Қорықшының «РӨлін» АҢшылар



жүктеу 1.21 Mb.

бет8/11
Дата21.01.2017
өлшемі1.21 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Талас ауданы.

Бірінші,  сүндетке  отырғызылмаған  балаларда   

үрпінің өздігінен  артқа қарай қайтарылып, жыныс 

мүшесін қысып қалуы (парафимоз) сияқты аурулар 

болады. Бұл жерде баса айтылатын нəрсе, – оған 

ата-аналардың  мəн  бермейтіндігі.  Тіпті  көре  тұра 

олар  əсіресе  аға    буын  өкілдері  мұны  «періште 

отырғызған» деседі. Ал ауру əбден асқынып, бала 

қатты  қиналғанда,  амал  жоқ,  дəрігерге  барады. 

Сөйтіп,  алғашқы 6-8 сағаттың  ішінде  қаралса, 

қолмен  орнына  келтіретін  ауруды,  хирургиялық 

жолмен  емделуге  тура  келеді.  Екінші  айтатын 

мəселе, 

сүндетке 

отырғызылғаннан 

кейінгі 


кездесетін  асқынулар.  Мысалы,  үрпіден  ұзаққа 

дейін  қанының  тоқтамау  немесе  үрпі  қайтадан 

жабылып  қалып  (рубцовый  фимоз),  зəр  шығудың 

қиындауы,  əйтпесе  толық  шықпауы.  Мұндай 

асқынулар  қандай  жағдайда  болады?  Ащы  болса 

да  шынын  айту  керек,  қазір  азын-ауылақ  сый 

сияпатқа  əуестенгендіктен,  баланы  сүндетке 

отырғызуға «емшілер» көбейіп кетті. Əуестенушілер 

арасында мал дəрігерлері, молдасымақ дүмшелер 

де  бар.  Тіпті  сүндетке  отырғызумен  шаштаразда  

айналысатынын  білеміз.  Міне,  осы  айтылған 

«мамандар»  баланы  сүндетке  отырғызған  кезде 

қан  тоқтату,  үрпіні  қайыра  тігу  тəсілдерін  іске 

асырмайды,  немесе  білмейді. «Төрт-бес,  аттың 

басын кес», – дейді де таңып тастайды. Егер əлгі 

баланың  қан  ұюы  ұзағырақ  болса  немесе  қаны 

ұйымайтын ауыр «гемофилия» болса, үрпіні қанша 

байласаңда  қанды  тоқтата  алмайсың.  Осындай 

қауіпті асқынулар кезінде ғана ата-аналар хирургтің 

көмегіне  жүгінеді. «Ауылға  бір  кісі  келіп,  елдің 

баларын  сүндетке  отырғызып  жатыр  екен.  Біз  де 

баламызды  отырғыздық.  Мұндайын  білгенде...» 

деп өкіне шырылдайды. 

Ойымызды  қорытындылай  келе  айтарым, 

арнайы  бөлімдер  тамыз,  қыркүйек  айларында 

уақытша    қалалық,  аудандық  ауруханалар  мен 

селолық 

дəрігерлік 

амбулаториялардың 

да 


жанында  болса  екен  деймін.  Сонда  сүндетке 

отырғызылатын  балалар  да  қауіп – қатерден 

алаңсыз болар еді.

Мұрат БЕРДАЛИЕВ, балалар оташысы.

«Арай» жастар газетінің №33 санында «Баланы молда сүндеттеген дұрыс па, əлде дəрігер 

ме?»  атты  балаларды  сүндетке  отырғызу  турасында  мақала  жазылды.  Маман  ретінде  осы 

тақырып төңірегінде өз ойымды жазуды жөн көрдім.

Талғат НҰРХАНОВ


9

4 қыркүйек,

№36 (464)

ТАРИХ ТЕГЕРШІГІ

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ҚАЙ  ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН?

Белгілі есімнің белгісіз сыры



ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

ЖУЫРДА МАҢЫЗДЫ ШАРУАЛАРМЕН 

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНА БАРҒАНЫМДА, 

АЙМАҚТЫҢ АТҚАМІНЕРЛЕРІ АУДАННЫҢ ОТАУ 

ТІККЕН ЕЛУ ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН (1964ж) 

АТАП ӨТУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ ЕКЕН. 

ЖАСТАРЫМЫЗДЫ ОТАНЫН, ЕЛІН, ЖҰРТЫН 

СҮЮГЕ ТƏРБИЕЛЕЙТІН ОСЫНДАЙ ҰЛАҒАТТЫ 

ШАРАНЫ АТАП ӨТУ ҚҰПТАРЛЫҚ ІС. МЕНІҢ 

ӨЗІМ ДЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ КӨКТЕРЕК СОВХОЗЫНДА 

ЕҢБЕК ЕТІП, 1980 ЖЫЛДАРДЫҢ СОҢЫНАН 

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН АЙНАЛЫСЫП, 

ДАҢҚТЫ ЖЕРЛЕСІМІЗ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ 

ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВТЫҢ РУХЫН ҚҰРМЕТТЕУ 

ШАРАЛАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУ МАҚСАТЫМЕН 1998 

ЖЫЛЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ТӨЛЕ БИ 

АУЫЛЫНА ҚОНЫС АУДАРҒАНМЫН... 

Дей  тұрғанмен  мына  жайтты  айтпай  кетуге  болмас. 

Өзім  туып-өскен  Шу  ауданының  дəл  қай  уақытта,  қандай 

қаулы-қарарлармен  құрылғандығы  көмескі  болатын.  Осы 

себептен  өзі  де  қызығушылықпен  анықтағысы  келді  ме, 

сол  кездегі  Шу  ауданының  əкімі  Бағлан  Қарашолақовтың 

тапсырмасымен 2007 жылдың қаңтар айында Алматыдағы 

мұрағаттарға аттануға мүмкіндік туған еді.

Алматы  облыстық  мұрағатынан    деректі  құжатты 

алған  соң  Абай  даңғылының  бойындағы  Мемлекеттік 

мұрағатқа  атбасын  тіреп,  жауапты  қызметкері  Гүлнəр 

Миронқызының  көмегімен  аса  қажетті  құжаттарға  қол 

жеткіздім. Осы дəйекті құжаттардың негізінде 2011 жылдың 

қазанында Шу ауданының 80 жылдығы мен Шу қаласының 

қала  мəртебесін  иеленгендігінің 50 жылдығы  жоғарғы 

деңгейде  аталып  өтілген  болатын.  Сол  жолғы  сапарлас 

серігім Ақсулық ұстаз Төреғұл Əлханұлымен бірге екеуміз 

Ұлттық  кітапханаға  аялдап,  сирек  кездесетін  қордан 1930 

жылғы 22 желтоқсанында жарық көрген «Советская степь» 

(Казахстанская правда) газетінің тігіндісін тауып, сол жылғы 

– 1930 жылғы 17 желтоқсанындағы  Қазақ  АКСР  Орталық 

Комитетінің  қаулысымен  бұрынғы  Алматы  округының 

жеріндегі  Шоқпар  ауданы  (№2,6,7,9,10 – ауылдық 

советтерінсіз) мен Мойынқұм ауданының жəне Вознесенскі 

(Қонаев  ауылының  бұрынғы  аты)  ауылының  негізінде  Шу 

ауданы  құрылғандығын  тізім  бойынша  жарияланғанын 

көріп,  мұны  қойын  кітапшама  көшіріп  жазып  алған 

болатынмын. 

Нақтылы  дерек  көздеріне  сүйенсек,  Шоқпар  мен 

Мойынқұм аудандары 1928 жылы құрылғандығы анық. Осы 

өте  маңызды  жайт  мұқият  тексеруді  қажет  ететін  дүние 

екендігі  даусыз.  Кеңестік  Социалистік  Республикалар 

Одағының 1939 жылы 14 қазанда  шыққан  қаулысымен 

Жамбыл  облысының  құрылғандығы  белгілі.  Осыған 

байланысты сол жылы жаңа облыстың құрамында Көктерек 

ауданы  шаңырақ  көтерген  еді.  Орталығы  қазіргі  Бірлік 

ауылы.  Əттең-айлығы  сол  кездегі  Кеңестер  Одағының 

көсемі  Н.С.Хрущевтің  үкімімен  облыстар  өлкелерге 

бағынып,  аудандар  ірілендіріліп, 1962-63 жылдары 

Көктерек ауданы Шу ауданына қосылып кетті. 1965 жылдың 

қаңтарында Шу ауданы бөлініп Мойынқұм ауданы атанды. 

Осындай деректі мағлұматтарға сүйенсек,  Мойынқұм 

ауданының  құрылған  мерзімін  50 жыл  деп  атау  меніңше 

қиянаттау  секілді.  Өйткені,  Мойынқұм  ауданы  атауына 

қарасақ, 1928 жылды  алуға  да  болады.  Ашығына  келсек, 

Мойынқұм  ауданының  негізі 1939 жылы  Көктерек  ауданы 

құрылған  кезеңнен  бастау  алады  деп  сеніммен  айта 

аламын.  Сол  Көктерек  ауданында  ұзақ  жылдар  маңдай 

терін  төгіп  Жаз-Атамыздың  екі  мəрте – 1948,1958 

жылдары  Еңбек  Ері  атанғанын  қайда  қоямыз.  Жарқын 

айғақ ретінде Бірлік ауылының орталығында «Малшылар 

Маршалының» қола мүсінінің орнатылғаны облыс тұрмақ, 

республика  жұртшылығына  белгілі.  Сондай-ақ, 1949 

жылы  қажырлы  еңбегінің  өтеуі  ретінде  Көпбай  Тоқбаев 

та Еңбек Ері атанды. Бертінде осы іспеттес өте жоғарғы 

мəртебеге  Ділдəш  Итбасова,  Құдайберген  Біртаев, 

Шоман  Шəріпбаевтардың  қолдары  жетіп,  көптеген 

орден-медальдардың  иегерлері  Ə.Төлепбергенов,  С. 

Əжітүрлиев, Б. Оспанов, М. Қойшыбеков, Н. Туғанбаева, 

Ш.  Тайбағаров  сияқты  айтулы  азаматтар  шыққан. 

Сонымен  бірге  Көктерек  ауданынан  елімізге  танымал 

ғалымдар ағайынды Рəпия, Қапан Мақашевтар, Мəтхалық 

Қайрақбаев,  Рахман  Алшанов  пен  көптеген  өнер  мен 

спорт  майталмандары  жəне  ақын-жазушылар  түлеп, 

үлкен өмірге жолдама алған.

Осындай даңқты тұлғалар қанат қағып ұшқан айтулы 

кезеңдерді,  яғни 1940-50-60 жылдарды  тарих  бетінен 

қалай  ғана  сызып  тастай  аламыз?  Осы  себептермен  де 

Мойынқұм ауданы 1939 жылы құрылды деп 75 жылдығын 

атап  өту  жағы  ойластырылса, «бұларың  қалай?» – деп 

ешкім сөге қоймас.

Бұл ретте асықпай алдымен мемлекеттік мұрағаттағы 

құжаттар  мен  Ұлттық  кітапханадағы  сирек  кездесетін 

қордағы  басылымдарда  сақталған  деректерді  саралай 

тексеріп, ғылыми конференция өткізіп, салиқалы шешімге 

келген соң ғана ауданның дəл қай уақытта құрылғандығын 

айшықтайтын мерейтойды атап өтсе жараспайды ма?!

 

Р.S.

  Осы  мақаланы  даярлау  үстінде 

1999  жылдың  күзінде  Мойынқұм  ауданының 60 

жылдығы  аталып  өтіліп,  ақындар  мүшəйрасы 

ұйымдастырылғаны жайлы нақты дерек табылды.

Мəкен УАҚТЕГІ, 

Қазақстан Журналистер  одағының мүшесі  

Шу ауданы,  Төле би ауылы.

Ауылыңыздың атауының тарихы қандай?



КӨГЕРШІН ҚЫЗДЫҢ ƏЛДЕ, ҚҰСТЫҢ АТЫ МА?

Алайда,  тарихтан  хабары  барлар 

Көгершін ауылы туралы бұл аңызды «дұрыс 

емес» – дейді. 

Облыстық 

өлкетану 

музейінің 

Т.Рысқұлов  аудандық  бөлімінің  басшысы 

Есназар  Құрымбаев  бұл  жайында  былай 

дейді:


–  Көгершін  қыз  бен  Көкдөнен  жігіттің 

ғашықтығына байланысты қатар жатқан қос 

ауыл солай аталған дегенді естігенмін. Бірақ, 

осыдан  біраз  жылдар  бұрын  сол  ауылдың 

жасы  үлкен  қариясының  аузынан  ол  аңыз 

əлдекімдердің  өз  қиялынан  шығарып 

алғаны дегенді естігенім бар. Кейін арнайы 

іздегенімде  ол  ақсақалды  таба  алмадым. 

Мүмкін, қазір өмірден өтіп те кеткен болар. 

Оның  айтуынша,  өте  дəулетті  байдың 

Мақпал атты қызы болыпты. Оны Шу өңірінің 

жігіті айттыра келіпті. Екеуі кездескенде бір-

біріне  ғашық  болған.  Əсіресе,  Мақпал  қыз 

жігітті  құлай  сүйіпті.  Қыз  айттыра  келген 

жігіттің  өте  жақсы  көретін  көк  дөнен  атын 

қара  ниетті  əлдекімдер  əдейі  өлтіріпті. 

Соған  налыған  жігіт  байға  ренішін  жеткізіп, 

құдаласуды  қойып,  ауылына  қайтпақшы 

болады.  Бай  жігіттің  өлтірілген  атын  небір 

айтулы  жылқыларымен  өтемек  болған. 

Бірақ,  сонда  да  жігіт  ренішінің,  жанына 

жақын  тұтқан  атының  өліміне  өкінішінің 

орнын  толтыра  алмай,  ауылына  қайтып 

кетіпті. Бұл Мақпал қызға ауыр тиеді. Қатты 

қынжылған  қыз  өзі  мəпелеп  өсіріп  жүрген 

қолындағы  көгершінін  ұшырып  жіберіпті. 

Сол көгершін осы маңдағы таудың төбесіне 

келіп,  қонған  дейді.  Содан  тау  бөктеріндегі 

елді мекен Көгершін атанған көрінеді. 

Ал, Шал тауының атауы қасиетті бабаның 

сол  жерде  қайтыс  болуына  байланысты 

қойылған.  Қазірде  де  таң  қылаң  бере  сол 

таудың  үстінен  атаның  сұлбасы  көрінеді 

дейді  базбіреулер.  Біз  осыны  көзімізбен 

көріп,  анықтағымыз  келді.  Ауылда  білімді 

тарихшы  Өмірбек  дейтін  азамат  бар  еді. 

Сол  кісі  бізді  ертіп  баратын  болып,  арнайы 

бейнекамераға 

түсірмекші 

болғанбыз. 

Бірақ,  тура  біз  шығамыз  деген  күні  əлгі 

тарихшы  азамат  шыға  алмайтын  болды  да 

бұл экскурсиямызды кейінге қалдырып едік. 

Кейін  тарихшы  Өмірбек  тауда  болған  қар 

көшкінінде  қар  басып  қалып,  өмірден  өтіп 

кетті. Содан бері Шал тауына бір күн бұрын 

барып, түнеп, таңды күтсек деген ниетімізге 

əлі жете алмай жүрміз. Əйтеуір жол түспей 

жүр. Ал, Көгершін ауылының тарихында осы 

округке  қарасты  тауда  жатқан  Бала  есепші 

ата туралы көп айтылады. Шын есімі Əлібек, 

бірақ  бала  күнінен  ерекше  қасиетімен,  ауа 

райын  алдын  ала  есептеп  болжайтынымен 

елдің көзіне іліккен атаны жұрт Бала есепші 

атап  кетіпті.  Ол  кісі  жан-жануар,  аң-құстың 

тілін түсінген екен, -дейді. 

Біз ендігі əңгімені ауылдың ақсақалынан, 

көнекөз қариясынан естімек болып, Көгершін 

ауылына  бардық.  Ауылдық  ақсақалдар 

алқасының төрағасы Болат Жансеріков:

–  Көгершін  Көкдөнен  жігіттің  ғашығы 

болған  қыздың  атына  қойылған  дегенді 

осы  ауылда  туып-өсіп, 70 жылдан  аса 

уақыт  тұрғалы  бері  естімеппін.  Бəлкім,  ол 

əңгімеге  базбір  кісілердің  қиялынан  туған 

болар.  Кім  біледі,  мүмкін  бір  шындығы  да 

бар  шығар.  Бірақ,  өзім  нақты  сол  аңызды 

дəлелдеп  айтқандарды  естімеген  соң 

Көгершін  құстың  атымен  аталған  деп 

ойлаймын.  Негізінде  Көгершін  ауылының 

іргетасы 1930 жылдардың 

басында 


қаланған.  Алғашқыда  ауыл  халқы  қазіргі 

Т.Құдайбергенов  көшесінің  арғы  жағындағы 

төбелерді  үңгірлеп,  оның  үстіне  лашық 

орнатып,  сонда  өмір  сүрген.  Осындай 

үйлер  қазіргі  Кірпіш  көшесінің  де  шығыс 

жағындағы  жоталарда  болған.  Ол  кезде 

осындағы  жылқы  зауыты  ССР  Қорғаныс 

Халық  Комиссариатының  қарамағында 

болған. Жоғарғы жақтың тапсыруымен 1931 

жылдың 26 желтоқсанында  Қазақ  АССР 

Халық 

Комиссариатының 



бұйрығымен 

№97  Луговой  жылқы  зауытын  құру  туралы 

бұйрық  шығады.  Тараз  қаласының  жоғарғы 

жағындағы 

қазіргі 

Гродеково 

ауылы 

маңында №49 əскери жылқы зауыты болған 



екен.  Сондағы  жылқыларды  ең  алғаш 

Пəрімбек  Анарбеков,  Айтбай  Ақтоқалов, 

Дүйсен  Оралбаев,  Нахым  Сарыбаев, 

Орынтай  Ертаев,  Оразалы  Баягизов, 

Меңлібай  Сихымбаев,  Кесікбай  Нұрбеков, 

Жанқораз  Нұрбеков  жəне  тағы  басқа 

жылқышылар  айдап  əкеліп,  осындағы 

жылқы  зауытының  негізін  қалапты.  Олар 

Ахалтеке,  Дон  тұқымдары  еді.  Зауыттың 

алғашқы  директоры  Мəскеуден  жіберілді. 

Ал,  ауылдағы  алғашқы  құрылыстың  бірі 

бастауыш  мектепке  арналып  салынған 

жапа там болды. Онда ең алғаш 5 оқушыны 

ауылымыздың  тұңғыш  ұстазы  Нұртай 

Сапарбаев  оқытты. 4 сыныптық  бастауыш 

мектептің  алғашқы  директоры  Қылыш 

Қожахметов  еді.  Ал,  алғашқы  фельдшер 

Шевченко  Матвей  Семенович  деген  кісі 

болған, - деген қария əңгімесін Бала есепші 

ата туралы аңызбен аяқтады. 

–  Бала  есепші  ата  табиғаттың  тілін 

түсінген  ғой.  Бірде  ауылдастарымен  бірге 

отырса  орталарына  бір  қара  құрт  жылжып 

келіпті. Қасындағылардың бəрі «Ойбай, қара 

құрт  шағады» – деп  қашса,  ата  орнында 

отырып: «Қорықпаңдар,  бұл  өзі  қанша 

жылдан  бері  баласыз  жүрген,  Алладан 

жылап бала сұрап тұр» – деген екен. Қазірде 

де  құрсақ  көтермеген  келіндер  сол  атаның 

басына  түнеп,  Алладан  бала  тілейді.  Бір 

жылдары  біреулер  жерден  əбден  тоз-тозы 

шыққан жапырақты алып, əбден жұқарғанына 

таңырқап, тастай салады. Сол кезде Есепші 

ата: «Əкел  алдағы  жапырақты» – депті. 

Қолына  жапырақты  алып: «Осы  жылы 

мал  мына  жапырақтай  тозады.  Тек  тауда 

қалғандары  ғана  аман  қалады.  Құмдағы 

малдан  түк  қалмайды» – дейді.  Сонда  бір 

кісі қыңырланып: «Əй, қойшы. Айта береді» 

– деп қолын бір сілтеп, əдеттегісінше малын 

құмға  айдап  əкетеді.  Бірақ  бірнеше  айдан 

соң  əлгі  кісі  құр  таяғын  сүйретіп  қайтып 

келіпті. Атаның айтқаны келіп, малынан түк 

қалмаған екен. Міне, Есепші ата табиғаттың 

мүшелеріне,  құбылысына  қарап  ауа  райын 

алдын-ала  болжаған.  Ал,  ата  өзінің  қайтыс 

боларының  алдында  ауылдастарына  өзін 

жерлейтін  жерді  аманат  етіп  айтқан  екен. 

Бірақ, ол таудың ішінде, жаяу жүргенге біраз 

жол.  Содан  атаны  қайтыс  болғанында  өзі 

айтқан  жерге  алып  бара  жатып,  ішінде  бір 

жалқаулауы  əбден  шалдыққанда  «Міндетті 

түрде  сол  жерге  апару  керек  пе?  Осында-

ақ  жерлесек  қайтеді,»  дейді.  Сол  заматта 

кенеттен  ауа-райы  бұзылып,  жойқын  жел 

əлгілерді  тек  алға  қарай  жүгірте  беріпті. 

Ақыры  атаның  айтқан  жеріне  жеткенде 

барып,  жел  тоқтап,  сонда  жерлеген  екен, 

-деп сөзін аяқтады  Жансерік ақсақал.

Жалпы  ауыл  адамдарының  аузында 

Есепші ата туралы əңгіме көп. Ал, Көгершін 

ауылының  тарихы  жайында  аңыздар 

жоғарыда айтылғандай мəнде өрбиді. Қалай 

дегенде  де  əр  аңыздың  астарында  бір 

ақиқаттың бары анық.

Өңірімізде  төрткүл    əлемге  Абсент  жылқысымен  əйгілі  болған  Көгершін 

деп  аталатын  ауыл  бар.  Т.Рысқұлов  ауданына  қарасты  бұл  мекен  Шал 

тауы  бөктерінің  маңында  орналасқан.  Аудан  орталығы  Құлан  ауылымен 

арақашықтығы 20 шақырым.  Бүгінде 684 түтін, 3540 тұрғынға  құтты  мекен 

болған  ауылдың  Көгершін  аталуы  көршілес  елдімекендермен  байланысты 

айтылады. Мəселен, ел аузындағы аңыздың бірі Көгершін қыздың аты дейді. 

Яғни, Көкдөнен есімді жігіт аң аулап жүріп, байқаусызда қақпанға түсіп қалған 

қызға кездесіпті. Қызды құтқарған жігіт қызға ғашық болып қалады-мыс. Бір-

бірін ессіз сүйген қос ғашық үйленбекке бел буып, ауылдың ақсақалдарының 

алдынан  өтіпті.  Сонда  ауылдың  ең  үлкен  қариясы  жастардың  тектерін 

сұрастыра  келе  екеуінің  бір  атадан  тарағанын  біліп,  отауласуға  тыйым 

салыпты. Бірақ, əлгі қария екеуінің адал махаббаттарының баянсыздығына 

шын-ақ  налиды.  Махаббаттың  киесі  ме,  кім  білсін,  үшеуі  тас  болып  қатып 

қалыпты дейді. Ал, сол жер Шал тауы аталып кетіпті. 

Қамар ҚАРАСАЕВА

ӨМІРДЕ АДАМНЫҢ ЕСІМІН АТАҒАНДА, БОЛМЫСЫНА, МІНЕЗ КӨРКЕМДІГІНЕ БАҒА 

БЕРЕТІНІМІЗ БАР. БІЗДІҢ БҮГІНГІ АЙДАРДЫҢ КЕЙІПКЕРІН ЕРЕКШЕ ƏУЕЗДІ ҚАЗАҚТЫҢ 

ҚОҢЫР ҮНІН КӨМЕЙІНЕ ҰЯЛАТҚАН ДАУСЫНАН ТАНИСЫЗ. ОЛ БІР КЕЗДЕРІ ТАШКЕНТ 

ҚАЛАСЫНАН СӨЙЛЕП, КЕЙІН ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАНЫҢ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫН 

ЖЕТКІЗГЕН  ƏРІПТЕСІМІЗ  «ХАБАР»  АГЕНТТІГІНІҢ  ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ  МЕНШІКТІ 

ТІЛШІСІ    –  АБДЕЗ  РАХМАНҰЛЫ.  АТЫ  КӨП  КЕЗДЕСЕ    БЕРМЕЙТІН  ƏРІПТЕСІМІЗДІҢ 

ЕСІМІНІҢ ТАРИХЫ БІЗДІ ТҮУ СОНАУ ИСЛАМ ƏЛЕМІНЕ ЖЕТЕЛЕДІ.  

Əкесі – Рахман  өмір  бойы  Қазығұрт 

ауданының, «Коммунизм»  кеңшарында  мал 

дəрігері,  зоотехник  болып  қызмет  атқарған 

екен.          Ол  кезде  коммунистік  партияның 

«ысқырып»  тұрған  уақыты.  Имандылыққа  

ниеттенген  адамның  соңына  шырақ  алып 

түсетіндер  көп.  Рахман    ақсақал  соғыс 

ардагері  болғандықтан,  майдангер  болғанда 

да  Кеңес  əскерінің  жеңуіне  тікелей  үлесі 

болған  «Катюшаның»  бригадасында  жауға 

қарсы 


шыққандықтан 

жоғарыдағыдай 

қатты  қысым  бұл  кісіге  жүрмеген  сияқты. 

Əйтпесе,  коммунизмнің    дəуірлеп  тұрған 

кезінде  «Коммунизм»  кеңшарында  қызмет 

ете  жүріп,  баласына  «Абдез»  деп  ат  қоятын 

ба  еді?!  Жалпы, «Абдез»  сөзінің  мағынасы 

«Тазалану», «Намаз  оқитын  сəттің  алдында  

тəртібі бойынша толық дəрет алу» – дегенді 

білдіреді. Əке  ойы белгілі  «Абдезімнің  жүрегі 

мөлдір, көңіл көзі таза болсын» - дейді ғой. 

Абдез    əкенің  сөзіне  кір  келтірген  жоқ, 

бала күнінен жақсы қырынан көрінді. Əкенің 

шынайы  тілегі  қашанда  қабыл  емес  пе. 

Абдез  Еңбек Ері Маржан Тасова басқаратын 

Шымкент  қаласындағы  орта  мектепті  үздік, 

ҚазМУ-дың 

журналистика 

факультетін 

қызыл  дипломмен  аяқтады.  Университет 

бітірісімен  Алматы  облыстық  «Жетісу» 

газетінде  белгілі  журналист  Мейрамбек 

Төлепбергенмен  бірге  еңбек  етті.  Арасында 

бес  жыл  Алматыдағы    коммерциялық 

фирмада  еңбек  еткені  болмаса,  Əбекең 

үздіксіз  журналистикада  келе  жатыр. 1997 

жылдан 

«Гала-ТВ» 



телестудиясында,  

1998  жылдан  бері    «Хабар»  агенттігінің 

Өзбекстан  Республикасындағы, 2003-2013 

жылдары  Оңтүстік Қазақстан  облысындағы 

меншікті  тілшісі  болды.  Бір  жарым  жылдан 

бері  Жамбыл  жерінде  жемісті  еңбек  етуде. 

Тек    «Хабарда»  келе  жатқанының  өзіне 

табаны  күректей 16 жыл  болыпты.  Жұбайы 

–  Ғалиябану  да  журналист.  М.Əуезов 

атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік 

университетінің  баспасөз  хатшысы.  Бір 

отбасында  екі  журналист.  Екеуі  екі  облысқа 

үлгеріп  жүр.  Ерлі-зайыпты  журналистер 

Құдай  берген  үш  перзенттерінен  төрт 

немере  сүйіп  отыр.  Биылғы  қыркүйектің 

аяғында Абдез Рахманұлы  ердің жасы елуді 

бағындырады. 

Атасының 

аты-Иманқұл, 

əкесі-Рахман, өзі-Абдез. Қалай десек те ата-

бабаларының Алланың ақ жолындағы кісілер 

болғаны  аңғарылып  тұр.  Анасы  Мираш  та 

отағасын  сыйлайтын,  ақылды,  ізеттілікті 

жақсы  білетін  кісі  болған    екен.  Осындай 

сыйластығы  жарасқан  отбасынан  шыққан 

Абдез  Рахманұлын  «Хабар»  арнасының 

көрермендері  көкжəшіктен  үнемі  асыға 

күтеді.  

Жазылған жайға үн қосамыз

«ИТАУЫЗҒА» ЕЛ БОЛЫП ЖҰМЫЛСАҚ...

«ИТАУЫЗҒА» ЕЛ БОЛЫП ЖҰМЫЛСАҚ...

МƏСЕЛЕ КӨЛЕМІНДЕ ЕМЕС, САПАСЫНДА

МƏСЕЛЕ КӨЛЕМІНДЕ ЕМЕС, САПАСЫНДА

 «Арай» газетінің 2014 жылғы тамыз 

айының 21 жұлдызындағы  34-ші 

санында  тілші  Мұратхан  Əлімханның 

««Итауыздың»  жолы  ит  əуреге  салып 

тұр»  – атты  мақаласы  жарияланған 

болатын.  Тілші  мақаласында    көп 

жылдардан  бері  толғандырып  келе 

жатқан 

өзекті 

мəселелердің 

бірі 

Жаңатас-Саудакент 

бағытындағы 

автожолдың  жағдайы  туралы  өте 

орынды баяндаған.

Осыдан 


біраз 

уақыт 


бұрын 

аудан  басшысына  жиындарда,  жеке 

қабылдауында 

сұраныс 


жасап, 

электронды  поштасына  да  хат  жолдаған 

едік. 

Мақала 


жарияланбай 

тұрып 


Сарысу  ауданының  əкімі,  жас  та  болса 

іскер  азамат  Қ.Мəдібектен  «Облыстық 

құрылыс,жолаушылар 

көлігі 


жəне 

автомобиль  жолдары  басқармасына  хат 

жолданды», деген жауап келгенде қуанып 

қалдық.  Тілші  көкейкесті  мəселені  облыс 

деңгейінде көтергеніне тағы да бір қуанып 

ризашылығымызды білдіреміз.

Дегенмен      газеттегі        мақалада   

«Итауыздың»  мəселесі  келесі  жылы 

шешілетінін 

облыстық 

құрылыс, 

жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль 

жолдары 

басқармасының 

бөлім 

басшысы 


Б.Жəнібековтың 

берген 


жауабынан  біліп,көңіліміз  су  сепкендей 

басылды.  Өйткені,  келесі  жылға  дейін 

қанша  жол  апаты  болмақ,  қаншама 

азаматтарымыздың  өмірі  қиылмақ  деген 

үрей  бойымызды  билеп  алып,жүрегімізді 

ұшырататындай халде отырмыз.

Бір  жыл  күткенше  сол 50 метрдей  жерге  

7-8  бетоноблоктарды  орната  салу  аудандағы 

мекеме  басшыларына,белсенді  азаматтарға 

қиын болып па?

Қазіргі таңда Сарысу ауданындағы көптеген 

мемлекеттік  мекемелерде  автокран,  погрузчик 

жəне тағы да басқа техника түрлері баршылық. 

Жұмыс уақытында оларды жеке кəсіпкерлердің 

құрылысында 

пайдаланып 

жатқанына 

куəміз.  Ауылдардағы  ескі  ғимараттарды  жеке 

пайдасына бұзу керек болса мекеме басшылары 

жолдың  ұзақтығына  қарамастан  техникаларын 

босата салады, жанар-жағар май да табылады.

Ал  Сарысу  ауданы  əкімдігі  тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі 

жəне  автомобиль  жолдары  бөлімінің  басшысы 

М.Аймағамбетовтың  «Жол  белгілері  желдің 

қарқынына  шыдамай  ұшып  кеткен» – дегені 

орынсыз.  Жол  белгілері  темір  стойкаларымен 

қоса ұрланған.Осы жолға жауапты жол-құрылыс 

фирмалары  бұл  фактілер  туралы  полиция 

қызметкерлеріне  хабарлаған.Жол  белгілерін 

іздестіруге полиция басшылары немқұрайдылық 

танытып отыр.

Сондықтан  «Итауыз»  мəселесін  ел-жұрт 

болып  жақын  арада  шешу  керек.  Осыған 

Сарысу ауданының мекеме басшылары кандай 

үн қосады екен ?




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал