Осыдан ондаған миллион жылдар бұрын Кере ку өңірі қазіргі Африкадай болған. Ғалым­



жүктеу 0.74 Mb.

бет1/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Осыдан  ондаған  миллион  жылдар  бұрын 

Кере ку  өңірі  қазіргі  Африкадай  болған.  Ғалым­

дардың  айтуынша,  ол  жерде  кәдімгі  лавр,  банан, 

пальма  ағаштары  өсіпті.  Павлодар  шаһарының 

ір ге сіндегі  Ертіс  өзенінің  жағасынан  табылған 

көптеген  тропикалық  аңдардың  қаңқалары  осы­

ны  айғақтайды.  Мамонт,  мүйізтұмсық,  жираф, 

түйеқұстарды  айтпағанда,  бүгінде  жойылып 

кеткен  үш  бақайлы  жылқы  тұқымдас  жануар  мен 

қанжар  тісті  мысықтар  мекен  еткені  рас.  Әлемде 

бұл  жаңалықты  алғаш  рет  осыдан  81  жыл  бұрын 

Ресей  ғалымы  Юрий  Орлов  ашты.  Арада  бір 

жылдан  кейін  «зерттейміз»  деген  желеумен  Ертіс 

жағасынан  16  000  тонна  аң  сүйектерін  арнайы 

экспедиция  Мәскеуге  артып  кетті.  «Қаз  қонақ» 

1971  жылы  республикалық  маңызы  бар  табиғат 

ескерткіштерінің  тізіміне  енгізілді.  Осылайша, 

аталған  аумақты  мемлекет  өз  қарамағына  алған. 

Арадағы  апыр­топырдан  кейін  2001  жылы  «Қаз 

қонаққа» егемен Қазақ станның табиғат ескерткіші 

деген  мәртебе  бер ді.  Ашық  аспан  астындағы 

мұражай­саябақ  жасай мыз  деді.  Алайда  әйгілі 

табиғат ескерткіші бүгінгі күні жойылып кетудің аз­

ақ алдында тұр. 

«Қаз  қонақ»  құжат  жүзінде  ерекше  қорғалады 

дегені  болмаса,  қазір  бұл  жер  қалалықтардың 

қоқыс төгетін орнына айналған. Әлемде тең десі жоқ 

табиғат сыйы бас­көз болатын биліктің жоқтығынан 

құрып барады. Әрине, жергілікті халық бұл жердің 

құндылығын біле бермейді. Оның үстіне, аумақтың 

айналасы қоршалып, белгілер қойылмаған соң, бұл 

жер жынойнаққа айналғаны жасырын емес. 



Жалғасы 3-бетте

Бірқатар  банктер  сол  баяғы  ипотекалық  не­

сиені  қайта  қаржыландыруға  бөлген  ақшаны 

иге ре  алмай  келеді.  Не  ақша  тым  көп  бөлініп 

қой ған,  не  өздері  дағдарыс  кезінде  жұмыс  іс­

теуге  дұрыс  құлық  танытпай  отыр.  «Қаржының 

мо лынан  бөлінгеніне  қарамастан,  банктердің 

қаржы  игерулері  еш  қанағаттандырмайды.  Осы 

аптада банктердің басшыларын шақырып алып, 

олармен қатаң әңгіме жүргіземін. Бірқатар банк­

терде еш қыбыр да жоқ», – деп Өмірзақ Шөкеев 

бір сілкінді. 

Бірінші  вице­премьерді  «өкпелеткен»  мәлі­

меттерді  сол  беті  назарларыңызға  тізіп  берейік. 

«Халық  банкіне»  «Самұрық­Қазына»  ұлттық  әл­

ауқат қорынан 24 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі 

таңда  банкке  5  миллиард  700  миллион  теңгенің 

өтініші  түсіп  отыр.  Яғни  1700  несие  алушы  өтініш 

берген.  Ал  банк  болса  48  өтінішті  ғана  қарап 

үлгерген.  Осы  өтініштер  үшін  банк  бөлінген  қар­

жының 135 миллион теңгесін ғана игерген. «Аль­

янс  банкке»  14  миллиард  теңге  қаржы  құйылды. 

Ал банкке түскен өтініштер 1 миллиард 800 мил­

лион теңгені құраған. Банк болса тек 164 адам ның 

өтінішін қанағаттандырып, оған 629 мил лион теңге 

бөлген.  «Каспий  банкке»  бөлінген  3  миллиард 

теңгенің  137  миллион  теңгесі  ғана  иге рілген.  Ал 

өтініштердің құны 1 миллиард 600 миллион теңге 

болған. «Темірбанктің» де жағда йы мәз емес. 

Жалғасы 2-бетте

ЖОҚ

– Ең бастысы, баланың аман­сау қал­

ғандығын ойлағанымыз абзал. Ба ланың 

өмірі мен денсаулығына еш қан дай қауіп 

төнбеген  жағдайда,  «кө кек  аналарды» 

қорғайтын  заң  нор маларын  өз  басым 

қолдаймын.  Қателік  жіберіп  алды  екен, 

шалыс  бас қан  қыздарымызды  табалап, 

болма са,  жауапкершілікке  тартқанымыз 

артық тау. 

Әрбір  адамның  құқы  заңмен  белгі­

лен ген.  Сол  сияқты  егер  баласынан  рес­

ми  түрде  бас  тартса,  оған  қандай  да  бір 

талап  қойғанымыз  заңға  қайшы.  Кім 

қа телеспейді?  Мүмкін,  баласынан  бас 

тартуға  итермелеген  нақты  себептер 

болған  шығар?  Мәселен,  баланы  бағып­

қағуға  денсаулығы  мүмкіндік  бермейді 

делік,  болмаса,  тұрмыстық  жағдайы  тым 

төмен. Ертеңгі күні қарабет боларын ойлап, 

тығырыққа  тірелген  қыздың  мораль дық 

жағдайын да ескерген жөн. 



ИӘ

–  Егер  баланың  өміріне  ешқандай 

қауіп  төнбесе,  біздің  елдің  Қылмыстық 

кодексінде  «кө кек  аналарды»  жауапқа 

тарту көз дел меген. Бұл жағы кімге болса 

да  бел гілі.  Ал  менің  бұған  айтар  қарсы 

уәжім  бар.  Әрине,  заң  бәрімізге  ортақ. 

Оны  орындауға  тиіспіз.  Алайда  заң  шы­

ғаратындар  адамдардың  өздері.  Олай 

болса, о баста «көкек аналарды» жауаптан 

босатып  қойғанымыз  қалай  болды 

екен?  Анасының  баладан  бас  тартқаны  

ешқандай ақылға сыймайды. Біз, әсіресе, 

баласы  дегенде  өзегін  үзіп  беруге  бар 

атаның ұрпағы екенімізді ұмытпайық. 

Тарихты  қозғайтын  болсақ,  бізде 

жетім атымен болмаған. Жалғыз қалған 

баланы  туған­туысы  бауырына  басып, 

ауыл болып қамқорына алған. Қазір ше, 

ағайын тұрмақ, баласынан әке­ше ше ле­

рі нің өздері безіп кетіп жатыр.

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№58 (58) 

21 сәуiр

сейсенбi


2009 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

Марат СӘрСенбаев, 

заң ғылымының докторы, 

профессор:

айгүл ШөпШекбаева,

Алматы қалалық ІІД-нің Қоғамдық 

қауіпсіздік басқармасы бастығының 

орынбасары:

ҮКІМЕ


Т

4-бет

5-бет

7-бет

Ой­КӨКПАР 

Бұл жұдырық 

бұрынғы 


жұдырықтан 

өзгерек...

Уәйісті ұмыта 

бастағанымыз ба?



C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

«Төрдегі төртеу 

мен есіктегі 

екеуге» жем 

болып отырған 

шағын бизнесті 

қалай көтереміз?

www.аlashainasy.kz

150,15

196,29

4,49

21,98

7965,8

801,98

853,94







50,61

878,1

Қазақстан африкасы 

керекуліктерге керек болмай тұр

Туған баласынан ресми түрде бас тартқандарға қатаң жаза қолдану керек пе?

«Тастанды балалар саны көбейіп 

барады». Осылай деп дабыл қағып жүрген 

сарапшы-мамандар қоғамға «жағдайды 

қайтсек түзейміз» деп те сауал тастап жүр. 

Осы орайда өз ойларымен бөлісіп жүргендер 

аз емес. Солардың бірі «көкек аналарды» 

жазалау керек» деген ұсыныс жасайды. 

ескерте кетейік, біздің елдің заңдарында 

егер әйел баласын тиісті орындарға өз 

қолымен табыстап, бас тартатындығын 

қолхат арқылы жазып берсе, онда ол әйелге 

ешқандай да шара қолданбайды. ал осы 

дұрыс па, жоқ па, шынымен де, ойланатын 

нәрсе екен. 

павлодарлық шенеуніктердің әрекетсіздігі әлемде бірегейлігімен әйгілі 

болған табиғат сыйын жойып жіберуі мүмкін. «Қаз қонақ» деп аталатын 

ерекше қорғалуы тиіс аймақ қараусыз қалғалы қашан. ресми құжатта 

«республикалық маңызы бар» деп көрсетілгенімен, іс жүзінде иесі жоқ. 

кереку жеріндегі қазақ африкасының қазіргі жайы алаңдатарлық.

банктердің қорықпайтыны қалай?

болат аТабаев, 

режиссер:

«Дағдарыс дегеніміз – зорлау 

ғой,  ендеше,  босаңсып  ләззат 

алу керек».



(www.time.kz сайтынан)

ТҮ

й



ТКІ

л

ДАТ!



6-б

етте

Қали СӘрСенбаЙ:

МЕКТЕП 


БАҒДАРлАМАСыНА 

«ТұлҒАТАНУ» ДЕгЕН 

ПӘН ЕНгІзУ КЕРЕК

Ал балалардың алды 18­ге толып, алдағы жылы 

колледжді тамамдамақшы. Кейінгі бес­алтауы мектеп 

жасында болса, қалғандары әлі оған да жеткен жоқ. 

Тәжікеновтер  әулеті  қазіргі  пәтерде  2001  жылдан 

бері тұрып жатыр. Әкімнің рұқсат қағазымен осы үйге 

қол жеткізгені, әрине, олжа. Алайда бұл кезінде иесіз 

қалған үйлердің бірі болатын. 

Әлияның  айтуынша,  бұл  үй  төрт  қабырғасы 

болмаса, айдалада ақ отау, аузы­мұрны жоқ отау еді. 

Пәтерге  кіріп  алған  соң,  өздері  жылу  жүйелері  мен 

құбырларын ауыстырып, адам тұратындай жағдайға 

келтіріпті. Бірақ кезінде елдегі жағдайды ауыр санап, 

алысқа  кеткен  пәтердің  қожайыны  қай  күні  келіп, 

әңгіртаяқ орнатады деген алаң басылар емес. 

Жергілікті  басшылар  пәтер  иесі  табылмаса,  оны 

Әлияның  меншігіне  өткізіп  беруге  уәде  қылған 

екен.  Алайда  сол  уәденің  орындалуы  тым  созылып 

барады. 

38 жасында он баланың анасы болған Әлия пәтер 

мәселесінің әйтеуір бір шешілетінінен үміттенеді. Бір­

ақ қашан... – бұл жағы әзірге белгісіз. 



абат ҚараТаев,

Ақтөбе

38 жастағы  

10 баланың анасы 

заңсыз пәтерде 

тұрып жатыр

алға ауданының тұрғыны Тәжікеновтер 

әулеті он бала өсіріп отыр. балалардың анасы, 

38 жастағы Әлия 11 құрсақ көтергенімен, 

қазір он баласын ел қатарлы азамат қылып 

тәрбиелесем екен деп тілейді. Әлия айына – 

4965 теңге, тоқсанына 35 689 теңге жәрдем-

ақы алады. Отағасы болса айына 40 мың теңге 

еңбекақы алады. Ол 12 жаннан тұратын әулетті 

асырауға кейде жетіп, кейде жетпейді. 

Салтан СӘкен

Республикалық 

қоғамдық-саяси 

ақпараттық 

күнделікті 

газетке 2009 

жылдың екінші 

жартыжылдығына 

жазылу басталды. 

Жеке және заңды тұлғалар үшін:  

индекс – 64259. «Қазпошта» аҚ-тың 

барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

өткен жолы Үкімет шағын және орта бизнес саласын қолдауға бөлген ақшаны 

дұрыс игермеген банктерді еншіден қағып, қатты жазалаған болатын. 

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға бөлініп жатқан ақшаны орынды 

және уақтылы жұмсамаған банктерге де жазаның осы түрін қолданбақ. бұл – 

премьер-министр кәрім Мәсімовтің енгізген «қолма-қол басқаруының» жемісі. 

Әзірге «альянс банк» пен «Халық банкі» осы жазаның құрбаны болып кетуге 

жақын. Қауіптің беті қатты. Оны кеше астанада кәрім Мәсімовтің төрағалығымен 

өткен селекторлық кеңесте Үкімет басшысының бірінші орынбасары өмірзақ 

Шөкеевтің келтірген мәліметтері аңғартты.

А

бай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№58 (58) 



21.04.2009 жыл, сейсенбi

www.alashainasy.kz

2

Басы 1-бетте

«Мұндай нәтижелерге не істесе бо­

лады  екен?  Мүмкін,  өте  қатты  талаппен 

келу керек шығар банктерге. «Нұрбанктен» 

өті ніш түсіп тұрғанда осылардың ақшасын 

алу керек те, соған беру керек. Басқа амал 

жоқ»,  –  деді  Үкімет  басшысының  бірінші 

орынбасары.

«Өмірзақ Естайұлы, Қайрат Келімбетов 

екеулеріңізге осы мәселені қайта қарауға 

бір  апта  уақыт  беремін.  Егер  банктер 

жұмыс істегісі келмесе, ана жолғы шағын 

және орта кәсіпкерлікке бөлінген қаржыны 

игермегендердің  жазасымен  жазалайық. 

Міне, осындай шаралар біз айтқан қолма­

қол басқару механизмінің нәтижесі болып 

табылады», – деді Кәрім Мәсімов. 

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын 

реттеу және қадағалау агенттігінің төра йы­

мы  Елена  Бахмутова  банктердің  ішін дегі 

былықтарын  баяғыдан  білетінін  журна­

листерге селекторлық кеңестен шыққанда 

айтты.  «Альянс  Банктің»  ішіндегі  жағдай 

бірден бетіне шықты. Мен бұл жағдайдан 

ха бардар болған да едім. Агенттіктің тара­

пынан  арнайы  шаралар  да  қолданған 

едік. Ал БТА бойынша проблемалар 2008 

жылдан  бері  белгілі  болды.  Тексерулер 

бол ды,  әкімшілік  айыптар  да  тағылды. 

Ме нің  ойымша,  әрбір  банктің  тарапынан 

заңбұзушылықтар  болып  тұрады,  соған 

сәйкес  түзетулер  де  енгізіліп  жатады.  Ал 

біздің Агенттік құқық қорғау органы емес. 

Сондықтан  ондай  қылмыстарды  әшкере 

ету  біздің  құзырымызда  жоқ»,  –  дейді 

Елена ханым. 

ТҮЙЕНІҢ ҮЛКЕНІ КӨПІРДЕ 

ТАЯҚ «ЖЕМЕК»...

Селекторлық  кеңесте  Премьер­ми ни­

с тр  әрбір  облыс  әкіміне  осы  жылдың  бі­

рінші  жартыжылдығында  аймақтарда  эко ­

но микалық  барынша  көтеріңкі  өсімге  қол 

жеткізу  керектігі  туралы  жекелеген  тап сыр ­

малар берді. Ал Үкімет басшысына бұл тап ­

сырмаларды Президенттің өзі жүк теген екен. 

«Әр  сала  бойынша  ақша  аз  бөлініп 

жат қан  жоқ,  десек  те  тенденция  өзгеріп 

жатыр,  азық­түлікке  байланысты  баға  да 

өсті, осыған қарамастан, әр аймақ жақсы 

экономикалық  өсімге  қол  жеткізуі  керек. 

Көп болмаса да оң нәтиже көрсетуі керек. 

Осы  үшін  әр  облыстың  әкімі  өз  басымен 

жа уап береді», – деп тапсырды Премьер­

министр. 

«Түйенің  үлкені  көпірден  таяқ  жейді» 

демекші,  Павлодар  облысына  тү сетін 

жүк  оңай  болмай  тұр.  Кәрім  Мәсімов 

Пав лодар  облысының  әкімі  Бақытжан 

Сағынтаевқа осы жайды ерекше тапсырды. 

«Бақытжан Әбдірұлы, облысыңыздың қа­

зіргі  жағдайына  қа ра сақ,  сізде  өте  үлкен 

потенциал бар. Сіз бас қаратын аймақтың 

көрсеткіші тек қана облыстарға ғана емес, 

сонымен  қатар  рес публиканың  эконо­

мика лық  өсіміне  әсер  етеді.  Сізде  өте  үл­

кен  көрсеткіштік  өсім  бе ре тін  кәсіпкерлік 

субъектілер де көп», – деп, Кәрім Мәсімов 

үлкен үміт Павлодар об лысында жатқанын 

«ым дап» қойды. 



ИГЕРСЕҢ ИГЕР, ИГЕРМЕСЕҢ ҚОЙ

ҚАРЖЫНЫ ҚАЙТАР ӨЗІМЕ... 

Шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  қол­

дауға  бөлінген  қаржының  бүгіндері  52,4 

миллиард теңгесі игерілген. Яғ ни 1040 несие 

алушымен  келісім  жа са  лынған.  Олардың 

676­сы  қайта  қар жы ландырылған.  Оның 

көлемі  33,1  миллиард  теңгені  құраған. 

Егер пайызға шағар болсақ, 120 миллиард 

теңгенің 63 пайызы қайта қаржыландыруға, 

ал 37 пайызы жаңа жобаларға жұмсалған. 

«Са мұрық­Қазына»  әл­ауқат  қорының 

директорлар  кеңесінің  төрағасы  Қайрат 

Келімбетовтің 

мәлімдеуінше, 

Алматы, 

Астана қалалары, Батыс Қазақстан облы сы, 

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ал маты 

облыстары  бойынша  қаражат  жо ғарғы 

деңгейде игеріліп жатыр. 

Үкімет  басшысы  банктер  шағын  және 

орта  бизнес  субъектілерін  несиелеу  үшін 

бөлінген  ақшаны  тағы  да  дұрыс  игермей 

жатқан  болса,  «Сбербанктің»  кебін  кие­

ті нін  тағы  да  ескертіп  қойды.  «Даму­ай­

мақтар» бағдарламасы бойынша банктер 

қаржыны 1 мамырға дейін игеріп бітпесе, 

бөлінген ресурстарды игере алмай жатқан 

банктерден қайтарып алып, жұмыс істейтін 

банктерге беру керек. Мәселен, қаржыны 

БТА банкке бағыттау керек», – деді Кәрім 

Мәсімов. 

?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

СаяСи  бюро

ШАрА

БАйҚАу


КӨзҚАрАС

Астанада сенбілік өтті

Қазақ дипломаты – жапон 

тілінің жүйрігі

АҚШ кетсе, ҰҚШҰ бар

Сенбі күні Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Сараны ертіп алып

жалпықалалық сенбілікке шықты. Сара – Мәсімовтің өзінен аумай 

қалған 9 жасар қызы. Екеуі де қолдарына күрек алып, көшет 

отырғызды. Суғарды. Осы күні Үкімет басшысы және қала әкімімен 

қоса, 82 мыңға жуық адам қаланың санитарлық тазалығы мен 

абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Премьер үшін бұл 

сенбілік мәжбүрлі жұмыс емес, қыруар жұмыстан кейінгі таза 

ауадағы демалыс көрінді. 

Ү

К



іМЕ

Т

Банктердің  



қорықпайтыны қалай?

Сөйтіп, Б.Құрмансейіт бас жүлде – 

Жапония сыртқы істер министрі кубо­

гы ның иегері атанды. Сайыс бары сын­

да  Б.Құрмансейіт  жапон  халқының 

пси хологиясы мен мәдениеті және ті­

лін  еркін  меңгергендігін  көрсете  оты­

рып, 19 елден жиналған қарсыласта­

рын айқын басымдықпен жеңді. 

Енді  2010  жылға  дейін  аталмыш 

кубок Қазақстанның Жапониядағы ел­

ші лігінде сақталатын болады.



Жүсіп ОРЫНБАЙ

Бұл – әлбетте, еуроцентристік көз­

қа  рас тағы  сарапшылардың  түйген 

ойы. Қырғызстан астанасы Бішкек қа­

ла  сын да  жұмыс  сапарымен  жүрген 

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 

Бас хат шысы Николай Бордюжа Батыс 

маман дарының  бұл  қасаң  пікірлерін 

жоққа  шығарды.  Оның  айтуынша, 

АҚШ әске рилерінің «Манастан» шыға­

ры луы Орта лық Азияның қауіпсіздігіне 

нұқсан  келтірмейді.  Пентагон  жалға 

алған  «Манас»  әуежайы  лаңкестерге 

қарсы  құрылған  халықаралық  күшке, 

яғни  олар  қоныс  тепкен  Ауғанстанға 

тек  әс ке ри  және  басқа  да  керек­жа­

рақ тарды  жіберу  дәлізі  болғаны  рас. 

Демек, бұл дәліздің геосаяси ойынның 

ошағына айналған Орталық Азияның 

қауіпсізді гіне  еш  қатысы  жоқ.  ҰҚШҰ­

ның  Бас  хатшысы  «Халықаралық  күш 

әскеріне  тасымалданатын  жүктерді 

жеткізу үшін бүгінде ресеймен, Қазақ­

стан мен және Өзбекстанмен келіссөз­

дер жүргізілді. Алдағы уақытта Тәжік­

стан басшылы ғы мен де келісімшарттар 

жасалады» деді. Өз кезегінде Қыр ғыз­

станның  қа уіп сіздік  кеңесінің  хатшысы 

Адахан  Ма думаров  «Манастан»  АҚШ 

әскери ле рін  шығару  операциясы  аяқ­

талған нан кейін, әуежай азаматтық об­

ъектіге ай налатынын мәлімдеді. Демек, 

әске ри  алаңқайға  айналған  «Ма нас» 

әуе  базасы  болашақта  ҰҚШҰ­ның  да 

оқу­жаттығу  өткізетін  орталығына 

айнал майтыны анық болды. 

Ал кеше АҚШ мемлекеттік хатшы­

сы ның  Оңтүстік  және  Орталық  Азия 

жө ніндегі  көмекшісі  ричард  Баучер 

екікүн дік ресми сапармен Тәжікстанға 

кел ді.  Ол  Н.Бордюжа  айтқандай,  Ау­

ған станға  әскери  салаға  қатысы  жоқ 

заттарды тасымалдауға ғана келісе ме, 

әлде «Манастың» көшірмесінің іргета­

сын қалап кете ме, ол жағы әзірге бел­

гісіз. Себебі бұған дейін ресми Ду шан­

бе АҚШ­тан салмақты ұсынысты күтіп 

жүргенін  Мәскеуге  қыр  көрсетуімен 

бай қатып алған еді.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

САЯСАТТЫҢ

  АЛТЫ

  А

уЫЗЫ

Өткен аптада Токиода Жапонияда тіркелген дипломаттар 

арасында жапон тілінде шешендік өнерден конкурс өтті. Онда 

Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшілігінің екінші 

хатшысы Батырхан Құрмансейіт жеңімпаз атанып, басқа елдердің 

дипломаттарын шаң қаптырды. 

Қырғызстанның «Манас» әуе базасынан АҚШ әскерилерін шығару 

туралы Президент Құрманбек Бәкиевтің шұғыл шешімінен кейін 

«Орталық Азия лаңкестер қоршауында қалып, аймақтың қауіпсіздігін 

сақтау мүмкін болмайды» деген пікірлер жиі айтылып жүрді. 

Отар елдер әлі бар



Менің білгім келетіні, осы қазіргі кезде отар мемлекеттер бар ма екен?

Қалжан НҰРЫМБЕТОв, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Жалпы,  қазіргі  кезде  отар  мемлекеттер  жоқ  деп 

айтылғанымен,  отарлық  қамытта  отырған  елдердің 

саны туралы бір ауыз сөзбен айту мүмкін емес. Отар 

мем лекеттің  белгісі  –  саяси  еркіндігінің,  құқықтық 

мәр те бе сінің  болмауы,  экономикалық  кіріптарлық 

пен  этникалық  дербестіктен,  мәдени­әлеу меттік  да­

муы ның  басқа  ел  тарапынан  күшпен  те желуі.  Отар 

елдер метрополия, протек то рат, вассалитет, концес­

сия,  марионеттік  ре жим  түрінде  әртүрлі  дәрежеде 

бас қаларға  тә уел ді лікте  болады.  Қазіргі  тәуелді 

терри ториялар  қатарына  Францияның  «теңіздік  де­

пар тамент тері»  және  «теңіздік  қауым дас тықтары», 

Бри та ния  корольдігі  «тәжі  астындағы  жерлер»,  АҚШ­

тың «инкорпорацияланбаған тер ритория лары» жатады. 

Мәселен,  француз  Гвиа насы  немесе  Пуэрто­рико. 

Шотланд  ұлт шылдары  Шотландияны  Британияға  отар 

деп  есептейді,  бретондықтар  Бретаниді  Франция ның 

отары дейді. Қазіргі кезде «отар» деген сөз қолданыстан 

шығарылып, тәуелді жер лерді мемлекетке ассоциа ция­

лау деген атау мен басқару кең тараған. Сонымен, отар 

елдер:  Солтүстік  Ирландия,  Норманд  арал дары,  Мэн 

ара лы, Гибралтар, Бермуд, Грен ландия, Ма дей ра, Ба­

леар, Канар аралдары, Гва делупа, Гуан танамо, аме ри­

калық Самоа, Кук аралы жә не басқалар.

Әскерінен жер қайысқан 

ел айбынды

Әлемдегі ең үлкен әскер қай елдерге тән? 

Әбдірахман САНАТҰЛЫ, Алматы

Әскери­стратегиялық қағида лар­

ға  сәйкес,  БҰҰ­ға  мүше  әрбір  мем­

лекет  халық  санының  0,5  пайызы 

кө лемінде  әскер  ұстауға  құқылы. 

Көр сеткіш  есебі  бұдан  артқан  жағ­

дай да бұл халық соғысшыл пиғылда­

ғы мем лекет болып есептеледі. 

Әлем  бойынша  әскер  саны  жа­

ғы нан  алғашқы  орында  Қытай  тұр. 

Әскерінің  жалпы  саны  2  млн  480 

мың адамнан тұрады. Дегенмен бұл 

көрсеткіш  Қытайдың  адам  санына 

шаққанда бар болғаны 0,18 пайыз­

ды  ғана  көрсетеді.  Бұған  дейін  ҚХр 

әс кер саны 5 миллионға дейін жет­

кен, үкімет басындағылар саннан гө­

рі сапаға көңіл бөлуді жөн кө ріп, 

50  пайызға  дейін  қысқартты. 

Екінші  орындағы  АҚШ  әскері  1 

миллион 300 мың адамды құ рай­

ды. Одан кейінгі кезекте Үн дістан 

әскері 1 миллион 263 мың адам­

нан тұрады. Әскер саны жа ғынан 

алғашқы  онбес тіктің  ішіне  Пә кс­

тан, Солтүстік Ко рея, Оң түстік Ко­

рея,  Вьетнам,  Тайвань,  Таиланд 

ел дері  кіреді.  Ал  Қа зақстан  рес­

публикасының әс кер саны 76 мың 

адамды құ райды. 

Әлемде мүлде әскер ұста май­

тын ергежейлі мемлекеттер де бо­

лады.  Мәселен,  Ватикан  және 

Сан­Марино және тағы басқа лар.

Астана  әкімі  Иманғали  Тасмағам­

бет ов те қолына қолғап киіп, жұртпен 

бірге бірнеше тал екті. 

«Осы  сенбілікте  3000­ның  шама­

сында тал егеміз деп жоспарлап отыр­

мыз. Ал жалпы алғанда, қаражат көзі­

не қарай осы жылы 19 мыңдай көшет 

отыр ғызбақпыз. Өткен жылмен салыс­

тырғанда,  шамамен  6  мыңға  көп»,  – 

дейді Иманғали Тасмағамбетов. 

Дағдарыс  Астанадағы  жол  құры­

лысы жұмыстарына да қолбайлау бо­

лып тұр. «Дағдарысқа байланысты жол 

құрылысы  өткен  жылғыдай  кө лем ді 

болмайын  деп  тұр,  –  деді  Астана 

қаласының  әкімі  Иманғали  Тасмағам­

бетов  сенбілікте  журналистердің  қой­

ған  сұрағына  орай.  –  Дегенмен  биыл 

жол  құрылысына,  жөндеу,  қайта  қал­

пына  келтіру  жұмыстарына  5,5  мил­

лиард теңге кетеді. Бұл өткен жылы бө­

лінген қаражаттан айтарлықтай көп». 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал