Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет23/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Опера – ақсүйектердің сүйікті өнері
– Сіз орындап жүрген партияларға зер салып қарасақ, көбісі 
асқақ сезімдерге берілген, махаббат идеалдары болып келеді. Бұл 
кездейсоқтық  па,  жоқ  әлде  сіздің  жүрек  қалауыңыз  ба,  қалай 
түсінуге болады?
–  Неге  екенін  қайдам,  әйтеуір,  лирика,  романтика,  жалпы 
драмалық  шығармалар  жан  дүниеме  жақын.  Мысалы,  «Қыз 
Жібектегі» – Жібек. «Абайдағы» – Ажар, «Богемадағы» – Мими, 
«Турандоттағы»  –  Лир,  Дж.Веридің  «Травиатасындағы»  –  Ви-
олетта,  «Риголеттадағы»  –  Джильда,  «Фальставтағы»  –  Али-
са,  Моцарттың  «Фигароның  үйлену  тойындағы»  –  Сюзанна, 
Ж.Бизенің  «Карменіндегі»  –  Микаэла,  Дж.  Россинидің  «Севиль 
шаштаразындағы»  –  Розина,  Н.Римский  –  Корсаковтың  «Пат-
ша  қалыңдығындағы»  –  Марфа,  Цемлинскийдің  «Карлигіндегі» 
–  Инфанта,  И.Штраустың  «Жарғанатындағы»  –  Розалинда.  Осы 
бейнелердің  бәрін  де  өте  жақсы  көремін  әрі  бар  өнерімді  салып 
ойнауға, айтуға тырысамын. Операда тек дауыс қана емес, актерлік 
ойын,  сахналық  іс-қимыл,  бірін-бірі  толықтырып  тұруы  керек. 
Шығарма романтикалық болсын, көрерменнің жанына жететіндей, 
оның  ой-дүниесін  қозғайтындай,  иландыратындай  орындалса 
деймін. Сондықтан да әр кейіпкерге тән өзіндік трактовкаң бол-
са,  соған  жететін  шеберлік  деңгейің  болса,  онда  көрерменнің 
көңілінен шығарың сөзсіз.
– Қазір, әсіресе, опера әншілері шетелшіл болып кетті, тіпті 
кейбіреулері сол жақта тұрақты тұрып жатыр деген сөздерді 
жиі еститін болып жүрміз. Шындығында солай ма? Егер осы 
рас болса, онда қазақ опера өнерін әлем мойындағаны ғой. Жоқ, 
әлде оның басқа сыры бар ма? 
–  Құдайға  шүкір,  талантқа  кенде  емеспіз.  Кезінде  Кеңес 
Одағының опера мектебі әлемдегі ең алдыңғы қатарлы мектептердің 
бірі болғаны баршаға аян. Бізде сол негіз сақталып қалған. Біз күні 
бүгінге  дейін  содан  нәр  алып  келеміз.  Біздің  мамандардың  іргесі 
сондықтан  да  берік,  білікті,  ешкімнен  кем  емес.  Мен  алғаш  пиа-
нист  болғанмын.  Музыкалық  мектепте,  училищеде  фортепиано 
класында  оқыдым.  Бірақ  кейін  вокалға,  академиялық  классикаға, 
әнге көңіл ауды. Консерваторияда білім алдым. Швейцарияда, Ис-
панияда  шеберлігімді  жетілдіріп,  шетелдік  озық  мектептердің 
әдіс-тәсілдерін  меңгеріп,  қабілет  деңгейімді  көтердім.  Сөйтіп 

244
классикалық әнші атандым. Дәл қазір мені қайда жіберсе де, қандай 
ария, қандай партия орында десе де әркез дайынмын.
Біз  әлі  таланттарымызды  таныта  алмай  келеміз.  Жарнамалау 
жағы  бізде  жетіспей  жатады.  Мысалы,  мен  Испанияның  Барсе-
лона қаласында өткен халықаралық байқауда лауреат болдым. Ол 
кезде ешкім ештеңе білген жоқ, өйткені мен ол туралы айтпадым. 
Дұрысында айтуым керек еді. Қазір де қабілетті жастар көп. Оның 
бірі Астана музыка академиясының студенті Жылтыркөзов Азамат 
Польшада өткен халықаралық байқауда арнайы жүлдеге ие болды. 
Жастар  үшін  бұл  да  жаман  көрсеткіш  емес.  Бірақ  бір  өкініштісі 
осындай жастарымыз көлеңкеде қалып қоя береді. Дер кезінде елеп, 
ескермегендіктен  олар  шетелге  кетіп  жатады.  Онда  талантқа  есік 
ашық.
«Менің Жібегім осындай болуы керек еді...»
–  «Қазақстанда  опера  әншісі  болып  өмір  сүру  қиын» 
дейтіндермен  өз  басыңыз  келісесіз  бе?  Мүмкін  бұл  опера 
өнерінің  беделі  түсіп  бара  жатқандықтан  болар.  Сіз  қалай 
ойлайсыз?
–  Әлемдік  сахналарда  операның  беделі  әлі  жоғары  дер  едім. 
Себебі,  құлдырау  тенденциясы  байқалмайды.  Өйткені  опера 
ақсүйектердің  көріп,  тамашалайтын  өнері.  Қарапайым  халық  оны 
түсіне  бермейді.  Рок-поп  музыканың  әуеніне  шырмалған  қазіргі 
жастардың көпшілік бөлігі операны қажет етпейтіні өкінішке орай 
шындық.  Оларды  операға  бұра  алмайсың,  заман  ағымы  сондай. 
Егер өнер адамдарына жағдай жасаса, олар тек өнермен айналыс-
са, әрине, жақсы болар еді. Еуропада әрбір белгісіз, кәсіби әншінің 
агенттіктері  жұмыс  істейді.  Жеке  менеджері,  жеке  продюсері  бо-
лады.  Мысалы,  менің  менеджерім  бар.  Бірақ  Голландияда.  Менің 
шетел  театрларымен  байланысымда  оның  елеулі  үлесі  бар.  Оның 
көмегімен американың Нью-Йорк қаласындағы Карнеги-Холл теа-
трында жеке концертім болды. Осындай жүйе бірте-бірте таралып 
келеді. Келе-келе бәрі жақсарады деп ойлаймын.
– Сіз неміс, итальян, француз операларын «түпнұсқа негізінде 
орындаймын» дедіңіз. Өнер ешқандай тәржіманы, түсініктемені 
қажет  етпейді  десек  те,  орындаушы  образдың  сырын,  мұңын 
жеткізу үшін мағынасын түсінумен қатар сол тілдің дыбыстық, 

245
яғни фонетикалық заңдылықтарын білуі керек қой. Сондықтан 
да осының бәрін меңгере алдым деп айта аласыз ба? 
– Әрине, бәрін бес саусақтай игердім деп айтсам артық болар. Ша-
мам келгенше дыбысты дұрыс айтуға машықтанамын. Шығарманың 
мәтінін бұзбай жеткізу әнші үшін бірінші орында тұратын қағида. 
Мен жыл сайын Италия, Франция, Германия, Бельгия, Португалия, 
Голландия және басқа да көптеген елдерге гастрольдік сапармен ба-
рып  тұрамын.  Сонда  мен  олардың  сахнасында  сол  халықтың  төл 
тілінде ән салып тұрып, сөзін бұзып айтып тұрсам, тыңдарман мені 
қалай  қабылдар  еді.  Еуропалықтар  ондай  «халтураға»  төзбейді. 
Сізді  бірден  сахнадан  кетіреді.  Сол  себептен  де  мен  әу  бастан 
«егер  бірдеңе  жасайтын  болсаң,  оны  жақсылап  үйренуің  керек, 
ештеңе де өздігінен келмейді» деген принципті ұстанған жанмын. 
Сол үшін де еуропалық мамандардан арнайы дәріс алғанмын. Сол 
ұстаздарымның бірі – немістің ХХ ғасырдағы ұлы әншісі аталған 
Елизабет Шварцкопф.
– Нұржамал, сіз ең алдымен камералық әншісіз. Сондықтан 
да  камералық  туындылардан,  қазіргі  заман  авторларының 
және  джаз  шығармаларынан  тұратын  жеке  концерттік 
бағдарламаларыңызбен елімізде және алыс-жақын шет елдерде 
де кеңінен танымлсыз. Енді әңгіме төркінін осы бағытқа бұрсақ.
–  Әрине,  гастрольдік  сапармен  шет  елдерге    жиі-жиі  шығып 
тұратын әншінің репертуары да сан ауан болатыны белгілі. Менің  
орындауымдағы  қазақтың  халық  әндері  «Алқоңыр»,  «Дайди-
дау», «Шиліөзен», «Илигай», «Дедімай-ау», – қайта түлеген, боя-
уы бұрынғыдан да гөрі қаныға түскен інжу-маржан дүниелер. Ал 
Біржан  салдың  «Ғашығым»,  Манарбек  Ержановтың  «Қуанамын», 
Шәмші Қалдаяқовтың «Қайықта» және «Арыс жағасында», Мұқан 
Төлебаевтың «Ақмарал сұлу еркем-ай», Нұрғиса Тілендиевтің «Ақ 
шағала»,  Латиф  Хамидидің  «Қазақ  вальсі»,  Ахмет  Жұбановтың 
«Қарлығашы»  –  менің  талғам  елегімнен  әбден  екшеліп  өткен  әрі 
тыңдарманның жүрегіне жол тапқан әндер. Мен ең алдымен, әнді 
әбден пісіріп алып, шегіне жеткізе шырқау мәнерінен еш айныған 
емеспін.
–  Кейінгі  жылдары  елімізде  опера  театрларының  қатары 
көбейіп  келеді.  Бұл,  әрине,  жақсылық.  Сол  театрлар  Сізді 
шақырып тұра ма?
–  Театр  көптік  етпейді.  Бірақ  та  сол  театрларға  қажетті  жақсы 
мамандар  аз.  Сондықтан  да  бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-

246
бір  жолы  алыс-жақын  шетелдерден,  мысалы,  Астанадағы  К.Бәй- 
сейітова  атындағы  опера  және  балет  театры  жаңа  спектакльдер 
қойыларда Ресейден жоғары деңгейлі мамандар шақыруды дәстүрге 
айналдырған. Бұл өте жақсы жол деп ойлаймын. Ал өзіме келсем, 
Астана  театры  шақырғанда,  қуана-қуана  барамын.  Өйткені  менің 
отбасым  сонда  ғой.  Ал  үшінші  театр  Шымкентте  ашылып  жа-
тыр.  Оған  қуаныштымын.  Опера  орындауға,  жеке  концерт  қоюға 
шақырып жатса, әрине, мен дайынмын. Туған жер, туған топырақ 
қашанда ыстық қой...
–  Ақпарат  көздерінен  естіп,  көріп  жүрміз,  кино  өнеріне  де 
бет  бұрған  көрінесіз.  Оған  баруға  Сізге  не  әсер  етті,  кімнің 
ықпалы болды?
–  Бірде  Ұлжан  Қолдауова  Ғабит  Мүсіреповтың  «Ашынған 
ана»  әңгімесінің  желісімен  фильм  түсіруді  қолға  алып  жатқанын, 
ондағы басты кейіпкердің рөлін менің ойнауымды қалайтынын айт-
ты. Мен киноға түсуге құштар емеспін. Бірақ Ғабит ағаның есімін 
естіген соң, еш ойланбастан келісім бердім. Себебі менің театрдағы 
алғашқы  тұсаукесер  қадамым  «Қыз  Жібек»  операсынан  басталды 
деп  айттым  ғой.  Сол  тұңғыш  сахнаға  шыққан  сәтімде,  премьера-
дан  кейін  Ғабит  аға  сахнаға  шығарып,  барлық  орындаушыларды 
құттықтады.  Сонда  менің  маңдайымнан  сүйіп,  «Менің  Жібегім 
осындай болуы керек еді» деді. Сол сәтті мен әлі күнге дейін ыстық 
ықыласпен еске аламын. Ол кісінің ризашылығын маған берген ақ 
батасындай қабылдадым.
Н.Ү:  Опера  әншісі  үшін  көрермен  басты  сыншы,  өнеріңді  де 
бағалайтын солар. Сондықтан жалпы, көрермен таңдамайын және 
оларды  «мынау  қаланікі,  мынау  даланікі»  деп  бөліп-жарып  жат-
паймын.  Батыстың  үлкен  театрларында  болсын,  өзіміздің  шағын 
қалаларда болсын, барлық жерде бірдей. Қандай сахнада болмасын 
белгілі  бір  шығарманы  орындаудың  мәдениеті  мен  үшін  бәрінен 
жоғары.  Байқағаным  батыста  опера  өнерінің  үлкен  аудиториясы 
қалыптасқан. Ірі қалалардағы көрермендердің көбі операны көруге 
емес, ән тыңдауға, әншінің даусын естуге келеді. Бізде де операның 
бағасын білетін, түсінетін адамдар көп...

247
С а Р а
қазақ  мәдениеті,  ұлттық  ән  өнері  қазақстанның  халық 
артисі Сара Тыныштығұловамен ажарланып тұрғандай... Төл 
өнерімізге  бір  кісідей  сүбелі  үлес  қосып  жүрген  әншінің  өнер 
әлемінде  өзіндік  орны  бар.  Соңынан  ерген  буын  оның  тәлімі 
мен талғамына әбден қаныққан. Ол еркін елдің әні мен күйін 
барынша дамытып келе жатқан өнер иесі. «Әнші жүрегіне әжім 
түспейді» деген рас болар. Ендеше, әншінің ішкі сырына бірге 
қанығайық. 
Қазақ  ән  өнерінде  өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  жұл- 
дызы  жанған  әншінің  бірі  –  Сара  Тыныштығұлова.  Жетісудың 
қызғалдағындай құлпырып, Қазақ сахнасына жарқ етіп шыға кел-
генде  елең  етпеген  жан  болмағаны  анық.  Өзіміз  де  сол  ортадан 
табылып, сүйсіне қол соқтық. Бұл кезең қазақ эстрадасының өрісі 
кеңейіп,  тынысы  ашыла  бастаған  тұс.  Ұлттық  ән  өнерімізге  ене 
бастаған екпінді ырғақ пен жеңіл де ойнақы әуен сол дәуірдің ба-
сты жаңалығы еді. Батыстан басталып, бірте-бірте Одақты жаулап 
бара жатты... Сөйтіп құйындай соққан эстрада дәстүрлі ән-күйімізді 
сахнадан ығыстырды. Ән әлемінде осылай төңкерістер орын алып 
жатқан кезде қазақ әншілері де ол өзгерістен тыс қалмағаны анық. 
Бізде де эстрада әндері өмірге келе бастады. Ендігі жерде оған ден 
қоюшылардың  қатары  өсіп,  тіпті  эстрада  әншілерін  даярлайтын 
оқу  орындары  ашыла  бастаған  еді.  Осы  жаңа  үрдісте  ән  айтуға 
талпынғандардың  бірі  Сара  болатын.  Еті  тірі,  өткір  мінезді  қыз 
мұзжарғыш кемедей кездескен кедергілерден қаймықпай, өнердегі 
өзінің жолын дәл тапты. Әрине, бәрі бірден келе қойған жоқ. Бір 
мезет  сағымға  оранып,  қалып  қойған  жылдарға  оралайық.  «Мен 
халқымыздың басына нәубат төнген шақта, Ұлы Отан соғысы жүріп 
жатқан кезде дүниеге келгем екем», – деді Сара бір сәт өткен күндерге 
оралып. – Әкем соғыста от пен оқтың ортасында жүрген. Шешем 
мен туған-туыстарым атақты ақын Сара туып өскен Ешкіөлместің 
бұлақ суына мені шомылдырып, ата-баба дәстүрімен ырымдап атым-
ды Сара қойыпты. Бұл өзі бір Жетісудың киелі жері. Мұнда есімі 
күллі қазаққа танымал Мұхамеджан Тынышпаев, Мұқан Төлебаев, 
Еркеғали Рахмадиев дүниеге келген. Осы киелі топырақтан маған 
өнердің ұшқыны тисе керек», – деген Сара одан әрі әңгіме тиегін 
ағытты.  «ВЛКСМ-ның  30  жылдығы  атындағы  орта  мектептің 
есігін  аштым.  Бұл  мектепте  бір  кезде  Мұхаң,  Еркеғали  ағаларым 

248
білім  алған.  Мұғалімдердің  өздері  де  өнерге  ерекше  көңіл  бөліп,  
халық аспаптар оркестрін құрған-ды. Олар ауыл тұрғындарының, 
оқушылардың алдында өнерін көрсететін. Оны көрген біз де қарап 
қалмай «Ән айтсақ» деп талпынатынбыз. Басқалай болуы мүмкін 
емес еді. Әлі есімде төртінші сыныпта оқып жүргенімде алғаш рет 
клубтың сахнасына шықтым», – деп әңгіме тізгінін бір қайырып та-
стады. Содан ақ желегі желбіреген бүлдіршіннің санасында «әнші 
болам» деген арман мәңгіге ұя салған еді. Талабы таудай Сараны 
ұстаздары  Алматыда  өткен  пионерлердің  республикалық  слетіне 
жіберді.  Өнерлі  балдырғандар  арасында  топ  жарған  Сара  ауылы-
на  тұңғыш  рет  лауреат  болып  оралуы  жас  талантты  жігерлендіре 
түскені  анық.  Шәкірт  бойындағы  табиғи  қасиетті  байқаған  ән 
сабағының мұғалімі ендігі жерде оған ерекше көңіл бөліп ән үйрете 
бастайды.
–  Сол  слетте  «Отан»  және  «Севастополь  вальсі»  әндерін  айт-
тым.  Осыдан  кейін  ауылда  «әнші  Сара»  атандым.  Жетісудың 
бір  пұшпағында  жатқан  шалғайдағы  ауылдың  ермегі  сол  кезде 
оқушылардың  шалдыр-  шатпақ  өлеңдері  мен  радиодан  үйренген 
бас-аяғы жоқ әндер еді. Оған қарап жатқан біз жоқ, бір-екі шумағын 
шамамыз  келгенше  айтып  берсек,  соған  ата-анамыз  мәз.  Ол  за-
манда  үйдің  сәні  радио  болатын.  Ал  дүкеннің  алдындағы  бағана 
басындағы  радио  бүкіл  ауылды  ұйқысынан  оятып,  таңатпай 
саңқылдап тұратыны әлі есімде. Тіршілік біртүрлі көңілді, ән салып 
тұрғандай көрінетін. Біз, әсіресе, Күләш, Жамал, Рабиға апалары-
мыз ән салғанда тұра қалып тыңдайтынбыз. Соларға еліктейтінбіз, 
«сондай болсақ» деп қиялдайтынбыз. Сөйтіп жүріп орта мектепті де 
бітірдік. «Әнші болсам» деген арман мені ауылда көп тұрақтатпай, 
алып  ұшып  Алматыға  алып  келді»,  –  деп  ауылда  қалған  балалық 
шағын бізге әнші сағынышпен еске алғандай көрінді.
–  Егер  адам  бір-біріне  сүйенбесе  адамға  қанат  бітпесі  анық. 
Мен  мұнда  да  үлкен  апаларымның,  ағаларымның  қамқорлығын 
көрдім. Бірінші рет филармонияға әнші болып қабылдануыма бас- 
ты  дәнекер  болған,  әрі  тер  төгіп  ұстаздық  еткен  марқұм  Жамал 
Омарова  болатын.  Әншілік  тағдырыма  одан  кейін  Қазақстанның  
халық артисі Гүлжаһан Ғалиева айрықша әсер етті. Ал кәсіби білім 
алып, үлкен сахнаға көтерілуіме, дүниежүзі халықтарының әндерін 
айтуға мүмкіндік жасаған РСФСР- дің халық артисі, латыш қызы 
Ирма Петрқызы Яумзн. Ол кезінде 64 ән айтып, өнеріне француз 
жазушысы Роман Роллан мен орыс қаламгері Максим Горький тәнті 

249
болғаны  белгілі.  Ирманың  білімі,  тәжірибесі,  ән  айтудағы  әдіс-
тәсілі, өнердегі қанатымның қатаюына көп әсер етті. Әсіресе, Алма-
тыда өткен Кеңес әндерін үздік орындаушылар байқауының ықпалы 
ерекше  болды.  Байқауда  жолым  болып,  жеңімпаз  атандым.  Бұл 
өнерімнің өрісін кеңейте түсті, – дейді әншілік жолындағы алғашқы 
жеңістерін  еске  алған  Сара.  –  Шығармашылық  дегеніміздің  өзі 
ерлікпен  пара-  пар  дүние.  Ол  бойдағы  еңбек  пен  қайрат-жігердің 
қайтарымы.  Мен  кейбір  әншілер  сияқты  өнерді  мамандық  деп 
қарамаймын.  Бұл  менің  маңдайыма  әуел  баста  жазылған  тағдыр, 
нағыз өмірімнің өзі деп танимын». Иә, өнердің тайқазанында қайнап 
жүрген шақта оның өмірі үнемі жол үстінде өтті. Малды ауылдың 
да, егіншілер қосынын да асыға күтер қонағы болды. Аяқ астынан 
құрастырылған сахналарда «жанды» дауыспен ашық аспан астын-
да сан мәрте дала төсін жаңғыртып ән салды. Әнші сол сағымдай 
болып  сырғып  өткен  қасқағымдай  сәттерді  бүгін  де  сағынатыны 
ақиқат.
–  Қазір  микрофонды  ауыздарынан  ажыратпай  ән  айтып 
жүргендерге шәк келтіремін. Халықпен жүзбе-жүз тілдесіп, өзінің 
табиғи даусымен ән айтқанға не жетсін. Әрине, алып кең сарай-
ларда дауыс жетпей жатуы мүмкін. Оған кешіріммен қараған жөн. 
Жаяу  Мұса,  Ақан  сері,  Біржан  сал,  Әсет,  Балуан  Шолақ  микро-
фонсыз ән салған ғой деп жататындар бар. Ол кезде жұрт алқа-
қотан әншінің маңайына иіріліп отырғаны белгілі. Өнер жолын-
да  жүргенімде  оркестрсіз,  микрофонсыз  ән  шырқаған  кездерім 
болды.  Жұрттар  табиғи  даусыммен  айтқан  әндерімді  ұйып 
тыңдайтын. Менімше, әншінің өмірі осындай сан алуан түрлі кез-
десулерден тұрады ғой деп ойлаймын. Әншінің жанын тербететін, 
бағын жағатын осылар.
–  Саналы  ғұмырымды  қазақ  ән  өнерін  насихаттауға  арнап 
келемін. Жетпісінші, сексенінші жылдары Греция, Германия, Шри-
Ланка, Бельгия, Финляндия, Сирия, Венгрия елдерінде болып, қазақ 
әндерін  әлемге  паш  еттім.  Сол  жылдары  мен  17–18  елде  болған 
екенмін, – деді Сара. – Қай елге барсам да ұстазым Ирманың өнегесін 
аяқасты еткен емеспін. Мысалы, Бельгияда болғанда сол елдің бір 
әнін бір кеште үйреніп алып, шырқағанымда жергілікті халық сах-
надан жібермей қошемет көрсетіп, қол соққаны әлі есімде. Ал Вьет-
намда болғанда вьетнам, Бельгияда галант тілінде ән салдым. Ол 
кезде шетелге шыққан әншілерге бара жатқан елдің тілінде бір ән 
айту  ешкімге  жүктелмейтін.  Ол  біздің  қарым-қатынасымыздың, 

250
достығымыздың  белгісіндей  көрінетін.  Демек,  өнер  Адам  ата-
дан  бері  бейбітшілік  елшісі  болып  келеді,  қазірде  солай.  Өйткені 
ән адам жүрегіне жақын дүние ғой. Ол сезімнің кілті десекте бо-
лады.  –  Әлбетте,  –  деп  сөзін  қайта  сабақтаған  әнші,  –  қазақтың 
халық әндерінде ұлы даланың тарихи, ата-бабамыздың мұңы мен 
көз жасы, төгілген қаны мен қасіреті жатқан жоқ па?! Сондықтан 
маған қазақ әнін айтуды парызым деп санаймын. Себебі, дәстүрлі 
музыкадағы ең асыл мұра халықтың өзі жасаған – халық әні.
Бірде  араб  елінде  болғанымда  біздің  әндерді  тыңдаған  олар: 
«Мына  әндеріңіз  біздің  әнге  ұқсайды  екен»  деп  концерттен 
шыққаннан  кейін билеп жүрген адамдарды да көрдім. Әннің на-
сихатшысы  болғаныма  өзімді  бақытты  санаймын.  Әрине,  адам 
болғаннан  соң  қуанатын,  шаттанатын  сәттер  болып  тұратыны 
заңдылық.  Көңіл  тасып,  шалқыған  кездесулер  де,  концерттер  де 
сахналық  өмірімде  жетіп  артылады,  қайсы  бірін  айтайын.  Бірақ, 
Вьетнамда болған кездесу маған қатты әсер етті. Солардың бір әнін 
орындадым. Концерттен кейін мені арнайы келіп құттықтаған Хо-
шимин қаласының мэрі маған «Хошимин қаласының құрметті аза-
маты»  деген  медальді  кеудеме  тақты.  Бұған  біздің  әншілер  түгел 
қуанып, «Біз үшін бұл зор табыс болды» деп жатты», – дейді сол бір 
жүрек тербеген кездесуге қайта оралғандай болған Сара.
Қазақстанда Сара Тыныштығұлованың табаны тимеген, әні жет-
пеген қазақ ауылын іздеп таба алмассыз. «Бірінде Мақаншы ауда-
нына  бардық.  Сонда  аудан  тұрғындарының  көңілін  сөзбен  айтып 
жеткізе алмаймын. Ақсамайлы әжелеріміз маңдайымнан сүйіп, «ай-
налайын, сенің қоңыр даусыңнан» деп көздеріне жас алған кезде мен 
өзімді олардың құшағында тұрып, бақытқа бөленіп, әнші болғаныма 
қуандым. Халықтың берген бағасына ешнәрсе жетпейтінін жаным-
мен ұқтым», – дейді ағынан жарылған әнші.
Сараның сөзімен айтсақ, әншілер жылына он екі ай болса, соның 
сегіз айын гастрольде өткзетін. Мұны біздің кейіпкеріміз «әншінің 
өмір болмысы» деп қабылдайтынын айта кетуіміз керек. «Үйде бай-
ыз тауып отыра алмаймын, өйткені тыңдармандарым көп іздейтін. 
Хат жазып, жедел хаттар жіберіп, «келіңіз, өзіңізді күтіп жүрміз» 
деген кездер аз болған жоқ». Халқының жан дүниесін інжудей таза  
үнімен  баурап,  бойын  билеп  алған  жауһар  дауысты  әнші  кейбір 
кездері бір жылдың ішінде жүзден астам концерт беріпті. Тынымсыз 
тірлік әншіні үнемі жаңа биіктерге, соны асуларға жетелеп жігерін 
жанып отырса керек. «Тағдырдың басқа жазғаны осы болса, одан 

251
қалай қашып құтыласың», – дейді Сара. Иә, өнерсіз өмірін елестете 
амайды ол.
–  Әншілердің  тірлігін  білмейтін  адамдар  ойлайды.  «Әнші  бір 
көбелек  сияқты  гүлден-гүлге  қонып  жүр.  Әнді  жаттап  алып  айта 
салады», – деп. Әнші ақын сөзіне үрлеп дем беріп, композитордың 
әуеніне  жан  бітіретінін  олар  қайдан  білсін?  Оны  тірілту  үшін  ең 
алдымен  әнді  көңілге  қондыру  қажет.  Ән  сол  керемет  еңбектің 
нәтижесінде  пайда  болатын  дүние.  Орыстың  атақты  әншісі  Уте-
сов  айтпақшы,  әннің  қиындығы  оның  жеңілдгінде.  «Жеңіл»  деп 
айтылғанымен  ол  үлкен  еңбекті  талап  етеді.  Қандай  ән  болса  да 
әнші  үшін  оның  өзіндік  ауыртпалығы  жетіп  артылады.  Себебі, 
авторлардың  бәрі  бірдей  сенің  даусыңа  арнап  жаза  бермейді  ғой. 
Сондықтан  келмей  жатқандарының  тігісін  жатқызып  икемге 
келтірп,  бір  қайнауы  ішіндегі  әндерді  «қазанға»  салып  қайнатып 
аламын.  Өз  басым  шикілі-пісілі  әндерді  жұртқа  ұсынып  көрген 
жоқпын», – дейді. 
Сара  патриоттық  әндерді  көп  шырқайтын.  Ол  осымен  өзге 
әншілерден  дараланып  тұратын.  Сөйтіп  заман  үрдісінен  шыққан 
әнші.  Оның  сүйікті  Көрермендері  кеңес  жауынгерлері,  Ұлы  Отан 
соғысының ардагерлері болатын. Бәрімізге белгілі Ауған соғысын 
өз көзімен көріп, ондағы Кеңес әскерлерінің алдында бірнеше кон-
церттер  берді.  Бір  қасиеті  Сара  қайда  шақырса  да  тартынбайтын. 
Бірде ГДР-дағы кеңес әскерінің алдында ән салып тұрғанын теледи-
дардан көрсек, енді бірде оның Чехославакияда жүргенін еститінбіз. 
Сонда өз басым ойлайтынмын «бұл кісі өзінің отбасының шаруа-
сына  қалай  үлгереді  екен»,  –  деп.  –  Иә,  өзгелер  сияқты  менің  де 
отбасым, шаңырағым бар. отбасым болғаннан кейін әрине, әншіде 
де бала болады, оған қоса туған-туыстар бар. егер адам өзін өнерге 
бағыштаса,  оған  құлай  берілсе,  берік  сенсе,  меніңше  бәріне  де 
үлгеруге болады».
Кеңес дәуірінде ән сатылмайтын. Әнші қазіргідей аяғынан сабы-
лып сатып алатын ән іздемейтін. Себебі, бәрі мемлекеттің меншігінде  
болғандықтан  кез  келген  туынды  көркем  кеңестен  өтетін.  Олар 
қабылдап алған шығармаларға қаламақы төлейтін. Ендігі жерде ол 
мемлекеттің меншігіне айналады. Ал радио, теледидар, филармония, 
«Қазақ концерт» және басқа концерттік ұйымдар оларды өздерінің 
штаттағы әншілеріне таратып беретін-ді. Ешкім де, бірде-бір ком-
позитор  да,  бірде-бір  әнші  де  өз  бетінше  автордың  туындыларын 
алып  орындай  бермейтін.  Қатаң  електен  өткен  әндер  ғана  орын-

252
даушысына  жететін.  Осы  тәртіпті  бұлжытпай  ұстаған  әншлердің 
брі – Сара Тыныштығұлова десем қателеспеймін. «Кейбір әншілер 
біреулер айтып жүр екен тәуір ән көрінеді деп «қалыпқа» түсіріп 
айта салатындар ол кезде де болған. Қазірде сол жаман әдеттен ары-
ла алмай жүрген жастар көп. Өйткені талғам жоқ, оның орнын ақша 
алмастырған. Менде ондай әдет болған емес. Менің даусым өзіңізде 
білесіз төменгі контральто. Сондықтан да өзімнің дауысыма, өзіме 
арналып жазылған әндерді ғана орындадым, орындап жүрмін. Ал 
енді бір әнді шығарудың өзі барып тұрған мехнат. Тер маңдайынан 
шүмектеп аққан судай сорғалап төгіледі. Атты бәйгеге қосардың ал-
дында үш-төрт күн бұрын ащы терін алады ғой. Сол сияқты әнші 
де  ән  дайындағанда  ащы  терін  төгеді.  Кесекөлденең  жатқан  ән 
тәуір ән екен айта салайын деген ой ешуақытта болған емес», – деп 
әңгіме төркіні репертуарға ойысқанда Сара ән таңдауға өте кірпияз 
екенін  аңғардық.  Бұл  жерде  әншінің  ойымен  келіспеске  амалы-
мыз  жоқ.  Сараның  репертуары  Еркеғали,  Нұрғиса,  Шәмші,  Әсет 
сынды  танымал  композиторлардың  әндерінен  тұратынын  білеміз. 
Бір  кезде  орта  буын  қатарына  жатқан  Кеңес  Дүйсекеев  бүгінде 
ақсақалдар қатарына қосылды. Осы Кеңеспен Сара кезінде тонның 
ішкі  бауындай  өте  тығыз  шығармашылық  байланыста  болғаны 
белгілі. «Мен үшін он үш ән дайындаған Кеңестің еңбегі ерекше. 
Сол  кезде  келешегінен  мол  үміт  күтетін,  қазақ  музыкасын  түсіне 
білетін,  әндерінде  өзіндік  ерекшелігі  бар  композитордың  бірі»,  – 
деп  айтқаным  келеді.  Жасы  кіші  болса  да  заман  құрдас  Төлеген 
Мұхамеджановпен шығармашылық ынтымақтастығым өз дәуірінде 
жемісті болды деп айтуға толық негіз бар, қазір де байланысымызға 
селкеу  түскен  жоқ.  Төлеген  парасатты,  білімдар  композитор.  Ал, 
«Әлия»,  «Сарыарқа»,  «Жан  досым»  сынды  ерлікті,  өрлікті,  туған 
жерді,  адамдар  арасындағы  сыйластық  сезімді  әнмен  кестелеген 
Сейдолла  Бәйтерековтің  қолтаңбасын,  өнердегі  болмысын  осы 
әндерінен-ақ байқауға болады. Өкінішті-ақ жұлдыздай ағып өтті», 
– деп еске алады сол күндерді бүгінде.
Сараның  айтуынша,  ол  композиторларды  атақ,  даңқына  қарап 
таңдамайды.  Жұрт  таныған  талант  иесінің  әні  көңілінен  шықса, 
ол  да  басын  иді.  Жастар  арасынан  жылт  етіп  көрінгендерді  қалт 
жібермей  бауырына  тартып,  олармен  өнер  жайлы  ой  бөлісіп, 
сырласуды  да  ұмытпағанын  айтуға  тиіспіз.  Сараға  бүгінде  туған 
сіңлісіндей болып кеткен жастардың бірі – Ақтоты Райымқұлова. 
Екеуінің  байланысынан  біраз  тартымды  да,  шұрайлы  дүниелер 

253
өмірге келгенінен құлағдармыз. Мысалы, «Ел бақыты» деген әнді 
Сараның дауысына арнап жазғанын Ақтотының өзінен естігенбіз. 
Бұл  әнді  бүкіл  одақтық  байқауда  шырқағанда  Сара  лауреат 
атанғанына  бәріміз  куә  болдық.  Әнді  Ақтоты  консерваторияның 
үшінші курсында оқып жүргенде жазған. Баласынбай айтулы ала-
ман бәйгеде Сара әпкесі нақышына келтіріп айтып берген, жұрттың 
бәрі риза болғаны  белгілі. Одан кейін де «Қазақ қызы» әні сахна 
төріне шыққанын бәріміз білеміз. Міне, осылай жас таланттардың 
қолтығынан  демеуді  де  Сара  ешқашан  естен  шығарған  емес.  Ол 
оның өмірлік кредосы десек те артық болмас еді. Тек әнші болып 
қалу ол жеткіліксіз. «Себебі әнші болғаннан кейін өзінің ортаңнан 
тыс өмір сүре алмайтының түсінікті. Ең алдымен өзіңнен кейін өсіп 
келе жатқан жастарға қамқоршы, тәрбиеші болмай, кеуделеріндегі 
өнердің шырағын жақпай, табиғатындағы осы қасиетті оятпай, на-
зар аудармай тұра алмайсың. Оған адамдық арың жетелейді. Өнер 
бір адамның жекеменшік дүниесі емес қой», – деп толғанды әнші 
жүрегі.
Жалпы Сара Тыныштығұлова университеттік білім  иесі. ҚазМУ- 
дың филология  факультетінде дәріс алып, «Фольклор және халық 
әні»  деген  тақырыпта  диплом  жұмысын  жазған.  «Әншілік  жолға 
түсуіме осының да әсері болды ғой деп ойлаймын. Тілді меңгеру 
маған  басты  қажеттілікке  айналды.  Себебі,  сөздің  арғы  төркінін 
түсінбей  әнші  болу  мен  үшін  жат  ұғым.  Әннің  мәйегі  сөз  десек, 
тіл  оның  кілті.  Әсіресе,  халық  әндерін  айтқанда  тілдің  пайда-
сы  көп  тиді  де  тиеді.  Бір  қызығы  голланд  әнін  үйренгенде  біздің 
әнмен  дыбыстық  үндестік  тапқаным  әлі  есімнен  кетпейді»,  –  деп 
таңқалады  Сара.  Тіліміздің  дыбыстық  үндестігін  жете  меңгерген 
өнер  адамына  қырық  бес  минуттың  ішінде  әнді  үйреніп  алу 
бәлендей қиындық туғызбады. Әдеби тілдің әншіге тигізер көмегі 
зор көрінеді. «Әсіресе, қазақтың халық әндерін айтқанда ұмыт бо-
лып бара жатқан ескі сөздерді кейбір әншілер түсініп, мағынасын 
ұға алмай жатады. Ал әннің сөзін жеткізе алмаса ол әнші ме? Көп 
әнші осы жағынан ақсайды. Оның үстіне әнді әрлеушілердің көбісі 
жасыратыны жоқ – тіл білмейтіндер. Қалай айтсаң, солай әрлейді. 
Сөздің мәніне, мағынасына ой жүгіртіп жатқан олар жоқ. Сондықтан 
да өңдеуден өткен кейбір қазақтың халық әндерін танымай қаласың. 
Сол себептен де сауатты әрлеуші, өңдеуші іздеп әншілер көп сабы-
лады. Мұндай жағдайды мен де көп бастан кештім. Бір әнді шығару 
үшін  айлап  жортқан  кездерім  де  болды.  Әнші  де  адам  ғой  кітап 

254
оқып,  кино  мен  театрға  барғысы,  саябақтарды  аралап  демалғысы 
келеді. Бірақ, әрине, оған уақыт жете бермейді. Біз өзімізді белгілі 
бір қалыпқа салып қойған өнер «түрмесінде» жүргендей сезінеміз» 
деп сыр ақтарды кейіпкерім.
Сарғайған бір тілік қағазды қолына алған Сара әлгіге қарап ой-
ланып қалды. Сәлден соң жеделхатты маған ұсынды. Онда: «Та-
лантты  әртіс  Сара  Тыныштығұлова!  Менің  қымбатты  әрі  сүйікті  
шәкіртім  Сараға  үлкен  сүйіспеншілікпен  Ирма  Петровна  Яуза. 
Мәскеу, 5 мамыр 1969 жыл», – делінген. «Әңгіме барысында айтып 
кеттім ғой, – деді сөзін қайта жалғаған Сара. – Бұл кісі Мәскеудегі 
ұстазым.  Ол  кезде  Ресейде  республикалық  эстрада-цирк  студи-
ясында  болатын.  Соған  бүкілодақтық  іріктеу  байқауынан  жеңіп 
шығып,  1964  жылы  оқуға  түстім.  Оны  1966  жылы  тәмамдадым. 
Одан  кейін  Мәскеуде  бір  жыл  жұмыс  істеп,  елге  оралдым.  Ирма 
Петровна  мені  кәсіби  әншілікке  тәрбиелеген,  эстрада  әншісі 
етіп шығарған адам. Ол кісінің «Әнші әрбір әнді жеке бір карти-
на  ретінде  қарауы  керек.  Өйткені  әр  әннің  басталуы,  шарықтау 
шегі,  аяқталуы  болады»  деген  сөзі  әлі  есімде.  Мен  кейде  кейбір 
әншілердің ән айтқанынан мынаны байқаймын, мысалы, отыз әнді 
бір ән сияқты орындағанын көргенде қатты қынжыламын. Иә, әнді 
нотамен дұрыс айтып тұр. Сөзі де дұрыс сияқты. Бірақ, бір ән бір 
әнге жалғасып, әртүрлі «мінез» бар әндер бір ән сияқты орында-
лып  кетеді.  Сонда  әнші  әннің  табиғатын  түсінбей  қалған  ба  деп 
қаламын», – дейді Сара.
Иә,  ән-мұхит  айдынында  еркін  құлаш  сермеген,  самғай  көкке 
көтерілген әнші бүгінде қалай айтса да жарасады.

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал