Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет26/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ЕСЛаМ зІКІБаЕв,
ақын
Жалғасып мәңгілікке баратын ән...
Әдеби майдан – үміттер мен күдіктердің ортасы. Біреу бәрін 
күттіреді,  бірақ  ешкім  болмай  шығады,  енді  біреуі  ештеңе 
күттірмеуі  де  мүмкін,  бірақ  жұмбақ  болмысымен,  өзгеше 
табиғатымен  күтпеген  деңгейдің  биігінен  артына  қарайды. 
Әсіресе,  жас  әдебиетшілер  туралы  мұндай  шешімдер  өте  көп. 
алдыңғы  буын  ағалардың  мадағы  мен  арқадан  қаққанын 
әдебиетке келдім деп ойлап қалудан бастап бәрі керісінше жүруі 
ықтимал, ал әлдебір ағалардың шекемен қарап, тек қана үміт 
күтемін деген екіұшты сөзінен бәрі басталуы мүмкін.
Ия,  бұл  жерде  біз  «ықтимал»  мен  «мүмкін»  деп  қана  отыр-
мыз, «болудың» өзі «бордай тозуға» да айнала алатынын әлі айта 
қойған жоқпыз. Алдыңғы буын ағалар кімдердің кекілінен сипа-
са, солардың бәйгеторысы топтан озған-ақ шығар. Ал бірте-бірте 
қоңыр қалыпты мінезімен, ырғағымен, өзіндік иірімімен оқырманға 
жол  тартатын  жандар  да  көп.  Уақыт  –  ұзақ  сапар.  Әдебиеттің 
өлшемі – мәңгілікке қанат қағу. Ендеше, бәрін өз уақыты, өз за-
маны,  өз  тұстасы  шешеді  деген  жай  сөз.  Уақыт  керуені  алға 
жылжыған  сайын  пешене  жұлдызы  жарқырай  түсетін  тұлғалар 
болады. Ондай қаламгерлердің оқырманы көп те болмауы мүмкін, 
көп айтыла бермеуі де мүмкін, бірақ әдеби буындар мен дәуірлер 
туралы сөз қозғағанда айналып өтуге өткел бермейді. Ақын, ұзақ 
жылдар  бойы  баспасөз  саласында  жемісті  еңбек  еткен,  бірнеше 
жыр жинағының авторы Еслам Зікібаев сондай жаратылыстардың 
бірі еді.
Ол қашанда аз сөйлейтін, көп ойлайтын сияқты көрінетін маған. 
Алғаш  танысқан  кезімнен  бастап,  кейінгі  кезеңдерде  де  әредік 
ұшырасып, шүйіркелесіп, әңгімелесіп жүрдік. Томға-тұйық мінезі 
бар  еді.  Ал  бір  ашылса,  ойындағысын,  көрген-білгенін  жіпке 
тізгендей  ғып  әңгімелеп  кететін.  Әсіресе,  өзінің  жаңа  жырларын 
оқығанда,  салмақтылық  пен  сабырлылық  өрнек  салған  жүзінен 
біртүрлі балалық аңғырттық пен шынайы сенімділік есіп тұратындай 
еді. Ол кісімен мені алғаш таныстырған Кәкімбек Салықов ағамыз 
болатын. Ұмытпасам, 1996 жыл. Біз Еслам Зікібаевтың үйіне бар- 

278
дық, Кәкімбек аға қасына мені ертіп, жаңа шыққан кітабын алып, 
сол үйге тура тартқан еді. Кең жауырынды, жұмсақ жүзді ақынмен 
солай  өз  үйінде  танысып  едім.  Одан  бұрын  шығармашылығымен 
сырттай  таныстығым  болмаса,  араластығымыз  жоқ,  жүз  таныс 
қана едік. Сол бір көңілді кештен бастап, Еслам Зікібаев әлемімен 
қауыштым,  әрі  бұл  қауышу  бізді  қимас  жылдар  легіне  жетектеді. 
Шыны  керек,  өлеңдері  өте  қарапайым  ақынның  жаны  да  сондай 
қарапайым болар ма! Оның өлеңдеріне талай тамаша ән жазылған. 
Кезінде  білікті  әншілер  әуелетіп  шырқайтын,  бүгіндері  кейінгі 
толқын  әншілер  де  орындап  жүр.  Композитор  мен  ақынның  бір-
бірінен ажырамастай етіп дүниеге әкелген жаңа туындыларын жұрт 
асыға күтетін кезең еді ол. Мен орайлы сәтті қалт жібермей, ақынның 
аз-кем  сұхбат  құрып  та  үлгердім  оңашада.  «Мен  ән  сөзін  сол  бір 
әнге немесе композиторға ұнау үшін жазбаймын. Өлең – әнге айнал-
маса да өлең. Сондай деңгейге жетпесе, ол ән сөзі болып жарытпай-
ды. Бастысы, жазған жырым өз көңлімнен шығу керек, сонда барып 
композиторға көрсетем, болмаса ұсыныс түсті екен деп жазбаймын. 
Ал кейбір өлеңдеріме сазгерлер өздері ән жазып жатады, ондай кез-
де талас тумасы анық», – дегені есімде. Ақын да – қарапайым жара-
тылыс. Бірақ оның бойында сол қарапайымдылыққа деген сағыныш 
өмір сүреді. Өз болмысын өзі зерттеген сайын, жаңа жыр бұлқынып 
шығатын  болса  керек.  «Ақ  қайнар»  жыр  жинағымен  күллі  жыр 
сүйер  қауымның  алқауына  бөленген  ақын  туралы  сөз  қозғағанда, 
оның шығармашылық қуатын айқындаған осы кітабы туралы айт-
пай кетуге қақымыз жоқ. Біздің сөзімізден гөрі, қазақ поэзиясының 
алдаспанына  айналған  шайырлардың  лепесі  әлдеқайда  өтімді 
шығары анық.
Қарапайым болмысы арқылы күрделі заманның тарқауын жыр-
мен өрген ақын жайлы қыран текті, қырғи қабақты ақын, қазақ по-
эзиясына талай марғасқалардың тұсауын кескен абызымыз Әбділда 
Тәжібаев былай деген:
«Еслам  менің  көңлімде  жүрген  үміт  артатын  інілерімнің  бірі 
болғандықтан,  оның  «Ақ  қайнар»  деген  атпен  топталған  жаңа 
өлеңдерін  шын  ықыласпен  оқып  шықтым.  Бір  жерге  бас  қосқан 
осыншалық көп өлең оқушысын «тойдырмайды», үнемі бірінен соң 
бірі тартып отырады. Әрбір жырдың өз әуені, өз сыры бар. Еслам 
тақырып жағынан кілең жаңалық айтады деу қиын. Бірақ бізге мәлім 
тақырыптардың  өзі  де  Есламша  жырланып,  жаңғырып  отырады. 
Өйткені талантты ақынның өлеңдері поэзиялық дәрежеге көтеретін 

279
пайым-парасаты биік. Әр өлеңінен өзінше өрім көргендей боласың. 
Оқыған  сайын  тынысың  ашылады.  Әр  тақырыпты  табыстырған 
жырлар,  бір  тақырыпты  толықтырып,  жан-жақты  толғайтындай. 
Еслам – табиғатпен үндес ақын. Оның әр жолынан, әр сөзінен соны 
леп еседі».
Ия,  шынымен  де  Еслам  табиғаттың  ақыны  еді.  Өзімен  сыр 
суыртпақтағанда  туған  жері  Солтүстік  Қазақстан  облысын,  оның 
Мағжан Жұмабаев ауданының Өрнек ауылын жиі айтатын. Кіндік 
қаны  тамған  жердің  табиғатын,  мінезін,  адамдардың  болмысын, 
тіршілігін сағына еске алып отыратын. Сол сағынышы әрбір жыры-
нан анық байқалып тұрушы еді.
Қарапайым болмысы арқылы күрделі заманның тарқауын жыр-
мен өрген ақын хақындағы ой-тұжырымын қаршыға ақын, ой ор-
манын  кесіп  өтіп  кемелдікке  жеткен,  күллі  алаштың  мақтанына 
айналған Қадыр Мырза-Әлі былай түйген екен:
«Еслам күй тыңдайтын, бап тілейтін ақын тәрізді. Оның сирек 
жазатыны да содан шығар. Өткен ғасыр өкілдерімен салыстырғанда, 
қазіргі  заман  ақындары  шабыт  жөнінде  сиректеу  айтады.  Бұрын 
шабытты дарын иесінің өздері мүлдем өзгеше алымды сәттері деп 
түсінсе, бүгінде кейбір ағайындар оны тек жұмыс процесі деп қана 
ұғады.  Еслам,  біздің  байқауымызша,  алғашқы  топты  қалайтын 
тәрізді.
Ақын менен шабыттың жаны бірге,
Шабыт өлсе, ақын да өледі деп біл! – дейді ол. Еслам шабытының 
жемісі – «Ақ қайыңдар». Бұл кітап Есламның ішкі потенциалының 
өте тегеурінді екенін айқын көрсеткен».
Не  айтса  да  арғы  жағын  қопарып,  кесіп  айтатын  Қадағаңның 
байқағыштығында  шәк  жоқ.  Еслам  күй  тыңдайтын,  күй  болғанда 
да дәуірлік бөлініске ие, өз заманының айрықша бет-бейнесін бе-
дерлеген ұлттық күйлерді, қобыз, сыбызғы сарынын, домбыраның 
мың  иірімді  әуенін  үзбей  тыңдайтын.  Оның  поэзиясынан  бұл 
анық байқалып тұрушы еді. Есламның жырларын жүрдім-бардым 
оқу  қиын,  тіпті  олай  оқуға  келмейді.  Себебі,  оның  жырларын-
да  эстрадалық  саздан  гөрі,  классикалық  күй  мәнері  басым.  Ал 
күй  тыңдаудан  бұрын,  иллаһи  сезіммен  түсінуді  қажет  етеді.  Таң 
рауандап  атқан  шақты  суреттеп  жазуға  болар,  бірақ  сол  сәттегі 
тамылжыған құстың үнін, саф ауаның жұпар иісін, мың сан түрлі 
сәулелердің баяу қозғалысын суреттеу жеткіліксіз, оны сезіну ләзім. 
Ақынның өлеңдерінде сондай сезіну бар.

280
Қарапайым болмысы арқылы күрделі заманның өрімін жырмен 
өрген ақын хақындағы өзіндік толғанысын қазақ поэзиясының жез 
киігі Кәкімбек Салықов бірде былай деп өрген еді:
«Есламның  жырларын  оқысам  болды,  көз  алдыма  шырайлы, 
нулы, сулы дала елестейді. Онда да өзінің туған жері, Бишіқайың 
жақ.  Бұл  өлке  өзі  ғажайып  мекен  ғой.  Қай  мезгілде  барсаң  да 
алдыңнан  нулы  орман  шығады  сыңсып.  Жалғыз  сені  күтіп 
зарыққан секілді, қамыққан секілді көрінеді. Жасыл орманға ба-
уыр басып қалған жанның сезімі де сол орман секілді жұмбақтау 
келеді.  Мен  бұл  ақынның  бойынан  сондай  қасиетті  көремін. 
Сұлулық дегеніміз – көркемдік. Көркемдік – кемелділіктің белгі- 
сі.  Кемелдікке  ұмтылмаған  жаннан  көркем  дүние  тууы  қиын. 
Сондай  ұмтылысты  әр  өлеңінен  сеземін.  Даланың  тыны-
сы,  таудың  күрсінісі,  орманның  мұңы  –  Еслам  поэзиясындағы 
культ. Туған жер туралы жазған жырларында ашылып, құлашын 
кеңге  сілтейтіні  сондықтан.  Ал  ән  сөздерінде  шынайылық  ба-
сым.  Шынайылық  –  қарапайымдылық.  Қарапайымдылық  –  өнер 
атаулының  ең  биік  мәртебесі.  Қарапайымдылық  қарадүрсіндікке 
ұласпауы керек. Күрделі құбылысқа қарапайым образбен көз салу 
көп жасампаздың қолынан келе бермейді. Ал Есламның әр жыры-
нан қарапайымдылықты көреміз».
Ақынның  бірталай  сөзіне  ән  жазған  композитор  Әшір  Мол- 
дағайынов  бірде:  «Роза  Бағланова  «Сағындым  сәулешім»  әнін 
алғаш  орындағанда,  өз  әнімді  өзім  танымай  қалдым.  Бұл  ақын 
өлеңінің  құдіретінен  болар»  дегені  жадымда.  Кәкімбек  ағамыз  да 
соны тұспалдап отыр.
Тұмса  табиғаттың  тұмасынан  шөл  қандырып,  өзі  де  сол 
табиғат  секілді  барынша  қарапайым,  барынша  адал  өмір  сүрген, 
өз  бойындағы  талантты  ешкімге  бұлдамаған  ақын  Еслам  Зікібаев 
тірі болса, биыл 75 жылдық мерейтойын атап өтер еді. «Орнында 
бар оңалар» деген, соңында әке аманатын, әке өсиетін ойына тоқып 
өскен  ұжданды  ұл-қыздары  тұрғанда,  жырын  сүйіп  оқитын  пат-
ша көңіл оқырман барда, өлмес әнге айналған туындылары күміс 
көмей әншілердің репертуарында жүргенде ол жаққан муза шырағы 
өшпек емес.

281
Есілден өлең есіп тұр
Жақында  ақын  Есләм  Зікібаевтың  туғанына  жетпіс  бес  жыл 
толуына орай, «Таймас» баспа үйінен жарық көрген ақынның үш 
томдық  таңдамалы  өлеңдер  жинағының  алғашқы  екі  томының 
тұсаукесері өтті. Кешті ұлы Еркін, жары Роза және туған-туыстары 
ұйымдастырды. Жиналғандар Есләм жайлы естеліктер айтып, ақын 
өлеңдерін немерелері оқыды.  
 1996-шы жылдың қоңыр күзі болатын. Қазақ радиосында қызмет 
істеп жүрген кезім. Бір күні Кәкімбек Салықов аға телефон соқты: – 
Інішек, сені бір керемет ақын ағаңмен таныстырайын деп отырмын. 
– Кім? – дедім мен. – Еслам Зікібаев,– деді Кәкімбек аға. – Е, ол 
кісіні сыртай жақсы білемін. Өлеңдерін газет-жорналдардан оқып, 
сөздеріне жазылған әндерді радиодан тыңдап, теледидардан көріп 
жүрміз ғой,– дедім қолымның бос емес екенің аңғартып. – Ендеше, 
жұысынды бүгін осымен доғардағы маған кел. Сол ағаңмен өзінді 
жақынырақ таныстырайын, тез жет,– деді де. Кәкімбек аға өзі күтіп 
отырған жердің мекен-жайын айтты. Қазақтың бетке ұстар ақыны 
шақырып  жатқанда  бармасам  ұят  болар  деп,  бәрін  жинап  қойып, 
Кәкең айтқан әдіріске тартып отырдым. Қазақ ұлттық ғылым ака-
демиясы  Геология  институты  ғимаратының  үшінші  қабатына 
көтерілсем кең дәліздің маңдайшасына жазылған «Қаныш Сәтбаев 
қоры» деген жазуға көзім түсті. Үлкен жарқыраған қоңыр есікті аш-
сам Кәкімбек аға әлде біреуге қоңырау шалап, отыр екен. – Е, келдің 
бе? Ағалардың тілін алып жүрсен жаман болмайсын,– деді сырты 
қызыл оймақтай кітапты парақтап көріп. – Жақында «Қайнар» ба-
спасынан жарық көріп еді, бүгін сонын алғашқы оқырман сен болып 
тұрсын,– деп бояуы әлі кеппеген «Аққу жеткен» өлеңдер жинағына 
қолтаңба жазып маған ұсынды. – Кәке, бұл өзі күтпеген тосын сый 
болды, рахмет аға! – дедім.
Әлден  сон  біз  міңген  ақ  «Волга»  Төле  би  көшесінің  бойы-
мен  жүйткіп  келеді.  –  Інішек,–  деді  Кәкімбек  аға.  –  Розаға  гүлсіз 
барғанымыз жараспаз. Гүл базарынан гүл алайық. Кәне, мына жерге 
тоқташы,– деп қаздай тізілген гүлдер сөресін нұсқады. Аға екеуміз 
гүлдерді  жағалай  қарап,  ішіндегі  ең  әдемі  бір  шоқ  гүлді  алдық. 
Әне-міне дегенше Еслам ағаның табалдырығын аттадық. Есікті өзі 
ашты.– Кәке аға, амансыз ба? – деп қапсыра құшақтай кетті. Мені де 
қапсыра құшақтап, «төрлетіндер!»,– деп жатыр. Мен сонда бейнебір 

282
көлдей дарияға күп ете түскендей болдым. Кең жаурынды, тұлғалы 
кісінің бір көрген жанға деген осындай дархан көңілі ол қандай жан 
екенінен  хабардар  етіп  тұрғандай  болды.–  Орынбасар,  Роза  деген 
керемет  келіңім,  міңезі  де,  қылығы  да  ақынға  жар  болуға  лайық, 
жарасып тұр, – деп маңдайынан иіскеген Кәкімбек аға қолындағы 
гүлін  ұсынды.  Сонда  ғана  барып,  Есләмнің  жарының  есім  Роза 
екенін аңғардым. Қонақ бөлмеге еніп жайғаса бастадық. Мен шет-
керек тұрған бір орындыққа отыруға ынғайлана бастап едім, – Оре-
ке, сен анау орындыққа отыр деп өзінің креслосын нұсқады.
Абыр-сабыр  басылып,  Кәкімбек  аға  әңгіме  бастады.–  Поэзия 
әлемінде өзіндік орны бар, айтатынын айтқан, елге жеткізген Есләм 
деген сабырлы сырбаз ақын осы ағаң. Мына інінді таныстырайын 
деп өзіне арнай ертіп келдім,– деп сөз тізгінін ағыта берді. – Өзі жиы 
айтатын, ел ішінде мақал болып кеткен «жеріміз алыстау, еліміз оры-
стау» өлкеде дүниеге келген, поэзиясы Есілдің самалы болып қазаққа 
жеткен тұлға. Сол жылдары Есләммен тығыз шығармашылық бай-
ланыста болғандардың бірі, Қазақстанның халық әртісі, композитор 
Әсет Бейсеуов екенің Кәкеңнің сөзінен байқап отырмын. – Елінің 
еркесі  атанған  Әсекеңді  мен  қашанда  зор  сүйіспеншілікпен  еске 
аламын»,– деген-ді әңгіме барысында Есекең.– Менің көңілім оған 
кездейсоқ құлаған жоқ, жүрегімнің таңдағаны болса керек. Әйтпесе, 
«Кезікпей келген бейне ме ең» деген ән қос кеудеден егіздің сына-
рындай болып туар ма еді. Өлеңнің мәнін түсінген, мағынасын ұққан 
композитор ғана: Ардағым ба едің, Арманым ба едің, Кезікпей кел-
ген бейне ме ең. Арайлы әсем – Таңдарым менің, Кеш көрдім бе екен 
дей берем. Мөп-мөлдір көзің, Төккен нұр – сезім, Лаулатты бойда 
жалынды, Қалар ем үнсіз, Жетпейді-ау төзім – Өрт шалды, қалқам, 
жанымды,– деген  өлең жолдарына жан бітіре алар ма еді?! Осы әнді 
радиодан  Сұлушаш  Нұрмағанбетованың  орындауында  тыңдаған 
сайын  бір  жаным  жадырап,  рахаттанып  қаламын.  Өлеңім  қайта 
туғандай, өмірі ұзара түскендей болады. Әннің құдіреті деген осы 
болар,– деп Есекең сонда біртүрлі тебіреніп кетті. Осылай өрнекті 
өлеңнің  мәйегіне  тамсанып,  әңгіме-дүкен  құрып  отырғанымызда 
есік  ашылып,  «ас  дайын  болды»  деген  Роза  жеңгейдің  биязы  үні 
естілді. Әне-міне, дегенше ортаға қазы, қарта, жал-жайа жайғасқан 
буы бұрқыраған ет келді. Жеңгеміздің қолы ашық екені осыдан-ақ  
көрініп тұр. Ас қайырғаннан кейін Есләм екеуміз оңашаланып, ой-
ларын үн таспаға түсіре  бастадым. – Менің өлеңдеріме ең көп ән 
жазған композиторлардың қатарында Әшір Молдағайынов та бар,– 

283
деп бастады ойын ол. Әсіресе, ел ішіне кең тараған Әшір ағаның 
әндерінің  бірі  –  «Сағындым  сәулешім».  Міне,  осы  ән  жайлы  сөз 
қозғалғанда әңгімеге араласқан Кәкең – Кәкімбек Салықов аға бы-
лайша ақтарыла сыр қозғады: – «Сағынып жүр едім, кешікпей келер 
деп...Осы өлеңін оқығанда Есләм ауылын сағынып жүр ғой деп ой-
лаймын. Себебі: ...Мен жалғыз күнұзын, Шарлаймын, кеземін тау 
ішін. ... Сен менің жадымда, Жатталған мәңгілік жырымсың»,– деуі 
ақын жүрегінде жатқан туған жерге деген сғыныштан хабар береді. 
Алла-Тағала  ақынның  аузына  бірдене  тастайды.  Соны  дұрыстап 
шайнай  алу  керек.  Есләм  баурым  осыны  жүрегімен  ұққан  ақын. 
Сондықтан,  мұның  өлеңдеріне  ән  шығару  композиторларға  онша 
қиынға  соқпайды  деп  ойлаймын.  Себебі,  өлеңдерінің  иірімдері, 
шумақтары төгіліп тұр. Абайша айтсақ, «тілге жеңіл, жүрекке жылы 
тиіп, теп-тегіс, жұмыр келген айналасы». Сөзіміз дәлелді болу үшін 
мысал келтірейік: «Аяулым арманымдай асылым ең». Әуені Әшір 
Молдағайыновтікі»,– деді Кәкең. Осы жерде есіме Әшекең осы ән 
жайлы айтқан бір сөзі түсті. Әнді Роза Бағланова орындағанда: «Өз 
әнімді өзім танымай қалдым. Бұл ақын өлеңінің құдіреті болар, май 
жаққан нандай өнештен жылып етіп өтіп, жүрекке тез жетеді. Сол 
сияқты  Есләм  өлеңдеріне  жазылған  әндер  де  ел  ішіне  кең  тарап, 
жылдап халыққа жетеді»,– дегені барды. 
Ән  жайлы  әңгімені  ширата  түсу  үшін  ертесіне  Роза  Бағланова 
апайға телефон соқтым. Апай үйде екен: – Бұл кім?,– деді бірден. – 
Орынбасар,– деген ініңіз, радиодан, денсаулығыңыз қалай, амансыз 
ба? – деп жатырмын. Не мақсатпен қоңырау шалып тұрғанымды ай-
тып едім; – Е, жарайды сағат төрттерде үйге кел. Әдірісті білесің 
ғой,–  деді  де  тұтқаны  ұясына  қойып  қойды.  Келісілген  уақытта 
Фурмонов  көшесінің  бойындағы  «Оптика»  көзілдірік  дүкенінің 
үшінші қабатындағы Роза апайдың үйінің табалдырығын аттадым. 
Бөлмелер бұншақ-түйіншектерге толы. – Апай, көшкелі жатырсыз 
ба? – дедім таңданысымды жасыра алмай. Бөлменің ортасындағы 
үлкен  оқалы  қыз  үстелдің  төр  жақ  шетінде  отыр.  –  Кел...  кел, 
аяғынды шешпей-ақ қой»,– деп  қасына шақырды. – Ақ патышам 
маған «Самалдан» хан сарайындай үй беріп  жатыр. Ертең көшемін 
мынау соған дайындық қой, айналайын, – деп жөнін айты. Роза апай 
екі ромкені үстелге қойды да жүз граммнан коньяг құйды. – Өзің бір 
жақсы көретін інімсің, мынау үйімді жуғаным болсын, алып қой»,–
деді бұйрықты жанармен. Роза апай «ал» – деп қолқалағанда амал 
бар ма?  

284
– Мен Әшірдің көп әндерін орындап жүрмін. Әуендері мелодич-
ный, жаныңды шымырлатып, жүрегінді сыздатады. Мына Есләмнің 
«Аяулым  арманымдай  асылым  ең»  деген  өлеңінен  жазылған  әнді 
орындағанда жүрегім үзіліп кете жаздайды. Айтқан сайын рахатта-
нам. Айта бергім келеді, тыңдарманды да, әншіні де жалықтырмай- 
ды.  Майдақоңыр  желдей  жаныңызды  желпиді  де  тұрады.  Кейбір 
әндер  болады  бір  айтқаннан  кейін  қайтып  беттемей  қаласын. 
Көрерменді де жоғалтып аласын. Есләмнің  өлеңін алшы; «Аяулым, 
арманымдай, асылым ең»,– ә,– дегеннен-ақ мына сөздер бойыңызды 
балқытып жүре бермей ме? Қай-қайдағы сезімінді түртпей ме? Одан 
әрі ... Ең алғаш көргенімде, ерке сәулем, Көзіме оттан да ыстық ба-
сылып ең» қандай ғажап көрініс, неткен керемет сурет! Біз жастарды 
осындай  әндермен  тәрбиеледік.  Бұл  ән  миллиондаған  жандардың 
жанына  ұялап  қалды.  Әлі  күнге  дейін  сағынып  жүрміз.  Осындай 
әндерді  шырқағаныма  бақыттымын.  Есләмнің  сыршыл,  сырбаз 
ақын екенін оның әндерге жазған өлеңдерінен естіп, байқап жүрмін. 
Сондай-ақ Есләмнің сөзіне жазылған «Сағындым сәулешім» деген 
әнді де сүйсініп шырқап жүрмін»,– деп еді сонда Роза апай ағынан 
жарылып. 
Иә, адам үшін оның туған жерінен артық жер бар ма? Есләмға 
да  Солтүстік  Қазақстан  облысы,  Мағжан  Жұмабаев  ауданындағы 
«Өрнек» деген шағын ауылдан ыстық жер жоқ еді. Оны ақынның 
«Сағындым  Өрнек».  ...Сағындым  сені,  аяулым  –  Сағыныш  кейде 
түсірер жанға қаяу-мұң. Өзіңнен асқан мекен-жай бар деп білмеймін 
Дүниенің  маған  көрсетсе  дағы  қай  ауылын»,  деп  толғанғанынан-
ақ  жүрегінің  туған  жерге  деген  шексіз  сезімін,  «Өрнектен»  бас- 
тау  алған  ұлы  Отанға  деген  мөлдір  махаббаттың  көреміз.  Өлеңді 
оқығанда сазгер Өрікгүл Әділбекқызының көз алдына өскен ауылы 
оралғандай күй кешеді. Ол бойын билеген сол бір ыстық сағынышты 
әуенге орауды жөн көреді. Себебі, өлең шумақтары осыны қалайтын 
сияқты. Сонымен көп ұзамай Өрікгүлдің кеудесінен «Өрнегім» әні 
рухани кеңестікке қанат қақты. Есләм өлеңдерінің өзі ән шақырып 
тұрады  десем  артық  айтқан  болмас.  Мысалы,  сонау  Сыр  өңірінің 
тума талант иесі, өмірден ерте өткен сазгер Бексұлтан Байкенжеев 
те Есләмнің «Жыл құсы» деген өлеңіне ән жазған. Оны көп жылдар 
бойы Қазақстанның халық әртісі Зейнеп Қойшыбаева иін қандырып, 
орындап жүрді. Ал, мана сөз арасында Кәкімбек аға айтып кеткен 
Әсет Бейсеуовтің әні «Жеңеше-ай» қырық жылға жуық  халқымен 
бірге жасап, оның рухани қажеттілігін өтеп келеді. Ақын Есләмнің 

285
ұшқыр  қиялынан  өлең  болып  өрілген  жеңеше  бейнесі  әлі  талай 
ұрпақтарды сүйсіндіре берері сөзсіз. Әуен де өлеңмен үндесіп, жа-
расып кеткен. Бұл ән де Зейнептің орындауында Қазақ радиосының 
«Алын қорында» сақтаулы.
Иә,  ақын  Есләм  Зікібаев  өмір,  туған  жер,  өскен  орта,  ән-жыр 
туралы тереңнен толғап, жыр маржанын түзе қалса, оған өзек бо-
латын  ең  алдымен  тәтті  қиялмен  асқақ  арман  екенін  аңғарасыз. 
Бұған куә «Келші, тез арманым»» деген өлеңі. Осы туынды Әшір 
Молдағайыновтың  бойындағы  шабытын  оятып,  назды  да  саз-
ды өлмес әуен туғызыпты. Ол Қазақстанның  халық артісі Бақыт 
Әшімованың  көмейінен  өріліп,  халқына  құлпырып  жетті.  Біз  сөз 
етіп отырған ақын Есләм Зікібаевтың өлеңдеріне жазылған әндер 
жетіп артылады. Кеңес Одағының халық артісі, Халық Қаһарманы 
Нұрғиса  Тілендиевтің  «Әнші  сыры»  деген  әнін  айтпай  кетпеске 
болмас.  «Есләм,  інім  осы  өлеңі  арқылы  әншілік  өнерді  өміріне 
мұрат еткен жанның бар сезімін, болмысын, жан дүниесін ақтара 
айтып тұрғандай. Сөз құдіретін, сөз қадірін бір кісідей ұғатын әрі 
оны ардақ тұттатын адам ғана осындай өлең жаза алады»,– дегені 
барды ақын жайлы сөз болғанда. Сөйтіп, Нұрағаң ақын сөзінің аста-
рын ашып, мазмұнын қоюлатқан-ды. 
Есләм  өлеңдерінен,  әндерге  жазылған  сөздерінен  бір  байқай- 
тыңымыз бәрінің табиғатына тән бір қасиет ол – салмақты ой, са-
бырлы  сырлы  сезім  Кәкімбек  Салықов;  «Есләм  Зікібаевтің  өлең 
шумақтары өзі ән тілеп, әуенге икемді болып келетінін байқаймыз. 
Өлеңдерінің түзілуі мен құрылым да, буын өлшемдері де бәрі-бәрі 
нота кестесінің ауқымымен дөп келіп, тонның ішкі бауындай жым-
дасып жатады»,– деп еді Есләмнің өлеңдеріне жазылған әндер жай-
лы әңгіме болғанда. Сол кезде ақын өлеңіне ән жазбағандар кем де 
кем болар.

286
Мазмұны
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ
Қазақ сияқты махаббатқа берік халық жоқ .............................................     3
Кейіпкермен кездесу .................................................................................   10
ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАР
Латын әліпбиі әлемдік білім мен ғылымның алтын кілті .....................   11
СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ
Ұлттың рухын көтерген фильмдер аз .....................................................   18
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ
Драматургия талантты жас қаламгерлерге зәру .....................................   30
МАРФУҒА АЙТҚОЖА
«Өлең – ием, мен оған бір жалшымын» .................................................   39
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ
Бабалар аңсаған арманға жеткен біз – бақыттымыз! .............................   48
ӘЛИЯ БЕЙСЕНОВА
Ұлы далаға жиһанкездер неге құмартты?! .............................................   58
МАҚАШ ТӘТІМОВ
Елімізде демографиялық дүмпу нышаны байқалады ............................   65
УАХИТ ШӘЛЕКЕНОВ
«Көшпенді» – бұл қазаққа күштеп басқан таңба ...................................   77
ӘСЕТ БЕЙСЕУОВ
Ән – өрлігіміздің өлшемі ..........................................................................   87
«Жүрек тебірентер ән көп болса екен...» ................................................   94
МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ
Мақсатым қазақ опера өнерін әлемге таныту ........................................   99
МЫңЖАСАР МАңҒЫТАЕВ
Мазмұны терең заманауи туындылар неге тапшы? ............................... 109
ДӘНЕШ РАҚЫШЕВ
«Елім менің, әнім менің...» ...................................................................... 119
ГҮЛЖАН ТАЛПАҚОВА
«Би академиясын ашсам деген үмітім үзілген жоқ...» ........................... 124

287
ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВ
Мен композиторлықты мәнсапқа айырбастамаймын ............................ 135
РОЗА РЫМБАЕВА
Сені шырқай беремін туған елім ............................................................. 143
ЖӘНИЯ ӘУБӘКІРОВА
Біз бүгін әлемді таңқалдырып отырмыз ................................................. 152
ҚАЙРАТ БАЙБОСЫНОВ
Қазақ тұрғанда дәстүрлі өнер өлмейді .................................................... 164
НҰРҒАЛИ НҮСІПЖАНОВ
Қай әннің өмірі ұзақ болды, оны халық өзі айтсын ............................... 174
ӘМЕН ҚАЙДАР
Анимациялық фильм жасау – инемен құдық қазғандай ....................... 181
ГҮЛЖАН ТҰТҚЫБАЕВА
Қазақ балетінің болашағы: бүгін және ертең... ...................................... 191
ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВ
Қаршығаның соңғы сұхбаты .................................................................... 202
Әлі күй сазы тамылжитын шақ келеді .................................................... 210
Қазақ мәдениетінің могиканы .................................................................. 219
Мұхаңның көрегендігі .............................................................................. 220
Өнер өрінде ................................................................................................ 221
ДӘНЕШ ...................................................................................................... 224
МӘДИНА ................................................................................................... 233
НҰРЖАМАЛ ҮСЕНБАЕВА
Қыз Жібекке айналып кеткендеймін... .................................................... 241
Өз өнеріме қанағаттанатын жан емеспін ................................................ 241
Опера – ақсүйектердің сүйікті өнері243
«Менің Жібегім осындай болуы керек еді...» ......................................... 244
САРА ........................................................................................................... 247
МАЭСТРО ................................................................................................. 254
Қазақ өнерінің кесек тұлғасы .................................................................. 262
ӘЗІРБАЙЖАН ӘЛЕМІ ............................................................................. 267
ЕСЛАМ ЗІКІБАЕВ
Жалғасып мәңгілікке баратын ән... ......................................................... 277
Есілден өлең есіп тұр ................................................................................ 281

Редакторы Б. Байғұл
Техникалық редакторы А. Тлеукеева
Компьютерде беттеген Л. Садықова
Теруге 12.04.2013 ж. жiберiлдi. Басуға 11.07.2014 ж. қол қойылды.  
Қалыбы 60х90 1/16. Қарiп түрi «Times New Roman».  
Офсеттiк басылыс. Шартты баспа табағы 18. 
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Сораба» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Мыңбаев көшесі, 45/73-91 үй, № 1 пәтер
Тел.: +7 (727) 354 32 13
E-mail: fsoraba@mail.ru
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
“Полиграфкомбинат” ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.
Орынбасар Дөңқабақ
ДӘУІР ДҮЛДҮЛДЕРІ


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал