Орта білім мазмұнын жаңарту мәнмәтінінде мақсаттардың, мүмкіндіктер мен оқу тапсырмаларының триангуляциясы: әдіст. құрал



жүктеу 317.96 Kb.

бет1/2
Дата10.09.2017
өлшемі317.96 Kb.
  1   2

«

»

АЗА

АЕ

ЗИ

КЕ ЛІК МЕК Е

Е І Д

«

»

А

АЗА

АЕ

И

ЕЛЛЕК

АЛЬ ЫЕ ШК ЛЫ

AEO NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS

"

"

А ана


2016

А

ДІ

ІЛІМ

ЖА А

М

М

І І ДЕ МА

А

А ДЫ ,

М МКІ ДІК Е

МЕ

А

Ы МАЛА Ы Ы

ИА

Л ЦИ

Ы

ИА

Л ЦИ ЦЕЛЕЙ,



ЗМ Ж

ЕЙ И


ЧЕ

ЫХ ЗАДА ИЙ

К

ЕК Е


ЛЕ И

ЕД Е


ДЕ ЖА И

АЗ

А И



а

л м мазм нын жа а

но л ни

о

жания



н о о

азо ания


Updating of the curriculum

2

ӘОЖ 317.3

А 13

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған

Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства 

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Пікір жазған: 

Раманова А.А., М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті 

доценті, ф.ғ.к.



А 13  Абакиева  Л.Е.

Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  мәнмәтінінде  мақсаттардың,  мүмкіндіктер 

мен  оқу  тапсырмаларының  триангуляциясы:  әдіст.  құрал/  Л.Е.  Абакиева, 

Д.Ж. Жалетова - Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық 

шеберлік орталығы,  2016 - 40 б.

ISBN 978-601-7916-09-1

Аталған оқу құралының бірінші бөлімінде жаңартылған білім мазмұнын 1-сыныпқа 

апробацилаудаға  ерекшеліктері  мен  оны  тәжірибедегі  дамыту  тұстарына  бағытталған 

ұсыныстар  жазылады.    Оқыту  үдерісінде  ескерілетін  оқу  мақсаты  мен  оның  оқыту 

тапсырмаларына сәйкестігі және оқушылардың мүмкіндіктерін назардан тыс қалдырмау 

қажеттілігі  айтылады.  Екінші    бөлімінде  мұғалімдердің  жоғарыда  аталған  негізгі 

аспектілерді ескере отырып құрастырған сабақ жоспарлары қосымша беріледі. 

Әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



.

В  первом  разделе  данного  методического  пособия  представлены  особенности 

внедрения  содержания  образования  по  обновленным  учебным  программам  в  1-х 

классах,  рекомендации  по  совершенствованию  практики  проведения  уроков,  а  также 

освещены вопросы целеполагания и формулировки учебных задач с учетом возрастных и 

психологических особенностей учащихся. Во втором разделе  предложены краткосрочные 

планы уроков в соответствии с  вышеупомянутыми основными аспектами преподавания.

Данное издание предназначено для учителей начальных классов.



            ӘОЖ 317.3

А 13

ISBN 978-601-7916-09-1

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

© АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Центр педагогического мастерства, 2016


3

МАЗМҰНЫ

Кіріспе .......................................................................................................................4

І бөлім

Оқу мақсаттары және олардың тақырыппен байланысы .....................................6



Оқу мақсатының оқушы  мүмкіндіктерімен сәйкестігі ........................................9

ІІ бөлім


Бастауыш сыныпта білім мазмұнын жаңарту  бойынша сабақ берген 

мұғалімдердің үлгі сабақ жоспарлары .................................................................14

Қорытынды .............................................................................................................37

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................................39



4

КІРІСПЕ

Мұғалімнің оқыту үдерісін ұйымдастырудағы басты ұстанымы оқу мақсатын 

нақтылауы, оқушы мүмкіндігін ескеруі және оқыту тапсырмаларын дұрыс таңдай 

алуы. Оқу мақсаты - оқушының кешегі білімін негізге алып, алға жылжу бағытында 

берілетін жаңа білімнің қалай қабылданып, орындалатынына нақты қадам. Сондай-

ақ,  мақсатты  болашақта  белгілі  бір  іс-әрекет  негізінде  қол  жеткізетін  алдын  ала 

жоспарланған  нәтиже  деп  қабылдасақ,  қойылған  мақсат  пен  оны  жүзеге  асыру 

үдерісі  сабақтың  үстінде  орындалады.  Ал  мақсатты  жүзеге  асыру  жан-жақты 

ойластырылған  ішкі  ниеттің  сыртқы  әрекетке  айналып,  соңында  түпкі  нәтиже 

қалыптастыратын  үдеріс  екенін  білеміз.  Сабақ  мақсатын  әдістемелік  тұрғыдан 

дұрыс  тұжырымдап,  оған  жету  құралдары  мен  жолдарын  жобалау  мұғалімнің 

мақсаты. Мақсат қою - белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз үдеріс. 

Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үнемі 

талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Ең маңыздысы 

жүзеге аспай қалған немес мерзімі бойынша қалып отырған мақсаттарға мән беру 

керек. Сабақ мақсатын талдаудың барысында мына мәселелер ескерілгені жөн:

y

y

Мақсат  тұжырымдаудың  қысқалығын,  нақтылығын  және  түсініктілігін 



анықтау;

y

y



Тұжырымда түпкі нәтиже бар екендігіне, яғни мақсаттың өлшенетіндігіне 

көз жеткізу;

y

y

Мақсат  қоюдың  себебін  анықтау:  оқу  бағдарламасы  талаптарына, 



оқушылардың қызығушылықтарына байланыстылығы;

y

y



Мақсаттың сабақ тақырыбымен байланысын, яғни дамуға негізделгендігін 

анықтау;


y

y

Мақсаттың  оқу  материалы  мазмұнымен,  оқыту  әдістері  мен  сабақтағы 



танымдық қызметті ұйымдастыру формаларымен сәйкестігін анықтау;

y

y



Мақсат пен нәтиже арасында алшақтық жоқ екенін анықтау.

Осындай мақсатпен үдерісті басқаруда оқушылардың жекелеген мүмкіндіктері 

ескеріліп,  тапсырмалар  ойластыру  мұғалім  шеберлігіне  байланысты  болады.  

Тапсырмалар  А,  В,  С  деңгейіндегі  мүмкіндікті  және  сыныптағы  ерекше 

оқушыларды  да  ескере  жоспарлау,  мұғалімнің  дифференциациялап  оқыту  мен 

инклюзивті  оқыту  ортасын  құра  алуына  да  әкеледі.  Мақсат  пен  мүмкіндік  және 

тапсырма  үндескен  жағдайда  ғана  нәтижеге  қол  жеткізу  шынайы  болатыны 

педагогикадағы дәстүрлі білім беру тәжірибесінде үнемі ескерілуге тиісті мәселе 

болатын,  дегенмен,  мұғалімдердің  сабақтарына  қатысу  мен  оқушылардың 

белсенділігін  іс-әрекетте  бақылауда  жоғарыда  аталған  үндестіктің  жеткілікті 

дәрежеде орындалмамайтындығын байқатты.

Қазақстaн білім салaсын дамытуда стратегиялық мaңызға ие, Халықаралық білiм 

берудің көпшілікпeн мақұлданған ұстанымдарына негізделіп құрылып жaтқан 12 

жылдық білiм беруді енгізуге бағыт алды.  Соның нәтижесінде бастауыш білім беру 

мазмұнына жаңарту енгізіліп, бағдарламалар мен оқу жоспарларының жобалары 


5

құрастырылды. Өйткені, «Өмірлік білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойы білім 

алу» тұжырымдамасына қарай өту, білімді үнсіз тыңдаудан ынталылыққа, білімнен 

құзыреттілікке бағытталған жалпыға міндетті білім беру стандартын жаңартудың 

маңыздылығы бүгінгі күн талабының  сұранысы еді. Білім мазмұнын жаңартудың 

инновациялық сипаты оның тек білімді меңгертуден алған білімді өмірде қолдана 

алу парадигмасына ауысуымен танылады.  Оның түп мәні оқытудың мақсаттары 

кең  ауқымды  дағдыларды  қалыптастыру  арқылы  оқытудың  нәтижесіне  қарай 

бағытталуында. Бұған негіз күтілетін нәтиже қызметтік әрекет, яғни, оқушылардың 

«білуі»,  «түсінуі»,  «қолдануы»,  «талдауы»,  «жинақтауы»,  «бағалауы»  арқылы 

көрініс табуы болса, білімді практикада қолдана алуға, зерттеушілік және жобалау 

жұмыстарын  жүргізуге  де  барлық  мүмкіндіктер  қарастырылады.  Жаңартылған 

бағдарламадағы  осы  ерекшеліктер  мұғалімдердің  жоғарыда  ескеретін  олқы 

тұстарын толықтыруға келген жедел көмек іспетті болды.

Тақырып оқыту үдерісінде көрініс табатын үш негізгі мәселеге назар аударту 

үшін  «триангуляция»  терминімен  байланыстырылды.  Оқу  мақсаты  мен  оқушы 

мүмкіндігі сай келмесе және оқыту тапсырмалары оқушы мүмкіндіктерін ескеріп 

берілмесе оқыту үдерісі жай ғана уақыт өлтірумен тең десек қате пікір болмайтыны 

анық.

Бұл  құралда  2015  жылдың  қыркүйегінен  бастап  жаңартылған    бағдарлама 



бойынша  пилоттық  мектепте  тәлімгерлік  жүргізуде  тәжірибеде  кездескен 

мәселелерге талдау және дамыту бағытына әдістемелік көмек қарастырылады.



6

І БӨЛІМ

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ТАҚЫРЫППЕН БАЙЛАНЫСЫ

Дәстүрлі білім беруде

Жаңартылған білім беруде

Тақырыбы: Достық 

Мақсаты:  Достық  туралы  түсінік 

қалыптастыру;

Досқа құрмет сезімін ояту;

Достық  туралы  шығармашылық 

жұмыс  (өлең,  әңгіме,  шығарма 

жаздыру)


Тақырыбы: Достық туралы әңгіме жазу

Мақсаты: (Жазылым дағдысы)

Мұғалім  көмегімен  қарапайым  мәтіннің  жоспарын 

құрып, оған тақырып қояды;

Тақырыпқа 

байланысты 

сөздерді 

қолданып  

қарапайым  сөйлем/мәтін  құрастырады  және  жаза-

ды. Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ  

сөздерді есту арқылы жазады.

       


Кестеде көрсетілген мысалдан мақсат қою туралы көп мәселені түсінуге болады. 

Жаңартылған бағдарлама енгенге дейін тақырып жалпылама және оған қойылатын 

мақсаттарда  жалпы  ұғыммен  шектеліп,  оқушылардың  жас  ерекшелігі  ескеріле 

бермейтіні  анық  еді.  Мұғалім  міндетті  түрде  «тақырыпты  ашу»  дегенді  көбірек 

назарда ұстап, сол тақырып төңірегінде мақсаттар қойды. Қарап отырсақ, саралап 

достық  деген  тақырыптың  өзінен  бірнеше  тақырыпша  шығатынын  және  достық 

туралы әр жастың өз ерекшелігінде айта алатындай дәрежесін ескеруді де қалыс 

қалдырып келгенбіз. Сынып жоғарылаған сайын да біз көп ойланбастан өткен оқу 

жылының мақсатын ескермей, қайтадан соны қоя салуымыз да әбден ықтимал еді. 

Осы тұста тағы бір мысал келтірсем, жоғары сыныптарда «Сөз таптары» деген 

тақырып келсе, еш қиындықсыз «сөз таптары туралы  түсінік қалыптастыру» деп 

мақсат қоя береміз. Ал енді ойланып көрейік... 

Сөз таптары туралы ұғым жалпы қай сыныптан басталды және неге біздер әлі 

түсінік қалыптастыру деген мақсатты қоямыз? Бұған жауап тағы сол «тақырыпты 

ашу», әрине тақырыпты ашу маңызды, бірақ оған қол жеткізу үшін белгілі бір нақты 

мақсаттардың  болатындығын  неге  ойламадық  және  осы  тұста  айтқым  келетіні 

тақырып аясында жаттанды, қайтала беретін өз етістіктеріміз бар содан әрі аспай 

қоямыз. Негізі дәстүрлі білімде «білімділік», «дамытушылық» және «тәрбиелік» деп 

үшке айырып қоятын мақсатымыздың білімділігін бере алғанмен «дамытушылық» 

деген  тұста  қаншалықты  дамыттық  оқушыларымызды  деген  де    сұрақ  тұрады. 

Қарапайымнан күрделігі, төмен мүмкіндіктен ортаға, ортадан жоғарыға көтерілетін 

мақсаттарды қоюдың қадамдарын ескермегенімізді мойындауға тура келеді. 

  Ал кестенің келесі бағанын сөйлетсек, жаңартылған бағдарламада тілге тән 

төрт дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым) дамыту міндетке айналады. 

Ол  дағдылар  оқу  жоспарларында  тоқсандардың  ерекшелігіне  сай  бөлінген.  Ең 

негізгісі, тақырыпты қарасақ, «Достық туралы әңгіме жазу» деп қысқа,  нұсқа қандай 

әрекет  орындалу  мүмкін  деген  сұраққа  жауап  беріліп  тұрғандай.  Жаңартылған 

бағдарламада «Менің отбасым және достарым» деген бөлім бар, бөлімнің достық 

туралы  бөлімшелерінің  өзі  достық  туралы  фильм  көру,  достық  туралы  әңгімені 

жоспарлау және достық туралы әңгіме жазу деп бөлінген. 

Жаңартылған бағдарламада берілген оқу мақсаттарының жүйесіне тоқталсақ:


7

«Сауат ашу» және «Қазақ тілі» пәндері бойынша

Үш (3) негізгі бөлімнен тұрады:

 

Тыңдалым және айтылым

Оқылым

Жазылым

Оқушылардың ауызекі сөйлеу 

және фонетикалық қабылдауын 

дамытады. Бұл дағдыларды 

орындауда «мазмұнды түсіну, 

ойды анықтау, мазмұндау, 

болжау, тілдік нормаларды 

қолдану, тыңдаушы зейнін 

аудару, материалды бағалау, 

өз пікірін білдіру» деген 

етістіктер арқылы әрекет 

жоспарланады.

Қазақ әліпбиімен 

танысу, оқу дағдыларын 

қалыптастырады.  

Тыңдалым және 

айтылым дағдысымен 

сәйкестік көп,дегенмен, 

сөздердің лексикалық 

және синтаксистік 

мағыналарын түсіну, 

сұрақтар қоя білу және 

бағалау, мәтіннің түрлері 

мен стилдік ерекшелігін 

тану, салыстырмалы 

талдау және әліпбимен 

танысу жүреді.

Жазу дағдыларын 

қалыптастырады. 

Жоспар құру, мәтін 

құрастыру, оқыған/

тыңдаған материалдың 

мазмұнын жазу, мәтінді 

түрлі формада ұсыну, 

графи-калық дағдыларды 

қалыптастыру, түрлі 

жанрда шығармашылық 

мәтін жазу, түзету, 

редакциялау, орфогра-

фиялық, грамматика-лық, 

пунктуациялық нормаларды 

сақтауды үйренеді.



 

«Математика» пәні бойынша

Төрт (4) негізгі бөлімнен тұрады.

 

Сандар


Алгебра

Геометрия

Математикалық 

модельдеу

Сандар мен шама-

лар, оларды қолда-

ну және олардың 

өлшем бірліктері 

туралы

Алгебралық өрнек-



тер, теңдеулер мен 

теңсіздіктер, тізбектер, 

жиындар және логика 

элементтері, комбина-

торика негіздері туралы

Геометриялық фи-

гуралар, өзара орна-

ласуы, нүктелердің 

қозғалысы туралы

Математикалық тіл 

және модельдеу 

туралы түсініктер 

қалыптастырады.


8

«Жаратылыстану» пәні бойынша

Сегіз (8) негізгі бөлімнен тұрады.

Зерттеу дағдылары бақылау, зерттеуді жоспарлау, дерек жинау, нәтижелерді түсіндіру;

Өсімдіктер

сан алуандығы, гүлдердің бөліктері және маңызы, тіршілік 

жағдайы, оларды қорғау;

Жануарлар

сан алуандығы, тіршілік әрекеті, мінез-құлқы және оларды қорғау;

Адам


дене құрылысы мен тіршілік әрекетінің үдерістері;

Заттар және оның 

қасиеттері

зат, ауа, су, пайдалы қазбалар;

Ғарыш

Ғарыш


Күш және қозғалыс Күш және қозғалыс

Физикалық 

құбылыстар

жарық, дыбыс, жылу, электр, магнетизм туралы түсініктер 

қалыптастырады. 

 «Дүниетану» пәні бойынша

Төрт (4) негізгі тараудан тұрады.

 

Ойлау дағдылары



Бұл тарау дереккөздермен танысу, түсіндіру және талдау, 

кеңістікте бағдарлану, уақытты бағдарлау және әлеуметтік 

бағдарлану бөлімдерін

Тарихты білу және 

түсіну

Тарау ежелгі дәуір, ертедегі өркениет тарихы, Қазақстанның 



тарихи тамырлары, атақты тарихи тұлғалар мен өнер 

қайраткерлері, тәуелсіздік және мемлекеттік патриотизм, 

халықаралық қоғамдастықтағы орны мен рөлі бөлімдерін

Географияны білу 

және түсіну

Бұл тарауда бағдарлау, географиялық ландшафт, климат және ауа 

райы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар, туризм, табиғи 

апаттар бөлімдерін

Қоғамды білу және 

түсіну


Тарау үй және отбасы, мектеп, менің өлкем, денсаулық, 

мерекелер, құрық және жауапкершілік бөлімдерін қамтиды

     

Бұл  бағдарламаның  ерекшелігі  сол  қарапайымнан  күрделігі  дамыта 



түсетін  бөлімнің  бөлімшелері  мен  ұсақталған  мақсаттары  мұғалімнің  үдерісті 

ұйымдастырудағы тиімділігін арттыруға үлкен көмекші құрал болады. 

Мұғалімнің ендігі міндеті көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін мақсаттарды 

орындауда  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  мүмкіндіктерін  ескеру, 

инклюзивті оқу ортасын құру болады. (2)

           


9

ОҚУ МАҚСАТЫНЫҢ ОҚУШЫ 

МҮМКІНДІКТЕРІМЕН СӘЙКЕСТІГІ

Кіші  мектеп  жасындағы  балалалардың  мектеп  өмірі  өте  жауапкершілікті 

қажет ететін кезең, бала отбасы шеңберінен шығып, алдағы өміріне септігі тиетін 

тұлғалармен  танысады.  Оның  өмірінде  мұғалім  деген  жаңа  адам    пайда  болып, 

мұғалім арқылы өзіне міндетті оқудағы әрекеттерді меңгереді. Оқыту үдерісінде 

кіші мектеп жасындағы балаларға ойын, еңбек, спорт және өнермен байланысты 

белсенді шаралардың түрлерін кіріктіріп отырған жөн. Бірақ маңыздысы оқу екенін 

естен  шығармау  керек.  Бұл  әрекеттердің  соңғы  нәтижесі  -  оқушыларды  білімге, 

мектеп өміріне бағыттап өзгерту. Бала мектепке «мектеп оқушысы» атауына лайық 

болуға қызығушылықпен, бәрін білуге құмартумен келеді.    

Бірінші сынып оқушыларының көбінің  оқуға деген ынтасы өте жоғары болады. 

Бұл қалыптасудан өту кезеңінде жаңа өмір мен мектептің ережелері кері қалыптасуға 

әсер  етуі  де  мүмкін.    Мұғалім  мен  мектептің  осындай  кіші  мектеп  жасындағы 

балалардағы  құлшынысын  жоғалтпау  үшін    қабылдауға  жеңіл,  ұйымдастыруда 

эмоциялық,  танымдық,  әлеуметтік  факторлары  ескерілген  тапсырмаларды,  түрлі 

шараларды ойластырғаны жөн. Бірінші сыныптың оқушысы үшін мұғалім басты 

тұлға.  Әр  бала  өзіне  білдірілген  көңіл  мен  мадақтауға  жетуге  тырысады  және 

мұғалімнен естуді мақтан тұтады.

Құрдастарымен  қарым-қатынасқа  түсуде  өз  бетімен  еңбек  етуге,  өзін-өзі 

реттеуге  үйренсе,  ойындар  мен  топтық  жұмыстарда  көшбасшы  рөлін  өздеріне 

алуға, достарының жұмысына араласып, көмектесуге тырысады. Олардың өзін –өзі 

бағалауы білімдеріне емес, қоршаған ортадағы адамдардың өздерін қабылдауына 

және құнды әрі пайдалы бола алуларына беріледі. Осы әрекеттерінен кіші мектеп 

жасындағы балалардың қай бағытқа икемділігі бар екенін, жеке қызығушылықтарын 

және мүмкіндік дәрежелерін байқауға болады. 

Зерттеулер мен жылдар бойы жинақталған тәжірибелер дәлелдеген оқушылар 

бойындағы  ерекшеліктер  -  оқу  мақсатын  жүзеге  асыруда  бірден–бір  мұғалім 

ескеретін басты мәселе болуы шарт. (1)

Сабақтарды  бақылау  барысында  бірінші  сынып 

оқушыларының  алғашқы  күндері  35  минут  бір 

орында  отыруы  қиын  екендігін,  егер  сергіту 

сәттерінде қозғалысқа түссе, қайтадан қалыпқа келіп 

оқу  үдерісін  жалғастыру  мүмкіндігі  азаятындығын 

көрген болсам, мамыр айында әрине, бұл кедергілердің 

барлығы  жойылып,  оқушылардың  өзін-өзі  реттеуі 

мен басқаруы нормаға сәйкестенгені байқалды. 

Дегенмен,  оқу  жылының  басында  оқыту  үдерісіне  тартылмай  қиындық 

келтірген назардағы оқушы, жыл соңында да сол қалпы «оқымаймын, жазбаймын, 

отырмаймын»  деп  үнемі  партаның  астына  тығылуы  және  осы  кедергіні  жас 


10

мұғалімнің  шеше  алмауы  ойлантады.  Бұл  жердегі  жауап  мұғалім  жоспарлағанда 

негізгі  әлеуметтік,  танымдық  және  эмоциялық  үш  факторды  ескермеуі  деуге 

болады.Оқушының қызығушылығын арттыруда ең алдымен әр балаға жеке көңіл 

бөлу, яғни индивид деп қарау керек. Өйткені, әр баланың зейіні мен білім деңгейі 

әртүрлі. Сол үшін деңгейлеп оқыту, сонымен қоса сабақты жаңа әдістермен оқыту 

қажеттілігі туындайды. (4)

      Деңгейлік курстың бағдарламасын тәжірибеде жүзеге асыруда «Орта мерзімдік 

жоспарлауда»  оқушылардың  барлығын  үдеріске  тарту  деген  баған  болды,  сол 

жерде  мұғалімдер  тізбектелген  сабақтарында  оқушының  жеке  ерекшелігі  мен 

мүмкіндігіне  қарап,  тапсырмалар  жіктесе,  жаңартылған  бағдарламаның  қысқа 

мерзімдік  жоспарлауында  жалпы  мақсаттың  өзін  сыныптағы  оқушылардың 

мүмкіндіктеріне бағыттап: барлық оқушыларға, көптеген оқушыларға және кейбір 

оқушыларға деп бөлеміз. 

Дүниетану  сабағындағы  «Тағам  және  сусын»  тақырыбында  жалпы  мақсат 

тағам түрлерін білу, ажырату, қолдана алу туралы.

Өз ойларына, 

сондай-ақ талқылаудан 

алынған сыныптастарының 

идеяларына негізделген тағам 

өнімдері мен сусын түрлерін 

ажыратады

Өткен және қазіргі 

уақыттағы адамдар 

пайдаланған тағамдар 

арасындағы 

айырмашылықтар 

болғанын біледі

Тағам дайындау үшін 

сатып алатынын тағам 

өнімдері мен сусындардың әр 

түрлі болуы туралы түсінікті 

дамытады

Барлық сыныпқа және 

олардың мәзір туралы 

ойларына тамақ дайындау 

ерекшеліктеріне кері 

байланыс бере алады

Олардың ата-аналары 

тамақ пен сусынды 

үйлерінің жанында орналасқан 

дүкеннен алатынына түсінік 

дамытады

Сыныппен 

талқылау кезінде 

әзірленген мәзірге сәйкес 

нақты ингредиенттерден 

тұратын тағам түрлерін 

ажыратады

Өнімнің әртүрлі 

пайдаланатын тағам тізімі 

ретінде мәзір туралы 

түсінікке ие болады

Оларға 


ұнайтын тамақ 

пен сусын түрлерін 

талқылай алады

Көптеген 

оқушылар

Кейбір 


оқушылар

11

Бұл жалпы мақсаттан жіктелген шағын мақсаттар жалпы мақсатты орындауда 

оқушылардың  жас  ерекшелігі  мен  мүмкіндіктері  ескерілген  оқу  нәтижесі  деп  те 

қарастыруға  болады.  Оқыту  нәтижесінде  барлық  оқушы  оқу  мақсатын  толық 

меңгеріп  шығады  деуге  болмайтындығын  жоғарыда  көрсетілген  мақсаттардан 

көруге болады. Оқу нәтижелеріне қол жеткізуде Блум таксономиясы қадамдарына

 

 

сүйене  тапсырмаларды  орындатсақ,  әр  қадамның  тапсырма  деңгейіне  сай 



орындалғандығында осы Блум арқылы бағалау өте тиімді. Блумның қадамдарына 

оқу  нәтижесін  білу,  түсіну  деңгейінен  бастап  орналастырсақ  жинақтау,  бағалау 

деңгейіне келгенде нәтиженің күрделенетіндігін және барлық оқушы қол жеткізуі 

мүмкін еместігін байқауға болады. 

Мұғалімнің  бүгінгі  күні  бақылаушы,  бағыттаушы  рөлінде  болуы  үдерістегі 

әрекетті оқушыларға ысырып, қарап  тұру  емес,  керісінше, жауапкершілік артты. 

Олар бақылау назарындағы оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ұжымдық, 

топтық, жұптық, өзіндік жұмыстар ұйымдастырумен қатар оқушының тәжірибесі 

мен мұғалімнің көрсетуі және қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырады. 



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал