Орта мектептерде «дінтану негіздері» ПӘнін оқытудың Әдістемелік аспектілері



жүктеу 33.57 Kb.

Дата27.03.2017
өлшемі33.57 Kb.

ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ «ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК 

АСПЕКТІЛЕРІ 

 

 

 

Ажгалиев А.А.  

(Қазақстан, Орал) 

 

Еліміз  егемендік  алған  жылдардан  бастап  қоғамымыздың  рухани  өмірінде  түрлі  саяси,  тарихи, 

экономикалық  күрделі  өзгерістер  болып  өткені  белгілі.  Мұндай  өзгерістер  сан-салалы  бағыттарды 

қамтып,  бүгінгі  таңда  әр  түрлі    этникалық  топтар  мен  діни  ағымдағы  қоғамды  қалыптастырады.  Бұл 

қарапайым халық пен дін бірлігінің  нәтижесі.  Өйткені дін атаулының қоғамдық сананың қалыптасуы 

мен дамуында орны мен рөлі ерекше. Дін мәселесін тек қана құдайды танып, оған ғибадат жасау ғана 

деп  түсіну  жеткіліксіз.  Кез  келген  мемлекет  дін  мәселесінің  күрделілігі  мен  маңыздылығын  түсінуде 

алғаш  діни  қатынастарға,  яғни  дінге  байланысты  маңызды  мәселелерге  ерекше  көңіл  бөлуі  қажет.  

Өйткені  қандай  да  бір  ұлттың   басты  құндылығының  бірі,  оның  діни  сенімі  болып  табылса,  онда  дін 

мен халықтың бірлігі бір-бірімен тікелей байланысты. Сондықтан «дін» дегеннің не екенін танып, білу 

әрбір  саналы  адамға  мәдени  қажеттілік.  Егеменді  Қазақстан  мемлекеті  азаматтары  үшін  бұл 

қажеттіліктің  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Елімізде  көптеген  этностар  мен  діни  бірлестіктер  бар. 

Сонымен  қатар  өзге  діндердің  де  ықпалы  айтарлықтай.  Сол  себепті    «Дінтану  негіздері»  пәнін 

мектептерді оқыту заман талабынан туындағаны белгілі.  

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы 

діншілдіктің  артуына  әзір  болуымыз  керек,  онда  тұрған  қатерлі  ештеңе  жоқ.  Жалпы  дін  өздігінен 

өнегелі  ақиқаттан  бөтен  ештеңе  үйретпейді.  Жалғыз  –  ақ,  бізге  қауіп  төндіретіні  діни  біліміміздің 

деңгейі  онша  жоғары  болмай  отырғаны»  -  деп  жазды.  Бүгінгі  жасөспірім,  ертеңгі  азамат  дір  туралы 

білім алуға құқылы. Елбасмыздың алдыңғы қатарлы елдермен терезе теңестіру кезегінде озық тұруды 

міндеттеуі де заман талабынан туындап отыр. Сондықтан еліміздің  тарихы мен мәдениетін және діни 

мәдениет  негіздерін  танып,  біліп,  өзге  мәдениет  өкілдерімен  озық  дәрежеде  өзіндік,  қоғамдық  пікір 

қалыптастыра    алғанда  ғана  отанын  сүйгіш,  ұлтжанды,  қоғамға  пайдалы  жеке  тұлға  тәрбиелеуге 

болатыны анық.  Келешек жастардың санасында Алланы таныту, адамзат баласының бойындағы сенім 

мәселесін  қалыптастыру,  оған  ғибадат  жасау  мәселесін  ұғындыратын  уақыт  жетті.  Дінді  пән  ретінде 

оқытсақ,  діни    сауатымыздың  артып,  бүгінгі  таңда  елімізде  белең  алып  жатқан  кереғар  ағымдар  мен 

өзге діндердің жетегінде кетіп жатқан өскелең ұрпақтың тра жолда, әділ ұстанымда жүруді қамтамасыз 

еткен болар еді. Олай етпеген жағдайда дін деп еліміздің төрінен орын алған өзге діни бірлестіктердің 

еліміздің  арасына  еніп,  түрлі  алауыздықтарды  тудыруына  жол  бргендей  боламыз.  Міне  осылардың 

барлығына тосқауыл – жастарымыздың діни сауатылығын арттыру болып табылады.  

Дінтану  пәнін  оқыту  кезінде  әр  мұғалім  оқулық  пен  бағдарламада  көрсетліген  төмендегідей 

ұстанымдарды негізге алғаны жөн:  

1.  Адамның еркіндік құқығы мен ар – ожданын таптамау және діни сенім бостандығын сақтау.  

2.  Басқа ұлт пен діндерге деген көзқарастардың ортақ мәміледе болуы. 

3.  Оқушылар  арасында  ұлттық  бірлік  пен  ынтымақ,    бір-бірлеріне  деген  сүйіспеншілік  пен 

құрмет көрсетуді нығайту. 

4.  Салт – дәстүр мен әдет – ғұрыптардың діннен ара – жігін ажыратып көрсету. 

5.  Пәнді оқушылардың  жас ерекшеліктеріне сай түрде оқыту. 

6.  Сенім мен амалдың маңыздылығын түсіндіру. 

7.  Құлшылықтың адам болмысына аса қажетті екендігі ұғындыру.  

8.  Хазірет  Мұхаммедттің  өмірбаяны  оқытылған  тақырыпта  оның  көрсеткен  үлгі  –  өнегесі  мен 

тұлғалық қасиеті негізде мысалдар арқылы ұсыну. 

9.  Әр  тақырыпта  мүмкіндігі  барынша  оқушының  күнделікті  өмірінде  кездесетін  мәселелермен 

байланыстыру.  

10.  Тақырыптар сынып пен жас ерекшеліктеріне  сай хикая мен қисса, естеліктер мен әңгімелер, 

суреттер арқылы жабдықтау.  

Осы мәселелерді басшылыққа алған жағдайда оқушыларға пән түсінікті әрі қызықты болатыны 

сөзсіз.  

«Дінтану  негіздері»  пәнінің  мақсаты  –  дін  және  діни  нанымдар  туралы  жалпы  білім  беру, 

оқушылардың  жалпы  рухани  –  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру.  Мұнда  қандай  да  бір  дін 

туралы немесе оны насихаттау туралы мақсат көзделмеген, яғни сабак зайырлы сипатта оқытылады.  

Пәннің басдарламасында діндер туралы, ежелгі діни нанымдардың пайда болуы, діннің тәрбиелік 

мәні, әлемдік діндер, оның ішінде Қазақстанда басым тұратын ұлттардың  мәдениетінің дамуына  әсер 



еткен  діндер,  Қазақстандағы  қазіргі  діни  жағдай  туралы  мағлұматтар  беріледі.  Жеке  арнайы  бөлім 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ұлысаралық  және  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз 

етудегі еңбегіне, мемлекеттің дін мәселесіндегі саясатына арналған. 

Ақжайық  ауданы  Қаршы  орта  жалпы  беретін  мектебінде    «Дінтану  негіздері»  пәні  енгізілген 

күннен  бастап,  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  көптеген  жұмыстар 

атқарылып  келеді.  Пән  мұғалімі  ретінде  оқушыларға  діннің  алғаш пайда  болғаннан  бастап,  халықпен 

бірге өмір сүріп келе жатқандығын, оған көптеген пайдалы қызметтер атқарғандығы туралы түсіндіріп 

отырамын.  Қай  дін  болсын  халықты  адалдыққа,  адамгершілікке,  имандылыққа,  татулыққа, 

шыдамдылыққа,  еңбекқорлыққа,  достыққа  шақырады,  халықтың  сауатын  ашуға,  мәдениетін  көтеруге 

елеулі  үлес  қосқандығы  сөзсіз.    Сондықтан  өз  сабактарымда  оқушыларлың  барлық  діндер  туралы 

толық мағлұмат алуларын жете қадағалап отыруға тырысамын. 

Ізденіс  –  табыс  кілті.  Ізденіссіз  еңбегің  жемісті    болмайды.  «Болмасаң  да  ұқсап  бақ»  деп  Абай 

атамыз  айтқандай  ,  өз  іс  –  тәжірибемде  облыс  көлеміндегі  жаңашыл  ұзтаздардың  әдіс  –  тәсілдерін, 

әдістемелік  нұсқау  сабақтарының  үлгілерін  басшылыққа  ала  отырып,  оқыту  жүйесін  түрлендіріп 

өткізуді  ұзтаздық  міндетім  деп  білемін.  Ақтөбелік  әдіскер  О.Е.Ожерельевтің  жазған  «Дінтану 

негіздері»    пәніне  арналған  оқушының  жұмыс  дәптерін  үнемі  сабақта  пайдаланып  жүремін.  Бұл 

дәптерді  пайдалану  арқылы  оқушыардың  пәнге  деген  құлшынысын,  белсенділігін  арттыруға  қол 

жеткіздім.  

Бүгінгі  таңда  интерактивті  тақта  арқылы  сабақты  әрі  қызықты,  әрі  мағыналы  өткізуге  болады. 

Бейнематериалдар,  әр  түрлі  тақырыптық  суреттер,  ресми  құжат  деректер,  үнтаспа,  қосымша 

материалдар  бағдарлы  түрде  беріліп,  оқушының  көзқарасының  қалыптасуына  ықпал  етеді.  «Дінтану 

тарихы»,  «Ислам  діні  –  ақиқат  дін»,  «Қасиетті  Құран  Кәрім»,  «Қазақстан  Республикасындағы  діни 

жағдай»  т.б.  көптеген  тақырыптағы  сабақтарымды  Power  Point    бағдарламысындағы  слайдтар  тізбегі 

арқылы  өткізіп  келемін.  Мұндай  сабақтар  оқушылар  үшін  өте  қызықты,  мағыналы,  әрі  түсінікті. 

Мектебіміз  аралас  мектеп  болғандықтан,  орыс  өкілдерінің  балаларына  Ислам,  қазақ  балаларына 

Хрестиан  дінінің  мейрамдары  мен  салт  –  жораларын  жете  түсінліріп,  реферат,  баяндамалар  жазуға 

тапсырмалар  беріп  отырамын.  Оқушылар  әр  тоқсанның  аяғында  сауалнамаларға  жауап  беріп,  тест 

тапсырмалары арқылы білімдерін пысықтайды.  

Мектеп  оқушылары  білім  бөлімінің  жоспарына  сәйкес  оздырылған  «Қазіргі  қоғамдағы  діннің 

орны және деструктивтік діни  ағымдарға қарсы тұру» тақырыбындағы онкүндікке белсене қатынасты. 

Мектеп  кітапханасында   «Жат  діннен  сақтан!»,  «Қуатты  елодің  –  діні  де  қуатты»  тақырыбында  кітап 

көрмелері, «Имандылық – ізгіліктің негізі» тақырыбында суреттер байқауы «Жат дінге жол жоқ!» атты 

үздік авторлық өлеңдер, әңгімелер байқаулары  өз дәрежесінде өтті. Аудандық ішкі саясат  бөлімі мен 

білім  бөлімі  қызметкерлері  дінтану  пәнінің  мұғалімдерімен  семинар  ұйымдастырып,  «Діни  қызмет 

және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңның талаптарын түсіндіріп, жүзеге асырылатын іс – шаралар 

жоспарымен  таныстырып,  әдістемелік  көмек  беріп  отырады.  Жасалынып  отырған  игі  істердің 

арқасында мектебімізде теріс діни ағымдарға еліктейтін оқушылар жоқ, ауылымызда жағдай тұрақты. 

Осы бағытта әрі қарай жұмыстана береміз деген ойдамыз. 

«Баланы  жастан...»  деген  атам  қазақ.  Осындай  қарбалас  заманда  жас  жүректе  имандылық  пен 

адами  құндылықтар  ұяласа,  жақсы  мен  жаманды  айырып.  Оңы  мен  солын  таныса,  онда  алға  қойған 

мақсаттың  орындалғаны.  Баланың  ой  –  өрісі  мен  о2йлау  қабілетін  жетілдіру  мектеп  тәрбиесінде  ғана 

мықты қалыптасатыны ескеретін болсақ, дінтану пәніне аса жауапкершілікпен  қарап, немқұрайлылық 

танытпау қажет деп білемін.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал