Орта мектеп



жүктеу 459.81 Kb.

бет1/3
Дата12.04.2017
өлшемі459.81 Kb.
  1   2   3

Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

Студенттер мен ата-аналарға 

арналған басшылық  

 

ОРТА МЕКТЕП 

Орта мектеп бағдарламасы  

 

2012-2013  

оқу жылы

 

 



 

 

 



 

   

Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



 



Мирас 

 

 

Құрметті ата-аналар мен студенттер! 

 

Студенттеріміз  және  олардың  ата-аналарын  жаңа  оқу  жылында  мектебімізде  қарсы  алуға 



шын  жүректен  қуаныштымыз.  Мектебіміздің    барлық  жаңа  студенттеріне,  ата-аналарына 

Алматы қ. «Мирас» мектебіне қош келіпсіздер дейміз!  

Бұл  анықтамалық  басшылық  Халықаралық  «Мирас»  мектебінде  MYP    бағдарламасы 

бойынша оқып білім алу барысында Сіздерге және балаларыңызға ары қарай  көмек беретін 

ақпаратты  қамтиды.    MYP  бағдарламасы  бойынша  MYP  үйлестірушілері  мен 

басқарушыларына    сұрақтарыңызды  қойып,    жауаптарын  таба  аласыздар.    Біз  Сіздерді 

қызықтыратын  сұрақтардың  бәріне  жауап  беруге  және  ұсыныстарыңызды  тыңдауға  үнемі 

дайынбыз.  

 

Сіздердің  назарларыңызға  оқу  бағдарламасының  (Curriculum  Outlines)  жалпы  құрылымы 



беріледі,  мұнда  әр  пән  саласы  бойынша  күтілетін  нәтижелер  көрсетілген,  сондай-ақ  

қолыңыздағы  басшылық  сабақ  беру  әдістемесі,  оқыту  және  бағалау  жүйесіне  қатысты  да 

ақпаратты құрайды.    

 

Бәріңізге осы оқу жылында ең ізгі тілектер тілейміз!  



 

Құрметпен, 

 

Орта мектеп бойынша директорлың орынбасары 



Нил Крик 

 


Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



Халықаралық «Мирас» мектебінің мүддесі



 

 

Алматы қ. «Мирас» мектебі Халықаралық Бакалавриат Стандарттарын Қазақстан Білім беру 

бағдарламасының  ең  озық  элементтерімен  кіріктіру  негізінде  үш  тілде  оқытудың  бірінде 

жоғары  сапалы  білім  беруді  қамтамасыз  етеді.      Мектептің  негізгі  мақсаты  –  студенттерді 

жасампаз  өмір  сүруге,  басқа  халықтардың  мәдениеті  мен  дәстүрлерін  бағалауға  және 

құрметтеуге  үйрету,  сондай-ақ  жауапкершілікті  азамат  болуға  және  әлемдік  қауымдастық 

тағдырына өзінің қатысы барлығын сезінуге дайындау.   

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВРИАТ (IB) 

 

Халықаралық Бакалавриат Ұйымы  басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін бағалауға 

және  құрметтеуге  негізделген  лайықты  әлемді  құруға  қабілетті,    үйренуге  құштар,  сауаты 

жоғары және қағылез жастарды тәрбиелеуге үлес қосады.   

 

Ұйым  мектептермен,  үкіметтермен,  түрлі  халықаралық  ұйымдармен  халықаралық  білім 



берудің  жоғары  стандарттарын  және  дұрыс  бағалаудың  жүйесін  әзірлеу  мақсатында 

ынтымақтастықта жұмыс істейді.    

 

Халықаралық Бакалавриат Ұйымы  Бағдарламалары оқушылардың белсенді өмірлік орны бар 



тұлға  болуға,  өмір  бойы  білім  алуға  ұмтылатын,  өзінің  көзқарасынан  айырмашылығы  бар 

көзқарастарды  сыйлай  білетін,  сүйіспеншілік  пен  төзімділік  танытатын  тұлға  болып 

қалыптасуына ықпал етеді.  

 

Халықаралық «Мирас» мектебіне (



Алматы қ.) 

 

қош келіпсіздер



 

Балалардың  оқып  білім  алуы  үшін  жасалатын  қолайлы  жағдай    ата-аналар  және 

студенттермен  болатын  ынтымақтастық  арқылы    жүзеге  асырылады.  Құрметті  ата-аналар, 

мектеп өміріне қатысты сіздердің тараптарыңыздан болатын ұмтылыстарыңызға ризашылық 

білдіреміз.  Қолдарыңыздағы  Басшылық  күнделікті  мектеп  өмірі  туралы,  Халықаралық 

Бакалавриат  Ұйымы      және  оның  бағдарламалары      туралы  сіздерді  қызықтыратын  

сұрақтарға  жауап  тауып  беруге  көмектеседі.  Осы  құжат  мәтініндегі    RTS  -  орыс  тілді 

бағдарлама  ретінде,  KTS  –  қазақ

 

тілді  бағдарлама  ретінде,  ал  ETS  –  ағылшын  тілді 



бағдарлама ретінде оқылады. 

 

 

 

Мазмұны 

Кіріспе ................................................................................................ Error! Bookmark not defined.

 

Мектептің стратегиялық мақсаттары ............................................. Error! Bookmark not defined.



 

Студент келбеті   ............................................................................... Error! Bookmark not defined.

 

Орта мектептің құрылымы .............................................................. Error! Bookmark not defined.



 

Орта мектептегі мектеп күнінің кестесі ......................................... Error! Bookmark not defined.

 

Сыныптан тыс жұмыс ...................................................................................................................... 13



 

Мерекелер, шаралар, семинарлар ................................................... Error! Bookmark not defined.

 

Ата-аналарды ақпараттандыру ........................................................ Error! Bookmark not defined.



 

Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



Мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығы (PTA) ........................ Error! Bookmark not defined.



 

Мектеп киім үлгісі ............................................................................ Error! Bookmark not defined.

 

Саяхаттар ........................................................................................................................................... 16



 

Денсаулықты қорғау ......................................................................... Error! Bookmark not defined.

 

Студенттік кеңес ............................................................................... Error! Bookmark not defined.



 

Оқу жоспары ..................................................................................... Error! Bookmark not defined.

 

Негізгі мектептің   Халықаралық Бакалавриат (MYP) Бағдарламалары..................................... 18



 

MYP


 бағдарлама

 

құрылымы ............................................................................................................ 19



 

MYP


 оқу жоспарының моделі  ........................................................................................................ 19

 

Өзара әрекеттесу салалары .............................................................................................................. 19



 

Дербес жоба ...................................................................................... Error! Bookmark not defined.

 

Сынып жетекшілігінің бағдарламасы ............................................. Error! Bookmark not defined.



 

Оқу жоспары туралы көбірек білейік ............................................................................................. 22

 

Бағалау стратегиялары мен құралдары .......................................................................................... 23



 

Ұстанымдары бойынша бағалау ..................................................... Error! Bookmark not defined.

 

Пән бойынша бағалаудың 7 ұпайлық межесімен қорытынды бағаларды қою .......................... 24



 

MYP


 бағдарламасындағы  үй тапсырмасын орындау ................... Error! Bookmark not defined.

 

MYP



 сертификаты............................................................................................................................. 28

 

IB



 тіркеу жарнасы ............................................................................................................................. 28

 

Емитихандар .................................................................................... Error! Bookmark not defined.

 

Студенттердің оқу үлгерімі туралы есептер .................................................................................. 29



 

Академиялық шыншылдық ............................................................. Error! Bookmark not defined.

 

Заңсыз әрекеттер  .............................................................................. Error! Bookmark not defined.



 

MYP 


мұғалімдер құрамы ................................................................................................................. 33

 

20



11-12  о

қу жылына арналған MYP/DP бағдарламалары бойынша мұғалімдер құрамының 

тізімі: .................................................................................................. Error! Bookmark not defined.

 

Сынып жетекшілері  ......................................................................... Error! Bookmark not defined.



 

Пән бойынша ұстанымдар ............................................................................................................... 34

 

Байланыстар: ..................................................................................................................................... 36 



Мектеп күнтізбесі..............................................................................................................................40 

 

Кіріспе 

 

       


Халықаралық  Бакалавриат  әзірлеген  MYP  (негізгі  мектеп  бағдарламасы)    мектептің 6-10 

оқушыларына  (6-10  сыныптар)    аталған  бағдарлама  бойынша    табысты  оқи  отырып,  IB 

Дипломдық  Бағдарлама  бойынша  оқуға  немесе  Қазақстандық    бағдарлама  бойынша  11-ші 

сыныпта оқуға дайындалуға мүмкіндік береді. MYP бағдарламасы ҚР Білім Министрлігінің 

бекіткен Қазақстандық стандарттарымен толық кіріктірілген.    

  

Бұл  басшылық    Халықаралық  «Мирас»  мектебінің  (Алматы  қ.)    IB  MYP    бағдарламасына 



кіріспе ретінде пайдаланылады,  мұнда пәндер, бағалау жүйесі және бағдарламаны аяқтаған 

соң құжат алу туралы ақпараттар беріледі.  

 

«Мирас»  cіздердің  назарларыңызға  MYP    бағдарламасы  аясындағы  пәндер  саласының 



қатарын, сондай-ақ әр студентті оқытуға деген тұтастай жасалатын қадамдарды жүзеге асыру 

үшін  әзірлеген  «Қоғамға  қызмет  ету»  Өзара  Әрекеттесу  Саласы  бойынша  сыныптан  тыс 

шараларды ұсынады.  

 


Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



Оқыту процесі кезінде біз сүйенетін ұстаным-сенімдер  



 

«Мирас»  –  бастауыш  мектеп  бағдарламасын  (PYP),  негізгі  мектеп  бағдарламасын  (MYP) 

және  Дипломдық  бағдарламасын    (DP)  ұсынатын  IB  халықаралық  мектебі.  Төмендегі  атап 

көрсетілген  ережелер  мектеп  Мүддесіндегі  шешуші  және  студенттер  мен  мұғалімдердің 

атқаратын жұмыстарындағы негізгі міндеттері болып табылады.   

 

Біздің бағдарламалар төмендегі сенімдерге негізделген:  



 

Студентті дамыту 

 

Білімді тұтастай беру студентті әлеуметтік, зияткерлік, физикалық және эстетикалық тұрғыда 



дамытады,  өз  кезегінде  тез  құбылып  отыратын  әлемдегі  өмір  жағдайына  тез  бейімделіп 

дайындалуға  көмектеседі.  «Мираста»  студенттер  қамқорлық,  қоғамдық  өмірге  араласу, 

айналасындағыларды сыйлау, басқа мәдениеттер мен тұтас әлемге құрметпен қарау  сияқты 

дағдылар мен қабілеттерін дамытады.    



 

Әлеуметтік және мәдени кіріктіру 

Мектеп  қауымдастығы  адамның  мәдени  ерекшелігі  мен    құқықтарына  құрметпен  қарайды.  

Халықаралық    Бакалавриат  бағдарламада  барлық  студенттер  біртұтас  болып  келген  халықтар 

қауымдастығының  бір  бөлшегі  ғана  болып  табылады,  осының  негізінде  түрлі  мәдениеттерді  терең 

түсіну,  құрметтеу,  сондай-ақ  төзімділік  қарым-қатынасын  дамыту  ісі  жатыр.      Біз  қазақ  тілін  оқып 

үйренудің  қаншалықты  маңызды  екендігін  түсінеміз  және    қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  ары  қарай 

жетілдіруге ұмтыламыз.   

 

Алынған білім және оқытудың тегеурінді мүмкіндіктері 

Мектептегі  сапалы  білім  беру  жүйесі  әр  студентті  оның  тұлғалық  ерекшеліктеріне  байланысты 

оқытумен қоса, жеке қабілеттерді дамытуға және алдағы уақытта оқушы тегеурінін толық мөлшерде 

дамытуға ынталандыратын  алынған білімнің түбегейлілігіне негізделеді.  

 

 



Перспективті оқу жоспары 

Мектептің ең сапалы оқу бағдарламалары студенттердің жеке қабілеттерін ескеретін заманауи оқыту 

әдістемелеріне негізделген. Бұл әдістемелер студент бойында білуге құштарлығын,  шығармашылық  

қабілетін, күрделі жоғары стандарттан тыс міндеттерді шешуге бағытталған зияткерлік дағдыларын, 

сынау көзқарасының болуы,  әрі өз бетінше  ойлану  қабілеттерін дамытуға зор септігін тигізеді.   

 

Мұғалімдер құрамы 

Халықаралық  “Мирас”  мектебінің  барлық    ұстаздары  –  әр  білім  алушыға    бойындағы  тегеурінін 

толық  ашуға,  олардың    қабілеттерінің  мектепте,  сондай-ақ  тұтастай  алғанда  қауымдастық  ішінде 

дамытуға  көмектесе алатын кәсіби біліктілігі жоғары мамандар. “Мирас” мектебінің педагогикалық  

ұжым мүшелері  кәсіптік  деңгейінің өсуіне ұдайы көңіл бөліп отырады.  

 

Мектеп қауымдастығы 

Халықаралық  мектеп  -    бірлесе  атқарған  жұмыстарын  белсенді  азаматтық  көзқарастағы    студентті 

дамытуға бағыттаған  ұстаздар  мен көмекші қызметкерлер құрамының, ата-аналар мен оқушылардан 

тұратын мықты да ұйымшыл бірлестігі. Біз барлық студенттеріміздің ата-аналарын ынтымақтастықта 

болуға шақырамыз.  

 

Команда ішінде жұмыс істеу 

 

Мектеп әкімшілігі,  ұстаздар, студенттер мен ата-аналар  әр студенттің нақты білім  нәтижелеріне қол 

жеткізуі үшін бірлесе жұмыс істеп, ортақ күштерін бағыттайды.  


Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



 



Қорлар 

Халықаралық  “Мирас”  мектебінде    қауіпсіздік  шаралары  мен  оқытудың  жайлы  ортасын  жасауға 

кепілдеме береді, оқу процесін тартымды етеді және алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін оқу 

бағдарламасының алуан түрін қолданады.

 

 

Мектептің қысқаша тарихы   

 

Алматы қаласы, Халықаралық “Мирас” мектебі  “Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру Қоры” Қоғамдық  

қорының   филиалы болып табылады. Мектеп 1999 жылы Қазақстан Республикасында білім берудің  

жаңа моделін жасау мақсатымен құрылған.  Халықаралық “Мирас” мектебі, бұл -  тәжірибе алаңы. 

Халықаралық  “Мирас”  мектебі  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігімен  бірге    Қазақстанның  әлемдік 

білім беру кеңістігіне ену мәселесі бойынша алға қойылған міндеттерді табысты түрде жүзеге асырып 

отыр.    Қазіргі  кезде  мұнда    600  студент  оқып,  білім  алуда,  олардың    ішінде  20  %-ы  шетелдік 

студенттер. 



 

Бүгінгі  таңда    Халықаралық  “Мирас”  мектебі алдына  қойған мақсаттарға  қол  жеткізді,  атап 

айтқанда: 

 



Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясы 

(CIS),


 

 



Еуропа Халықаралық Мектептер Кеңесінің мүшелігіне өту 

 



ЮНЕСКО мектептерінің қауымдастығына өту  

 



Орта білім туралы Халықаралық Жалпы   Сертификат  

(IGCSE) NEASC

 

бойынша Кембридж 



университеті Модерациялау Орталығының аккредитациясы 

 



IB 

үш бағдарламалары бойынша авторизациясы.  

   

        


Мектептің стратегиялық жоспары  

 

Стратегиялық жоспар мектептің мүддесі мен философиясы негізінде жасалды және мұнда 



мектеп қызметіне сараптама жасау және соңғы үш жылдағы табыстар және 2007- 2010 оқу 

жылдарына дейінгі стратегиялық жоспарларды  қамтиды.    

Мектепті дамытудың негізгі мақсаттары:  

1.

 



Қормен бірлесе отырып, мектептің мәртебесін мойындау үшін атқарылатын 

жұмыстар:  

 

Қазақстандағы халықаралық мектептер стандарттарына сәйкес келуі; 



 

Қазақстандағы халықаралық мектептердегі он екі жылдық білім беру моделін 



дамыту және іске асыру; 

2.

 



Мемлекеттік және халықаралық білім беру ұйымдары талаптарына сәйкес келуі; 

3.

 



Әр түрлі тілде оқыту ортасын құру және тіл саясатын ары қарай іске асыру;  

4.

 



Ортақ мақсатқа жету үшін Қормен бірлесіп атқаратын бірлескен жұмыс -  Қазақстанда  

IB

 



Дипломының мойындалуы; 

5.

 



Маман саясатын жетілдіру және мектеп қызметкерлерін көтермелеу жүйесі; 

6.

 



Оқу жоспарын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау;  

7.

 



Халықаралық  және  Қазақстан  оқу  ұйымдары  және  университеттерімен  байланысты 

нығайту.  

 

Халықаралық  Бакалавриат 

Халықаралық  «Мирас» мектебі  Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы –бастауыш мектеп 

бағдарламасы,  орта  мектеп  бағдарламасы  және  Дипломдық  бағдарлама  бойынша  аккредиттелген 

әлемдегі  112-ші  мектептің  бірі  болып  саналады.    «Мирас»    IB    үш  бағдарламасы  (Халықаралық 



Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



Бакалавриат) бойынша оқытатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы  



(CIS) 

үш мектептің бірі 

болып табылады.  

 

 



Студент Келбеті 

Халықаралық Бакалавриат (IB) -  үш бағдарламасына қарағанда барынша сыйымдылығы кең түсінік. 

Біз оқыту құралдары арқылы әлемдік қоғамдастықты жетілдіруді мақсат етеміз.    

 

Біз  мәдениетаралық  түсіністікті  және  құрметті  дамытамыз,  оқытудың  қолайлы 

жағдайының  мен  интернационалдық  сана-сезімді  21  ғасырдың  тұлғасының  қалыптасуына  

барынша жағдай жасаймыз.  

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Вебсайт IB: 



www.IB.org

 

 

 



Осының  барлығы  Мектеп  Мүддесінің  ажырамас  бөлігін  құрайды.  IB  оқу  мақсаттарының 

қатары  әзірленді,  олар  тұтастай  алғанда    IB  студентінің  Келбетін  сипаттайды.  Төменде 

сипаттамалардың тізімі берілген, олар   

 

....



білім  берудің  жаңа  қырын  көрсетеді,  бұл  сипаттамалар  мектеп  пен  мұғалімдер 

жұмысына серпін береді, ынталандырады және жинақтап көрсетіп береді.  

 

Студент Келбеті IB  өзінің бағдарламалары арқылы дамытатын студент сапасын анықтап 

береді.   

 

IB 

бағдарламасы  зиякерлік,  жеке  дара,  әлеуметтік  өсуге  баса  назар  аудара  отырып, 

тұлғаның тұтастай қалыптасуына ықпал етеді. IB білім мен дағды жиынтығын, сондай-ақ 

тұлғаның тәуелсіз, жаңашылдық, сын тұрғысынан ойлана білуі және жан-жақты дамуын 

негізге ала отырып, студенттің келешектегі өмірінде белсенді, әрі жауапкершілікті терең 

сезінетін азамат ретінде басшылыққа алатын  ұстанымдардың басын біріктіреді.   

 

Үш бағдарлама адамның үздіксіз білім алуы концепциясында біріктірілген. Студент Келбеті, 

бұл    –  өмір  бойы  білім  алуға  ұмтылатын  және  оқуға  даяр  адамның  келбеті.  Басқаша 

айтқанда,  Студент  Келбетін  қабылдағанда, 

 

мінсіз  студентті  тәрбиелеу  емес,  жан-жақты 

дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін өмір бойы

 

жасалатын саяхат картасы деп қабылдау керек

.

  

 

IB 

бағдарламасының мақсаты -  планетадағы тіршілікке саналы түрде қарайтын, жетілген 

әлемді құруға қатысатын адамдарды дамыту.      

2006 жылғы  «IB Студентінің Келбеті» брошюрасы. 

 

Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы оқушыларының бойында төмендегі қасиеттер болады:  

 

Зерттеушілер.  Студенттер    өз    бойындағы    табиғатынан  қалыптасқан  ізденімпаздық  қасиетін 

дамытады.  Олар мақсатты және құрылымды түрде зерттеу жұмысын жүргізу үшін қажетті дағдылар 

жинаған.  Білім  алуға  құштар.  Білімге  деген  сүйіспеншілігі  студенттердің  бойында  өмір  бойы 

сақталады.

   

 

 



Білгіштер. 

 

Студенттер түрлі концепциялар мен түсініктерді зерттейді. 

 

Олар зерттеу арқылы терең білім мен 



түсінігін дамытады. 

 

Халықаралық  «Мирас» мектебі, Алматы қ. 

Студенттер мен ата-аналарға арналған басшылық, 2011-2012

 



Ойшылдар.  Студенттер  қиын  проблемаларды  шешу  және  негізді  және  этикалық  дұрыс  шешім 



қабылдау үшін  сыншылдықпен ойлау дағдыларын іс жүзінде пайдаланады. 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал