Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет5/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

–  Бүгінгі  оқырмандарға  осындай  тарихи  тақырыптарға 
жазылған  кітаптар  керек  деп  ойлайсыз  ба?  Олар  жаңа  заман 
ұрпақтарының сұранысын қанағаттандыра ала ма?
– Жаңа ұрпақ қажет етпеген күннің өзінде де бізге қажет деп ой-
лаймыз. Егер жастар бірбеткей, бір жақтылы болып тек ақшаның 
соңында кететін болса, егер адамда сана болмаса, оның мәдениеті, 
әдебиеті, поэзиясы болмаса жалғыз материалдық байлықпен қайда 
барады.  Егер  ол  халықтың  рухани  игілігіне  қызмет  етпесе  ол 
байлық кімге керек. Әдебиет деген біздің тынысымыз, тіршілігіміз, 
осы біз ауаны қандай қажет етсек поэзияны да сондай қажет етеміз, 
ол  біздің  рухани  азығымыз.  Табиғатпен  етене  жақын  енжайлап 
өскен  халықпыз.  Мен  тауларды  керемет  жақсы  көремін.  Аспан 
таудың  аясында  туып,  сонда  өскен  қазақ  қызының  бірімін.  Бүкіл 
өлеңдерімнің бәрі табиғатпен астарласып, өріліп жатады. Таудың, 
даланың ауасын қаланың қапырық ауасымен салыстырып көріңізші. 
Кез  келген  қазақ  баласы  еркін  есіліп  жатқан  желі  мен  жусан  иісі 
бұрқыраған тауы мен даласын бір сәт аңсамайды деп айтыңызшы. 

42
Адам  бұл  ортада  өзін  басқаша  сезінеді.  Сондықтан  да  өлең  десе, 
поэзия десе астындағы атын түсіп, үстіндегі шапанын шешіп беріп, 
ақындарын тәңірдей, құдіреттей сыйлаған қазақ үшін әдебиет өте 
керек. Әсіресе, қазақ пен поэзия егіз, олар сан ғасырлар бойы бірге 
өмір сүріп келеді. Сондықтан бізді ешкім олардан айыра алмайды.
–  қазір  өмір  де,  наным  түсінік  те  өзгеріске  ұшырап, 
мүлде  жаңа  қоғамдық  қатынастар  қалыптаса  бастады.  Ол 
әдебиетшілерімізге қалай әсер етіп отыр. Сіздер заман ыңғайына 
қарай бейімделіп келесіздер ме?
– Енді оны кім қалай сезінеді, қалай қабылдайды соған байла- 
нысты. Ол әркімнің еркіндегі нәрсе. Қазір демократия деп санды- 
рақтап, тіпті кейде оны артық пайдаланып кеткен де жағдайлары- 
мыз бар. Еркіндік деген  ауызға не келсе соны айту емес. Ол халыққа 
салиқалы ой айту. Біздің алдымызда өткен арқалы ақындарды халық 
неге жақсы көреді? Неге сүйіп оқиды? Демек халықтың көкейінен, 
көңілінен шығатын, солардың «осы айтса екен-ау» деген тілектерін, 
қалауларын  айтып  кеткендіктен.  Сол  себептен  де  күні  бүгінге 
шейін халық жыраулары Ақпанбеттер ел аузынан түспей келе жа-
тыр.  Өйткені  олар  халықпен  бірге  жасайтын  өмірлі  шығармалар 
тудырғандар.
Ақын да өзінің заманымен бірге өмір сүріп жатқаннан кейін бет 
алды «ләпәи, тақсыр» деп құлшылық етпей, оның керекті жағын алу 
керек. Бәрін жүз пайыз бойға сіңіріп алу мүмкін емес нәрсе.
Поэзия  –  бұл  өте  тұнық,  өте  терең,  өте  өміршең  дүние.  Егер 
бұлай  болмаса  біз  Абай  тағылымдарын  баяғыда-ақ  ұмытқан  бо-
лар едік. Ал биылғы жыл – Шәкәрім жылы. Кезінде анау Байрон, 
Гетелерді  аударған  Шәкәрім  сынды  құдіретті  ақындар  емес  пе 
еді. Бұған ғаламат дарын, ғажап білім, ақыл, парасат, қуатты күш, 
сол  ақындарды  аударатындай  деңгей,  кең  көсіліп,  төгіліп  жатқан 
поэзиялық  тыныс,  ақындық  шабыт  керек.  Ақынға  талғампаздық 
өте қажет қасиет. Бүкіл туындысына, жазған дүниесіне сын көзбен 
қарамаған ақын ақын емес. Жұрттың қалауынан шығатын, рухани 
қажетін  өтейтін,  «өзімнің  заманыма  лайық  дүние  жазып  жатыр-
мын  ба,  жоқ  па?»  деп  бір  мезет  ойланса  артық  болмас.  Өкінішке 
орай жас ақындардың көбі, жанына тиіп жандарын жаралағым да 
келмейді,  бірақ  біздің  заманымызда  біздер  ақындардың  кітабын 
жастығымыздың астына жастанып оқитынбыз. Біз поэзияға сусап, 
шөлдеп тұратынбыз. Қасым Аманжоловтың, Сырбай Мәуленовтың, 
Жұбан Молдағалиевтің, Хамит Ерғалиевтің, Мағжан Жұмабаевтың, 

43
Әділбек  Абайділдановтың  өлеңдерін,  кітаптарын  іздеп  жүріп 
оқитынбыз.
Ал қазіргі жастарда осындай құштарлық бар ма десек, керісінше 
«мен кереметпін» деген көзқарас, «менен асып тұрған ешкім жоқ» 
деп  кеуделерін  керіп,  ешкімді  менсінбей  менменсеніп  жүретіндер 
көбейіп  бара  ма  қалай.  Менің  ойымша  олардың  бұнысы  таяздық. 
Егер  ол  өте  білімді  болса,  өте  көп  оқыса  «мен  кереметпін»  деп 
кеудесін кермес еді. Талғамсыз дүниелер жазбас еді.
– Жазушылар, ақындар арасында бір-бірінің жаңа туынды-
ларына ағынан жарылып әділ баға берушілер азайып кетті де-
генге не дер едіңіз? Әйтсе де өзіңіз жайлы ағаларыңыз, құрбы-
құрдастарыңыз айтқан қандай пікірлер есіңізде қалып қойды?
–  Әрине,  Ғабит  Мүсірепов,  Әбділдә  Тәжібаев,  Мұқаметжан 
Қаратаев  сияқты  үлкен  ғұлама  ақындар  мен  сыншылар  сол 
замандардың өзінде том-том сын кітаптарын жазып кетті. Айтуға 
тұратын қазақ әдебиетінің ірі сүбелі дүниелері де болды. Солардың 
жақсысын «жақсы», жаманын «жаман» деп айтатын азулы сыншы-
лар  да  аз  болмады.  Ал  қазіргі  заманда  да  ондай  ағаларымыз  жоқ 
емес бар. Жақсылық Бұрабаев, Тұрсынбек Кәкішев бұл кісілер өз 
пікірлерін айтып, жазып жүреді. Әдебиет, поэзия қазақ үшін ортақ. 
Ал  осыны  жер-жерге,  жік-жікке  бөлгеннен  қорқамын.  Осындай 
көзқарас  болған  жерде,  әрине,  ешқандай  бірлік,  біртұтас  әдебиет 
болмайды. Сондықтан да рухани дүниелер ортақ деп елдік тұрғыдан 
қарап, ой толғап, қалам тарту керек. Әрине, кімнің кім екенін, қайдан 
шыққанын халықтың білгені артық емес. «Бөлінгенді бөрі алады, 
жарылғанды жау алады» дейді атам қазақ, бөлінгеннен сақтасын.
Қазір  ағын  ақ,  қарасын  қара  деп  айтатын  сын  жоқ.  Ешкім  сы-
намайды, әншейін сылап, сипап атүсті пікір айтып кете береді. Ал 
бұрын  «мынау  еркек,  мынау  қыз»  деп  бет-жүзіне  қарамай  оңды-
солды  сынай  беретін.  Мысалы,  Мұқаметжан  Қаратаевтың  «Қыз 
шыққан  қия»  деген  үлкен  сын  мақаласы  «Жұлдыз»  журналында 
жарияланды. Онда алғашқы ктабым «Балқұрақ» жайлы айтылады. 
Сәтті  сапар  тілеп,  ақ  баталарын  берген  ағаларым  өте  көп  болды. 
Олар Қуандық Шаңғытбаев, Ғафу Қайырбеков.
–  Өзіңізбен  қатар  ақындардың,  жас  қаламгерлердің,  шетел 
жазушыларының шығармаларын, өлеңдерін оқисыз ба?
– Мен Абай өлеңдерін  жаттап өстім. Өзіміздің ақындардан көп 
оқыдым.  Мәскеуде  жоғары  әдеби  курста  оқып  жүргенде  әкемнің 
айтқан  мына  бір  сөзі  есімнен  шықпады.  «Орыс  әдебиеті  деген 

44
үлкен дүние. Сен бүкіл әлем әдебиетінен хабардар болуың керек. 
Екі  жылдың  ішінде  сен  көп  дүниені  игеріп  қайтасың.  Бұл  сенің 
болашақ  өмірің  үшін  керек»,  –  деп  еді.  «Бар  сенерім  –  Бір  Алла, 
содан  кейін  –  өзімнің  күшім,  білімім,  талантым».  Онда  жүргенде 
Пушкинді  беріле  оқыдым.  Абай  аударған  «Татьянаның  хатымен» 
бала кезден таныспын. Оның әнін айтып өстік. Сондықтан Пушкин 
өлеңдері мен үшін бір төбе. Сонымен қатар Есениннің өлеңдерін 
жақсы көремін. Пастернакты, Тютчевті, Анна Ахматованы көбірек 
оқыдым.  Тұманбай,  Ғафу,  Жұмекен,  Қайрат  сынды  ақындардың 
ортасында  болдым.  Құнарлы  жерге  дән  ексең  дүркіреп  өседі  ғой. 
Сол  сияқты  осындай  бір  қазақ  поэзиясының  шоғырлы  ортасына 
тап  болдым.  Маған  Мариям  апаның  «Шашу  шаштым  халқыма» 
деген өлеңдері қатты ұнады, ерекше әсер етті. Оны Қытай елінде 
жүргенде  оқыдым.  Мариям  апа:  «Сен  екінші  Мәкеңсің»  дейтін. 
Қиындықты  көп  көрсе  де  қажымаған  қайсар,  тұла  бойы  тұтасқан 
бір ерліктен тұратын сияқты. Тұрсынхан апа ақындықты, әншілікті, 
ғалымдықты қатар алып келе жатқан адам ғой. Аз болса да саз бо-
лып  жеткен  Шолпан  Иманбаева,  Зияш  Қалауова.  Бұлар  ертерек-
те  шыққан  қазақтың  ақын  қыздары.  Құдайға  шүкір,  өзім  қатарлы 
ақын  қыздар  баршылық  қой.  Фариза,  Ақұштап,  Күләш,  Қанипа, 
Мағираш..,  бәрін  атай  беру,  әрине,  шарт  емес  шығар.  Енді  бізден 
кейінгі толқынға келсем Ханбибі Есенғараева, Гүлнәр Салықбаева, 
Баян  Бекетова,  Гүлнәр  Өмірзақова,  Танакөз  Толқынқызы,  Назира 
Бердәлі,  Жанар  Әбсадық.  Аталған  ақын  қыздардың  өлеңдерінде 
өмір, сезім, табиғат, тіршілік бәрі-бәрі бар.
– Тақыр жерге шөп шықпайды демекші ақындық та, өнер де 
тегін адамға қонбайтыны белгілі. Оның арғы төркінін тектілік 
дейміз. Жалпы осы тектілікті сіз қалай түсінесіз?
– Қазақ айтады «мынау текті жерден шыққан немесе мынау бір 
жеті атасы жарымаған барып тұрған тексіз екен», – дейді. Бұл ата-
бабадан тұқым қуалайтын, қанмен бойға даритын қасиет. Атам қазақ 
оқымаса да «мына адамның көкірек көзі ояу екен, көкірегінің көзі 
бар» дейді. Ол білімдарлық, тектілік деген сөз. Ал ештемені көрмей 
өскен  адамнан  не  шығады.  Осыдан  мыңдаған  жыл  бұрын  өткен 
Қытайдың бір ұлы ғалымы Хун Ху 3-дың жазғанын оқып едім, ол 
жеті жасқа келгенше әкесі бірнеше жерге көшіп, қонысын ауыстыра 
беріпті. Күндердің күнінде әкесінен: «Сіз неғып осы көше бересіз? 
Неге бір жерде бір байыз тауып отырмайсыз?», – деп сұрайды. Сон-
да  айтады  екен:  «Кімнің  баласы  жақсы,  тәрбиелі,  көргенді»  десе 

45
мен  сонымен  барып  көрші  болдым.  Өйткені  көршінің  баласымен 
араласқан кезде оның бойында бар жақсы қасиетті қабылдасын деп 
көшіп, қондым. Кімнің баласы жаман болса онымен қоныс қонып 
көрші  отырған  жоқпын»,  –  дейді.  Бізде  «баланы  жастан...»  деген 
ұлағатты қағидада зор мән бар. Қазақ керемет философ халық. Бәрін 
түйіндеп  айтып  кеткен.  Өкінішке  орай  қазіргі  жастарымыз  оған 
көңіл  аудара  бермейді.  Жеті  жасқа  дейін  берген  тәрбие,  үйренген 
нәрсесі өсе келе дамып отырады. Бала көзін ашқанда қандай тілмен 
сөйлейді, сол тіл баланың санасында қалыптасып қалады. Ана тіл 
деген ананың ақ сүтімен келетін дүние ғой. Тілі қазақша шыққан 
бала қазақ тілін өмірі ұмытпайды. Сонан соң біздің халық уыз ем-
ген балаға ерекше мән берген. Ал уызға тоймаған баланы «уызында 
жарымаған» дейді. Уызында жарымаған бала өмірі жарымай өтеді 
дейді екен. Сондықтан бала емшек сүтімен қоректену керек. Қазақ 
жеті атаға толмай қыз айттырмаған. Ал пәлен жақта пәленнің осын-
дай жақсы қызы бар екен десе соны жеті қырды асып барып айтты-
рып алған. «Анасын көріп қызын ал» дейді екен атам қазақ. Егер 
шешесі текті  жақсы адам болса соның сүтімен ауызданған қыз бала 
тәрбиелі, көргенді болады дейді екен. Ал көбіне ұл баланың жақсы 
болмағы жеті атасынан ғой деп жатады. Демек оның әке жағы текті 
болғаны.  Көрдіңіз  бе  біздің  халық  әке  жағын  да,  шеше  жағын  да 
еске алып баласын жақсы, болған, толған жердің қызын айттырған. 
Тіпті қарын құда болғадар да бар. Содан барып бұлардан өте жақсы 
ақылды,  елінің,  жерінің  тағдырын  ойлайтын  ұлы  тұлғалар  өмірге 
келіп, қалыптасуы соған байланысты екен. Ал қазір тегіне қарамай 
есеппен үйленіп, бай мен бай құда болып жатыр. Оның құдалығы 
қаншаға барады оны бір Құдай біледі.
–  Сізді  қаламдастарыңыз,  еліңіз  еркелетіп  «жыр  аққуы» 
дейді. Өзіңіз осы теңеу маған тауып қойылған деп ойлайсыз ба? 
Оның мәнісі неде? Жоқ, әлде құрбыларыңыздың қойған «аты» 
ма?
– Оқырмандарымның өзі мені осылай атап кетті. Жас кезімнен 
әке-шешем  мені  әппақ  қып  киіндірген.  Біздің  тұқымдарымыздың 
бәрі өзі бойшаң. Әкем де, шешем де әппақ сүліктей әдемі кісілер бо-
латын. Мен табиғаты керемет сұлу өлкеде дүниеге келдім. «Сайрам» 
тұп-тұнық, жан-жағын тау қоршаған көл. Аспанда ұшқан аққулар 
мен  ақша  бұлттардың  бәрі  сол  көлдің  бетінде  табысатын.  Жел 
болмаған  күні  тып-тынық  айнадай  болып  жатады.  Сонда  аққулар 
келіп, көлге шомылады. Мен кешке шейін сол аққулармен ойнайды 

46
екенмін.  Олардың  қанаттарының  қаққанын,  таранғанын,  сыңсып 
«ән»  салғанын  қызықтап,  көлден  көтеріле  ұшып  кетпейінше  үйге 
оралмайды екенмін.
Өзім өте нәзік болдым, күн өтпесін деп ақ киім кигізеді екен. Ақ 
киімді жақсы көретінім содан болса керек. Оның үстіне жұрттың 
ниеті,  тілегі  ақ.  Екіншіден,  1968  жылы  Жазушылар  одағына 
мүшелікке өттім. Куәлігімізді Мәскеуде Марков өз қолымен тап-
сырды. Сонда «сіздің Бүркеншік атыңыз қандай?» деп сұрады. Мен 
ойланбастан «Лебедь» дедім. Осыдан кейін «жыр аққуы» атанып 
жүре бердім. Кейінгі шыққан кітабым да «Аққу жүрек» деп ата-
лады. Мен өзі тазалықты, пәктікті, адалдықты өте жақсы көретін 
адаммын.  Поэзия  құдіреті  таза  нәрсе,  оған  періштедей  қарым-
қатынас керек. Осы уақытқа дейін поэзиямен егіз өмір сүріп, ол 
мені,  мен  оны  тастамай  жүргенімнің  тағы  бір  себебі  «Шыңдағы 
жазу» атты жинағымда:
 
Қара бұлттан түскен жалғыз тамшымын,
 
Өлең ием мен оған бір жалшымын.
 
Керек жанға самал желдей жұмсақпын
 
Керегі жоққа осып түсер қамшымын, – деуімде жатса керек. 
Уақыт өзі сыншы, керегін алады керек емесі ұмыт болып қалады.
«Жүйрікті  өрге  салсаң,  өршеленер»  дейді  ғой  атам  қазақ.  Сол 
айтпақшы, мен намысқа тырысып, кейісем де,  ашынсам да, көзімнің 
жасын  ешкімге  көрсеткен  емеспін.  Өз  үйімде,  төрт  керегемнің 
ішінде  жылап-жылап  алатын  да  кездерім  болатын.  Бірақ  артынан 
отыра  қалып,  өлең  жазатынмын.  «Өлең  –  менің  тағдырым,  өлең 
менің  жақыным,  өлеңнен  басқа  менің  ешкімім  жоқ»  дейтінім  де 
содан.  Ақынның  да  ақыны  бар.  Шынайы  ақынды  халық  қашанда 
қастерлеген.  Абайдың  ұлы  ақын  болып  қалуының  өзі  елінің 
бүкіл  жақсы-жаман  жақтарын,  қым-қуат  тағдырын  өлеңге  арқау 
еткендігінен шығар...
– Өмір тақтайдай түзу жол емес екені белгілі. Әсіресе, ақын 
қыз үшін кездесетін қиындықтар, кедергілер, аяқтан шалу аз 
болмасы ақиқат. негізінен, олар қандай жағдайларға байланы-
сты орын алады?
– Мен бұған өлеңмен жауап берейінші:
 
Өмір деген емес ол атты кісі,
 
Толып жатыр бүкпесі қақтығысы.
 
Қыз мінезді кейде бір сұлу көктем,
 
Келеді екен кейде оның қатты қысы, –

47
өмір деген міне, осындай. Мен өмірдің қиындығын да, жақсылығын 
да көп көрдім. Мысалы:
 
Ойлайды екен осы жұрт мені кім деп,
 
Сырт қараған адамға желігім жоқ.
 
Ал ішіме үңілсең ғасырлардың,
 
Дауылы ойнап жатады, желі гулеп, – көрдіңіз бе мен бүкіл 
ғұмырымды өлеңмен баяндап отырамын. Немесе:
 
О, жас жүрек не тілейсің, бабыңды таппай келем,
 
Кейде мен кейбіреуден қақпай көрем.
 
Жанға айтпаған сырымды саған айтып,
 
Тұңғиық тереңінде сақтай берем, – бұл жүрек неге ауырды 
дейсіз. Әсіресе, асқар тауым әкем дүниеден өткенде ерекше қатты 
сыздады.
 
Қаншама артық болса да басқа қала,
 
Жетер ме, өз туған жер, тас қораңа.
 
Алыс жүрсең құс болып сағынышың,
 
Құшақтай ма, жартасын жастана ма.
 
Әлде одан өрім өмір бастала ма,
 
Әлде оған сырлы ыстық жас тама ма.
 
Әлде одан көтере ме, алғаш рет,
 
Шырылдап жатқаныңда асқақ ана.
 
Әлде адам сарқып барып бар тірлігін
 
Бір уыс топырағын жастана ма.
Жат елде қаншама алқып-шалқып жүрседе әкемнің есінен туған 
жер  мен  елі  ешуақытта  кетпеген.  «Елге  аман-есен  оралып,  туған 
жердің бір уыс топырағы бұйырып өлсек арман жоқ», – дейтін. Сол 
ата-анамның арманы мені осы уақытқа дейін жетелеп келе жатыр. 
Ал поэзия Алланың маған берген сыйы.
–  Сіз  өз  қатарластарыңыздан  кімдермен  дос  болдыңыз, 
кімдермен араластыңыз?
–  Менің  дос-жарандарымның  көбісі  –  ер  адамдар.  Біз  жас  кү- 
німізде  Жұмекеңмен  өлең-дос  болдық.  Зейнолла  Серікқалиевпен, 
Сайын Мұратбековпен сыйлас, сырлас ретінде араластық. Бір жаңа 
дүние жазсақ, сиясы кеппей жатып, дереу соны талқылайтын едік.
Ал жалпы алғанда, менің өмірдегі ең жақын, ең үлкен досым – 
менің әкем болды. «Қыз» деп маңдайымнан қаққан емес, атымды 
тіке атамайтын, ылғи «мәрпетай» дейтін. Не жағдай болсын, ылғи 
әкеммен кеңесетінмін. Мәскеуде жүргенде де туған жермен, ағайын-
туыспен  жалғастырып  жатқан  бірден-бір  нәрсе  –  әкемнің  маған 

48
жазған хаттары еді. Ол әкемнің қатты ауырып жүрген кезі болатын, 
енді ойлап отырсам, ол кісінің өмірінің соңғы кезіндегі барлық ал-
данышы, жұбанышы маған хат жазу болған екен...
Қазір буын мен буын арасында тап сондай сыйластық, тап сон-
дай қарым-қатынас бар деп айта алмаймын. Бұрындары бірен-саран 
ақын  қыздар  келіп  тұратын.  Бірақ  тұрақты  бір  хабарласып,  ақыл-
кеңес сұрап тұратын адам аз. Реті келгенде ақыл-кеңес айтсаң, сыни 
пікір білдірсең, кейбіреулерінің тіпті сөз көтеретін сыңайларын да 
байқамайсың.  Бірақ  мен  ондай  адамдарда  биіктік,  тереңдік  бола 
қояды деп ойламаймын. Олардан керемет поэзия да күтпеймін...
МыРзаТай ЖОЛДаСБЕКОв,
қоғам қайраткері
Бабалар аңсаған арманға жеткен
біз – бақыттымыз!
аузы дуалы ғұламалардан бата алған, әлемдік түркологияны 
елең  еткізген  жаңалықпен  ғылымға  келген,  қазақ  ауыз 
әдебиетінің  бастау  көздерін  ашқан  дарынды  ғалымдардың 
бірі,  іскер  ұйымдастырушы,  парасатты  дипломат  Мырзатай 
Жолдасбеков  шын  мәнінде  мемлекетшіл  азамат,  халықтық 
тұлға. Ол қайда барса да, қандай қызметте жүрсе де мемлекет 
мүддесін,  ел  тарихын  бір  сәт  естен  шығарған  емес.  Көрнекті 
қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ең ал-
дымен халықтың ауызбіршілігін, ынтымағын ойлап, елді үнемі 
бірлікке, ынтымаққа шақырумен келе жатқан, ел қамы үшін 
аттан түскен жан емес. қиын кезеңде елдіктің туын жықпаған, 
адамгершілік пен кісілікті, ақылмандық пен абыздықты қатар 
ұстаған, жүрегінен от, көзінен нұры таймаған жампоз, ұлтының 
дәстүрлеріне  берік  еңбекқор  ізденімпаз  ғалым,  жас  ұрпақтың 
тәрбиешісі, ұлттық мәдениеттің қара нары Мырзекеңе жолы- 
ғып, әңгімелескен едік.
– Сіз қазақ тарихын бір кісідей білетін еліміздегі биік тұлғалы 
ғалымдардың бірісіз. қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезең- 
дерінде  ұлтжанды  қайраткер  ретінде  жауапты  қызметтер 
атқарып, бар қуатыңыз бен біліміңізді, мол тәжірибеңізді елдің 

49
игілігіне арнадыңыз. Яғни, жас мемлекетіміздің бұғанасы бекіп, 
қабырғасының  қатаюына  бір  азаматтай  үлес  қосқаныңызды 
ел  біледі  десек  артық  кетпеспіз.  Енді  осыған  байланысты 
ойыңызды ортаға салсаңыз...
– Біз кезінде дербес ел болып, бұрынғы мемлекеттерді айтпағанда 
қазақтың даласында, қазақтың байтақ жерінде орнаған кемінде жи-
ырма шақты мемлекетті білемін. Әр түрлі аталған, әр түрлі тағдырға 
ұшыраған.  Бірақ  шырағы  бір  сөніп,  бір  жанған,  қайта  тұтанып, 
қайта сөнген осындай мемлекеттер аз болған жоқ. Ол кезде негізгі 
мәдениет,  жалпы  біздің  мемлекеттігіміздің  тұғырлары  Шу,  Тараз 
және Оңтүстікте осы өлкелерде ерекше қанат жайған. Одан кейін 
Түрік қағанаты, оның бер жағында Қазақ хандығы. Қазақ хандығы 
Абылайдың тұсында бірталай дәуірлеп, дәурендеп, әжептәуір елге 
танылып, елші жіберіп, сөйтіп кәдімгідей кәнігі қалыптасқан мем-
лекет дәрежесіне жетті. Бірақ біз қанша мақтағанмен Абылайдың 
тұсында  қазақ  Абылайдың  туының  астына  тұтас  кірген  жоқ.  Бұл 
енді біздің үлкен трагедиямыз еді. Басы біріге қойған жоқ. Соның 
салдарынан  алғашқы  Түрік  қағанаты  кезіндегі,  кейінгі  қазақ 
хандығы кезіндегі мәңгілік ел орнату, іргелі мемлекет болу идеясы 
жүзеге аспай қалды. Кенесарының тағдырының өзі анау болды, ол 
белгілі. Қазақтың соңғы ханы талапайға түсті. Бұл дүниежүзіндегі, 
әлем  тарихындағы  ең  тағдыры  ауыр  басшы  ғой  деп  ойлаймын. 
Кенесары  өмірі  ол  қазақтарға  сабақ  болуы  керек.  Кенесарының 
тағдыры, Кенесарының тәуелсіздік үшін күресі, оның жолындағы 
көрген  мехнатын  қазақ  ұмытпауы  керек.  Сол  кездегі  алауыздық, 
басы бірікпегендік, сатқындықтың аяғы неге әкеп соғатын біз жа-
дымыздан  шығармауымыз  керек.  Солардың  бәріне  басын  тікті 
Абылай. Абылайдың жаны тәтті емес пе еді. Тәтті еді ғой. Әсіресе, 
ханның жаны ғой ол. Ханның жаны өзінен гөрі халыққа керек қой. 
Бірақ Абылай тәуелсіздік үшін ел шетіне жау келгенде соған қарсы 
күреске,  жекпе-жекке  шыққан  жоқ  па.  Барын  тікті  ғой  халықтың 
тағдырына.  Бұл  шындығында  сұмдық  тарих.  Ал  енді  Құдайға 
тәубә, сан мың жыл күресіп, азаттық үшін, тәуелсіздік үшін жанын 
қиып, пида қылған, қаны судай ақын бабалар аз болған жоқ. Бірақ 
олар  мынандай  бәлиғатқа,  арманға  жете  алмады.  Біз  жетіп  отыр-
мыз. Аз бақыт емес бұл. Осы бақытты біз ұғына білуіміз керек. Сол 
бақытқа халықпен бірге ие болу нәсібі әуелден Елбасы Нұсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевқа  тиген  екен.  Бұл  оңайдан-оңай  болатын 
нәрсе  емес.  Тарихтың,  Алланың  өзінің  шақтап  берген  сыбағасы 

50
бұл.  Сондықтан  ешкім  оны  бөліп  ала  алмайды.  Назарбаевтың 
тәуелсіздік орнатудағы, оны баянды етудегі, қазақ халқының ішкі, 
сыртқы  саясатын,  экономикалық  реформалау  саясатын,  нарық  са-
ясатын  қалыптастырудағы  бұл  кісінің  орасан  зор  еңбегін  ешкім 
тарихтың  еншісінен  бөліп  ала  алмайды.  Біз  қазір  Құдайға  тәубә, 
көп  елдермен  терезесі  тең  мемлекетке  айналдық.  Бас-аяғы  он 
бес  жылдың  ішінде.  Жасы  он  беске  толған  бала  еркелемей  тамақ 
ішпейді.  Ал  қазір  он  бес  жылдың  ішінде  мемлекет  болдық.  Бұл 
біздің  ғалымдарымыздың  ойланып,  толғанып  отырып  жазатын, 
жан-жағынан жабыла көмкеріп қасиетін ашатын үлкен бір айшықты 
тақырып, осы ма, деп топшылаймын. Бұған біздің ғалымдарымыз 
терең бара алған жоқ. Бетінен қалқып жүр әлі. Олар тереңіне сүңги 
алмай  жүр.  Елбасы ол  тегін  адам емес.  Осыншама ақылға, осын-
шама  саясатқа  қол  жеткізу,  мәселен,  АҚШ  сияқты  мемлекетпен 
иығын тірестіріп тұрып, терезесі тең сөйлесуі, мен бұндай бақытты 
қазақ көрген жоқпын. Мен Құдайдан осы бақытты тартып алма деп 
тілеймін.  Сондықтан  қазір  біздің  саясатымыз  қалыптасқан  елміз. 
Өзін-өзі асырау, өз дәулетін өзінің халқына жарату былай тұрсын, 
қазір  Қазақстан  көршілес,  тіпті  бізден  алыста  жатқан  көп  мемле-
кеттерге жәрдем бере бастады. Бұған тәубә дейміз, Құдайға шүкір 
деуіміз керек. Қазақстанның болашағы өте зор деп ойлаймын.
– Бүгінде Елбасы ғылымға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыдан 
біраз уақыт бұрын шет елде жүрген белгілі ғалымдарымызды 
жинап,  «Отанға  қызмет  істеңіздер!  Елге  келіңіздер!»  деп 
шақырғаны белгілі. Сонда жалпы қазақтың ғылымының аяқ 
алысы қандай?
–  Қазақ  халқы  әлемдегі  адамзаттың  ішіндегі  өте  бір  фено-
мен  халық  деп  ойлаймын.  Бұның  ойлау  кеңістігі,  ойлау  қабілеті, 
шешендігі, көсемдігі, бұның философиясы, бұл халықтың тереңдігі, 
данышпандығы, кемеңгерлігі ерекше халық. Осыншама эпостар ту-
дыру,  осылай  көсіліп  шешен  сөйлеу,  бір  сөзбенен  істің  тағдырын 
істің ғана емес, мемлекеттің, елдің, еларалық қатынастың тағдырын 
шешу көп халықтың еншісіне беріле бермеген бақыт. Ал енді бұның 
бәрі ақылға келеді ғой. Ғылым қайдан шығады?
Ғылым  ақылдан  шығады.  Кеңес  дәуірінде  де  қазақтан  шыққан 
ғалымдар өте көп болды. Мықты ғалымдар. Қазір Құдайға тәубә, 
кешегі  аласапыран  заман  келген  кезде  біздің  ғалымдарымыз, 
көптеген өнер қайраткерлері шет елге кетіп қалды. Одан кейбіреулер 
трагедия  жасады.  «Мен  жасамаңдар»  дедім.  Олар  кәдімгі  сейфке 

51
салып қойған сенің асылың сияқты тұра тұрсын. Жәбір көрмесін, 
жаны қиналмасын, заманы келеді. Ол барып дамыта берсін әлемнің 
мәдениетін.  Оған  да  үлес  қоссын,  ғылымға  да  үлес  қоссын.  Ал 
түбінде  олар  елдің  жағдайы  жөнделгеннен  кейін  қайтып  келеді. 
Ғалым  деген  олар  өте  бір  жаны  нәзік,  өнердің  қайраткерлері  де 
жаны нәзік адамдар. Бұларға үлкен қамқорлық керек. Әлпеш керек, 
аялап отыру керек оларды. Енді міне Құдайға шүкір ел етегін жап-
ты, есін жиды. Елбасы өткенде сыртта жүрген талантты, дарынды 
бауырларымызды шақырды. Ал қазір жағдай бар. Тура сол жердегі 
жағдайды қазір Қазақстан өз елінде жасай алатын мүмкіндік туды. 
«Келіңдер енді, оралыңдар, халқыңа, отаныңа қызмет етіңдер!» деді. 
Не деген құдіретті сөз. «Келеміз!» деді олар. Енді Құдай қаласа, мен 
ойлаймын аяқсыз қалмайды. Сондықтан білімді де, ғылымды да да-
мытатын  осындай  дарынды,  талантты  жастар.  Әркім  өз  баласын 
әлпештегенде қоярға жер таппайды. Алтын да сол, құлын да сол, 
қозы да сол, періште де сол – енді теңеу таппай қиналады. Ал сол 
бала көшеге шыққаннан кейін кімдікі екенін білмейсің. Жалпы бо-
лады. Сол баланың бәрі қазақтан туған екенің, қазақ перзенті екенін 
біз  үнемі  ескеріп  отыруымыз  керек.  Сондықтан  «жастар  біздің 
келешегіміз,  жастар  біздің  болашағымыз!»  деген  бір  ұран  бар. 
Келешегің болса, онда қамқорлықты алдымен жастарға жаса. Соңғы 
кездері байқасаңыздар, Елбасы өнердің, білімнің, мәдениеттің жас 
қайраткерлеріне  жылда  Тәуелсіздік  күнінде,  жақсылық  күндердің 
бәрінде  қамқорлық  жасап,  пәтер  беріп  жүр.  Бұл  үлкен  саясат. 
Қамқорлық  деп  осыны  айтады.  Жеңілдікпен,  несиемен  беретін 
пәтерлер  және  бар.  Міне,  осындай  пәтерлерді  «ең  алдымен  жас 
отбасыларға  беріңдер!»  деді  ғой  Елбасы.  Мен  осы  комиссияның 
мүшесі болдым. Ол жаңа басын құраған, алғашқы жылдары өте бір 
мехнатпен  өтетін  жастарға  мұндай  қамқорлық  ауадай  қажет  емес 
пе?  Қолыңнан  келсе,  ең  алдымен  сол  жастарға  көмектес.  Содан 
кейін  Қазақстанның,  қазақ  халқының  келешегі  солардың  белінде 
жүргенін  біз  ұмытпауымыз  керек.  Оларды  жәбірлемеу  керек, 
алақанға салып әлпештеу керек, аялау керек деп ойлаймын.
Білім, ғылым туралы да әр түрлі, әр салалы пікірлер, көзқарастар 
болып  жатады  қоғамда.  Оны  ауыр  санамау  керек.  Мен  ойлаймын 
осы  білім,  ғылым  саласын  басқаруға  келген  ешбір  министр  «мен 
осыған  кедергі  жасайын»  деп  келмейді  «дамытам»  деп  келеді. 
«Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабады» дегендей әрқайсысы 
өзінің  әліне  қарай  қызмет  істейді.  Қазір  министр  болып  келген 

52
ініміздің  аяқ  алысы  жаман  емес.  «Еліміздегі  адамға  да,  білімге 
де, ғылымға да керегі жоқ осы қаптаған академиялардан, универ-
ситеттерден  құтылыңдар»  деді  ғой  Президент.  Саны  көп  сапасы 
жоқ, аты бар заты жоқ. Міне, осылардан құтылсақ онда білімнің де 
бағы ашылады. Ғылымның да жолы ашылады. Кезінде, біз оқыған 
кезде Қазақстанның маңдайында жалғыз-ақ университет болатын. 
Кейін оған екінші болып Қарағанды универститеті қосылды. Одан 
кейін  жаңа  заманның  болмай  қоймайтын  қиын  кезеңінде  жұрт 
бет-бетімен кетті жамырап, ойына келгенді істеді. Мәселен, мына 
оңтүстік өлкемізде Сарыағаш жақтарда үш бөлмелі пәтерде универ-
ститет құрылған. «Естімеген елде көп» дегендей, бұл сұмдық екен 
дедім. Енді бұдан да құтыла бастадық.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал