Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет25/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ӘзІРБайЖан ӘЛЕМІ
астанамыздың рухани өмірі жиырма бірінші ғасырдың табал- 
дырығынан  бастап  жандана  бастағанды.  Сол  жылдары  ша- 
ңырақ  көтеріп,  керегесін  керген  қ.  қуанышбаев  пен  К.  Бай- 
сейітова  атындағы  қазақ  мемлекеттік  драма  және  опера,  ба-
лет  театрларымен  реңі  кіріп,  әрленіп,  маңызды  да  мазмұнды 
бола  түскені  белгілі.  ұлттық  мәдениетіміздің  күмбезді  қос 
шаңырағының бірі – қ. қуанышбаев атындағы қазақ мемле- 
кеттік драма театрының тізгінін кәсіби сахна өнерінің қазақи 
қасиетін қалыптастырған әрі оны жаңа денгейге көтерген кесек 
тұлғалардың бірегейі Әзекең – Әзірбайжан Мәмбетов ұстағаны 
баршамызға аян. халық қаһарманы, Кеңес Одағының халық 
артисі,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  атанып,  көзі 
тірісінде  елінің  сый-құрметіне  бөленген  Әзекең  қазақ  театр 
режиссурасының  теңдессіз  шыңы  болатын.  Әзекеңмен  сәті 
түскенде кездесіп, талай рет әңгіме-дүкен құрған шақтарымызда 
болған.  Сондағы  ой  арқауы  тәуелсіз  өміріміздің  драмалық 
бейнесіне,  еліміздің  келешегіне,  жастарымыздың  болашағына 
ойысып кете баратын.
Қазақ  театр  өнерінің  биік  бәйтерегі  Әзірбайжан  Мәмбетовтың 
келер  ұрпаққа  қалдырған  мұасын  өлшейтін  таразы  ұлттық  мәде- 
ниетімізде  жоқтың  қасы.  Оны  ертеңнің  еншісіне  қалдырайық  ... 
Қазақ театр өнерінің эталонына айналған Мұхтар Әуезов атындағы 
Қазақ  мемлекеттік  академиялық  драма  театры  өз  басынан  төрт 
кезеңді  өткерді.  Екінші  кезеңнің  соңын  ала  1957–60-шы  жылда-
ры театр өмірінде ерекше өзгерістер орын ала бастады. Бұл  кез-
де театрдың бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып үлгірген болатын. 
Ал  Хадиша  Бөкеева,  Шолпан  Жандарбекова,  Ыдырыс  Ноғайбаев, 
Нұрмұхан Жантурин, Қамал Қармысов, Зәмзәгүл Шәріпова, Қалибек 
Қунышбаев,  Қапан  Бадыров,  Бикен  Римова,  Сәбира  Майқанова, 
Рақия  Қойшыбаева  театрдың  трегіне,  сахнаның  санлақтарына  ай-
налып үлгерген кез. Жоғары кәсіби білім алған әлемдік театр тари-
хынан мол хабары бар, жаңа көзқарас иесі, жас та болса бойынан 
қабілет қарымы сезіліп тұрған режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтың 
үлкен  сахнаға  келуі  драма  өнерін  құрметтейтін  қауымды  елен 
еткізбей  қоймады.  Құрманғазы  атындағы  қазақ  мемлекеттік 
консерваториясының актерлік бөлімі мен театр жанындағы студияны  
тәмәмдаған Ф. Шәріпова, Н. Мышбаева, С. Оразбаев, Р. Сейітметов, 

268
Ә. Молдабеков, Е. Жайсанбаев, Т. Тасыбекова, С. Қожақова, Б. Има- 
шева  сынды  үркердей  талантты  жастардың  келуімен  тұспа-тұс 
келді.  Әзекеңнің  жастармен  жұмыс  істеуі,  режиссерлық  өнер 
толғауы,  жаңашылдығы  ә,–  дегеннен-ақ  көрініс  бере  бастағанын 
байқамай қалған жан болмады»,– дейді театрдың көнекөз қарттары. 
Ол  бірден  құдіретті  ұжымның  жаңа  тынысын  ашуға  ден  қойды. 
Осылай істеуге ол кезде театр актерлерінің қабілетті де, біліктілігі 
де, білімі де, тәжірибесі де кең молынан жететінін түсінген Әзекең 
ендігі жерде құлашты кенге сермейді. Алғашқы жылдары жас ак-
терлермен  бел  шешіп,  білек  түре  жұмыс  істеген  режиссер  өзінің 
қарымды  іскерлігімен  қомақты  нәтижелерге  қол  жеткізеді.  Осы 
жылдары біраз жаңа қойылымдар дүниеге келіпті. Мысалы, «Ана-
Жер-Ана»,  «Абай»,  «Қобыланды»,  «Дон  Жуанның  думаны», 
«Адасқан  ұл»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»,  «Вьетнам  жұлдызы» 
Әрине, кезінде. бұлардың бәрі де көрерменнен, театр мамандары-
нан өзінін лайықты бағасын алған дүниелер екенінде ешкімнің дауы 
болмас. Шын мәнінде еліміз өміріндегі рухани құбылысқа айналған 
қазақ  театр  тарихында  алтын  әріптермен  жазылған  қойылымдар 
дейді театр сыншылары.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Мұхтар Әуезов театры- 
ның  дәуірлеу  кезеңі  болғанын  театр  тарихының  өткен  өмірінен 
көресіз.  Ол  жасампаз,  ізденгіш  іскер  режиссер  Әзірбайжан 
Мәмбетовпен  тығыз  байланысты  десек  қателеспейміз.  Өйткені 
театр  болмысында  табиғи  қазақы  тұмыстық  көріністер  неме-
се  сол  сарында  қойылып  келген  дүниелердің  орнын  ендігі  жерде 
әлемдік денгейдегі классикалық драмаларға ерекше көңіл аударыла 
бастағанын байқау сол дәуірдің көрермендеріне қиын емес еді. Бұл 
уақыт талабы әрі театрдың сол жылдардағы көтерілген биігі осыны 
кажет ете бастаған-ды. Күш-қуаты мол, білімі жеткілікті, тәжірибе 
қоржыны морлыққан Әзекең, монументалдық, эпикалық ауқымдағы 
сүбелі де сүйекті, салмақты туындыларды сахналауға білек түріп, бел 
шешіп  кіріседі.  Оның  бағытты  дұрыс  тандағанын,  қателеспегенін 
уақыт көрсетті. «Қан мен тер», «Көктөбедегі кездесу», «Қарагөз», 
«Юлий Цезарь», «Кариолан» сынды ондаған қойылымдар Әзекең 
режиссерасының  қабілет-қарымын,  мүмкіндігінің  ұшан-теңіз 
екенін барша жұртқа көрсетіп берді. Ол өзінің осындай батыл бас- 
тамаларымен,  соны  сүрлеуімен  жұртты  елең  еткізген  Әзекең 
кейбіреулердің айтқан анау-мынау пікірлеріне мән беріп жатпастан 
өзі бастаған өнердің қиялы соқпағымен әлі қол жетпеген шыңдарды 

269
бағындыруға  бет  алып  бара  жатты.  Сол  жылдарды  Қазақстанның 
халық артисі, бүгінде театр ақсақалдарының біріне айналған Сәбит 
Оразбай  ол  күндерді  былайша  еске  алады:  Сәбеңнің  айтысынша, 
қазақ  театрының  елге,  әлемге  танылуы  60-жылдардан  басталған 
көрінеді.  Ол  режиссер  Әзірбайжан  Мәмбетовтің  еңбегіне  тікелей 
байланысты  болса  керек.  Кәсіби  білімді  Мәскеуден  алған  Әзекең 
елге келгеннен кейін республиканың облыс орталықтарында спек-
такльдер  қойып,  тәжірибе  жинақтайды.  Әзекеңнің  өзіне  дейінгі 
және  өз  кезіндегі  режиссерлерден  артықшылығы  неде?,  –  деген 
сұрақ  туа қалса, «Мен еш ойланбастан әрі қорынбастан: «Мәмбетов 
мизансценаның машығы еді» деп жауап берген болар едім»,– дейді 
театр ардагері Сәбең. Әзекеңнің көзін көргендердің бәріде оның осы 
қасиетін ерекше назарға алып, жоғары бағалағаны театр тарихынан 
белгілі. Иә, шын мәнісінде солай болғанын бүгінде театр әлемі де 
мойындап отыр. Оған күмән жоқ.. Актердің өресін, қабілетін дөп 
басып  танитын  режиссер  қай  рөлге  қандай  актер  лайықты  екенін 
дәл тауып, таңдайтын, еш жанылысқан емес деп еске алады аға буын 
актерлер. Өйткені, кез-келген спектакльді сахналамас бұрын оның 
мазмұнына терең бойлауды, жан-жақты зерттеуді, асықпай аптықпай 
өзіндік зерде елегінен өткізіп барып, «нартәуекел» деп қолға алуды 
Әзекең оқып жүрген кездің өзінде әдетке айналдырғаның аңғарсыз. 
Себебі, ол спектакльдің басты мақсатын, кейіпкердің айтпақ ойын 
жете  түсінетін.  Сол  өзі  көздеген  биікке  жетуге  барын  салатын. 
«Кімнің қолынан не келеді? Қарым-қабілеті қандай? Осының бәрін 
Мәмбетов бес саусағындай білетін»,– деп  еске түсіреді Сәбең. Де-
мек, ол актер жанын, болмысын айтқызбай-ақ ұққан, түсінген үлкен 
жүректі адам. 
Әзекең  жайлы  әңгіме  бола  қалса,  режиссердің  қара  шаңырақ 
–  академ  театрда  қойған  алғашқы  спектаклі  –  «Беу,  қыздар  ай!» 
еске  оралады.  Ол  пьессаны  Қанабек  Байсейітов  пен  Қуандық 
Шаңғытбаев  бірлесіп  жазғаны  екен.  Оны  көріп,  тамашалау  осы 
жолдардың авторы мағанда бұйырыпты. Қай жылдары екені әрине, 
есімде қалмапты бірақ, басты кейіпкер Айсұлуды суреттеп айтқан 
ақын жігіттің: «Айдай сұлу Айсұлу Асанова, Ай астында сен қыз 
асады ма?. ... Түбінде осы болар мықты қатын, Баланы қос-қосынан 
ытқытатын»,–  деп  үздіккен  өлең  жолдары  қалыпты.  Аталған 
қойылымды  көзімен  көрген,  бүгінде  жас  буынның  бағбанына 
айналған  тәлімгер  Сәбит  Оразбай  ақсақал  сол  күндерге  бір  сәт 
оралғаны бар-ды. «Ақын рөлінде – Райымбек Сейтметов, доцентті 

270
– Қабдош Сүлейменов, суретшіні мен ойнадым»,– дейді Сәбең. Иә, 
сол  кездегі  театрдың  жас  тұлпарлары  мен  қас  сұлулары;  Фарида, 
Зәмзәгүл,  Нүкетай,  Салиха  да  комедиялық  қойылымға  тартылып, 
бір-бір рөлді ойнап шыққан. Жалындап тұрған актерлер мен актри-
салар спектакльді өте керемет деңгейде көрермен назарына ұсына 
алды. Жамағат көп жиналды.Оған сол кезде бұқаралық басылым-
дарда  жарияланған  пікірлер  мен  риза  көңілдер  куә.  «Осы  спек-
такльмен бүкіл  Қазақстанды аралап шықтық. Біздің танылуымызға 
«Беу, қыздар-айдың» әсер-ықпалы мол болды. Әсіресе, Әзекеңнің 
мәртебесі өсіп, мерейі артты. Ең бастысы, әр актердің өз рөлін табуы 
еді. Көрермен мені суретші деп, Райымбекті ақын деп, Қабдошты 
доцент деп атап кетті. Сол сияқты Фарида, Нүкетай, Зәмзәгүлді де 
көрермен  Айсұлу,  Күнсұлу,  Нұрсұлу  деп  атап  жүрді.  Мұның  бәрі 
Әзекеңнің  мианцсенаны  жете  меңгергендігі  еді»,–  деп    еске  ала-
ды  режиссердің  осы  шеберлігіне  табынған  Сәбең.  «Ұлттық  театр 
өнері тарихында өзім ерекше бағалаған, ұстаз тұтқан режиссердің 
бірі, жаңашыл, КСРО халық артисі, Халық Қаһарманы Әзірбайжан 
Мәмбетов.  Әрине.  Әзекеңмен  бірге  ұзақ  жылдар  қоян-қолтық 
жұмыс  істедім.  Қаншама  қойылымдарыма  көмегі  тиді,  ағалық 
ақыл-кеңесіне  құлақ  астым.  Оның  жұмыс  тәсілдерінен  алғаным 
ұшан-теніз»,–  дейді  режиссер  Әубәкір  Рахимов.  Иә,  аталған  қара 
шаңырақта Әзекеңнің шапағатына бөленген өнер адамдары аз ба, 
сірә?!
Әзекең  Әбдіжәміл  Нұрпейісовтың  «Қан  мен  терін»  сахналау 
барысында  автордың  сенімсіздік  танытқанына  қарамастан  басты 
рөлдердің  бірін  –  Сүйеу  қарты  сомдауды  Сәбитке  тапсыруы  ак-
терлер  арасында  күтпеген  оқиға  болғаны  сол  кездегілерге  мәлім. 
Себебі,  Сүйеудің  бейнесін  жасап  жүрген  ол  кезде  Қазақстанның 
халық  әртісі  Елубай  Өмірзақов  болса  керек.  Елекең  науқастанып 
қалады.  Жас  актерге  егде  кейіпкердің  мінез-құлқын,  түр-әлпетін, 
болмысын, жүріс-тұрысын жасауы оңай емес екені түсінікті. Бірақ, 
актердің  бойындағы  қабілет-қарымын  ішкі  сезім  түйсігімен  ұға 
білген Әзекең жас актерлерге сенім артып, осындай кесек тұлғалы 
кейіпкерлердің  бейнесін  жасауға  тәрбиелейтін  дейді  замандаста-
ры. Міне, осылай Мәмбетов, Шолпан Жандарбекованың да, Хади-
ша Бөкееваның да, Сәбира мен Бикеннің де, Ыдырыстың да және 
бүгінде қазақ театр тарихында есімдері мәңгілікке алтын әріппен 
жазылған  елге  танылған  актерлердің  бағын  ашты  оған  ешкімнің 
дауы жоқ. 

271
Академ  театрмен  бірге  оның  бас  режисссер  әрі  көркемдік 
жетекшісі  Әзірбайжан  Мәмбетовтің  де  атақ-данкы  асқақтады  де-
сем  қателеспеспін.  Одақты  қойып,  әлемді  елен  еткізген  лауреат 
қойылымдардың саны жыл санап емес ай санап арта берді. Театр 
әртістерінің  бір  топ  шоғыр  Әзекең  тұсында  мемлекет  тарапынан 
әр түрлі атақ-даңқа ие болды. Қазақстанды былай қойғанда Кеңес 
одағы ішіндегі гастрольдік сапарлар жиіледі. Мәскеу, Офе, Қазан, 
Нөкіс, Бішкек шаһарларының көрермендерін қазақ драма өнерімен 
таңдай қақтырған Әзекең: «Ендігі жерде ұлттық аяда қалап қоймай 
әлемнің  алдынғы  қатарлы  сахналарына  шығуымыз  керек»,  –  деп 
әріптестерін  қанаттандырған  ол  әлем  көкжиегіне  көз  тікті.  Оған 
мүмкіндік те, шеберлік те, қабілет те жеткілікті еді. Бастаған ісін 
аяқсыз  қалдырмайтын  Әзекең  Мұхтардың  «Абай»,  Шыңғыстың 
«Ғасырдан  ұзақ  күн»,  Әбдіжәмілдің  «Қан  мен  тер»  драмаларын 
Иран, Туркия, Египет, Серия, Франция, Қытай, Чех елдеріне апа-
рып, қазақ театр өнерінің шоқтығы қандай биік екенің жария етті. 
Әрине,  Әзекеңнің  алдынан  ақ  жол  даңғырап  жатқан  жоқ-ты.  Ол 
уақытта  да  көре  алмаған  күншілдер  аз  болмағаны  шындық.  Олар 
етектен тартып, тізеден қақты, бірақ, сағын сындыра алмады. Мы-
салы,  Мәскеуге  Әзірбайжан  Мәдиұлы  Айтматовтың  «Боранды 
бекеттін» қоюға апарған кезде үлкен дау туса керек. Орталық ко-
митеттен келген Ульянов және басқалар спектакльдегі ата-бабаның 
бейітіне  баратын  жерді  Әзекеңнің  қарсылығына  қарамастан  алып 
тастайды. «Ең керекті жері сол еді»,– деп режиссер сан соғып қалады. 
Бұл көріністін әсері кейіпкерлер сахнаға шығып, қозғалғанда ерек-
ше  сезіледі  екен.  Шыңғыс  Айтматовтың  өзі;  «Әсері  мұншалықты 
болатынын  ойламап  едім»,–  дейді  сонда  Әзекеңнің  режиссерлік 
шешіміне  риза  болған  шоң  жазушы.  Ертеңіне  тағы  да  сол  жерге 
Шыңғыс Айтматов, Мұстай Кәрім, қалмақтың ақыны Кугульдинов 
келіп қойлымның жетістіктері жайлы әңгіме-дүкен құрады.  
Әзекең  мен  Қалекеңнің  –  Қалтай  Мұхамеджановтың  достығы 
берік  болған  деседі  олардың  көзін  көргендер.  Оған  бір  дәлел 
«Бернарденің  үйі»  деген  спектакльдің  дайындығын  залдан 
бақылап  отырған  Қалекең;  «Әй,  Әзірбайжан,  сенің  де  күнің  күн 
емес  екен.  Шолпан  Жандарбекова,  Хадиша  Бөкеева,  Сәбира 
Майқанова, Бикен Римова бір өзі бір театр сияқты, бәрі де мықты 
актрисалар, осылармен тіл тауып қалай жұмыс істейсің? Сенің де 
жағдайын  мәз  емес»,–  дейді  қалжыңдап.  Сонда  Әзекең;  «Оның 
рас,  әрқайсымен  сөйлесу  үшін  әртүрлі  тәсіл,  дипоматикалық 

272
әдіс  керек.  Біреуімен  сөйлессең,  екіншісімен  де  әңгімелесуің 
қажет.  Әйтпесе  үлкен  шатақ  шығады»,–  дейтін  көрінеді  мінезі 
салмақты  Әзекең.  Театрдағы  әрбір  актердің  жүрек  соғысын, 
тыныс-тіршілігін оның жүріс-тұрысынан, мінез-құлқынан, адамға 
деген  қарым-қатынасынан  байқайтын  сырбаз  бапкер  ондай  да 
әрбір жанның жүрегінің кіліттін табыуға тырысатын дейді Сәбең. 
Өйткені, Әзекең жоғары мәдениеттің, рухы биік ортанын өкілі еді. 
Қанқу  сөзге  ермейтін,  тасада  тұрып  тас  ататындардың  тірлігіне 
пысқырмайтын. Ол «бейшаралардың бос әуіре шаруасы»,– дейтін 
де  қоятын.  «Жақсы  да  кек  болмайды,  жаманда  тек  болмайды» 
дейді  қазақ.  Жүрек  шамының  жарығын  маздатқан  ұлы  режис-
сер  жасаған  дүниелері  ұлт  руханияты  үшін  аса  құнды  байлық, 
сарқылмас  қазына.  Ол  пендешілік  әңгімелердің  ішінде  жүріп-ақ 
өлмес  қойылымдар  тудырды.  Өнер  үшін  бәріненде  биік  тұрды. 
Олсыз  талант  таусылады,  мерзімінен  бұрын  шашылып  қалады. 
Биікке шықпағандар биіктің қадірін қайдан білсің?! Сол биікті Ел-
басы бағалады. «Мәмбетовтің мүмкіндігін әлі де пайдалану керек» 
деп Астанаға алдыртқаны еске түседі. 
Жаңа ғасырдың алғашқы жылдары Елордада екі бірдей театр бой 
көтергенін білеміз. Оның бірі – Қалибек Қуанышбаев атындағы драма 
театр. Аталған театрдың тізгінің Нұрағаң Әзекеңе сеніп тапсырғаны 
өнер адамдарына ғана емес күллі жұртқа белгілі. Осы аталған те-
атрды бастап, 2001 жылы мамыр айында Оңтүстік астанаға келген 
гастрөлдік сапарында Әзағаңмен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен 
еді. Ол кез өздеріңізге белгілі еліміз бастан өтпелі кезеңді өткеріп 
жатқан болатын. Сол жылдардың куәсі болған Әзағаңның ойы да 
сол дәуірмен астасып, сабақтасып жатуы да әрине, заңдылық. 
–  Маған  журналистер  «Драматургтарымыз  қазіргі  уақыт  неме-
се  заман  құбылысын,  бүгінгі  болмыстың  көрінісін  жасауға  неге 
құлықсыз? – деп жиі сұрайды»,– деп бастағанды Әзекең сонда өз 
ойын.  –  Оның  да  жөні  бар,  Бір  кездегі  қаламдары  жүйрік  Ғабит 
Мүсірепов,  Тақауи  Ақтанов,  Шахмардан  Құсайынов  сынды  аға 
буын  классик  драматургтарымыз  өмірден  өтті.  Қазір  орта  буын-
дар, кейінгі толқын жас қаламгерлер жазады. Бірақ, тақырыптары 
өте жеңіл. «Қысылғаннан қыз болдық», «Ең әдемі келіншек», тағы 
сол сияқты комедиялар. Сахнаға бұл да керек. Оның да өзінді заңы
өзіндік әдемі мүмкіншілігі, көркемдік кескін-келбеті бар, тұрлаулы 
жанрлардың бірі. Драмамен, трагедиямен қоса олардың да сахна-
да өмір сүруге қақы бар. Міне, осы салада қалам тартып, жаңағы 

273
журналистер  сұрай  беретін  бүгінгі  күннің  көкейтесті  мәселесін, 
оны жылы жауып үндемей отыр. Мен ойлаймын, қазір мүмкін бұл 
бір демалыс, әлде ойлану, толғану, ой қорыту кезеңі ме? Жоқ, әлде 
қаламгерлеріміз үлкен бір шығармашылық дүмпудің алдында үнсіз 
қалса керек. Иә, бұл жай тіпті ұзаққа созылып кеткені белгілі. Қазір 
адамның  өзі  аң-таң.  Оның  үстіне  көбіне  халқымыздың  өткеніне, 
тарихи жағдайға кетіп қаламыз. Абылай хан сияқты ел басқарған 
бабалардың  заманына  саяхат  жасап  жатырмыз.  Шындығында,  біз 
тарихымызды  қазбалап  кетіп,  бүгінгі  тыныс-тіршілігіміз  көркем 
сахнадан  көрінбей  қалып  келеді.  Міне,  сол  өкінішті.  Өйткені 
тәуелсіздік алғалы бері қоғамдық өмірімізде, саясатта, мәдениетте 
көптеген  жаңалықтар,  бұрын  сонды  болмаған  өзгерістер  болып 
жатқаны рас. Біріншіден, «жаңа қазақтар» аталатын байлар шығып 
жатса, екінші жағынан адам, адамның тағдыры, адамның өзі түкке 
тұрмайтын болып қалды ғой. Көшеде келе жатқанда халқына еңбек 
еткен ардагерлерді, зейнеткерлерді көргенде жаның ашиды. Өйткені 
олар еліне, оның өнеріне бүкіл өмірін берді. Қазір былай қарасан, 
оның керегі жоқ сияқты. Кім үшін, не үшін еңбек еттің, онымен са-
насып жатқан өкімет жоқ. Әйтеуір болмашы зейнетақысы бар. Оны-
сы тұрғын үйінің өтемақысына да жетпейді. Міне, осы жағдайды 
сахнадан  көрсету  керек  пе,  жазу  керек  пе,  білмеймін. Әрине,  бұл 
драматургтардың жұмысы. Бүгінгі күннің осындай ащы запыранын, 
көңілсіз  күйін,  осы  көріністі  жазуымыз,  айтуымыз,  көрсетуіміз, 
өзінің сахналық бейнесін табу керек қой. Мен осылай ойлаймын.
Өзім басқарып отырған жаңа театрдың жай-күйіне келетін бол-
сам, енді қазір бұл театрдың жағдайы «өте жақсы» деп айтуға аузым 
бармайды. Себебі театр деген ол да мынау қоғамның бір бөлшегі 
ғой.  Біздің  ел  мына  өтпелі  кезеңді  «дертпен»  өткізіп  отыр.  Енді 
одан  сауығу  керек,  бұл  күйден  шығу  керек.  Тоқтап  тұрған  зауыт, 
фабрикаларды қайта іске қосып, бүкіл экономиканың тамырларына 
қан жүгірту керек, тірілту керек. Өйткені қазір бәрі жамбастап жа-
тыр. Олар қашан тұрады? Олар тұрмаса, өнеркәсіп дамымаса, қалай 
өмір сүреміз? Театр да міне осындай күйде. Қиыншылықтар да бар. 
Өйткені мынау жаңа қойылып жатқан қойылымдарға үкімет тара-
пынан ақша бөлінбейді. Беретіні жалақы. Ал енді осылай да осы-
лай, бәрін «қиратып» жатырмыз, өркендетіп жатырмыз деу әрине, 
артықтау.
Бірақ осындай жағдайда театрдың бір «өлмейтін» жағы бар.Әлгі 
киношылар  «театр  өледі,  мынау  кино  қалады»  деп  те  сәуегейлік 

274
жасаған бір кезде. Қазір сол киноның өзі де тоқырып қалды. Ал театр 
«тірі». Себебі ол баяғы атам-заманнан бастап халықпен бірге жасап 
келеді. Сонау біздің Қаллеки, Елағаң, Серағаң, Құрекең солардың 
бәрі  атақты  «Қоянды»  жәрмеңкесінен  шыққан  –  «шаншарлар». 
Театрдың өлмейтіні де сондықтан. Өйткені бұл өзі халықтың орта-
сынан шыққан өнер жиынтығы.
Біз  істеген  жұмысымызға  үлкен  бір  жалақы  алайық  немесе 
астымызға «мерседес» мінейік демейміз. Оның біздер үшін керегі 
жоқ. Бірақ, бізге жаңа жазып жатқан шығармаларға, туындыларға, 
оны сахнаға шығару үшін «соған қаржы беріңіз» деп отырмыз. Сон-
да ғана жаңа сіз айтқан мәселелер шешілетін болар. Драматургтерге 
осы күнге дейін көк тиын қаламақы төлей алмай отырмыз. Түйні 
шешілмей келе жатыр. Олар қалай өмір сүретінін білмеймін. Ал те-
атрда біз  әйтеуір  күн сайын спектакль қоямыз. Сөйтіп, ақша таба-
мыз. Соның өзі де жетпейді. Өйткені анау тігетін киімдері, жасай-
тын декорациялары, музыка жазатын композиторға, бәріне, қыруар 
қаражат кетеді. Үкімет осының бәріне үзіліссіз ақша бере алмайды. 
Театр міне осындай күн кешіп отыр.
Қазір қандай қойылымдарды қойып жатырмыз деген мәселеге 
келетін  болсақ,  Астаналықтар  әзірге  классикалық  қойылымдар, 
«Қаракөзді»,  «Қозы  көрпеш  –  Баян  сұлуды»  тамашалауда.  Мен 
ойлаймын мынау жаңа Астананың сахнасында біздің классикалық 
пьесаларымыз  жүру  керек.  Олар  Мұхтар  Әуезовтің,  Ғабит 
Мүсіреповтың,  тағы  басқа  классиктердің  және  тарихта  қалған 
қазақ  мәдениетінің  алтын  қорында  жатқан  пьесаларды  қайтадан 
жаңартып,  бүгінгі  күннің  көзімен  қарап  сахнаға  алып  келсек, 
алға қойған бірінші мақсатымызға жетеміз. Екінші жағдай бүгінгі 
күнге  арналған  пьесаларды  қою  керек.  Соны  іздеу  керек.  Осы 
жерде «неге драматургтерге тапсырыс беріп жаздырмайсыздар?» 
деген  орынды  сұрақ  туады.  Осындайда  қазақтың  «жомарттың 
қолын  жоқшылық  байлайды»  мақалы  еске  түседі.  Қаржы  жоқ. 
Оған ақша төлеу керек қой. Ондай мүмкіндік әзерге бізде болмай 
тұр.  Ал  жекелеген  авторлар  өздері  алап  келіп  жатқан  пьесалар 
баршылық. Бірақ нашарлау. Драматургті Кеңес үкіметі заманын-
да арнайы Мәскеудегі М. Горький атындағы жоғары әдебиет ин-
ституты  дайындаған.  Ол  қазір  жоқ.  Бәрі  қирап  қалды  ғой.  Қазір 
біздің  жазатындар  әлгі  әуесқой  «драматургтер».  Көтеретіндері 
қарапайым  жеңіл-желпі  тақырыптар.  «Тисе  торғайға  тимесе  те-
рекке»  деген  принципті  ұстанғандар»,–  деген  Әзекең  осы  жерде 

275
аз-кем ойланып қалды. Жанарын әлде бір нүктеге қадаған ол сол 
шақта  терең  ойдың  тұңғиығына  батап  кеткендей  көрінді  маған. 
Әлден кейін терең тыныстаған ол; – Мен бұл театрға елу жетінші 
жылы келген едім»,– деп үзілген ойын қайта сабақтады. – Ол кезде 
Қаллеки, Елағаң, Серағаң, Құрекең, Қарекең  бәрі болған. Солар-
ды  көріп  қалдым.  Солардан  тәлім-тәрбие  алғаныма  бір  жағынан 
бақыттымын.  Олар  мені  өмірдің  заңына,  театрдың  заңына 
үйретті. Бұлар ұлттық театр өнеріміздің аса көрнекті саңлақтары. 
Сондықтан бұл театрға біраз жылдарымды арнадым. Бұл театрдың 
деңгейін  осылар  арқылы  біраз  жерге  көтердім.  Мәскеуде,  Иран-
да, Францияда болып, бірнеше рет қазақ сахна өнерін көрсеттік. 
Мәскеуде  болып  Шыңғыс  Айтматовтың  «Ғасырдан  да  ұзақ  күн» 
деген  спектаклін  қойдым.  Арнайы  шақыруымен  Чехословакияға 
барып,  онда  Әбдіжәміл  Нұрпейісовтың  «Қан  мен  тер»  пьесасын 
қойып  қайтым.  Уақыт  осылай  еңбекпен,  ізденіспен  өтіп  жат-
ты.  Бірақ...  Өмірдің  жолы  тақтайдай  түзу  емес  қой.  Мұнда  да 
келіспеушіліктер болды, киноға кетіп қалдым. Бұл театрдан мен 
үш-төрт рет кетіп қалғанмын.
Мынау  сексен  алтыншы  жылғы  дүрбелеңде  жастармен  алаңға 
бірге  шығып,  біраз  таяқ  жеп  қалдым.  Жұмыстан  алындым,  пар-
тиядан шығарды, әйтеуір, істемегендері жоқ. Сол кезде төрт жыл-
дай  жұмыссыз  жүрдім.  Бірде  Президент  Нұрекең  өзіне  шақырды. 
–  Әзеке, не істеп жүрсіз? – Жұмыссыз жүрмін,– дедім. – Сен менің 
қасыма  Астанаға  кел.  Мынау  қазақтың  театры  бар.  Соны  көтер. 
Оны Әуезов театрындай жасап берші маған. Кәнеки, мына өнерді 
көтер,  өнерді  көтерейік».  Сосын  бардым.  Театрды  берді.  Сөйтіп 
Қуанышбаев атындағы драма театрдың тізгінін қолға алдым. Жас 
актерлерді  қабылдадым.  Сол  кісінің  бастамасымен  жұмыс  істеп 
кеттік. Міне, осы театр Алматыда да өнер көрсетті. Бұл жер біздің 
ұшқан  ұямыз  ғой,  сол  ұяға  келіп,  өзіміздің  өнерімізді  көрсетіп 
қайтқанымыз  үлкен  ғанибет  болды.  Бұл  жастар  жиырма  бірінші 
ғасырдың өнерін өркендететін, өсіретін таланттар. Ал Астананың 
көрермендеріне келетін болсақ, ол – жас көрермендер. Онда әзерге 
театрда аз. Бір кездері тіпті болған жоқ. Егер алматылықтарға кел-
сек, олар өнердің мұхитында жүзіп жүргендер. Мұнда қандай өнер 
жоқ. Бәрі бар. Алматыдан бәріміз өстік. Ол театр бола ма, кино бола 
ма, көркем сурет өнері бола ма, музыка бола ма, бәрі осы қаладан 
шығып  жатыр  ғой.  Сондықтан  мұндағы  көрермендердің  талғамы 
мен талабы өте жоғары, өнерге деген көзқарастары өте биік. Ал бірақ 

276
тағы  айтам  Астана  ол  біздің  болашағымыз.  Сондықтан  бұл  жаңа 
леп, жаңа күш, жаңа серпіме»,– дегенді сонда Әзекең. Одан бері де 
біраз жылдар өтіп, ел еңсесі көтерілді. Солай болса да Әзекеңнің 
ойын бөлмей сол қалпында оқырманға жеткізуді жөн көрдік.
Айтпақ ойға айқындама
Қазақстанның халық әртісі Хабиба Елебекова:
–  Мұхтар  Әуезов  атындағы  театрды  өгіздей  өрге  сүйреген 
режиссерлердің бірі әрі бірегейі Әзірбайжан Мәмбетов болды десем 
артық айтқандық емес. Театр үшін туған, оның көсегесін көгерткен 
ұлттық режиссурамыздың тарихына атты бедерленіп жазылған өнер 
тарланы екені белгілі. Мені тағдыр осындай адаммен бірге жұмыс 
істеуге жазғанына ризамын».
Қазақстанның халық әртісі, режиссер Есмұхан Обаев:
–  Қазақ  драма  өнерінің  алтын  діңгегінің  тізгінін  елуінші  жыл- 
дардың соңын ала ұстаған Әзекең – Әзірбайжан Мәмбетов біздің 
еліміздегі нөмірі Бірінші режиссер. Ол өнер тарихында осы биікте 
қалды.  Әзекең    ұлттық  театрымыздың  крифейлерімен  ел  таныған 
саңлақтарымен бірге жұмыс істеді. Ірі классикалық қойылымдарды 
сахналады.  Ол  жұмыс  істеген  кез  қазақ  театр  өнерінің  дәуірлеу 
кезеңімен тұспа-тұс келді».
Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбай:
–  Әзекеңмен  екеуміз  театрға  қатар  келдік.  Үлкен  шаһардан, 
өнердің  ірі  ордасынан  еуропалық  білім  алып  келген  ол  театрды 
қолына  алысымен  әлемдік  классикалық  дүниелерге  қол  созды. 
Тетардың өрісін кеңейті, дүниежүзілік сахаларға шығуға жол ашты. 
Кеңес Одағының, Қазақстанның халық әртістері атанған бір топ жас- 
тарды тәрбиеледі. Оның ішінде менде бармын. Әзекең қалдырған 
қолтаңба театр өмірінде мен мұндалап тұр».

277

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал