Қорықшының «РӨлін» АҢшылар



жүктеу 1.21 Mb.

бет5/11
Дата21.01.2017
өлшемі1.21 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БАҚ материалдары арқылы дайындалды.

Мүлік  иесі  меншігіндегі  дүниені  жариялағаны  үшін    еш 

жазаланбайды.  Яғни,  осы  уақытқа  дейін  мемлекетке  бір  тиын 

салық  төлемей,  заңсыз  табыс  тауып  келгені  де  кешіріледі.  Бірақ, 

бай-бағландар  капиталдың  шынында  да  өз  еңбегімен  тапқан,  жеке 

дүниесі екенін дəлелдеп беруі тиіс. Үкімет осы науқан арқылы бюджет 

бүйірін томпайтуды ойлауда.  Өйткені, бір жарым жылдың ішінде 12 

миллиард долларды заңдастыруды жоспарланған. 

Жалпы,  Қазақстанда    мүлікті  заңдастыру  осымен  үшінші  рет 

өтуде.  Мысалы, 2001 жылы  жұрттың жасырып-тыққан 480 миллион 

доллары, ал 2007 жылы 7 миллиард доллар анықталған еді.

Ахметовтар алда...

Ахметовтар алда...

Жасырған мүлкіңді 

Жасырған мүлкіңді 

жария ет!

жария ет!

Одан қалды бір подъезде тұратын адамдарға жұмысқа бірлесіп, 

сыйымдылығы  үлкен  машинамен  келуге  ұсыныс  жасап  отыр.Қиын 

кезде  Германияның  тəжірбесін  пайдалануға  үгіттеген  Школьник 

бензин  жетіспеушілігін  отандық  мұнай  өңдеу  зауыттарының 

жөндеуге жабылуымен жəне Ресейден АИ-92-нің тасымалдануының 

азайғанымен    түсіндірді.  Ал  жанармай  тапшылығының  қашан 

аяқталатынын шенеуніктің өзі де білмейтінін айтып отыр.



Астана  қаласының    əкімдігі  Білім  күніне  орай  оқушылар 

мен  студенттерге  «тосын  сый»  жасады.  Автобус  жолақысын 

бақандай 30 теңгеге қымбаттатып  90 теңгеге  бір-ақ  шығарды. 

Мұндай  қымбатшалық  Елордаға  оқуға  келіп  жатқан  жастарды 

ғана емес, тұрғындардың да наразылығын тудырып жатыр.

Калачиде  кесел  қайта  өршіп  жатыр.  Себебі  белгісіз  ұйқы 

ауруымен  танылған  Ақмола  облысындағы  бұл  елді-мекенде 

тағы 8 адам  қалың  ұйқыға  кеткен.  Оның  үшеуі – оқушы. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар алғашқы қоңырау 

мерекесінен  соң  үйлеріне  қайтып  бара  жатқанда  жарты  жолда 

талып қалыпты.

Бүгін 

елімізде 

мал-мүлікті 

заңдастыру 

басталды. 

Мемлекеттен  жасырған  байлықты    жаппай  жариялау  науқаны 

келесі  жылдың  соңына  дейін  жалғасады.  Яғни,  осы  аралықта 

байлар  шетелдегі  жылжымайтын  мүлкін,  жер  телімдері  мен 

оффшорлық шоттарын өз атына ресми тіркей алады.

Енді шенеуніктер жұмысқа 

Енді шенеуніктер жұмысқа 

автобуспен барады

автобуспен барады

Жол ақысы жылда 

Жол ақысы жылда 

қымбаттайды

қымбаттайды

Байқаудың 

ұйымдастырушысы: 

Жамбыл  облысы  жастар  саясаты  мəселелері 

басқармасы, «Панорама» 

ақпараттық 

орталығы» ҚБ

1. Жалпы ережесі

«Менің  арман  биігім» — Жамбыл 

облысының 

аудандарында 

жəне 

Тараз 


қаласында  тұратын  жас  жазба  ақындардың 

байқауы 2014 жылдың қыркүйек айында өтеді.



2. Байқаудың мақсаты:

Отандық  əдебиетті  дамытуға  ерекше 

үлес  деп  танылған  əдеби  жанрлардың 

өркен  жайып,  дамуына  ықпал  ету;  Жамбыл 

облысының  тамаша  табиғаты  мен  қол  жеткен 

табыстарын  жырға  қосу,  өлеңмен  өрнектеу, 

сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес 

қосу; Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету,  

жоғары 

деңгейлі 



шығармаларды 

өмірге 


əкелуге  ынталандыру;  Жас  буынды  ұлттық 

мəдени  құндылықтар  рухына,  қазақстандық 

патриотизмге 

тəрбиелеу; 

Ақындардың 

шығармашылығын 

кеңейту, 

шеберліктерін 

шыңдау, шығармаларын оқырмандар арасында 

насихаттау.



3. Байқаудың тақырыптары:

Байқау негізінен үш тақырыптан тұрады (əр 

тақырып бойынша бір шығарма дайындау) :

– «Жамбылым - тарихымның ақ-маржаны»;

– «Жасампаз Жамбылымның ертеңі !...»;

– Еркін тақырып;



4. Байқаудың шарттары мен талаптары:

– Жас шамасы  14-29 жас аралығында;

–  Əдеби  журналдарда,  жинақтарда  бұрын 

жарияланған шығармалар қабылданбайды;

– Автор өзінің ұсынған өлеңін өзінің өтініші 

арқылы  ұйымдастырушылар      комитетінің 

қарауынан алып тастай алады;

– 

Байқауға 



ұсынылған 

өлеңдер 


рецензияланбайды жəне қайтарылмайды.

–  Ұйымдастыру  комитеті  авторлармен 

ұсынылған  өлеңдер  жөнінде  пікір – талас 

өткізбейді.

–  Ұсынылған  өлеңдер  баспа  арқылы 

терілген  болуы  тиіс.  Қолмен  жазылған 

шығармалар қабылданбайды.

– Өлеңдер қағазға басылған текст күйінде 

немесе Microsoft Word, RTF файлды форматы 

түрінде (12 кегліде  (шрифт),  жоларасы 

1,5  интервал, Times New Roman қарпі)  бір 

көшірмесі қабылданады.

– Қазылар алқасы белгіленген сыйлықтарды 

бөліп беруге немесе бермеуге құқылы;



5. 

Байқауға 

келесі 

құжаттар 

қабылданады:

Үлгі бойынша тапсырыс (баспа əріптерімен 

жазылып толтырылған);

Мекен – жайы,  пошталық  координаты, 

байланыс телефондары,  сонымен қатар (егер 

қатысушы лақап атпен қатысқысы келсе) негізгі  

аты  мен  фамилиясы  жасырын  мəліметтер 

болып табылады жəне жұртқа жарияланбайды.



6.  Байқауға  өтініш  беру  уақыты  жəне 

бағалау тəртібі

Байқауға шығармаларды қабылдау уақыты 

2014  жыл 30 қыркүйекке  дейін.  Автордың  өз 

аты жөні мен мекені бөлек жазылып, өлеңдер 

kairik_taraz@mail.ru электронды мекен-жайына 

жіберілу тиіс: 

Облыстық 

байқаудың 

ең 

үздік 


шығармаларына 

ұйымдастыру 

комитеті 

қараша  айында  өтетін    гала  концертте 

марапаттайды.

Жалын


ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ДЕМАЛЫСЫ

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ДЕМАЛЫСЫ

Биылғы  жылдың  жазғы  еңбек  маусымында  студенттік 

құрылыс жасақтарының қатарында белсенді жұмыс атқарған 

студенттердің  демалысын  ұйымдастыру  мақсатында 

облыстық  СҚЖ  штабы  өткен  аптада  «Тау  самалы» 

сауықтыру  орталығында  үздік  СҚЖ  жауынгерлерінің  жазғы 

лагерін ұйымдастырды. 

Демалыс  лагеріне СҚЖ үздік үйлестірушілері мен жасақ 

қатарында  белсенді  жұмыс  атқарған  үздік  жауынгерлер  

қатысты.  50 адамнан құралған топтың басым бөлігі жоғарғы 

оқу  орындары  мен  колледж  студенттері  жəне  Т.Рысқұлов 

ауданының жастары. 

Демалыс  лагерінің  бағдарламасына  сəйкес,  жастарға 

арналған  концерттер,  спорттық  жарыстар,  би  кештері 

ұйымдастырылды.  Сонымен  қатар,  семинар  өткізіліп 

барлық  қатысушаларға  сертификаттар  берілді.  Спорттың 

6  түрінен  өткен  жарыста  «Барыс»командасы  ІІІ  орынды 

иеленсе,  ІІ  орынды  «Сұңқар»  командасы    қанжығасына 

байлады. Ал жүлделі І орынды «Достық» командасы жеңіп 

алды.  Спорттық  жарыстардың  қорытындысы  бойынша 

жеңімпаздар  дипломдармен  жəне  бағалы  сыйлықтармен 

марапатталды.

 

«Арай»-ақпарат.



Шəбден ТІЛЕУМҰРАТ, «Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы төрағасының орынбасары

6

4 қыркүйек,

№36 (464)

ШЫНДЫҚТЫҢ ЖҮЗІ

БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ «БІРТҮРЛІ» ЖОЛЫ

БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ «БІРТҮРЛІ» ЖОЛЫ

Оң мен сол 



Халықты  тұрғын  үймен  қамтуға  арналған    бағдарламалар  жүзеге  асқалы 

бері    жұртшылық  мемлекет  тарапынан  үйлі  болудың    жолдарын  қарастыруда. 

Олардың дені ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңының шеңберінде баспаналы 

болу  жолдарын  іздесе,  енді  бірлері  түрлі  айла – амалдар  жасап,  қулыққа  көше 

бастағандай.  Олай  дейтініміз  кейінгі  жылдары  үй  кезегіне  тұрғандар    арасында  

толық емес отбасылар саны күрт артып, заңды некелерін  бұзғандардың да қатары 

көбейіпті.

Сөзіміз  дəлелді  болу  үшін  нақты 

фактілер  келтірсек.  Мəселен,  Сарысу 

ауданы  Жаңатас  қаласында  мемлекет 

тарапынан  үй  беріле      басталғалы  бері  

133  жанұя    «толық  емес  отбасы»  ретінде 

баспаналы  болыпты.  Қарапайым  есепке 

салсақ,  үш  жылда  берілген 470 пəтердің 

жартысына жуығын осы топтағы азаматтар 

алған. Сонда  Жаңатас қаласы тұрғындары 

арасында    неке  бұзғандардың  саны  

неге  артып  отыр?  Жарайды,  моноқала 

тұрғындары  ішінде бұрыннан жалғызбасты 

ана əлде əке атанғандар бар дейік. Алайда, 

пəтер кілтін алған халықтың елу пайызына 

жуығы    аталмыш  топтың  азаматтары  

дегенге  сену,   қиын.  Əрине,  сол  себепті, 

аталмыш  мəселе  бойынша    аудан  əкімі 

Қанатбек  Мəдібековке  хабарласып,  мəн-

жайды  сұраған  едік.  Аудан  басшысы  орын 

алған  жайттың  анық-қанығын  жасырмай,  

тіпті 


мұндай 

азаматтардың 

кезекке 

тұрғанын сан мəрте  естігенін  ашып айтты. 



 Жасыратыны  жоқ,  қазіргі  таңда 

кезекке  тұру  үшін    заңды  некелерін 

бұзғандар  туралы  ел    арасында  көп 

айтылып  жүр.  Тіпті,  баспана  алу  үшін 

қолма-қол  заңды некесін бұзыпты  дегенді 

де    естіп  жүрміз.  Алайда,  бізге  некесі 

бұзылғаны  туралы  заңды  құжатын  əкеп 

тұрған  соң,  оны  кезекке  тұрғызбауға  еш 

құқығымыз жоқ. Қазір Жаңатас қаласында 

1200  адам  үй  кезегінде  тұрса,  олардың 

дені толық емес отбасылар. Енді олардың 

бəрінің  шын  əлде  өтірік  ажырасқанын 

тексеріп 

көріңіз. 

Əрине, 

кезекке 

тұрғандарды  тексеріп  шығуға  күшіміз 

жеткенімен  құзыретіміз  жоқ.  Сондықтан 

кезегі келсе пəтер кілтін  беріп жатырмыз. 

Бүгінде қалада қайта қалпына келтіретін 

20  көпқабатты  үй  бар.  Биыл  екі  үйді 

жөндеп,  ел  игілігіне  бергелі  отырмыз. 

Енді  онда  қандай  тұрғындар  тұратыны  

тұрғын 

үй 

қатынастары 

туралы 

заңына  байланысты  болады.  Біздің  заңға 

бағынудан  басқа  амалымыз  жоқ, - дейді 

аудан əкімі.

Иə,  Қанатбек  Қайшыбекұлының  сөзіне 

сүйенсек,  аталмыш  мəселе  Жаңатас 

қаласында    кеңінен  тамыр  жайғандай. 

Жəне  аудан  басшылығы  хабардар  болса 

да, еш əрекет ете алмай отырған көрінеді.  

Негізі 

мұндай 


жағдай 

Жаңатас 


қаласында ғана емес,  Қаратау қаласы мен 

облыс орталығында да кезігіп жатыр екен. 

Бұл жайында бізге  тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық,  жолаушылар  көлігі    жəне 

автомобиль  жолдары  бөлімдері  баян  етті. 

Олар  берген  мəліметке  сүйенсек,  өткен 

жылы  Қаратау  қаласында  қырық  пəтерлі 

бір үй пайдалануға берілсе, соның он екісі 

толық  емес  отбасыларға  тиесілі  болған 

екен. Сондай-ақ, дəл қазір 872 адам кезекте 

тұрса, 250 азамат  толық  емес  отбасы 

ретінде  тіркелген.  Ал,  Тараз  қаласында 

өткен  жылы    екі  үй  пайдалануға  берілсе, 

соның  он  тоғызы  жанұялық  жағдайына 

байланысты  жеңілдетілген  кезек  арқылы  

пəтер кілтіне қол жеткізген.  

Міне, бар мəселе қайда. Егер қарапайым  

есепке  салар  болсақ,  əрбір  берілген  үйдің 

он  пəтері  толық  емес  отбасылырға  тиесілі 

болып    жатқанына  көз  жеткізуге  болады.  

Демек,  халық    тұрғын  үй  қатынастары 

туралы заңының  «тəтті тұсына» бармағын 

батыра  бастады    деген  сөз.  Енді  осындай 

сəтте, кезекте тұрған азаматтарды құзырлы 

органдар  сүзгіден  өткізбей  қайда  қарап 

отыр деген орынды сұрақ туады. 



Арыстан 

ҚАЛДАРБЕКОВ, 

Тараз 

қаласы əкімдігі «Тұрғын үй» мемлекеттік 

коммуналдық мекемесінің басшысы:

–  Аталмыш  мəселеге  байланысты 

біздің  қолымыз байлаулы. Заң шеңберінде 

некесін  бұзып  келген  азаматты  қалай 

ғана  кезекке  алмаймыз?  Сондықтан 

бұл 

бағытта 

ешқандай 

шарамыз 

жоқ.  Ал,кезекке  тұрған  толық  емес 

отбасыларға    келер  болсақ,  олардың 

саны  күн  санап  артып  келеді.  Жəне 

пəтер  алу  үшін  ажырасыпты  дегендерді 

де  естіп  жүрміз.  Алайда,  оларға  қарсы 

еш  əрекет  ете  алмаймыз.  Жəне  біліп 

тұрсақ  та,  оларды  тексеруге  немесе 

пəтерде  қанша  адам  тұрып  жатқанын 

анықтауға құқығымыз жоқ. Бізге берілген 

бар құзырет құжаттарының дұрыстығын 

тексеріп, кезекке алу.

Бұл  жерде  ерекше  назарға  алатын 

бір  ғана  нəрсе  бар.  Толық  емес  отбасы 

ретінде  кезекке  тіркелу  үшін  қаланың 

тұрғылықты тұрғыны болу, иеліктерінде 

соңғы 5 жыл  көлемінде  үй  болмау  жəне 

балалары  кəмелеттік  жасқа  толмаған 

болуы  қажет.  Егер  осы    талаптардың 

біреуіне  кезекке  тұрушы  сай  келмесе, 

оған пəтер беру құқығынан айырамыз. Ал, 

басқа жағдайда оның құжаттарын заңсыз 

деп  тануға  еш  жол  жоқ.  Тіпті,  егер  бізге 

құжат  тапсырарда  отбасы  ажырасқан 

болып,  ал    пəтер  алғаннан  кейін  қайта  

қосылып  жатса,  біздің  үйді  қайта  алып 

қоюға  құқығымыз  мүлдем    жоқ.  Егер 

мұндай заңсыздықтардың алдын алғымыз 

келсе,  тұрғын  үй  қатынастары  туралы 

заңды қайта қарап, өзгеріс  енгізу қажет. 

Сонда ғана біздің қолымызда билік болады. 

Иə, мекеме басшысының сөзін орынсыз 

дей  алмаспыз.  Себебі  заң  бəріне  ортақ. 

Жəне оны белден басып немесе шеңберінен 

шығуға  əсте болмайды. Десе де, Арыстан 

Қалдашұлы  қолданыстағы  заңға  өзгеріс  

енгізу  қажет  деген  ұсыныс  айтып  қалды. 

Мүмкін,  шын  мəнінде  осындай  батыл 

шешім  қабылдасақ  көп  мəселе  шешімін 

тауып қалар? Мұндай пікірді заңгер Ержан 

Таңқашұлы  да  қолдап  отыр.  Оның  сөзіне 

сүйенсек,  заңды  некесін  бұзған  адамды 

толық  емес  отбасы  қатарынан  сызып 

тастауға ешкімнің құқығы жоқ екен. «Жəне 

пəтер  алғаннан  кейін,  қайта  қосылып 

немесе  бірге  тұрып  жатса  да  құқықтық 

шектеу қою мүмкін емес. Сондықтан заңға 

қайта өзгеріс енгізіп, егер ерлі-зайыптылар 

қайта некесін заңдастырса  үйді мемлекет 

меншігіне  қайтару  немесе  еселенген 

несиелік  үстем  ақы  түрінде  өтемақысын 

өндіру туралы тармақ  енгізу қажет», - дейді 

заңгер. 

Иə, 


шынында-ақ 

бауын 


тапсаң, 

байлауын  таппайтын  күрделі  мəселе. 

Алайда,  ҚР    тұрғын  үй  қатынастары 

туралы  заңының 68-бабына  көз  жүгіртсек, 

халықтың əлеуметтік жағынан осал тобына  

он  бір  топтағы  азаматтар  жатқызылған. 

Солардың 

тек 


Ұлы 

Отан 


соғысы 

ардагерлері мен жетім балаларға үй бірінші 

кезекте  беріледі  делінген.  Ал,  қалған 

топтар  теңдей  құқыққа  ие.  Яғни  толық 

емес  отбасылар    мүгедек,  созылмалы 

аурумен  ауыратындар,  зілзала    апаттары 

салдарынан баспанасыз қалғандар сынды 

топтармен  теңдей  теңестірілген.  Енді 

бұл  əділ  ма,  əлде  жоқ  па  оны  өздеріңіз 

бағамдай беріңіздер.

Əрине,  көпке  топырақ    шашудан 

аулақпыз.  Мүмкін  толық  емес  отбасы 

ретінде  кезекке  тұрғандар  қатарында 

тағдырдың  тауқыметін  көрген,  баспанаға 

зəру  жандар  көп  шығар.  Алайда    қолша 

заңды неке бұзып,  үй кезегіне тұрғандардың 

тірлігін  заңдық  тұрғыдан  болмаса  да, 

адамгершілік  тұрғыда  алаяқтық  деместен 

басқа амалың жоқ. Тағы бір айта кетерлігі  

ресми мəліметке сүйенсек, ағымдағы жылы 

ажырасқандардың  саны  облыс  көлемінде  

көбейіпті.  Өткен  жылы 1237 жанұя  неке 

бұзса,  биылғы  жартыжылдықтың  өзінде  

бұл  сан 100 отбасыға  артқан.  Демек, 

үстіміздегі жылы үй кезегіне тұрғандардың 

арасында  көлденең  көк  аттылар  аз  емес 

деген  сөз.  Сондықтан  қала  мен  аудан  

əкімдері бұл мəселеге қырағылық танытып, 

бірнеше  фактіні  нақты  тіркесе  облыс 

əкімінің тікелей бақылауына алынып қалар. 

Оның  артынша  облыс  деңгейін    дендеген 

бұл «індеттің» тамырына балта шабар  бір 

тетік те табылары анық. 

 Ең  бастысы ел игілігіне беріліп жатқан 

баспаналар    заңды  иесін  тапса  дегіміз 

келеді.    



«ТЕМІРСТРОЙ – СЕРВИС 

«ТЕМІРСТРОЙ – СЕРВИС и и ККоо» ЖШС-

» ЖШС-і заңға бағынбай ма? 

і заңға бағынбай ма? 

Ақ пен қара



Байзақ ауданында жаңа  туберкулез ауруханасы  

салынады дегенге бақандай төрт жыл болған-ды.  

Себебі, ескі аурухананың еш санитарлық  талапқа сай 

келмейтіні сот арқылы дəлелденіп,  есігіне қара құлып 

салынды. Десе де, жаңа нысанға қаржы қаралмай, 

құрылысы жылда кейінге қалдырылып келген. 

Енді жыл басында бұл мəселе қайта қолға алынып, 

алғашқы қазығы қағылды.  Алайда, құрылысы енді 

қарқын алған нысанның əттеген-ай дейтін тұсы əлі де 

бар. 

Жалпы  алғанда  жаңа  нысандағы  құрылыстың 

жағдайы  жаман  емес.  Асханасы  жүз  пайыз 

жабдықталып,  жатын  бөлмелерінің    бірқатарының 

қабырғасы  қаланып  қойылған.  Жарықтандыру  мен 

су  тарту  жұмыстары 

да  жүйесін  тапқан. 

Техника  саны  да 

жеткілікті. 

Десе 


де,  бар  мəселе 

қ ұ р ы л ы с қ а 

жұмылдырылған    жұмысшы    күшінде  болып  тұр. 

Мұнда  қазіргі  таңда 120 адам  жұмыс  жасап  жатса, 

соның  бір  бригадасы  толықтай  Қарақалпақстан  

елінен келген жұмысшылар. Осы орайда, «Байзақтағы 

құрылыста  қарақалпақстандықтар  қайдан  жүр?» 

деген  орынды  сұрақ  туады.  Себебі,  үстіміздегі  жылы  

шетел  азаматтарын  жұмысқа  тарту  заңына  енгізілген 

өзгертулерге  байланысты,  сырттан  келетін  жұмыс 

күшін    тек  үй  шаруашылығына  пайдалануға  рұқсат 

етілген  болатын.  Өзге  нысандардың  ешқайсысына 

жат  жердің    жұмысшыларын  тартуға  заң  шеңберінде 

құқық  жоқ.  Алайда,  құқықтық  жағынан  қатайтылған 

бұл  шектеудің  шеңберінен  құрылыс  жүргізіп  жатқан 

«Темірстрой-сервис и Ко» ЖШС  айналып  өткені бізді 

таңқалдырды.  Сонда  аталмыш  серіктестікті  Үкімет 

енгізген  құқықтық шектеу  қызықтырмағаны ма? Əлде, 

жұмысшы жұмылдыруға жергілікті биліктің  өзі  рұқсат 

беріп отыр ма?

Бұл  сауалды  ең  алдымен  құрылыс 

басында  жүрген  участок  басшысы  Асқар 

Дабыловқа  қойған  болатынбыз.  Ол  бірден 

құрылыста  өзге  елдің  азаматтары  жүргенін 

мақалада  көрсетпеуімізді  өтініп,  себебін 

түсіндіруден бас тартты. Демек, басшы  заңды 

белден басып отырғанын өзі де біліп отырғаны 

ғой.  Əйтпесе, «екі  желеу,  бір  сылтауын»  алға 

тартып  ақталудың  орнына,  өтініш  білдіргеніне 

не  дерсің.  Құрылысқа  жауапты  маманнан 

осындай  жауап  естігеннен  кейін,  орын 

алған мəселенің мəн-жайын білмек болып  

аудан  əкімдігінің  сəулет,  қала  құрылысы 

жəне құрылыс бөлімінің басшысы Төлеген 

Байбосыновтың  есігін  қақтық.  Бөлім 

басшысы  бұл  мəселеден  хабардар  екен. 

Алайда  ол  құрылысқа  тапсырыс  беруші 

облыс  əкімдігінің  құрылыс,  жолаушылар 

көлігі  жəне  автомобиль  жолдары  басқармасы  екенін 

айтып, бізді басқармаға  қарай бағыттады. 

Бөлім басшысынан мардымды жауап естімегеннен 

кейін,  амалсыз    жауапты  деп  танылған    басқармаға 

хабарластық. 

Мекеме 


 

басшысы 


Рахманқұл 

Байтелиев: 

–  Ең  бастысы  құрылыс  жүріп  жатыр.  Ал,  қандай 

жұмысшыларды  тартуды  серіктестіктің  өзі  біледі. 

Құрылыстың дер кезінде аяқталуына бұл жайттың еш 

кесірі болмайды, – деді. 

Əрине,  құрылыстың  уақытында  аяқталғаны  жөн. 

Жəне  сырттан  келетін  жұмысшы  күштің  біліктілігі 

мен жұмыс қарқыны жоғары екеніне шек келтірмейік. 

Дегенмен,  заң  бəрімізге  ортақ  емес  пе?  Бұл 

сауалдың жауабын бізге облыстық  көші-қон полиция 

басқармасының  басшысы  Мұхтар  Салжанов  берді. 

Жəне  ол  мұндай  іс-əрекет  толықтай  заңға  қайшы 

келетінін тікесінен  айтты.



–  Бұл  көші-қон  заңына  енгізілген  өзгертулерге 

толықтай  қарсы  келетін  дүние.  Қандай  басшы 

болмасын  заңның  талаптарын  қатаң  орындауы 

қажет.  Рас,  егер  тапсырыс  беруші  мекеме 

министрліктен  рұқсаттама  алса,  онда  құрылысқа 

шетелдік  мамандарды  жұмылдыруға  болады.  Ал, 

басқа кез келген жағдайда мұндай заңсыз əрекетке 

жол  берілмеуі  керек.  Сондықтан  бұл  мəселені  жіті 

бақылауға алған жөн, – дейді басқарма басшысы

Иə, байқап тұрсаңыз құрылысқа сырттан  мамандар 

жұмылдыру үшін тікелей министрліктің рұқсаты қажет 

екен.  Жобалық  құны 1 млрд. 146 млн.  теңгеден 

асып  отырған  нысанның  құрылысын  жүргізіп  жатқан 

шетелдік жұмысшыларға «Темірстрой – сервис и Ко» 

ЖШС министрліктен рұқсат алды ма екен?..

С. ЖАПАРҰЛЫ.

Байзақ ауданы.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

жағдайы  жаман  емес.  Асханасы  жүз  пайыз 

жабдықталып,  жатын  бөлмелерінің    бірқатарының 

қабырғасы  қаланып  қойылған.  Жарықтандыру  мен 

су  тарту  жұмыстары 

да  жүйесін  тапқан. 

Техника  саны  да

жеткілікті. 

Десе 

де,  бар  мəселе 



қ ұ р ы л ы с қ а

құқық  жоқ

бұл  шекте

«Темірстро

таңқалдыр

енгізген  құ

жұмысшы 

беріп отыр

б

Д

құ



ма

түсі


белд

ғой. Ə


тартып


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал