Осакаровка ауданындағы қарттар үйі осыдан 20 жыл бұрын ашылған екен



жүктеу 488.14 Kb.

бет4/5
Дата09.09.2017
өлшемі488.14 Kb.
1   2   3   4   5

Қаз  дауысты  Қазыбектің  даналығын  осы 

өңірден  бойға  сіңіріп,  Мәдидің  әніне  осы 

жерде  таң-тамаша  қалып,  Қасым  музасының 

тереңіне  осы  өлкеде  сүңгіп,  ұлттық  рухани 

қазынаға  кенеліп  жатыр.  Қарағандының 

жүрегін ашып қарасаңыз, ХХ-ХХІ ғасырлардың 

кардиограммасы көзіңізге шалынар еді. Асқақ 

романтикаға  толы  алғашқы  бесжылдықтар, 

Ұлы  Отан  соғысы,  соғыстан  кейінгі  халық 

шаруашылығын  қалпына  келтіру  дәуірі,  тың 

игеру,  ғарыш  заманы,  желтоқсан  ызғары 

осы  Қарағандының  кеудесінің  үстінен  өтпеп 

пе  еді?  Қарағанды  –  Қазақтың  Автопортреті! 

Ел  егемендік  алғалы,  Атырау-Арқа-Алатау-

Алтайымен  қоса  Қарағанды  да  қайта  туды! 

Арқама  аруақ  қондырған  атамекенім,  алтын 

бесігім, Түркінің Жүрегі – Сыр елі, Жыр еліне 

жырдан шашу шашайын:

Күннің өңі сықылды құмның өңі,

Көшенайдың елі бұл – Ғұнның елі!

Сырдария жағасы – Жыр-дария,

Не жатқанын түбінде кім біледі?

Құрсап жатқан құмдардың құба белі,

Сырдың бойы сықаған сұрақ еді.

Меніңше, оның астында алтын жатыр,

(Сэм ағайым сезбесін бірақ оны) 



Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ



Әлихан  Бөкейханның 

саяси 

көзқарасына 

қатысты, оны «массонға», 

« ш о қ ы н ш ы ғ а » , 

« еу р о п а ш ы л д ы қ қ а » , 

«рушылға»  теңеп  жүрген 

саяси  сауатсыздық  пен 

азаматтық  жәдігөйлікке 

сәл ғана түсінік бере кеткім келеді.

Бірінші  уәж:  Әлихан  Бөкейханның  массондық  идеяға 

катысы кандай?

Әлихан  Бөкейхан  –  ұлттық  саясаткер.  Ұлт  тәуелсіздігі 

жолында  ықпалы  тиетін  барлық  мүмкіндікті  пайдалануға 

мәжбүр. Ал 1905 жылы ұлттық автономия, патшаны тақтан 

түсіру,  конституциялық  демократия  орнату,  бұратана 

ұлттарға  нәсіліне,  дініне  қарамастан  азаттық  беру,  өзінің 

даму  жолын  анықтауға  ерік  беру  мәселесін  кім  көтерді? 

Кадет  партиясы  көтерді.  Ендеше  «бұратана  ұлттарға 

нәсіліне, дініне қарамастан азаттық беру, өзінің даму жолын 

анықтауға ерік беруді» мақсат етіп койған саяси партияның 

кұрамына Әлихан Бөкейхан неге кірмеуі тиіс?

Бұл мақсатқа жету жолында бауырлас түркі халықтарының 

ұлт  зиялылары  да  топтасты.  Соның  нәтижесінде  Ресей 

мұсылмандарының 

кұрылтайын 



ұйымдастыруға 

мүмкіндік  алды.  Сол  кұрылтайда  көтерілген  жасыл 

тудың  шылауымен  1917  жылы  1-11  мамыр  аралығында 

Мәскеу  қаласында  өткен  І  Бүкілресейлік  мұсылмандар 

құрылтайына 

Х.Досмұхамедов, 

Ж.Досмұхамедов, 

Ғ.Әлібеков, К.Жәленов, Ғұбайдолла және Дәулет ишандар, 

У.Танашев  пен  Ш.Бекмұхамедов  қатысты.  Бұл  кұрылтай 

Ресей  бодандығындағы  мұсылмандарды  ғана  біріктіріп 

койған  жоқ,  сонымен  қатар  тәуелсіз  республика  туралы 

мәселе ашық мінбеде көтерілген тұңғыш басқосу болды.

Ал 1917 жылы Керенский: «Түркістан мен дала облыстары 

– Тула немесе Тамбов облыстары емес. Ағылшындар немесе 

француздар  өздерінің  отарларына  қалай  қараса,  біз  де 

оларға  (яғни  қазақтарға  –  Т.Ж.)  солай  қарауымыз  керек», 

– деп мәлімдеме жасағаннан кейін, Ә.Бөкейхан ресми түрде 

кадет  партиясынан  шықты.  Ә.Бөкейхан  өзінің  бұл  шешімі 

жайлы:  «Кадет  партиясының  мақсаты  ұлттық  автономия 

жариялауға қарсы болғандықтан да, Алаш идеясына сәйкес 

келмегендіктен де, оның құрамынан шығамын», – деді.

Міне, бұл – кез келген саясаткер ұстанатын күрес тәсілі. 

Осындайда Аятолла Хомейнидің күнделігіндегі: «Мен дінім 

үшін (ұлтым үшін деп түсініңіз – Т.Ж.) шайтанмен де жұмыс 

істеуге әзірмін», – деген сөзі еске түседі.

Екінші,  Әлихан  Бөкейханға  қаратыла  жиі  айтылатын 

«шоқыншы»,  «еуропашыл»,  «мұсылмандыққа  қарсы» 

деген  пайымсыз  байбаламға  байланысты  айтарымыз 

–  мынау:  кеңестік  70  жылда  біздің  діни  танымымыз 

толықтай  тоқырауға  ұшырап,  өзіміздің  мұсылмандық 

тарихатымыздан айырылып қалдық. Қадыми діншілдердің 

кесірінен мұсылман әлемі жаратылыстану мен өнеркәсіптік 

ғылымнан  мүлде  ажырап  қалды.  Қазақ,  өзбек,  қырғыз, 

түрікмен, тәжіктер әлі де өнеркәсіптік ғылымды жатырқап 

келеді.  Соның  салдарынан  XIX  ғасыр  мен  XX  ғасырда 

бүкіл  мұсылман  қауымы  отарланып  калды.  Соған  қарсы 

мұсылман  және  түркі  әлемінде  жәдидтік  ағым  мен  саяси 

күрес басталды. С.Асфендияров: «Алаш идеясының оянуына 

әсер еткен – жәдидтік бағыт пен күрес», – деп ашық жазған. 

Ал  Өзбекстан  мен  Түркіменстандағы  1927  жылға  дейінгі 

созылған  басмашылар  соғысы  тек  кеңеске  қарсы  соғыс 

емес,  ол  қадым  мен  жәдидшілердің  арасындағы  азаматтық 

соғыс  болатын.  М.Тынышбаевтың  Қоқан  автономиясының 

премьер-министрлігінен бас тартуының өзі сол екі ағымның 

бітіспейтін майданының кесірі еді

 ■

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,



филология ғылымдарының докторы, профессор

akshamy@mail.ru

8

№36 (170)



29 қыркүйек 2016 жыл

Рух патшалығы



Бастама

Көкейкесті

Ғарыш

Өзекті


Нұрлан 

Нығматулиннің 

төрағалығымен 

өткен  Мәжілістің  жалпы  отырысында  палата 

төрағасы  жанынан  құрылған  Депутаттық  әдеп 

кеңесінің  құрамы  белгілі  болды.  Бұл  кеңестің 

негізгі міндеті «Орталық сайлау комиссиясымен 

бірлесіп,  депутаттық  этиканы  бұзуға  жол 

бермеу,  ал  егер  депутаттар  әдеп  ережелерін 

бұзса,  тиісті  заңдарды  басшылыққа  ала 

отырып, жазалау шараларын қолдану жөнінде 

ұсыныстар әзірлеу» болып табылады.

Депутаттық  әдеп  ережелері,  сондай-

ақ  олардың  өзін-өзі  ұстау  нормалары 

«Қазақстан  Республикасының  Парламенті 

және  оның  депутаттарының  мәртебесі 

туралы» 


конституциялық 

заңымен, 

сонымен  қатар  Парламент  палаталарының 

регламенттерімен  белгіленген.  Ал  Ата 

заңымызға  сәйкес,  депутаттардың  әдеп 

ережелерін  сақтауына,  оларға  жазалау 

шараларын қолдануға қатысты мәселелерді 

әзірлеу 


Ортсайлаукомның 

құзырына 

жатады. 

Сол 


себептен 

Мәжілістің 

Депутаттық  әдеп  кеңесі  осы  органмен 

қоян-қолтық  жұмыс  жасайды.  Кеңестің  өзі 

консультативтік-кеңесші орган болады және 

заңнамалық  актілерді  тиімді  жүзеге  асыру 

мақсатында құрылып отыр.

Әдеп 


кеңесінің 

құрамына 

барлық 

парламенттік 



партия 

фракцияларының 

және  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

депутаттық  тобының  өкілдері  кіреді.  Атап 

айтқанда, Сауытбек Әбдірахманов, Құралай 

Қаракен, 

Евгений 

Козлов, 


Екатерина 

Никитинская,  Шавхат  Өтемісов,  Тұрғын 

Сыздықовтар.  Бұл  Кеңеске  белгілі  қоғам 

қайраткері,  Мәжіліс  депутаты  Қуаныш 

Сұлтанов басшылық етеді 



Қазақстанда  25  киікке  арнайы  спутниктік  мойынбау 



тағылмақ.  Осы  арқылы  олардың  миграциялық  көшіп-

қонуын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  туралы 

брифингте  ҚР  АШМ  Орман  шаруашылығы  және 

жануарлар  дүниесі  комитеті  төрағасының  міндетін 

атқарушы Нариман Жүнісов мәлімдеді.

Қазіргі  таңда  елімізде  аталмыш  жануарларды 

қорғау  жұмысы  қолға  алынған.  Қазақстанда 

киіктердің  3  түрі  мекендейді.  Бүгінде  олардың 

саны  108  мыңға  жеткен.  Саны  жағынан  жойылу 

қаупі  төнгендіктен,  бұл  жануарлар  Қызыл  кітапқа 

енгізілген.  Әйтсе  де  даланың  ерке  жануарларының 

бағы ашылмады. Өткен жылы мыңдаған киік белгісіз 

аурудан  қырылып  қалған  болатын.  Мамандар 

бұған  пастереллез  ауруы  себеп  болды  дейді.  Бүгінгі 

күні  мамандар  осыған  байланысты  тиісті  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізуде.  Биылғы  қазан  айының 

соңында  шетелдік  институттардың  және  отандық 

мамандардың  зерттеу  жұмысының  қорытындысы 

жарияланады деп күтілуде.

Киіктерге  радиомаяк  орнатудың  берері  көп 

болмақ.  Қазір  25  жануарға  спутниктік  радиомаяк 

орнату  жоспарланып  отыр.  Осы  арқылы  киіктердің 

миграциясын бақылап отыру мүмкін болады. Сондай-

ақ  киіктерді  қорғауға  қатысты  тиісті  шешімдер 

қабылдауға жол ашады.

Сонымен  қатар  аталмыш  комитеттің  өкілі  Қайрат 

Үстеміров  киіктерге  тағылатын  мойынбаудың 

бағасы  техникалық  функцияларға  байланысты 

екенін айтты. Құралдың бағасы 2-10 мың еуро 



«KazSat» ғарыш аппараттары 5 жыл ішінде 11,16 



млрд теңге сомасында пайда әкелген. Бұл туралы 

Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз 

қызметі хабарлады.

Бүгінгі  күні  Қазақстанда  «Kazsat-1»  және 

«Kazsat-2»  байланыс  спутнигінен  тұратын 

ғарыш  аппараттарының  орбиталық  топтамасы 

сәтті  жұмыс  істеп  тұр.  Олар  тіркелген 

спутниктік  байланыс  арналарына  еліміздің 

қажеттіліктерін,  республиканың  ақпараттық 

қауіпсіздігін  қанағаттандыруды  қамтамасыз 

етеді 

және 


қызметтердің 

импортталуын 

азайтуға  мүмкіндік  береді.  2011-2016  жылдар 

аралығында  «KazSat»  ғарыш  аппараттары 

қызметтері  11,16  млрд  теңге  сомасында  кіріс 

кіргізді.  Сондай-ақ  Қазақстанның 15  байланыс 

операторы 

мен 


ұйымының 

қажеттілігін 

қамтамасыз етті. 5 жыл ішінде транспондерлік 

сыйымдылықты жалға беру бойынша шетелдік 

операторлардың 

қызметтерін 

алмастыру 

қамтамасыз  етілді.  Бұл  ретте  импортты 

алмастыру  сомасы  шамамен  18  млрд  теңгені 

құрады 




ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  отырысы  барысында 

депутат  Ирина  Смирнова  білім  беру  саласын 

қаржыландыру  мәселесін  көтеріп,  қазақстандық 

мұғалімдердің  жалақысы  тым  аз  екенін  жеткізді. 

Халық қалаулысы соның бәрін депутаттық сауалда 

көрсетіп, оны Үкімет басшысының атына жолдады.

Депутаттың 

айтуынша, 

бүгінде 


Дания, 

Исландия 

және 

тағы 


басқа 

Еуропа 


мемлекеттерінде 

білім 


беру 

саласын 


қаржыландыру  көлемі  ішкі  жалпы  өнімге 

шаққанда 

6-9 

пайызды 


құрап 

отыр. 


Соның  нәтижесінде  Германия  сияқты  елде 

мұғалімдердің  жалақысы  4  мың  еуроға  дейін 

жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері кем 

дегенде 1 мың АҚШ долларын алады.

«Ал  бізде  мұғалімдердің  еңбекақысы  40-50 

мың теңгені құрайды. Сынып жетекшілігі үшін 

5-ақ  мың  қосады.  Ондай  жүйемен  білім  беру 

саласын  дамыту  қиын.  Қазақстан  да  білім  беру 

саласын  қаржыландыру  көлемін  ішкі  жалпы 

өнімге  шаққанда  6-9  пайызға  дейін  жеткізуі 

тиіс», – дейді депутат Смирнова.

Айта  кетейік,  отырыста  депутат  З.Балиева 

«көбелек»  және  «xрустальды»  балалардың 

проблемасын 

көтерді. 

Оның 


айтуынша, 

бүгінде  ондай  балаларды  емдеуге  қажетті  ем-

дом  мемлекеттік  реестрге  кірмейді.  Соның 

салдарынан  олардың  ата-аналары  шетелге 

барып, қыруар шығын шығаруға мәжбүр 

СӨЙЛЕЙІН ДЕСЕ, КЕҢЕС БАР



КИІКТІ ҒАРЫШҚА ТАПСЫРДЫҚ

«KAZSAT» ПАЙДАСЫ 11,16 МЛРД

МҰҒАЛІМ АЙЛЫҒЫ МЫҢ ДОЛЛАР БОЛСА...

akshamy@mail.ru

9

№36 (170)



29 қыркүйек 2016 жыл

Талқыдағы тақырып



akshamy@mail.ru

10

№36 (170)



29 қыркүйек 2016 жыл

Сөйле, тілім,

ОЛ КЕЗДЕГІ АЛМАТЫ 

БАСҚА ЕДІ



–  Әлеуметтік  желілерден  сіздің  жыл 

сайын  өзіңіз  сүйіп  жырлайтын  күз 

маусымында  жас  ақындарды  ертіп 

Кеңсай  қорымына  жерленген  ақын-

жазушылардың 

басына 

зиярат 

жасайтын  әдетіңіз  барын  оқыдық. 

Сауапты іс екен...

–  Жоқ,  ондай  әдетім  жоқ.  Желілерің 

желдіртіп  жіберген  ғой,  шамасы. 

Кеңсайға барып тұратыным рас, бірақ ел 

бастап барады дегені енді… асыра сілтеу. 

Бейітке  жалғыз  барған  дұрыс…  Күзде 

баратынымда да ешқандай лирика жоқ. 

Ертең қар аралас жаңбырлар басталып 

кетеді,  Алматының  лайсаңында  одан 

әрі  ақ  қар,  көк  мұзында  тауға  шығу 

қиын.  Кеңсайдың  жолы  –  қиын 

жол.  Оны  қиындатқан  –  өлілер  емес, 

тірілер. Жаңа айттым ғой, желі-пеліңді 

оқымаймын  деп.  Ұзынқұлақтан  естіп 

жатам,  біреулер  сол  интернетте  ара-

тұра мені мақтайтын көрінеді, енді бір 

топ  даттайды  дейді.  Даттайтындарды 

түсінем әрі аяймын, ал мақтайтындарды 

түсінбеймін.  Не  тауып  мақтайды  екен, 

тоба?


–  Осы  жолы  сізге  еріп  барған  жас 

ақындар туралы не айтар едіңіз?

–  Олар  ғажап.  Бөліп-жаратыны  жоқ. 

Жаңағы  айтқан  Шерхан  Талап,  Айбол 

батыр,  фамилиясы  есіме  түспей  отыр, 

Бекзат Смадияр, Аслан Тілеген (Мусин 

емес),  Әріби-Әрібек  Дауыл  (атының 

өзі  керемет  екенін  айтып  тұрған  жоқ 

па, би де өзім, бек те өзім деп?), Ретбек 

Мағаз  (Мағаз,  бірақ  Масанчи  емес), 

Нұртас 


Тұрғанбекұлы, 

Тұрсынбек 

Башар  (Башар  Асадқа  түк  те  қатысы 

жоқ),  Жандарбек  Жұмағұл,  Еділбек 

Дүйсенов,  Еламан  Хасен,  Айдын 

Байыс… 


Осылардың 

қай-қайсысы 

да  мықты.  Кейбірінің  аты-жөндерін 

шатастырсам,  ренжімесін.  Олар  тобын 

жазбай баспаға келіп тұрады, оған мен 

қуанамын.



–  Олардың  Кеңсайдан  алған  әсері 

керемет шығар?

–  Әрине,  солай  болады.  Кезінде  мен 

де  Кеңсайға  ағаларыма  еріп  талай 

барғанмын.  Сол  Қадыр,  Тұманбай, 

Сағи,  Жұмекен,  Сырағаң,  Қуанағаң, 

Ғафекеңдердің 

өздері 

бұл 


күнде 

Кеңсайда  мәңгі  ұйқыда  жатыр.  Әр 

бейіттің  өз  мінезі  бар.  Мысалы,  ұзақ 

уақыт  бармай  кетсең,  Тұмағаңның 

құлпытасы бір түрлі «өкпелеп» тұрады, 

Қадекеңе  тас  түйін  дайындалып  бару 

керек,  әйтпесе  табан  астынан  тауып 

айтып 


«шалқаңнан 

түсіретіндей» 

көрінеді.  Сағи  мен  Жұмекен  ағайлар 

момын, 


«и-и-и, 

айналайындар, 

келдіңдер ме, аман-есен жүрмісіңдер?» 

деп  күліп  тұрады.  Сырағаңа  көп 

сөйлемеу керек. Қуанағаң бекзаттықты 

ұнатады.  Олпы-солпы  жүрсең,  абзалы 

бармай-ақ  қой.  Жарасқан,  Тынышбай, 

Жұматай,  Дәуітәлі…  Бұлар  бір-біріне 

ұқсамайды.

Ол  кездегі  Алматы  басқа  еді.  Суық 

емес еді. Кеңсай шағын болатын. Оның 

үстіне, біздің жасырақ кезімізде қазіргі 

белгілі ақын, зерттеуші Байбота Қошым 

Ноғай, ол кездегі фамилиясы Серікбаев 

болатын,  Кеңсайдың  етегіндегі  бір 

шағын  көшеде  пәтер  жалдап  тұрды. 

Демалыс  күндері  жастар  сол  аулаға 

жиналып  өлең  оқитынбыз,  сосын 

Кәмиләнің  тамағы  піскенше,  сыртқа 

шығып  бейіттерді  аралап  келуші  едік. 

Мен ол күндерді ұмытқам жоқ.

Кеңсай  –  ерекше  мекен.  Оған  барып 

тұру  кісіні  ойландырады,  көп  нәрсеге 

басқаша  қарайтын  боласың,  асып-

тасып бара жатқан кездеріңде, сабырға 

шақырады.

ТАМАРА ХАНУМНЫҢ 

ШЫН АТЫ-ЖӨНІН 

БІЛЕСІЗ БЕ?

–  Шетелдерге  жиі  шығасыз  ғой, 

олардың  да  өз  Кеңсайлары  бар 

шығар?

–  Иә,  мен  қай  қалаға  барсам  да,  сол 

елдің  көне  бейіттерін  көруге  уақыт 

табуға  тырысамын.  Әсіресе  Еуропаға 

жолым түссе, саяхатымның бір бөлігін 

мазарларға  арнау  –  қашанғы  әдетім. 

Мұнда  бір  тылсым  бар.  Францияға 

алғаш барғанымда Сент Женеве Де Буа 

қаласындағы  ортодокс  мазарстанына 

арнайы  соқтым.  Бала  кезімнен  көрсем 

деп  жүретінмін.  Ол  туралы  кезінде 

Иван Бунин туралы мақаламда жаздым 

да.  Кейінгі  сапарларымда  да  аталмыш 

қалаға  бармай  кеткен  кезім  жоқ. 

Айтпақшы, менде сол сапарда түсірген 

бір  сурет  бар.  Көптен  сақтап  келемін. 

Бұл – асылы, кезінде қызылдардан үрке 

көшкен  орыс  ақсүйектерінің  қорымы 

ғой,  мына  бір  Байтуғанов  деген  кісі, 

бәлкім,  соларға  еріп  барған  бір  бейбақ 

болар.  Байтуған  деген  орыс  болмайды, 

мүмкін,  тегі  қазақ  шығар  деп  суретке 

түсіріп алғам, қазақ екені рас болса, кім 

біледі,  туыстары  табылып  қалар.  Осы 

суретті газеттеріңе шығарсаңдар, оңды 

болар еді.

Лондондағы Һайгейт мазаратына арнап 

атап  барғанымда  жол  бастаушының: 

«Сіз  Карл  Маркске  келген  боларсыз?» 

–  деп  сұрағаны  есімде  қалыпты. 

Шынын  айтсам,  мен  Карл  Маркстің 

мұнда  жерленгенін  білмеуші  едім. 

Һайгейт  көне  қорымнан  гөрі  демалыс 

паркіне 


немесе 

күтіммен 

өскен 

орманға  ұқсайды.  Сыңсыған  тал-



теректердің  арасында  атақты  әл-

Құддыс 


балқарағайы 

(самырсыны) 

өсіп  тұр.  Палестинадан  бұл  маңға 

қалай келіп, қалай жерлескенін ешкім 

айта  алмайды.  Биіктігі  қырық-елу 

метрге  дейін  жетеді.  Әлібек  Асқаров 

жазып 

жүрген 


біздің 

Алтайдың 

алып  самырсындарымен  тұқымдас, 

бірақ  сорты  бөлек.  «Кәләм  шәрифте» 

баяндалатын баяғы топан судың кезінде 

Нұх  осы  ағаштан  кеме  жасапты  деген 

де аңыз бар. Асылы, самырсын туралы 

Сүлеймен  патша,  Нұх  пайғамбар  және 

Әлібек  Асқаров  бізден  гөрі  жақсы 

біледі.


Тыныштық.  Мұнда  құстар  да  бөлек 

бір  дауыспен  сайрайды.  Мүк  басқан 

құлпытастарға  үңілсеңіз,  алды  бес 

жүз  жыл,  соңы  жүз  жыл  бұрынғы 

жәдігерліктер 

екенін 


көресіз. 

Ағылшынның 

атақты 

жазушысы 



Чарлз  Диккенстің  әкесінің  бейіті 

осында.  Ол  кезінде  Англияның  атақты 

шенеуніктерінің  бірі  болса  керек. 

Бірақ  оның  бейітінен  гүл  үзілмейтінін 

мұндағы жұрт баласының абыройымен 

байланыстырды. 

Марқұмның 

өз 


уақытында 

не 


жұмыс 

істегенін 

тарихшылар  болмаса,  былайғы  жұрт 

білмейді,  құрметтесе,  баласы  үшін 

құрметтейді.

Стамбулды  қақ  жарып  өтетін  жалғыз 

трамвай  жолын  жағалап  отырсаңыз, 

Осман 


патшалары 

заманындағы 

көне  бейіттерді  көптеп  кездестіресіз. 

Олардың 


архитектурасы 

– 

бөлек 



әңгіменің желісі. Христиан әлемі әдетте 

қайтқан  кісілерді  шіркеу  маңына 

жерлесе, 

мұсылмандар 

мешіттің 

маңына  жерлеген.  Осылардың  бәріне 

ортақ  бір  ерекшелік  бар.  Адамдар 

әруақтарды қадірлеу арқылы тірілердің 

жиі  соғып,  өзін-өзі  қайта  танитын  бір 

мекен жасағанын білді ме екен?

Стамбулды  айтқан  соң  есіме  түсіп 

отыр,  осындағы  археология  музейінде 

Ескендір  Зұлқарнайынның  табыты 

(саркофаг)  тұр.  Баға  жетпес  ақ 

мәрмәрдан  қашалған  жәшік  пішіндес 

тас  табыт.  Маңында  кезінде  «әлемді 

уысымда  ұстаймын»  деген  нешеме 

шынжыр  балақ,  шұбар  төстердің 

саркофагтары  қаздай  тізіліп  тұр. 

Олардың  кім  екенін  жұрт  бүгінде 

ұмытқан.  Менің  айтпағым  ол  емес, 

менің  айтпағым  –  бір  кезде  жарты 

әлемді 

тітіркендірген 



Александр 

Македонскийдің  тас  табытын  осында 

жеткізерде  оның  сүйегін  саудыратып 

төгіп 


тастаған 

болуы 


керек, 

саркофагтың  іші  бос.  «Дүние  жалған» 

дегенді бұрынғы шалдар осындайды көп 

көрген соң айтса керек. Күнде таңертең 

еден сыпырушы әйел: «Ту, ессіз қалғыр, 

осы жәшікке-ақ шаң жиналғыш екен», 

–  деп  қарғап-сілеп,  шаңсорғышын 

дүрілдетіп  тазалап  жатады  Ескендір 

Зұлқарнайынның  табытын.  Ол  әйел 

бұның кімнің саркофагы екенін білмеуі 

де мүмкін, бәлкім, білетін болар. Білсе 

ше? Есіл Ескендір патшаның сүйегі қай 

сайда  қалды  екен?  Әрбір  патша,  әрбір 

президент, оны айтасыз, әрбір әкім өзін 

Македонскийден кем сезінбейді, әттең.

Ташкентке  бара  қалсам,  Шағатай 



Өмірі  де,  өнері  де  ешкімге  ұқсай  бермейтін,  білім-білігі,  ойының 

озықтығы жағынан да өзгеше белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты  Есенғали  Раушанов  бұл  сұхбатында  бәрімізге  белгілі, 

толғандырып  жүрген  тақырыпқа  орай  тосын  ой  өрбітіп,  пікір, 

ұсыныстарын ортаға салады.

ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ:

«БІЗДІКІ НЕ ТАНТУ? 

БҰЛ НЕ КӨРГЕНСІЗДІК?»



akshamy@mail.ru

11

№36 (170)



29 қыркүйек 2016 жыл

тартынба!

қабірстанына 

соқпай 


кетпеймін. 

Өзбек 


зиялыларының 

пантеоны 

Фараби  даңғылында.  Бас-аяғы  бес-

алты  гектар  ғана  жер,  бірақ  керемет 

абаттандырылған.  Шараф  Рашидов, 

Усман  Юсупов,  Ғафур  Ғұлам,  Айбек, 

Абдулла  Қаһар,  Пірімқұл  Қадыров, 

Батыр  Закиров,  Тамара  ханумдар 

осында жерленген. Бір ауыз сөз Шараф 

Рашидовтің  бейіті  туралы.  Ол  –  бір 

емес,  үш  рет  қайта  жерленген  адам. 

Әуелі  әспеттеліп,  өзі  жаңғыртқан  әзім 

Ташкенттің  қақ  ортасындағы  үлкен 

алаңға  қойылды.  Горбачевтің  бұлғағы 

басталып, 

Гдлян 


мен 

Ивановтың 

қылышынан  қан  тамып  тұрған  кез 

еді  ғой,  арада  көп  уақыт  өтпей  сүйегі 

ол  жерден  қазылып  алынып,  туған 

жеріне,  Жызақ  уәлаятына  көшірілді. 

Заман  тынышталған  соң,  кешегі  өткен 

Ислам  Каримов  ұлт  зиялыларын 

ардақтайық  деп  бастама  көтереді. 

Сөйтіп,  марқұмның  мүрдесін  қайта 

аршып  алып,  Шағатай  пантеонына 

әкеліп қайыра көмдіреді. Ал өзі болса, 

неге дүр атақты Шағатайға емес, туған 

жеріне,  ата-ана,  бауырластарының 

жанынан  «орын  алуды»  жөн  санапты? 

Шынында,  не  ойлады  екен?  Ал  мына 

Тамара  ханумның  шын  аты-жөні  – 

Тамара  Артемовна  Петросян.  Бірақ 

христиан бола тұра, мұсылман бейітіне 

жерлеуді  өсиет  еткен,  бұл  жайт  сіздің 

есіңізге  біздің  Герағаңды,  Герольд 

Карлович Бельгерді, түсірмей ме?

Шағатайға  тақау  Бұхара  жөйттерінің 

де  қорымы  бар.  Онда  да  түп-түзу 

тартылған көшелердің екі бетіне қатар 

тізілген  құлпытастарды  көресіз.  Түп-

түзу  тартылған  көшелерге  біз  әлі 

ораламыз.

БІЗ ӨЗІ ҚАНДАЙ 

ҰЛТПЫЗ?


Менің  Шағатайға  арнайы  ат  басын 

тірейтінім  –  мұнда  қазақтың  даңқты 

перзенті,  академик  суретші  Орал 

Таңсықбаев  пен  хан  Кенесарының 

ұрпағы 

ғалым 


Натай 

Кенесарин 

жерленген. 

Сәл 


жоғарыда 

Шайхантауырда  Төле  бидің  күмбезі 

бар.  Олардың  қазақтан  кетіп,  неге 

өзбек  жеріне  сіңгені  –  бөлек  әңгіме. 

Әсіресе  Натай  Кенесариннің  тағдыры 

қазақ  баласын  қатты  ойландырады. 

Орал  ағаның  құлпытасын  ертеректе 

бір 


барғанымда 

суретке 


түсіріп 

алып  едім,  мынау  –  сол.  Оған  өзі 

жанындай сүйіп, талай суретке тартқан 

Алматысынан  да  емес,  ата-бабасының 

ежелгі  қонысы  Сарыарқадан  да  емес, 

жеті  қиян  жер  түбіндегі  Шағатайдан 

топырақ бұйырыпты. «Адамның басы – 

Алланың добы» деген бұрынғы шалдар. 

Сол  сапар  Натай  төренің  де  бейітін 

суретке 


тартқанмын. 

Қағаздардың 

арасынан  таба  алмай  отырмын.  Екі 

арыстың  да  бейіті  әрқашан  күтімде. 

Қашан  барсаң  да,  тап-таза.  Өзбектің 

бізге  деген  құрметі  осылай  болғанда, 

қазақтың  өзара  сыйластығы  қандай? 

Біз өзі қандай ұлтпыз? Енді сол туралы 

бір  ауыз  сөз.  Жасыратыны  жоқ,  қазақ 

бейіттері  көбіне-көп  руластар  қорымы 

сияқты  көрінеді.  Бір  рудың  адамдары 

бір  бөлек  жерленеді.  Мен  мұны  жақсы 

демеймін,  жаман  да  демеймін.  Мен 

мұны  кез  келгеніміз  күнде  көріп 

жүрген  шындық  деймін.  Егемендіктің 

алғашқы 


жылдарында 

елімізге 

қандастарымыз  сеңдей  қаптап,  судай 

ағылды емес пе? Сол күндердің бірінде 

төбемізден  жай  түскендей  әсер  еткен 

бір сұмдық әлі күнге жадымызда. Ажал 

қашан  айтып  келуші  еді,  шет  жерден 

«қазағым,  елім»  деп  аңсап,  шаршап 

әрең  жеткен  бір  азаматтың  қарындасы 

кенеттен  қайтыс  болып,  әдеттегідей 

ауыл  сыртындағы  бейітке  жерлейді. 

Көп уақыт өтпей қаралы үйге бір топ кісі 

сау етіп кіріп келеді. «Оралман ағайын, 

сен  біздің  бейітке  қарындасыңды 

жерлепсің.  Бұлай  болмайды.  Бұл  – 

біздің  рудың  бейіті».  «Маған  не  істе 

дейсіз,  бұл  жақта  менің  руымның 

бейіті  жоқ  қой».  «Сенің  Қытайыңда 

(әлде  Өзбекстаныңда,  Моңғолияңда, 

бәлкім,  Ресейіңде  –  әңгіме  онда  емес) 

қандай  дәстүр  барын  біз  білмейміз, 

мынау – біздің бейіт. Онда басқа рудың 

адамдары  жерленбеуі  керек.  Сөздің 

қысқасы…».  Иә,  сөздің  қысқасы, 

еңірегенде  етегі  жасқа  толып  отырған 

қаралы  үй  ертеңіне  жаңа  қойылған 

жас  мүрдені  қайтадан  қазып  алып, 

басқа  қорымға  көмуге  мәжбүр  болған. 

Бұған  қандай  баға  берер  едіңіз?!  Ұлты 

жөйт  Карл  Маркс  ағылшындардың 

арасында,  ирландиялық  Оскар  Уайльд 

француздардың қорымында жерленген. 

Ешкім  жөйт  Израйльге,  ирландық 

Дублинге жерленсін деген жоқ. Демейді 

де. Біздікі не танту? Бұл не көргенсіздік? 

Мұндай  тексіздікті,  осыншалықты 

жабайылықты, 

мұншалық 

жаһил 

надандықты  қай  елде,  қай  ұлтта, 



қай 

мемлекетте 

көргеніңіз 

бар? 


Адамдар  айуаннан  ажырап,  алғашқы 

қауымдық  құрылысқа  енгенде  де 

осындай бассыздыққа бармаған шығар, 

қанша  дегенмен  ол  –  адам  баласы  ғой. 

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 

тоғызыншы  орында  тұр.  2,7  миллион 

шаршы  шақырымнан  оралман  қызға 

бұйырған  шаршыдай  ғана  жер  сонша 

дау тудыратындай не көрінді бұл елге? 

Бір қызығы, сіз бен бізді басқарып, сіз 

бен  біз  төлеген  салықтың  арқасында 

күн  көріп  отырған  ресми  билік 

осындай  оспадар  оқиғаларды  көрсе  де, 

көрмеген  болатыны  несі?  Егер  өздері 

туралы  ащы  шындық  айтылса  ғой, 

шабына  ши  жүгірткендей  тулайды. 

Құдайшылығын  айту  керек,  Кеңсайда 

ру-руға  бөліп  жерлеу  жоқ.  Өкінішке 

орай,  онда  қайтқан  кісілерді  рет-

ретімен,  белгілі  бір  жүйемен  қою  тағы 

жоқ. Әлбетте, бұл тұста жер рельефінің 

қиындығын  айтып  ақталуға  болады. 

Түйетайлы  беткейлер  кісі  жерлеуге 

қиындық  туғызары  хақ.  Бәлкім, 

әуел  баста  бұл  осыншалықты  үлкен 

аймақты алатын мазарстан болады деп 

жоспарланбаған  да  шығар.  Бірінші 

Кеңсайдағы 

кезінде 

«ЦКовский» 

атанған  айлақта  ғана  мүрделер  белгілі 

бір  тәртіппен,  жүйемен  жерленіп, 

көгалдандырылған,  абаттандырылған. 

Пантеонға  ұқсаса,  тек  осы  бөлік 

қана  ұқсайды.  Райымбек  бабаның 

бейітінің  қарсы  бетіндегі  көне  бейітте 

Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов,  Қаныш 

Имантайұлы  Сәтбаевтар,  тағы  басқа 

ұлт зиялылары жерленген.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал