«Орталықтың» ормандай оқыр мандарына Кәмел Жүністегін тәптіштеп



жүктеу 13.26 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі13.26 Kb.

«Орталықтың» ормандай оқыр-

мандарына Кәмел Жүністегін тәптіштеп 

таныстырып жату артық.  Қарымды 

қ

аламгер, дарынды жазушы һәм өрелі 



өлкетанушы. Берісі аймаққа, әрісі 

Алашқа мәлім абыз ақсақал. Көкірегі 

көне тарих, кен-қазынаға толы көкеміздің 

кемел жас - 75-ін кеншілер шаһары 

өзінше атап өтті. Бұл басы ғана болуға 

керек. Мәселе - мұндай мазмұнды да 

мәйекті шаралар жалғасын табуы тиіс. 

Олай дейтінім - Кәмекең әдеби ортадан 

алыста. Атамекені Ақсу-Аюлыда. Онсыз 

да елеп, ескеріліп жатқаны шамалы. 

Ауылдық, аудандық тұрғыда емес. Ең 

құ

рыса, аймақтық, облыстық деңгейде. 



Көкеміз 75-ке күнде келіп жатқан жоқ. Әр 

жағы - 80. Бар-жоғы - бір Аллаға ғана 

аян... Талантты тірісінде бағалауымыз 

керек қой... 

Мерейтойлық кездесуді «Зер-

делі  қаламгер» деп айдарлаған екен. 

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап 

ғылыми кітапханада. «Құба белдер» три-

логиясы, «Едіге» және одан да басқа 11 

кітаптың авторы Кәмел Жүністегі төрде. 

Сөз арасында биыл «Қазақпарат» бас-

пасынан тағы бір кітабы шығатынын 

айтты. Кешті айтыскер ақын Айтбай 

Жұмағұлов жүргізді. Оқырмандармен 

сұрақ-жауап  қатысып отырды автор. 

Әуелі облыстық мәдениет, мұрағат және 

құ

жатама басқармасының басшысы 



Е.Ағымбаев облыс әкімі Б.Әбдішевтің 

жазушыға жолдаған  құттықтау сөзін 

салтанатты түрде оқып, табыста-

ды. Дәстүрлі әншілер дабылдатып ән 

шырқады. Арқадағы аға газеттің тұрақты 

авторы - Кәмекеңе біздің редакция 

ұ

жымы да бір ауыз лебіз білдірмей 



қ

алмады. «Орталық  Қазақстанның» 

жауапты хатшысы Ахат  Құрмансейітов 

«Мұндай мазмұнды кездесуге келіп, 

қ

атысудың өзі мәртебе. Кәмеке, сіз -



бүтін бір  ұлттың аманатын арқалап, 

жоғын жоқтап жүрген тұлғасыз. Елім деп 

еміренген  қаламгер екеніңізді ел айтпа-

са да біледі. Сондықтан, қандай құрмет-

сыйға болсын лайықсыз. Ғұмыр жасыңыз 

ұ

зара берсін» деп қайырды. Бұдан кейін 



қ

аламгер өмірбаяны, жазушылық жолы, 

кезінде өзі сардарларының бірі болған 

ЕСЕП (елін сүйген ерлер партиясы) жай-

ында сөйлеп, сұрақтарға жауап берді. 

Жанын жазуға суарып,  қанын сияға 

сіңіретін жазушының кешін ақын Сәбит Бексейіт 

ағамыз жыр маржанымен зерледі («Кентавр», 

К.Жүніске). Сондай-ақ, мектеп окушылары 

да автор шығармаларынан үзінділер оқып, 

кешті көрім етіп, көріктендіре түсті. Шараның 

ерекше тұсы - Кәмел аға әндерінің шырқалуы 

болды. Біреу білсе, біреу білмес. Бұл кісінің 

өз авторлығында 4-5 әні бар. Соның екеуін 

Республикалық Жүсіпбек Елебеков атындағы 

ән байқауының бас жүлде жеңімпазы, әнші 

Ардақ Мұқыш орындаса, енді бірін дәстүрлі 

әнші Еркебұлан Ахметов нақышына келтірді. 



Орталық Қазақстан. - 2014. - 8 сәуір (№64). - 6 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал