Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет4/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

–  қазіргі  қазақ  драматургиясы  бүгінгі  нарық  талабы-
нан шыға алмай, кібіртіктеп қалғаны белгілі. Бұл жаңа дәуір 
көшіне  ілесе  алмаудан  туған  дәрменсіздік  пе,  жоқ  әлде  бұның 
басқа себептері бар ма? Бұған сіз не дейсіз?
– Қазір жалпы мемлекетке осы қоғамға әдебиет керек пе? – деген 
қарсы сұрақ қойғым келіп отыр. Алдымен осыны шешіп алайық. Ке-
рек! Драматургия керек пе? Керек! Драматургиясыз өмір сүре алмай-
тын театр керек пе? Керек! Демек, керек екен. Бұны шешіп алдық. 
Бұл – бір. Екінші, солардың бәрі өмір сүруі үшін не істеу керек? 
Диірмен астық құйып тұрмаса, ол ертең тоқтап қалады немесе екі тас 
бір-біріне егеледі де жарылып кетеді. Біздің елде қазір елу театр бар. 
соны немен қамтамасыз етеміз. Егер мемлекетке драматургия жанр 
ретінде керек екен, оған көп ақша қажеті жоқ. Оған көп болса, бір-
ақ миллион доллар керек екен. Бұл көп қаржы ма? Мәселені осылай 
тікесінен қою қажет. Бұл көп ақша емес. Соны тендер арқылы, кон-
курс жариялау арқылы, драматургтер ассоциациясын құру арқылы 
орынды пайдалануға болады. Ал театр арқылы жіберсе, ертең оны 
басқа мақсатқа жұмсап жібереді де, драматург тағы да қаспақ жа-
лап қалады. Төленетін ақша аз болған сайын драмалық туындының 
сапасы да төмендей береді. Қазір жүз мың долларға конкурс жария-
ласыншы, қандай жақсы пьесалар туар еді. Бәрін тастап жазар едік. 
Соған лайықты болсын дер едік. Мен ақша үшін ұмтылып отырған 

32
жоқпын. Бірақ ынталандыру деген болады ғой. Сол үшін өмір сүріп 
жатыр жұрттың бәрі. Шетелдің жазушыларының бәрі осылай өмір 
сүреді. Жігерлендіру керек. Ал азды-көпті теңге алатын болса, онда 
қалай болса солай жазып бере салады. Құтылады. Шалағай пьеса 
туады.  Ол  театрға  барады,  одан  шалағай  спектакль  туады.  Негізі 
материалы нашар болғаннан кейін мың жерден әрлегенмен, қанша 
талантты режиссер болғанымен одан дым шығара алмайды. Олар 
Станиславскийдің  сөзін  айтып  өзін-өзі  жұбатқан  болады.  «Маған 
телефонның анықтамасын берші, мен содан саған спектакль қойып 
берейін»,  –  деп  ол  күйгенінен  айтқаны  болу  керек.  Соны  біздің 
кейбір режиссерлер қайталай береді. Жоқ, ондай нәрсе болған емес. 
Болмайды.  Әйтпесе,  олар  соншалықты  мықты  болып,  кез  келген 
телефон  анықтамасынан  пьеса  жасай  беретін  болса,  жасамай  ма? 
Бізде жақсы спектакль болса, ол режиссердің мықтылығы, ал жаман 
спектакль болса, ол драматургтың жамандығы болып шыға келеді. 
Бізде  осылай  бағаланады.  Бізде  басқа  драматургия  жоқ,  қайтеміз 
драматургтеріміздің өрісі осы, биігі осы, шыңы, осы барымызбен 
базарымыз, пьесалар жоқ, – деп айта береді. Пьесалар бар. Міне, 
осы,  мәселелерді  Елбасына  жеткіздім.  Жаңағы  тоқырап  қалды, 
қазақ драматургтері пьеса жазбай кетті, заман ағымына ілесе алмай 
отыр дегендердің бәрі жел сөз.
–  Тарихи  оқиғаға  құрылған,  халқымыздың  рухын  таны-
татын,  соны  асқақтататын,  елдігімізді  көрсететін  ұлттық 
нақышта  жазылған  пьесаларымыз  басқа  тілдерге  аудары-
лып,  шетелді  былай  қойғанда,  еліміздегі  орыс,  ұйғыр,  неміс, 
корей  театрларында  неге  қойылмайды?  Бұл  жөнінде  сіздің 
көзқарасыңыз қандай?
–  Мен  оны  бар  болмысыммен  жақтаймын.  Ол  үшін  бізде  дра-
матургтер  ассоциациясын  құру  керек.  Солар  арқылы  аудару, 
жақсы  пьесаларымыз  неге  басқа  ұлт  театрларында  жүрмейді. 
Егер  осы  мәселелер  өз  шешімін  тауып  жатса  мен  үшін  қуаныш. 
Бірақ  қазақ  драматургиясы  үшін  ол  өкініш.  Неге  жалғыз  мен 
ғана  шетелде  қойылдым.  Қанша  уақыттан  бері  бір  шаңырақтың 
астында  бір  отбасы  болып  өмір  сүрдік,  Мәскеу  ортақ  астанамыз, 
өзіміздің отанымыздың жүрегі дедік. Біз өзімізді көрсете алмадық, 
мәселе  сонда.  Мен  Санкт-Петербургке  барғанымда  маған  қойған 
сұрақтардың бәрі адамның намысына тиетін сұрақтар болды. Бірақ 
өте жақсы сұрақтар. Заңды сұрақтар. Осы сияқты шығарма жаза-
тын дәрежеге қазақ драматургтері жетіп қалды ма? – деген сияқты. 

33
Осы сияқты басқа шығармалар бар ма? – деген мағынада. Заңды ма 
заңды. Өйткені білмеді ғой. Сен неге білмейсің деп бостан босқа 
ренжиміз.
Өйткені жалпы көңіл күй, әдебиетке деген көзқарас көңілдегідей 
болмай  тұрғаннан  кейін  жазушының  да  белсенділігі  төмендейтіні 
өзінен өзі белгілі.
– Сіздің жаңа шығармаларыңызды күтіп жүрген оқырман, 
пьесаларыңызды көруге асығып отырған жүздеген, мыңдаған 
көрерменді  әсте  естен  шығарып  алмаған  жөн  ғой.  «Битке 
өкпелеп  тоныңды  отқа  тастама»  демекші,  өтпелі  кезеңнің 
ауыртпалығына бола қаламды доғарып қою жараспас деймін. 
Өзіңіз қалай ойлайсыз?
–  Мен  шамам  келгенше  жазып  жатырмын.  Бүгінгі  өмірді 
көрсеткім келеді де тұрады. Біздің ертеңіміз қандай? Мені көптен 
бері осы сұрақ толғандырып жүр. Соған жауап іздеймін, соны сах-
надан көрсеткім келеді. Қазір прозадан гөрі драматургияға көбірек 
барғаным  бұл  оқушымен,  көрерменмен  бірден  сырласу.  Ал  сенің 
романың бітіп, ол жарыққа шығып оны оқушыға жеткізем дегенше 
көп  уақыт  өтіп  кетеді.  Өмір  деген  калейдоскоп  қой.  Өмір  өзгеріп 
отырады.  Бүгінгі  құнсыздық,  ертең  құнды  болып  бара  жатқан  за-
манда пьеса бірден адаммен байланысқа түседі, көрерменмен сыр-
ласады,  санасына  тез  ұялау,  соларға  жету,  соларға  асығу,  соларға 
ұмтылу, ойыңды соларға айту.
– Сіздің сөзіңізден мен мынаны аңғарып отырмын. Драма-
тург  қолына  қалам  алып  жазу  үстеліне  отырғанда  алдымен 
материалдық игілікті көбірек ойлайтын сияқты көрінеді. Сон-
да рухани игілік ұмыт қалғаны ма? Бұған Сіз не дейсіз?
– Жоқ. Ешнәрсе жазушы ойынан тыс қалмайды. Өз басым өмір 
шындығын айтып қалуым керек. Өйткені дәл осы шындықты, мен 
таңдап алған тақырыпты менен басқа ешкім жаза алмайтынына көзім 
жетеді. Бұл басқалардан асып түсу деген емес. Басқа жазушының, 
басқа драматургтің айтатын өзінің шындығы бар, оның өзі таңдаған 
тақырыбы бар. Соны ол жақсы біледі, соны жаза алады. Ол тарих, 
ол  саудагер  тірлігі,  ол  коррупция,  ол  махаббат  болуы  да  мүмкін. 
Сондықтан да әр қаламгердің өзінің жанына жақын тақырыбы бар. 
Дәл осы күнде, осы таңда керек-ау деп тапқан тақырыбын жазады. 
Ал өзім мынау қайнап жатқан өмірден мынадай бір оқиғаны таңдап 
алдым. Демек ол маған ғана түсінікті. Ол тақырыпты мың жерден 
талантты, дарынды болсын менен басқа драматургке берсеңіз оны 

34
жаза алмайды. Мәселен, ол басқа тақырыпқа керемет жақсы пье-
са жазуы әбден мүмкін. Ал сол жазған тақырыпқа «Дулат, сен пье-
са  жазшы»  десе,  мен  жаза  алмаймын.  Өйткені  мен  оны  таңдаған 
жоқпын.  Менің  тақырыбым  емес.  Ол  менің  жүрек  қалауымнан 
шыққан жоқ. Ал мен ол оқиғаны жете сезінгем жоқ. Сөйтіп екеуміз 
бір-бірімізден  тосырқап  тұрамыз.  Әрине,  бұлай  болмайды.  Тек 
өзіңнің көңіліңнен шыққан, жүрек елегінен өткен оқиғаны жазғың 
келеді. Ертең ол халықтікі болып бара жатса онда мен халық үшін 
жаздым деймін, демек менің жазғанымды халық қажет етіп жатыр 
екен.  Міне,  осыны  сезіну  адамды  шабыттандырады.  Тіпті  керек 
болатын  болса,  бұдан  кейін  тегін  болса  да  жазатын  ұрпақ  мына 
бізбіз. Енді осылар кетеді ғой, ешкім мәңгі емес. Драматургиялық 
шығармалардың сиреуінің басты себебі міне, осы.
Лермонтов театры менің пьессамды қойғанда мен Андресиянға 
режігенім бар. Мен осы жердемін. Сен репетиция жасағаныңа бір 
айдан асып кетті. Неге мені шақырмайсың? Мен неге көрмеймін? 
Сен тура бірден премьераға шақырып «дайын асқа тік қасық» де-
гендей. Пьеса туралы енді мен саған ешуақытта ешқандай ескер-
ту айта алмаймын. Сен соны күтіп отырсың ба? – десем ол айтады 
«Тыңдашы, маған тірі драматург ылғи да кедергі жасайды». «Онда 
мені өлтір» – дедім. Содан кейін «неге?» – десем, «сені шақырсам, 
мына  жеріңді  былай  дейсің,  мен  олай  жазғам  жоқ  дейсің.  Содан 
кейін менің де, актерлардың да көңіл күйін бұзасың». «Сонда  саған 
тек  өлген  драматургтер  керек  пе!  Сен  тек  өлілермен  ғана  жұмыс 
істеп  үйренгенсің»,  деп  қалжыңдадым.  Шындығында  жалғыз  тірі 
драматург  мен  екенмін.  Басқа  қойған  пьесаларының  бәрінің  де 
авторлары  о  дүниелік  болып  кеткен.  Сөйтіп  ешнәрсеге  үлгеріп, 
өзгерте алмадым.
– Ресейдің солтүстік астанасы Санкт-Петербургте Сіздің Бул-
гаков тақырыбына жазған пьесаңыздың қойылымы табысты 
өткенінен хабардармыз. Бұл қазақ драматургиясының шығыс 
Еуропа сахнасына алғаш шығуы, тұңғыш қарлығашы екені бар-
ша өнер сүйер қауымға әрі мақтаныш, әрі драматургиямыздың 
абыройы мен беделі. Біз сіздің бұл жетістігіңізді осылай сезінеміз. 
ал өзіңіз бұл қойылымға қанағаттандыңыз ба?
– Ал жаңағы Алматыда қойылған пьеса енді Санкт-Петербургте 
қалай  қойылды?  Ондағы  мәдениет  қандай?  Олар  алты  ай  дайын-
далды.  Біздің  Андресиянның  да  өрісі  биік.  Бірақ  бізге  қарағанда 
олардың  талғамы  жоғары.  Пьесада  негізінен  диалогтар  ғой. 

35
Негізгі  акцент  түсетін  образдар.  Мына  сөзді  актер  қалай  айту 
керек?Екпінді қай жерге түсіру керек? Қай сөздің мәнін тереңірек 
ашу  қажет?  –  деген  сияқты  маңызды  мәселелердің  бәрін  менімен 
ақылдасты. Тіпті кейіпкерлердің сөйлеу мәнеріне дейін талдадық. 
Олардың сөзінің әрбір буынына дейін жілігін шағып, сараптағанда 
мен қайран қалдым. Режиссер болса міне, осындай болсын. Әрине, 
келіспеушілік те, талас та болды. Міне, осылай талқылағаннан кейін 
ғана олар репетицияға кірісті. Жақсы ма, жақсы. Ал бізде ар жақ, бер 
жағы бір айдың ішінде сахнаға шығарады. Актерлер қабілетін аша 
алмай қалатыны осы. Олар образға кіріп үлгермейді. Ал ресейлік 
театр өздерінше, басқаша жасады. Менімен күнде сөйлесіп тұрды. 
«Мына  жерде  Азияға  тән  сөйлеу  мәнері  байқалады,  қалдырсақ 
қайтеді.  Онсыз  қызық  емес.  Тақырып  орыстық  болғанымен 
әсіресе,  әйелдер  жағынан  қазақ  әйелінің  рухы  айқын  сезіледі. 
Маған,  міне  осылар  қымбат.  Кейбір  жерлеріне  қазақтың  салт-
дәстүрлерін кіргізіп жіберсеңіз де болар еді. Орыс адамдары туралы 
жазғаныңызбен сіз бәрібір қазақсыз ғой. Егер автор американдық 
болса оған американдық рухты қосады. Сондықтан да пьесаға әлі де 
болса сәл-сәл осы айтқандарды қоссаңыз», – деп режиссер Малы-
шевский үнемі талап қойып отырды. Ал осындағы кейбір орыс те-
атрлары керісінше алып тастаңыз. Мынау қазақтанып кетіпті – деп 
отырады. Ал олардың жоғары мәдениеттілігі міне осында. Сөйтіп 
бәрімен  келісіп  отырды.  Олар  мені  премьераға  дейін  шақырды. 
Келіп көрсеңіз. Өзгертетін жерін өзгертіп үлгерейік. Мен төрт күн 
бұрын бала-шағаммен бардым. Күтіп алды. Біздің елшілікке рахмет. 
Спектакльден кейін елшілікте қабылдау жасады. Олардың автордың 
ойымен, пікірімен санасу өте жоғары. Спектакль қойылды. Билет 
деген жоқ. Қазақ диаспорасына үш-ақ билет берілген. Оларға: «үш 
күн премьера, ал одан кейін спектакльді сатып аламыз десеңіздер 
қарсы емеспіз», – деді. Санкт-Петербургта он мың қазақ тұрады.
Алматыға  келгенде  ел  сұрап  жатыр,  «қалай  өтті?»  деп.  Қалай 
өткенін қайдам, мені ең керемет  толғандырғаны қазақтардың көзіне 
жас алып жылап тұрғаны. Осыдан артық маған не керек. Жаңағы 
көп айтыла беретін «халық үшін» деген жалған, арзан сөздердің осы 
жерде шындыққа айналатын тұсы. Демек он адам көзіне жас алып 
тұр ма, онда оларға керек болғаны. Олардың мақтаныш тұтқаны.
Сахнаға  шыққаннан  кейін  Жамбылдың  сөзін  есіме  алдымдағы 
«Қайырлы  кеш,  құрметті  менің  ленинградтық  өрендерім!»  дедім. 
Жұрт  ду  қол  шапалақтап  жатыр.  Жәкеңнің  бір  пайдасы  осы  жер-

36
де  тиді  маған.  Жұртты  бір  көңілдендіру  керек  болды.  Біздің 
қазақтардың  рухы  бір  көтеріліп  қалғанының  куәсі  болдым.  Ел 
болғаны,  ұлт  болғаны,  олармен  теңескені,  керек  болса  олардың 
өмірін өздерінен артық жазып бере алатындығы. Келесі күнгі қала 
зиялы  қауымымен  жүздесу,  онда  қойылған  сұрақтар,  бәрі-бәрі 
тереземіз тең жағдайда әріптестер кездесуі сияқты өтті. Осылардың 
бәрі маған онда тұратын қазағымызға шабыт бергендей болды.
Малышевскийге  –  неге  қазақ  авторын  қойдыңыз?  Бұл  орыс 
тақырыбы,  орыс  тақырыбы  болғанда  да  анау-мынау  деревенский 
тақырып емес, бұл Булгаков, бұл әлем әдебиетінің классигі, ішкі-
сыртқы қайшылығы өте көп адам, бір махаббатының өзі бір роман, 
неге  сонау  алыста  жатқан  қазақты  алдыңыз?  Неге,  өзімізде  жоқ 
па? – деген де «Біз күттік. Булгаков туралы екі пьеса келді. Біреуі 
украиналық,  екіншісі  өзіміздің  санкт-петербургтік.  Мен  ондай 
пьесаларды өлсем де, қоймаймын. Екеуі де түк таппай қалғандай 
Елена Сергееваның юбкасының астында айналады да жүреді. Бұл 
орыс халқын, орыс рухын қорлау. Ал қазақ авторының пьесасын-
да орыстық жоғары рух бар, сол үшін қойдым, – деді. Ал басқалар 
ол пьесаны қоям десе, қоя берсін қалада алты театр бар ғой. Неге 
мен қойған кезде сендер қазақ деп бөлдіңдер. Тағы жазса тағы қоям. 
Өйткені мен үшін бүгінде ең үздік драматург Дулат Исабеков! Осын-
дай да менің төбем көкке қалай жетпейді. Екінші пьесаны оқып жа-
тырмын. Жақсы болса, егер қаржы тапсам қоямын. Қазақстан сәл 
көмек берсе дұрыс болар еді, – деді. Қазір барлық жерде театрдың 
жағдайы қиын ғой. «Көмек бермесе қайтеміз, бәрі бір қоюға тура 
келеді» – деді Малышевский.
–  Жаңа  ғасырдағы  қазақ  драматургиясы  өзінің  көкжиегін 
кеңейтуге талпыныс танытып жатқанын өзіңіздің әңгімеңізден 
аңғарып  отырмыз.  Әлемдік  сахналарда  қойыла  бастауы  бұл 
біздің ұлтты, біздің өнерімізді мойындау деген сөзі. Демек, бұл 
саладағы  табыстарымыз  әлі  өз  жалғасын  табатынына  сенім 
зор. ал сіз келісесіз бе?
– Жалпы қазақ драматургиясының қазіргі деңгейі кәсіби жағынан 
өсті. Сандық жағынан кеміді. Өйткені әр түрлі себептер бар. Қазіргі 
іс үстіндегі жазушыларымыздың, драматургтарымыздың өзі жиыр-
ма, отыз жыл болған алма ағашы сияқты анда-санда жеміс береді. 
Түбіне  мың  жерден  тыңайтқыш  төккенмен  ол  алма  ағаштың 
уақытысы келгеннен кейін жемісі сирейді ғой. Оған өкпелеуге бол-
майды. Қашанғы ол нәтижелі жеміс бере беруі мүмкін. Сол сияқты 

37
бізде сондай дәрежеге келдік. Баяғыда Ғабиден Мұстафинмен сту-
дент  кезімізде  кездескенімізде  айтып  еді,  «Баяғы  қарқын  жоқ  ба-
лалар,  анда-санда  бір  тамшы  тамып  тұратын  болса  соған  қанағат 
етіңдер» дейтін. Сол сөзді айтатын кез бізге де келіп қалыпты.
Мәселен,  Қалихан  «Қазақтардан»  кейін  ештеңе  жазбады.  Мен 
өзім  Құдайға  шүкір,  үш  пьеса  жазып  тастадым.  Олар  театрлар-
да  жүріп  жатыр.  Қазір  төртіншісін  жазып  жатырмын.  Сұлтанәлі 
Балғабаев, ал Баққожа Мұқай қазір денсаулығына байланысты жаза 
алмай жүр. Содан кейін жергілікті авторларымыз бар. Бізде драма-
тургтер саусақпен санаулы. Ермек Аманшаев жазам деп жүр. Жазып 
жатқан шығар. Ол да жазатын кезінде шенеунік болып кетті. Төлен 
Әбдіков бір пьесамен шектеліп қалды. Роза Мұқанова да «Мысықтар 
патшалығы» және Мұқағали туралы «Музасын» жазды да сол екі 
пьесамен шектеліп қалды. Бұлардың бәрі көлемі жағынан бір актілі 
пьесаларды көбірек көзге елестетеді. Бір актілі пьесаға қазір үйретіп 
жатқан біздің театрлар. Өйткені біздің көрермендеріміз спектакль 
бір жарым сағаттан асып кетсе шыдай алмайды екен. Себебі, о баста 
біздің театрлар сондай спектакльдерді қою арқылы көрермендерді 
өте  тез  бітетін  спектакльдерге  үйретіп  алды.  Ал  бұл  өте  жаман 
әдет. Ешқашан да бір актілі пьесамен ешуақытта  шедевр шығара 
алмайсың. Одан құнды шығарма тумайды. Одан «ГАМЛЕТ» тумай-
ды. Одан «Қаракөз» тумайды. Одан «Ақан сері – Ақтоқты» тумайды. 
Мәселен, «Ақан сері – Ақтоқты» үш актілі. Егер соны қысқартпай 
түгел қоятын болса, ол төрт сағатқа кетеді. Ал біздің көрермендердің 
оған  шыдамы  жетпейді.  Парижде  он  екі  сағаттық  спектакльдерді 
көріп  келген  адаммын.  Ал  төрт-бес  сағаттық  спектакльдер  деген 
күнде  жүріп  жатыр.  Олар  үлкен  шындықты  айтады.  Американың 
драматургиясына  түбегейлі  өзгеріс  жасаған  Тенс  Ульимс,  одан 
кейін оның шәкірті Артур Миллер дейтін болсақ, олардың пьесала-
рын оқып, көрдім әрқайсысы бір-бір том. Американдықтар адамдар 
аз  сөз  айтылатын  пьессаны  жек  көреді.  Ал  өңкей  сөзден  тұратын 
пьесалар  да  бар.  Біздегідей  қақтығысып  кететін  оқиғалар  оларда 
болмайды. Олар көрермендерді соған үйретті.
Ал  қазір  жүріп  жатқан  «Актриса»  деген  пьесам  бір  жарым 
сағаттық.  Бұл  енді  бір  адамға  арналған  моно  спектакль  болып 
жазылған  дүние.  Мұны  ары  қарай  соза  беруге  болмайды,  себебі, 
жанрының табиғаты сондай.
–  Әдебиеттің  ең  ауыр  да,  күрделі  жанры  драматургия. 
қазір  бізде  ғана  емес  бүкіл  әлемде  жаңа  заманға  бейімделу, 

38
жаңа құндылықтарды дәріптеу, соны арқау етуге бет бұрғаны 
байқалады. Яғни, алда үлкен өзгерістер күтіп тұр деген сөз. Біз 
драматургиядағы осы құбылыстарға дайынбыз ба?
– Қазір үлкен бір дабыл қағатындай жағдайда тұрмыз. Жастарды 
тарту керек. Себебі, қазір қазақ драматургтері саусақпен санарлық. 
Әкім Тарази,  Қалихан,  Сұлтанәлі, Баққожа,  Тынымбай, Талаптан, 
Серік,  Амантай.  Бірақ  бұлар  өздерін  драматургияның  кадрымыз 
деп есептей ме, есептемей ме, мәселе осында. Бұлар жол үстінде 
келе  жатып  «мына-ау,  үй  қай  үй  екен,  осында  түсе  кетейік»  деп 
драматургияның ауылына бұрылған жолаушы сияқты болып қалады 
маған. Өйткені бұлардың қанына сіңбеген сияқты. Осылардың пье-
сасын оқып отырғанда екеуі бір-біріне бөтен екенін байқап қалам. 
Жанр  мен  автордың  арасында  бір  алшақтық  бар  екенін  сеземін. 
Мәселен,  пьеса  Қалтайдың  өмірлік  кредосы  екені  оның  кез  кел-
ген  туындысынан  байқалып  тұрады.  «Драматургия  менікі»  деп 
барғанмен бұларды ол «менің авторым» деп қарсы ала ма, алмай 
ма,  білмеймін.  Ал  жастар  туралы  анау-мынау  деп  айта  алмай-
мын.  Жалт  етіп  жоқ  боп  кеткендерге  ренжимін.  Қырық  жастағы 
бұлқынып келе жатқан драматургтер жоқтың қасы жайсыз болса да 
мойындауға  тура  кеп  тұр.  Бірақ  жағдай  түзеліп  келе  жатыр.  Эко-
номика жақсарып келеді. Кеше ғана Қазақстан Еуропа Қауіпсіздік 
және  Ынтымақтастық  Ұйымына  төраға  болды.  Бұл  біздің  елдің 
әлем алдындағы абыройы мен беделінің артуы, елімізді мойындау 
деген  сөз  емес  пе?!  Осының  бәрі  көңіл  күйімізге  әсер  ету  керек. 
Жазушылар  одағы,  театр  қайраткерлері  одағы,  театрлар,  драма-
тургтер  және  мемлекет  болып  бұл  жұмысты  қолға  алудың  қажеті 
туды. Мәселен, биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі бірінші 
рет жаңа туындыларға тендер өткізді. Бұл жақсы бір әрекет болды. 
Ол  біраз  драматургтерге  грант  берді.  Мен  де  «Қар  адамы»  деген 
жаңа пьесама грант алдым. Жалпы бес-алты драматург ие болды. 
Біз  өзіміздің  таңдаған  тақырыбымызды  түсіндіріп,  министрлікке 
бердік. «Бізге осы тақырып керек, осыдан жақсы пьеса шығады-ау» 
деп үміттенген пьесалардың авторларына осылай қаржылай қолдау 
көрсетті. Бұл алда да жалғасын табар деп ойлаймын. 

39
МаРфУға айТхОЖа,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
«Өлең – ием, мен оған бір жалшымын»
Бір  қиыры  қытай,  Моңғолия,  бір  шеті  Өзбекстан,  Түрк- 
менстан, иран, Пәкстан, Ресей, Түркияны мекендеген халықта 
–  қазаққа  таныс  бір  дүбір  бар.  Ол  –  қазақ  ақыны  Марфуға 
айтхожаның  жыр  тұлпарының  дүбірі.  Оның  шабыттанған 
жыр-жүрегі:
О, тәкаппар тәңір шыңдар,
Сал қарағай, самырсындар.
Алатаудан ұшып келген
Қарлығашын танырсыңдар...
Сылаң қаққан сырлы өзендер,
Сағым құшқан нұр белеңдер.
Сырнай самал, қырмызы гүл
Саған қалай құр келем мен, – 
деп төгілген ақын жанын тек поэзия ғана емес, елінің келешек 
тағдыры да, ұлттық дәстүр-салты да, тілі де толғандыратынын 
байқадық. Марфуға өзінің ойларын, пікірлерін іркілмей бізбен 
бөлісті.
–  қазір  қазақ  қаламгерлері  жаңару  дәуірін  бастан  кешіп 
жатқан  тәрізді.  Осынау  өтпелі  кезеңде  олар  оқырмандарын 
жоғалтып алған жоқ па? Бұл жөніндегі сіздің ойыңыз қандай?
– Бұл қазір ең өзекті мәселе және сұрағыңыз да орынды. Оған 
ақын-жазушылар кінәлі емес. Өтпелі кезең өзі бір сондай шақ бол-
ды ғой. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, жаңару кездерінде біраз 
қиындықтар орын алды. Ол тек біздің басымызда ғана емес бүкіл 
еліміз  бойынша.  Енді  бүгін  соларды  бастан  өткеріп,  содан  шығу 
үшін қаншама күш, қаншама жігер, қай жағынан болса да тер төге 
еңбек ету қажет болды. Елбасымыздың табандылығымен, ұстанған 
саясатының дұрыстылығымен жағдайымыз жақсарды. Елмен қатар 
қаламгерлердің де, мәдениет пен өнердің де жағдайы, тәубә дейік, 
біршама жақсарып келе жатыр.
Өткен  жылғы  жазушылардың  съезінде  көптеген  өзгерістер 
болғаны белгілі. Мұндағы ең бір басты мәселе, Елбасымыздың өзі 
айтқанындай ақын-жазушылардың жағдайын жақсартып, олардың 
қаламақыларын қалыптастыру. Бұл бір өзі үлкен шаруа. Олар қай 

40
дәуірде болмасын рухани дүние жасап, халықпен бірге өмір сүретін, 
солардың  жоғын  жоқтап,  мұңын  мұңдап,  жол  сілтеп  отыратын, 
қараңғыда  қолға  ұстаған  жарық  шамдай  бағыт-бағдар  көрсететін 
темірқазық сияқты. Қай заманда да ұлы ақындарымыз, ұлы жазушы-
ларымыз елдің тірегі, ақыл-ойының айнасы, көшбасшысы болған.
«Күбісіне қарай піспегі» демекші кеңес заманында да екі қолға 
бір  жұмыс  табылмаған  кезде  менің  әріптестерім  қаламақыларын 
қанағат  қылып,  сол  арқылы  өмір  кешті.  Сондай  ақындардың  бірі 
менмін. Бірақ, шүкіршілік өлеңдерім, кітаптарым Алматыда жарық 
көріп  жатса,  ал  аудармаларым  Мәскеуде  шығып  жатты.  Бір  кез-
де  ескерусіз  қалған  осы  қаламақы  қазір  қайтадан  қолға  алынып, 
төленейін  деп  отыр,  бұл,  әрине,  жақсылық.  Осы  іске  жауапты 
адамдардың айтқандарына сенсек бір баспа табаққа жүз мың теңге 
төленетін  көрінеді.  Бұл  шындық  шығар  деп  үміттеніп  отырмыз. 
Менің ең соңғы кітабым «Жапырақ сілкінген кеш» «Жазушы» бас- 
пасынан 1992 жылы шыққан екен. Одан кейін менің бір жол өлеңім 
олардан  жарық  көрген  емес.  Бірақ  ебін  тапқан  екі  асайды  деген-
дей ретін тапқандардың дүниелері шығып жататын көрінеді. Осы 
жаңа жылдың алдында өздері ұсыныс жасады: «Мәке, көптен бері 
бізден сіздің кітабыңыз шықпаған екен, біз 2008 жылдың жоспары-
на енгізейік деп жатырмыз, қандай жаңа дүние ұсынасыз?», – деді. 
Әрине,  өлеңнен  басқа  тірлігім  жоқ.  Басқа  шаруаны  кәсіп  етпеген 
мен  сияқты  тек  бүкіл  өмірін,  тағдырын  өлеңге  арнаған  ақындар 
үшін  бұл  үлкен  қуаныш.  Аталған  баспаның  қалауы  бойынша 
«Тобылғы бүрлегенде» деген атпен жаңа көлемді дүниені ұсындым. 
Ал  «Атамұра»  баспасы  да  қолқа  салып,  биыл  «Сырлы  саз»  атты 
жыр жинағымды шығаруға  ниет білдірді.
Менің  өлеңдерімнің  арқауы  елге,  жерге  деген  үзілмей  келе 
жатқан  керемет  бір  сағыныш  сазына  толы.  Көктемде  жаныңызды 
рахатқа  бөлейтін  ескек  жел  еседі.  Ал  жазда  болса  даланың  бір 
үзілмей  соғып  тұратын  майда  қоңыр  самал  желі  болады.  Менің 
де  көңілімде  сол  даланың  саумал  самалындай  болып  өлең  есіп 
тұрады десем артық айтқандық емес. Осы уақытқа шейін қолымнан 
қалам  тастамай  өлең  жазып  жүргеніме  сол  себепші  шығар.  Бұл 
тек қана менің ата-анамның, ата-бабамның ғана емес, өзінің туған 
елінен, жерінен еріксіз ауып кеткен бүкіл қазақтың тағдыры, бүкіл 
халықтың қасіреті. Мен өзіме сондай бір жүк арқалаған адаммын. 
Сондықтан бүкіл қазақтың қуанышы – менің қуанышым.
Талқылаудан өткен, екшелеген шығармалар баспалардан шығып 

41
жатса ол жақсы ғой. Кейінгі кездері поэзияға деген талғам мен та-
лап  әлсіреді.  Қазір  ит  батпақтап,  күшік  сүрінетін  кітаптар  қаптап 
кетті.  Шынайы  ақын-жазушылар  сыртта  қалып  қойды.  Жалпы 
қазақ әдебиеті кесек тұлғалардан, озық, құнды туындылардан кен-
де  емес.  Міне,  осылардың  бәрін  қазір  елеп-ескеріп,  естеліктерін, 
кітаптарын шығарып жатыр. Қиын кезеңде де «Отырар» сериясы-
мен 100 кітап шығарылған. Қазір ақын-жазушылар рухани еркіндік 
алдық. Бұрын қысылып-қымтырылып айта алмайтын ойларымызды 
еркін айтып көсілетін жағдайға келдік. Қазақтың керемет тұнығы 
шайқалмаған,  былайша  айтқанда  жон  арқасы  жыртылмаған, 
денесіне  жара  түспеген  «алтын»  арқасы  ғой.  Соның  дала-дала-
сын  шығарғандардыда  жырлаған  заман  болды.  Енді  қазір  бәрі  де 
еленіп,  екшеліп  бір  арнаға  түсіп  келе  жатыр.  Етегімізді  жинап, 
есімізді  жиғалы  бері  жоғымызды  жоқтап,  не  жазып,  не  қоюымыз 
керек  деп  ойланып-толғанатын  халге  жеттік.  Енді  сол  ойсырап 
қалған олқылықтардың орнын толтыру үшін әркім жанталасып жа-
тыр. Сондықтан біз кезінде ауыз аша алмай, жаза алмай қалған тың 
дүниелерді  айтуға  тиістіміз  деген  пікірге  келіп  отырмыз.  Кезінде 
елін, жерін жоқтаған алаштың керемет азаматтарының бәрінің көзі 
құрып кетті ғой. Енді міне, соларды қайта тірілтіп, саналы ұрпақтар 
үшін солардың көкейіне қонатын, солардың сезімін тербетіп, ойын 
оятатын сондай бір салиқалы салмақты дүниелерді жазу қажет.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал