Қорытындылау конференциясының топтамасы Аcтана, 2017



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/21
Дата11.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
www.bilim-gylym.kz
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
БІЛІМ ЖОЛЫ 
НҰРЛЫ ЖОЛ
28.07.2017 жылы Астана қаласында  өткізілген 
«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»  тақырыбындағы 
ақпараттық, ғылыми-практикалық  республикалық семинарлардың
 қорытындылау конференциясының топтамасы
Аcтана, 2017
1

УДК  37.0
ББК 74.00
«Б
   ІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» 
 
 2017 Ж - 
 
 ЖИНАҚ /Редактор І. Б. Нағиев. – 
Алматы, 2017. – 150 б.
Б  94
ISBN  978-601-7579-37-1
«Нұрлы   жол»     -   «Мәңгілік   елге»   бастау   алған   сара   жол,   болашақтың
басты   бағдары,   жаңа   істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең
ассоциациялық   мән   бар.   Бұл   —   дағдарыс   кезеңінен   шығу   жолы,
инфрақұрылымдардың   дамуы,   жаңа   жолдардың   салынуы,   экономикалық
серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Оқу   үрдісін   жандандыру,   педагогикалық   инновациялық   тәжірибе
жинақтап   тарату,   оқытудың   әдістерімен   тәсілдерінің   пәнді   игерудің  тың
технологиясын   іздестіру,   оқушылардың   білім   деңгейін,   оқу   ынтасын,
белсенділігін   арттыруды   тәжірибеде   іске   асыратын,   шығармашылықпен,
ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім
беру   жүйесін   дамытуға   ықпал   ететін   дарынды   ұстаздарды   анықтау
мақсатында   өткізілген   іс-шараларға   қатысушы   ұстаздар   еңбектерін
(материалдарын) жинақтау, республикалық деңгейде бір жерге топтастыру
жұмыстары жүргізіледі.
УДК  37.0
ББК 74.00
ISBN    978-601-7579-37-1
© Нагиев С.И., 2017
2

ЗАМАНАУИ БІЛІМ ҮДЕРІСІНДЕГІ – БІЛІМ АЛУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ
ЗИЯТКЕРЛІК КОМПОНЕНТІНІҢ МАЗМҰНЫ
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі,
№ 47 орта мектебінің директоры
Ботамқұлова Айнұр Батырбекқызы
Қоғам   дамуы   процесінде   тәрбие   мазмұны   өзгереді,   алайда   педагогика   тәрбие   субъектісі   ретінде   үнемі   адамды
қарастырады,   ал  тәрбие   әсері   оны  жетілдіруге   бағытталады.  Бұл  педагог-тәрбиешілердің  тұлғаның  сапалы  өсуіне  және
жетілуіне   ықпал   ететін   санасын,   психологиясын,   құндылықты   бағдарын,   білімі   мен   қызметінің   әдістерін   өзгертуіне
мүмкіндік беретін тәрбие феноменін түрлендіретін іс-әрекеті ретінде анықтауына негіз береді. 
Демек, барлық білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады: оқыту және тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту
да, тәрбиелеу де белгілі бір аяқталған және құрастырылған процесті білдіреді. 
Біздің пікірімізше, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің мәнін төмендегіше ұсынуға болады:
–  Оқыту  деп шығармашылық  қабылдау мен практикалық қызметтер, мәдени және моральдық-этикалық идеялардың
түрлі тәсілдері мен деңгейлері арқылы білім, білік және дағдыға ие болу түсіндіріледі. 
–  Бұл   жағдайда  тәрбие    этностық,   эстетикалық,   моральдық,   әлеуметтік   және   т.б.   түрлі   қарым-қатынастардың,   сол
сияқты мінез-құлық, дағдылар мен сезімдердің әртүрлі деңгейлерінің туындау және қалыптасу процесін білдіреді.
Оқыту және тәрбие процестерінің өзара ортақ және бір-бірінен ерекшеленетін қасиеттері бар. Келесі кестеде оқыту және
тәрбие процестеріне ортақ және бөлек қасиеттерді көрсетуге болады (1-кесте).
Оқу процесі – бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуы
мен қалыптасуы. Оқушылардың оқу процесі барысында меңгерген білімі олардың дүниетанымы қалыптасуының негізін
қалайды, түрлі табиғи, қоғамдық, техникалық және мәдени құбылыстар мен оқиғаларды дайындаудың маңызды құралы
болады. 
Оқушылардың танымдық қызметі олардың интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік дамуын ескереді. Оқу процесінің
тәрбиелік мәні –   оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен оларда әлемге, бір біріне,
игерілетін оқу материалына эмоционалды-құндылықты қатынас қалыптасуы арқасында табиғи байланыс орнайтындығында.
Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын
нақтылау қажет:
1.
тұлғаның жалпыадамдық гумандық құндылықтарға бағдарлануы;
2.
демократиялылық және толеранттылық; 
3.
космизм және ұлттық идеяның үйлесуі; 
4.
тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;
5.
өз шығармашылық әлеуетін елін көркейтуді іске асыру
қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің аймақтық аспектісі. 
Пәнді   оқыту   процесінде   тәрбие   қызметін   іске   асыруда   мұғалім   ең   алдымен     сабаққа   тәрбие   міндеттерін   қоюы   тиіс.
Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең қиындық тудырады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Жеке оқушының және
тұтас алғанда сыныптың тәрбие деңгейінің диагностикасы қажет, ол тәрбиенің проблемалы тұстарын бірден байқауға және
тәрбие мақсаттарын мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сабақта қозғалатын тұлға қасиеттерін
балалармен талқылауға міндетті. Ол баланың процестен шеттетілмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін
және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсінуі үшін қажет. Бұл жағдайда бала өз қылықтары мен іс-әрекеттерін ойлана
талдайды және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету жеңіл болады.
1-кесте − Оқыту және тәрбие процестерінің ерекшеліктері, оларға тән ортақ және бөлек қасиеттер.
Оқыту және тәрбие процестерінің
ортақтығы
Оқыту және тәрбие процестерінің ерекше өзгешеліктері
1. Оқыту және тәрбие процестерінің өзара  бірлігі мен 
қайтымдылығы, себебі оқыту процесі тәрбие қызметі де 
болып табылады, сонымен қатар тәрбие процесі оқытумен 
тығыз байланысты
1. Ерекше өзгешеліктер мазмұн деңгейінде байқалады: 
оқыту мазмұны – бұл, ең алдымен, қоршаған 
шынайылық туралы ғылыми түсініктер мен білімдер. Өз 
кезегінде, тәрбие мазмұнында алдыңғы орынға 
нормалар, ережелер және идеалдар шығады.
Тұлғаның санасына, мінез-құлқына, эмоциясына екіжақты 
әсер ету
2. Ерекше өзгешеліктер, сонымен бірге міндеттерді іске 
асыруға және алдыға қойған мақсаттарға қол жеткізуге 
көмектесетін жаңа формалар мен әдістерді анықтау 
деңгейінде жақсы байқалады. Оқытуда негізінен сол 
уақытта сабақ жүргізудің тек нақты да қатал белгіленген 
сыныптық-сабақтық жүйесі ғана қолданылса, тәрбие – 
түрлі сипаттағы барынша еркін формаларды, қоғамдық 
пайдалы еңбекті, спорттық, көркемөнер қызметін, 
мақсатты ұйымдасқан қарым-қатынасты, шамасына 
лайық еңбекті қолдану процесін білдіреді.
Рухани   өмір   –   бұл   ішкі,   сондай-ақ   сыртқы   материалдық   ақиқатты   туғызатын   болмыстың   жоғары   жоспары,   жасырын,
заттандырылмаған шынайылығы.  Е.В. Бондаревскаяның пікірінше тәрбие мақсаты – тұтас мәдениет адамын қалыптастыру
(А қосымшасы).
3

Мәдениет адамы – мәдениет әлемінде өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, еркін адам. Мұның педагогикалық аспектілері
оқушыларда өзіндік сананың жоғары деңгейін, өз қасиетін бағалау, өзін өзі қадірлеу, өзгелердің пікірін құрметтей отыра, өз
пікірінің еркіндігі сияқты қасиеттерді тәрбиелеуден тұрады.
Мәдениет   адамы   –   адамгершілікті   тұлға.  Адамгершілікке   тәрбиелеудің   педагогикалық   аспектілері   тәрбие   қарым-
қатынасының барлық әдістерін және барлық жүйесін ізгілендіруден тұрады.
Мәдениет адамы – рухани тұлға. Мәдениет адамының руханилығы мәдени сәйкестендіру және мәдени-лайықтылық өмір
салтын таңдау қабілетінде байқалады.
  Мәдениет адамы – әрі шығармашыл, әрі бейімделген тұлға.  Адамның заманауи жағдайлардағы өмір сүру қабілеті екі
блоктан:   мінез-құлықтың   меңгерілген  алгоритмдерінен  және   өзгерген  жағдайларға   сәйкес   олардың  өзгергіштігіне,   яғни
шығармашылыққа даяр болуынан тұрады.
Тұжырымдама   авторы   тұлғалық   тәжірибенің   келесі   компоненттерін   бөліп   көрсетеді,   оларды   меңгерген   тұлға   мәдениет
адамы ретінде қалыптасты деп саналады:
аксиологиялық (құндылықты-мағыналы), санамен «берілетін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты тұлғалық
мәнге ие болатын әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтардан тұрады;
мәдениеттанушылық  –  тұлғаның   өмір   сүру   әрекеті   өтетін   түрлі   мәдени   орта;   жалпымәдени   қабілеттер,   мәдени
шығармашылық туындылар; ұлттық мәдени құндылықтар мен дәстүрлер және оларды сақтау, жаңарту, жаңғырту бойынша
іс-әрекет және т.б.; 
өмірнамалық   (жағдаяттық)  –  өмір  жағдайлары,   оларды   ұйымдастыру  мен  ғұмыр  сүру  әдістері,   өз   тұрмысын   өзгерту
жолдары, өмір сүру ортасын түрлендіру және т.б.;
моральдық-этикалық – адамгершілікті, өнегелі мінез-құлықтың эмоциялы мазмұнды жағдаяттарына төзу тәжірибесін жинау
және т.б.;
азаматтық – қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу, азаматтық сезімдерді көрсету, адам құқықтарын қорғау және азаматтық
мінез-құлық тәжірибесін дамытатын басқа жағдайлар;
тұлғалық – балалардың өмір сүру әрекеті келесі жағдаяттармен маңызды: шынайы жауапкершілігі, таңдау еркіндігі, шешім
қабылдау, өзіндік бағалау, өзін-өзі түзету және өзін-өзі тәрбиелеу, өз тәртібін жобалау, тұлғалық даму және т.б.;
дербес-шығармашылық – қабілеттерді дамыту құралы, өмір сүру әрекетінің түрлі стильдерін, өз-өзіне сенімділік, дербестік,
креативтілікті қалыптастыру.
Тәрбие мазмұны балалардың дамуына қарай олардың тәжірибесімен, өмірлік және тәрбиелік жағдаяттармен толығады  [4,
18б].
Педагогика ғылымында дәстүрлі түрде ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене тәрбиесін бөліп көрсетеді, қазір
оның  азаматтық,   құқықтық,   экономикалық,  экологиялық   бағыттарымен   толықтырылуда.   Тәрбие  процестері   толық  және
жеке бір бағыт аясында түрлі: қауым, әлеуметтік институттар, жеке әлеуметтік топтар, интердербестік (тұлғааралық) және
интрадербестік (өзін өзі тәрбиелеу) деңгейлерінде іске асырылуы мүмкін.
Мазмұн  тиянақты   білім   негізінде   білім   алушылардың   санасына   оларды  тұтас   қабылдау  арқылы   таратылған   кезде   ғана
тәрбие құралы болады. Жүйелі білімді, олар арқылы – пікір, көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық
байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Түсінікті, белсенді түрде меңгерілген білім ғана тұлғаның
жаңа қасиеттеріне ауысып, рефлексияға, бағалау  пікіріне қозғау салады. 
Оқу  пәндерінің  прцессуалды   сипаттамалары   бір  мезгілде   дидактикалық   және   тәрбиелік   мақсаттарға   қол   жеткізуде   жиі
қолданылады. Негізінде тұлғаға бағдарланған дамыта оқыту білім беруді ізгілендіру, тәрбиемен тығыз байланысты болып
оқушы   өмірінің   барлық   жағынан   қамтитын   процесс   бола   отыра,   оның   тұлғасының   үйлесімді   дамуына   ықпал   етеді.
Балалардың   бірлескен   іс-әрекетте   өзін   көрсете   алуына,   бағалау   шешімін   қабылдауына   түрткі   салатын   тәрбие   әдістері
педагогикалық  қарым-қатынас,   белсенді   оқыту  әдістері  (семинар-пікірталастар,  мәнмәтіндік   оқыту,  проблемалық   оқыту
және   т.б.)   процестерінде   іске   асырылады.   Тәрбиеде   педагог   тұлғасы,   оның   педагогикалық   шеберлігі,   оқушылардың
психологиясын білуі үлкен рөл атқарады. 
Соңғы мемлекеттік құжаттарға сәйкес, «білім беру» түсінігі кең мағынадағы тәрбие ұғымына теңестіріледі және ұрпақтар
жинақтаған  білім,   тәжірибе   мен  мәдени құндылықтарды   жеткізу  процесі   болып  табылады.  Ендеше,  тәрбиені   қоғамдық
құбылыс ретінде қарастыруға болады, ол бір мезгілде әлеуметтік-мәдени бағыттың міндеттерін де шешеді. Атап айтсақ: 
– тәрбие – адамды әлеуметтендірудің және ұрпақтар алмасуы арасындағы өзара байланыс құралы болып табылады;
– тәрбие – дүниежүзілік мәдениет, ғылым және техникамен қарым-қатынас және танысу орнатылатын ая болып табылады;
– тәрбие – тұлғаның тиімді дамуы мен адамды индивид, қоғамның маңызды бірлігі ретінде анықтайтын тәсілі болатыны
күмәнсіз; 
–   тәрбие   –   сонымен   қатар,   адамда   руханилық   және   оның   дүниетанымын,   құндылыққа   бағдарлануын,   адамгершілік
принциптерін анықтау мен қалыптастыру міндетін атқарады.
 Сонымен, мектептің оқу процесінде тәрбие ортасын құру оқу процесіне өзгеріс енгізуді, барлық оқу пәндерінің тәрбиелік
бағыттылығын күшейтуді көздейді. 
                                      
                                                  Пайдаланған әдебиеттер
1.  Баймолдаев Т. Жаңашылдық жүйемен басқару: [12 жылдық білім беру мәселесі туралы]// Мектеп директоры.- 2002.- N 1-
2.- 8-13 б.
2.   Баймолдаев Т.М. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагог мамандарды қайта даярлау мәселесі// Білім берудегі
менеджмент = Менеджмент в образовании.- 2008. - № 2. - 3-5 б.
3.   Балыкбаев Т.О. Научное обеспечение модернизации системы образования Республики Казахстан// 12 жылдық білім беру
= 12 - летнее образование.- 2014. - № 10. – 11-15б
4.   Батанасова Б.   жылдық білім беру жүйесін нақты жүзеге асырушы тұлға - құзыретті мұғалім// Білім = Образование.-
2014.- № 6.- 45-47 б.
5.   Бахишева С. 12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы// Білім кілті = Ключ знаний.- 2009. - N 1.- 10-12 б.
6.   Педагогикалық диалог. AEO  «NIS», «UNIVERSITY OF  CAMBRIDGE» 2014 №9.
* * * * *
4

Білім  беруді   модернизациялау - мектептегі  білім  беруді  жаңаша қалыптастырудың  негізі 
Тәуекелова  Гүлбану  Қонысбайқызы
                                                              Бірінші  (ілгері) деңгей  бағдарламасын  бойынша
сертификатталған  жоғары санатты  қазақ тілі  мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі,
мектеп  тренері,  ФИЛОЛОГИЯ  МАГИСТРІ  
     №57  жалпы  білім  беретін  мектебі,  Алматы  қаласы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік  Ел» идеясы еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге
көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой
өрісі   дамыған,   өз   ойын   еркін   жеткізе   алатын,   туындаған   мәселелерді   шеше   білетін   және
шынайы өмірге бейім жаңашыл  ұрпақ тәрбиелеуді  басты фактор ретінде қарастырып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік  тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып,  ұлтаралық
келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз. 
Білім   беруді   модернизациялау   мектептегі   білім   берудің   мақсатына   сәйкес   білім   беру
нәтежиесін   жоспарлауды,   оны   қайта   қарап,   жаңаша   қалыптастыруды   талап   етеді.   Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық білім саласына өте жоғары талап қойып отыр. Қазақстан мектептеріндегі білім беру
сапасы  өте   жоғары,  бәсекеге   қабілетті  болу керек.   Қазіргі    уақытта  орыс  мектептеріндегі   қазақ  тілі  мен  әдебиеті   пәні
мұғалімдері  «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту»
бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттыруда.    Сонымен қатар бұл курста білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне
де назар аударудың  қажеттілігі  басты  назарда.
  Критерийлер   –   оқытудың   міндеттерін   жүзеге   асыратын   өлшемдер,   атап   айтқанда,   оқушылар   жұмыс   барысында
орындайтын   іс-әрекеттер   тізбесі.   Критериалдық   бағалау   –   бұл   білімнің   мақсаты   мен   мазмұнына   сәйкес   келетін,
оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім
процесінің   барлық   қатысушыларына   алдын   ала   белгілі   критериялармен   оқушылардың   оқу   жетістіктерін   салыстыруға
негізделген процесс. 
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
              Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз 
етуге қол жеткізу болып саналады.
Бұл курстың мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерін енгізіліп отырған жаңа бағдарламамен таныстырып, жаңа
методикалық   әдіс-тәсілдерді  үйретіп,   тәжірибе   алмасу,  алдағы  уақытта   білім   саласында  болып  жатқан  өзгерістер,   яғни
үштілділік білім беру бағдарламасымен таныстыру. 
Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім
беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени,
эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда.
«Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті
білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы
ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көре
білуінде. Мен курста  бұрын білмеген, қолданбаған әдіс – тәсілдерді меңгеру арқылы еңбек жолымды заман талабына сай
жаңаша   бастауға  ,  нағыз  педагог  ретінде   танылуыма   бірден – бір жол  аштым  деп ойлаймын.  Мен өз  іс  –  тәжірибеме
өзгерістер енгізе отырып, оқушыларымды жаңа қырынан таныдым. Болашақта барлық үйренгендерімді үнемі жетілдіріп,
әрбір сабақтарымда қолданамын деп нық айтамын.. 
  Курс   барысында     меңгерген     әдіс   –   тәсілдеріміздің   бірі:   блум   таксаномиясы,   хикая   картасы,   проблемены   айқындау
кезеңінде қолданылатын әдіс –тәсілдер, проблеманы шешу кезеңінде қолданылатын  әдіс – тәсілдер, проблема шешімін
қолдану кезеңінде қолданылатын тәсілдер, жазу тәсілдері. Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана
қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге
үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан
соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға
қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар
әзірлеу дәстүрге айналды
 Бұл бағдарламаның ерекшелігі: оқушылар табысты оқуы үшін мұғалімдер үш компонент білім беру бағдарламасы, оқыту
тәсілдерімен   бағалау   жүйесі   қалай   үйлесе-тінін   толық   білуінің   маңызды   екені.   Демек,   білім   беру   бағдарламасының
мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс (Roach er al., 2008). Яғни, бұл
үйлесім   оқушылардың   табысын   арттырады.     Тілді   меңгеру   деңгейлерінде   үнемелі   реттілік   бар:   тілді   жаңа   үйреніп
жүргендер   мен   өзге   тілде   еркін   сөйлеушіге   дейін.   Үш   деңгейде   бөлініп   топтайды.   Бастапқы   деңгей,   тәуелсіз   деңгей,
тәжірбиелі деңгей. Әр деңгейдің өзі екі деңгейшелерге бөлінеді.    Міне, қазіргі таңда тіл үйренушілерді осы деңгейге сүйене
отырып, олардың тілдік деңгейін анықтайды. 
5

Курс   барысында   танысқан жаңа идея, түрлі әдіс-тәсілдер мемлекеттік тілді өзге тілді ұлт өкілдеріне үйретудің ерекше
құралы   екендігін   аңғартты.   Қазақ   тілін   тек   грамматикалық   ұғымдар   негізінде   үйретіп   келген   әдістеменің   бүгінгі   күн
тұрғысынан қарағанда біржақты екендігіне көзіміз жетті. Топ тренері тарапынан ұйымдастырылатын ширату жаттығулары,
тілді меңгертудің табиғи тәсілдері, тілдік ортаға енгізу арқылы аудармасыз қазақ тілін үйрету сияқты жаңашыл, өміршең
идеялар мұғалімдерге тың серпіліс әкелді. Сонымен қатар, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, сын тұрғысынан
ойлауға, функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-
тәсілдерін   бере   отырып,   мұғалімнің   бағыт   беруші,   сабақты   ұйымдастырушы   менеджер-көшбасшылық   рөлімен   де
таныстырып отырды.
Өмірдегі көптеген мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты,
мейірімділікті   қажет   ететін   мамандық   –   ұстаздық.   Олай   дейтінім,   мұғалім   -   біріншіден,   адамзат   қоғамы   тарихында
жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем,
үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық. 
Заман   ағысына   сай   біліммен   қаруланған   ой-өрісі   жоғары,   зерделі,   жан-жақты   дамыған   мұғалім   болу   -   уақыт   талабы.
«Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.
Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. 
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың
танымдық   белсенділігін   арттыруға,   өз   бетінше   білім   алуға,   шығармашылығын   қалыптастыруға   ықпал   етеді,   оқушылар
оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы
артатындығын   баяндайды.   Яғни,   оқушы   өз   ой-пікірін   ашық   еркін   айтады,   бір-бірін   тыңдауға   үйренеді,   сыныпта
ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. 
* * * * *
Оқыту мен оқу  үрдісіндегі  сындарлы  оқытудың  тиімділігі  мен  нәтижелілігі  
Берекенова  Асем  сергеевна
                                                              Бірінші  (ілгері) деңгей  бағдарламасын  бойынша
сертификатталған   қазақ тілі  мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі,
 филология  магистрі      №51 мектеп –гимназия, Алматы  қаласы 
  
  «Бақыт жолы тек білімнен табылар» деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің
бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші
тек – білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы -
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты. Еліміз егемендікке
қадам   басып,   оңды   өзгерістерге   толы   игі   істердің   игілігін   көруде.   Игілікке   жараған
өзгерістердің бірі – білім беру саласы.
Оң өзгерістердің қатарықазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру
мен   бағалауға   көмектесу   мақсатында   білім   беру   жүйесіне   жаңартылған     білім     беру
бағдарламалары енгізілуде.
Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып,
олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни, ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін,
көркем   бейнелеп   жазуға   төселген,   бірнеше   тілді   қатар   меңгерген   бәсекеге   қабілетті   жан-жақты   жетілген   жеке   тұлға
қалыптастыру болып табылады. 
Ондай «тұлға» болашаққа  сенімді,  ынталы,   сыни пікір көзқарастары  жүйелі  дамыған,  қазіргі  сандық  технологияларды,
өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең  пайдалана білетін  жан  болуы тиіс. Жаңартылған  білім  беру
бағдарламасының     теориялық   негіздерінде   түрлі   тәсілдер   қарастырылғанына   қарамастан,   орта   білім   беру   жүйелерінде
әлемдік   жоғары   деңгейге   қол   жеткізген   анағұрлым   танымал   оқыту   әдістемелері   арасында   сындарлы   (конструктивті)
теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. 
Бұл оқытудың басты бағыты  – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері
арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдерімен біріктіре отырып іске асырады. 
Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі
Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің
немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Ал осыған дейін біздер қолданып
келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту?
Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау
арқылы   алынған   білім   ойлаудың   төменгі   деңгейінде   ғана   жүзеге   асырылады.   Ары   қарай   терең   ойлану   үрдісі   іске
асырылмайды. 
Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы
көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын,
білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың
оқыған   тақырып   бойынша   білімдерін   өз   деңгейінде   көрсетіп,   кейбір   болжамдар   бойынша   күмәнды   ойларын   білдіре
алатындай   пікір-көзқарастарын   нақтылап,   жаңа   ұғым-түсініктерін   өрістетуге   орайластырылып   құрылады.Дегенмен,   әр
мұғалім сабақ жоспарлағанда өз пәнінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қазақ тілі сабағында оқушының сыни ойлау, өз ойын
жаттанды емес, өз сөзімен еркін жеткізе алу, өз жауабына сенімді болу қабілеттерін ашуымыз керек. Кембридж тәсілімен
оқытуБлум   таксономиясына   негізделіп   жоспарланады.   Таксономия   құрылымның   (сабақ   жоспарының)   жүйелілігін
білдіреді.Блум таксономиясының негізін салушы американдық психолог, педагог, профессор Бенджамин Блум.
Ол   сабақ   құрылымын   алты    деңгейге    бөліп   қарастырады.   Олар:   білу,   түсіну.   қолдану,   талдау,   жинақтау,   бағалау.
Сабақтың   жалпы   мақсатынан   басқа   әр   деңгейге   мақсат   пен   күтілетін   нәтиже,  сондай-ақ,   әр   деңгейдің
тапсырмасынакритерийлер мен  дескрипторларқойылады. Бұл оқушының әр деңгейде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп,
білім   деңгейін   бақылап   отыру   үшін   қажет.   Мысалы,   қазақ   тілі   сабағын   жоспарлағандабілудеңгейінде   тақырыпты
6

оқушылардың өзі анықтау мақсатында түрткі болатындай тапсырмалар, сұрақтар немесе 5минуттық бейнероликтер
көрсетуге болады.     
Білу  деңгейінде көбінесе формативті бағалауды қолданған жөн.  Себебі, формативті бағалау оқушыны білім алуға, өз
бетінше жұмыстануға  ынталандырады. Мысалы. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам»,  «Қолмен белгі» т.б әдістер мен
«бәрекелді,   өте   жақсы,   жарайсың»деген   сөздермен   бағалауға   болады.   Одан   әрі   оқушы   танып,   білгенін,   тақырыптың
мазмұнын түсіну мақсатында  Блум таксономиясыныңтүсінудеңгейіндегі тапсырмаларды орындайды.  Түсіну деңгейінде
оқушы   тақырып   бойынша   өз   бетінше   немесе   топтасып   бір   тұжырымға   келеді.   Яғни,   тақырыптың   не   туралы   екендігін
түсінеді. Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін критерийлер мен дискрипторлар қоямыз. Тапсырмаға қойылатын
критерии   мен   дискрипторларды   құрастыруды   бірінші   оқушылардың   өзіне   де   ұсынуға   болады.   Критерий   мен
дискрипторларды мұғалім өзі құрған жағдайдың өзінде де, оны оқушыларға таныстырып, оқушылардың да көзқарасын білуі
керек.  Блум таксономиясының үшінші деңгейіқолдану.  Ендігі кезекте, түсінген білімін күнделікті өмірмен ұштастырып,
дәлелді   мысалдар   келтіріп,   қолдану  аясы   туралы   жазып   не   айтып   беруі   керек.   Оқушы   ойлана   білу,   ойын   жеткізудегі
тосқауылдарға кездеседі. Олар: сөздік қорының аздығы, жазу сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығының сәйкес келмеуі.
Яғни, бір бала ойын жазып жеткізсе, ал енді бірі ауызша жеткізеді. Қазақ тілі пәнінің ерекшелігіне байланысты өзге ұлт
баласына қазақ тілінде ауызша сауатты жауап беруге, сөздік қорды дамытуға негізделгендіктен, критериидің жоғары ұпайы
сөздік қор мен ауызша жауабына қойылады.
  Осы   алғашқыбілу,   түсіну,   қолдану   деңгейлері  пәндік   деңгей   болып   саналады.Одан   әрі   талдау,   жинақтау,   бағалау
деңгейлерінің тапсырмалары дарынды оқушыға негізделеді. Сабақтың талдау деңгейінде бүгінгі алған білімдерінің тиімді,
тиімсіз жақтары туралы сараптайды, ойларын дәлелдейді. Оқушыжинақтаудеңгейінде алған білімін эссе жазу, ассосация,
Венн диаграммасы т.б әдіс-тәсілдер арқылы жинақтап, өз көзқарасын, өз тұжырымын жасайды. Блум таксономиясының
соңғы   деңгейібағалау.Бұл   деңгейде   әдеттегісінше,оқушыны   мұғалім   бағаламайды,   керісінше,   оқушы   өз   жұмысының
нәтижесі туралы рефлексия жасайды. Ал сабақтың нәтижесін мұғалім бағалау парағына қойылған ұпай санына байланысты
анықтай алады. Сабақ соңында рефлексия жасау арқылы оқушы өз білім деңгейін анықтаса, мұғалім келесі сабағын қалай
жоспарлау  керектігін   біле   алады.  Осы   мақсаттарға   жету   үшін,   алдымен   сыныпта   ынтымақтастық   атмосферасын
қалыптастыру  қажет.  Ол  үшін түрлі  сергіту  сәттерін,   тренингтер  өткізуге,   жаймен  сазды әуен  қосып  қоюға  болады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кезінде қазақ тіліндегі әндерді, ұлттық ойын элементтерін қолдануға болады.
* * * * *


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал