал  қазір 
цех  бастығымын,  Сіздің  мамандығыңыз  сияқты  металлургия  саласының 
маманымын.  Сондықтан  өз  жұмысыма  екі  есе  жауапкершілікпен  қараймын. 
Жастар  Сіздің  барлық  бастамаларыңызды  әрдайым  қолдайды  деп  сендіргім 
келеді. 
Елбасы  заманауи  технологияларды  пайдалануда  жаңа  білім  алудың 
маңызды  екенін  атап,  өңірдің  жастарына  барлық  игілік  пен  алға  қойған 
мақсатқа жету жолында жетістіктер тіледі.  
Зияткерлік мектебінің құрылысы 2012 жылы аяқталады. Оның жобалық 
қуаты 720 оқушыға есептелген, жатақхана корпусы 120 орынға лайықталған. 
Ғимараттың  жалпы  аумағы  -  21  мың  шаршы  метр.  Үш  қабаттан,  он  төрт 
блоктан тұрады. Мұнда 62 оқу кабинеті, үш физика, химия және биологияға 
арналған  кеңейтілген  зертханалар  бар.  Оқу  кабинеттері  мен  зертханалары 
Қазақстан,  Ресей,  Ұлыбритания,  Германия  және  АҚШ  оқу  құралдарымен 
және  жиһаздарымен  жабдықталған.  Ұзын  сөздің  қысқасы,  мұнда  дарынды 

 
99 
балалар  үшін  барлық  қажеттіліктер  қамтылған.  Халықаралық  білім 
стандарттарына толық жауап беретін болады. 
Ал мұнда оқитын балалар үшін қазан айында іріктеу жүргізілді. 7,8,9-
сыныптардағы балалардан 1310 өтініш келіп түскен екен. Конкурстық іріктеу 
қорытындысы  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президентінің 
«Өркен» грантын тағайындауға 558 бала ұсынылған. 
Оқушыларға дәріс беретін мұғалімдер де сайдың тасындай әбден ірік-
телді.  Сынақтан  сүрінбеген  100  мұғалім  Назарбаев  Университеті  базасында 
2011-2012 жылдары оқуда болған. 
Бүгінде еліміздің 6 қаласында 7 зияткерлік мектеп бар. Атап айтқанда, 
Астанада  -2,  Талдықорғанда,  Көкшетау,  Семей,  Өскемен  және  Оралда.  Дәл 
қазіргі  уақытта  14  мектептің  құрылысы  жүріп  жатыр.  Олар  Астанада  -2, 
Алматы-2,  Петропавл,  Қарағанды,  Павлодар,  Ақтөбе,  Атырау,  Шымкент  -2, 
Қызылорда,  Тараз,  Ақтау  қалаларында.  Бұл  мектептердің  мақсаты  –  ұлттық 
интеллектуалдық  әлеуетін  дамыту.  Яғни,  аса  құнды  капиталл  –  адам 
капиталын  ел  экономикасында  кеңінен  қолдану.  Әлбетте,  өнертапқыш-
ғалымдарымыз көп болса, ғылымдағы өрісіміз де кеңейе түсері хақ. 

 
100 
СОДЕРЖАНИЕ 
 
1.  Нурсултан  Назарбаев,  Лидер  нации  первый  день  новой  эпохи 
Казахстана...................................................................................................... 

2.  Нигматулин  Н.  Нурсултан  Назарбаев  –  основатель  казахстанской 
модели парламентаризма.............................................................................. 
14 
3.  Келимбетов К. Архитектор реформ………................................................. 
27 
4.  Ганс-Дитрих 
Геншер,  Қазақстан  қазіргі  биігін  Назарбаевтың 
арқасында бағындырды................................................................................. 
31 
5.  Мансұров  Т.  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  –  еуразиялық 
интеграцияның көшбасшысы....................................................................... 
34 
6.  Бақтиярұлы Б. Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік................................... 
43 
7.  Ерғалиев Ж. 1 желтоқсан немесе мәңгілік ел болуға бастаған күн.......... 
51 
8.  Сатыбалдин С. Назарбаев өлшемдері....................................................... 
56 
9.  Алпысбаев Қ. Жасампаздық жолы елбасы жолдаулары туралы ой......... 
64 
10.  Могильницкий В. Создавали всем миром................................................... 
69 
11.  Оразбаев С. Елдік жолындағы ерлік............................................................ 
74 
12.  Есімбай С.
 
Үзеңгі дос.................................................................................. 
80 
13.  Самрат Ж., Несіпбай А. Қадамы қарышты Қарағанды....................…...... 
86 
14.  Сектенұлы  С.,Жанысбай  С.,  Айтжанова  Қ.  Қарағанды  –  Елбасының 
еңбек Отаны.................................................................................................... 
92 
 

 
101 
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
В книге использованы фотографии 
из Официального сайта Президента Республики Казахстан 
и ресурсов INTERNET 
 
 
 
                                                       
 
 
 
Основы имиджелогии 
на примере Первого Президента 
 
Под общей редакцией 
академика НАН РК А.М. Газалиева 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
Подписано в печать 28.05.13.  Формат 60x84/8. Объём 21,5 печ.л.  
21,3 уч.-изд.л.      Тираж 100 экз.      Заказ №970.     Цена договорная 
 
Издательство Карагандинского государственного технического университета 
100027, Республика Казахстан, Караганда, Бульвар Мира – 56
 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал