Өскембаев қанат Сәдуақасұлы



жүктеу 55.33 Kb.

Дата31.01.2017
өлшемі55.33 Kb.

ӨСКЕМБАЕВ 

Қанат Сәдуақасұлы 

Қарағанды - 2003 жыл 

Ә.Ә.ЕРМЕКОВТІҢ 

Қ ОҒАМДЫ Қ -САЯС И ЖӘНЕ 

АҒАРТУШЫЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІ 

(1891-1970 ж.ж.) 

АЛҒЫ СӨЗ 

Қазақстан егеменді ел болып, жеке мемлекеттік дәрежеге 

ие болғаннан бері  қазақ халқының тарихына үлкен үлес 

қосқан аяулы тұлғаларымыз туралы көптеген ғылыми 

еңбектер жазылып, жарық көріп жатыр. Бұл  қуанарлық 

құбылыс. 

Өткен XX ғасырдың 30-50-ші жылдары орын алған 

зорлық-зомбылықтың, заңдылықты бұзудың  құрбаны болып, 

жазықсыз жазаға  ұшырап, кейін ақталған  қазақ 

интеллигенциясының бір топ  қайраткерлері  қатарындағы ірі 

тұлғалардың бірі - көрнекті мемлекет және саяси-қоғам 

қайраткері, үлкен ғалым Ә.Ермеков болатын. Ол - тағдырдың 

не бір талқысына түсіп, арманда кеткен азамат. Өзінің 18 

жыл өмірін, өзі белсене  қатынасып  құрған мемлекет 

түрмелерінде өткізген ол 1958 жылы толық ақталды. 

Ә.Ермековтің есімі мен мұрасы енді міне халқымыздың 

рухани  қазынасына айналып отыр. 

Қазіргі уақытта оқырман  қауым Ә.Ермеков туралы кейінгі 

жылдарда жарық көре бастаған біраз мақалалардан таныс. 

Алайда, Ә.Ермековтің жеке өмірі, саяси-қоғамдық, 

ағартушылық  қызметіне арналған арнайы зерттеу 

жұмыстары жүргізілген емес. 

Қ.Өскембаевтың ғылыми еңбегі Ә.Ермеков мәселесін 

жан-жақты зерттеген тұңғыш еңбек. Бұл еңбекте жалынды 

қайраткердің өскен ортасы, саяси-қоғамдық және 

ағартушылық қызметі жан-жақты қарастырылған. Автор осы 

тақырып бойынша көп жылдар еңбек жасап, нәтижелерге 

жеткен. Зерттеу Ә.Ермековтің туып-өскен кезінен бастап, 

өмірінің соңына дейінгі аралықты  қамтиды. Сонымен бірге 

соңғы жылдары тарих ғылымында өзекті тақырыптар, соның 

ішінде  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстың көрнекті 

тарихи  қайраткерлердің өмірі мен  қызметін зерттеуде 

қалыптасқан жаңа концепциялар мен ой-тұжырымдар 

негізінде жұмыс жасаған. Автор бұл ретте, әсіресе, патшалық 

билік пен кеңестік жүйеге, біржақты коммунистік идеологияға 



қатысты 

қалыптаса бастаған үстіртін ғылыми 

тұжырымдарды ескере отырып,  қайраткер өмір сүрген және 

қызмет жасаған күрделі тарихи кезеңнің ерекшелігін мүмкін 

болғанша толық  қамти алған. 

Автор өз еңбегінде Қазақстан Республикасының (Алматы, 

Семей,  Қарағанды) және Ресей Федерациясы (Москва, 

Куйбышев, Том, Омбы)  қалаларында жинақталған архив 

қорлары  құжаттарын, кітапханалардағы сирек кездесетін 

кітаптар мен  қолжазбаларды зерттеу жұмысында кеңінен 

пайдаланған. Еңбектің деректемелік негізі өте мол. Зерттеуші 

арнаулы рұқсат  қағаздармен  Қазақстан Республикасы 

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті архивтерінде (Алматы, 

Қарағанды) жұмыс жасап, ондағы  құжаттарды III-тараудың 

2, 3 бөлімдерінде анықтап,  қажетті тұжырымдар жасаған. 

Автордың Әлімхан Ермеков туралы тарихи еңбегі - жаңа 

қоғамымыздың, бүгінгі мен келешек  ұрпақтарының рухани 

өсіп-өнуіне, дамуына ықпал етері айдан анық  қағида. 

Оқырман  қауымға Әлімхан Ермековтің өмірінің тарихи 

тағлымы мол. Әр адамның талабы мен  қабілетінің дамуы 

қоғамдық өмірімен байланысты. Ал адам алған білімін, өзінің 

адал еңбегімен халқына  қайтаруы парыз. Ә.Ермеков өз 

парызын халқының алдында толық орындаған тарихи тұлға. 

Биыл туғанына 112 жыл толайын деп отырған осы қайраткер 

алдында, бүгінгі  ұрпақ  қарыздар. Егеменді ел, тәуелсіз 

мемлекет болған дәуірімізде, елімізге, халқымызға еңбегі 

сіңген,  қаны мен жанын аямаған Әлімхан Ермеков сияқты 

азаматтарды еске алып, тарихи тұлға болғанын ғылыми 

дәрежеде дәлелдеу, келешек  ұрпақтар үшін өте  қажет. 

Д.А.Шаймұханов, 

тарих ғылымдарының докторы, профессор 



Бірінші тарау: 

МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХНАМАСЫ 

ЖӘНЕ ДЕРЕКТІК НЕГІЗДЕРІ 

I. ТАРИХНАМА 

Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз 

мемлекетіміздің құрылуы - қазақ халқының талай ғасырларға 

созылған  ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. 

Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол  ұлы 

белестерден,  қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ 

мемлекетіміздің ірге тасы осы тарихи кезеңдерде  қаланған 

болатын, сондықтан да азаттық жолындағы  қасиетті де 

қасіретті күрестің тарихын және  ұлт мүддесі жолында 

күрескен  қазақ зиялыларының өмірі мен  қызметін зерттеп 

тануға  қазіргі таңда зор мүмкіндіктер туып отыр. Бүгіндер 

біз туған еліміздің, Отанымыздың шынайы тарихын білуге 

деген  ұлттық сана-сезімнің бұрын-сонды болмаған өрлеуінің 

куәсі болып отырмыз. 

Тарихымызға деген  қоғамдық сұраныстың жоғарғы 

деңгейін  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылды «Жалпы-ұлттық татулық пен 

саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу», 1998 жылы 

«Халық бірлігі мен  ұлттық тарих жылы», ал, 1999 жылды 

«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» - деп жариялауы, 

тарихи танымның  қоғамдық дамуда алатын орнын терең 

ұғынудан туған шара екендігі даусыз. 

Бұрын коммунистік партияның саяси бағытымен жеке 

таптың мүддесінен шыға алмаған тарихшы  қауымның 

зерттеудегі ендігі міндеттері тарихымыздың «ақтаңдақ» 

беттерін,  құлдық психологиядан, жалған концепциялардан 

азат етіп, өткенімізді шындық тұрғысынан зерделеп, 

тарихтану ғылымының гуманистік борышын орындауға адал 

қызмет етулері болып табылады. 

XX ғасыр басындағы  қазақ зиялыларын ойландырған 

мәселелер; елдің елдігін,  ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын 



сақтау, халқын өркениетті елдердің  қатарына  қосу, ол үшін 

елін қалың ұйқыдан оятып - оқу, өнер-білім, іскерлік жолына 

салу, ең бастысы дербес мемлекеттігін  құру еді. Бұл тіпті 

бүгін де күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Осы орайда, кезінде 

тәуелсіздігіміз үшін күрескен, сондықтан да кеңестік 

тоталитарлық жүйенің  құрбаны болып,  қуғынына  ұшыраған, 

саяси жүйе есімдерін кейінгі  ұрпақ санасынан біржола 

ығыстыруға күш салған тұлғалардың тарихымызға  қайта 

оралуы аса  қажет. 

Сондай ірі саяси  қайраткер, халқына  қалтықсыз  қызмет 

еткен «Алыптар тобының» көрнекті өкілі,  қазақ елінің 

тәуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан «Алаш» 

қозғалысының көшбастарларының бірі, көрнекті мемлекет 

және қоғам қайраткері, әрі ғалым, ірі ұстаз, белгілі ағартушы 

Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің (1891-1970) алатын орны 

ерекше. Ә.Ермеков тәрізді тұлғаның өмірі мен  қызметіне 

дұрыс баға беру, тарихымыз үшін ғана емес, егемен 

Қазақстанның жас  ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан 

тәрбиелеу үшін аса  қажет. 

Бұған  қосымша - осы уақытқа дейінгі жазылған отандық 

тарихымызда жеке тұлғалардың  қызметі өз дәрежесінде 

баяндалды деп айтуға әлі ерте. Ал XX ғасыр басындағы 

күрделі саяси оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, 

терең із  қалдырған Ә.Ермеков сияқты ірі  қайраткерлердің 

қызметі мен  қоғамдық-саяси көзқарасын жан-жақты талдау 

арқылы, біз тарихымызды одан әрі терең түсінуге жол 

ашпақпыз. 

Қазақ қайраткерлерінің күрес тарихы негізінен екі кезеңнен 

тұрады, алғашқысы -  ұлттық-демократиялық бағыттағы 

Алаш, ал екіншісі - кеңес дәуіріндегі жаңа, жас буын өкілдері 

жүргізген істер. Алаштың көрнекті жетекшілері 

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқаев, 

М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, 

Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, Х.Ғаббасов және тағы басқалар 

Петербург, Мәскеу, Варшава,  Қазан, Омбы, Орынбор мен 

Том жоғарғы оқу орындары мен училищелерін бітіріп 





шыққан, аса білімді адамдар еді. Кеңес дәуіріндегі саяси 

тұлғалар Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, 

Ы.Мұстамбаев, Н.Нұрмақов және басқалар, Алаш 

көсемдерінің 1917 жылы  ұлттық сипатта іске асырмақ 

болған бағдарламаларын кеңестік үлгіде жүзеге асыру 

жолында күрескен табанды  қоғам және мемлекет 

қайраткерлері болды. 

Кеңестік тарихнамада саяси партиялар тарихы,  ұлт-

азаттық  қозғалыс көсемдерінің өмір жолын зерттеуі  қолдау 

тапқан емес, ал зерттеле  қалған күнде тарихи шындықтан 

алшақ бұрмаланып жазылды. Зерттеушілер олардың 

қызметіне «буржуазияшыл-ұлтшыл», «контрреволюционер», 

«халық жауы» - деген баға берді. Мұндай тұжырым 

Ә.Ермековке де  қатысты. Сондықтан тарихнамада теріс, 

біржақты баяндалуы да, бұл тақырыптың зерттелу 

қажеттілігін айқындай түседі. 

XX ғасырдың басында азаттық  қозғалыстың жетекшісі 

Ә.Бөкейханов және оның төңірегіндегі  ұлт-зиялылар 

шоғырының  қатарында Ә.Ермековте халқына бостандық 

әперуге, тұрмыс жағдайын өзгертуге, өркениет биігіне 

көтеруге бар ғұмырын арнаған. 

Ә.Ермеков сияқты ірі тұлғаның өмір жолына,  қызметі мен 

қоғамдық-саяси көзқарасын талдауға арналған зерттеу 

жұмысы ол өмір сүрген тарихи кезеңдегі халқымыздың 

ғылыми тарихына  қатысы бар көптеген мәселелерді 

анықтауға көмегін тигізеді деп ойлаймыз. 



Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ә.Ермековке арналған 

еңбектер бүгіндер біршама болғанымен, оның өмірбаянын 

ғылыми тұрғыда неғұрлым толық, әрі жүйелі түрде талдауға 

алынып жазыла  қойған жоқ. Зерттеулердің басым көпшілігі 

ол жайында ақын-жазушылардың, жекелеген  қаламгерлердің, 

замандастарының шығармалары. 

XX ғасырдың басындағы  қазақ  қайраткерлерінің 

қоғамдық-саяси  қызметін зерттеудің тарихнамасын 1920-

1930 жылдардан-ақ жариялана бастаған мақалалардан 

табуға болады. Бірақ, ол кездегі жарияланымдарда 





Ә.Ермековтің қоғамдық-саяси, ғылыми және кәсіби қызметіне 

байланысты, жеке  қарастырған еңбектер мүлде жоқ. 

Сондықтан; біз жалпы «Алаш»  қозғалысына арналған 

зерттеулерге сүйеніп, Ермековтің де XX ғасыр басындағы 

саяси  қызметіне байланысты өмірінің кейбір тұстарымен 

танысып, шындыққа жеткендей боламыз. Зерттеулерге келсек 

алғашқы жазылу мезгілі азамат соғысы аяқталысымен 

басталған. 1920-жылдардың ортасына дейінгі аралықты 

қамтитын еңбектердің (естеліктер, мақалалар, арнайы 

зерттеулер) бірсыпырасы кейінгі жылдарға  қарағанда 

біршама обьективті жазылған. Мұнда  қазақ зиялыларымен 

бірге Ә.Ермеков  қатысқан  қозғалысқа, үкімет билігін  қолына 

алғанына әлі көп уақыт бола қоймаған большевиктік биліктің 

және осы тәртіпке  қызмет етуге шешім  қабылдаған  ұлт 

зиялыларының алғашқы саяси бағалары берілген. Бұлардың 

ішіндегі ең маңыздысы Алаш  қозғалысының көрнекті 

жетекшілерінің бірі - Ахмет Байтұрсыновтың «Революция 

және  қырғыздар» атты мақаласы. Онда автор 1917 жылғы 

Ақпан революциясы мен  Қазан төңкерістерін  қазақ 

халқының  қандай дәрежеде  қарсы алғанына тоқталып, 

«Алаш» партиясы туралы, сондай-ақ Алашорда үкіметінің 

Уақытша үкіметпен 

қарым-қатынасы жайлы өз 

тұжырымдарын баяндайды/1/. Сонымен бірге, сол кезде 

жарық көрген С.Сейфуллиннің «Қазақ зиялылары хақында» 

деген мақаласы мен «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-

публицистикалық еңбегі. Алашордашылардың көпшілігін 

жақсы танитын, олардың жетекшілерімен замандас 

С.Сейфуллин бұл еңбектерде 1905 жылдан бастап  ұлттық 

теңдік туралы идеяны  ұран етіп алған, жаңа оянып келе 

жатқан  қазақ интеллигенциясының басшыларын атай 

отырып, «алаш  қозғалысы», «Алаш» партиясы, «Алашорда» 

өкіметі деген  ұғымдарды жиі  қолданады. Бірақ, бұл 

атаулардың бір-бірінен  қаншалықты өзгешелігі бар екендігіне 

тоқталып, мән бермейді. Әсіресе, 1936 жылдан кейінгі 

басылымдарда шындықтың шырайын бұзатын сөз орамдары 

да жиі кездеседі. Демек, С.Сейфуллин  қаншама нақты 



дерекпен сөйлеймін десе де Ә.Ермековтей жекелеген тұлғалар 

туралы сөз  қозғағанда саяси дүрмектен бұра тарта алмай, 

кезеңдік идеологияның сойылын соққанын көреміз/2/. 

1922 жылдан  қазақ  қайраткерлеріне  қарсы саясат бел 

алып, жоғарғы мемлекеттік билікте жүрген алашорда-

шылардың көпшілігін қуғындау басталған болатын /3/. Бұған 

негіз болған РКП(б) Орталық Комитетінің  Қырғыз (Қазақ) 

бюросының кеңес органдарының  құрамына «әлеуметтік тегі 

жағынан жұмысшы немесе шаруа әулетінен шыққан 

адамдарды сайлау, сондай-ақ, алашордашыларды және 

олармен тығыз байланысты болғандарды  ұсынбау/4/ 

жөніндегі шешімі еді. 

Бұл кезең  ұлттық тұлғаларды  қаралаған «саяси 

жарлықтарға» жабу боларлық ғылыми әдебиеттерді талап 

етті. Нәтижесінде жалпы партиялық нұсқауға сәйкес 

жекелеген адамдардың Алашорда тарихына арналған еңбек-

тер жазыла бастады. Олар, 1927 жылы А.Бочаговтың /5/, ал, 

1929 жылғы Н.Мартыненконың  құрастыруымен, О.Исаевтың 

алғысөзімен «Алашорда» атты  құжаттар жинағы/6/, 1933 

жылы желтоқсанда  Қазақ марксизм-ленинизм, ғылыми-

зерттеу институтында Алашорда мен Алаш партиясы туралы 

пікірталас өткізілді. Онда аталған институттың 

қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро «Алашорданың 

тарихи рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады. Кейін 1935 

жылы осы ой-тұжырымдар жеке кітап болып жарық көрді/7/ 

Бұл еңбектерде Алашорда жетекшілерінің үндеулері мен 

мәлімдемелері, Алаш партиясының съездерінің шешімдері, 

партия бағдарламасының жобасы тәрізді Алашорда және 

Алаш партиясының  қызметін көрсететін бірнеше  құжаттар 

жарияланған еді. Алашорданы  ұлтшыл контрреволюцияның 

үкіметі деп анықтаған және оның тарихына жеңіл-желпі 

қарамауға шақырған бұл еңбектер жарық көрісімен жан-

жақты сынға алынып,  ұлтшылдық идеологияны таратуға 

қызмет етті деп бағаланып, пайдаланудан алып тасталынды. 

XX ғ. 30-жылдары  қазақ саясаткерлерінің  қоғамдық-саяси 

қызметін зерттеуге ресми түрде тыйым салынды. 1930-1932 








©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал