Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет7/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

– азат елдің санасында да азат ой, азат арман, адал ниет, таза 
сезім болу керек емес пе. Біз мұрын тесіп, тиек өткізіп, жетек-
теп алған кешегі өгіз қалпымыздан арылуымыз қажет екенін 

62
сізде сезесіз. Сонда халқымыздың санасына әбден сіңіп қалған 
құлдық  мінезден,  әдетке  айналып  кеткен  «кеселден»  қалай, 
қашан құтыламыз?
– Иә, өкінішті-ақ. Бұл жаман әдет қазаққа кейін жабысты. Бұрын 
қазақ даласында, қазақ ауылында мафия деген болып па еді? Оны 
өңі түгіл түсінде де көрген жоқ. Мұның бәрі қайдан шығады? Де-
мек, әлі де болса біздің санамыздың төмендігінен шығады. Қазақ 
айтады: «біреудің ала жібін аттама» – дейді.
Қазақ ұрпағын адалдыққа үйретеді, азаматтыққа үйретеді. Міне, 
осы салт қазір елімізде қалыптасып келеді. Бай мен кедей деген сөз 
тепе-теңдіктен айырылған кезде ғана келеді. Біз қазір капитализмге 
бет алып барамыз ғой. Біз мына сауда-саттықты игере отырып, біздің 
құндылығымыздың, әдет-ғұрпымыздың, салт-санамыздың, ұлттың 
тағдырын ақшамен өлшеуге болмайтынын түсінуіміз қажет. Баяғы 
ұлдарымызды, қыздарымызды дәріптеген әдетімізді жаңғырта оты-
рып, қазақтың салт-санасын байытқан жағдайда ғана біз өркениетті 
елдер қатарына қосыла аламыз.
–  Бүгінде  жастарға  бірнеше  тілді  біліңдер  деген  талап 
қойылып жатыр. Былай қарасаңыз, әрине, өте жақсы ұсыныс. 
ал  тереңірек  үңіліп,  ертеңіне  ой  жүгіртсеңіз  көңіліңе  күдік 
ұялайды. Ол қазақ тілінің тағдыры. Көп тілді меңгереміз деп 
жүргенде ана тіліміз қаға берісте қалып қоймай ма?
–  Шет  тілін  білу  керек.  Себебі,  дүниежүзінде  не  болып 
жатқанынан  хабардар  болу  үшін  қажет.  Ағылшын  әлемдік  тіл. 
Ал қазіргі жағдайда бізге орыс тілін де білу міндетті. Өйткені біз 
негізінен орыспен байланыстымыз. Тек қана қазақ тілін дамытамыз 
деп орыс тілін лақтырып тастамай қатар алып жүру керек. Сонда 
қазақ  тілі  кеңінен  дамиды.  Ол  көлеңкеде  қалып  қояды  деген  бос 
сөз. Қазақ тілінің үстемдігін, қазақ ұлтының үстемдігін бірте-бірте 
қалыптастыра  отырып,  байырғы  шешендердің,  байырғы  білімдар 
адамдардың, кешегі Абайдың, Шоқанның, Сәтбаевтың еңбектерін 
кеңінен насихаттап, мұны бала бойына ана сүтімен сіңірсе артық 
болмас еді.
– ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік алшақтық барған 
сайын  ұлғайып  келе  жатқан  сияқты.  Жастар  туған  жерлерін 
тастап  қалаға  ағылуда.  Сіздің  ойыңызша  бұл  процесті  қалай 
тоқтатуға болады?
–  Мен  айтар  едім,  ауыл  мен  қала  арасындағы  алшақтықты 
бірте-бірте жою керек. Ауыл мен қаланың тұрмыс деңгейі бірдей 

63
болған  жағдайда  ғана  халықтың  әл-ауқаты  жақсарады.  Ауылдан 
қалаға ағылғандар ағыны өзінен–өзі тоқтайды. Біз қаланың ғалымы 
болғанымызбен негізіміз ауылдан. Қазір ауылды дамытуға қаншама 
ақша бөлініп жатыр. Ауылдың адамдары қазір кәсіппен айналысу-
да. Олар балаларын сол өздері білетін кәсіпке баулу керек. Заңгер 
бол, экономист бол, бизнесмен бол дегеннен гөрі бала неге қабілетті 
соған баулуы керек. Ауылда бәйбішелер алқасы болу керек. Олар 
келінді дұрыс тәрбиелеу керек, ол – болашақ бәйбіше, қыз болашақ 
ана.
– ана деп қалдыңыз, қазір көптеген қыздарымыз «кәрі қыз» 
атанып  отыр.  Міне,  осы  әлеуметтік  мәселенің  алдын  алуға, 
мұндайды болдырмауға бола ма? ана ретінде сіз бұған қандай 
кеңес берер едіңіз?
–  Бәлендей  өлшеп-пішіп  ақыл  айтудың  өзі  артық  қазір.  Иә, 
бүгінде  көптеген  қыздарымыз  күйеуге  шықпай,  ұлтымызға  жара-
спайтын жаман әдетпен селкілдеп жүріп, отырып қалды. Бұл ауруға 
алып келеді. Ал бала туған әйел аурудан арылады. Сондықтан бірін-
бірі  қызғанбай,  әйелдер  бәсекеге  түсе  отырып,  ердің  намысын, 
ердің беделін көтеру керек. Сонда айтпағым, тоқал алу мәселесіне 
әйелдер түсінікпен қарауы қажет. Азаматтың абыройы қаншалықты 
биік болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Мысалы, мына батыс 
елдерінде  әйелдердің  бала  тууы  азайып  кетті.  Ол  елдердің  көбісі 
азғындау  жолына  түсті.  Қазір  ашық  демократия  дейді  ғой.  Демо-
кратия ешуақытта ер мен әйелдің теңдігін жоққа шығармайды. Ал 
қазақ дәстүрінде ер адам отбасына ие болуы керек. Шаңырақтағы- 
лар соған бағынуы қажет.
– ғылым саласында қызмет істеп жүргендердің қатарында 
зерек  те  ізденімпаз  қыздарымыз  әрине  жоқ  емес  бар.  Бірақ, 
ғылым қыздардың оң жамбасына келе бермейді дейді. Сіз бұған 
қалай қарайсыз?
–  Қазір  ғылымда  қалып  қойған  азғантай  ғана  қыздары  бар. 
Бірақ  бүгінде  шетелге  барып  оқып  келген  ғалым  қыздарымыз, 
әрине,  баршылық,  ғарышқа  ұшуға  дайындалып  жатқан  ғалым-
ғарышкер  қыздарымыз  да  бар.  Сондай-ақ,  елші  болып  істеп 
жүрген  қыздарымыз  да  көп.  Әсіресе,  ғылымға  көңіл  аударып,  со-
нымен  шұғылданып  жатқан  қыздардың  қатары  соңғы  жылдары 
көбейе түсті. Қыздарымыздың ойын оятып, ана мен әке оларға бар 
қамқорлықтарын жасап жатыр. Ең алдымен қыз саналы болуы ке-
рек.  Ұлтын  ойлаған  қыз  ғылымға  да  барады,  ел  билеуге  де  бара-

64
ды. Ол әр қыздың қабілетіне, санасына байланысты. Қазір ғылымда 
зор  мүмкіндіктер  ашылып  отыр.  Білім  алуға  да  жағдай  жасалған. 
Қазақта намыс деген болады. Әрқашанда қыздары намысты болған. 
Қазақ  қыздарына  айтарым:  сол  намысын  жоғалтып  алмаса  екен. 
Ұлтқа тән жоғары деңгейде жүрсе екен деп ойлаймын.
Бір мысал айтайын Чех елінде Жәмила деген министр қыз бар. 
сонда  бүкіл  батыс  еліне  біздің  ұлттық  тәрбиеміздің  өте  жоғары 
екенін осы қыздың өзі-ақ дәлелдеп отырған жоқ па? Оны неге мақтан 
етпеске? Ол ғалым, әрі қоғам қайраткері. Ғылым деген ол аспаннан 
түсетін зат емес. Ол қолға қонатын құс немесе тауып алатын алтын 
емес. Ол ізденумен келетін маңдай тердің жемісі. Оның қоғамдағы, 
әлеуметтік өмірдегі  маңызы мен мәні зор қозғаушы күші, ерекше 
құбылыс.  Қазір  медицина  саласында  да,  тіл  тану  ғылымынан  да 
ғалым қыздарымыз көптеп шығып жатыр. Мен ерекше айтар едім: 
Рабиға Сыздықова. Ол Абайды, оның тілін күллі қазаққа танытты. 
Бір өкініштісі қазір экология саласында, оны зерттеп жүрген ғалым 
қыздарымыз  өте  аз,  тіпті  жоқтың  қасы.  Міне,  осындай  жаңадан 
дамып  келе  жатқан  ғылым  саласына  қазақ  қыздары  неге  көптеп 
келмейді?  Жоғары  оқу  орындары  талапты  қыздардың  кеудесінен 
қақпай,  олардың  білім  алуына  жол  ашуы  керек.  Ғылымда  Шоқан 
жеткен ғалым дарындығына әлі ешкім жеткен жоқ. Ол – геолог, ол 
– химик, ол – заңгер, ол – фольклорист, ол – елші. Ол ғылым сала-
сында орыс ғалымдарымен терезесі тең түскен адам. Міне осыдан 
аңғаратынымыз қазақ дарынды ұлт, қабілетті халық.
Қазір  мәдени  мұраны,  тарихымызды  қайта  қарап  жатырмыз. 
Бұл да тәуелсіздік берген еркіндік емес пе? Біз қай уақытта мәдени 
мұраны жүзеге асырып едік. Біздің тарихымыз Ресейге қосылғаннан 
кейін басталған жоқ па? Екі-ақ пайызымыз сауаттымыз деп келген 
жоқпыз ба? Ал қазір қаншама алаштың арыстары жарыққа шығып 
жатыр. Мәдени мұраны қайта қарау деген сөз тарихты қайта қопару 
деген сөз. Сондықтан да қазіргі уақыт алдында бүгінгі зиялы қауым 
түгілі біздің  болашақ жас ұрпақтарымыз қарыздар.
–  Бір  кездері  жиһанкездер  құмартқан  ұлы  далада  әлі  де 
ашылмай жатқан құпиялар көп болар. Жас ғалымдарымыздың 
ендігі бет алысы осы дала төсі болатынына күмәнім жоқ. Сіз 
осы ойыммен келісесіз бе?
– Бүгінде ел есін жиып, бір кезде өздері көтеріле көшкен ауылға 
қайта орала бастады. Бұл мені қуантады. Елбасы да жастарды ауылға 
шақырып жатыр. Оны күллі ел болып қолдауымыз керек. Себебі, 

65
қазақың  кіндігі  –  ауыл.  Біз  бәріміз  сол  топырақтан  шықтық.  Сол 
көзге қораш көрінетін ауылдың түтінін иіскеп өстік. Енді біз оны 
қайта түлетіп, жаңа заманға сай ел тұрағына айналдыруымыз қажет. 
Ауыл әрленіп, қуаттанса қалада ажарлана түсетіні белгілі. Әрине, 
ауылға жас мамандар, ұстаздар, дәрігерлер, агрономдар, инженер-
лер ауадай қажет екенін білеміз. Онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
жүргізу  үшін  жас  ғалымдарға  да  жұмыс  табылады.  Қазақтың 
байлығы да, бары да дала қойнауында жатыр. Оны ашатын да, ел 
игілігіне айналдыратын да ғалымдар. Бір кездегі жиһанкездер қазақ 
даласының осы қасиетін, ырыс пен құттың мекені екенін сезсе ке-
рек. Келешек жас ғалымдарға міне осы байлықты бүгінгіден де гөрі 
арттырып, еселей түсу міндеті тұр. Жастар қазір ғылымға қызыға 
бастады.  Зерттеу  обьектілері  де  кеңейді.  Жаңа  замандық  зертха-
налар  да  пайда  бола  бастады.  Ғылымды  қаржыландыру  да  артып 
келеді. Еліміз отандық ғылымды дамытуға білек түре кірісті. Бұған 
бір  дәлел  Елбасының  шетелде  қызмет  істейтін  жас  ғалымдармен 
кездесіп, оларды елге шақыруы. Міне, осының бәрін көріп, байқап 
отырған жастар ғылымға атбасын бұратынына өз басым сенемін.
Мақаш ТӘТІМОв,
демограф-ғалым
Елімізде демографиялық дүмпу нышаны байқалады
ата-бабалар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткеніне де көп уақыт 
бола қойған жоқ. Бірақ азаттықтың арайлы таңы атқалы бергі 
жеткен  жетістігіміз  бір  ғасырдың  аясына  әрең  сиярдай.  Оны 
халық  өзі  көріп,  өзі  мақтан  етіп  отыр  десек  артық  кетпеспіз. 
Ел игілігін еселеп, береке мен ырыстың тайқазанын тасытып 
жатқан, әрине, халық. Оның маңдай терімен жасалып жатқан 
жақсылықтар сірә, елімізде аз ба!? иә, жаңа ғасырдың көрігін 
басып,  шоғын  маздатып  тұрғандар  да  солар.  Ендеше  халық 
мемлекеттің негізі мен тірегі, елдіктің берік тұтқасы. Міне, осы 
аса маңызды мәселемен қырық жылдан бері беріле айналысып 
келе  жатқан  елімізге  танымал  демограф-ғалым,  ұлтымыздың 
жанашыр  ұлы  Мақаш  Байғалиұлы  Тәтімовті  әңгімеге  тар-
тып,  халқымыздың  өсіп-өнуіндегі  игі  өзгерістер  жайлы  ойын 
бөліскен едік.

66
–  халықтың  саны,  бұл  стратегиялық  мәселе  екені  белгілі. 
Әсіресе, біз үшін оның маңызы өте зор. Сол себептен де халық 
санына  көп  көңіл  бөлу  –  бұл  біздің  басты  мақсатымыз.  Осы 
тұрғыдан алғанда қазір еліміздегі демографиялық ахуал қандай 
деңгейде?
–  Қазір  демографиялық  ахуал  жақсарып  келе  жатыр.  Туудың 
деңгейі  көтерілді.  Ол  –  бір.  Табиғи  өсім  молайды.  Ол  –  екі.  Со-
дан  кейін  миграция  жағдайы  да  жақсарды.  Бұрын  Қазақстаннан 
1963  жылдан  бері  қарай  1994  жылға  дейін  келгендерден  кеткен-
дер  көп  болған.  Миграция  бізге  кері  нәтиже  берді.  Енді  олардың 
бәрі, әрине, қазақтар емес қой, басқа ұлттар. Тарихи Отанына кетіп 
жатқандардың көбісі орыстар, немістер, украиндер, беларустар. Бұл 
заңды құбылыс. Ал енді қазір соның бәрі саябырсып, миграция аз-
дап әлсіреді. Оралмандардың көптеп келунен қазір бізде миграция 
жағдайы да түзелді. Біз осыдан көп нәрсені ұтып отырмыз. Әсіресе, 
оралмандардың  есесінен.  Оралмандардың  саны  өз  өсімімен  бірге 
тәуелсіздік  алғалы  бері  миллионға  жуықтап  отыр.  Бұл  да  аз 
халық  емес.  Біздің  өсімімізге  үлкен  әсер  етіп  отыр.  Бірақ  жалғыз 
оралмандардың  есебінен  ғана  емес,  өз  ішкі  өсіміміз  де  жақсы. 
Қазір  туудың  деңгейі  көбейіп  келе  жатыр.  Ол  жөнінде  Қазақстан 
бойынша мынандай дерек айтайын. Ең баланы аз туған жыл 1999 
жыл болды. Ол әлгі күйзелістің әбден күшейген кезі. Қазірге дейін 
217  мың  бала  дүниеге  келсе,  жыл  аяғына  дейін  бұл  көрсеткіш 
қорытынды  325  мыңдай  бала  дүниеге  келеді  деп  күтілуде.  Сонда 
сегіз жылдың ішінде туған балалардың саны екі миллионнан артып 
отыр. «Бэби-бум» деп айтып жатқанымыз осыдан. Бұл әншейін жай 
қызыл сөз емес. Біз оның бәрін өлшеп, пішіп, тіптен соған ат қойып, 
соны халықтың санасына сіңіріп жатырмыз. «Бэби-бум» деген сөз 
бөбектер  буынының тасқыны деген сөз.
– Біздің елімізде демографиялық дүмпу нышаны байқала ма?
–  Иә,  демографиялық  дәуірлеу  кезеңі  бізде  баяғыда  басталған. 
Қазақ қолдан жасалған ашаршылық кезінде жартысынан айырылып, 
үштен бірі шетелге көшіп кетіп, Қазақстанның өзі бос қалып қойғаны 
белгілі. Қазақ сол жылдары қырылмаса қазір Қазақстанның өзінде 
25 миллион, ал әлем бойынша 30 миллион болар еді. Бүгінгі күні 
әлем бойынша 14 миллионға жетіп қалдық. Еліміздегі қазақтардың 
саны дәлірек айтқанда 9 миллион 350 мыңға жеткенімзді мақтаныш 
етіп  отырмыз.  60  пайызға  көтерілгенімізді  қуанышпен  айтып  жа-
тырмыз. Мәселен, тың игеру кезінде біздің елдегі қазақтардың үлесі 
27 пайызға дейін төмен түсіп кеткен. Тілдің қазіргі жағдайы оның 

67
мүшкіл күй кешуі тілдік ортаның жоқ боп кетуінен. Ол қазақ тілінің, 
қазақтардың нашарлығынан емес. Тілдік орта жоқ болды. Әсіресе, 
Солтүстік Қазақстан облысында тың игеру дүрілдеп тұрған кезде, 
әлі есімде, ондағы қазақтардың үлес саны тоғыз-ақ пайыз болды. 
Қостанай облысында бұрынғы шекарасымен есептегенде он үш-ақ 
пайыз еді. Тың өлкесінің басқа облыстарында он тоғыз пайыз ғана 
қазақтар болған. Қазір ол жақта да санымыз артып, үлес салмағымыз 
көтерілді. Бұл да үлкен жетістік.
– Сіз қалай ойлайсыз, қазақстан әлемнің халқы аз бір түкпірі 
болып қала бере ме?
–  Шынында  да  Қазақстанда  халық  сирек  қоныстанған.  Жер 
көлемі  жағынан  тоғызыншы  орында  болсақ  халықтың  саны 
жағынан  жетпіс  бесінші  орындамыз.  Тіпті  қазір  шегеріліп  кетіп 
бара  жатырмыз.  Өйткені  басқа  елдердің  халықтары  тез  өсіп  жа-
тыр. Енді ғана алға ілгерілеп келеміз. Иракпен қатарлас, ал Сири-
ямен теңбіз. Сирияның жері өзіңіз білесіз алақандай. Ал Қазақстан 
үлкен мемлекет. Біздің елімізге әлі өркендеп өсу керек. Экономика-
ны тез дамыту үшін, халықтың күші, саны керек. Жұмысшы қолы 
қажет. Қазірдің өзінде жұмысшы күші жетіспей жатыр. Қазақстанда 
жұмыссыздық  жоқ.  Халқы  тығыз  орналасқан  әлемнің  ішінде 
Қазақстан бір түкпірде халқы аз қуыс болып қалмас үшін өсуіміз 
керек. Біздің экономикамызға сәйкес халқымыздың саны да болуы 
керек. Бұл жөнінде біраз мәселелер айтылып жатыр. Президенттің 
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының 10 жылдығын 
атап өтіп жатырмыз ғой. Сол кездің өзінде Елбасы 2030 жылы 25 
миллионға жетеміз деп ашық айтты. Ол кезде миграция кері бола-
тын.  Табиғи  өсім  төмен  болатын.  Бағдарламаның  демографиялық 
блогын жасауға қатысқан адаммын. Біз көп болып кетпеді ме екен 
деп  оған  күдікпен  қарағанбыз.  Қазір  Құдайға  шүкір,  аманшылық 
болса 2030 жылы еліміздің халқы 25 миллионға жетпесе де 23–24 
миллионға  жетеді.  Ал  егер  тіптен  демографиялық  саясатымызды 
күшейтіп,  оралмандарды  молырақ  тартатын  болсақ,  әлі  жиырма 
үш жыл бар, мұның бәрі орындалатын дүние. Қазір Қазақстанның 
жылдық өсімі 230 мыңға жетіп отыр. Биылғы жылдың өзінде ғана 
табиғи өсім 165 мың болды. Одан кейін бір жетпіс мыңдай орал-
мандар келеді. Міне, осының бәрін жинағанда биылдың өзінде 235 
мыңдай адамға өсім береді. Бұл өсім әлі 250 мыңға дейін көтеріледі. 
Қазақстан болашақта төрт жылдың ішінде бір миллион адамға өсіп 
отырады. Міне, осылай аман болсақ, ақырындап өсеміз.

68
– «Елді өсіретін де, өшіретін де әйел» деген қағиданы жиі ай-
тасыз. Сонда сіз неге сүйенесіз?
– Осы сөзді жиі айтатын себебім, қазақ сөздің құдіретін біледі 
ғой.  Сондықтан  қазақтың  санасына  әсер  ету  үшін  сол  жағдайды 
дәл айта алатын сөздерді тауып айтқан жөн. Әйел адамдар маған 
өкпелемей-ақ қойсын. Біз қазақ әйелдерін мәпелейміз, ардақтаймыз. 
Бірақ қазақ әйелдерінің арасында демографиялық мінез-құлықтың 
қатты өзгеруіне, эмансипацияның қатты күшейюіне, феминизацияға 
кең жол ашып қоюына байланысты қазір бізде өсіретін әйелдерден 
гөрі  өшіретін  әйелдер  көп.  Бала  таппайды.  Оның  алуан  түрлі 
амалдары  бар.  соның  бәрін  қолданады.  Бірінші  аборт.  Біз  аборт-
ты  377  мыңнан  125  мыңға  дейін  азайттық.  Әр  түрлі  шаралардың 
арқасында.  Сондай-ақ  жасырын  аборттар  бар.  соның  өзінде  қазір 
жыл сайын 150 мыңдай аборт жасалады. Организмдегі гармоналдық 
функциялардың  бұзылуынан  әйелдер  әр  түрлі  қатерлі  ісіктерге, 
ауруларға ұшырап жатады. Көбісі бір баламен шектеліп қалады. Мен 
сізге мына бір деректі айтайын. 1958 жылы санақ болды. Оған мен 
де  қатыстым.  Сол  санақтың  мәліметі  бойынша  қазақ  әйелдерінің 
бала  тууы  көрсеткіші  әр  әйелге  шаққанда  жеті  баладан  асқан. 
Сонда ілікті қазақ әйелі кем дегенде сегіз баладан туған. Абортты 
тағы басқа тәсілдерді білмеген. Ол кезде Тәңірберген, Алдаберген, 
Құдайбергендер  көп  туған  еді.  Ал  кейін  Болат,  Самат,  Қайраттар 
көбейді, бірақ балаларының саны да азайды. Сапасы да өзгере ба-
стады. Сіз сияқты, мен сияқты ауылда өскендер қазір ең денсаулығы 
жақсы ұрпақ деп есептеледі екен. Әсіресе әйелдер жағы. Ол неден? 
Өйткені біз ауылда таза тамақ ішіп, жалаң аяқ жүгіріп, ойнап, суға 
түсіп өстік. Қазір балалар солай істей ме?
Елді  өсіретін  де,  өшіретін  де  әйелдер.  Бұл  үлкен  шындық. 
Сондықтан біз өсіретін әйелдерді қолдап, өшіретін әйелдердің жолы-
на тежеу салуымыз қажет. Баласы не күйеуі жоқ әйелдерді қызметке 
көтеріп, Сенатқа, Мәжіліске депутат, министр қылудың ешқандай 
қажеті жоқ. Бұл гендерлік саясатты бұрмалау деген сөз. Гендерлік 
саясатқа қарсы емеспін. Ол демографиялық саясаттың ішінде болу 
керек. Егер ол жеке өмір сүрсе онда оның демографиялық астары 
қажет. Біз қаншалықты жақсылық жасап жатсақ, оған соншалықты 
әйел адам жауап беруі керек. Қазіргі нарықтың жағдайында ауылда 
бес  бала  өсіргеннен  гөрі  қалада  бір  бала  өсірген  жақсы.  Сен  бай 
тұрасың, көйлегің де бүтін, жаның да тыныш, ақшаң да бар. бүгінде 
әйелдердің  санасын  осындай  өмір  билеген.  Бұның  бәрі  түбінде 

69
жақсылыққа алып келмейді. Қазіргі өркениетті халықтар ағылшын, 
француз, неміс болсын, бәрі құрдымға кетіп бара жатқаны содан. 
Ресейдің өзі жылына шамамен бір миллион адамға азайып жатыр. 
Бейне бір империалистік соғыс жүріп жатқандай. Ол байқалмайды. 
Бір бала дүниеге келсе екі адам өмірден озып жатады. Кемінде әйел 
адам өмірге екі-үш бала алып келуі керек. Орыс әйелдерінің Ресей-
де бала туу көрсеткіші 1,34. Бұл дегенің не? Бұл дегенің бір жарым 
балаға да жетпейді. Демек екінші бала жоқ деген сөз. Ол орыстың 
әйелдерінің  денсаулығының  нашарлығынан  емес.  Бұл  гендерлік 
саясатты дұрыс жүргізбеуде болып отыр. Швецияда да солай. «О, 
Швецияда гендерлік саясат жақсы. Өйткені парламенттің 33 пайы-
зы әйел депутаттар екен» деп жар салады. Ал халқы құрып бара жа-
тыр. Бізге ондай гендерлік саясат неге керек? Осының бәрін дұрыс 
түсініп,  дұрыс  қабылдау  қажет.  Гендерлік  саясатта  феминизация 
болмауы  керек.  Бұл  дегеніңіз  әйелдер  өзін-өзі  көтеріп,  ақырында 
еркектердің көп ісін өздеріне алып қою қаупі бар.
– қазір елімізде «Бэби-бум» деп мақтанып жүргендер, әрине, 
аз емес. Сонда бөбектер тасқыны таситын шақ туды ма?
– Шындығында қазір елімізде «бэби-бум» жүріп жатыр. Осыны 
біз қолдауымыз қажет. Тіпті үгіт-насихаттың өзі-ақ «бэби-бумды» 
туғызады. Сөзіміз өтіп жатыр. Бұл сөзде үлкен мағына бар. Бірақ 
нағыз тасқын әлі алда. Ол көп кешікпей басталады. Өйткені толқын 
толқынды туғызады.
– Өсім беру үшін әр шаңырақта шамамен қанша баладан бо-
луы қажет деп ойлайсыз?
–  Міне,  осы  мәселені  мен  көп  айтып  жүрмін.  Кем  деген-
де,  халықтың  саны  сақталу  үшін  отбасында  үш  бала  өсуі  керек. 
Ол неге? – деп, менен сұрайды. Кейбір жастар ойлайды, «ой, бір 
бала, тіпті екі бала жеткілікті», – деп. «Ағай, менің екі балам бар, 
қазақтың  санын  өсіріп  жатырмын»,  –  дейді.  «Сен  қазақтың  са-
нын өсірген жоқсың. Әлі қазақтың санына бір сан қосқан жоқсың. 
Кейбір келіншектер «менің бір нәрестем бар ғой, аға» дейді. «Онда 
сен  қазақтан  екі  баланы  ұрлап  қалдың»  деп  ашық  айтам.  Неге? 
Бұның  бәрі  ғылыми  көрсеткіш.  Бірінші  бала  ұл  болса  әкесінің 
орнын  толтырады.  Аспаннан  ешкім  аяғы  салбырап  туып  жатқан 
жоқ. Екінші бала қыз болса шешесінің орнын толтырады. Ал енді 
үшінші  бала  бедеу  қалғандар,  белсіздер,  үйленбей  қалатындар, 
ажырасып кететіндер, дүдәмілдер болады, солардың да орнын тол-
тыру керек. Кейбіреулері денсаулығына байланысты үйлене алмай-

70
ды, жасыратыны жоқ, санда бар, санатта жоқ еркектер де бар. қазір 
біздің қазақта еркек пен әйелдің саны теңесті. Бұл рас. Бірақ бұл сан 
бойынша теңесті. Ал сапа бойынша еркектер әлі аз. Оның үстіне 
қазақтар арасында еркектер өлімі көп. Қазақстанда еркектердің ор-
таша өмір жасы алпыс екі қана. Құдайға шүкір, бұның өзі де жа-
ман емес. Ал әйелдер орта есеппен жетпіс үш жыл жасайды. Бұның 
бәрі ғылыми тұрғыдан есептелінген. Сонда олардың арасында он 
бір жыл айырмашылық бар. Яғни, әйел адам он бір жыл артық өмір 
сүреді. Осының нәтижесінде еркектердің жетіспей жатуы кездеседі. 
Мәселен,  күйеуге  тиіп,  бала  табам  деген  әйелдердің  санына 
қарағанда,  отбасын  құрам,  бала  өсірем,  ұрпағымды  жалғастырам 
деген еркектердің саны кем болып келеді.
Қазір  сексенінші  жылдардың  басында  дүниеге  келген  қыздар 
тұрмыс  құрып  жатыр.  Бұлардың  күйеулері  кімдер?  олардың 
күйеулері өздерінен бес жас үлкендер. Жетпіс бесінші жылғылар. 
Бұл жылы өмірге келген ер балалардың саны сексенінші жылы өмірге 
келген қыздардың санынан едәуір аз. Бұл елімізде демографиялық 
ахуал жақсарып, көтеріліп келе жатқан кезде өте күшті байқалатын 
болады. Әсіресе, саны ең көп сексен сегізінші, сексен тоғызыншы 
жылдардағы  қыздарымыз  тұрмыс  құра  бастағанда  ерекше 
байқалады.  Алматының  өзінде  жүз  он  үш  мыңдай  әйелдердің  ер-
кектерден саны артық. Бұның өзі бір облыстың, яғни Талдықорған 
қаласының тұрғындарының санына тең.
–  Сонда  әуел  баста  еркектер  мен  әйелдердің  саны  тепе-тең 
болса, ал олардың арасындағы тепе-теңсіздік қалай пайда бо-
лады?
– Бұны өте оңай түсіндіруге болады. Ауылдық жерде әйел адам-
дар  тұрмыс  құра  алмағаннан  кейін  «көзге  сүйел  болмайық»  деп 
қалаға  кетіп  қалады.  Ал  қалада  оларды  ешкім  біліп  жатқан  жоқ. 
Өзімен-өзі өмір сүреді. Сондықтан да әйел адамдардың саны қалада 
өсе береді. Ал ер азаматтарды қарт әке-шешесі «бізді асырайсың, 
үйдің  шаруасына  қарайсың»  деп  ауылда  қалдырып  қояды.  Олар 
келсе де кейіндеу келеді. Міне, осындай миграциялық ерекшеліктер 
бізде орын алып отыр. Сіздер бұны байқамауларыңыз мүмкін. Ал 
мен оны маман ретінде байқаймын. Кейде маған «ректор болып ав-
тобуспен қалай жүресіз?» деп айтады. Автобуспен жүретінім, мен 
жаңағы демографиялық өзгерістерді көремін. Қоғамдық транспорт-
та  отыратындардың  көбісі  әйелдер.  Қалада  450  мың  машина  бар, 
соның  400  мыңын  еркектер  жүргізеді.  Еуропалық  диаспораның  

71
қартайып  бара  жатқанын  да  байқайсыз.  Шығыс  халықтарының 
әсіресе,  қазақтардың  құрамынын  жас  екенін  де  байқауға  болады. 
Біздің  қазақ  елі  қартая  қойған  жоқ.  Біз  әлемдегі  жас  ұлттардың 
бірінен саналамыз.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал