Осакаровка ауданындағы қарттар үйі осыдан 20 жыл бұрын ашылған екен



жүктеу 488.14 Kb.

бет3/5
Дата09.09.2017
өлшемі488.14 Kb.
1   2   3   4   5

Халық арасында «биліктегілер шынайы 

өмірге тек жеке автокөлігінің терезесінен 

ғана  қарайды,  халықтың  әлеуетін 

қағазбен ғана пайымдайды» деген түсінік 

қалыптасқан. Бұл ұғымды қала басшысы 

Нұрлан Әубәкіров теріске шығарды.

Аймақтық 

ОКҚ 

алаңындағы 



брифингте  тілшілер  сұрағына  жауап 

берген  әкім  өзінің  қаладағы  жаяу 

серуендері жайлы айтып берді.

«Әрине, 


өмірді 

тек 


жеке 

автокөлігіңнің 

терезесінен 

ғана 


қарау,  қыста  жылы,  жазда  салқын 

кабинетте  отыру  оңай.  Бірақ  қала 

әкімінің  жұмысы  өзге  мемлекеттік 

қызметкерлердің 

кеңселік 

жұмысынан 

сәл 

ерекшеленеді. 



Мәселен,  бүгін  мен  үш  көшеде 

болдым.  Сіздерге  ашық  айтайын,  таң 

атысымен  қалада  жаяу  жүремін»,  – 

деді Н.Әубәкіров.

Қала  басшысы  нысандарды  тексеру 

үшін  сенбі  күні  қаланы  айналып 

шығатынын  да  айтып  өтті.  Оның 

айтуынша,  мүмкіндік  болса,  жаяу 

жүруге  тырысады  екен.  Мұнысы 

денсаулыққа пайдалы әрі бар мәселені 

өз  көзіңмен  көруге  мүмкіндік  береді. 

Сондықтан  ол  күніне  5  шақырымға 

дейін  жаяу  жүріп,  қаланы  аралап 

шығады.


Веложолдар неге 

салынбайды?



Қарағанды  қаласындағы  бірқатар 

көшеде 

жол 

жөндеу 

жұмыстары 

жүргізіліп жатыр. Осы орайда қарапайым 

халық  арасында  «жөндеу  барысында 

веложолдар  неге  салынбайды?»  деген 

сұрақ  туындады.  Оның  да  өз  сыры  бар 

екен.

Бұл сұраққа жауап берген қала әкімі 

ең алдымен жолды реконструкциялау 

мен  ағымдық  жөндеудің  ара-жігін 

айырып алуды ұсынды.

«Ағымдық  жөндеу  дегеніміз  – 

жолдың  ұңқыр-шұңқырын  бітеу.  Ол 

бір-екі  маусымға  арналып  жасалады. 

Ал  орташа  жөндеу  деп  тасжолдың 

тозған қабатын ауыстыруды айтамыз. 

Әйтсе  де  біз  мердігер  компанияларға 

жолдың 


төменгі 

қабатын 


да 

ауыстыруды 

тапсырып 

отырмыз. 

Ал  реконструкциялау  және  күрделі 

жөндеуде  жолдың  негізгі  қабаты 

сылынып  тасталып,  қайта  төселеді. 

Әрі  жолдың  инфрақұрылымы  да 

өзгереді», – дейді қала әкімі.

Ал  соңғы  жылдары  Қарағанды 

қаласында  тек  Ленин  көшесі  ғана 

күрделі  жөндеуден  өткізілген.  Ал 

басқа 

көшелерде 



орта 

деңгейлі 

және  ағымдық  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілген.

«Біз  Ленин  көшесіне  велосипед 

жолын салғымыз келген. Бірақ жолдың 

тарлығына 

және 


айналасындағы 

құрылыс нысандарының орналасуына 

байланысты 

сала 


алмадық. 

Сондықтан  тек  жаяу  жүргіншілер 

жолын  төсеп,  жарықтандырдық.  Ал 

Кеншілер  даңғылында  мүмкіндік 

болғандықтан,  веложол  төселді»,  – 

дейді Н.Әубәкіров.

Оның  айтуынша,  жергілікті  билік 

өкілдері  веложолдар  салу  керектігін 

естен  шығармайды.  Олар  жаңа 

жолдар төсеу барысында бұл мәселені 

назарда  ұстайды.  Жақын  арада 

Приканальный  көшесінің  бойына 

ұзындығы  1  км-ден  асатын  веложол 

төселеді.  Оның  жобалық-сметалық 

құжаттары дайын болған.

Жолайрық салына 

ма?

Соңғы 

жылдарда 

Қарағанды 

қаласында 

жеңіл 

автокөліктердің 

саны  6  пайызға  өскен.  Қазіргі  таңда 

қаламызда  175  мың  автокөлік  тіркелген 

екен.  Бұл  дегеніміз  қалаға  қосымша 

жолайрықтарын  салудың  қажет  екенін 

білдіреді. Мұны жергілікті билік өкілдері 

де  жақсы  түсініп  отыр.  Бірақ  қазынада 

қаражат жоқ.

«Егер  бюджет  мүмкіндік  бергенде, 

мен  бірнеше  жолайрықты  қуана-

қуана  салар  едім.  Қаладағы  негізгі 

жолайрық  –  орталық  пен  Оңтүстік-

Шығысты  жалғап  тұрған  көпір.  Біз 

«Газалиев-Ключевой» 

көшелерін 

жалғайтын  жол  салмақ  болғанбыз. 

Тіпті, бірінші кезеңін салып та бердік. 

Бірақ  бұл  жоба  қағаз  бетінде  ғана 

қалып отыр», – дейді қала басшысы.

Бұл  жолайрықтың  құрылысына 

қажетті 


жоба 

бар, 


бірақ 

ол 


мемлекеттік 

сараптамадан 

өтпей  қалған.  Себебі  жолайрық 

салынады  деп  жоспарланған  жер 

жекеменшіктің  қолына  өтіп  кеткен 

және  бірнеше  құрылыс  нысаны  бой 

көтеріп үлгерген. Сондықтан әуелі сол 

жер  телімдерін  мемлекет  меншігіне 

алу қажеттілігі туындайды.

«Біз 


жекеменшік 

жерлерге 

ешқандай 

инфрақұрылым 

тарта 

алмаймыз. Әрі құрылысқа ірі көлемде 



инвестиция  тарту  қажеттілігі  де 

туындайды. Ал мұндай ірі көлемдегі 

қаржыны тек астаналық бюджет қана 

көтеруге  қауқарлы»,  –  дейді  Нұрлан 

Әубәкіров.

Десек  те,  жол  салуға  мүмкіндік 

бар 

екен. 


Қала 

басшысының 

айтуынша, 

бұл 


жолайрықты 

жеке 


инвесторлардың 

көмегімен 

салып  шығуға  болады.  Қазір  бұған 

қытайлықтар 

қызығушылық 

танытып  отыр  екен.  Бірақ  ол  үшін 

әуелі жекеменшікке өтіп кеткен жер 

телімдерін қайтару қажет.

Сын көтере білетін 

әкім


Қарағанды  қаласының  әкімі  Нұрлан 

Әубәкіров сыннан қорытынды шығаруға 

әзір,  бірақ  «сын  орынды  болса  игі» 

дейді.  Жергілікті  басылым  сайтында 

сыни  пікір  қалдырып,  аузына  келгенін 

жазатын «жазғыштарды» қала басшысы 

Қоғамдық  кеңеске  келіп,  ашық  диалог 

өткізуге шақырды.

«Шынымен 

біздің 

қалада, 


елімізде  бәрі  соншалықты  жаман 

ба?»  деп  сұрағым  келеді.  Мен  өзім 

оптимиспін. Сондықтан өзге елдермен 

салыстырғанда бізде әлдеқайда жақсы 

дер  едім.  Әсіресе  Президентіміздің 

байсалды  саясатының  арқасында. 

Бұл  –  жалаң  сөз  емес.  Мен  ешбір 

жұмыс  мінсіз,  сынсыз  жүрмейтінін 

жақсы  білем.  Кез  келген  жағдайда 

тырнақ  астынан  кір  табатындар 

бар  жеке  пайда  мақсатында  немесе 

мансап үшін. Тек сын айтуда адамның 

жеке  басына  тиісудің  қажеті  жоқ. 

Пікір  қалдырушылар  сынасын,  тек 

жеке  абыройыма  тіл  тигізетіндей 

шектен шықпасын. Бұл – менің жеке 

кеңесім».

Шаһар  басшысының  айтуынша, 

кей  «жазғыштар»  монитор  алдында 

отырып  алып,  күші  мен  қуатын  бос 

дүниеге  жұмсауда.  Оны  пайдалы 

іске  салса,  тиімді  болар  еді.  Осы 

мақсатта әкім оларды Қарағандының 

Қоғамдық 

кеңестеріне 

қатысуға 

шақырды.  «Қала  өміріне  жаны 

ашып,  айтатын  сындары  болса, 

жанашырлығын  виртуалды  өмірде 

емес,  шынайы  жиында  көрсетсін»,  – 

дейді ол.

«Мен сыни пікірдегі жазғыштарды 

диалогке 

шақырамын. 

Менің 

қағазсыз  сөйлей  алатынымды  өз 



көздерімен көрсін. Адам жайдан-жай 

мектепті «4» пен «5-ке» және ҚарМУ-

ды  қызыл  дипломға  бітірмейді. 

Дәл  осылай  жазыңыз.  Мен  олармен 

тілдесуге 

дайынмын. 

Тек 

олар 


«Мал»  («Животное»),  «Ушлепок» 

сынды 


никтермен 

жасырынбай, 

шынайы 

келбеттерін 



көрсетсін. 

Ата-аналары  қойған  есімдері  бар 

шығар. Бірақ «мал» немесе «тентек» 

болып  қалғылары  келсе,  өз  еркі. 

Маған  осы  сөзім  үшін  ренжімес. 

Қоғамдық 

кеңеске 

келіңіздер, 

керісінше,  бұл  –  бізге  үлкен  көмек. 

Біз  аңғармай  жататын  проблемалар 

барын  жасырмаймын.  Кемшіліктер 

бар.  Бірақ  бұл  –  жұмыстың  жүріп 

жатқанын  көрсетеді.  Себебі  ештеңе 

істемеген  адам  ғана  қателеспейді»,  – 

дейді әкім

 



Қарағанды қаласының әкімі қандай адам? Ол қалай 

жұмыс істеп жатыр? Халықпен байланысы, әлеуметтік 

мәселелерге деген көзқарасы қандай? Осы және өзге 

де сауалдардың жауабын білу мақсатында қала әкімі 

Нұрлан  Әубәкіровке  қатысты  осы  аптадағы  өзекті 

жаңалықтар  топтамасын  назарларыңызға  ұсынамыз. 

Әкімнің  қандай  жан  екенін  оқырман  өзі  пайымдай 

жатар.

ӘКІМ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ



«Шынымен біздің қалада

елімізде бәрі соншалықты 

жаман ба?» деп сұрағым 

келеді. Мен өзім 

оптимиспін. Бұл – жалаң сөз емес. 

Мен ешбір жұмыс мінсіз, сынсыз 

жүрмейтінін жақсы білем.

akshamy@mail.ru

№36 (170)

29 қыркүйек 2016 жыл

6

Анық-қанық



Қараусыз  қалған  үйді  қалпына  келтіруге  бюджеттен 

Қараусыз қалған үйді қалпына келтіруге бюджеттен 28 

миллион  теңге  бөлініпті.  Тендерге  қатысып,  жөндеуді 

мойнына алған мердігер компания ісін шала аяқтаған. 

Үйдің қабырғалары жарылып, кей тұсы көгеріп кетіпті.

Балалар  үйінің  тәрбиеленушісі  ретінде  осы  үйден 

пәтер  алған  Лилия  Мүлікованің  айтуынша,  алты 

айдан  соң  үйдің  қабырғалары  жарылып,  түсқағаздары 

жыртыла  бастаған.  Тоғыз  айдан  соң  тозығы  жетіп, 

адам  көргісіз  күйге  түскен.  Пәтері  жарамсыз  болып 

қалған тек бұл отбасы ғана емес. Осы үйден пәтер алған 

жұрттың бәрінің басында бар жағдай.

Қазір  құрылыс  сапасының  сын  көтермейтіні  туралы 

қала  басшылығы  да  құлағдар  болған.  Әйтсе  де  олар 

мердігер компанияға дәнеңе істей алмайды. Бар болғаны 

экономикалық  сотқа  арыз  жазып,  кеткен  шығынды 

орнына  толтырып,  үйді  қалпына  келтіруді  талап  етіп 

отыр


 

Бойконы  ұмытпаған  боларсыздар? 



Бұл  адамды  жұрт  қоғам  белсендісі 

деп  дәріптейді.  Айтса,  айтқандай-ақ. 

Халық алдына шығып орынды-орынсыз 

мәселе көтеруде алдына жан салмайды. 

Кейде  артық  кететіні  бар.  Қызды-

қыздымен  қазақтың  ұлттық  мүддесін 

аяққа  таптап,  құндылықтарымыздың 

қадірін  түсіруге  тырысады.  Әсіресе 

Әлихан  аты  аталғанда,  тырысқағы 

ұстап қалады. Қалай болғанда да қарсы 

шығып,  мұқатып  қалуға  тырысады 

сосын.


Қарағанды  көшелерінің  атауы  әлі 

күнге  дейін  қазақыланбай  келеді. 

Әлі  күнге  дейін  кеңестік  атаулардан 

арыла  алмай  қойдық.  Бұл  мәселе 

кезінде 

талай 


мәрте 

көтерілген. 

Қоғамдық 

тыңдалымға 

ұсынылып 

талқыланғанда,  Дмитрий  Бойко  сөз 

алып: «Әлихан – террорист», – деп айды 

аспанға шығарған болатын. Сол кездегі 

билік  өкілдері  бұл  адамға  қарсы  уәж 

айтуға  жарамады.  Сөзі  өтімді  болып, 

көшеге  Әлихан  есімін  беру  мәселесі 

кейінге шегерілді.

Биыл  ұлт  көсемінің  туғанына  150 

жыл  толуына  орай  қарағандылық 

зиялы  қауым  өкілдері  көше  атауына 

өзгерту  енгізу  туралы  бастама  көтеріп, 

орталықтағы  Ленин  көшесінің  атауын 

Әлихан  Бөкейхан  көшесі  деп  атауды 

ұсынған 

болатын. 

Зиялы 

қауым 


өкілдерінің  бұл  ұсынысын  облыс  әкімі 

Нұрмұхамбет  Әбдібеков  қабыл  алды. 

Өзінің  де  бұл  іске  бүйрегі  бұратынын 

білдірген  аймақ  басшысы  Әлекеңдей 

тұлға  есімін  көшеге  емес,  тұтас  бір 

ауданға беру керек екенін айтты. Сөзінде 

тұрды  да.  Ақтоғайдағы  алқалы  тойда 

халықтан  сүйінші  сұрап,  жақын  арада 

Октябрь  ауданының  атауы  өзгеретінін 

мәлімдеді. Бұған Президент Әкімшілігі 

де рұқсат берген екен. Қуанарлық жайт. 

Әйтсе  де  Дмитрий  Бойко  бұл  жолы 

да  баяғы  әдетіне  басып,  қарсылық 

танытты.  Айтуынша,  жергілікті  билік 

өкілдері  қара  халықтың  пікірімен 

санаспайды екен. 

Санаспайды  дегенде,  Бойконың 

айтпағы 


Октябрь 

ауданында 

тұратын 200 мың адам болса берек. 

Бірақ  Майқұдық  –  ежелден-ақ 

қазағы  қалың  қоныстанған  аймақ. 

Әлгі  200  мыңның  тең  жарымы  –  өз 

қаракөзіміз  ғой.  Ал  қаны  қазақ 

азамат  Әлиханға  қарсы  бола  ма? 

Сонда  Бойконың  айтқаны  қай 

халық?


Қазақтың 

бір 


азаматы 

Қазақстандағы  орыс  немесе  өзге 

этнос  жайлы  сәл  қиыс  сөйлесе, 

тиісті  органдар  тергеуге  алып, 

құйрығына  қоңырау  байлап  іуреге 

салады. Ал Бойкоңыз бойын барған 

сайын  тіктеп,  желкесін  күдірейтіп, 

азуын  жиі  көрсететін  болып  жүр. 

Осы  қоңсы  жұрт  үй  иесін  сыйласа 

керек  еді  ғой.  Иесіз  үйді  қонағы 

билейді. Ал бұл үйдің иесі бар емес 

пе?  Күн  сайын  күшіктеп  жатқан 

шовинистік 

һәм 


империялық 

пиғылдағы  адамдар  еркімен  кетсе, 

ертеңіміз  не  болмақ?  Алыстағы 

Жириновскийден  іргеңдегі  Бойко 

қауіпті. 

Ауыздықтап 

ұстаса, 

артықтық етпес.

Бір  қуаныштысы  –  біз  тәуелсіз 

мемлекетпіз.  Президент  Әкімшілігі 

қолдады,  яғни  Бойконікі  бос  сөз. 

Жеті жерінен кесілген жылан құсап 

иреңдей  берсін,  мейлі.  Бұл  мақала 

Қарағанды  қаласында,  болашақта 

Әлихан  Бөкейхан  есімі  берілетін 

ауданға  қарасты  шағынауданда 

жазылды. Ең қызығы, Бойко да осы 

ауданда тұрады

 



Ақтоғай ауданында Алаш көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдық 



мерейтойы аталып өтілді. Той барысында арысымызға арналып ескерткіш ашылды, 

ғылыми  конференция  ұйымдастырылды.  Әрине,  бұл  шараның  ұйымдастырылуына 

қатысты көңілге қыжыл салған нәрселер бар. Бірақ оның бәрін облыс әкімінің бір ауыз 

сөзіне садаға еттік. «Алдағы уақытта Қарағандының бір ауданына Әлихан Бөкейханның 

есімі  беріледі»,  –  деді  әкім.  Көнтері  қазақтың  көптен  күткен  сөзі.  Әлеуметтік  желіде 

бір-бірінен  сүйінші  сұрап  қазақ  бір  жасап  қалып  еді.  Осыны  көп  көрді  ме,  бойында 

шовинизмнің уыты бар тағы да сол Бойко бастаған топ шықты.

Осыдан  2  жыл  бұрын  Абай  қаласында  20 

жылдан  бері  қараусыз  қалған  көпқабатты  үй 

жөнделіп, жетім-жесір, көпбалалы отбасыларға 

үлестірілді.  Жағымды  жаңалық.  Бұл  хабарды 

естігенде  қуандық,  бірақ  әлгі  үйдің  сапасы 

жайлы сөз болғанда, көңілге кірбің ұялады.

ТОҒЫЗ АЙДА ТОЗЫП КЕТТІ

БОЙКОНІКІ БОС СӨЗ!

akshamy@mail.ru

№36 (170)

29 қыркүйек 2016 жыл

7

Көкейкесті



СЫР ЕЛІ – 

ТҮРКІНІҢ ЖҮРЕГІ!

ПАЙЫМСЫЗ 

БАЙБАЛАМҒА АЙТАР 



ЕКІ УӘЖ

Сырдарияның  жағасындағы  аңыз  қалаға 

аяғымыз алғаш рет 2005 жылы тиген-ді. Сонда 

«Сыр – Алаштың Анасы» деген сөз көзге оттай 

басылып, арқаға аруақ қонғандай, алабұртып 

кеткенім әлі есімде... Сол жолы атажұрт, алтын 

бесігіме қайта оралып келіп тұрғанымды жан-

жүрегіммен  сезінгендей  болып  ем.  Арада 

қаншама  ғасыр,  ала  құйын  заманалар  өтіп 

кеткен?  Қазақ  халқы  соңғы  үш-төрт  мың 

жылдың орамында ортаеуразиялық кеңістікте 

барлық  тайпаның  аралас-құраласуының 

қайнарынан  қайнап  шыққан  саф  алтынның 

сынығы  емес  пе  еді?  Осынау  киелі  жұртты 

исі  қазақ  сонау  Хас  Сақ,  Оғыз-Қыпшақ 

замандарынан жайлап келеді. Тірі жаннан беті 

қайтпай,  алапат  қаһарымен  адамзаттың  төбе 

шашын тік тұрғызған Ескендір Зұлқарнайдың 

өзі  б.э.д.  329  жылдары  осы  Сырдың 

дариясынан өте алмай, өзегі өртенген деседі. 

Арғы-бергіні  көктей  шолсақ,  қазақ  халқының 

қаһармандық  шежіресінің  қайнар  көзі  осы 

дарияның жағасында жатқанына көз жетеді.

Сыр  елі,  Жыр  елі  –  Түркінің  Жүрегі! 

Ел  бірлігінің  іргесін  тұрғызып,  түркі 

дүниетанымының  негізін  жасаған  ғұлама 

ойшыл,  әлемдік  ақыл-ойда  айрықша  орны 

бар  философ,  абыз  Қорқыттың  дәурен 

сүрген  киелі  мекені  –  бұл!  Желмаясына 

мініп  мәңгілік  өмір  –  Мәңгілік  Ел  іздеген 

Қорқыттың  арман-аңсары  ХХ  ғасырдың 

90  жылдары  аңыздан  ақиқатқа  айналып, 

Қазақстан  егемен  ел  болды!  Алла  алқады, 

аруақ  жебеді!  Осы  атырапта,  Ұлы  Сейхун 

дариясы  бойында  Алаштың  үш  астанасы 

бой  көтерген.  Ежелгі  Оғыз  мемлекетінің  бас 

қаласы  –  Жанкент.  Қазақ  хандығының  басын 

қосқан  –  Сығанақ.  Қырғыз  АССР-інің  1925 

жылы  19  сәуірде  өткен  бесінші  құрылтайы 

Қазақстанның 

астанасын 

Орынбордан 

Ақмешітке  көшірер  алдында  бұған  дейін 

қырғыз-қайсақ атанып жүрген бұратана елдің 

қазақ  екенін  ресми  құжатпен  заңдастырып 

алған  көрінеді.  Сонсоң  Қырғыз  АССР-інің 

орталығы  Ақмешіт  шаһарын  бұдан  былай 

Қызылорда деп атау туралы қаулы шығарды. 

Қырғыз  АССР-ін  Қазақ  Автономиялық 

Советтік  Социалистік  Республикасы  деп 

атайды!  Сол  күннен  бастап  баяғы  Көк  Орда, 

Ақ  Орда,  Алтын  Ордалардан  бастау  алған 

Қызылорда  атауы  Алаш  жұртына  мәшһүр 

болды!  Содан  исі  қазаққа  Қызылордамен 

қоса  қыдыр  қонды!  «Қызылорда»  деген  сөз 

Ленин  мен  Сталиннің  аузынан  шығатын  сөз 

емес-ті.  Шықса,  Сәкен  Сейфуллин,  Әлихан 

Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Мұстафа Шоқай, 

Сұлтанбек  Қожанов,  Тұрар  Рысқұловтардың 

аузынан  шықты!  Атам  заманғы  Көк  Орда, 

Алтын  Ордасын  ұмытпай,  совет  өкіметіне 

жаман  аты  шыға  бастаған  Алашордадан 

да  айылын  жимай,  Ақмешітті  Қызылорда 

атаған  Алаш  ардагерлерінің  аруағы  жебеп 

келеді  бізді!..  Тұлғасы  биік  елдің  тұрпаты 

да  биік,  асқақ  болады.  Осы  Сыр  бойында 

туған  сонау  Қорқыттан  бүгінгі  Есенғали 

Раушановтардың аралығында қаншама тұлға 

бар?!  Саусақпен  санап  шыға  аламыз  ба?! 

Қызыл  Қазан  төңкерісі  тұсында  сол  сәби 

Сәкен,  Мағжандармен  қатарласа,  қапталдаса 

Әбділда  Тәжібаев  болып  шырылдап  дүниеге 

келді!  Совет  өкіметі  кезінде  күрішші  Ыбырай 

Жақаев,  Асқар  Жұмаділдаев  математик 

болып  Қызылорданың  топырағынан  туды!.. 

Қармақшыдағы  Қорқыт  Ата  ескерткішін 

тұрғызғандардың  бірі  һәм  бірегейі  – 

Қарқаралының  тумасы,  физик-математик 

Совет  Исатаев!  Қорқыт  Ата  мазарынан 

соққан  желге  үн  қосатын  ұлы  қобыз  сарыны 

Оғыз-Қыпшақ  заманының  дабылын  бүгінгі 

ырысына  ынтымағы  жарасқан  жасампаз 

Қазақстанға  жеткізіп  тұр!  Сыр  жерінде  кіндігі 

қалған  Қаз  дауысты  Қазыбекке  еріп  Арқаны 

жайлап қалған ел едік.

Сарыарқаның  ұшы-қиырына  көз  жетпес 

ұлан-асыр  даласының  осынау  ой-қыры  бір 

кезде  Сармантай-Мұраттың  жаз  жайлауы 

болатын-ды.  Аңғалдығына  исі  Алаш  түгілі, 

адамзат  таң  қалатын  көшпелі  жұрттың  қой 

соңындағы  бір  перзенті  күтпеген  жерден 

көмір  қабатына  кез  болып,  қараған  жағатын 

қазақтың  қазан-ошағын  қара  көмірмен 

маздатқан  күні  осы  белеңде  өзінен  соң  34 

жылдан  кейін  дүниеге  келетін  қаһарлы 

империяның  ғаламат  бір  кенті  бой  түзейді 

деп ойлады ма екен... Капитализмге ат басын 

шалдырмай,  феодализмнен  социализмге 

бір-ақ  қарғыған  қазақ  жетпіс  жылдың 

ішінде  жер  бетінде  бұрын-соңды  болып 

көрмеген  тарихи  сілкіністерді  бастан  кешірді. 

Пайғамбар  жасынан  асып,  алып  кентке 

айналған  қара  алтынды  Қарағанды  ГУЛАГ-

тың  бесігінде  жатып  ержетіп,  дүниежүзілік 

екінші 

қырғынның 

тұсында 

Кеңестер 

Одағының  керуен  көшін  өгіздей  өрге  сүйреп, 

ғарыш  заманының  ғаламат  аэропортына 

айналып  еді.  Пролетариат  диктатурасы  оны 

жұмысшы  табының  жабулы  жатақханасына 

айналдырмақ  болса  да,  тарихтың  дамуы, 

тағдырдың  жазуымен  ол  қазақ  зиялы 

қауымының  бас  қосқан  екінші  кіндік  қаласы 

болды.  Совет  өкіметі  кезінде  Алматы 

Мәскеуге  ұқсаса,  бұл  Санкт-Петербургке 

ұқсап  бара  жатты.  Бүгінде  Астана  Алаштың 

Отанасы  болса,  Қарағанды  Отағасына 

айналды!  Сондықтан  оны  Қазақстанның  ірі 

индустриалды  орталығы  деп  қана  ойламай, 

Алаш  ақыл-ойының  ордалы  отауы,  рухани 

бесігі  десе  жөн  болар  еді.  Арқаның  өзіне 

тән  ойлау  жүйесі,  көңіл  арбайтын  көркем 

дүниесі,  тамаша  талғам-дәстүрі  осы  жерден 

көзге  ұрып  тұр.  Еншісі  бөлінбеген  қазақ 

Тәттімбеттің  күйіне  осында  келіп  тамсанып, 


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал