Орталық Қазақстан. 2015. 1 қазан (№154-155). 5 б. Қарағандының орталық құрылысына



жүктеу 24.23 Kb.

Дата08.01.2017
өлшемі24.23 Kb.

- Орталық Қазақстан. - 2015. - 1 қазан (№154-155). - 5 б. 

Қарағандының орталық құрылысына 

белсене қатысқан Кәден Сәкейұлы бір ес-

телігінде «№15 дүкен, №15 аурухана, бас-

пахана және басқа да үйлерді салғанда, 

іргетасын қолмен қазып, құйдық» депті. 

1912 жылы туған бұл кісінің өмір жолы есті 

жанның көз алдына XX ғасырдағы қазақ 

халқының қасіретін елестетеді. Кеншілер 

шаһарына табан тіреуінің өзі бір оқиға. 

Кәдекең мұнда жанып тұрған жігіт шағы 18-19 

жасында Ақмола-Қарағанды темір жолының 

құрылысын салып келген. С.Сейфуллиннің 

«Жер қазғандар» повесіне арқау болған 

темір жол осы болса керек. Бұл - 1929-1931 

жылдар. Ұжымдастыруды желеу еткен кеңес 

үкіметі ұлттың ұйытқысы - байларды тәркілеп 

жатқан кез. Ақмола аймағында жүріп атақты 

Қанжығалы Бөгенбай батыр ұрпағы Шөкей 

деген болысты сол елдің аудан уәкілдерінің 

белсенділері тәркілегенін өмір дерегінде 

күйінішпен жазады. К.Сәкейұлының бұдан 

кейінгі өмірі тек шахтамен байланысты. 

Кенші болғанда да бұл кісі - өмірбаянын 

деректі шығарма ретінде өзі жазып кеткен көзі 

ашық, көкірегі ояудың бірі. Соғыстың алдында 

тау-кен техникумын бітірген оны сол кездегі 

маман тапшылығынан майданға жібермей, 

шахта қызметіне алып қалған. Соғыс кезінде 

бір емес жеті бірдей шахтаның техника 

қауіпсіздігін жауапкершілікпен атқара білген 

бас инженер. 1943 жылдары Днепропетровск, 

Свердловск тау-кен институттарында бі-

лімін шыңдап, біліктілігін жетілдірген. Қа-

тардағы кеншіден шахтаның техника қауіп-

сіздігінің басшысы қызметіне көтеріліп, зей-

неткерлікке шыққан К.Сәкейұлының сауат-

тылығын мынадан-ақ аңғарамыз. Бірде Иса 

Сәдуақасов атты бригадир бастаған 4-5 кенші 

шахтаның тұйықталған тұсына келгенде, 

метан газы жарылады. Алды, жан-жағы тұйық, 

кейін шығатын жол от, әлгілер имандарын 

оқиды. «Қарап өлгенше, тәуекел, үстімізге 

су құйып, отқа секірейік» деген Исаның тілін 

қасындағылар алмайды. Болмаған соң, үстіне 

су құйып, өзі секіріп кетіп, аман қалады да, 

қалғандары тұйықта жан-тәсілім етеді. Істің 

ақ-қарасы тексеріле келе, қасындағыларды 

тастап кеткені үшін бригадир Иса 

сотталу керек. Сонда Кәдекең қауіпсіздік 

шараларынан мысалдар келтіре отырып, 

оны Исаның орындағанын алға тартып, сот 

алдында ақтап алып шығады. Бригадирдың 

істегенін көре тұра орындамаған басқа 

кеншілердің өзі кінәлі екенін дәлелдейді. 

Әкесі Сәкейдің жас мөлшері Сәкеннің 

әкесі Сейфолламен шамалас болса керек. 

Сәкей отбасына кезінде Сәкеннің шарапаты 

тиген. 1917 жылы Сәкен совдеп болғанын 

естіген ол кісі балаларын оқыту ниетімен 

Жаңаарқа ауданының Нілді кенішіне таяу 

маңынан Ақмолаға көшіпті. Барса, совдеп 

құлап, Сәкен бас сауғалап Шуға қарай өтіп 

кеткен екен. Кейін совдеп қайта құрылып, 

Сәкен басшы болып келеді. Қаптап кезекте 

тұрған қалың адамнан кеңсеге өте алмай, 

көпшілік кеткен соң, хатшыға елден келгенін 

айтып зорға кіреді. Сәкенге жағдайын 

түсіндіріп, өзі жоқшылықта салық төлеу -

«жығылғанға - жұдырық» екенін айтады. 

Сөйтсе, Сәкен мөр басып, қолы қойылған 

қолхат жазып беріп, салықтан біржола 

құтылыпты. Сәкей бабамыздың келіні, 

Кәден атамыздың өмірлік жары, бүгінде 

Нілді ауылының тұрғыны Жаңыл әжеміздің 

айтуынша, енесі сол қолхатты бертінге дейін 

Құран кітап ішіне салып сақтап келген. Бірақ, 

кейінде көшіп-қонып жүргенде әлгі қағазды 

жоғалтып алыпты. 

Кәден атамыз өмір дерегінде туған жерін 

Сарысу мен Батық өзені қосылатын жерден 

бір шақырым деп көрсетіпті. Бұл - бүгінгінің 

атақты атбегісі Жолдыбай ақсақал отырған 

Әлихан ауылына тақау тұс. С.Сейфуллин 

«Айша» повесінің арқауына айналған 

Бименденің шиі - осы жер. 1917 жылы әкесі 

Сәкей отбасымен Ақмолаға өткенде, Кә-

ден атамыз ағасының соққысына көндікпей, 

Қызылжар (Петропавл) қаласына жөнеп бара 

жатқан керуенге ілесіп кетеді. Өзді өзі есейіп 

жеткен бала 4 сыныптық орысша-қазақша 

мектепті сол Қызылжардан бітіріп, Ақмола 

облысына жолдама алады. Жеті жылдықты 

Атбасардағы №3 қазақ мектебінен тәмамдап, 

осындағы Қоржынкөл деген жерде үш жыл 

мұғалімдік қызмет атқарған. 

1937-1938 жылдың қанды репрессиясы 

бұл кісіні де айналып өтпепті. Қарағанды 

шахтасында еңбек етіп жүргенінде «Жапония 

тыңшысы, С.Сейфуллиннің жақтасы» де-

ген жаламен ұсталған. Қарағанды түр-

месінде екі ай жатып, айдалып кете барған. 

Владивостоктан кемемен Магаданға жет-

кізіп, одан әрі Колымаға айдайды. Бір 

жыл Колымада жүріп, тірідей қиямет күнін 

кешкен. Өмірбаянының көп бөлігінде сол 

айдауда көрген азабы жайлы айтады. 

Онысы «Орталық Қазақстан» газетінің 2007 

жылғы 18 қазандағы санында «Өмір өтті 

осылай» деген тақырыппен жарияланыпты. 

Жалпы, бұл кісі жайлы аз жазылмаған. 

1961 жылы Алматыдағы «Қазақ көркем 

әдебиеті» баспасынан шахтадағылар өмірі 

жайлы «Твои огни Караганда» атты жинақ 

(әңгіме, очерк, өлеңдер) басылып шығыпты. 

Сондағы екі бірдей әңгіменің арқауы - осы 

Кәден Сәкейұлы (Нығмет Ғабдуллин «Семья 

шахтера», Мұхаметжан Қаратаев «Ценнее 

всех сокровищ»), 

«Қасқырды қанша асырап-бақсаң да, 

орманға қарап ұлиды» деген. Кәдекең 1963 

жылы зейнеткерлікке шығысымен, ауылға, 

туған топырағы - Нілдіге (Өспен) қоныс 

аударып, ғұмырының соңына дейін сонда 

тұрақтаған. Айтпақшы, 1939 жылдары 

іссапармен Өспенге келген кенші тұрғын-

дарға Суықсу-Камерон деген су құбыры 

мен скважинаны Қарағандыдан ере келген 

құбыр тартушылармен өзі тартып бергенін 

қаперлепті естелігінде. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал