Осакаровка ауданындағы қарттар үйі осыдан 20 жыл бұрын ашылған екен



жүктеу 488.14 Kb.

бет2/5
Дата09.09.2017
өлшемі488.14 Kb.
1   2   3   4   5

жол!»  марафоны  аясында  Қарағанды  тау-

кен  индустриалдық  колледжінде  Қарағанды 

қаласының  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімі мамандары мүгедектердің 

құқықтарын қорғауға бағытталған заңдылықтарын 

түсіндіру бойынша кезекті ақпараттық-түсіндірме 

жұмыстарының  науқанын  өткізді.  Науқанға 

аталмыш 

колледждің 

қызметкерлері 

мен 

студенттері, мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.

Науқан соңында барлық қатысушы (100-ден 

астам  адам)  мүгедек  тұлғалардың  жағдайын 

жақсарту  бағытында  мемлекет  тарапынан 

атқарылып  жатқан  істер  жайында  мағлұмат 

алып  қайтты.  Сондай-ақ  бөлім  мамандары 

әлеуметтік-еңбек 

саласында 

ұсынылатын 

мемлекеттік  қызметтердің  көрсетілу  тәртібі, 

өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға 

көрсетілетін  әлеуметтік  көмектердің  түрлері 

туралы,  оның  ішінде  «Өрлеу»  жобасы 

жайында,  «Жұмыспен  қамту  –  2020  жол 

картасы» бағдарламасы аясында жүргізілетін 

шаралар туралы түсінік берді.

Барлық  қатысушыға  ақпараттық  буклеттер 

үлестірілді 

ТІЛ БІЛСЕҢ, ТІРЛІК ЖЕҢІЛ



akshamy@mail.ru

3

№36 (170)



29 қыркүйек 2016 жыл

News


Бетті әзірлеген: Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ 

Спорт


Өнеркәсіп 

Қоғам 


Бизнес

Өнім 


Қарағанды  қаласында  салынып  жатқан  спорт 

кешеніне  әлем  чемпионы  Геннадий  Головкиннің 

есімі берілуі мүмкін. Бұл ұсыныс облыс әкімінің 

орынбасары  Асылбек  Дүйсебаевтың  тарапынан 

жасалды.  Ол  Геннадий  Головкинмен  бірге 

құрылыс  барысын  бақылап,  нысанды  аралап 

шыққан.

Облыс 


әкімдігі 

баспасөз 

қызметінің 

хабарлауынша,  Майқұдықта  салынып  жатқан 

дене  тәрбиесі-сауықтыру  орталығының  құрылысы 

«Спорт 


нысандарын 

дамыту» 


бағдарламасы 

бойынша  қолға  алынған.  Бұл  кешен  қарапайым 

халыққа 

қызмет 


етеді. 

Тұрғындар 

дене 

жаттығуларымен  айналысып,  салауатты  өмір 



салтын  ұстануға  мүмкіндік  алады.  Барлық  зал 

мен  секциялар  тегін  жұмыс  істейді.  Спортпен 

айналысуға  ниеттілердің  қалтасына  еш  салмақ 

салынбайды.

Жобада  спорт  залдары,  бассейн,  бокс  залы, 

ауыр  атлетика  залы,  футбол  ойнайтын  екі  алаң 

қамтылған.  Кешенді  пайдалануға  беру  спортпен 

шұғылданатын тұрғындар санын 1500-ге арттыруға 

ықпал етеді. Нысан 2017 жылы күзде ашылады деп 

жоспарланған.

Қазір ғимарат ішін әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Спорт  кешенінің  аумағы  абаттандырылып,  сыртқы 

жұмыстары толығымен аяқталған. Футбол ойынына 

арналған қосымша тағы екі алаң ашылған

 



Қарағанды облысында өндірістік қалдықтарды 



қайта өңдеп, табыс табу жоспарлануда. Теміртау 

қаласының  іргесінде  салынып  жатқан  бұл 

нысанға  қазынадан  195  миллион  теңге  қаржы 

бөлінген.

Қазақстандағы  ең  ірі  және  металлургиялық 

жалғыз 

комбинаттың 



химиялық 

өндірістен 

қалған  қалдықтарды  төгетін  ірі  екі  орталығы  бар. 

Экологтердің  пайымдауынша,  бұл  орындарда 

шамамен  100  мың  тонна  күйінді  (шлак)  үйілген. 

Ал  олар  экологияға  айтарлықтай  зарар  келтіруде. 

Сондықтан  «Бизнестің  жол  картасы»  аясында 

қаржы  бөлініп,  бұл  қалдықтарды  тиімді  жолмен 

жою  көзделуде.  Яғни  коксохимиялық  өндірістен 

қалған  қалдықтардан  жол  жөндеуге  қажетті 

материалдар  өндірілетін  болады.  Отыз  адамды 

жаңа  жұмыс  орнымен  қамтыған  жоба  алдағы  5 

жылда қаланы қалдықтан толық тазартуды көздеп 

отыр.


«Бізде  қалдық  төгілген  екі  аумақ  бар.  Олар 

4-5  шақырым  жерде  орналасқан.  Ыстық  күндері 

буланып,  ауаға  көтеріледі.  Сөйтіп,  қоршаған 

ортаны 


ластап, 

адамдардың 

денсаулығына 

зиян  келтіреді.  Ал  мына  технология  көмегімен 

қайта  өңделіп,  барынша  залалсыздандырылады. 

Қалдықтан босаған жерге жасыл желек егіледі», – 

дейді эколог Галина Дроздова

 



Қарағанды  облысында  жүкті  келіншектерге 

арналған ерекше мобильді қосымша іске қосылды. 

Әзірге  тестілік  режимде  жұмыс  істеп  тұрған 

қосымшаны  қолдану  мәртебесі  Қарағанды  мен 

Теміртау  қалаларының  тұрғындарына  бұйырған. 

Жүкті  әйелдер  бұдан  былай  дәрігерімен  үйде 

отырып-ақ  тікелей  байланысқа  шығып,  кеңесе 

алады. Қажет болса, көмекке де шақырады.

Қарағанды 

облыстық 

денсаулық 

сақтау 

басқармасы  мен  «Vienna»  компаниясы  бірлесіп 



қолға  алған  жобаны  дәл  қазір  3  мыңға  жуық 

келіншек  қолданып  отыр.  Алдағы  таңда  бұл 

мобильді  қосымшаны  Қазақстанның  басқа  да 

қалаларына  енгізу  жоспарға  қойылған.  Дәрігер 

осы  арқылы  болашақ  анамен  үнемі  онлайн-

байланыста  болуды  және  алғаш  рет  жүкті  болып 

отырған  келіншектерді  қажетті  ақпараттармен 

таныстыруды 

көздейді. 

Сондай-ақ 

мобильді 

қосымшаға  SOS  батырмасы  енгізілген.  Егер  жүкті 

келіншектің денсаулығына кенеттен қауіп төнсе, ол 

осы батырманы басу арқылы жедел жәрдем шақыра 

алады.  Дәрігерлер  науқастың  мекенжайын  GPS 

арқылы анықтап, арнайы бригада жібереді.

Бұл  бағдарламаны  кез  келген  азамат  қолдана 

алады.  Ол  үшін  өзінің  емдеуші  дәрігері  арқылы 

сервиске  тіркелуі  керек  және  ұялы  телефонына 

«Дистанционный 

дородовой 

патронаж» 

қосымшасын жүктеп алуы керек

 



Дамушы  елдің  келешегі  шенеуніктердің  емес, 

кәсіпкерлердің көптігіне байланысты. Сондықтан 

елімізде  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға 

көптеген  жеңілдік  жасалуда.  Соның  бірі  –  шағын 

несиелендіру  жүйесін  жетілдіру.  Бұл  туралы 

Қарағанды  облыстық  Кәсіпкерлер  палатасының 

директоры Мәдениет Божбанов айтып берді.

«Қарағанды  облысында  29  шағын-несиелік 

ұйым  мен  12  несие  серіктестігі  жұмыс  істейді. 

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 

2860  шағын  несие  берілді,  олардың  2853-і  жеке 

тұлғаларға,  7-еуі  заңды  тұлғаларға  берілсе,  3-еуі 

ауылшаруашылығын 

дамытуға 

бағытталды. 

Берілген шағын несиелердің жалпы сомасы 4 млрд 

теңгені құрады», – деді М.Божбанов.

Оның  мәлімдеуінше,  облыста  шағын  несие 

алушылардың  қатары  артып  келеді.  Әйтсе  де 

ауылдық  жердің  тұрғындары  бұл  қызметті 

әлі  де  пайдалана  алмай  отыр.  Ауыл  халқын 

несиелендірудің  пайыздық  көрсеткіші  тым  төмен. 

Оның бір себебі шағын несиенің пайыздық үстемақы 

мөлшерлемесінің тым жоғары (40%) болуында екен.

Қазіргі  уақытта  бизнеске  шағын  несиелер 

«Бизнестің  жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы 

(жылына  6  пайызбен  10  млн  теңгеге  дейін), 

«Жұмыспен  қамту  –  2020»  (жылына  5  пайызбен  3 

млн  теңгеге  дейін)  бағдарламасының  шеңберінде, 

сондай-ақ  «ҚазАгро»  (жылына  9,5/12  пайызбен  3 

млн теңгеге дейін шағын несиелік ұйымдар арқылы) 

құралдары арқылы берілуде

 



«Қарағанды аяқкиім фабрикасы» айына 4 мың 



жұп аяқкиім тігеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және 

даму  министрлігіне  қарасты  Жергілікті  қамтуды 

дамытудың  ұлттық  агенттігі  ұйымдастырған 

баспасөз-туры  кезінде  журналистерге  кәсіпорын 

басшылығы айтып берді.

2011  жылы  ашылған  бұл  кәсіпорын  –  еліміздің 

жеңіл  өнеркәсіп  саласындағы  үздіктердің  бірі. 

Бұл  фабрика  қазіргі  таңда  кенді  өңірдегі  өндіріс 

ошақтарының  сұранысын  толық  қамтамасыз  етіп 

отыр. Фабрика дәл қазір айына 4 мың жұп аяқкиім 

тігеді.  Кәсіпорын  басшылығы  өндірісті  кеңейтуге 

дайын екенін айтады. Бірақ ондай көлемді сұраныс 

әзірге жоқ. Сондықтан осы көлемде шектелуге тура 

келіп отыр.

«Біз  ірі  кәсіпорындармен  жұмыс  істейміз. 

Олардың арасында «Қазақмыс», «АрселорМиттал» 

бар.  Сондай-ақ  шағын  кәсіпорындармен  де 

серіктес  болуға  дайынбыз.  Әзірге  жайлап  осы 

бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Барлығына біздің 

аяқкиімдер  ұнайды.  Фабрика  қазіргі  таңда  айына 

4  мың  жұп  аяқкиім  тігеді.  Бір  жылда  шығаратын 

өнім  көлемі  50  мыңнан  асады.  Өндіріс  көлемін 

ұлғайтуға  болады.  Бірақ  оған  сұраныс  жоғары 

болуы  керек.  Әзірге  тапсырыс  көлемі  осы  жобада. 

Егер  ондай  мүмкіндік  болса,  қосымша  жұмыс 

күшін  де  алар  едік»,  –  дейді  «Қарағанды  аяқкиім 

фабрикасы»  ЖШС  директорының  орынбасары 

Ғосман Арынғазинов.

Фабрикада қазіргі кезде 60 адам еңбек етеді. Олар 

тек  арнайы  аяқкиім  тігумен  ғана  айналыспайды. 

Ерлер  киетін  аяқкиімдерді  тәжірибе  жүзінде 

шығарып  көруде.  Ал  әйелдер  мен  балаларға 

арналған аяқкиімдер шығару жоспарда жоқ екен

 



ГОЛОВКИН АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

ҚОҚЫСТАН ҚҰТЫЛАР КҮН ЖАҚЫН

ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖЕҢІЛДІК

НЕСИЕ АЛУДЫҢ НЕСІ АУЫР?

БӘТЕҢКЕ ТІГУДЕ БӘСЕКЕ ҚАТТЫ

akshamy@mail.ru

4

№36 (170)



29 қыркүйек 2016 жыл

Шаһар шыжығы



– Қалың қалай?

– Жақсы.


– Ә... біз де жақсымыз.

Не  істейсіз  енді,  классик  қой. 

Аты  жер  жарады.  Қаламынан  тек 

нұр тамады. Дәл осылай сөйлесуге 

құқық  сендерге  ғана  берілген. 

Біздің 


халімізді 

қайтесіңдер? 

Өкпелеп  тұрғам  жоқ.  Классиктің 

маңдайына 

жазылған 

ауыр 


тағдырды айтып тұрмын. Сендерге 

борыш емес, міндет берілген. Үлкен 

шығарма  жазу  керек.  Халықтың 

қалаулысысыңдар. 

Не 

деп 


тұрмын мен? Бұл сөз депутаттарға 

арналған  екен  ғой.  Қалай  айтсам 

екен, ә?! Халықтың айнасы, тілегі, 

жүрегі,  барлығы.  Біреу  «Немене 

мені  халыққа  теңеп  отырсың?!» 

деуі мүмкін. Айыптымын... Есіме 

түсті,  сендер  пайғамбарсыңдар. 

Берік  болыңдар!  Көздеріңе  жас 

алушы болмаңдар. Бұл – сендерге 

берілген  аманат.  Осыны  көтеріп 

жүрулерің  керек.  Құрметті  менің 

классик бауырларым, сендерге өте 

ауыр тағдыр берілген.

«Атаңа  –  нәлет!  Не  деп 

тұрсың?!  Қайдағы  пайғамбар?! 

Бұлар алдымен адам болып алсын. 

Пайғамбар  деген  сөз  сендерге 

ойыншық па?».

Кешіріңдер,  сөйлеп  тұрған  – 

менің ішім. Іш. «Іші тар» деген сөз 

содан шыққан ғой. Көре алмайды.

Мен  білем,  сендердің  бақтарың 

жанбай  жүр.  Ешкім  сендерді 

елемейді, 

кітаптарыңды 

шығарғанмен, қаламақы бермейді. 

Жаным ашиды сендерге.



«Әй, қатырдың! Мына сөзің менің 

ғұмырымды  ұзартты.  Бақ  дейсің 

бе?  Керісінше,  бағы  жанған  – 

осылар ғой. «Дарынсыздар жолыма 

кес-кестеп тұрып алды» деп барып, 

мүшәйрадан  бас  жүлде  алатын 

осылар  емес  пе?  Дәлдүріш  деп 

жүргендері  шынымен  талантты 

болып шықса ше? Ұят-ай».

Өртеп  бітті  ғой  мынау.  Кезінде 

Мағжан, 

Сәкендерді 

құртқан 

осы  –  іш.  Ішіне  ие  бола  алмады. 

Өртенді  де  кетті.  Ал  сендер  өте 

дұрыс адамсыңдар. Мұнтаздай.

...Әлдебіреуге 

арналған 

кеш 

(сендер  үшін  өлген  ақындар  – 



әлдебіреу  ғой).  Залға  классик 

кіріп  келді.  Сәл  кідіріп  жан-

жағына  қарады.  «Біреу  мені  тани 

ма  екен?»  дегендей.  Әй,  біреуің 

барып  сәлем  бермейсіңдер  ме?! 

Менің классик бауырым келді ғой. 

Ертең өкініп қаласыңдар.

Бір кезде бір бала жүгіріп келді.

– Ассалаумағалейкум, аға!

– Уағалейкум! Қалдарың қалай?

–  Аға  бір  өлеңім  бар  еді.  Оқып 

берсем...

– Бала, уақыт жоқ.

Мына  баланың  ұяты  бар  ма, 

өзі?!  Өлең  сұраудың  орнына, 

өзінің  өлеңін  қыстырып  әлек. 

Әй,  бірақ  мына  бала  болашақта 

классик болады-ау. Менің классик 

бауырларымның санын көбейтеді.

«Танымал  ақын,  атақты  ақын» 

дейсіңдер.  Соларды  өздеріңнен 

басқа кім таниды? Онымен қоймай, 

сендерді  менсінбейді.  Өзін  тұлға 

санайды. Ал әлдебіреулер үшін олар 

жай ғана – біреу. «Мына біреу кім?» 

дейді олар. «Әлгі... тақпақ жаза ма, 

бірдеңе»  дейді  де.  Айтыңдаршы, 

сендерден  басқа  кімге  керек  олар? 

Соны түсінсе ғой».

Менің тағы бір классик бауырым 

бар.  Әй,  соны  біз  бағаламай 

жүрміз.  Республика  баяғыда-ақ 

бағалап  қойған.  Біз  әлі  жүрміз. 

Іштарлығымыз  ұстап.  Барлық 

мүшәйрадан  жүлде  алады.  Тек 

облыстікін 

алмайды. 

Дұрыс 


емес  қой.  Классикті  уақытында 

бағалау  керек.  Өкініп  қаламыз. 

Міне,  көрдіңдер  ме?  Біздің  қоғам 

осындай.  Жиі  шер  тарқатып 

отыратындарың 

сондықтан. 

Іштерің  толған  –  шер-шемен. 

Бауырларым-ау!

Сендер  туралы  не  айтсам  екен 

тағы да?


«Не  айтатыны  бар?  Осылар 

жайлы  айту  керек  пе,  жалпы? 

Осындай  классик  паразиттердің 

қаптағаны мына өзімізден. Қолдан 

жасаймыз оларды. Айтып отырған 

мүшәйраңнан  бас  жүлде  алып 

береміз.  Одан  қалды,  кітабын 

шығартуға  асығамыз.  Сен  айтып 

жүрген классик – біреуді тұқырту 

арқылы, 

мұқалту 

жолымен 

әдебиеттің  көгіне  шыққан  тұлға. 

Өтірік  деші?  Біреуді  кездескен 

сайын  жамандай  берсе,  ол  қайдан 

жаман  болмайды?  «Жаман»  деген 

сөздің  астарында  «Әй,  мына  мен 

жақсымын. Ұмытпа, мен адалмын. 

Мен  классикпін»  деген  ниет 

жатыр».

Тағы да ішім ғой. «Ішім бірдеңе 

сезеді» деген сөз бар. Өйткені олар 

сезіммен  жүреді.  Мына  дүние  – 

сезім  мен  сананың  арпалысы.  Ал 

бәрінен  бұрын  сана  тұруы  керек. 

Сана  ақылды,  сезім  әңгүдік. 

Сендерсіңдер,  саналы  классиктер. 

Санаулы  классиктер.  Біз  ол  – 

сезімнің сергелдеңіне түскен.

Сендерге  артық  сөз  айтсам, 

кешіріңдер. 

Сын 

айтсам, 


айып  етпеңдер!  Сын  демекші, 

осыдан  бастап  менің  классик 

бауырларымды 

сынауды 


қойыңдар. 

Әйтпесе, 

олар 

сендердің 



мазаларыңды 

алып 


қоймайды.  Дәлелдеп,  дәйек  сөз 

келтіріп,  ит  зықыңды  шығарады. 

Менің  классик  бауырларыммен 

ойнамаңдар.



«Түк  түсінсем  бұйырмасын. 

Дәлелдеу,  мойындату,  мойындалу. 

Не  деген  ақымақтық  десеңізші! 

Рэмбо  Верленге  мойындалу  үшін 

барған  жоқ.  Серік,  дос  іздеп 

барды. Классик бауырларын келеке 

қылды.  Ал  сендердікі  не  мынау? 

«Аға,  мен  ақынмын.  Жақсы 

ақынмын. Классикпін. Сұмдықпын. 

Дәлелдейін  бе?  Мына  өлеңімді 

оқып  берейінші».  Мазасын  алып 

қоймаған соң, «мойындадым» дейді 

де.  Біреудің  алдында  өлең  оқу  не 

деген  аянышты  десеңізші.  «Мені 

аяшы,  аялашы,  мақташы,  мен 

соған  зәрумін  ғой»  дейтіндей.  Әй, 

құрып кетсінші».

Бұл  классиктер  және  «толпа» 

болып  жүреді.  «Толпа»  классик! 

Қазақша  айтсам,  мұқалтқандай 

боламын.  Сондықтан  орысшалап 

тұрмын.  Абайлап  сөйлеуім  керек. 

Әйтпесе мені «итжеккенге» айдап 

жіберсеңдер... 

Дүниенің 

кілті 


сендердің қолдарыңда тұрған жоқ 

па?!


«Оны  қойшы.  Бір  қызық  әңгіме 

айтып берейін. Өткенде бір байқау 

болды.  Нағыз  концерт  көрдік. 

Турасын  айтқанда,  спектакль.  Бір 

ақын шықты. Ақын дегенде, кәдімгі 

әртіс. Өлең оқи жөнелсін. Жарты 

сағат  тұрып  алды.  Мимика.  Зар. 

Музыка бар екен ғой. Халық шулап 

жатыр.  Біреуі  талып  қалды.  Бір 

шалдың  көзіне  еріксіз  жас  келді. 

Шапалақ.  Бұл  шапалақ  сол  бір 

«әртістің»  бетіне  тиюі  керек 

еді.  Әттең  халық  алданып  қалды. 

Қастарына  барып,  «өлең  емес» 

дейін десең, көре алмаған боласың. 

Қойшы  дедім.  Әлгі  өлеңді  көзбен 

оқысаң  –  сылдыр  сөз.  Құлақпен 

естіген  бөлек  те,  көзбен  оқыған 

басқа. Көз алдамайды.

Содан  әлгі  «әртіс»  маң-маң 

басып,  сахнадан  әзер  дегенде 

түсті.  Шедевр  оқыдым  деп 

ойлады-ау деймін. Бір-екі адамның 

қолын алып, бір-екі адамды елемей 

кетті.  Тәкаппарлығы  ұстады  да 

қалды. Ішінен қырдым-жойдым деп 

барады. Ақымақ.

Бір  сағаттан  соң  қорытынды 

шықты. 

Марапаттан 

бұрын 

қазылар  алқасының  төрағасы 

жақсы бір ескерту айтты: «Өлеңді 

айқайлап оқудың керегі жоқ», – деп. 

Анау  естіп  те  тұрған  жоқ.  Ойы 

көкте, қиялы тіпті шексіз.

Марапаттауды 

бастап 

та 

кетті.  Бізде  бәрі  төменнен 

басталады  ғой.  Ынталандыру 

сыйлығы  табысталды.  Барлығы 

мәз-мейрам. Арасында көңілі түсіп 

кеткендер  бар.  Арнайы  сыйлық 

алғандар:  «Қап!  Бір  ғана  қадам 

қалды ғой!» – десті. Үшінші, екінші, 

бірінші,  бас  жүлде  табысталды. 

Әлгі  әртіске  үшінші  орын  берді. 

Анау  сыйлықты  менсінбей  алып, 

сахнадан түсіп кетті. Қалған ақын 

сахнада. Үшінші орынға разы емес.

Әй, ақымақ, үшінші орын түгілі, 

алғысхатқа  да  лайық  емессің. 

Немене,  кердеңдеп  отырсың?! 

Сенен  ауыш  жақсы.  Өзінің  ауыш 

екенін біледі. Бұл – бір мысал ғана. 

Сондықтан классик бауырларыңды 

мақтағанды қой».

Десе  десін  ішім.  Бірақ  мен 

сендерді  мақтан  тұтамын  ғой. 

Жақсы 


көремін. 

Сүйсінген 

соң  айтамын.  Жұбатамын  деп 

жылатамын.  Әй,  менің  алтын 

классик  бауырларым!  Дегенмен 

адам  өледі  ғой.  Өлең  ше?  Соны 

ескеріңдерші! 

Жақсылықта 

кездесейік! Аман жүріңдер! Менің 

қалам  сілтеуіме  себепші  болған 

классик бауырларым!

Сәлеммен, Ерболат деген жұмыр 

басты 

пенделерің! 



Сендердің 

алдыңда  «ақынмын»  деу  асылық 

болар 



КЛАССИК БАУЫРЛАРЫМА ХАТ!



Ерболат ҚУАТБЕК

Ассалаумағалейкум, классик бауыр! Әрқайсысымен осылай амандасу керек болған соң, көпше түрде 

жазбай отырмын. Сендерге олай сөйлеуге жүрек қайда?! Байқасаң, «классик» сөзін тырнақшаға алған 

жоқпын. Дәл қазір кезекті шаһқар шығармаңды жазып отырған шығарсың. Бізге таң қалу, сендерге 

таң қылу бұйырған екен. Әрқашан таңдандырып жүре беріңдер, менің классик бауырларым! Бірақ 

бір сәтке қаламдарыңды қаңтара тұрып, сендерге жазған хатымды оқып көрсеңдер, қалай болады?! 

Түсінемін, мұндай ұсақ-түйек дүниеге уақыттарың шамалы. Шамалы несі, мүлде жоқ. Дегенмен...

akshamy@mail.ru

5

№36 (170)



29 қыркүйек 2016 жыл

Шын мен Сын



Муниципальды 

автопарк ашуға болар 

еді, бірақ...

Қарағанды 

қаласында 

жолаушы 

тасымалдау мәселесі жыр болды. Әкімдік 

пен  автопарк  қожайындары  арасындағы 

дау күн артқан сайын өршімесе, басылар 

емес. Бұл тығырықтан шығар жалғыз жол 

бар.  Ол  –  автопаркке  бәсекелес  ретінде 

муниципальды автопарк ашу. Бірақ оған 

рұқсат жоқ.

«Біз 


автопарктермен 

үнемі 


үш 

мәселе 


(тариф, 

субсидия, 

жеңілдікпен  жүретін  жолаушылар 

саны) 


үшін 

дауласу 


үстіндеміз. 

Бұл  мәселені  шешудің  бір  жолы 

ретінде  муниципальды  автопарк  ашу 

көзделген  болатын.  Бұл  жағдайда 

мен 

транспорттық 



мәселелерді 

қадағалап  отыруға  мүмкіндік  алар 

едім. 

Автопарктердің 



шығынын 

есептеп,  тариф  бекітуге  де  жол 

ашылар еді. Біз жергілікті атқарушы 

билік ретінде осындай қадамға баруға 

дайынбыз. Тіпті, бір кездері біз облыс 

әкімдігімен  және  «Сарыарқа»  ӘКК-

мен  меморандумға  қол  қойып,  жаңа 

автопарк  базасы  үшін  жер  телімін 

де 

қарастырып 



қойғанбыз. 

Біз, 


тіптен,  бізге  «Евро-3»  және  «Евро-

4»  заманауи  автобустарын  жеткізіп 

беретін компаниялармен де алдын ала 

келісім жасадық. Жаңа автобустарды 

сатып  алу  үшін  қажетті  қаражатты 

Еуропалық  даму  банкінен  алуды 

жоспарлап  та  қойдық.  Бірақ  бұл 

жобамыз  іске  аспастан,  қағаз  бетінде 

қалып  кетті»,  –  дейді  қала  әкімі 

Нұрлан Әубәкіров.

Муниципальды  автопарк  ашуға 

қала  билігі  қуана  келіскенімен, 

Табиғи 

монополияларды 



реттеу 

департаментінің  мамандары  рұқсат 

бермейді.  Себебі  қалада  онсыз  да 

тоғыз  фирма  жолаушы  тасымалымен 

айналысып  отыр.  Егер  олардың 

қатарына оныншы болып мемлекеттік 

фирма 

қосылатын 



болса, 

онда 


нарықтық тұрақсыздық орнап, кейбір 

фирма тақырға отыруы мүмкін.

Жаяу жүргенді 

ұнататын әкім




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал