Қоржынтүбектегі қала өмір сүреді • Республика Премьер-министрі Д. К. Ахметовтың Приозерск қаласына



жүктеу 46.49 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі46.49 Kb.

Қоржынтүбектегі

қала өмір сүреді

• Республика Премьер-министрі

Д.К.Ахметовтың Приозерск қаласына

жұмыс сапары

Қасиетті Балқаш көліне

етене еніп жатқан шағын түбекті

жергілікті жұртшылық ежелден

Қоржынтүбек атап кеткен. Шын-

дығында табиғаттың шебер

жаратылысын қойсаңызшы.

Түбек - қазаққа тән екі басты

қоржынды көз алдыңа елес-

тетіп, ерте кездегі бабалары-

мыздың жер-су аттарын қоюға

келгендегі дәлдігіне таң қала-

сың. Міне, осы түбекте 1956

жылы әскери мақсаттағы шағын

қала бой көтеріп, ірге тасы

қаланды.

Бетпақ даланың шексіз жатқан

даласын әскери жаттығу полигоны

ретінде пайдалану өз кезегін күтіп

тұрды. Әрине, ол үшін төрт құбы-

ласы түгел дерліктей әскери

қалашық салу қажет болғаны аян.

Сәтін салса, қаланың 50 жыл-

дық төл мерекесі де қыр астында

тұр. Ертеден жабық қала атанған

әскери мекен-жай туралы аңызға

бергісіз әңгімелер пайда болып, тек

қиял елесінде кезіп жүрді. Иә,

жабық қала, сырттан бөгде адам-

дар кіріп-шықпайды. Қала ішіндегі

қарбалас тіршілік тек өз тұрғын-

дарына ғана белгілі. Өздері ғана

түсінеді. Сыртқа құпия еді.

Тәуелсіздік таңы арайлап

атқаннан бері әскери мақсаттағы

жабық қала жалпы жұртшылықтың

игілігіне қызмет ете бастады. Оның

ішінде Сарышаған әскери поли-

гонын тәуелсіз елдің сарбаздары

пайдаланып, шеберліктерін шың-

дай түсу мақсатындағы жаттығу-

лары көңіл қуантады. Қазіргі таңда

Қазақстан мен Ресей арасында осы

әскери жаттығу полигонын ортақ

мақсатта, бейбіт өмірге пайда-

лануға байланысты арнайы екі

жақты келісім шартқа қол қойылған.

Тегін жатқан дүние жоқ. Ресей-

ліктер қорғаныс мүддесіндегі жалға

алған аймаққа қыруар қаржы

төлейді.


Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі Даниал Ахме-

тов сәрсенбінің сәтінде Приозерск

қаласына жұмыс сапарын әскери

тіршілікпен танысудан бастады.

Премьер-министр ат басын тіреген

әскери мақсаттағы мекемелер бұл

күнде қазіргі заманның озық техно-

логиясымен жаңаша жабдықталып,

жаңғыру үстінде. Байланыс және

радиоэлектроника ұлттық орта-

лығында болғанда ғарыш арқылы

жаңа ақпарат таратуда, зерттеу

жұмыстарын жүргізуде соны

істердің атқарылып жатқандығы

бірден байқалды. Алдағы уақытта

да стратегиялық аса маңызы бар

орталықты барынша жетілдіру,

жабдықтау одан әрі тоқтаусыз

жүргізіле береді.

Жалпы Приозерск қаласының

маңына республиканың Қорғаныс

министрлігіне қарайтын 3 әскери

бөлімше орналасқан. Оның біреуі

әскери бағыттағы орта буын

мамандарды, офицерлерді қайыра

даярлайды. Осында шеберліктерін

шындаған сарбаздар артиллерия-

лық-ракеталық әскери бөлімше-

лерде қызмет жасайды. Ал, енді

біреуі жоғары бас қолбасшының

иелігінде, өзіне тән бағдарламасы

бар.

Премьер-министр №44841 әс-



кери бөлімшесінде мұндағы сар-

баздармен тілдесіп, ортақ мүдде

жайында әңгіме қозғады. Әскери

бөлімше Приозерск қаласына 1998

жылдың күзінде орналасқан.

Атқарар жұмыстары да ауқымды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс

күшіне мамандар даярлайды.

Нақтылай айтсақ, арнайы даяр-

лықтан өткен сарбаздар әуе күш-

тері бағытындағы бөлімшелерде

қызмет ете алады. Сондай-ақ, елі-

міздің қарулы күштерінің жауын-

герлік-техникалық оқу жаттығу-

ларын өткізуге дайындық жүргізеді.

Қай салада болмасын әскери мақ-

саттағы жаттығудың ойдағыдай

өтуіне осы әскери бөлімше жылма-

жыл үлестерін қосып, қолтаңба-

ларын қалдыруда. Қазақстан Рес-

публикасы Әуе Қорғаныс Күште-

рінің бас қолбасшысы генерал

К.Ахмадиев Премьер-министрге

атқарылып жатқан істерді, ұсыны-

сын қысқаша баяндап өтті.

(Жалғасы 2-бетте).

Орталық Қазақстан.- 2004.- 22 мамыр.-1, 2 б.


Қоржынтүбектегі

қала өмір сүреді

(Басы 1-бетте).

- Еліміздің Қарулы Күштерін ны-

ғайтудағы ізденісімізге көз жеткізу

үшін Сарышыған полигонында әске-

ри оқу-жаттығу жиындарын өткізу

дәстүрге айналып келеді. Әскери

сынақ сарбаздардың шеберлігін

шыңдайды. Мынау өзіңіз тұрған

әскери бөлімшеде қайыра жабдық-

тау жедел жүргізілуде. Сарбаздар-

дың жатын орындары, асхана, басқа

да ғимараттар күрделі және ағым-

дағы жөндеуден өткізілеуде. Біз өз

тарапымыздан қолдан келген мүм-

кіндіктерді жасау үстіндеміз. Алайда,

сарбаздардың әлеуметтік-тұрмыс-

тық мәселесін шешу қатты алаңдата-

ды. Үстіміздегі жылы 200, 2005 жылы

400 сарбаздың пәтер мәселесін

шешіп беруіміз қажет. Ол үшін қар-

жы керек. Әскери қызметкерлердің

балаларын балабақшаға орналасты-

ру да шешілмей тұр. Осы өңірдегі

гарнизонды білікті медицина маман-

дарымен толықтыру күн тәртібінен

түспейді. Ауыз су бүгінгі таңда сани-

тарлық нормаға сәйкес келмейді.

Міне, осындай мәселелер күн тәр-

тібінде тұр.

- Жақсы,- деді Премьер-минис-

тр Д.Ахметов -Приозерск қаласын-

да бұрыннан босап қалған тұрғын үй

баршылық. Енді оны қайыра жөндеп,

реттеп, офицерлер тұратын тұрғын

үй жарақтауымыз керек. Осы мақ-

сатта Республика бюджетінен 211

млн. теңге қаржы бөлінеді. Сөйтіп,

келесі жылдың бюджеті есебінен

тұрғын үй мәселесін біртін-біртін

шешетін боламыз.

Бұдан кейін Д.Ахметов әскери

бөлімшені аралап, жауынгерлердің

тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Елдің тыныштығы қуатты әске-

рінде, шеберліктері шыңдалған

жауынгерлеріне байланысты бол-

мақ. Премьер-министр Қоржынтү-

бектегі әскери мақсаттағы қаланың

келешегіне сендірді. Үкімет тарапы-

нан қандай жағдайда болмасын

көмек көрсетілетіндігін баса айтты.

Кез-келген аурудың таралуында ше-

кара жоқ. Сондықтан, Приозерск қа-

ласының тұрғындары туберкулезге

қарсы емдеу-сауықтыру диспансері

құрылысының басталуын асыға

күтеді. Үкімет басшысы көп кешікпей

осы құрылысқа арнайы қаржы бө-

лінетінін жұртшылыққа қуанышпен

жеткізді.

- Маған депутат ретінде қала

жұртшылығы көптен бері осы мә-

селенің шешілуіне араласуымды

сұраған еді. Өзіңіздің жеке қабылда-

уыңызда болдым. Жұртшылықтың

ойында жүрген мәселесі шешілді,

рахмет, - деді Парламент Мәжілісінің

депутаты Е.Нығматуллин.

- Қаланың келбеті жақсарып

келе жатыр, бұған сүйсінеміз. Об-

лыс, қапа әкімдігі ұдайы қамқорлық

көрсетеді. Тығырықтан алып шығуда

ұйымшылдықпен жұмыс жасады, ха-

лықты тұрақтандырды. Әлеуметтік

жағдай оңалуда, мен өзім оралман-

мын, қалалық мәслихаттың депута-

тымын.

Жаңа өз аузыңыздан республи-



калық бюджеттен 1 млрд-тан астам

қаржы бөлініп, қала жұртшылығының

игілігіне жұмсалатындығын айтты-

ңыз. Қуанатын жайт, осында 1500

оралман тұрады. Әркім мамандықта-

рына қарай икемделіп, тіршілік кешу-

де. Туған Отанымызға табанымыз

тиді, бұдан артық не керек. Елбасы-

ның қамқорлығына рахмет, сіздің де

алдағы еңбегіңізге жеміс тілейміз, -

деді қала тұрғындары атынан сөз

алған Орынбек Алтынбеков есімді

азамат.

Үкімет басшысы Қазақстанның



60 жылдығы атындағы жалпы білім

беретін орта мектепке көп кешікпей

26 компьютер жеткізілетіндігін айт-

ты.Иә, бұл да үлкен жетістік. Мектеп

директоры С.Мақышева мектепте

интернет класының, «Атамекен» мұ-

ражайының, информатика бөлме-

сінің, апғашқы әскери дайындық пә-

нінің жүргізіліп келе жатқандығын ба-

яндады. Д.Ахметов ресейлік орта

мектепке соқты. Мектеп директоры

Сәуле Шәріпбайқызы бүгінгі таңдағы

оқу жүйесінің жай-күйімен таныс-

тырды.


Енді бір сәт қала тіршілігіне назар

аударсақ. Қазір шағын және орта

бизнестің дамуы ілгерілеп келеді.

Онымен 377 адам шұғылданады. Ал-

дағы уақытта қала іргесіндегі көлдің

табиғи тиімділігін пайдаланыл, де-

малу, тынығу орнын ашу көзделуде.

Ал, бұрынғы босап қалған қонақ

үйлер демалушыларды қабылдауға,

орналастыруға бірден-бір лайықты

орын. Сарытұмсықтағы марганец

кен көзін игеру кезекте тұр. Сирек

кездесетін асыл тастардан зергерлік

бұйымдар жасау цехын ашу да әр-

кімді қызықтыратыны сөзсіз. Мұның

өзі болашақта қала экономикасының

дамуына септігін тигізеді. Балық

аулаумен айналысатын қосалқы ша-

руашылық ұйымдастыру да қолға

алынды.


Ойды ой қозғайды. Сарышыған

әскери-жаттығу полигонына Ресей

федерациясы жалға алғаны үшін

қаржы төлейді. Осы қаржының тие-

сілі мөлшерін қала тұрмысына пай-

далану шешілмей тұр. Қаржы ми-

нистрлігі қанша қатынас жіберілсе

де, селкостық танытуда. Республи-

калық «Ауызсу» бағдарламасына

енгізілген құрылыстың жобасы жа-

салынды. Күнделікті тіршіліктегі аса

қажетті ауыз су мәселесін шешутым

созылып кетпесе екен. Бұл қала

жұртшылығының тілегі. Үкімет бас-

шысы Д.К.Ахметов Коржынтүбектегі

Приозерск қаласына осымен екінші

рет жұмыс сапарымен келіп отыр.

Қаладағы қордаланған мәселелер

біртіндеп, орайын тауып шешіліп

келеді. Сырттан қоныстанушылар да

баршылық. Сөйтіп, табиғаты әсем,

ауасы таза, суы мол көл жағасын-

дағы жасыл қала болашаққа нық

қадаммен адымдап барады. Қала

тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі,

ертеңіне зор сеніммен қарайды.

Кейбір күпті болған мәселені үкімет

басшысы нығарлай айтып, жұртшы-

лықтың көңілін жадыратып жіберді.

- Қала өмір сүреді, алаңдама-

ңыздар. Оқушылар сабағын жақсы

оқысын. Үлкендер, адал ниетпен

Отанға қызмет етіңіздер. Ал, біз өз

тарапымыздан көмектерімізді ая-

маймыз, - деді Премьер-министр

халықпен жүздесу соңында.

Приозерск қаласына іссапары

кезінде Д.К.Ахметовпен бірге ҚР

Парламенті Мәжілісінің депутаты

Е.Нығматуллин, Ғылым және білім

министрі Ж.Құлекеев, Қарағанды об-

лысының әкімі К.Мұхамеджанов,

Приозерск қаласының әкімі С.Медеу-

баев, басқа да ресми адамдар еріп



жүрді.

Оралбек Жүнісұлы,

«Орталық Қазақстанның»

меншікті тілшісі.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Облыс әкімі әскери қалашықта

болды




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал