Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет9/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

– Табылған археологиялық жәдігерлерді және қорғандарды 
зерттеу жұмыстарына сіздің көңіліңіз тола ма? Бұған не дейсіз?
– Өкінішке орай, бұл мәселе жөнінде үлкен бір кемшілік кетіп 
жатыр. Біріншіден қола дәуірін зерттеген Мәскеудің, Петербургтің 
ғалымдары. Олар аспанның астында көтеріліп тұрған қорғандарды 
келіп  қаза  берген.  Одан  ер-тұрман,  аттың  сүйегі  және  басқа 
тұрмыстық заттар табылған. Соған қарап отырып көшпенділердің 
ескерткіші деп жазған. Ал олар көшпенділер дегеннен кейін олардың 
тұрақ жайы жоқ деген пікір қалыптасқан. Енді тәуелсіздік алғаннан 
кейін оған керісінше қарау керек. Зер салып көріңізші, жаңағы оба-
лар  ылғи  үлкенді-кішілі  өзендер  бойында  салынған.  Бұған  дәлел 
Алматының іргесінде Боралдай деген өзен бар. Міне, осы өзеннің 
бойында бір жерде шоғырланып тұрған көптеген обалар, қорғандар 
бар. Соны қазір Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, 
бір жағынан өзі археолог қой, жақсы біледі, ескерткішке айналды-
рып, сақтайын деп жатыр. Ол оның көрегендігі, бұл өте дұрыс. Бірақ 
та сол аймақтарға үй салайын деп жатқан көрінеді. Үй салмастан 
бұрын сол обалардың төңірегінде өзеннің жағасынан қола дәуірінің 
мекендерін, үйлерінің орындарын іздеу керек. Егер үйлер салынып 
кетсе онда оның астында өмірі зерттелмей қалып қояды. Осыны со-
лар жақсы ескермей жатыр-ау деп ойлаймын. Қола дәуірінің қонысын 
іздеу керек. Жаңағы Боралдай, Іле өзендері сияқты көптеген өзендер 
бар ғой. Қазір Қазақстанда геологтардың айтуы бойынша шамамен 
үлкенді-кішілі 86 мың өзен бар көрінеді. Бұл өзендердің бойында 
адамдардың қоныстануына қолайлы тегістік жерлер бар. Міне, осы 
жерлерден қола дәуіріндегі адамдардың қонысын іздеу керек. Ал, 
енді Орталық Қазақстаннан Әлкей Хақанұлы Марғұлан тапқан бол-

81
са, біз неге Жетісу өңірінен таппаймыз. Жетісудың табиғаты керемет 
қой. Алатаудың бөктері отырықшылыққа қолайлы емес пе?! Ендігі 
жерде  келсін-келмесін  обаны,  қорғанды  қаза  бермей  сол  дәуірдің 
қонысына көңіл бөлу қажет. Неге десеңіз, зиратта тек дінге байланыс- 
ты нәрселер ғана көміледі. Ал тұрақты мекендерде оның тұтынған, 
өмірде пайдаланған заттары сақталынып қалады. Сондықтан зират-
ты қазып алтын іздеудің бізге қажеті жоқ. Бізге дерек ретінде сол 
обадан табылған алтын да бір, сол жерден табылған құмыра да бір. 
Бұл ғылымға қажет. Қазір біздің археологтардың ішінде осы қола 
дәуірімен айналысатын көп жас археологтар бар. Мен соларға үнемі 
айтып жүрмін. Олар енді-енді сол қола дәуірінің қоныстарын іздей 
бастады.  Қазір  бұл  жұмыс  басталды.  Бірақ  та  оның  кең  көлемде 
жүргізу  керек.  Обаларды,  қорғандарды  қазуды  бәсеңдетіп,  қоныс 
іздеуді күшейту керек. Себебі бұны халық та біліп отыр. Қазір олар: 
«ой, археологтар көр қазушы, алтын іздеуші ғой» дейді. Сонымен 
түйедей сөздің тобықтай түйіні қола дәуірі біршама толық зерттелді 
деп  айта  аламыз.  Бірақ  та  әлі  де  жеткіліксіз-ау  деймін.  Себебі 
біздер қоныстарды көп ашқан жоқпыз. Сондықтан да осымен ай-
налысып жүрген археологтардың құлағына алтын сырға, менің осы 
айтқандарым құлағына жетсе ойланып, осыдан өздері қорытынды 
шығару керек. Тек көр қазумен кете беруге болмайды.
– қазақ тарихында орта ғасырлық дәуір қандай орын алды? 
Оның басты ерекше белгілеріне тоқтала кетсеңіз?
–  Енді  бұдан  былайғы  дәуір  ол  орта  ғасырлық  дәуір.  Орта 
ғасырдың  ескерткіштері  қандай  нәрселер?  Олар  ертедегі  тұрақты 
мекендердің,  қалалардың  орындары.  Сосын  сақталып  қалған 
сәулеттік ескерткіштер. Мысалы, олар Айшабибі, Бабажан қатын, 
Қожа  Ахмет  Яссауидің  мавзолейі,  Сайрамдағы  Ыбырайым  ата 
мен  Қарашаш  ана,  Домалақ  ана  және  сол  сияқтылар.  Міне,  осы 
ескерткіштерді  қазір  зерттеп  жатырмыз.  Мұны  зерттеу  тек  өткен 
ғасырдың орталарынан ғана басталды. Бұрын да, қазір де, әлі күнге 
дейін қазақтың маңдайына жазып қойған сияқты, қазақты көшпенді 
халық  деп  қарайды.  Жалпы  түркі  халқы  сондай-ақ  қазақ  халқы 
еш  уақытта  шетінен  көшпенді  болмаған.  Тәуелсіздік  алғаннан 
кейін  жазылған  менің  барлық  еңбектерім  міне  осы  тақырыпқа 
арналған.  Мен  біздің  халыққа  «көшпенді»  деп  ат  қойып,  айдар 
таққанына қарсымын. Себебі көшпенді халық біздердей болмайды. 
«Көшпенді халық» деп қиыр солтүстік Сібірдегі ұсақ ұлыстарды, 
сол халықты айуға болады. Мекен салмай бір жерден екінші жерге 

82
көшіп жүретін. Ал біздің қалаларымыздың  тарихы екі мың жылдан 
астам деп айқайлаймыз. Екінші жағынан «көшпендіміз» деп тағы 
айқайлаймыз.  Бүкіл  түркі  халықтарының  ішінде  «көшпендіміз» 
деп  жүрген  тек  қазақтар  ғана.  Ол  санамызға  әбден  сіңіп  кеткен, 
«Көшпенді  халық»деген  сөз  мәдениеті  төмен  деген  сөз  ғой.  Төрт 
түлік  малдың  артында  жиырма  төрт  сағат  бойы  қаңғып  жүреді 
деген  ойды  білдіреді  емес  пе.  Біздің  мәдениетіміз  ондай  төмен 
болмағаннан кейін кейбір біздің түркішілеріміз «көшпенділердің де 
мәдениеті жоғары болған екен» деген қияли пікір шығарып жүр.
– Сіздің сөзіңізден бізді көшпенді деу бұл қате тұжырым деген 
ойды аңғарамын. Сонда сіз өз пікіріңізді қандай нақты дерек-
термен дәлелдей аласыз?
–  Қарашы,  осындай  цивилизацияға  жеткен  көшпенділер  адам-
зат  тарихында  жоқ.  Ол  қияли  нәре.  Біздің  мәдениетіміздің  осын-
дай  жоғары  болуының  негізі  бұл  отырықшылық.  Қола,  темір 
дәуірлеріндегі  қолаларды,  темірлерді  көшпенділер  таба  ала  ма? 
Себебі  олар  кен  қазбайды  ғой.  Оны  балқыту  үшін  пешті  түйенің 
қомына  артып  жүре  ала  ма?  Орталық  Қазақстан  дүниежүзіне 
түсті  металл  таратты  дейміз.  Екіншіден  көшпенділеріміз  дейміз. 
Ешқандай қисыны жоқ қой. Тіпті ақылға сыймайды. Сөйтіп жүрген 
халықтың ішінде кеншілері де болғанды. Қазіргі біздің түсті және 
қара  металлургия  бойынша  салынған  үлкен-үлкен  зауыттар,  ком-
бинаттар  сол  ертедегі  қола  дәуіріндегі  кендердің  орындарын-
да  тұр.  Соны  біздің  бабаларымыз  бұдан  үш  мың  жыл  бұрын  бар 
екенін  біліп,  соны  пайдаланған  ғой.  Өздерінің  құралдарының  на-
шар  болғанына  қарамастан  оны  өндіріп,  балқытып  одан  алтын, 
күміс,  қалайы,  қорғасын,  қола  ала  білген.  Ал  оны  көшпенділер 
істемейді  ғой.  Сонда  бұны  қалай  түсінеміз.  Біздің  көшпенді  емес 
екенімізді дәлелдейтін қазақ жеріндегі орта ғасырлық үлкен-үлкен 
қалалар,  тұрақты  мекендер,  астана  болған  ірі  шаһарлар  қаншама. 
Олар өте көп сақталып қалған. Оны он бірінші ғасырда өмір сүрген 
ғұламалардың бірі Махмұт Қашқари өзінің еңбектерінде: «түркілер 
ерте бастан қала салған. Оған ат қойған. Атының соңына «кент» де-
ген сөз қосқан» деп жазған. Бұған дәлел Саудакент, Шымкент, Ман-
кент,  Ташкент,  Жаркент,  Құмкент.  «Кент»  деген  сөз  иранша  қала 
деген сөз. Мәселен, Петрбург, Орынбург дегендегі «бург»немісше 
қала  деген  сөз.  Сол  қалалардың  бірі  Отырар  төбе.  Мен  отыз 
үш  жылдан  бері  қазып  жатқан  іргесі  бесінші  ғасырда  қаланған 
Баласағұн қаласы. Былтыр «V және ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн 

83
қаласы» деген монографиям жарық көрді. Ал бұның альбомы был-
тыр «Баласағұн» деген атпен Анкарадан шықты. Ол дүниежүзінің 
кітапханаларына  тарап  кетті.  Бұл  ертедегі  төрт  мемлекеттің 
астанасы  болған  қала.  Сондай-ақ  Тараздың  екі  мың  жылдығын 
мерекеледік. Бүкіл түркі халқының патшасы болған Афрасиап мына 
Іленің  бойына  өзінің  қызына  арнап  Қазы  деген  қала  салдырған. 
Қазының аты Қаз болған. Бұл жайлы Мамұт Қашқари: «оны Қаздар 
қаласы деп атаған. Ол жерде аққулар, қаздар жүзіп жүреді» деп жа-
зады. Ол осы күнгі Қапшағай су қоймасының астында кетті. Міне, 
осы  жерлерден  Ұлы  Жібек  жолының  солтүстік  тармағы  өткен. 
Жаркент  одан  кейін  Алматы,  Ұзынағаш,  Қарақастек,  Баласағұн, 
Мерке, Құлан, Тараз сөйтіп жалғасып кете береді. Жібек жолы бұл 
жерден біздің эрамыздан  бұрынғы ІІІ ғасырдың аяғы ІІ ғасырдың 
басында жүрген. Сол уақыттан бастап есептегеннің өзінде де бұл 
қалаларға  екі  жарым  мың  жыл  болды.  Бұрын,  әсіресе  орыс  ар-
хеологтары  тек  Қаратаудың  күңгей  бетінде  ғана  отырықшылық 
болған,  ал  оның  теріскейінен  бастап  сонау  Сібір  ойпатына  дейін 
көшпенділер  мекендеген  деп  келді.  Енді  қазір  бұл  пікір  өзгеріп, 
қазақ жерінің барлық аймақтарынан орта ғасырлық қалалар табы-
лып жатыр. Мысалы, Астананың қасынан Бұзық деген қала табы-
лып, қазір оны ескерткішке айналдыруда. Оны Камал Әкішев деген 
атақты археолог ашқан. Енді қазір Павлодардан, батыстағы Орал-
дан табылып жатыр. Бұл нені көрсетеді? Бұл ертеден келе жатқан 
отырықшылықты  дәлелдейді.  Үздіксіз  эволициялық  жолмен  да-
мып отырғанымызды көрсетеді. Сондықтан да жоғарыда айтылған 
дәлелдерге  сүйене  отырып  отырықшылық  деген  пікірді  күшейтіп 
көшпенділер деген көзқарасқа балта шабу керек. Біздер көшпенді 
халық  емеспіз.  Біз  ертеден  цивилизацияға,  мәдениетке  жеткен 
тарихтың  барлық  фармацияларын  бастан  өткерген  халықпыз. 
Түркілерді  алғашқы  қоғамдық  құрылыстан,  құлшылық  қоғамнан 
секіріп өтіп феодализмге келді, одан секіріп социализмге келді деп 
жүргендерінің бәрі бос сөз. Сайып келгенде біздің отырықты халық 
екенімізді растайтын орта ғасырлық қалалар қазір көп қазылды, көп 
зерттелді. Олардың қазыла бастағанына қазір алпыс, жетпіс жылдай 
болды. Бұл археологияға онша көп уақыт емес. Себебі бұл күректің 
ұшымен, білектің күшімен қазылатын жұмыс. Содан соң табылған 
затты зерттеп, қағазға түсірілетін ғылым бұл.
–  Сіз  тілге  тиек  еткен  орта  ғасырлық  қалалардың  біразы, 
тіпті  көптеген  бөлігі  құмды,  жазы  ыстық  шөлейт  жерлерге 

84
салынғанын байқау, әрине, қиын емес. Сонда бұл қалалардың 
тұрғындары ауыз суды және бау-бақша суғаруға қажетті суды 
қайдан, қалай алған?
–  Түркілердің  өмірі  көбіне  табиғатқа  тәуелді  болды.  Қараңыз, 
біздің  қазақ  жерінің  оңтүстігіне  суармасаңыз  бірде-бір  өсімдік 
өспейді.  Өсімдік  өсетін  кезде  аспаннан  тамшы  жаңбыр  жаумай-
ды.  Бұл  қазіргі  жағдай  емес.  Бұл  ежелден  келе  жатқан  жағдай. 
Сондықтан халықтар үлкен-үлкен каналдар қазған. Әмударияның, 
Сырдарияның суынан пайдаланған. Сөйтіп егін еккен. Оны «карез-
ный система» дейді. «Карез» деген сөз араб тілінде «жер астындағы 
су»  деген  сөз.  Жоғарыдан  төмен  қарап  қанша  құдық  керек  бол-
са сонша құдық қазып соның суын ең соңғы құдыққа жинап, оны 
ылғида апарып сол жиналған сумен егінді суарып, өнім алған ғой. 
Мен  қазірге  дейін  сақталған  осындай  карездерді  Түркістаннан 
көрдім. Түркістанның қасындағы Сауран деген қалада қазір де бар.
– Ежелгі қалаларды қазу, көне дәуірді зерттеу инемен құдық 
қазғандай  өте  бір  ыждаһаттықты  талап  ететін  нәзік  ғылым 
сияқты көрінеді маған. Себебі, ата-баба тарихының айнасы со-
лар емес пе? Оны көздің қарашығындай сақтап әрбір жәдігерге 
ғасырлар қойнауының куәсі, халқымыздың өткен өмірінің де-
рек көзі деп қарау қаншалықты деңгейде қалыптасқан?
–  Әрине,  орта  ғасырлық  таихымызды  сәулелендіретін  ескерт- 
кіштерді зерттеуде кемшіліктер өте көп. Қандай кемшіліктер? Бұл 
қалалардың көпшілігі кеңес заманында қирап кеткен. Үлкен-үлкен 
жер тегістейтін машиналар шығып көптеген құнды ескерткіштерді 
жермен жексен етіп жіберген. Орта ғасырлық ғалымдар өз еңбек- 
терінде  Отырар  туралы  «бір  шетінен  бір  шетіне  шығу  үшін  бір 
күн жүру керек» деп жазған. Қазір жаяу ана шетімен мына шетіне 
он бес минутта шығасың. Ал біз оны Отырар қаласы деп қыруар 
ақшаны соған төгіп жатырмыз. Сондықтан не істеу керек? Алдымен 
барлық қалалардың шекарасын белгілеу керек. Онда қанша халық 
тұрғанына зер салу керек. Қазір осы мәселе шешілмеген. Мәселен, 
«Тараз  қаласында  аз  ғана  тұрғын  болған»  деп  шамамен  айтып 
жүрдік. Ал мен қазып жатқан Баласағұн қаласында алты мың адам 
тұрған дейді. Қаланы қоршаған қорғанның жалпы ұзындығы елу екі 
шақырым, биіктігі он метр, ені он, он екі метр болған. Міне, осыны 
алты  мың  халық  сала  ала  ма?  Оны  ең  кемінде  миллионға  жақын 
адам салған. Неге олар жаңағыдай азайтып айтады? Оның төркіні 
аржағында  жатыр,  «көшпенді»  дейді.  Көшпенділердің  миллионға 

85
жуық  тұрғыны  бар  қалалары  болған  дегенде  күледі  олар.  Ондай 
қалалар болуы мүмкін емес дейді.
–  Енді  осынау  асыл  мұрамызды  ел  игілігіне  айналдырып, 
оны  әлемге  таныстыру  мақсатында  қандай  шаруалар  жүзеге 
асырылып жатыр? Оған сіздің көңіліңіз тола ма?
–  Толады  деп  айта  алмаймын.  Оның  өзіндік  себептері  көп.  Біз 
әлі де болса археологиялық ескерткіштерге онша көп мән бермей 
келеміз. Орта ғасырлық ірі-ірі қалаларлы қазып, ашық аспан астын-
да  қалдырып  кетпеу  керек.  Оны  туристік  орталыққа  айналдыру 
керек.  Президентіміз  2003  жылы  «Мәдени  мұраны»  қабылдарда: 
«Археологтар  ойлануы  керек,  қазып-қазып  Отырардай  етіп  ашық 
аспан астында тастап кете бермеуі керек» деген. Міне, осы мәселе 
әлі  жақсы  шешілмей  жатыр.  Бірде-бір  археологиялық  ескерткіш 
шетел  туристеріне  көрсететіндей  дәрежеде  өңделіп,  консерва-
ция  жасалған  жоқ.  Осыған  күш  салу  керек.  Спорт  және  туризм 
министрлігі  археологиялық  ескерткіштерге  тіпті  көңіл  бөлмейді. 
Егер  осы  ескерткіштерді  дұрыстап  басқаларға  көрсете  білсек, 
Қазақстанға  миллиардтап  доллорлар  құйылады  ғой.  Қазақтай 
ескерткіші  көп  ел  жоқ  қой  дүниеде.  Бізде  адамзат  тарихының 
барлық дәуірін сәуелендіретін ескерткіш бар. Мәселен, Алматының 
іргесіндегі «Алтын адам» табылған Есіктегі қорғанды неге тәртіпке 
келтірмеске. Ол әлі сол баяғы ашық-шашық күйінде жатыр.
–  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдардағы  қазақ  археоло- 
гиясының даму қарқыны қандай? ұлтымыздың өткеніне ендігі 
жерде басқаша қарап, тарихымызды жаңаша сараптау бастал-
ды ма?
– Ел тізгіні өз қолымызға тигеннен кейін қазақ археологиясының 
бағы  ашылды.  2003  жылы  Президентіміз  «Мәдени  мұра»  де-
ген  аса  ауқымды  бағдарлама  жариялады.  Мұнда  археологиялық 
ескерткіштерді зерттеп, оларды өңдеп, консервация жасап, реттеп 
қалпына келтіру тапсырылды. Оған Елбасы үш-үш жылдан мерзім 
қойды. Бірінші мерзім былтыр бітті. Енді қазір бұл бағдарламаның 
екінші кезеңі басталды. Оның бағдарламасын бекітті. Қазір сол бой-
ынша жұмыс істеп жатырмыз. Мәдени мұраны, оның ішінде архео-
логияны зерттеуге бұрын тіпті кеңес заманында да ешкім, ешуақытта 
дәл осындай көңіл бөлмеген еді. Бұл үшін Президентімізге мыңда 
бір рахмет айтуымыз керек. Бәрін сол кісінің айтқанындай етіп істеп, 
бөлінген  қаражатты  дұрыс  пайдалансақ  көп  нәсеге  қол  жеткізуге 
болады.

86
– Сонда осы бағытта қазір ел көлемінде қандай нақты істерді 
қазақ археологтары қолға алып жатыр? Мүмкін болса соларға 
тоқтала кетсеңіз?
– Ендігі жерде шетінен қаза берудің қажеті жоқ. Жеріміздегі көп 
ескерткіштерді әрбір дәуірге, этаптарға бөліп, бөліп қою керек. Сол 
бойынша зерттеуді қолға алу керек. Мемлекет ақша берген екен деп 
шетінен қаза беруді  доғару керек. Кейінгі ұрпақтар да қазады оны. 
Бізге бәрін қазып біту шарт емес. Оны үнемдеп, келешек ұрпақтар 
да  зерттейтін  болады.  Ұлттық  археологиялық  ескерткіштерімізді 
зерттеуде  жаңа  көзқарас  болуы  керек.  Ол  көзқарас  ендігі  жерде 
қазақ  халқының  көзімен  қарайтын  көзқарас  болуы  керек.  Ең  ал-
дымен идеологияның көзқарасы емес, халықтың көзқарасы болуы 
керек.  Мәдени  мұраның  негізі  мақсаты  міне  осы.  Оны  дұрыстап 
жүзеге асыру керек. Әлі көп олқылықтар бар. Ол үшін археологияға 
жаны  ашитын  ұлтының  патриоты  болуы  керек.  Археологиялық 
ескерткіштер  бұл  ғасырлар  бойы  оқылмай  жатқан  кітап.  Оларды 
сөйлету керек. Соның сырын ашу керек.
– Уахит аға, осыдан бір-екі жыл бұрын алматы қаласының 
ірге тасы қаланғанына 150 жыл толды деп бір дүрлігіп барып 
басылғаны есіңізде болар. Осыған сіздің көзқарасыңыз қандай? 
шынымен біздің қалаға осынша жыл болды ма?
–  Жоқ,  Алматының  тарихы  менің  білуімше  тереңде  жатыр. 
Бұл  ескі  қалалардың  бірі.  Бұл  қаланың  пайда  болуы  Ұлы  Жібек 
жолының  пайда  болуымен  байланысты.  Осы  жолдың  солтүстік 
тармағының  үстінде  жатқан  қала.Оның  дамуы  осымен  тікелей 
байланысты.  Жібек  жолы  біздің  ғасырымыздан  бұрынғы  екінші 
ғасырда  Шығыс  пен  Батысты  байланыстырып  тұрған  ұлы  сауда 
жол. Оның жолында үлкенді-кішілі тұрақты мекендер болған. Міне, 
осындай мекендердің бірі ертеден келе жатқан осы Алматы қаласы. 
Демек Жібек жолына дейін де бұл жерлерде ауылдар болған ғой. 
Олар  осы  сауда  жолының  арқасында  біртіндеп-біртіндеп  үлкейе 
берген. Алматының тұрған жері Іле өзенінің алқабы. Адамдардың 
өмір  сүруіне  өте  қолайлы  жер.  Бүгінде  халықта  «Жер  жанаты  – 
Жетісу» деген сөз бар. Сол керемет жердің бір бөлігі бұл. Әсіресе, 
үлкен  шұрайлы  бөлігі.  Алатаудың  бөктерінде  орналасқан  жақсы 
жер.Отырықшылыққа  өте  қолалы  өңір.  Бұл  жерлерде  ерте  қола 
дәуірінде-ақ адамдар қоныстанған. Үлкен өндіріс орындары болған. 
Қол өнеркәсібі дамыған.  
Оны  археологиялық  деректер  негізінде  дәлелдейтін  осы  Алма- 
тының  ішінде,  Іле  өзеніндегі  екі  қапталындағы  ойпаттарда  қола 

87
және темір дәуірлерінің ескерткіштері обалар, қорғандар өте көп. 
Олардың  көбі  Алматының  ішінен  ағатын  өзендердің  жағасында. 
Олардың  көпшілігі  қаланың  астында  қалып  қойған.  Оның  кей- 
біреулерін біздің археологтар зерттеген. Ертеде салған қоныстарын 
біздің ата-бабаларымыз өздері жайлаған өзендердің атымен атаған. 
Алқаптарында алма көп өскен жер болуы мүмкн. Бірақ та өзеннің 
аты Алматы. Үлкен Алматы, кіші Алматы деп осы күнге дейін ата-
маймыз  ба?  Міне,  сол  атпен  аталған  қала.  Бұл  түркі  халқына  тән 
нәрсе. Міне, осы күйінде орыстар келгенге дейін үлкен керуен са-
райы болып қала берген. Он тоғызыншы ғасырдың ортасында яғни 
дәлірек айтқанда 1854 жылы орыс отаршыларының әскерлері келіп 
жеткен. Ең соңғы бекіністі осы арада құрған. Осы күнгі бірінші Ал-
маты деп аталатын жерде әскери бекініс салған. Оны Верный деп 
атаған. Сол уақыттарда Шоқан Уәлиханов осы жерге бірнеше рет 
келген.  Ол  тайға  таңба  басқандай  етіп  жазған.  Орыстар  келгенге 
дейін  ұлы  жолдың  үстіндегі  дүниеге  белгілі  Алматы  қаласының 
болғаны  және  бұл  қалаға  Италияның  Генуя  қаласынан  Қытайға 
бара  жатқан  саудагерлерді  және  қыпшақ  елшілерін  кездестірген. 
Бұның өзі Алматының сол кезде-ақ белгілі сауда орталықтарының 
бірі екенін дәлелдейді. Ғалының бұл жазған мағлұматтары Алматы 
қаласының ертеден келе жатқан Ұлы Жібек жолындағы қала екенін 
баяндайды.  Яғни,  оның  тарихы  екі  мың  жылдан  астам  екендігіне 
дау жоқ.  
ӘСЕТ БЕйСЕУОв,
Қазақстанның халық әртісі
Ән – өрлігіміздің өлшемі
қазақ эстрада музыкасының мәйегіне айналған татымды да 
тартымды лирикалық әндерімен сан мыңдаған жүректерге сезім 
шуағын сепкен, халқымыздың сүйікті композиторы Әсет Бей-
сеуовпен қазіргі қазақ әні хақында сыр толғап, сұхбаттасудың 
сәті түскен еді.
–  Әсеке,  ең  алдымен,  өнердегі  ұлттық  қасиет  дегенге 
тоқталсақ. Оның ән жанрындағы түп-төркінін аша кетсеңіз?
–  Ұлттық  қасиет  –  ол  халқымыздың  мінез-құлқы.  Ал  өнер 
сол  мінез-құлықты  алуан  қырынан  көркемдеп,  көрсетіп,  жақсы 
жағынан  да,  жаман  жағынан  да  жалпақ  жұртқа  жариялайды. 

88
Ұлттық қасиет ол біздің жүрегімізден, ол біздің үнімізден нышан 
береді. Өзге ұлттардың алдында еңсемізді көтеретін де, бізді таны-
татын да сол ұлттық қасиет. Ол еліміздің өрлігінің де, ерлігінің де 
өлшемі ғой. Әрине, бұл өнеріміз де ерекше даралана түседі. Өнер 
тілі  жасығымызды  да,  асылымызды  да  айқын  танытып,  келеді. 
Жақсылығына жанымыз өссе, жамандығына көңіл пәс.
– Сонда, Әсеке, өнердегі олқылықтың орны толмаса, рухани 
кедейліктің ауылы алыс емес қой?
– Мен, осы рухани кедейлікті, ең алдымен, өнер адамдарының өз 
бойынан, өзімізден іздесек деймін. Мысалы, жас әншілер өзінің не 
айтып тұрғанын, ақын сөзін қалай жеткізерін білмейді. Әйтеуір әнді 
жаттап  алған  күйінде  айтады.  Ол  неге,  не  үшін  бұлай  жазылған? 
Онымен шаруасы жоқ. Егер ол түсінбесе, әнді  қор қылмай айтпай-
ақ  қойғаны  дұрыс  қой.  Жүректен  шықпаған  ән  жүрекке  жетпек 
емес.  Әнші  болсын,  композитор  болсын,  ащы  да  болса  ашығын 
айтайын,  біліміміз  бір  жақты,  саяз.  Тіл,  сөйлеу  өнеріне  ұлттық 
әдебиетімізге,  тарихымызға  ден  қоймаймыз.  Өнер  адамы  өзіне 
қажетті білім нәрінен жеткілікті жан-жақты сусындамаса, ол жағаға 
шығып қалған балық сияқты демі бітіп, ерте-ақ алқынып қалады. 
Бойындағы табиғи талантты – біліммен байытпасаң, тұл.
– Демек, негізгі берік білім болмаса ұлттық өнеріміздің өмірі 
қысқа демексіз ғой.
– Әрине, қазір жер-жерде қазақ мектептері көптеп есігін айқара 
ашып  жатыр.  Бұған  өз  басым  қатты  сүйсінемін.  Тоқыраудың 
тозаңына көмілген талай-талай қазақ мектебінің аты ғана емес пе? 
Енді сөнгеніміз қайта жанып, намысымыз шоқтанып келеді. Бірақ, 
бұл бізге әлі де аздау. Өйткені орыс мектебінде білім алған бала-
ларымыз  шалажансар  болып  шығады.  Қазақи  тәрбиеден  жұрдай, 
тоң  мінез  жастарды  көргенде  іштей  қынжыласың.  Алпамыс, 
Қобыланды, күні кеше 300 жылдығын тойлаған Қабанбай сияқты 
батырларымыздың ерліктерін жырлайтын жырларды олардың көбісі 
білмейді. Тіпті мұсылман елдерінің халықтық мерекесі наурыздың 
не екенін білмейтін адамдардың бар екенін кездестіргенде, өзіңнен-
өзің ұяласың. Намысым келеді. Бірақ, бұған күлмеу керек, жылау 
лайық,  қызаруымыз  керек.  Ал  енді  оларға  «тек»  дейтін  біреулер 
бар ма?
Біздің  жас  айырмашылығына  байланысты  алған  тәрбиеміз  де, 
өскен  ортамыз  да  мүлде  бөлек  қой.  Бүгінгі  жастардың  көзқарасы 
мен біздің көзқарасымыз көбіне үйлеспей жататындығы сондықтан.

89
–  ұлтымыздың  табиғатына  жат,  жаман  қылық  өнерлі 
жастарымыздың бойынан да табылады ғой.
– Ореке, мен кейінгі толқын жастардан мүлде түңіліп отырғам 
жоқ.  Ізетті  де  сыпайы,  қайырымды  жастар  көп-ақ.  Өз  басым 
жастарға оның ішінде, әсіресе, өнермен байланысы бар жастарға 
үлкен  үмітпен  қараймын.  Оларға  үлкен  міндет  артқым  келеді. 
Қазақтың  жүрегінен  шығатын  әндерді  шіркін-ай,  осы  жастары-
мыз  тудырса  екен  деп  армандаймын.  Халқымыздың  ән  өнерінің 
дариясын  тасытқан  Бақытжан  Байқадамов,  Әбілахат  Еспаев, 
Бекен  Жамақаев,  Садық  Кәрімбаев,  Евгений  Брусиловскийден 
үйренетін нәрселер, сірә, аз ба? Ал Шәмші Қалдаяқовтың әндері, 
шіркін, ән-ақ қой. Міне, осы ардақты ағалардың өнердегі өзіндік 
қолтаңбалары  бүгінгі  жас  композиторларымыз  қадіріне  жетсе, 
бұлар  бірін-бірі  қайталамайтын,  бір-бір  мектеп  емес  пе?  Бірақ, 
өзімізде барды бағаламайтын қауіпті әдет пайда болды. Мен осы-
дан қорқамын.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал