Орыс тілді балабақшада қазақ тілін электронды оқулық арқылы оқыту әдістемесі



жүктеу 37.65 Kb.

Дата24.03.2017
өлшемі37.65 Kb.

ӘОЖ 80181 ББК81.2 

Ж.А. Байбураева  

(Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалқ университеті, 

 Қазақстан Республикасы) 

 

ОРЫС ТІЛДІ БАЛАБАҚШАДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ АРҚЫЛЫ 



ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Аннотация:  Орыс  тілді  балабақшада  қазақ  тілін  электронды  оқулық  арқылы  оқытудың 

тиімділігі балаларға жүргізілген тәжірибелерден анық көрінеді.   Электронды оқу құралы баланың 

сабаққа деген қызығушылығын оятумен қатар, тілді үйренуге деген ынтасын арттырады.  Баланың 

шығармашылықпен  жұмыс  жасауына,  яғни  танымдық  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді. 

Электрондық  оқулықтың  ішкі  мазмұны  үнемі  ғаламтор  желісі  және  басқа  да  электрондық 

кітапханалармен  толықтырылып  отырады.  Электронды  оқу  құралындағы  бөліктерді  жасаудағы 

маңызды  да  жауапты  кезеңдердің  бірі  –  оқу  материалын  іріктеу  және  оның  көрнекі 

анимацияларымен  (кесте,  сызба,  диаграмма,  сурет,  т.б.)  берілуі.  Осы  дидактикалық  мүмкіндіктер 

арқылы  балалардың  сабаққа  деген  қызығушылығы  артып,  өзін  еркін  сезінеді.  Себебі  көрініп 

тұрған    суретті  салу,  кестені  сызу  оны  бояп  көру  (электронды  түрде)  қандай  баланы  болмасын 

қызықтырары анық.   

Тірек сөздер: Электронды оқу, электронды оқулық, ғаламтор желісі. 

 

«Қазір  біз  жаңа  XXI  ғасырда  өмір  сүріп  отырмыз.  Болашақта  өркениетті  ел  қатарына 

қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш, өз елін туған жерін сүйетін 

ұлтжанды,  патриоттық  интернационалдық  сезімдерге  бай,  жан-жақты  білімді,  дені  сау  ұрпақ 

тәрбиелеуді  еш  уақытта  естен  шығармауымыз  керек»-  деп  Елбасымыз  «2030  бағдарламасында» 

айтқан болатын. Осы бағдарлама негізінде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Бүгінде  білім  мазмұнын  жетілдіруде,  білімді    сапаландыруда  техникалық  оқу  құралдарын 

қолданудың    қажеттілігі  артып  отыр.  Білімді    ұрпақ  балабақшадан  бастап,  мектепте    әрі  қарай 

жалғастырады.  Бала  тілін  ерте  бастан  жетілдіріп,  өзге  тілдерді  тиімді  үйрету  үшін,  электронды 

оқулықтарды  пайдаланудың  орны  ерекше.    Белгілі  ғалым    Ю.К.Бабанский  оқытуды 

сапаландырудың  негізгі  факторларының  біріне  техникалық  оқу  құралдары  мен  компьютерді  

қолдану  деп  белгілейді.    Әрине,  бүгінгі  таңда  компьютердің  көмегінсіз    жұмыстың    сапалы 

бітпейтіні белгілі [1]. 

Баланың  қазақ  тілін    толық  меңгеруі  үшін  оқу  материалдарының    тәжірибелік    жағынан 

тиімді    ұсынылуына  мүмкіндік  беру  қажет.      Электронды  оқу  құралы  баланың  сабаққа  деген 

қызығушылығын  оятумен  қатар,  тілді  үйренуге  деген  ынтасын  арттырады.    Баланың 

шығармашылықпен  жұмыс  жасауына,  яғни  танымдық  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді. 

Электрондық  оқулықтың  ішкі  мазмұны  үнемі  Ғаламтор  желісі  және  басқа  да  электрондық 

кітапханаларымен толықтырылып отырады. 

Орыс  тілді  балабақшаларда    қазақ  тілін  оқытуда  электронды  оқу  құралын  қолданудың 

маңызы  зор.  Оқытудың    құралы  мен  нәтижесін  тексеру  тиімді  болу  үшін  мынаған  баса  назар 

аударған дұрыс: 

- әр  түрлі  грамматикалық  кесте,  сызба,  сұлбалар  мен  дыбыстық  (анимациялық)  

нұсқалардың мол қамтылуы; 

- компьютерлік оқытудың «кері байланыс» ұстанымына сәйкес гипермәтіндердің қайталауға 

арналған нұсқаларының болуы; 

- дидактикалық оқу ойындарының орын алуы 

Электронды оқулықты қолданудағы басты ұстанымдар: 

- жаттығу-тапсырмаларының  білім, білік, дағды қалыптастыруға мүмкіндігі; 

- бақылаудың үздіксіздігі; 

- білімнің нәтижелігі; 

- интерактивтілігі; 

- икемділігі; 

- жеке және ұжымдық әрекеттесу бірлігі; 

- белсенділік, сапалылық; 

- ізгілік; [2] 



 

Электронды  оқу  құралындағы  бөліктерді  жасаудағы  маңызды  да  жауапты  кезеңдердің 

бірі  –  оқу  материалын  іріктеу  және  оның  көрнекі  анимацияларымен  (кесте,  сызба,  диаграмма, 

сурет,  т.б.)  берілуі.  Бұл  міндеттердің  шешілуі  бірқатар  дидактикалық  талаптардың  орындалуы 

арқылы жүзеге асырылады. Олар: 

-  меңгеріліп,  шешімін  табуға  тиісті  мәселелердің  бірі  -  баланың    жас,  дара,  білім 

ерекшелігіне сәйкестілігі; 

-  оқу  материалының  ғылыми  негізінде  құрылуы,  әрбір  жасалған  қадам,  оқу  әрекетінің 

дұрыстығы тексеріліп, түзетіліп, бағаланып отырылуы; 

-  бағдарламаның қызықты, мазмұнды болуы, танымдық деңгейінің жоғары болуы. 

Орыс  тілді  балабақшаларда  қазақ  тілін  электронды  оқулық  арқылы  оқыту  мақсатында 

мынадай  сабақ  түрін  ұсынуға  болады.  4-5  жастағы  балаларға  қазақ  ертегілерін  түсіндіріп, 

ұғындырудың маңызы зор. Себебі бала ойы ұшқыр қиялдарға толы болады. Ертегі кейіпкерлерінің 

сөздерін  қайталау  арқылы  тілін  жаттықтырса,  қимыл-қозғалыстарын  қайталау  арқылы  жаттығу 

жұмыстарын  жасайды.  Сонымен  бірге  кейбір  дұрыс  емес  іс  әрекеттерді  көру  арқылы,  сондай 

істерге жоламауға тырысады. Мұның бәрі электронды оқулық арқылы орындалады. Көзбен көріп, 

орындаған  нәрсе  адамның  есінде  мәңгі  қалады.  Мысалыға  «Ер  Төстік»,  «Қаңбақ  шал»,  «Қамыр 

бала» деген сияқты ертегілерді айтуға болады.  

Электронды  оқу  құралы    мазмұндық,  әрекеттік,  бақылау,  бағалау    және  қосымша 

бөліктерден  тұрады.  Мазмұндық  бөлігі  білім,  операциялық  -  әрекеттік  бөлігі  білік,  дағдылар, 

кәсіби  біліктілік,  бақылау  бөлігі  білімді  игеру  сапасын  анықтауға  бағытталады.  Сонымен, 

электронды  оқу  құралындағы  басты  бөліктер  өзіндік  мазмұндық  сипаттармен  ерекшеленеді. 

Гипермәтіндерде  баланың  ұғымына  түсінікті  болуы  үшін,  кесте,  сызбалар  жүйесі  жиі  қамтылуы 

керек.  Мәтінді  оқи отырып, бала ерекше белгіленген тірек сөздер арқылы оның терминдік мәнін 

жедел түрде ашып танысуына болады.  

Бірінші  гипермәтін  бойынша  балаларға  арналған  ертегінің  мәтіні  мен  көрінісі  беріледі. 

Балалар электронды оқулық арқылы кейіпкерлерді өз көзімен көреді. Қайсысы жағымды, қайсысы 

жағымсыз кейіпкер екенін ажыратады.  

Екінші  бөлімде  сол  ертегіге  байлынысты  берілген  тапсырмаларды  орындайды.  Мысалы: 

Мынау  қайсы  кейіпкер?  (электронды  оқулықта  Ер  Төстіктің  суреті  шығып  тұрады).  Жалмауыз 

кемпір деген кім, оны кім көрсетеді? (экранда жалмауыз кемпірдің іс-әрекеттері көрсетіледі) деген 

сияқты.  

Үшінші  бөлімде  тест  түрлері  беріледі.  Мысалы:  1.  Бұл  кім?  (экранда  желаяқтың  суреті 

көрінеді)  

А) Желаяқ 

Б) Таусоғар 

С) Ер Төстік 

С) Жалмауыз кемпір 

2. Адамдарды алдайтын, жаман ойы бар, өтірік айтатын кейіпкер 

А) Жалмауыз кемпір 

Б) Ер Төстік 

С) Әкесі 

С) Сүйген жары 

 

  Тест  түрлерінің  жабық  түрлерінен  басқа  ашық  түрлерін  де  жиі  қолдануға  болады.  Олар: 



қысқа  жауапты  (дұрыс,  қате  немесе  бар,  жоқ)  қажет  ететін  тест,  қажетті  тірек  сөзді  қою,  сызба 

тестілері, жазбаша жауап жазу тесті топтау т.б тест түрлері көп. 

Төртінші  бөлімде  сабақ  барысында  қолданыста  болған  кейбір  қиын  сөздердің  аудармалары 

беріледі. Яғни сөздіктер бөлімі. 

Әрбір бөлімнен соң келесі деген перде шығып тұрады. Балалар қалаған ертегісін ашып, көре  

алады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушының әрбір қадамы, әрекеті тексеріліп отырады. 

Қателерді  жөндеуге  негізделген  кері  байланыс  жүзеге  асатын  буын  да  –  осы  кезең.  Дұрыс  емес  

жауап  берілсе,  кері  байланыс  жасап,  қайтадан  дұрыс  жауапты  тыңдауға  болады.  Баланың  тілге 

деген  қызығушылығы  құр  сөзбен,  немесе  суреттермен  берілген  тапсырмалардан  оянбайды. 

Сондықтан  электронды  оқулықтарды  ұсынып,  ертегілердін  өзін  көрсетіп,  сол  арқылы 

тапсырмаларды  орындатып,  сөздерін  қайталатып  айтқызса,  баланың  оқуға  деген,  тілге  деген 

қызығушылығы артатыны анық.  

Қорыта  айтқанда,  оқыту  үдерісінде    электронды  оқулықты  қолдану,    балалардың    білім 

сапасын  арттыруға,  олардың  пәнге  деген  қызығушылығын  тудыруға,  әр    түрлі  жаңаша  идеялар 



негізінде  ойын бөлісуге толық мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалар бір-бірімен қазақ тілінде 

еркін сөйлесуіне көмегін тигізеді.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.  Амиржаева А.Т. «Электронды  оқулықты қазақ тілі сабағында қолдану әдістемесі» «Ізденіс» 2010 

№ 2 


 

2.  Сүлейменова Ж.Н. Қазіргі қазақ  тілі морфологиясын жоғарғы мектепте оқыту   әдістемесі.  Алматы, 

2005. 

 

Байбураева Ж. 



Түйіндеме. Орыс тілді балабақшада қазақ тілін электронды оқулық арқылы оқыту әдістемесі.  

Бұл  мақалада  Орыс  тілді  балабақшада  қазақ  тілін  электронды  оқулық  арқылы  оқыту  әдістемесі 

талқыланып, талданған.  

  Тірек сөздер: Электронды оқу, электронды оқулық, ғаламтор желісі. 

 

Байбураева Ж. 



Резюме.  Метод  обучения  казахскому  языку  с  помощью  электронных  учебников  для 

русскоязычных детей дошкольного возраста. 

В статье обсужден и разобран метод обучения казахскому языку с помощью электронных учебников 

для русскоязычных детей дошкольного возраста. 

Ключевые слова: электронное обучение, электронные учебники, интернет сети. 

 

Bayburaeva Zh. 



The method  of teaching Kazakh language by electronic books to Russian speaking children under school 

age.  

Summary. In this article is discussed and analysed the method of teaching Kazakh language by  electronic 

books to children under school age speaking Russian.  



Key words: electronic teaching, electronic books, internet. 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал