Осакаровка ауданындағы қарттар үйі осыдан 20 жыл бұрын ашылған екен



жүктеу 488.14 Kb.

бет5/5
Дата09.09.2017
өлшемі488.14 Kb.
1   2   3   4   5

–  Ал  кейінгі  бейіттердің  орналасуына 

келсек ше?

– Жоқ, Райымбек даңғылындағы бейіт 

бұл  күнде  жабық.  Мұхаңа,  Қанекеңе, 

Күләш  апайға  тағзым  үшін  ара-тұра 

баратындар болмаса, адам аяғы сирек.

Әңгіме  Кеңсай  туралы  боп  отыр 

емес  пе,  жоғарыда  айттым  ғой,  қай 

мемлекеттің,  қай  діннің  мазарларын 

көрсеңіз  де,  бір  моланы  екінші  молаға 

мінгестіріп,  үшінші  бейітке  баратын 

жолды  мүлде  жауып  тастау  деген 

жоқ.  Мұндай  ретсіздік  тек  Кеңсайда 

ғана  бар.  Әсіресе  соңғы  жылдарда 

кісі  жерлеуге  жер  бөлудің  қандай 

тәртіппен 

жүргізілетінін 

түсіну 

қиын  болып  барады.  Мысал  үшін 



деп  айталық,  Бейсенбайдың  басына 

барып  Құран  оқу  үшін  Сәрсенбайдың 

бейітін  басып-жаншып,  Дүйсенбайдың 

моласынан  аттап  қана  жетесіз.  Кей 

тұста  көш  құлаш  жерді  алып  көсіліп 

жатқан 


Сейсенбайлардың 

бейітін 


айналып  өтуге  тура  келеді.  Оның 

моласында  үлкен  құлып  тұруы  да 

мүмкін.  Бейнекамера  тағы  бар.  Онда 

да  жете  алсаңыз.  Тіке  жолдар  жоқ. 

Жабылған.  Соңғы  жерленген  адамның 

қоршауы  бұрын  жерленген  кісінің 

бейітіне  барар  жолды  бөгеп  тастайды. 

Қалай  барсаң,  солай  бар.  Ең  бастысы, 

өзінің  әкесінің  (шешесінің,  ағасының, 

апасының  т.б.)  бейіті  кеңірек  болуға 

тиіс,  өзгелерге  қарағанда  айбаттырақ, 

әсемірек,  көрнектірек  болуға  керек, 

басқаларында шаруасы не?

Кеңсайда 

өзге 

жұрттың 


қорымдарындағыдай 

бейіттердің 

арасынан  жалғыз  аяқ  соқпақ  қалдыру 

жоқ. Соның үшін жұрттың бәрі жолдың 

жиегінен 

орын 


алуға 

тырысады. 

Егер  бейітаралық  жолдар  тартылса, 

көгалдандыру  да  оңайырақ  болар  ма 

еді.  Бір  кездері  көлік  айналу  үшін, 

техникалық 

қажеттіліктер 

үшін 


арнайы 

қалдырылған 

айналмалар 

жыл  сайын  тарылып  барады.  Алда-

жалда  қыстыгүні  барып,  аңдаусыз 

тар  «көшеге»  түссеңіз,  айналып  шыға 

алмауыңыз  әбден  мүмкін.  Жолдар 

мұнда тұйықталып қалған.

100  мың  долларға  көтерілген  бейітте 

жатқан  адамның  халық  үшін  не  еңбек 

сіңіргені  туралы  айтудың  өзі  артық. 

«Ақша  менікі,  кімге  қалай,  не  үшін 

жұмсасам  –  еркім,  менде  кімнің  не 

шаруасы  бар?».  Ал  не  дейсіз?  Оның 

етегінде  елеусіз  қалған  қоңырқай 

ғана  төмпешіктің  астында  ұлтым  деп 

өткен  аса  дарынды  қаламгер  немесе 

кемеңгер  ғалым  жатқанын  екінің  бірі 

біле  бермеуі  мүмкін.  Оның  үстіне, 

соңғы  жылдары  жазушы  қауым  мен 

өнер,  ғылым  адамдарын  зиялы  қауым 

деп  танудан  гөрі,  пайдасы  да,  зияны 

да  жоқ,  сүйкімі  аз,  жалыныштылау, 

жақыбайлау,  жалпоштау  бір  тобыр 

дейтұғын  пікір  қалыптастырғанымыз 

жасырын емес.

Қала  қазынасынан  жыл  сайын  Кеңсай 

қорымына  арнайы  қаржы  бөлінеді. 

Өзінің 

әкімшілігі, 



жұмыскерлері, 

қадағалаушылары  бар.  Бұл  жерде 

қаржы қайда кетті деп дау шығарғымыз 

жоқ, оның заңға сәйкес жұмсалатынын 

қадағалаушы  орындар  бар  және  олар 

өз  жұмыстарын  біледі  деп  ойлаймыз. 

Тексеру, қадағалау – біздің ісіміз емес. 

Біздің айтпағымыз – қайтқан кісілерді 

ақтық  сапарға  жөнелту,  олардың 

«басын  қарайтуда»  бірізділік  керек, 

жүйе керек. Қай көлемдегі жерге қанша 

кісіні  жерлеуге  болады,  бейіттердің 

арақашықтығы  қандай  болуға  тиіс, 

тазалық,  абаттандыру  проблемалары 

арнайы  қарауды,  талқылауды  керек 

етеді.


Осман патшалары тұсында марқұмның 

«басын  қарайту»  бәсекеге  айналған 

көрінеді.  Қабір  басына  неше  түрлі 

керемет 


құлпытастардан 

бастап, 


зәулім  сарайлар  да  салынған.  Абай 

айтатын  «бекер  мал  шашудың»  өзі. 

Кейін  Мұстафа  Кемал  Ататүрік  бұл 

салада  да  тәртіп  орнатқан  көрінеді. 

Қазір  түрік  молалары  стандартталған, 

аядай 


ғана 

жер, 


оған 

қойылар 


құлпытастың  мөлшері  де  шақтаулы. 

Бейберекет тасып-төгілу, «аттан қалма, 

байталымдап»  жарыса  шабу  мұнда 

атымен жоқ. Асылы, өлген кісіге бізден 

керегі  алтындатқан  ақ  сарай  емес,  ақ 

көңілден  оқылар  дұға  болса  керек. 

Тап  қазір  яки  бас-басымызға  би  болып 

тұрған  мына  заманда  оны  айтсаң, 

қазаққа сенен асқан дұшпан жоқ.

«КІЛ МЫҚТЫ, 

ӨҢШЕҢ АЛЫП 

АЙНАЛА ЕЛІҢ, 

СЕН КІМСІҢ, 

ТАНЫМАДЫҚ, ҚАЙ 

БАЛА ЕДІҢ?»

–  Қазақ  пантеоны  туралы  әңгіме  көп. 

Соңғы  кездері  оған  бөлінетін  қаржы 

жағдайы  көбірек  сөз  болуда.  Бұған 

қалай қарайсыз?

–  Біз  қаржы  маманы  болмағандықтан, 

бұған  мардымды  бір  сөз  алып-қоса 

алмаспыз.  Ерте  ме,  кеш  пе,  оның 

салынатыны  –  ақиқат.  Бүгін  болмаса, 

ертең  бұл  туралы  нақты  әңгіме 

қозғайтын боламыз. Мен Римдегі біздің 

заманымыздың  126  жылы  Адриан 

қаған  салдырды  дейтін  пантеонды 

да,  жоғарыда  айттым  ғой,  Париж 

пантеонын  да  көрдім.  Қай-қайсысы 

да  ұлт  зиялыларының  мәңгі  қонысы 

ретінде  мәлім.  Осылардың  арасында 

маған ерекше ұнайтыны – Тбилисидегі 

Мтацминда  пантеоны.  Әуелі  мұнда 

Пиросманидің бейітін іздеп барғанмын, 

таба  алмадым.  Сөйтсем,  оның  бейіті 

жоқ  екен.  Бұл  туралы  тағы  бірде 

айтармыз.  Қазір  оны  Кеңсай  туралы 

сөзге  араластырмайық.  Мтацминдада 

Грузияның  атақты  ақын-жазушылары 

мен  қоғам  қайраткерлері  жерленген. 

Кездейсоқ  кісілер  жоқ.  Кезінде  ата 

даңқымен сөз өтеді, мата даңқымен бөз 

өтедінің  керімен  жақындарын  осында 

жерлеуге  омыраулай  кіріскендер  аз 

болмаса  керек.  Ел  оған  үзілді-кесілді 

қарсы  болған.  Сол  әдет  әлі  күнге 

сақталып  келеді.  Әдетте  грузиндер 

бірінші 


кезекте 

ақын-жазушылар 

деп  бөліп,  арнап  атап  айтады.  Өткен 

ғасырдың  басында  қазіргі  біздегідей 

грузиндерде  де  «ұлт  неге  ақындар  мен 

жазушыларды  алғы  планда  ұстауы 

керек?» деген кертартпа әңгімелер болса 

керек.  Ерте  заманнан  қалыптасқан 

ескі  жұрт,  көне  мәдениет  иесі  ретінде 

грузин қоғамы жаңа байшыкештер мен 

оларды  қорғайтын  басшылыққа  елдің 

есінен кетпейтіндей ғып жауап берген. 

Иә,  қоғамның  түрлі  кезеңде  түрлі 

жылдамдықта,  сан  қилы  моральды, 

түрлі  әдеп-ахлақ,  таным-білікті  ұстын 

ғып дамитынын көріп отырмыз. Әсіресе 

біз секілді халықтарда…

Әлбетте, қоғам жаңарады.

Әлбетте,  көптеген  құндылық  қайта 

екшеледі.

Әлбетте,  қазақ  қоғамы,  Елбасымыз 

айтқандай, Мәңгілік Елге айналады.

Заман дегеніңіз сан өзгереді, өзгермесе 

құбылады, 

ол 

әлімсақтан 



солай. 

Тарих қызық. Кейде өте қайғылы. Ұлт 

пантеонына  кімдер  қойылады  дегенде 

асығыс  шешім  қабылдаған  елдер  кей 

кісісін кейін қайта жерлеген. Керісінше, 

кейде  өз  заманында  қадірленбеген 

тұлғалардың 

мәйіті 


жер 

түбінен 


әкелініп,  қайыра  пантеоннан  орын 

тауыпты. Жаңа ғана Шараф Рашидовті 

айтып өттім ғой. Көне грек поэзиясында 

эпитафия  деген  жанр  болған.  Әдетте 

түзу тұрмай, қаршығадай қайырылып, 

сатираға  қарай  бұрылып  тұрады. 

Соның  бір-екеуін  мен  де  аудардым. 

Менің аудармам ұнамаса – оқымассыз, 

ұнаса  –  патша  көңіліңіз  білсін  деймін-

дағы… Мысалы, ескі гректер пантеонға 

«жаңбыр-жаңбырдың  арасымен  келіп, 

байқатпай  кіріп  кеткен»  бір  бейіттің 

құлпытасына  мына  егіз  жол  лайық 

депті:


«Халқымыз бұл кісіні сүймеді ғой,

Өйткені ол аморальный тип еді ғой».

«Өз орнын таппаған» келесі бір молаға 

жазылған екі жол:

«Кіл мықты, өңшең алып айнала елің,

Сен  кімсің,  танымадық,  қай  бала 

едің?».

Ал абзалы – тірі жүрген яки өмір сүрген. 



Мен сізге де, сіздің оқырмандарыңызға 

да ұзақ өмір тілеймін. Аман жүрейік.



– Әңгімеңізге рахмет! ■

Әңгімелескен: П.Алпамыс

аймақтық қоғамдық-саяси газет 

Айына 4 рет шығады

Меншік иесі:

«Кент» Баспа үйі» ЖШС

Директор: 

Умуджан БЕКИМОВА

Директор орынбасары:

  

Айткүл ОМАРОВА 

Бас редактор:

 

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ 



Жауапты хатшы:

Ерболат ЕРБОЛҰЛЫ

Тілшілер қосынының жетекшісі:

 

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ



Компьютер орталығының жетекшісі:

Алена МЕДВЕДЕВА

Кезекші редактор: Назира БАЙНАЗАР

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 

министрілігі Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеліп, 

тіркеу туралы №13477-Г куәлігі 29.03.2013 жылы берілген. 

Газет «Арқа ақшамының» компьютер орталығында 

терiлiп, беттелді.

Газетте жарияланған автор пікірі редакцияның 

көзқарасын білдірмейді.  Жарнама мазмұнына жарнама 

беруші жауап береді. 

Газет «Қарағанды Полиграфиясы» ЖШС баспаханасында 

басылды. Қарағанды қаласы, Ә.Ермеков к., 33-үй

Редакция мекенжайы: 

Қарағанды қаласы, Н.Әбдіров даңғылы, 

44/2; 312-кеңсе

Байланыс телефоны: 

8 (701) 177-66-01, 8 (775) 784-92-34



Электронды пошта: 

akshamy@mail.ru



Таралымы:

 

4000 дана

Мекенжайы: 

Қарағанды қаласы,  

Пичугин көшесі, 259-үй 

Байланыс телефоны: 

8(7212)47-50-69

Жансарай


Ұстаз – ұлы тұлға. Ал оның еңбегі – өлшеусіз, баға 

жетпес  құндылық.  Ұстаз  еңбегінің  арқасында 

әкім де, қара да, ғалым да, дарын да – бәрі-бәрі 

өз биіктеріне көтеріле алды. Ұстаз салған сара 

жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана 

ілгері басты.

Алда  ұстаздар  мерекесі  келеді.  Осы 

бір  абзал  маман  иелері  жайлы  айтылған 

айрықша аталы сөздер мен жүрекжарды 

жырлар  аз  емес.  «Ұстазы  жақсының 

ұстамы жақсы» демекші, үлкен өмірге жол 

сілтеген жандарға құрмет қашан да жоғары. 

Осы орайда қазақ зиялыларының ұстаздар 

туралы  айтқан  ұлағатты  ойларын  айта 

кеткенді жөн санап отырмыз.

***


Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.

***


Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.



Абай

***


Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – 

мектептің жүрегі.

***

Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды 



кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға 

тиіс.


Ыбырай Алтынсарин

***


Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай 

болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек 

білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі 

– білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін 

мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

***


Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде 

құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға 

(қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін 

тайынбай-ақ серттесуге болады.



Мағжан Жұмабаев

***


Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи 

соларды ғана оқытуы дұрыс емес.



Мұхтар Әуезов

***


Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ыбырай Жақаев

***


Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы 

болуға тиіс.



Спандияр Көбеев

***


Мұғалім деген ат – қасиетті ат. Мұғалім деген аттан «таза еңбекті 

сүйетін мамандық иесі» деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен 

алысатын адам – мұғалім.

Сәбит Мұқанов

***


Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын 

адамы – мұғалім.



Ғабит Мүсірепов

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  шығаратын  «Айқап» 

журналының екінші (№100) нөмірі жарық көрді. Оқырман қауым басылым 

бетінен  белгілі  қоғам  және  мемлекет  қайраткері,  мәдениеттанушы  Мұрат 

Әуезовтің  сұхбатын  оқи  алады.  Сұхбатта  Мұрат  Мұхтарұлы  балалық 

шағындағы  жарқын  естеліктерімен  бөліскен:  анасы  Фатима  журналды 

тәркілеу  кезінде  «Айқаптың»  бірнеше  данасын  сандығында  жасырып 

қалған  екен.  Осыдан-ақ  оның  бұл  басылымды  қаншалықты  қадірлегенін 

аңғаруға  болатындай.  Мұрат  Әуезов  осыдан  бір  ғасыр  бұрын  М.Сералин 

ашқан журналдың тарихи жалғасы – бүгінгі «Айқаптың» қадамына сәттілік 

тіледі. Оның пікірінше, басылымның тісі батпайтын тақырып болмауы тиіс. 

Егер «Айқап» айта алмайтын мәселе бар болса, қолға қалам алудың қажеті 

жоқ деп есептейді.

Бас  редактор  бағанында  оқырман  назарына  Ғалымқайыр  Мұтановтың 

«Сөзге  қызмет  ету»  атты  эссесі  ұсынылған.  Шығарма  ХХ  ғасырдағы  түркі 

лексикасының  зерттелуі  мен  осы  бағыттағы  ізденістердің  ізашары  Олжас 

Сүлейменов  туралы.  Белгілі  сәулетші,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты 

Шота-Аман  Уәлиханов,  Мәскеу  мемлекеттік  университетінің  профессоры 

Татьяна Кривощапова, тарихшы Ирина Ерофеева, өлкетанушылар Қайролла 

Мұқанов  пен  Сәуле  Маликова,  сондай-ақ  М.В.Ломоносов  атындағы  Мәскеу 

мемлекеттік  университетінің  докторанты  Нұрлан  Асқаров  көшпенділердің 

дүниежүзі зияткерлік тарихындағы орны жайлы құнды пікірлерімен бөліскен. 

Сонымен қатар журналдың жаңа нөмірінде профессор Болатбек Нәсенов, ҚР 

Президенті  архивінің директоры Борис  Джаппаров  пен белгілі алаштанушы 

Тұрсын  Жұртбай  ХІХ  және  ХХ  ғасыр  аралығындағы  жер  мәселесіне,  1916 

жылғы қырғынға және 1930 жылдардағы ашаршылыққа қатысты мұрағаттық 

деректерді жариялады.

Түркілердің  журналға  Татарстан,  Тува,  Жапония,  Якутия  ғалымдары 

жіберген мәдени мұрасы жайлы материалдары да құнды. ТҮРКСОЙ-дың бас 

хатшысы Дүйсен Қасейінов «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы жайлы 

ақпараттармен  бөліскен.  Әлімхан  Ермеков  пен  Жұмабек  Тәшеновтің  саяси 

портреттері (М.Хамзин), ұлттық кинопрокатқа шолу (Г.Әбікеева), Н.Сацтың 

Күләш  Байсейітова  туралы  ойтолғауы  және  өзге  де  мақалалар  басылымның 

мазмұнын байыта түскен.

«Айқаптан»  М.Шоқай  ашқан  «Жаңа  Түркістанға»  дейін  басылымдардың 

редакциясы  республика  шекарасынан  жырақта  болғаны  мәлім.  Тәуелсіз 

Қазақстанда қанатын қайта сермеген «Айқаптың» тұғыры мықты, тіреуі бекем. 

Халықаралық  авторлар  ұжымының  еңбегімен  жарық  көрген  журналдың 

жаңа нөмірі – сөзіміздің айқын дәлелі. Жаңалыққа құштар оқырманы барда, 

ғасырдан  да  ұзақ  жасаған  басылымның  қадамы  қарыштап  ілгерілейді  деп 

сенеміз 



Гүлнар Мұқанова,



әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ доценті

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗ

ЖАЙЛЫ ҰЛАҒАТТЫ ОЙЛАРЫ

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖАҢА 



НӨМІРІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал