Қорқыт Атаның нақыл сөздерінің тағылымы және тәрбиелік идеялары



жүктеу 52.02 Kb.

Дата22.01.2017
өлшемі52.02 Kb.

Қорқыт Атаның нақыл сөздерінің тағылымы және тәрбиелік идеялары 

 

Рухани  өміріміздің  тарихында  бір  дәуірдің  болмыс-бітімін,  таным- 



түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік 

дүниетанымның  шашырап  жатқан  дерек  көздерінің  негізінде  пайымдап,  бас-

аяғын  жинақтауға  әрекеттенер  болсақ,  оның  бел  ортасында  тұрған  дара 

тұлғаларды  айналып  өту  мүмкін  емес.  Солардың  бірі,  бірегейі-түркі 

халықтарының  арасында  есімі  ежелден  танымал-Қорқыт  ата.  Шығыс 

Түркістаннан  бастап  Кіші  Азияға  дейінгі  түркі  халықтарының  ауызша  да, 

жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік 

дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы 

тұтас  қоғамдық-әлеуметтік,  саяси,  діни  дүниетаным  тамыр  тартып  жатқан 

дәуірлік  құбылыс  жатқандығы  даусыз.  Байыптап  қарасақ,  исламнан  бұрынғы 

идеология  мен  таным-түсінікке  қатысы  бар  тұлғалардың  қуаттысы  да, 

жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.  

  ҮІІІ  ғасырда  Сыр  бойында  өмір  сүрген  Қорқыт  Ата-ежелгі  түркілердің 

көрнекті  ағартушысы,  ойшылы,  әрі  ақын,  сазгер,  әрі  күйші,  тарихта  ерекше 

рухани  із  қалдырған,  халық  даналығын  жинаушы.  Өзінің  философиялық 

толғамдарында  өмір  мәселелерін  көтерді.  Мәңгі  өлмеудің  жолын  қиялымен 

іздестіреді.  Қорқыт  ата  поэма,  күйлер  шығарып,  оны  қобызда  орындайтын 

болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп 

атайды.  Себебі,  Қорқыт  Ата  айтқан  жырлар,  дастандар  жинақталып,  12 

тараудан  тұратын  кітапта  батырлық,  елдік,  адамгершілік  туралы  оқиғалар 

жырланады.  “Қорқыт  Ата  кітабы”-  бүкіл  түркі  тілдес  халықтарға  ортақ  аса 

көрнекті  жазба  ескерткіші.  Бұл  еңбекте  тәлімдік  мәні  күшті  афоризмдер, 

қанатты  сөздер  мен  тағылымдық-танымдық  идеялар,  өсиет  сөздер  көптеп 

кездеседі. 

 

Кең  даланы  еркін  мекендеп,  салтанатты,  салауатты  өмір  кешкен 



көшпенділер  “Адамзат  өмірінің  мәні  неде?”  деген  философиялық  мәселеге 

ұрпақтар    сабақтастығы  адамзат  тіршілігінің  мақсаттарының  бірі  екендігі 

туралы түсінікке әкеліп салған.  

      Қорқыт  Ата  мұрасындағы  адам  мәселесі,  оның  өмір  сүру  қағидалары, 

мақсат-мұраттары  және  қоғам  мен  ұлттық  болмыс  хақындағы  әлеуметтік-

тұрмыстық  толғаныстарына  алып  келеді.  Онда  халқының  болашағы,  жалпы 

адамгершілік  құндылықтар  мен  қасиеттерді  сақтау,  тәлім-тәрбие,  ата  салтын, 

дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны  жалпы 

түркі  халықтарының  мәдени-дәстүрінің  негізін  салушылардың  бірі  деп 

қарастыруға болады. 

   Қорқыт  ата  дана-ақылшы  ретінде,  біріншіден,  даналық  толғаныстары  мен 

тұжырымдары,  өсиетнамалардан,  ғибратнамалар  арқылы  көрінсе,  екіншіден, 

жырларының идеясы  мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір  жыр  соңындағы 

қорытынды  сөздерінің  ақыл-кеңестері  мен  батасынан  сезімдік  сипатты 

тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады.  

 Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға 

және  оның  батырлық  өткеніне  деген  сүйіспеншілігін  жиған  ұрпақтардың 


жалғастырушы  желісі,  әдептілік  дәстүрлердің  тірі  жалғасы,  болашаққа 

сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшыл-

сәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына 

тыныштық  және  жүрек-  теріне  жылылық  таба  білді.  Қорқыттың  кеңестері 

далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін 

халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның 

қанатты  сөзге  айналған  нақыл  сөзі  мынадай:  «Қар  қалың  жауса  да,  көктемге 

дейін  қалмайды,  жайқалып өскен  көк майса күзге  дейін  қалмайды.  Ескі  мақта 

мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып 

аққанымен,  теңіздерді  толтыра  алмайды.  Менмен,  тәкәппар  адамды  тәңірі 

сүймейді.  Басқалардан  өзін  жоғары  ұстаған  адамға  тәңірі  бақ  бермейді.  Қара 

есектің  басына  жүген  таққанмен  тұлпар  болмас.  Қар  қаншама  қалың 

жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта 

бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. 

Мыңғырған  мал  жиғанмен,  адам  жомарт  атанбас.  Анадан  өнеге  көрмеген  қыз 

жаман,  атадан  тағлым  алмаған  ұл  жаман.  Ондай  бала  ел  басын  құрап,  үйінен 

дәм беруге жарамайды».  

       Қорқыт  ата  өзінің  ел-жұртына  тағы  мынадай  өсиет  айтқан:  «Жол 

қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер 

пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш 

сермеп  серп  етпе.  Жер  қадірін  ел  біледі,  ер  қадірін  ел  біледі.  Құлын  құдыққа 

түссе  құрбақа  құлағында  ойнайды.  Көп  қорқытады,  терең  батырады.  Қыз 

анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас. Ежелгі жау ел 

болмас,  ескі  мақта  жіп  болмас,  қонақ  келмес  үйдің  қирағаны  жақсы,  жылқы 

жемес  шөптің шықпағаны  жақсы,  адам  ішпес  ащы  судың  ағысты  жылғаларды 

қумағаны  жақсы,  атаның  атын  былғайтын  ақылсыз  ұлдың  тумағаны  жақсы. 

Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды», т.б.

[1, 487 б.].

 

      Қорқыт  Ата  философиясында  ұрпақтар  сабақтастығы  қағидасына  ерекше 



мәнберген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола 

отырып,  қазіргі  заманғы  кейбір  өркениетті  елдердегі  бұл  қағиданың  бұзылуы 

олардың  болмыссыздығына  әкеліп,  адамгершілік  өлшемдерге  қайшы  келеді. 

“Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар 

сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді: 

 

Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес, 



 

Арналы өзендер қартайса, су келмес, 

 

Биелер қартайса, құлын бермес, 



 

Ей, кәпір әйел қартайса, ұл  бермес

 

 

Баланың  өмірге  келуін  салтанатты  түрде  атап  өтуі  және  адамзаттың 



әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары 

тұжырымдалды.  Осы  жерден  көне  Рим  философы  Цицеронның  да:  “Бала 

болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл 

байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын емес”.  

   Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-

салтын  қастерлеу,  жалпы  адамзаттық,  адамгершілік  құндылықтар  туралы 

айтқан  қағидалары  бүгін  де  өз  мәнін  жойған  жоқ.  Мәселен,  ата  дәстүрі  мен 


салты,  жанұя  тәрбие,  тәрбиедегі  үлгі-өнеге  туралы  өсиетнамалары  мен  қатар 

жырларында  да  жақсы  айтылады.  “Қыз  анадан  көрмейінше  өнеге  алмас”,  “Ұл 

атадан  көрмейінше  сапар  шекпес”,  “Ата  малынан  не  пайда,  баста  дәулет 

болмаса”.  

 

Қорқыт  атадан  қалған  тағы  бір  нақыл  сөздерінен  мысал  келтірсек: 



“Тәңірге  сиынбаған  адамның  тілегі  қабыл  болмайды.  Тәңірі  пендесінің 

маңдайына не жазса, сол болады”. “Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. 

Басқалардың  өзін  жоғары  ұстаған  адамға  тәңірі  бақ  бермейді”,  “Анадан  өнеге 

көрмеген  қыз  жаман,  атадан  тағылым  алмаған  ұл  жаман.  Ондай  бала  ел  басы 

құрап,  үйінен  дәм  беруге  де  жарымайды”,  “Ананың  көңілі  балада  болар”, 

“Ақылсыз  баладан  ата  дәулетінен  қайран  жоқ”,  “Батыр  туған  жігіттің 

садағының  оғы  да  қылыштай  кесіп  түседі”,  “Атаның  атын  былғаған  ақылсыз 

баланың  әке  омыртқасынан  жаралып,  ана  құрсағында  шырланып,  тумағаны 

жақсы”,  “Ата  даңқын  шығарып,  өзінің  тегін  қуған  балаға  ешкім  жетпейді”, 

“Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп 

артық”. 

   Қорқыттың  ой-пікірін  философиялық  тұрғыдан  тұжырымдайтын  нақыл 

сөздер,  өсиеттер,  қанатты  сөз  тіркестері  өте  көп.  Қорқыт  ата  есімімен 

байланысты осындай үлгі-өнеге сөздер ел аузында көп сақталған. Мәселен ата 

салты, оның сабақтастығы мен өмір сүру тәсілі: қабылдап алу, сақтау, кейінгіге 

жеткізу сияқты уақыт бойынша ұрпақтар алмасуының кезеңдеріне негізделген 

үш  сатысы  туралы  өсиетнамаларымен  қатар  жырларынан  да  көрінеді.  Оны 

Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздерінен көз жүгірткенде анық байқаймыз.  

      Отбасындағы  әйел  рөлін  түсінуге  қатысты  қызықты  идеялардың  өзара 

алмасуы  мен  ой  толғаулардың  үндестігін  Қорқыт  Атадан  да  байқауға  болады. 

Қорқыт  бойынша,  әйел-үйдің  тірегі,  «ондай  әйел  өзінің  күйеуі  аңға  шығып 

кетіп, үйге түзден қонақ келсе, ол қонақты тамақтандырады, шөлін қандырады, 

дем алдырады да жібереді. Бұл Айша мен Фатима тектілер, мұндайлардың тіпті 

мыңы өсе берсін, ондай әйел сенің ошағыңа да келетін болсын»  

        Қорқыт кітабының  кіріспе  сөзінде  әйел  төрт түрлі болады, оның басы құт 

әйел,  соңы  –  қанағаты  жоқ  әйел,  одан  қалса  елін  ығыр  қылытын  кесір  әйел, 

тірлігін ұқсатпайтын салақ әйел деген. Жақсы әйел ерінің бар жоғын білдірмей, 

елге аға бола алады дейді. Мұнысы мақал емес, нақыл сөз.

[2, 359 б.]

 

        «Атаның атын былғаған жетесіз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана 



құрсағында  шырылдап  тумағаны  жақсы.  Ата  даңқын  шығарып,  өзінің  тегін 

қуған  балаға  ешкім  жетпейді»,  –  дейтін  ұлы  бабаның  нақыл-өсиет  сөздерінде 

өткен  заман  кескіні,  үй-тұрмыс  жағдайы,  ата-ана,  ұл  мен  қыз,  күйеу  бала, 

табиғат  көрінісі,  хайуанаттар  тіршілігінен  түсінік  беріп,  өмір  туралы 

философиясы  мен  ажалмен  алысқан  аңыздарында  оптимистік  сарын  бар.  Ұлы 

баба арманы, мұраты адамзатқа жер бетіндегі өмірдің мәнін ұғындыру, адамдар 

жүрегіне  қайсар  рух  пен  кемел  ізгіліктің  дәнін  себу  арқылы  асыл  қасиеттер 

дарыту.


[3, 358 б.].

 

       Сонымен  қорытындылай  келе,  Қорқыт  мұраларының  ақыл-нақылға 



құралған шешендік нақыл сөздерінің аз кездеспейтінін байқауға болады. Нақыл 

сөздерінде ырғақ, ұйқасқа құралған мазмұны терең ұшқыр да ұтымды ой анық 



аңғарылып,  бүгінгі  күнде  де  өз  тәрбиелік  мәнін  жоғалтпаған.  Ғасырлар 

сынынан өтіп, бізге жеткен Қорқыт ата қазақ әдебиетінің негізін салушылардың 

бірі және ол тудырған «Қорқыт ата кітабы» бүгінгі жастар үшін оғыз, қыпшақ 

дәуірінің  ұлы  мұрасы  қазақ  эпикалық  дәстүрінің  алғашқы  баспалдағы  ретінде 

жасай  бермек.  Қорқыттың  пайымдауынша,  адамдар  адамилық  қасиеттерін 

сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі-адамилықты жоғалту.  

        Қорқыт  көтерген  мәңгілік  мәселесі-өмірсүйгіштікке  шақыру  және  өмірді 

сүйген  адам  ғана  өз  ұрпағын  адамгершілік  негізінде  тәрбиелейді,  сол  арқылы 

жалпы  халықтың  болашағы  алдында  өзінің  жауапкершілігін  түсінеді  және 

перзенттік  борышын  барынша  парасаттылықпен,  ыждағатты  түрде  орындауға 

тырысады.  Адамның  тектілігі  де,  намысының  негізгі  кейпі  де  осында  жатыр. 

Тектілікке,  атаққа  іліну  немесе байлық  пен  мансап  құру  жатпайды,  керісінше, 

дүниенің  сырын,  оның  терең  мәнін  жүрегіңмен  түсініп,  ақылыңмен  екшеп, 

айналаңа жылуыңды шаша жарқын өмір сүруді жатқызуға болады. Адам жақсы 

істің жалғасын біліп, дүниені көркейтуге өз үлесін қосуы, дарынын шабытпен 

шалқытып,  адамдарды  біріктіре  білсе  тектілік  танытқаны.  Бұл  болмыста  өмір 

сүре  білу  дегеніміз  әлеуметтік  шындықтағы  қиындықтарды  белсенді  түрде 

жеңе  білу,  мүмкіндігінше  тіршілікпен  үйлесімділікті  орнатуға  атсалысуы.  Бұл 

іс- әрекеттегі ұқыптылық -адамның үлкен өмірдің алдындағы жауапкершілігі. 

        Қорқыт  жырларындағы  отаншылдық  пен  ерлік,  ізгілік  пен  әдептілік, 

сабырлылық  пен  төзімділік-біздің  бәріміздің  ата-бабаларымызды  қандай  қиын 

сыннан да алып шыққан түркілік қанымызда бар қасиеттер. Қорқыт ата мұрасы 

ертеңгі зиялы азамат ретінде елінің шын патриоты болып өсуімізге ықпалы зор, 

сондықтан Қорқыт атаның нақыл сөздерін әр жастағы адам өзінше оқиды, өзіне 

керегін алып, өмірлік тәжірибеде қолданады.  

       Осы болмысымыз бен дүниетанымызды келер ұрпақтарымыз да мәңгілікке 

жалғастырып,  адамзат  өркениетінің  тарихында  лайықты  орнымызды  иелену 

үшін  біз  Қорқыт  Ата  мұрасын  зейін  қоя  оқып,  өзімізден  кейінгі  ұрпаққа  үлгі 

өнеге етуіміз қажет.  

     Қорқыт  ел  бірлігін  нығайтқан  кемеңгер  қайраткер  ғана  емес,  түркілік 

дүниетанымның  мәйегін  жасап  кеткен  ғұлама  ойшыл,  әлемдік  ақыл-ой 

мәдениетінде өз орны бар философ-гуманист айтты деген мақалдар мен нақыл 

сөздердің өзінің мәнін жоймағандығы соншалық, оның кейбірі әлі күнге дейін 

қазіргі қазақ өмірінде қолданылып келеді.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1. Жирмунский В.М. Огузский героический эпос и «Книга Коркута»//«Қорқыт 

Ата» энциклопедиялық жинақ.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999.-476-572с.

 

2. Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. Алматы: Жазушы, 1989. Т.1. – 385 б. 



3.  Книга  моего  деда  Коркута.  Пер.  Бартольда  В.В.  //  «Қорқыт  Ата»  энци- 

клопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 355-456 с.    



 

Әбікенов Жарқынбек- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік 

Университетінің аға оқытушысы. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал