Орталық Қазақстан. 2015. 29 қыркүйек (№153). 4 б. Шуағын жан-жаққа жарқыратып тұратын



жүктеу 36.88 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі36.88 Kb.

- Орталық Қазақстан. - 2015. - 29 қыркүйек (№153). - 4 б. 

Шуағын жан-жаққа жарқыратып тұратын, 

көлеңкесінің өзі күндізгідей сәуле беретін, 

көңілде сөнбейтін шырақ болады. Ол 

алыстаған сайын жарқырай түседі. Сондай 

шырақтың бірі - Баптай Жәментікұлы (1885-

1960ж.ж.) еді. 

Ол жастайынан ширақ, өмірге бейімделіп 

өскен. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. 

Бапкең еншісіне әке дәулетінен өзіне тиесі 

қазынасын алып, мал өсірумен шұғылданған. 

Менің әкем осы кісінің еңбекқорлығын, адам-

гершілік қасиеттерін жыр қылып айтып оты-

ратын. Баптай ақсақал өз өмірінде адамдарға 

көп қамқорлық жасаған, қолынан келгенінше 

жетім-жесірге, кедей-кемтарларға, әсіресе, 

соғыс кезінде жетім қалған, мүгедек, ауру 

адамдарға жасаған жақсылығын кездескен 

адамдар осы күнге дейін әңгіме етеді. 

Баптайдан екі ер бала: Тоққоян және Кәу-

кімбай (жас кезінде ауырып қайтыс болған). 

1915 жылы дүниеге келген Тоққоян Бап-

тайұлы бес-алты жасынан ауылдағы күйбең 

тіршіліктің бітпес жұмыстарына жегілді. Ақ-

төбе ауылындағы мектепке оқуға барып, 

сауатын ашты. Білім нәрімен сусындауға 

тырысты. Әр түрлі салада тірнектеген ең-

бектен тартынбай, тәжірибеде ысылды. 

Сөйтіп жүріп, 1941 жылы маусымның 22 кү-

ні таңғы төртте немістердің шекараны бұ-

зып, соғыс ашқанын радио арқылы естиді. 

Басқыншылар Украина, Белоруссия, Латвия, 

Литва, Эстония елдерін басып алады. Шілде 

айының 3-і күні Сталин радиодан сөз сөйлеп: 

«Құрметті аға-інілер, апа-қарындастар, сөзім-

ді сіздерге арнаймын, жау қатыгез, соғыс 

ұзаққа созылады. Жеңіс біздікі болады, олар 

тісіне дейін қаруланғандықтан жеңіске жет-

тік дейді. Ол - уақытша құбылыс. Біз жалғыз 

болмаймыз, одақтасымыз болады», - деп ха-

лыққа үндеу тастағанын жадында сақтайды. 

Табиғат заңдылығы бүгінгі ұрпаққа Тә-

уелсіздігімізді тарту етіп, оны абыройлы ат-

қаруға міндет етсе, сонау қырқыншы жыл-

дардағы жас жігіттер мен қыздардың ал-

дында табан астынан тап келген қанды қыр-

ғыннан елімізді сақтап қалу парызы тұрды. 

Бүкіл Кеңес елі ғана емес, жалпы адал 

ниетті адамзат баласының басына түскен 

алапат соғыс - қасіретті халді қазақ халқы 

қайыспай көтерісе білді. Ұлы Отан соғысында 

өз тарихында бұрыннан қалыптасқан, қанына 

сіңген батырлық, ерлік қасиетті осы жолы да 

абыроймен ақтап шықты. 

Біздің әлбетте, сол бір қасіретті қырғында 

атағы шығып, аты белгілі болған батырларды 

ғана әспеттеп, сол төңіректі айналшықтап қа-

ла беретініміз бар. Бұл Қасым Аманжолов 

айтқандай, «күркіреген күндей» өте шыққан 

өтпелі соғыс болғанымен, оның тарихи зардап-

тарын зерттеу талай ғасырдың еншісіне тиері хақ. 

Соңғы жылдары талай белгісіз батыр-

лардың есімдері анықталып, олардың ерлік 

істерінің іздері бедерленіп жатыр. Тіпті олар-

дың қай жерде, кай майданда жан беріп, қан 

төккендігін тап басып танытатын бұлтартпас 

деректер күн сайын андағайлап алдымыздан 

шығады. Соның бәрі де өткен қасіретті 

кезеңнің тарих қойнауына терең бойлап, әлі 

де айғақтауды күтіп жатқан ізденістерді бүгінгі 

таңда ізгілендіре түсу қажеттігін туындатады. 

Қазір арамызда тірі жүрген қадау-қадау 

қаһарманды ғана әспеттеуден әрі аса алмай, 

көзіміздің алдындағыны ғана көріп, тереңге 

бойламай бойкүйездік танытсақ, Отан үшін 

от кешкен асылдарымыздың аруағына қиянат 

жасаған болып шығар едік. Бұл арада өткен 

Кеңес өкіметінің «ешкім де ешқашан ұмыт 

болмайды» деген ұранды сөзі еске түседі. 

Тәуелсіздік алғаннан кейін, Кеңес өкіметінің 

кейбір келелі дәстүрлеріне қырын қарап, оған 

көлеңке түсірушілер де болмай қалған жоқ. 

Қазір бұл келеңсіз көріністердің тым асыра сіл-

теу болғанына бірте-бірте көзіміз жетіп келеді. 

Біз қазақ елін емес, Кеңес өкіметін қор-

ғадық дегендей мағынасыз пікірлер де қылаң 

беріп қалып жатады. Ал, шын мәнінде, әрбір 

қазақ жауынгерінің жүрегінде, өзінің отбасы, 

қара шаңырағы, ұрпағын қорғау міндетімен 

бірге, сол кездегі біртұтас мемлекетінің аман-

дығын сақтау парызы болғандығын ешқашан 

ұмытпауымыз керек. 

Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауын-

герлерінің жанкешті ересен ерлігін, сол 

кезде де, тіпті қазірге дейін айтып тауыса 

алмай келе жатқан терең тарих екенін мо-

йындауымыз керек. Ал, шын мәнісіне кел-

генде, Отан қорғауға қатысқан әрбір жа-

уынгердің өзіне тән ерлігі, өзіне тәң тарихы 

бар. Біз соның бірде-біреуінің еңбегін елеусіз 

қалдырмай, бүгінгі ұрпақ зердесіне сіңіре 

білуіміз қажет. 

Соғыс басталысымен кенді өлке Қара-

ғанды жерінен де жауға қақырата соққы 

беруге тас-түйін бекінген атпал азаматтар 

лек-легімен қан майданға аттанғаны белгілі. 

Осы орайда бұрынғы Тельман, қазіргі Бұқар 

жырау ауданының тумалары да одақтас әс-

кер сапынан көрінді. Солардың бірі - Ұлы 

Отан соғысына басынан аяғына дейін 

қатысып, қан майданның қым-қуыт қияметті 

кезендерінің баршасын бастан кешірген Тоқ-

қоян Баптайұлы Баптаев. 

Тоққоян ағамыз әскер қатарына 1941 

жылдың тамызында алынды. Әскери да-

йындықтан өткеннен кейін майданға аттанды. 

Фашистерге қарсы сан қилы шайқастарға 

қатысып, өшпес ерліктер көрсетті. 1944 жыл-

дың қарашасында Отанды қорғау жолында 

мерт болды. 

Өкінішке орай, Кеңес үкіметі кезінде ол 

кісінің қайда қайтыс болғаны, қай жерде 

жерленгені қанша іздестіргенмен, табыл-

маған. Енді еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 

интернеттің арқасында қаншама хабарсыз 

кеткендердің ұрпақтары қандастарын тауып, 

қуанып жатыр. 

Ғаламторда (интернет) www.obd-memo-

rial.ru мекен-жайымен тіркелген «Мемориал» 

сайты - Ұлы Отан және Ауған соғыстарынан 

оралмаған жауынгерлер тізімі жарияланған 

ең үлкен ақпараттық анықтамалар банкі. 

Сайт 2003 жылдың 23 сәуірінде Ресей Фе-

дерациясы Қорғаныс Министрлігінің өкіміне 

сәйкес құрылған. Басты мақсаты - мил-

лиондаған азаматтарға соғыста қайтыс бол-

ған немесе хабарсыз кеткен туыстары мен 

жақындарының тағдыры, жерленген жері 

туралы ақпарат беру. 

Сайтта соғыстарда жоғалған 13,7 млн. 

адам туралы саңдық құжаттардың көшірмесі 

және 38 мың мұрағат істері тіркелген. Қосым-

ша тағы да 1000 томнан аса естелік кітаптары 

енгізілген. Мәліметтер бөлімінде 29 миллион 

мұрағат жазбасы және естелік кітаптарынан 

10 миллион жазба келтірілген. Сайт өз жұ-

мысын 2006 жылы бастаған, бірінші бөлігі ға-

ламтор бетінде 2007 жылы пайда болыпты. 

Сайттың іздестіру парағына жауынгердің 

есімін не соғысқа аттанған жерін жазсаңыз, 

алдыңызға ол туралы бар мәліметті жайып 

салады. «Мемориал» туралы бұлай ег-

жей-тегжей әңгімелеп отыруымыздың се-

бебі, мұндай сайттың бар екенін кей отан-

дастарымыз әлі білмейді. 

Көп ізденістің арқасында осы мақала 

авторы 2012 жылы ғаламтор арқылы Тоққоян 

Баптайұлының жерленген жерін тапты. Қо-

лымыздағы құжат жазбаларында былай деп 

жазылған: «Баптаев Тукуян, 1915 г.р., Ка-

рагандинская область, Тельманский район, 

колхоз Актюбе». Бұдан тысқары, әскерге 

шақырылған жері, қызмет еткен бөлімі, 

әскери шені (кіші сержант), қаза болу себебі 

мен мерзімі көрсетілген. Дереккөз номерлері 

мен тізімдік номері де жазылған. 

Сонымен, арада 70 жыл өткенде Тоқ-

қоян Баптайұлының жерленген жері табылды. 

Польшадағы Стшижув қаласында соғыста қаза 

тапқан әскерилердің зиратына жерленіпті. 

Бұл жерде «Мемориалдың» жақсылық-

тарымен қатар кемшіліктері де жетерлік 

екенін ескерткен жөн. Мысалы, көптеген 

қандастарымыздың есімі орыс тілінде 

өрескел бұзылып жазылған. «Тоққоян» деген 

есім құжатта «Тукуян» боп кеткен. Екіншіден, 

ол сайтта жауынгердің ұлты көрсетілмеген. 

Орыс жерін жаудан қорғауда өзге ұлттардың 

қаны да судай төгілгенін бүгінгі орыс баласына 

бадырайта көрсету қажет-ақ боп тұр. 

Ғаламтор - ақпарат табудың ең жылдам 

да ыңғайлы көзі. Ол қазір қаланың да, 

ауылдың да адамына бірдей қолжетімді. 

Соғыста шейіт болған туыстары туралы 

шетел мұрағаттарында жатқан деректерге 

қол жеткізе алмай жүрген азаматтарымызға 

қазақ тілінде жасалған өз сайттарымызға 

жүгінуге жағдай жасау керек. Отан үшін отқа 

түсіп, туған жер топырағы бұйырмай, сүйегі 

шетте қалған тұлғаларымыздың тағдыры 

анықталып, олар туралы қандай да бір 

ақпарат табылып жатса, өшкеніміз жанып, 

өлгеніміз тірілгендей болармыз. Олар 

туралы әр деректі көзіміздің қарашығындай 

сақтап, қолымыздан келгенше аруақтарына 

тәу етіп жүрейік. 



Рашит КАРЕНОВ, 

экономика ғылымдарының докторы, 

академик, ҚР Білім беру ісінің 

Құрметті қызметкері. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал