Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет8/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

–  Бір  кезде  елімізде  орын  алған  «кәрі  қыз»,  «сұр  бойдақ» 
мәселесі бүгінде өз шешімін тапты ма?
– Бұл елімізде үлкен проблема. Бұлай болатыны мынаған байла-
нысты. Біз қазіргі кезде мынау некелесу жағынан ұлттық дәстүрден 
алыстап  кеттік.  Баяғы  кезде  құда  түсіп,  қазақтың  қыздары  ерте 
ұзатылған. Қазір оның бәрі қалды. Жастар бірін-бірі өздері таба-
тын болды. Некелесудің қазір бізде батыстық түрі кең етек алып 
барады.  Жастар  кеш  үйленеді.  Содан  кейін  баланы  кеш  табады. 
Дәл  осындай  жағдайда  ер  адамдардың  арасында  өлім-жітім  көп 
болғандықтан «кәрі қыздардың» саны да көп болады. Қазіргі кез-
де  20  мен  30-дың,  30  бен  40-тың  арасындағы  еркектердің  өлімі 
әйелдерден екі-үш есе артық. Кейбір жерлерде үш-төрт есе көп. 
Сондай-ақ  жігіттердің  арасында  да  «сұр  бойдақтар»  көбейіп 
келеді. Кеш үйленеді. Бұл сәнге айналып бара жатыр. Жеке өзін 
ғана күтеді. Сұр бойдақтардың санына қарағанда кәрі қыздардың 
саны  екі-үш  есе  көп.  Қазақстандағы  кәрі  қыздардың  саны  қазір 
350  мың  деп  есептелінеді,  ал  сұр  бойдақтар  150  мыңнан  аспай-
ды. Егер осы қыздар тұрмыс құрып, әрқайсысы үш баладан тапса 
қанша бала дүниеге келер еді.
– Мақаш аға, кәрі қыз деп кімді айтамыз? Оның белгілі бір 
өлшемі бар ма?
– «Кәрі қыз» деген демографиялық ұғым. Ол ешуақытта күйеуге 
тимеген, бірде бір бала таппаған 25 пен 50-дің арасындағы әйел адам-
дарды айтамыз. Егер некесіз бала туып алса ол кәрі қыз емес жалғыз 
басты әйел. Бір рет күйеуге тиіп шықса ол да әйелдер қатарына са-
налады. Қыздарды кәрі қыздар қатарына 25 жастан бастап қосатын 
болсақ,  ал  жігіттердің  30  жастан  асқандары  сұр  бойдақтардың 
қатарына қосылады. Бұл неге? Өйткені әйел адам әр уақытта күйеуге 
ерте шығу керек. Ол 25-тен асып кетсе демографиялық қақпандарға 
түсіп қала береді. Ер адамдарды 30 жастан бастаймыз, себебі, отыз 
жастан кейін үйленсе де ер адамдарға ол кеш емес. Бірақ кәрі қыздар 
деп біз елу жасқа дейінгілерді санасақ, ал сұр бойдақтар деп алпыс 
жасқа дейінгілерді санаймыз. Себебі алпыс жаста да күш-қуатыңыз 
бар,  үйленіп  балалы  болуға  жағдайыңыз  келеді  деп  есептелінеді. 
Бұның бәрі ғылыми тұрғыдан зерттеліп, дәлелденген.

72
–  Оларға  ықпал  ететін  мемлекеттік  немесе  қоғамдық 
тетіктер бар ма?
–  Расында  кәрі  қыздардың  санын  қалай  азайтуға  болады? 
Азаматтық неке арқылы азайтуға болады. Денсаулығы жақсы берік 
өзі қалаған адамнан бала туып алса ол кәрі қыз боп қалмайды. Ең 
болмаса өзі үшін бала өсіреді. Қазір бала туудың көтерілуі неден? 
Азаматтық  некенің  көбеюінен  болып  отыр.  Қазіргі  кезде  баланы 
қырықтан  асқан  әйелдер  де  көп  табатын  болды.  Ол  неден?  Олар 
өзінің уақытын өткізіп алды. Содан кейін ойлана бастады. «Менде 
ертең қартаям. Маған да бала керек», – деп.
Содан кейін әйел адамдар өзінің денсаулығына қатты көңіл ау-
дарады.  Жоғарыда  айтылған  он  бір  жас  айырмашылықтың  өзі 
денсаулыққа жақсы көңіл бөлгеннің нәтижесі. Әйел әдемі, сұлу бо-
лып  көріну  үшін  өзін-өзі  күтіп  жүрсе  ондай  әйел  жақсы  әрі  ұзақ 
өмір сүреді. Кәрі қыздардың ой десе ойы, бой десе бойы, білім десе 
білімі бар көрікті жандар. Олардың кәрі болып қалып жүргені жігіт 
таңдағандықтан. Кезінде қара етікті деп қарамай қойып, кейін көк 
етіктілер қаламай қойғандар. Қазір демография бойынша жиырма 
бестен кейін күйеуге шығу, отызда балалы болу, отыз бестен кейін 
жанұя  бақытын  сезіну  өте  қиынға  түсе  бастайды.  Сондықтан  да 
әрбір адам қатты ойлануы қажет.
–  Мемлекеттік  әлеуметтік  көмек  және  басқа  үкімет  тара-
пынан  жүзеге  асырылып  жатқан  шаралар  ана  мен  баланың 
өсіміне қалай әсер етеді?
–  Қазіргі  кезде  мемлекеттік  демографиялық  саясат  күшейіп 
келе  жатыр.  Бұрында  бар  болатын,  бірақ  бүгінгідей  кең  көлемде 
жүргізілген емес. Ал кезінде жас босанған әйелдерге декреттік де-
малыс бермек тұрмақ, перзентханада жатқаны үшін ақша төлейтін. 
Қазір декреттік демалыс қалпына келтірілді. Тиісті ақшасын алады. 
Ал келесі жылдан бастап жас босанған әйелдер декретке дейін екі 
айлық  –  70  мың,  босанғаннан  кейін  тағы  да  екі  айлық  –  70  мың, 
содан кейін баласы бір жасқа толғанға дейін 7500 теңге көмек ала-
ды. Соның бәрін қосқанда 215 мың теңге. Бұл аз ақша емес. Бұның 
бәрін әйелдер жақсы түсініп, бәрін сезініп отыруы керек.
– Бала бір жасқа толды. Енді бұдан кейін жас анаға, сәбиге 
көмек болма ма?
– Егер отбасында адам басына шаққанда қаражат мәселесі төмен 
болса,  әрбір  балаға  бірінші  балаға  үш  жарым  мың,  екінші  балаға 
төрт жарым мың, үшінші балаға бес жарым мың теңгеден беріледі. 

73
Балалардың саны артқан сайын ақшалай көмектің мөлшері де арта 
түседі. Бала он сегіз жасқа жеткенге дейін. Бірақ осының бәрін рас-
тап отыру үшін жыл сайын анықтама өткізу керек. Біздің қазақ от-
басылары  бұндайға  ыждаһатсыз  мемлекет  беріп  тұрған  ақшаның 
үштен  бірі  жұмсалмай  қалады  екен.  Бұл  көп  балалы  отбасына 
үлкен көмек қой. Кейбіреулер ойлайды, Ресейде Путин он мың дол-
лар беріп жатыр, неге бізде олай емес деп. Енді Ресейдің жағдайы 
мүлде  нашар.  Ресей  құрдымға  кетіп  бара  жатыр.  Бұл  ғылымның 
тілімен  депоплизация  деген  сөз.  «Де»  –  деген  сөз  –  кері  кету,  ал 
«поплизация»  –  сана  деген  сөз.  Демек  саны  кеміп  барады.  Осы-
ны  тоқтату  үшін  олар  осындай  шараларға  барып  жатыр.  Он  мың 
доллар бергенде де оны «мә» деп қолына ұстата салмайды. Банкке 
салады.  Оны  баланың  киіміне,  тамағына,  дәрі-дәрмегіне  шетінен 
алып жұмсайды. Ал біздің мемлекетіміз солай бірден беріп таста-
маса да бөліп-бөліп берген ақшасының өзі алты-жеті мың доллар  
болады екен. Енді оны да көбейтеміз деп отыр. Біздің жастарымыз 
осының бәрін білу керек. «Көмек берілмей отыр» деген сөздің бәрі 
әншейін бекер нәрсе. 215 мың теңге деген бір жылға аз ақша емес. 
Біздің  елімізде  де  бұл  жағына  үлкен  қамқорлық  жасалған.  Өзбек 
әйелдері  қазақ  әйелдеріне  «сендер  бала  туып-ақ  отбасыларыңды 
асырай  алады  екенсіңдер  ғой»  деп  қалжыңдайтын  көрінеді. 
Жаңағы  қазақ  әйелдері  алып  жатқан  көмек  Өзбекстанда  бір  от-
басын  асырауға  жетеді.  Ал  Қытайдың  бір  ғалымы  «бізде  екінші, 
үшінші  бала  дүниеге  келсе,  онда  ата-анасына  айыппұл  салына-
ды, ал сіздер ақша төлейді екенсіздер» деп таңданғаны әлі есімде. 
Міне, осы жақсылықтың өзін білу керек, осының өзін бағалау ке-
рек. Ақсақалдарымыз, абыз аналарымыз осының бәрін балалары-
на, немерелеріне айтып уағыздап жүру керек. Халықтың күш-қуаты 
атаның, ананың ақылында, күйеудің күшінде. Содан кейін әженің 
имандылығы мен келіннің инабаттылығында жатыр. Әсіресе, ислам 
діні  халықтың  өсіп-өнуіне  ерекше  қолдау  жасайды.  Шариғаттың 
заны бойынша ішке біткен бала қимылдағаннан кейін оны өлтіруге 
болмайды. Ол Алланың жіберген тірі пендесі деп саналады. Оны 
өлтіру  үлкен  адамды  өлтіргеннен  күнәсі  ауыр  болады  екен.  Неге 
дейсіз ғой. Себебі, нәрестеде ешқандай күнә жоқ, пәк. Ол – періште.
– Еліміздің халқының санын 20 миллионға жеткізу жөнінде 
Елбасы бастама көтергені белгілі. Міне, осы межеге жету үшін 
үкімет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға көңіліңіз 
тола ма?

74
– Жалпы 20 миллион деген сан бұл аспаннан алынған жоқ. Бірақ 
біз бұл межеге қанша тез өскенмен де 2015 жылы жете алмаймыз. 
Жиырма  миллионға  тек  жиырмасыншы  жылы  ғана  жетеміз.  Егер 
біз эмиграциялық саясатты күшті қолға алып, оралмандардың елге 
оралуын  арттырсақ,  шетте  жүрген  бес  миллион  қазақтың  жарты-
сын елге қайтарсақ, онда жиырма миллионға тез жете аламыз. Жы-
лына жүз елу, екі жүз мың оралманды бірден қабылдау қиын ғой. 
Сондықтан да мәселе жылда емес, мәселе соған жетуде. Демек, осы-
ны айтып, халықтың құлағына сіңіре беру керек. Аманшылық болса 
жиырма миллионға да, жиырма бес миллионға да жетеміз. Жиыр-
ма бірінші ғасырда тыныштық болып, еліміздің іргесі шайқалмаса 
Қазақстан халқы 32 миллионға, ал қазақ халқы 25 миллионға дейін 
өсе  алады  екен.  Осының  өзі  де  аз  емес.  Бізде  шексіз  өсе  бермей, 
бір  елу  жылдан  кейін  екі-үш  баламен  бізде  шектелеміз.  Біздің  де 
өсіміміз  тоқтала  бастайды.  Бірақ  соған  дейін  біз  өсіп  алуымыз 
керек.  Біз  қазір  демографиялық  дүмпудің  үшінші  кезеңін  күтіп 
отырмыз. Ол 2015–2017 жылдарға сәйкес келеді. Ауылда бала туу 
деңгейі  төмен  түсіп  кетті.  Мұнда  демографиялық  ахуал  нашарла-
ды. Мені алаңдатып, көңілімді күпті етіп жүрген жайдың бірі осы. 
Ол халқымыздың тамыры бойлаған ауылдардағы туу көрсеткішінің 
тым төмендеп кетуі. Жоғарыда біз айтып өткен қазақ келіншектеріне 
тиесілі 2,5 бала бұл еліміз бойынша орта көрсеткіш. Жекелей алсақ 
ауылдардағы көрсеткіш бір әйелге – 2,4 баладан, ал қалаларда – 2,6 
баладан келеді. Бұл сан бұрын керісінше болатын. Ауылдың эконо-
микасы өсіп, көркейсе, жақсылық жай қайта қалпына келер деген 
үміттеміз. Болашақта ауылдарда қаулап өсу мүмкіндігі бар. Бүгінде 
ауыл мен қала халқының саны теңесті. Енді қала халқын өсіруіміз 
керек. Ауылда қазақтың жиырма пайызы тұрса да жеткілікті. Өсім 
жағынан әлемде орта деңгейдеміз. Қала халқы тез өсіп келеді. АҚШ-
та бір шаруа жүз адамды асырайды. Бізде осындай көрсеткішке қол 
жеткізуіміз  қажет.  Қазір  демографиялық  мінез-құлқымыз  қатты 
өзгеріп кете қойған жоқ. Бізде әлі де болса мүмкіндіктер мол. Оның 
бәрін жоғарыда айттым, тағы да қайталап айтамын, оралмандарды 
елге көбірек қайтару. Қазір егемендік алғалы бері Қазақстанға алты 
жүз отыз бес мыңдай өсімімен бір миллиондай оралмандар келіпті. 
Бұл аз емес. 1989 жылғы санақта қазақтың саны алты жарым мил-
лион  болған.  Енді  2009  жылы  тағы  да  санақ  жүргіземіз.  Жиырма 
жылдан кейін. Осы уақыт ішінде қазақтың саны елу пайызға өседі. 
Соның  он  бес  пайызын  оралмандар  береді  екен.  Оралмандарға 

75
қамқорлықты  күшейту  керек.  Ол  үшін  бейімдеу  орталықтарын 
ашуды  тездетіп  қолға  алған  жөн.  Ондай  орталықтарды  солтүстік 
облыстарда  көптеп  қоныстандырса  жақсы  болар  еді.  Бір-екі  жыл 
тұрса  сол  жерге  бейімделеді.  Бүкіл  Қазақстан  бойынша  елудей 
орталықтар салынса жақсы болар еді. Олардың легі әлі алда. Келе-
шекте біздің елге оралмандар жүз мыңдап келетін болады. Әсіресе, 
Орталық  Азиядан,  мұсылман  елдерінен  келетіндердің  бала  саны 
көп.  Ауғанстан,  Иран  елдерінде  бала  туудың  деңгейі  өте  жоғары. 
Олар дінге, дәстүрге өте берік.
– Көршілес елдерде демографиялық дүмпу байқала ма? Ол 
бізге қалай әсер етеді?
– Көрші елдерде демографиялық дүмпу бар. Ресей туралы айт-
тым.  Ресей  енді  бізге  демографиялық  қысым  көрсете  алмайды. 
Қайта Ресей біздегі орыстарды, татарларды, башқұрттарды өзеріне 
тартып алуы мүмкін. Олар «орыстар елге оралыңдар!» деп ұран та-
стап жатыр. Егер олар көтеріле көшіп кетіп қалса, олардың орнын 
кім басады? Өзіміздің оралмандар басады. Немесе Орта Азиялық 
бауырларымыз келіп басады. Себебі, бұл аймақтағы халықтың өсімі 
өте  жоғары.  Олар  туралы  болжамдар  шындыққа  айналуы  ғажап 
емес. Мәселен, 2050 жылы тәжіктер – 52, қырғыздар – 62, өзбектер 
– 84 пайызға өседі деген болжамды мен жоққа шығара алмаймын. 
Сондықтан  біз  осының  бәріне  дайын  болуымыз  керек.  Ал  енді 
Қытайдың  жағдайы  тіптен  ерекше.  Қытай  әзірше  демографиялық 
қысым  көрсете  қоймайды.  Өйткені  олар  алдымен  Шыңжанды 
толық  игеріп  алуы  керек.  Сондықтан  өз  елімізді  өзіміз  билеп,  өз 
байлығымызды  өзіміз  игеріп,  өзіміз  пайдалануымыз  қажет.  Қазақ 
өз  жерінде  70  пайызға  жетпей  унитарлық  мемлекетті  билеп  оты-
ра  алмайды.  Өз  тілін  мемлекеттік  тұғырға  көтере  алмайды.  Тіл 
мәселесі  неден  пайда  болды?  Ол  қазақ  тілінің  нашарлығынан  не-
месе қазақтардың өз тіліне деген ыждаһатсыздығынан емес, тілді 
орта бұзылған. Қазақ тілінің шет қалғаны содан. Мәселен, кезінде 
Қазақстанның астанасы Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі бол-
ды.  Соның  өзін  жауып  қоя  жаздады.  Ал  қазір  Алматыда  қырық 
шақты қазақ мектебі бар. Бұл да жетістік. Мен осында алғаш кел-
генде  Алматыда  қазақтар  жеті-сегіз-ақ  пайыз  болатын.  Ал  қазір 
қазақтар Алматыда елу екі-елу үш пайызға жетті. Аманшылық бол-
са, алпыс пайызға да жетеміз. Қазір Астананың өзінде қазақтардың 
үлесі елу жеті пайызға жетті. Шымкентте алпыс жеті пайыз. Міне 
осылай  біртіндеп  түзеліп,  тәуелсіздіктің  арқасында  санымыз  да 

76
артып  келеді.  Бұл  нағыз  елдіктің  белгісі.  Бұл  дегеніміз  қазақтар 
өз  республикасындағы  ең  басты  қалаларға  табанын  нық  тіреп, 
мығым күшке айналады дегенді білдіреді. Әйтсе де еліміздің кейбір 
қалаларында орыс тілінің әлі де басым сипат алып тұрғанын жоққа 
шығара  алмайсыз.  Алаңдауымыз  орынды.  Мемлекеттік  тіл  шын 
мәнінде мемлекеттік болу үшін оған еңбектеген баладан, еңкейген 
кәріге  дейін  бәріміздің  атсалысуымыз  керек.  Үйде  қазақша 
сөйлеуіміз,  қазақша  балабақшаны,  мектептерді  көбірек  ашуымыз 
және  іс-қағаздарын  мемлекеттік  тілде  жүргізуіміз  қажет.  Және 
бұған  ешкімге  жалтақтамай  батыл  кірісуіміз  керек.  Себебі,  Ата 
Заңымызда және «Тіл туралы» заңда мемлекеттік тілдің мәртебесі 
туралы тайға таңба басқандай етіп анық жазылған. Ал заңды орын-
дау  барлық  қазақстандықтар  үшін  міндет  әрі  парыз.  Заң  аясында 
әрекет етсек мәңгүрт бола қоймаспыз. Осы үшін қазаққа дәл қазіргі 
кезеңде  демографиялық  дүмпу  қажет.  «Қара  домалақтар  қайда, 
келіншектер?!»  деп  ұрандататын  шақ  туып  келеді.  Санмен  қатар 
сапа  жағынан  да  деңгейімізді  көтергеніміз  абзал.  Өсу-өркендеу 
біздің дәстүріміз. Өйткені, қазақ әрі балажан, әрі көпшіл халық қой.
– Жалпы қазақ жері, оның табиғи байлығы қанша миллион 
халықты асырай алады?
–  Егер  егін  және  мал  шаруашылығын  дамытуды  АҚШ-тың, 
Францияның,  Англияның,  Германияның  сондай-ақ  басқа  дамыған 
ірі  елдердің  дәрежесіне  жеткізе  алсақ,  онда  жүз  миллион  адамды 
емін-еркін  асырай  алады.  Бұған  Қазақстанның  экономикалық  та, 
ғылыми  да,  табиғи  да  алғы  шарттары  бар.  оған  ешқандай  күмән 
жоқ. Тек Алла кездейсоқ кесапаттан сақтасын деп тілейік. Тоқетерін 
айтқанда, ұлттық мүдде алға шығуы керек. Әсіресе демография са-
ласында өркениет деген осы екен деп Еуропаға, Батысқа еліктеудің 
ешқандай жөні жоқ. Бізге еш босаңсуға болмайды. Әсіресе өсіп-өну, 
ұрпақ тәрбиесі саласында. Ащы суға құнығу, ажырасудың молдығы, 
қыздардың тәнін саудалауының бой көрсетуі жалған демократияға 
бас шұлғып еліктеуіміздің әсері. Бұған ел болып, жұрт болып қарсы 
шығуымыз керек. Себебі, өсіп-өнуімізге ең бірінші кедергі жасай-
тын  да  осындай  жағымсыз  жайттар.  Оның  үстіне  ұрпақ  өрбітуге 
қабілетті жастағы аруларымыздың қазіргі таңда қоғамдық жұмысқа 
көбірек  тартылып,  ана  болудан  шеттеп  қалатындығын  қосыңыз. 
Мәселеге бұл өркениетті елдердің бәріне тән жағдай, «заман ағымы 
тудырып  отырған  заңдылық»  деп  көз  жұма  қарасақ  қателесеміз. 
Мұның халқымыздың болашағына тигізетін үлкен зардаптары бо-
луы әбден мүмкін. Бұлай жалғаса берсе екі–үш ұрпақ ауысқаннан 

77
кейін қазақ әйелдері бала туудан мүлдем шектеліп, халқымыздың 
өсіп-өнуі құрдымға бет алуы мүмкін.
Әлемдегі  тіршілік  иелерінің  барлығы,  сонымен  қатар  адамзат 
баласының бүкіл тірлік-тынысының, тіршілігінің негізі ұрпақ өсіру. 
Қазақтың  баталы,  аталы  сөздерінде  де:  «Бала-шағаң,  ел-жұртың 
аман  болсын»,  «Өсіп-өркенде»,  «Көгеріп-көкте»  деген  сияқты 
қанатты сөздерді жиі қолданатыны сондықтан.
УахиТ шӘЛЕКЕнОв,
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері
«Көшпенді» – бұл қазаққа күштеп басқан таңба
Уахит  шәлекенов  –  тарих  ғылымдарының  докторы,  про-
фессор,  әл-фараби  атындағы  қазақ  ұлттық  университетінің 
құрметті  кафедра  меңгерушісі,  қазақстан  Республикасының 
еңбек  сіңірген    ғылым    қайраткері,  қазақстан  гуманитарлық 
академиясының  академигі,  ұлы  Отан  соғысының  ардагері. 
Белгілі  тарихшы,  археолог  және  этнолог,  төрт  жүзден  астам 
құнды еңбектердің, жиырмадан астам ғылыми кітаптардың ав-
торы. Бізге қазақ жерінен ұлтымыздың ұлылығын, елдігін та-
нытатын деректерді аса ыждағаттықпен жинап жүрген көрнекті 
ғалымға жолығып, онымен әңгімелесудің сәті түскен еді.
– Уахит аға, ең алдымен қазір біз өмір сүріп жатқан аймақта, 
яғни,  қазақ  жерінде  ертеде  қандай  тайпалар  мекендеген? 
археологиялық деректер нендей сыр шертеді?
–  Жалпы  Орталық  Азия  содан  кейін  Шығыс  Еуропаның  біраз 
жерлері  түркілердің  ежелден  кір  жуып,  кіндік  кескен  отаны.  Бұл 
Азия  материгінің  бес  бөлігінің  біреуі.  Осы  кең  байтақ  өлкені 
біздің  түркі  бабаларымыз  ежелден  мекен  еткен.  Сондықтан  да 
Азия  материгі  түгелімен  соның  ішінде  Орталық  Азия  алғашқы 
адамдардың  пайда  болған  ескі  дүниесі  деп  аталады.  Ал  Орталық 
Азия  түркілердің  жері  болатын  болса  сондағы  ескерткіштерге 
тоқталайық. Бұл жерде жаңағы біздің айтқанымызды дәлелдейтін, 
адам  баласына  алғашқы  дәуірді  сәулелендіретін  тас  дәуірінің 
ескерткіштері  әсіресе  қазақ  жерінен  көптеп  табылды.  Бұл  архео-
логия  ғылымында  палеолит  деп  аталады.  Біздіңше  бұл  тас  дәуірі 
деген  сөз.  Алғашқы  адамдардың  құралдары  тастан  істелген. 

78
Сондықтан оны тас дәуір деп атаймыз. Тас дәуірінің ескерткіштері 
Қазақстанның көп жерінен табылды. Бұл іс өткен ғасырдың орта-
сынан  бастап  ерекше  қолға  алынды.  1960-шы  жылдары  қазақтың 
белгілі археологінің бірі Хасан Алпысбаев Оңтүстік Қазақстанның 
жерінен, атап айтқанда Қаратаудың оңтүстігінің бірнеше жерінен тас 
дәуірінің ескерткіштерін тапқан болатын. Сонымен қатар бұнымен 
айналысқан  бірнеше  ғалымдар  бар.  Оның  ішінде  белгілі  архео-
лог әрі тас дәуірін өзінің шәкірттерімен бірге зерттеп келе жатқан 
әрі  оны  басқарып  отырған  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
университетінің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының 
докторы,  профессор  Жәкен  Таймағамбетов.  Сондай-ақ  Қаныш 
Сәтбаев  басқарған  жағырапия  институтының  геологтары  да  тау-
тасты  зерттеп  жүріп,  тас  дәуірінің  кездескен  ескерткіштерін  жи-
най жүрген. Сонымен бәрін қосқанда қазір сол жарты миллионнан 
астам  тас  дәуірін  сәулендіретін  ескеткіштер  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінде шоғырланған. Мұнда тас дәуірі де-
ген мұражай бар. Адам баласының бұл дәуірі біраз зерттеледі. Бұл 
зерттеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр.
– Сонымен қатар адамзат дамуының дәуірі тек осымен ғана 
шектелмегені  белгілі.  Демек  біздің  ата-бабаларымыз  бұдан 
басқа дәуірді де бастан кешкен емес пе? Енді соған тоқталсаңыз?
– Адамзаттың даму тарихындағы бұдан кейінгі дәуір ол – қола 
дәуірі деп аталады. Қола дәуірі деген сөз біздің эрамыздан бұрынғы 
екі, үш мыңыншы жылдарды қамтиды. Қола дәуірінің ескерткіштері 
біздің жерде өте көп сақталған. Оның түрлері бұл – оба. Біздің мына 
оңтүстік Сырдария, Әмудария бойларында, Сібірде және көпшілік 
жерлерде обалар бар. Обаны орысша «қорған» дейді. Тас дәуірінен 
кейінгі қола дәуірінде өмір сүрген түсті металлды бірінші рет иелен-
ген тайпалардың ескерткіштері олар. Бұлар өте көп. Әсіресе, мына 
Жетісу  атыраптарында,  өзендердің  жағаларында.  Міне,  осы  қола 
дәуірінің  ескерткіштері  қазақ  жерінің  барлық  аймағынан  ашыл-
ды.  Қазір  біздің  археологтарымыз  оны  екіге  бөліп  атайды.  «Сақ 
және сармат дәуірінің ескерткіштері» дейді. Мәселен, мына Арал 
теңізінің солтүстігінен бастап сонау Орал тауларына дейін табылған 
ескерткіштерді  сарматтардікі  деп  атайды.  Ал  Орталық  Азияның 
басқа  аймақтарындағы  жаңағыдай  обаларды  сақтардікі  дейді. 
Менімше ортасында салынып қойылған Қытай қорғаны жоқ. Оның 
екеуі де бір тайпа. Тіл жағынан бір-біріне жақын. Қонысы жағынан 
араласып, құраласып жатыр. Осындай атты қойып оны екіге бөлу 

79
еуроцентристердің  әрекеті  болу  керек.  Себебі,  сарматтардың  да 
қорғанынан шыққан заттар сақтардың қорғанынан шыққан заттар-
дан онша айырмашылығы жоқ.  
–  Осы  қола  дәуірінің  ескерткіштерін  алғаш  зерттегендер 
кімдер? Олардың арасында қазақ ғалымдары бар ма?
– Ең алдымен бұл қола дәуірінің ескерткіштерін Кеңес дәуірінде 
Ленинградтың,  Мәскеудің  ғалымдары  ашты.  Кейін  өзіміздің 
ішімізден  кадрлар  шығып,  кең  көлемде  осы  салада  жұмыс  істеді. 
Оның басшысы академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан. Ол қазақтың 
археологиясының атасы. Әлкей «Орталық Қазақстан» деген экспеди-
ция ұйымдастырды. Оны қырық жылдам астам басқарды. Бұрынғы 
Жезқазған  және  Қарағанды  облыстарында  түсті  металдардың  ор-
нын ашты. Үлкен монографиялар жазды. Енді қазір ол кісінің он 
бес томдық еңбегі шығып жатыр. Ол бәріміздің ұстазымыз болды 
ғой.  Әлкей  Хақанұлының  өзі  айтып  кеткен.  «Дүниежүзіне  түсті 
металл  осы  Қазақстаннан  тараған»  деп.  Оны  кейінгі  архивтік  де-
ректер де дәлелдейді. Мәселен, тоқсаныншы жылдары екі томдық 
кітап  шығарды  Түркияның  түрігі,  тарихшы  Бахуадиноғлы  деген. 
Ол  «Хұң  империясының  тарихы»деп  аталады.Ол  кісі  өмір  бойы 
сол Бежінде Қытай архивінде істеген. Хұң империясын зерттеген. 
Соның тарихын жазып кеткен. Сол еңбегінде архивтік деректерге 
қарап  отырып,  «Қытайға  ең  бірінші  түсті  металды  таныстырған, 
оны қалай балқытуды үйреткен түркілер» деп жазыпты. «Менің, – 
дейді  Бахуадиноғлы,  –  осы  айтқаным  еш  уақытта  өзгермейді.  Ал 
менен кейін табылған осы жөніндегі деректер оны тек толықтыруы 
мүмкін. Түркілердің Қытайға түсті металды алып келуін бекер деу 
мүмкін  емес»  дейді.  Кесіп  айтады.  Әсіресе  бізде  қола  дәуірінің 
мұндай ескерткіштері өте көп. Бұлар қазір бізде қалай сақталған? 
Олар обалар ретінде сақталып бізге жеткен. «Оба»,– деген ол не? 
Ол сол уақытта өлген адамдардың зираты. «Эвести» деген кітап бар, 
сол дәуірде ескі иран тілінде жазылған. Сол кітапта сол кездердің 
дәстүрі бойынша «арисстер өлген адамдарын дүние мүлкімен бірге 
көмеді»  деп  жазған.  Тап  осындай  деректер  біздің  жерімізден  көп 
табылып  жатыр.  Соның  бір  мысалы,  мына  Есіктен  шыққан  «Ал-
тын  адам».  Ол  да  сондай  обадан  табылды.  Ол  қазір  дүниежүзіне 
белгілі болды. Қола дәуірін зерттейтін қазақ тарихшылары, архео-
логтары «Қазақстан жеріндегі осындай обалардан қазір үш Алтын 
адам таптық» деп жүр. Біреуі Арал теңізі өңіріндегі Аралтөбе деген 
жерден, екіншісі Алтайдан Шекті деген қорғаннан. Соған қарағанда 

80
біздің «сақ» деп жүргеніміз арисстер болуы мүмкін деген жаңа пікір 
шығып  жатыр.  Бірақ  біздің  көпшілік  археологтарымыз  оған  мән 
беріп, оны әлі мойындай қойған жоқ. Ал мойындататындай деректер 
қазір жиналып жатыр. Мәселен, Алматының қасынан темір қазан 
табылды.  Сыртқы  жиегінде  свастиканың  суреті  бар.  Немістердің 
крес свастикасы бар ғой. Сол свастика ертедегі арисстердің эмбле-
масы  болған.  Бұл  свастикадан  қорқатын  ештеңе  жоқ.  Ол  ертедегі 
арисстер жердің күнді айналатынын белгілеген. Ол дүниені төртке 
бөліп  көрсеткен  белгі.  Қазір  бұл  мәселе  жаңа  ғана  көтеріліп  жа-
тыр,  көтеру  керек.  Жалпы  алғанда  қола  дәуірі  ескерткіштерінің 
қорғандары жақсы зерттелді. Әлкей Хақанұлы Марғұлан олардың 
тұрақты орындарын да, мекендерін де тапты.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал