Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет24/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

М а Э С Т Р О
құрманғазы  атындағы  академиялық  халық  аспаптар  ор- 
кестрінің  қаз  тұрып,  қадам  басқан  алғашқы  кездерінен  бас- 
тап  биік  белестерге  көтерілуіне  баға  жетпес  мол  үлес  қосқан 
оркестрдің  тұңғыш  ұйымдастырушысы,  көркемдік  жетекшісі 
және  бас  дирижері  –  академик  ахмет  қуанұлы  Жұбанов  бол-
са, сол ахаңнан тәлім алып, ізін жалғастырушы, елу жылдай 
тер  төгіп,  қалтықсыз  еңбек  еткен,  ұжым  абыройын  асырған 
– Кеңес одағының халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың ла-
уреаты  және  «Парасат»  орденінің  иегері,  профессор  шамғон 
қажығалиевтің жүріп өткен жолына саяхат жасайық.

255
Музыкалық  орындаушылық  өнер  оның  ішінде  дирижерлік  – 
барып  тұрған  құпия,  сиқырлық,  көпмағыналы  кәсіптердің  бірі. 
Дирижер  өзінің  сиқырлы  таяқшасымен  сан  әуезді,  алуан  түрлі 
музыкалық  аспаптарды  бір  желіге  көгендеп,  жусатып,  жамыра-
тады.  Оларды  ұйытып,  әртүрлі  үнді  әуендік  өзіндік  бір  арнаға 
тоғыстырып,  үйлесімді  саздық  бейне  көрініс  жасайтыны  белгілі. 
Адамға тумысынан қонған ептілікті, жылдамдықты, қолдың еркін 
қимылын  қажет  ететін  дирижерлік  мамандыққа  екінің  бірі  бара 
бермейтіні сондықтан. «Қазақтың топырағында жоқ өнерді өмірлік 
кәсіп  етермін  деген  ой  өңі  түгілі  түсіме  де  кірген  емес-ті»,  –  деп 
бастады  Шакең  әңгімесін  әу  бастан.  –  Әуел  ауылдан  Алматыға 
аттанғанда алдымда скрипка мен домбыраны жетік меңгерген ма-
ман болсам деген мақсат тұрды. Дирижерлік өнерден мүлде хаба-
рым жоқ. Тіпті, дирижер боламын деп ойлаған да емеспін», – деді 
өткен күндерге бір сәт оралған ол. Өйткені бұл өнер елімізге енді 
келіп жатқан кез болатын. Он сегізінші ғасырдың аяғына қарай Еу-
ропадан  бастау  алған  дирижерлік  кәсіп  он  тоғызыншы  ғасырдың 
орта  шенінде  толық  қалыптасқан  өнер  деңгейіне  жетті.  Ұлттық 
дәстүрімізде жоқ осы өнердің киелі қазақ жеріне келуіне себепкер 
болған ұлтжанды ғұлама ғалым Ахмет Жұбанов еді. Алғаш қазақ 
оркестрін құрып, оның тұңғыш дирижері де өзі болды. Сөйтіп ол 
қазақ топырағына қоныс теуіп, өнеріміздің бір саласына айналып 
кете барған. Тағдырдың маңдайына жазғаны солай болар, ойламаған 
жерден Шамғон осы тың өнердің жалына жармасты. Оған себепкер 
әрі дәнекер болған ұстазы Ахаң болатын.
Үшінші курстың сабақтары енді басталған кез. Ахмет Жұбанов 
бір  күні  Шамғонды  кабинетіне  шақырды.  Ахаңның  тасы  өрге 
домалап  тұрған  дәуір.  Қазақтың  маңдайына  біткен  жалғыз 
консерваторияның  тізгінін  ұстап  тұрған  шағы.  Ол  кісінің  алды-
на  кірмек  тұрмақ  есігінің  тұтқасын  ұстауға  жүрегі  дауаламайтын 
студенті шақырғанына не сенерін, не сенбесін білмеген жүрексіне 
есігін әзер ашқаны әлі есінде. «Сен екі бірдей мамандықты меңгеріп 
жүр  екенсің,  оның  үстіне  оркестрде,  ансамбльде  ойнап  тәжірибе 
жинап жүрген көрінесің, бұл талабың дұрыс. Осы істеріңді ескеріп, 
сені студенттік оркестрмен жұмыс істеу үшін өзіме ассистент етіп 
алсам деп едім. Бұған қалай қарайсың?», – дейді сонда сұраулы жа-
нармен Ахаң. Дүрсілдеп тұрған жүрегі әлі тынши қоймаған Шамғон 
бірден  ат-тонын  ала  қашқан.  Сонда  студенттің  келешегін  әріден 
болжап тұрған зерек ұстаз: «Жауап беруге асықпа, ойлауыңа уақыт 

256
беремін.  Жауабын  өзің  келіп  айтарсың»,  –  деп  шығарып  салған. 
Әне-міне  дегенше  арада  зымырап  бірер  күндер  өткен.  «Дирижер 
болсам деп өзегім үзіліп жүрген мен жоқ. Осыған көңілім дауала-
май жүргенде ректор екінші рет шақырды. Бұл жолы да Ахаңмен 
келісе алмадым. Менің бұл қиқар қылығыма ренжіген болуы керек. 
Біраз  уақыт  өткен  соң  мені  шақыртып  алды  да  алғашқы  сұрағын 
қайталап, екінің бірі, – деді салмақты үнмен нығырлай тіл қатып,  
– не келісім бересің, не консерваториядан кетесің», дегенде бойым 
суып,  жүрегім  дір  еткендей  болды.  Қорқып  қалдым.  «Келешегіне 
ұмтылмайтын, өнеріміздің өркендеуіне өз үлесін қосқысы келмейтін, 
өзінің бойында бар қабілетін халықтың игілігіне жұмсаудан аяған, 
тек өзін ғана ойлайтын адам бізге керек емес», – деді Ахаң түсін 
суытып  үзілді-кесілді.  Осыдан  кейін  тірсектерім  дірілдеп  шыны-
мен қорқайын дедім». Бұдан әрі текетірестің қажеті шамалы екенін 
түсінген  Шамғон  бір  сәт  ақылға  ерік  бергендей  болды.  «Ғұлама 
ұстаз оның талантын танып, біліп, оны осы жолға бағыттап отырса, 
«отқа айдаған есектей...» болғаным не?», – деп қателесіп тұрғанын 
түсіне қояды. «Содан кейін ұстазымнан кешірім сұрап, келісімімді 
берген  едім.  Келесі  күні  Ахаң  мені  оркестрдің  алдына  шығарып, 
студенттерге өзінің шешімін айтты. «Бұл менің ассистентім, яғни 
оң қолым. Мұның айтқаны менің айтқаным деп қабылдап, талабын 
екі етпей орындаңдар», деді. Бұл – 1946 жыл болатын.Сол күннен 
бастап,  бәлендей  дайындығы  болмаса  да,  білім  мен  тәуекелге 
үміт  артқан  ол  Ахаңның  ақ  батасын  алып,  «өмірдің  маған  берген 
сыбағасы осы болар деп дирижерлік өнердің өзім әлі толық танып 
білмеген айдынына бет ала бара жаттым», – дейді  Шакең.
1950 жыл. Сағымдай жылжып студенттік шақ та өтті. Консерва-
ториямен қош десетін күн де жетті. Өзін дирижерлік мамандыққа 
баулыған Л.Шаргородскиймен, скрипкадан білім берген И.Лесман- 
мен,  домбыраның  құлақ  күйін  келтірген  Қ.Жантілеуовпен  қимай 
қош  айтысқан  Шамғон  Құрманғазы  оркестріне  дирижер  бо-
лып  барғанда  21  жаста  екен.  Ал  араға  екі  жыл  салып,  қазақтың 
мақтанышына  айналған  оркестрдің  көркемдік  жетекшісі  әрі  бас 
дирижері дәрежесіне көтерілген. Бұл енді ғана қанаты қатайып келе 
жатқан жас маманға көрсетілген зор сенім әрі салмағы ауыр жау-
апты міндет болатын. Оны отызға толмаған Шамғонға жүктегенде 
Ахаң шәкртінің білімі мен қабілет-қарымына сенген болар. Әйтпесе 
алпыс адамдық өнер ұжымына ақылшы болу – әлемдік дирижерлік 
өнерде өте сирек кездесетін құбылыс. Егер оның өткен тарихына 

257
үңілсек, он тоғыз жасында дирижерлік тұғырға тұрып, жетпіс жыл-
дай сахнадан түспеген әйгілі дирижер Артуро Тосканидің өзі «Ла 
Скала»  театрының  бас  дирижері  болғанда  жасы  отыз  бірде  екен. 
Мысалы, Батыс музыка мәдениетінде белгілі венгер дирижері Артур 
Никиш жиырма үш жасында Лейпцинг опера театрында екінші ди-
рижер және хормейстер мәртебесіне ие болғанымен де, ол тек жиыр-
ма жеті жасында ғана бас дирижер дәрежесіне көтерілгені тарихтан 
белгілі. Ал Шамғонның сол кездегі мына самғауын қазақ өнеріндегі 
феномен  десек  те,  құбылыс  десекте  әбден  жарасар  еді-ау.  Бірақ 
олай деп ауыз толтырып, әлемге ол кезде жар салып айта алмадық. 
Себебі өздеріңізге де түсінікті. Ахаң сияқты тұяғын шаң қаппаған 
тұлпардан дирижер таяқшасын қабылдап алған ұмтылысы мен өрісі 
биік,  бойында  қаны  тасыған  жігер  қуаты  мол,  жанып  тұрған  жас 
дирижердің алғашқы ірі жеңісі де көп күттірген жоқ. 1953 жылы Бу-
харесте өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінде 
Шамғонның  жұлдызы  әлем  көгінде  жарқырады.  Осы  оқиғаға 
куә  болған  Еркеғали  Рахмадиев:  «Он  сегіз  мемлекеттің  оркестрі 
қатысып,  бақ  сынаған  аламан  бәйгеде  Құрманғазы  оркестрі  ру-
мын оркестрімен үзеңгі қағысып, ақтық сайысқа екеуі дара шықты. 
Біздің  музыканттар  қазақ  күйлерімен  қатар  И.Брамстың  «Вен-
гер биі», М.Галинканың «Вальс фантазиясы» тәрізді классикалық 
шығармаларын шебер орындап, ұлт деңгейінде ғана қалып қоймай, 
дүниежүзілік  мәдениеттің,  өркениеттің  сан  саласын  жан-жақты 
меңгергенін көрсетіп, оркестрдің кәсіби деңгейі жоғары екенін әлем 
алдында танытып, таңғалдырғанын әлі ұмыта алмаймын. Сол жолы 
қазақ  өнерінің  асығы  алшысынан  түсіп,  алтын  медальді  оркестр 
кеудесіне тағып қайтқан еді. Оған алғырлығымен жеткен Шамғон 
болатын. Содан бергі еңбегін есептемегеннің өзінде, Қажығалиевті 
ардақтау  үшін  кезінде  қазақтың  омырауына  қадаған  сол  алтын 
медальдің өзі жеткілікті», – деп еске алады.
Қазақ  өнері  мен  әдебиетінің  Мәскеуде  өтетін  онкүндігіне 
дайындық  аясында  1958  жылы  Кеңес  одағының  Мәдениет 
министрлігінің музыкалық аспаптар фабрикасына жаңа үлгімен жа-
салатын сексен аспапқа тапсырыс бергізеді. Әрине, ол айтты істелді 
деген сөз емес, көп қиындықтар да кездесті, бірақ ол табандылық та-
ныта білді. Сөйтіп Шакеңнің ұсынысымен қобыз тобындағы аспап-
тар төрт шекті жүйеге түсіріледі. Бұл өзгеріс аталған аспаптардың 
диапазонын кеңейтіп, техникалық мүмкіндіктері мен динамикалық 
икемділігін арта түскені белгілі. Оркестрдің домбыра тобында пик-

258
коло, секунд, альт, баритон сияқты жаңа аспаптармен толыға түсті. 
Шакеңнің  сөзімен  айтсақ,  олар  домбыра  тобындағы  аспаптардың 
ортаңғы регистріндегі бос кеңістікті дыбыспен толықтырып, өзіндік 
бояу қосқан.
Ол  бұрын-сонды  болмаған  сырнай  аспабының  төрт  түрін 
өзінің  сызуымен  жасатып,  оркестрге  қосқанын  қалай  жаңалық 
демессіз.  Еуропа  музыка  мәдениетіне  терең  жетік  дирижердің 
бұл  ізденімпаздығы  сол  дәуірдегі  өзінің  замандастарынан  әлде- 
қайда  биік  тұрды.  Жүрегі  қазақ  деп  соққан  Шакең  ең  алды-
мен  ұлттық  дәстүрді  құрметтейтінін  өмір  бойы  сөзімен  де, 
ісімен  де  дәлелдеп  келе  жатқан  тұлға.  Қазақ  күй  өнерінің 
классиктері  Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Дина,  Тәттімбет,  Махам-
бет шығармалары оркестр репертуарынан түсіп көрген жоқ десем 
артық  айтпаспын.  Халқымыздың  жауға  шапқанда,  аңға  шығып, 
құс  қайтарғанда  қағатын  дауылпаздың  құлақ  күйін  келтірген  де 
оны  оркестрге  қосқан  да  Шакең.  Осылай  халқымыздың  ежелгі 
тұрмысында  қолданылған  ұмыт  болып  бара  жатқан  дүниелер 
музыка  аспаптарының  қатарына  қосылып,  өз  үні,  өз  бояуымен 
ұлттық  өнерімізге  әр  беріп  келеді.  Ұлттық  музыкалық  аспапта-
рымызды жаңартуда тегеурінді мінез көрсеткен Шакеңнің еңбегі 
ерен. Кесе көлденең тұрған Мәскеудің әртүрлі құйтырқы әрекетіне 
жасымай  ерік-жігер  танытқан  дирижердің  жанкешті  ісі  ол  кезде 
ұлттық  оркестр  үшін  ерлікке  пара-пар  болатын.  Қазақ  өнері  деп 
жарғақ құлағы жастыққа тимеген Шамғон сол кеңестік дәуірдегі 
ту  ұстаушы  еді.  Ел  игілігі  жолында  төккен  тердің  нәтижесінде 
оркестр  орындаушыларының  да  шеберлігі  артып  әлем  сахна-
ларына  еркін  шыға  бастады.  Берітінде  өткізілген  халықаралық 
байқауларда  домбырашылар  мен  қобызшылардың  өте  жоғары 
деңгейде шеберлік танытуы – маэстроның сол маңдай терінің тек-
ке кетпегенінің жемісі. Маэстро енгізген сол аспаптар әлі де мәнін 
жоймай,  оркестрден  өзінің  тиісті  орындарын  тауып  отыр.  Мұны 
Шамғонның алысты болжайтын көрегендігі десек те, ұлылығы де-
сек те жарасады.
Одақ  кезіндегі  мүйізі  қарағайдай  әріптестері  арасында  Шакең 
ұлттық  болмысымен  ерекшеленіп  дара  тұратын.  Сондай-ақ,  қазақ 
өнерінің  иірімдерінде  қалып  қоймай,  шетелдік  классикалық 
музыканың айдынына кең құлаш ұрған қабілет-қарымымен де да-
раланады. Халықтың және классикалық өнерді тел емген оның уыз 
шырынының дәмі таңдайында мәңгі қалып қойған дирижер. Әсіресе 

259
оған Санк-Петербург (Ленинград) консерваториясында алған білімі 
мен тәжірибесі де, көрген білгенін көңіліне тоқи білетін қасиеті де 
өзінің игі әсерін тигізгенін жиі еске алады.
Ол  осында  жүргенде  ұстазы,  белгілі  дирижер  Э.Грикуровтан 
ғана дәріс алып қойған жоқ. Одаққа аты шыққан әйгілі Г.Караянмен 
жүздесіп, Ш.Мюншпен кездесті. Концерттік сапармен Кеңес еліне 
келген неміс Ф.Конвичный мен К.Мазурдың, итальяндық Р.Бенци 
мен  К.Аббадонның,  американдық  Ю.Орманди  мен  Л.Маазельдің, 
орыс  дирижерлері  Е.Мравинский,  А.Гаук,  К.Кондрашин,  Е.Свет- 
ланов,  Г.Рождественский,  Н.Рабиновичтің  оркестрмен  дайындық- 
тарына,  концерттеріне  қатысып,  қырдың  сары  баласы  өзінің  зе-
рек те алғырлығының арқасында көп тәлім, мол ғибрат алып елге 
оралды. Олардың ұлағатты өресі биік дирижерді ендігі жерде одан 
да  зор  биіктерге  бастайды.  Нәтижесінде  Құрманғазы  оркестрі 
Одақтағы  ең  еңселі  ұлттық  өнер  ұжымына  айналды.  Оның  атағы 
төрткүл  дұниеге  тарады.  «Өнер  ұжымдарының  бүкілодақтық 
байқауларында төрт дүркін бәйгенің алдын бермей лауреат атандық. 
Ол кезде Құрманғазы оркестрімен бәсекеге түсе алатын Н.Осипов 
және  В.Андреев  атындағы  орыс  халық  аспаптары  оркестрлері 
ғана  болатын.  Украинаның  бандуристер  капелласы,  Белоруссия, 
Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыстан халық аспап-
тары оркестрі шаң қауып қалатын. Ұлттық оркестрлердің арасын-
да  бірінші  болып  біз  «Республикаға  еңбек  сіңірген  оркестр»  де-
ген  құрметті  атаққа  ие  болдық.  Ал  Одақ  бойынша  үшінші  болып 
«Академиялық» оркестр атандық. «Халықтар достығы» орденінің 
халық  аспаптар  оркестрлер  арасында  тұңғыш  иегері  болдық»,  – 
дейді  сол  бір  қуанышқа  толы  күндерді  еске  алған  Шакең.  Міне, 
осылай  Одақ  көлемінде  оркестрдің  аты  асқақ  естілді.  Музы-
ка  сыншысы,  ғылым  докторы  В.Виноградов:  «Бұл  –  ұжым  Кеңес 
өнерінің  мақтанышы.  Оның  тәжірибесін  Одақ  көлеміне  таратып, 
оны шет елдерге көрсету керек», – деп кезінде жетістігімізге осы-
лай жоғары баға берген-ді» – дейді сондағы дуалы ауыздан шыққан 
пікірді еске алған маэстро. Оркестрдің шеберлігін өз көзімен көріп, 
көңлімен  сезінгеннен  кейін  композитор  Т.Хренников:  «Ғажап  ор-
кестр, әлемдік деңгейдегі ансамбль. Ал оркестрді мұндай дәрежеге 
жеткізу – әлемдік дәрежедегі дирижердің қолынан ғана келетін іс»,  
– деп ағынан жарылғанын Шакең әлі ұмыта алар емес.
Әділін айтар болсақ, Шамғон Қажығалиев уақыт сомдаған жи-
ырмасыншы ғасырдың аса дарынды дирижері десек әбден жараса-

260
ды. Ол оған лайық та. Қазақ музыка өнерін жаңа сатыға көтерген 
дара тұлғалардың бірі ғана емес бірегейі. Шакең кезінде пір тұтқан 
Ш.Мюнштің өзі «Дирижер атану оңай емес, ол – оркестр деген үлкен 
бір ұжымдық аспаптың табиғатын терең білетін, сол алып аспапта 
шебер  ойнай  алатын  дарынды  музыкант,  сөз  жоқ  заманымыздың 
сұңғыла дирижері», – деп тебірене айтқан пікірі музыка тарихын-
да  алтын  әріппен  жазылып  қалды.  Ал  ол  аспаптың  пернелеріне, 
шектеріне тіл бітіріп сөйлей алатын, өз алдына ойлай алатын, сезіне 
білетін  дәрежеге  жеткізген,  әуен  сазынан  тұратын  көп  дауысты, 
сансыз бояуды бір арнаға тоғыстырып, ғажап та әуезді әлем жасау 
Шакеңнің  ғана  бағына  жазған  десек  артық  болмас.  Маэстроның 
бөле-жара айтатын тағы бір қасиеті. Ол осы алуан тілді, алуан үнді 
аспаптардың сырына қанық, олардың табиғатын еркін сезініп, әрбір 
музыканттың жан дүниесін, тыныс-тіршілігін бір адамдай түсінген 
жан.
Алматыда 1973 жылы өткен Азия, Африка және Латын Америка-
сы елдері музыкасының тұңғыш форумында Құрманғазы атындағы 
ұлт аспаптар оркестрі қырық алты мемлекеттен келген аузымен құс 
тістеген  небір  өнер  майталмандарын  жолда  қалдырып,  қазақтың 
ұлы  күйшісі  Құрманғазының  «Сарыарқа»  күйі,  оны  орындаған 
оркестр  оның  бас  дирижері  Шамғон  Қажығалиев  үш  құрлықтың 
көгінде  жұлдызы  жарқырап,  қазақ  өнерінің  мәртебесін  бір 
көтерген-ді. «Ал күйдің бұл орындалуы эталон болып қабылданып, 
бүкіл  дүниежүзіне  тарады.  Бүкілодақтық  радио  мен  Мәскеудің 
күйтабақ  фирмасында  «Сарыарқа»  күйі  оркестрдің  орындауында 
әрі  әрлеуімен  әрі  дирижерлік  етуімен  жазылып,  Одақтық  алтын 
қорға  алынды»,  –  дейді  сол  бір  жүрекке  қуаныш  ұялатқан  сәтті 
сағынышпен еске алған маэстро.
Еліміздің  тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдардың  бірінде,  яғни 
1992 жылы көмірлі Қарағандыда шертпе күйдің майын тамызған, 
күй  дүлдүлдерінің  көш  басында  тұрғандардың  бірі  –  Тәттімбетке 
құрмет  көрсетіліп,  Арқада  жаңа  халық  аспаптар  оркестрінің 
тұсауы  кесіліп,  шаңырағы  көтеріліп  жатты.  Осынау  өнер  отауы-
на  көркемдік  жетекші  және  бас  дирижері  қызметіне  шақырылды. 
Шакеңе тағы да тыңға түрен салуға тура келді. «Мен, – дейді ма-
эстро,  –  Құрманғазы  оркестрінде  жинаған  жарты  ғасырлық  мол 
тәжірибемді  жаңа  оркестрдің  кәсіби  деңгейі  мен  орындаушылық 
шеберлігін шыңдауға, беделін көтеруге, қабырғасы қатайып, орны-
нан тұрып кетуіне жұмсадым. Осының нәтижесінде елімізде алғаш 

261
рет Тәттімбет оркестрімен «Абай» және «Қыз Жібек» операларының 
концерттік  үлгілері  орындалды»,  –  дейді  мақтанышты  сезіммен. 
Мұндағы  соны  ізденістер  мен  төккен  тер  текке  кеткен  жоқ,  көп 
ұзамай ол өзінің жемісін бергенінің куәсі де болдық. Шакең жете-
леп «Академиялық» атаққа да жеткізді.
Уақыт тамырын дөп баса  білетін маэстро оның тірлік-тынысын 
да сезе, ұға, түсіне алатынын танытты. Ана бір жылдары еліміздің 
әр  жерінде  халық  аспаптар  ансамбльдерін  құруға  талпыныстар 
өріс  алғаны  жадымызда.  Демек,  болашақта  халық  аспаптарын-
да  ойнайтын  мамандарға  деген  сұраныстың  артатыны  анық.  Ен-
деше  оларға  қажетті  музыканттарды  осы  бастан  дайындау  керек 
екенін  ерте  түсінген  Шамғон  Сағаддинұлы  ұрпақ  алдындағы  осы 
жауапкершілікті өз мойнына алып, сол кездегі консерватория рек-
торы  Еркеғали  Рахмадиевтің  алдына  мәселе  қойып,  өз  мақсатын 
жеткізеді.  Көп  ұзамай  қос  тарланның  қолдауымен  оркестр 
дирижерлігі кафедрасы студенттерді қабылдай бастады. Оны жиыр-
ма жыл басқарып, жүзден астам дирижерлерді өнер көгіне ұшырды. 
Бүгінде шәкірттердің ұстаз туралы пікірлері бір арнаға тоғысып, бір 
жүректен шыққандай әсерге бөлейді. Мысалы, «Солистер академи-
ясы» оркестрінің көркемдік жетекшісі Ә.Нүсіпбаев: «Қажығалиев 
–  Қазақстандағы  дирижерлік  мектептің  негізін  қалаушы»,  –  десе, 
Абай атындағы опера және балет театрының дирижері Н.Жарасов: 
«Оның  ұстаздығын  кеңес  дирижерлік  мектебінің  іргетасын 
қалаушы, негізін салушы Илья Мусинмен қатар қояр едім. Өйткені, 
ол  қазақ  дирижерлік  мектебінің  пионері  болды»,  –  деп  Шакеңнің 
мерейін асқақтата түседі.
Шакеңнің кейінгі толқын артистер мен дирижерлерге айтар тә- 
лім-тәрбие,  берер  ғибраты  сана  сандығында  қап-қап  болып  жат- 
қанына  күмән  жоқ.  Соның  бір  айғағы  2001  жылы  дирижерлердің 
еліміз  бойынша  тұңғыш  байқауын  жариялады.  Осылай  еліміздің 
дирижерлік  өнерінің  тарихында  алғаш  рет  сайысын  өткізіп,  тағы 
бір өнеге көрсетті.

262
қазақ өнерінің кесек тұлғасы
Жақында қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 
министрлігі,  алматы  қаласы  әкімшілігі,  Мемлекеттік  құр- 
манғазы оркестрінің мұрындық болуымен абай атындағы опе-
ра және балет театрында КСРО халық әртісі, қР Мемлекеттік 
сыйлығының  лауреаты,  көрнекті  дирижер  шамғон  қажы- 
ғалиевтің шығармашылық кеші өтті.
Он  сегізінші  ғасырдың  соңын  ала  Еуропада  өмірге  келген 
дирижерлік  өнер  он  тоғызыншы  ғасырдың  ортасында  өзінің 
қалыптасу  деңгейіне  жетеді.  Міне,  осы  өнерді  алғаш  қазақ 
топырағына алып келген зерделі ғалым, заңғар композитор Ахмет 
Жұбанов болатын. Өзі іргесін қалап, шаңырағын көтерген тұңғыш 
қазақ  оркестрінің  алғашқы  дирижері  де  болды.  Ал  өнердің  есігін 
енді ашып, табалдырығын имене аттаған бозбала Шамғон сонда ди-
рижер боламын деп ойлаған да емес-ті. Ол скрипка мен домбыра-
ны шебер меңгерген маман болуды ғана армандаған. Бірақ өнердегі 
тағдыры күтпеген жерден өзгеріп сала беретінін ол қайдан білсін. 
Бірде ойда жоқта үшінші курсты енді бастаған Шамғонды бір күні 
консерватория  ректоры  Ахмет  Жұбанов  өзіне  шақырды.  «Сен  екі 
бірдей  мамандықты  меңгеріп  жүр  екенсің,  оркестрде,  ансамбльде 
ойнаған тәжірибең де бар. Сені студенттік оркестрмен жұмыс істеу 
үшін өзіме ассистент етіп алсам деп едім. Бұған қалай қарайсың? 
–  дейді  ойын  білмек  болып.  Өнердің  қыр-сырын  меңгеріп,  оны 
тереңіне  әлі  бойлап  үлгермеген  Шамғон  ат-тонын  ала  қашады. 
Ахаң  сонда:  «Ойлануға  уақыт  беремін.  Егер  келіссең  өзің  келіп 
айтарсың»,  –  деп  шығарып  салды.  Біраз  күндер  арада  жылжып 
өтеді.  Дирижер  болғысы  келіп  құлшынып  жүрген  Шамғон  жоқ. 
Ахаң оны екінші рет шақырады. Ол бұл жолы да келісім бермейді. 
Біраз уақыт өткен соң Ахаң Шамғонды қайта шақырып алады да сол 
баяғы сұрағын қайталап: «Екінің бірі – дейді, –  не келісім бересің, 
не  консерваториядан  шығарамын.  Болашағына  талпынбайтын, 
өнеріміздің өркендеуіне өз үлесін қосқысы келмейтін, өз дарынын 
халықтың игілігінен аяған адам бізге керек емес». Мұны естігенде 
Шамғонның  зәресі  зәр  түбіне  кетеді.  Шынымен  қатты  қорқады. 
Көкірек  көзі  көреген,  көңілге  түйгені  мол,  қазақ  ән-күйінің  арғы-
бергі  тарихын  жете  білетін  сұңғыла  ғалым,  парасат  пайымы  зор 
ұстаз өзінің қабілетін байқап, біліп, өзін дұрыс жолға бағыттап отыр-

263
са, менің қашқақтағаным жөн бе екен? – деп ойлаған ол өз қателігін 
түсіне қояды. Ахаңнан кешірім сұрап, келісімін береді. Ахаң оны 
ертесіне оркестрдің алдына шығарып, студенттерге өзінің шешімін 
айтады. «Бұл менің ассистентім, яғни оң қолым. Мұның айтқанын 
менің айтқаным деп қабылдап, талабын қалтықсыз орындаңдар» – 
дейді шәкіртіне деген үлкен үмітпен. Бұл – 1946 жыл болатын. Сол 
күннен  бастап  Шамғонның  бойындағы  табиғи  талант  бірте-бірте 
бүршік жара бастайды. Ахаңның ақ батасын алған ол дирижерлік 
мамандыққа міне осылай келді.
Консерваторияны дирижерлік мамандық бойынша Л.Шаргород- 
скийден, скрипкадан – И.Лесманнан, домбырадан – Қ.Жантілеувтен 
бітіріп,  1950  жылы  Құрманғазы  атындағы  халық  аспаптар 
оркестріне  дирижер  болып  барғанда,  Шамғон  небәрі  жиырма  үш 
жаста екен. Бірден оның тізгінін мықты ұстаған ол араға екі жыл 
салып  оркестрдің  көркемдік  жетекшісі  әрі  бас  дирижері  болып 
бекітіледі. Қазақтың маңдайына біткен бірінші және бірегей халық 
аспаптар  оркестріне  жетекшілік  ету  –  жас  маман  үшін  әрі  үлкен 
құрмет, әрі зор жауапты міндет екенін сезінген Шамғон ең алдымен 
ұлағатты ұстазы Ахаңды жерге қаратпауды ойлады. Ал Ахаң бол-
са әлі екі мүшелге толмаған Шамғонға осы салмақты да маңызды 
міндеттерді  жүктегенде  ең  бастысы  шәкіртінің  білімі  мен  дарын 
деңгейіне,  қажыр-қайратына  сенген  болар.  Әйтпесе  жиырма  бес 
жасында мемлекеттік оркестрге ақылшы болу – дирижерлік өнерде 
некен-саяқ  кездесетін  құбылыс.  Бұны  «Шамғонның  феномені» 
деу  керек  сірә!  Ахаң  сынды  өнердің  кенінен  сиқырлы  таяқшаны 
қабылдап  алған  жас  дирижерді  алғашқы  ірі  жеңіс  көп  күттірген 
жоқ.  Ол  1953  жылы  Бухаресте  өткен  жастар  мен  студенттердің 
дүниежүзілік  фестивалінде  алақанына  келіп  қонды.  Оны  компо-
зитор  Еркеғали  Рахмадиев:  «Он  сегіз  мемлекеттің  оркестрлері 
қатысқан  фестивалде  Құрманғазы  оркестрі  румын  оркестрімен 
иық  тірестіре  финалға  шықты.  Оркестр  қазақ  күйлерімен  қатар 
И.Брамстың  «Венгр  биі»,  М.Глинканың  «Вальс  фантазиясы» 
сияқты  классикалық  шығармаларды  да  орындап,  ұлт  деңгейінде 
ғана емес, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің барлық саласын 
меңгергенін көрсетіп, өзінің биік деңгейде екендігін дәлелдеді. Сол 
жолы  бірінші  орын  алып,  қазақ  өнерінің  алғашқы  алтын  медалін 
әперген  Шамғон  еді.  Содан  бергі  еңбегін  есептемегеннің  өзінде, 
Қажығалиевті ардақтау үшін қазақтың омырауына тағылған сол ал-
тын медалдің өзі жеткілікті» – деп кезінде жоғары бағалаған екен.

264
Дәл осындай салтанатты сәтті Құрманғазы оркестрі тағы да екі 
рет бастан өткеріпті. «Болар істің басына жақсы келер қасына» – 
демекші  бұдан  әрі  аталмыш  өнер  ұжымының  тасы  өрге  домалап 
жүре беріпті. –  Әлі есімде 1984 жылы Атырау қаласында қатарынан 
жеті күн бойы концерт бердік. Күйге сусап қалған халық легі бір 
толастамады. Ал залда ине шаншар жер болмады. Осындай көрініс 
1988  жылы  Шымкентте  қайталанды.  Біз  осындағы  мұнай  өңдеу 
зауытының мың адам сиятын сарайында он күн бойы өнер көрсеттік. 
Он күн бойы залда бір бос орын болмады» – дейді Шамғон. Осы бір-
екі деректің өзінен–ақ оркестрдің орындау шеберлігінің ауқымын, 
репертуар  молдығын  және  оның  бас  дирижеріне  деген  халық 
құрметін  аңғару  қиын  емес  еді.  Қашанда  жаңалыққа  жаны  құмар 
ізденімпаз Шамғон оркестрдің аспаптарын қайта жаңғыртуды қолға 
алды. Оған біраз себептер түрткі болды. Ол оркестрдің тек ұлттық 
туындылармен ғана шектеліп қалмауын ескеріп репертуарды байы-
ту, оны әлемдік классикалық шығармалармен толықтыру мәселесін 
бірінші  орынға  қояды.  Ондай  күрделі  шығармалардың  өздеріне 
тигізетін септігі зор екені, әрине, даусыз болатын. Тек қана фольклор-
мен  әуестеніп  келген  оркестр  мүшелеріне  сан  қилы  гармониялық 
үндестіктерді  қабылдауға,  көпүнділік  жазу  мәнерін  ести  білуге, 
күрделі  шығармалардың  алуан  түрлі  құрылымын  түсінуге  көмегі 
тиер  еді.  Бұл  мәселені  жеріне  жеткізе  түбегейлі  зерттеген  маэ-
стро  ондай  туындыларды  орындау  кезінде  көптеген  тембрлердің 
жетіспейтіндігін,  сол  үшін  жаңа  аспаптар  енгізіп,  бұрынғыларды 
жетілдіру  керектігін  түсінген  ол  қазақ  музыкалық  аспаптарының 
тарихына үңілді.– «Себебі, – дейді Шамғон, – 1933–1937 жылдар 
аралығында академик Ахмет Жұбановтың басшылығымен шебер-
лер Э.Романенко мен Қ.Қасымовтың қатысуымен жасалған музыка 
аспаптары  ендігі  жерде  жаңа  талаптар  үрдісінен  шыға  алмайтын 
болды.  Арада  жиырма  жылдан  астам  уақыт  өткенде  аспаптардың 
дыбыстық  бояуы,  техникалық  мүмкіншіліктері,  динамикалық 
қуаты  қанағаттандырмады».  Сөйтіп  ізденгіш,  жаңашыл  дирижер 
өзінің көздегеніне жетіп, ойына алғанын жүзеге асырады. Ол 1958 
жылы  Мәскеуде  өтетін  қазақ  өнері  мен  әдебиетінің  онкүндігіне 
орай КСРО Мәдениет министрлігінің  музыкалық аспаптар фабри-
касына жаңа үлгімен жасалған сексен аспапқа тапсырыс бергізеді. 
Бұлар  Шамғонның  қадағалауымен  ғылыми  негізде,  акустика 
заңдылықтары  ескеріліп  жасалады.  Олар  оркестрдің  үніне  соны 
өзіндік бояу қосты.

265
Шамғон Қажығалиев мұнымен шектеліп қалған жоқ. Тағы бір ба-
тыл қадамға барды. Ол бұрын-соңды болмаған сырнай аспабының 
төрт  түрін  өзінің  сызуымен  дүниеге  әкелді.  Қазақтың  ұлттық 
дәстүрлерін  жақсы  білетін  ол  халқымыздың  жауға  шапқанда, 
аңға  шығып,  құс  қайырғанда  қағатын  дауылпаздың  құлақ  күйі 
келтірілген үш түрін оркестрге енгізді. Сөйтіп кезінде халқымыздың 
тұрмысында  қолданылған  дүниелер  музыка  аспаптарының 
қатарына қосылып, өз үні, өз бояуымен ұлттық өнерімізге әр берді. 
Музыкалық  аспаптарымыздың  қатары  көбейіп,  саны  артты.  Бұл 
Шамғонның  музыка  тарихына  қосқан  өзіндік  үлесі  еді.  Әсіресе 
ол  орындаушылардың  шеберлігін  еселей  түсуге  өзінің  игі  әсерін 
тигізгені белгілі. Бүгінде өтіп тұратын Республикалық байқауларда 
домбырашылар  мен  қобызшылардың  жоғары  нәтижеге  жетіп, 
шеберлік танытуы – Шамғонның бір кездегі сол жемісті істерінің 
нақты көрінісі екенін де ешкімнің дауы болмас. Мұны маэстроның 
көрегендігі десек те жарасады.
– Халықтық және классикалық өнерді тел игеруге ден қойдым. 
Ондағы ойым, – деп сөзін сабақтай түскен ол, – қазақтың күйлерінің 
уыз шырынын тыңдарман жүрегіне жеткізу болатын. Бұл мақсатыма 
жеттім ғой деп ойлаймын». Ия, аталмыш оркестр Кеңес дәуірінде 
алғашқылардың  бірі  болып  «Академиялық»  деген  құрметті  атақ 
алды.  Одақ  көлемінде  бұл  өнер  ұжымының  аты  асқақ  естілді. 
Орыс музыка сыншысы, ғалым докторы В.Виноградов: «Бұл ұжым 
кеңес  өнерінің  мақтанышы.  Оның  тәжірибесін  Одақ  көлеміне  та-
ратып, оны шет елдерге көрсету керек» – деп оркестрдің табысына 
жоғары баға берсе, композитор Т.Хренников оркестрдің шеберлігін 
көзімен  көріп,  көңілімен  сезінгеннен  кейін:  «Ғажап  оркестр, 
әлемдік  деңгейдегі  ансамбль»  –  деп  таңқалып,  ағынан  жарылды. 
Ал оркестрді мұндай биікке көтеру, әлемдік дәрежедегі дирижердің 
қолынан ғана келетін іс еді. Өткен ғасырдың жетпіс үшінші жылы 
Алматыда әлемдік музыкаға қатысты ерекше оқиға болғаны назары-
мызда. Осында Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің ең 
ірі музыкалық форумы өтті. Міне, осы аламан бәйгеде Құрманғазы 
оркестрі жасындай жарқырап тағы бір қырынан көрінді. Қырық алты 
мемлекеттен келген небір дүл-дүлдер мен майталмандарды жолда 
қалдырып, күй атасы Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, оны майын 
тамыза  орындаған  Құрманғазы  оркестрі  және  оның  бас  дирижері 
Шамғон Қажығалиев бірінші орынды жеңіп алып, шашасына шаң 
жұқпас өрен жүйрік екенін айдай әлемге тағы бір танытты.

266
Өнер  ұжымымен  оңай  тіл  табысатын  Шамғонды  1992  жылы 
Қарағандының  Тәттімбет  атындағы  халық  аспаптары  оркестріне 
көркемдік жетекші және бас дирижер қызметіне шақырады. Көргені 
көп, көкейге түйгені мол дархан дарын иесі өзінің жарты ғасырлық 
бай тәжірибесін ендігі жерде өзі тізгінін ұстаған оркестрдің кәсіби 
деңгейі мен орындаушылық шеберлігін көтеруге жұмсады. Осындай 
шығармашылық тың ізденістер мен мақсатты еңбектің нәтижесінде 
Тәттімбет атындағы оркестр де «Академиялық» атаққа ие болды.
Кәсіби  шеберліктің  шыңына  шыққан  Шамғонның  ұстаздық 
еңбегінің  өзі  бір  төбе.  Уақыт  тамырын  дөп  басып  тани  білетін 
білікті  де  білімдар  қасиетімен  де  көрінді.  Сол  бір  жылдары  жер-
жерде оркестрлер көптеп құрыла бастады. Демек бұл жетекшілер 
тапшылығына  әкеліп  соғары  сөзсіз  еді.  Ендеше  оларға  қажетті 
дирижерлерді  осы  бастан  дайындауды  қолға  алған  жөн  деп  шеш-
кен  Шамғон  Сағаддинұлы  сол  кездегі  консерватория  ректоры 
Е.Рахмадиевке өз ойын жайып салады. Бұл мәселеге зор мән берген 
Еркеғалидың қолдауымен көп ұзамай оркестр дирижерлігі кафедра-
сы өмірге келді. Оны жиырма жыл басқарып, жүзден астам шәкірт 
дайындады.  Ұстаз  туралы  «Солистер  академиясы»  оркестрінің 
көркемдік  жетекшісі  Ә.Нүсіпбаев:  Қажығалиев  –  Қазақстандағы 
дирижерлік мектептің негізін қалаушы» – десе, Абай атындағы опе-
ра және балет театрының дирижері Н.Жарасов: «Оның ұстаздығын 
кеңес  дирижерлік  мектебінің  іргетасын  қалаушы,  негізін  салушы 
Илья  Мусинмен  қатар  қояр  едім.  Өйткені,  ол  қазақ  дирижерлік 
мектебінің пионері болды», – деп мақтан етеді.
Қазақ музыка өнерінің ақиық ақсақалы, елін сүйген ардақты аза-
мат туған халқының рухын асқақтатып, қазақ күй өнерін әлем сах-
насында шалқытып келеді. Ол әлі тұғырдан тайған жоқ. Оның бой-
ында  Тосканинидің  темпераменті,  Караянның  суреткерлігі,  туған 
жер  топырағынан  дарыған  сарқылмас  шалқар  шабыт  пен  дархан 
дарынның қайнар көзі бар. 

267

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал