Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет20/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

қаРшыға ахМЕДиЯРОв,
Қазақстанның халық әртісі
қаршығаның соңғы сұхбаты
қаршыға ахмедияров қазақ мәдениеті мен өнерінің көрнекті 
тұлғасы, ұлттық домбыра мектебінің асқан шебері еді. Ол са-
налы  ғұмырын  дәстүрлі  күй  мұрасының  сақталуына,  да-
муына  бағыштады.  Өзіндік  күй  шығармашылығы  мекте- 
бін  қалыптастырған  дүлдүл  күйші  болатын.  Оның  орындау- 
шылық  қыры  мәнерлілігімен,  шеберлігімен,  туынды  табиға- 
тына  терең  бойлауымен,  стилін  дәл  тануымен  дараланып 
тұратын.  қаршығаның  концерттік  қызметі  ұлттық  күй 
өнерінің құдіретін паш етуге арналып, ұстаз, зерттеуші ретінде 
де  жоғалуға  сәл  қалған  ондаған  күйлерді  тауып,  бойына  қан 
жүгіртті.  халық  қазынасына  деген  сүйіспеншілік  сезім  оны 
үнемі  өрге  жетелейтін-ді.  Бұған  қаршығаның  жинап,  хаттап, 
баспадан  шығарған  «Табыну»,  «шынар»,  «Күй  ұран»  сынды 
оншақты кітабы куә.
құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің тізгінін 
ұстаған жылдары қаршығаның дирижерлік қабілетінің қыры 
да айқын көрінді. Оның қабілет-қарымынан, ой түйсігінен туған 
жүзден аса күйлері өзі өмір сүрген қоғамның әрі өткеніміздің та-
рихи шежіресі іспеттес. қазақ күйін қаршыға көтерген биіктен 
көру біз үшін абырой. 
Көктемнің шуақты күндерінің бірінде кездескен едік. Бұдан 
бұрын да талай рет жүздесіп, ұлттық күй өнеріміздің келешегі, 
тағдыры  төңірегінде  ой  бөлісіп,  пікір  алысып  жүрдік.  Бұл 
жолы  да  жүзінен  жылылық  сәулесі  төгілген  қаршыға  емен-
жарқын  шешіле  жан  дүниесінің  есігін  айқара  ашқын-ды.  Әу 
баста  қаршығаның  адами  шығармашылық  келбетін  жасау 
мақсатымыз болатын. Енді міне, «Тағдырдың жазмышынан оз-
мышы жоқ» демекші, үнтаспаға түскен оның соңғы сұхбатын 
газет оқырмандарына желісін бұзбай жеткізуді жөн көрдік.
–  Нарынқұм...  Қазақ  күйінің  нарқасқалары  –  Құрманғазы, 
Дәулеткерей,  Мәмен,  Махамбет,  Исатай  сынды  халық  ба-
тырларын, қазақ күйінің ұлы анасындай болған Дина әжемізді 
құшағында әлдилеген алып өңір. Осы бір құпиясы мол, қызықты 
шежіре-сырға бай өлкеде дүниеге келіп, туған табиғаттың сан-

203
алуан ғажайып бояуын, сиқырлы сазын сезбей қалу әбестік болар 
еді. Төсін сәйгүлік тұяғы дүбірлеткен Ақжайық атырабы бозба-
ла  Қаршығаға  ерекше  үміт  артып,  өнердің  тізгінін  қолыңызға 
ұстатқан шақты қазір есіңізге аласыз ба?
– Мен Құрманғазы күйлерін үш жасымда естідім. Себебі, әкем 
күй тартатын. Үйде ақ қайыңнан жасалған домбыра болды. Әкем 
сауықшыл  кісі  болатын.  Көбіне  үйімізге  әнші-күйшілер  жиі  бас 
сұғатын, – деп бастағанды сонда әңгімесін Қаршыға. – Әлі есімде, 
бірде үш баласын ертіп бір күйші әйел келді. Әкем құрметпен күтіп, 
оларға  дорбаға  салып  бидай,  ұн,  құрт  берді.  Жалпы,  біз  рухани 
жетімдік көрген жоқпыз. Нарын құмының қойнауында дүние есігін 
ашқан маған да талант сол жердің топырағынан дарыған болар. Ә 
дегенде күй тартқаннан гөрі ән айтқанды ұнатып, соған әуестеніп 
жүрдім. Бірінші сыныптан бастап, жетінші сыныпқа дейін ән сал-
дым.  Ғарифолланың  репертуарын  түгел  айттым  десем  де  бола-
ды. 1958 жылы Нұрғиса елге келіп, бес жүз домбырашыны жинап 
қойған концертіне қатысқаным бар.
Көнекөз қариялар «тегіне тартып туған» деп жатады ғой,мен де 
сондай  болсам  керек.  Туыстарымның  айтуынша,  оң-солымды  та-
нымай жатып-ақ Қырғи ағам құмарлана тартатын Құрманғазының 
«Кісен  ашқанын»,  «Адайын»  өз  бетімше  домбыраға  салып, 
бауырымның соңынан ілескен көрінемін. Үмбетәлі атам сыйлаған 
оңтайлы  қоңыр  домбыра  да  ырқыма  көне  кететін-ді.  Дана  атам 
сонда  маңдайымнан  сүйіп,  домбыра  пернесін  басқан  нәзік 
саусақтарыма сүйсіне қарап: «Келешекте осы саусақтардан шалқар 
күй толқындары төгілер», – деп күбірлегені есімде қалыпты. «Әсте 
атадан бала озбаса, ұрпақ болып па, тәйірі», – дегенді де жиі айтып 
отыратын.
Бостандыққа  ұмтылған  қазақтың  арман-мақсатын  жалғаған 
құдіретті бабалардың ұранды үнін қарапайым қазақ шаңырағынан 
шыққан қаршадай қара бала бүгінде әлемге жеткізе алды ма? Мен 
өзіме-өзім осы сұрақты қоямын. «Өмірдің де, өнердің де есігін ашқан 
сол бір сәттерім қандай болды екен?» – деп өткенге бір мезет мойын 
бұра бастағандаймын. Бір кездері, «Па, шіркін! Күй тартсаң аңшы 
Ахмедиярдың баласындай тарт. Бар бол, балам! Өркен жай!...» – де-
ген аталардың ақ батасы құлағымда жаңғырып тұратын болды. Ол 
мені тірлікте де, өнерде де дем беріп, қолдп келеді.
–  Басқа  тартса  –  аяққа,  аяққа  тартса  –  басқа  жетпейтін 
сол  бір  таршылық  заманда  Сіздің  әкеңіз  бойында  өнердің 

204
ұшқыны  бар  ауыл  балаларының  басын  қосып,  күй  жарысын, 
ән  бәйгесін  өткізуді  дәстүрге  айналдырса  керек.  Осы  жағдай 
табиғатыңыздағы өнердің бұлақ көзін ашуға азды-көпті септігін 
тигізген болар?
– Әрине, бұл ән бәйгесінің өзгелермен жарысып күй тартуыма 
зор әсері болды. Бірақ, менің адымымды ашқан ауылымыз Таңдай- 
дағы  орта  мектептің  сол  жылдары  көркемөнерпаздар  үйірмесін 
басқарған Қатимолла Ризуанов еді. Өзі сегіз қырлы, бір сырлы жан бо-
латын. Ол кісіден үйренгенім, үйренерім көп болды. Төңірегіміздегі 
аты  шыққан  әні  –  күйшілердің  бәрімен  дерлік  кездесуге  жағдай 
жасады.  Алғаш  рет  облыстық  өнер  байқауына  қатысып,  жүлде 
алғаным әлі есімде. Атыраудағы музыкалық училищенің мұғалімі 
Құрманғазы  күйлерін  шебер  орындаушы,  сазгер  Рысбай  Ғабдиев 
ағайға ертіп барып, күй тартқызып сынатты. Кәнігі домбырашыға 
ұнаған болуым керек, бірден оқуға түсуге кеңес берді. Бірақ, домбы-
рашылар сыныбына қабылдау сынағы әлдеқашан өтіп кеткендіктен, 
хормен дирижерлеу сыныбына қабылдандым. Өкінішке орай, оны 
толық аяқтай алмадым. Денсаулығыма байланысты ауылға қайтып 
оралдым.
Міне,  осылай  балалық  шақ,  бозбала  дәуреннің  ауылынан 
бірте-бірте  алыстай  бастағанымды  да  сезбей  қалыппыз.  Мен  де 
Қырғи,Алғи  көкелерімнің  жолын  қкып,  малдәрігерлік  институтқа 
түсуге  бекіндім.  1962  жылдың  жазында  Атыраудан  Алматыға  ат-
тандым.  Елден  аттанарда  жылдар  бойы  жанымды  тербетіп,  түн 
ұйқысын төрт бөлген анама, аялы алақанымен маңдайымнан сипап, 
арқамнан қаққан әкеме, бауырларыма, елге, жерге деген жүрекжарды 
ыстық қоштасуымды күй тілімен жеткізуге тырыстым. Сондағы күй 
сәлемім «Жас талап» деп аталған еді.
– Нұрғиса Тілендиевке деген көңіліңіз алабөтен болған көрінеді. 
Ол кісімен қалай, қандай жағдайда танысқан едіңіз?
–  Жаздың  күні  болатын.  Ағаларға  ілесіп  Қарқара  жайлауына 
барғанмын. Бұрын-соңды тау табиғатын көрмеген маған ол жердің 
көрінісі тіпті ғажап әсер етті. Жұмақтың төрінен бір-ақ шыққандай 
болдым. Тау қойнауына шашырай қонған малшы ауылдарды арман-
сыз аралап жүргенде, бір қуанышты хабар естіп, абдырап қалдым. 
Малшы  ауылға  Нұр-аға  –  кәдімгі  Нұрғиса  Тілендиев  келіпті. 
Өзім сырттай пір тұтып жүрген сол аға мені арнайы адам жіберіп 
шақырыпты. «Күні ертең Көктөбеге барамыз... Бойында жаны бол-
са  тез  жетсін  де,  қасыма  ерсін»  деп  сәлем  айтыпты.  Қос  өкпемді 
қолыма алып, Нұр-ағама қарай ұштым ғой.

205
Бар болмысы тұнған саз, нәзік әуен, тау мінезді Нұрекең... Сах-
на төрінде дауылдай дүрілдеп, аспандап, асқақтап кететін сол аға 
күнделікті  өмірде  қандай  қарапайым  еді.  Соның  алдында  ғана 
сахнаға шығып, елге көрінсем деп талпынып жүргенмін. Сол жыл-
дары  жаңадан  түсіріліп  біткен  «Шоқ  пен  Шер»  көркем  фильмі- 
нің  музыкалық безендірілуіне көмектесуімді сұрады. Алғашында 
жүрексініп қалсам да, байқап қарасам, тапсырма онша қиын емес. 
Экрандағы дыбыссыз кино – жайлау төрінде асыр салып ойнақтаған 
жас құлын. Жасыл шалғын үстінде шоқтай жанып жүйткіп бір кет-
кен кезінде қимылына көз ілеспейді. «Әбден көріп, көңіліңе тоқып 
ал» деді. «Сосын көріп-білгеніңді домбыра тілімен сөйлетіп көр». 
Домбыраның құлақ күйін келтіріп дайын отырмын, экран төрінен 
құлын  көрінгенде,  қос  перненің  бойымен  саусақтарым  қалай  ой-
най  жөнелгенін  өзім  де  сезбей  қалдым.  Жарық  дүниеге  енді  кел-
ген құлыншақ құйылып түскен күн сәулесімен қып-қызыл шоқ боп 
жанғандай көрінді маған. Бәрінен де сонда Нұрағаның қуанғанын 
айтсаңызшы....
Өзі де тау перзенті, балалық шағы арынды тау өзенінің жағасында 
өткен Нұрекең көңілді. Мұқағали досы – осы Қарқара, Хантәңірінің 
түлегі. Екеуі бірігіп керемет дүние жазып жатқандарын айтып, ма-
шина ішін басына көтеріп келеді.
– Мұқағали досымның, «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, ша-
пан жауып өзіне қайтарамын» дейтін сөзі бар. Музыка да сол... Ел 
мен жер тарихын білмей, халықтың жан дүниесін түсінбей жақсы 
шығарма  тумайды...  Осылай  ел  аралап,  жер  көріп  қойғанның 
артықшылығы жоқ... Сен өзің бұл жағына қалай едің? – деді наза-
рын маған аударып.
–  «Өнер  адамына  үйкүшік  болған  жараспайды»  деген-ді  өзіңіз 
жиі айтасыз емес пе? Біз де осы қағидаға сүйеніп, жылдың он екі 
айын ел арасында өткізіп жүрміз ғой, аға...
–  Оның  жақсы  екен...  Қазір  бәлендей  әсері  байқалмағанымен, 
көре жүріп көңілге түйгендерің күндердің күнінде кәдеге жарайды. 
Сені жұрт жанынан күй шығарады деп жүр ғой.
– Біздікі әшейін ғой, аға, – дедім. Бірақ, Нұрекеңнің сонда айтқан 
«Ел көру, жер көру қажет» деген сөздерін көкейіме түйіп алғаным 
соншалықты,  күні  бүгінге  дейін  жадымда.  Қазір  бір  сәт  артыма 
қарасам, өткен өмірімнің тең жартысынан астамы жол үстінде, ел 
ішінде өтіпті.

206
– Сіздің басы бүтін күй әлеміне оралуыңызға бір нәрсе түрткі 
болған шығар. Жоқ әлде, әуел баста бойыңызда бар осы қабілет 
Алматыға,  үлкен  өнер  ортасына  келгеннен  кейін  шешек  атып 
гүлдеп жүре берді ме? Мүмкін болса, сол бір кездерді еске түсіріп 
көріңізші?...
–  Малдәрігерлік  мамандығына  машықтанып  жүрген  кезім. 
Алматыға  өзімнен  бұрынырақ  келген  Алғи  бауырым  бірде:  «Се-
нен мал дәрігері шыға қоймас. Одан да есің барда еліңді тауып, 
біржола өнердің жолына түскенің жөн шығар», – деп кеңес бергені 
есімде.  Көп  ұзамай  Шамғон  ағаның  қолдауымен  Құрманғазы 
оркестріне  жұмысқа  тұрдым.  Осылай  бала  кезден  армандаған 
әртістік өмір жолына біржола түсіп кеткенімді өзім де байқамай 
қалдым.  «Сынықтан  басқаның  бәрі  жұғады»  демекші,  жүрген 
жерінде домбырасымен қоса блокноты мен магнитофонын таста-
майтын Ахаңның – Ахмет Жұбановтың мақсат-ниетін бірте-бірте 
ұғына бастадым. Қолым қалт етсе, мұрағаттарды ақтарып, күй та-
рихына қатысты деректерге үңілуді әдетке айналдыра бастадым. 
Бұрындары  Ілияс  ақынның  күйші  тағдырына  құрылған  даста-
нын ғана білетін болсам, енді күй мен күйшілік өнерге қатысты 
қаншама  мұраны  шаң  басып  жатқанын  көрдім.  Қазір  дәстүр 
жалғастығы дегенді жиі айтамыз. Мен бұл ұғымның мағынасына 
жету үшін, оған терең бойлай түсу үшін аз еңбектенген жоқпын 
деп  ойлаймын.  Тәкен  ағаның  өнер  адамдары  жайлы  әңгімелерін 
оқып,  өнер  тағдыры  мен  халық  тарихының  жұбы  жазылмас 
жарасымдылығына тәнті болдым. Әбіш ағаның «Күйшісін» оқып, 
өзімнің жазушы болмай, домбырашы болғаныма қатты өкінгенім 
бар.
Сол уақыттағы әртістер ел арасында дәміл-дәміл шығып тұратын. 
«Көшпелі әртістердің» сапары бірде оңтүстік өңіріне түсті. Облыс 
орталығынан ілескен жазушы жігітті әңгімеге тарттым: «Қаратау – 
кәрі тау ғой. Алатау секілді асқақ емес, жатаған болса да басынан 
құс ұшырмас шыңдары бар. Қазір «Таскөмірсайға» кіреміз», – деді 
көктемнің көкорай шалғынына бөленіп жатқан үлкен сай аңғарын 
нұсқап.  «Есімің  Қаршыға  болса,  төбеге  қарашы»,  –  деді  назарын 
көкке  аударып.  Мен  де  аспанға  көз  тіктім.  Тізбектеліп  алған  топ 
үйрек сай етегімен жар жағалай төмендей ұшып келеді екен. «Бұлар 
да  Қаратаудың  өткел  бермес  асулары  бар  екенін  біледі»,  –  деді 
серігім. Мұхтар Әуезов «Ұзақ» деп атаған Созақ жері орталықтан 
шығанда  жатыр  ғой.  Өздеріңіз  секілді  қонақтар  бұл  жаққа  жыл 
құсы секілді сирек келеді».

207
Осы кезде манадан бері өзімен – өзі үнсіз отырған Рүстембек Ома-
ров аға әңгімемізге араласты. «Бізді қойшы, теріскейге Құрманғазы 
бабаның өзі де ат басын бұрғанын білесіңдер ме? Осыдан жүз жыл 
бұрын  Құрманғазы  Үркіт  жаққа  жер  аударылғанын  білесіңдер 
ғой.  Күрекең  «Бозшолақ»,  «Арба  соққан»  күйлерін  сонда  жүріп 
шығарған».
Күй  шежіресі  Рүстембек  ағаның  сонда  айтқан  сөзінен  көкейге 
түйгенім,  Құрманғазы  бабамыз  Сарыарқадан  асып,  Жетісу  жерін 
басыпты. Сары алтындай сар даланы көргенде «Алатау» күйлерін 
шығарыпты.  Рүстембек,  Жаппас,  Сәмиғолла,  Бақтияр,  Ғинолла, 
Айса  сияқты  күй  тұлпарларымен  бірге  болған  сол  бір  сапарлар, 
олар айтқан әңгімелер ой-өрісімді кеңейте түсті. Әсіресе, Төкеңді 
–  Төлеген  Момбековты  алғаш  көріп,  күйлерін  тыңдаған  сәттегі 
әсерімді әлі күнге дейін сөзбен айтып жеткізе алмай келемін.
–  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық  консерваториясын-
да  оқып  жүрген  кездің  өзінде-ақ  Құрманғазы  атындағы  халық 
аспаптар оркестрімен бірге шетелдік сапарларда болғаныңызды 
білеміз.  Бұл  сол  кездегі  «білсем,  үйренсем,  көрсем»  деген  құш- 
тарлықтың әсері ме? 
– Мен осы оркестрде жиырма жеті жылдай еңбек еттім. Оның 
негізін ұстаған кездерім де болды. Ол мен үшін күйшілік қабілетімді 
ұштаған, осы биікке көтерген өнер академиясы бар дедім. Себебі, 
консерваторияда  Қали  Жантілеуов,  Құбыш  Мұхитов,  Уәли  Беке-
нов,  Шамғон  Қажығалиевтен  күйшіліктің  қыр-сырына  қанықсам, 
ал оркестр шеберлігімді шыңдап, әлемге танытты. Ол, бір сөзбен 
айтқанда,  қазақ  күйінің  қасиетті  қара  шаңырағы,  мәйегі.  Оркестр 
жайлы көп айтуға болар еді, оған уақыт мұрсат бермейді. Одан да 
кезекті  бір  сапарда  есте  қалған  жайды  айтайын:  Кеңес  дәуірінде 
шет  елге  шығу  тәртібі  қатаң  болғанын  өзіңіз  де  жақсы  білесіз. 
Қазіргідей  сапырылысып  барып-келіп  жатқан  жұрт  жоқ.  Бірақ, 
біздердің аракідік алыс-жақын елдерге жолымыз түсіп жүрді. Сон-
дай  сәттің  бірінде  Финляндияда  естен  кетпес  бір  оқиға  болды. 
Аумалы-төкпелі қысылтаяң заманда Нарын өңірінде батырлығымен, 
әнші, ақындығымен белгілі болған, ақыры сол наркескен мінезінен 
опық жеп, тар жол, тайғақ кешкен аяулы азамат, «Банды Аманғали» 
атанған  жерлесімнің  немере  ағайыны  Үмбет  қартты  шалғайдағы 
бейтаныс елде жолықтырамын деп кім ойлапты.
Фин  еліне  «Қазақстаннан  қазақтар  келіпті»  деген  жалғыз  ауыз 
сөзді  естіген  Үмбет  қарт  ақ  селеу  сақалын  желбіретіп,  бес  жүз 

208
шақырым жерден өзі өңі түгілі, атымызды естімеген бауырларын бір 
көріп, амандасуға зар болып, біздің соңымыздан үкдей ұшқан екен. 
Қайран  қазақтың қара шалы... Ел аралап жүрген біздің оркестрді 
ол Оулу деген қалада қуып жеткен. «Үш әріптің» тыңшылары сон-
да  Үмбет  ақсақалға  бізбен  армансыз  шерін  тарқатуға  мүмкіндік 
бермеді-ау. Арман-ай, «Бауырым, бауырларым...» деп кемсеңдеген 
қарттың  бейнесі  әлі  күнге  дейін  көз  алдымнан  кетер  емес.  «Мен 
бәрін де білемін, түсінемін, әттең, әттең», – деген ызалы сезім бой-
ымды шымырлатып бара жатты.
Сол күнгі концертте Үмбет қартқа арнап «Бозінген» күйін боз-
даттым.
Ал, өз билігіміз өз қолымызға тиген кезде ата-бабасының туған 
жеріне  ат  басын  бұрғандар  қаншама.  Қытай,  Монғолия,  Иран, 
Түркия  сияқты  елдерден  ағылған  көштің  шегі  жоқ  десем  артық 
айтқандық  емес.  Қазағым  түгенделіп  жатыр.  Бұл  –  еркіндіктің, 
тәуелсіздіктің арқасы. Бізге осы бақытты ұзағынан сүйсіндірсін деп 
тілеймін.
 – «Өнер адамына анау-мынау жан жар бола алмайды» дегенді 
Сіздің  әріптестеріңіздің  аузынан  естіп  қалатын  кездеріміз  бо-
лады.  Сонда  талғамдарыңыз  жоғары  ма,  әлде  болашақ  жарға 
қойылатын талап ерекше ме? Біздің білуімізше студент кезіңізде 
отбасын құрған көрінесіз. Жарыңызды қалай таңдадыңыз?
– Одан бері қырық жылдан астам уақыт өтіпті ғой. Жастықтың бас 
айналдырған албырт сезімінің құшағында жүрген біз ол кезде қыз 
таңдады дейсіз бе? Көп жастар «жүрек қалауымызбен қосылдық» 
деп жатады. Солай да шығар. Мен айтар едім, бізді тағдыр қосты. 
Біз кездейсоқ таныстық. Зайыбым Нұрбике дәрігерлік институттың 
студенті екен. Екеуміздің де ауылымыз Атырау жақтан боп шықты. 
Ол Сарайшық ауылындағы орта мектепті бітіріп,жүрек қалауымен 
дәрігер болсам деп Алматыға келіпті. Кісіге тура қарайтын жанары 
– жүрегінің айнасы ма деп қалатынмын сонда. Менің өзім де осын-
дай адалдықты, батылдықты аңсағанмын. Жүрегімнің қалауы өзің 
боларсың...
Әкем бізді әнші-күйші, ақынжанды етіп тәрбиеледі. Ол кісінің 
осы  қасиеті  маған  ауысқан  сияқты.  Жарым  екеуміз  Құдай  бер-
ген  балаларымызды  көштен  қалдырмауға  тырыстық.  Раушаным 
Күлаш Байсейтова атындағы музыка мектебінің скрипка сыныбын 
үздік бітіріп, консерваторияда жоғары білім алды. АҚШ-тың Дал-
лас  қаласындағы  Халықаралық  өнер  академиясында  білімін  одан 

209
әрі жетілдірді. Кенжем Ербол да әпкесі білім алған мектепті үздік 
аяқтады.  Қазір  өнерімен  елді  тәнті  етіп  жүр.  Үлкен  ұлым  Ерлан 
политехникалық  институтты  тәмәмдап,  Америкада,  Германияда 
білімін ұштады. Осыларға қарап отырып, тіршілікте ұрпақ өсіріп, 
туған-туыстың қадіріне жетіп, сыйласқаннан артық не бар деп ой-
лаймын.
Дәмеш апам мен Дина апам екеуі түсіме жиі кіріп, қолдап-қоршап 
жүреді. Екеуін бөліп-жара алмаймын, бірі мені өмірге әкелген анам 
болса, екіншісі – қазақ күйінің анасындай, ақтілеулі, киелі өнер иесі. 
Сол  кісілердің  аруағы  разы  болсын  деп,  концерттерімнің  көбісін 
Дина апамның «Бұлбұлымен» бастаймын.
–  Өнерде  өзіңізбен  үзеңгілес  замандастарыңыз  Сізді  «күй 
жоқтаушысы»  деп  атайтын  көрінеді.  Расында  қазір  бір  жоқ- 
таушы керек тәрізді. Бұл жөнінде өзіңіз не дейсіз?
–  Қазір  ұлттық  өнерге,  оның  ішінде  дәстүрлі  өнерге  деген 
көзқарас  мүлде  өзгерді.  Мәдениетіміз  батыстанып  барады.  Осы 
тенденциядан  қауіптенемін,  қорқамын.  Осылай  кете  берсек, 
ертең  қасиетті  қара  домбырамыз,  Қорқыт  боздатқан  қобызымыз, 
сыбызғымыз мұражай жәдігерлеріне айналып кетуі әбден мүмкін. 
Сондықтан, біздің аға буынның, менің міндетім, күйді жай ғана тар-
тып, халыққа орындаушы ретінде таныстырып қоюмен шектелмесе 
керек. Бабалар өнерін бүгінгі және келер ұрпаққа сауатты музыка 
тілімен жеткізу – басты парыз. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, 
Дина сынды дүлдүлдердің артында қалған мұрасын жалғастырушы 
мұрагері  ретінде  енді  оны  құймақұлақ,  зейінді,  өнерпаз  жастарға 
аманат  етіп  табыстау  –  менің  борышым.  Осы  оймен  консерва-
торияда  ұстаздық  қызметті  атқара  жүріп,  халық  күйшілерінің 
орындаушылық  әдіс-тәсілін  бұзбай,  мұқият  жинап,  нотаға  түсіріп 
келемін.  Мысалы,  Қали  Жантілеуовтің  орындауындағы  күйлерді 
және  ел  ішіндегі  Құрманғазының  белгісіз  25  күйін  жинастырып, 
«Сарыарқа»  күй  жинағын  құрастырдым.  Сонымен  қатар  Махам-
бет мұрасы да «Шашақты найза – шалқар күй» деген атпен жарық 
көрсе, Дәулеткерейдің күйлер жинағы «Жігер» деп аталды. Сондай-
ақ, Дина апамның соңында қалған асыл қазынасына да біраз жылда-
рымды арнадым. Бүгінде «Әсем қоңыр» күй топтамасы күй өнеріне 
құмар  жандардың,  студенттердің  қолына  түспейтін  дүниеге  ай-
налды. Әсіресе, ұстазым Қали ағаның мұрасына үлкен құрметпен 
қараймын. Сол кісінің рухына ескерткіш болсын деп «Күйші Қали» 
жинағын  шығардым.  Өзіңіз  білесіз,  еліміздің  Батыс  аймағы  қазақ 

210
күйінің  кіндігі  ғой.  Осы  өңірдің  есімі  ұмытылған  күйшілерін, 
олардың үзік-үзік боп ел есінде қалған күйлерін тарих тозаңынан 
инемен  құдық  қазғандай  аршып  алып,  бүгінгі  ұрпақтың  еншісіне 
айналдыруға азды-көпті еңбек еткен сияқтымын. Ол зерттеулерім 
«Атырау» күй топтамасына енді. Аталған жинақтардағы деректерді, 
күйші мен күй тарихын талдап, тарқатып айтатын болсақ, ол өз ал-
дына ұзақ әңгіме. Замандастарымның мені «Күй жоқтаушысы» деп 
жүргені осыны меңзейді ғой деймін.
P.S.  Бұл  ондаған  шәкірт  тәрбиелеген  өз  ісінің  шебер  ұстазы 
Қаршығаның  саналы  ғұмырында  тындырған  шаруасының  он-
нан бірі ғана десем, келісерсіз. Оның алдынан қауырсын қанатты 
қатайып  ұшқан  Мемлекеттік  «Дарын»  сыйлығының  иегері  Айгүл 
Үлкенбаева,  Сәния  Ерғалиева,  Ғалым  Ахмедияров  және  өзінің 
атындағы «Күй ұран» республикалық байқауының бас жүлдесін ие-
ленген Салтант Құдайбергенова сынды сандаған түлектері қазіргі 
таңда қазақ күйінің көсегесін көгертіп, елдің көзайымына айналып 
жүр.
Ол  АҚШ,  Франция,  Жапония,  Қытай  сынды  шет  елдерде 
көрсеткен  өнері  арқылы  қазақ  күйінің  құдіретін  әлемге  паш  етті. 
Қаршығаның  500-ден  аса  күйі  радио-теледидар  мұрағатында, 
ал  өзінің  85  күйі  Қазақ  радиосының  «Алтын»  қорында  сақтаулы. 
«Мәңгілік сарын», «Төремұрат» деп аталатын ондаған күйтабағы, 
компакт дискілері АҚШ-та және елімізде жарық көрді.
Әлі күй сазы тамылжитын шақ келеді
Күй  өнеріміздің  мөлдір  бұлағынан  қанып  ішкен,  домбыраның 
сыршыл  пернесінен  сезім  иірімдерін  селдеткен  тума  талант 
иесі  Қаршыға  Ахмедияров  киелі  күйдің  кілтін  тапқан,  дүлдүл 
домбырашыларымыздың  бірі  ғана  емес,  бірегейі.  Күй  әлеміндегі 
ұлылардан ұлағат алған ол осы өнерді өзіндік жаңа сатыға көтерді. 
Оның он саусағынан өрілген жүзден астам күй өнерінің қазынасын 
байытты.  Домбыраны  бұлбұлша  сайратқан  күйші-композитордың 
еліміз мәдениетіндегі орны ерекше дара тұлға. Құрманғазы атындағы 
Ұлттық консерваторияның ұлағатты да білікті ұстазы. Қаршығадан 
білім мен тәлім алған күйшілерді кең байтақ отанымыздың түкпір-
түкпірінен көптеп кездестіруіңізге болады. Көкірегі ояу, күй өнері- 

211
нің зерделі зергеріне жолығып, күй тағдырының бүгіні мен келешегі 
жайлы ой қозғаған едік.
– Мәдени сабақтастық заман өзгерсе де үзілмес емес. Біз оны 
ұлттық өнеріміздің бүгінгі тыныс-тіршілігінен де көреміз. Ен-
деше, жаңа ғасырға аяқ басқан осы шақта күй өнерінің өткеніне 
көз  жүгіртіп,  оған  бүгінгі  көзқарас  тұрғысынан  баға  беру  де 
артық болмас. Сіз бұған қалай қарайсыз?
– Күйсіз қазақтың өмірі жоқ. Күйсіз қазақтың өмірі өмір емес. 
Ол  қанына  сіңген.  Қазақ  өзі  көшпенді  халық  әуелден  табиғатпен 
өте байланысты. Сондықтан сол табиғатпен тілдесіп жүрген халық 
болғандықтан  сол  табиғатта  қандай  табиғи  әдемілік  бар,  қандай 
табиғи бояу бар соның бәрі біздің қазақтың бойына ауадай сіңген. 
Әрине,  әр  өңірдің  өзінің  табиғаты  әртүрлі.  Соған  байланысты 
әр өңірдің әнінің де, күйінің де өзіндік ерекшелігі бар. Батыстікі, 
арқанікі,  оңтүстіктікі,  жетісудікі  сол  табиғатына  қарай,  жер 
жағдайына қарай, жер бедеріне қарай, табиғат жерді қалай жаратқан, 
соның  ауасын,  тауын,  құмын,  сол  жерде  өмір  сүрген  адамдардың 
музыкасы да, күйі де соны суреттейді. Әрине, көрші халықтардың 
ықпалы да тиеді. Сондай-ақ, сол жерде болған тарихи оқиғаларға да 
байланысты дамыған. Біз, әсіресе, күйге баймыз. «Сөз біткен жерде 
музыка басталады» деген мақал осы біз үшін айтылған сияқты.
Ақындық, термешілік, жыраулық, әншілік ертеден болған. Басқа 
халықтарда да бар. Бірақ, күй бізде қатты дамыған. Өзіңіз білесіз, 
сонау әрідегі ғұлама, классик ақындарымыз Шалкиіз, Сыпыра жы-
рау  одан  кейінгі  Шернияз,  Балаораз,  Мұрат,  Абыл  міне,  осындай 
төкпе  ақындарымыз  Сүйінбай,  Жамбыл,  Кенен  аталарымызбен 
тоқталды  ғой.  Әрине,  ақындарымыз  бар.  Олар  төрт  жолдан,  сегіз 
жолдан айтып, үйлестіріп отырады да ал төгіп тастайтын ақынды, 
таңды-таңға ұрып айтатын ақынды қазір қайдан табасың. Бұл си-
рек құбылыс. Бар шығар, туатын шығар. Әрине, болу керек, бол-
майды деп айта алмаймын. Кешегі кеңес дәуірінде ұлттық дәстүрлі 
өнерімізді дамытуға шектеу қойылды. Кең көлемде дамытуға жағдай 
болмады, тіпті оған рұқсат та етпеді. Мысалы, күй өнеріде белгілі 
бір шеңбердің ішінде болды. «Түрі ұлттық, мазмұны социалистік» 
деген қағидамен әйтеуір домбыраны көрсету үшін бір күйді бастан-
аяқ  тартып  шықсаң  болғаны.  Қазақтың  домбырасы  бар,  күйі  бар. 
Бірақ,  ол  қалай  шықты  ішкі  құрылысы  қандай,  ол  қандай  тарихи 
оқиғаға байланысты шыққаны жөнінде зерттеуге бізге мүмкіншілік 

212
берген  де  жоқ,  болған  да  жоқ..  Тілден  де,  күйден  де  айырылып 
қалуға  аз  қалдық  қой.  Соған  қарамай  қазақ  халқы  күйін  көздің 
қарашығындай сақтап жиырма бірінші ғасырға алып келді. Беделін 
төмен түсірген жоқ. Оны бізге жеткізгендердің бірі Құрманғазының 
шәкірті Дина шешеміз. Сол кісінің өнерін жалғатырушылар біздер, 
бізден  кейінгілер.  Қазір,  Құдайға  шүкір,  консерваторияда  кезінде 
Ахмет Жұбановтың арқасында құрылған домбыра кафедрасы бар. 
Күйшілік  өнермен  шұғылданамыз.  Осы  кафедраны  бітіргендер 
негізінен  күйші  болып  шығады.  Бәрі  бірдей  күйші  болмағанмен 
соның  ішінде  кәдімгі  табиғи  күйші  болып  танылатындар  да  бар. 
Сондықтан еліміздің, экономикамыздың, мәдениетіміздің дамуына, 
жаңаруына байланысты күй өнері де қазір біршама өркендеп келеді.
– Ата-бабалардан асыл мұра болып қалған халқымыздың жан-
дүниесінің айнасы іспеттес болған күйлер, әлі де болса шеті ой-
ылмай жатқан құнды қазына екені осы сала мамандарына ғана 
емес, барша күй сүйер қауымға белгілі. Жалпы күй өнері толық 
зерттеліп бітті ме?
–  Біздің  күй  өнеріміз  толық  зерттеліп  біткен  жоқ.  Әлі  бұл  са-
лада  атқарылатын  жұмыстар  қыруар.  Оны  енді-енді  қолға  алып 
жатырмыз.  Орындаушы  ретінде  енді  ғана  көзіміз  ашылып,  халық 
және халық композиторларының күйлерін нотаға түсіріп, кітап етіп 
шығарып жатырмыз. Ал, кеңес заманында күйді зерттейтін адам ол 
композиторлар одағының мүшесі болу керек. Ол Мәскеуден бекітілуі 
керек. Мысалы, Шәмші қанша ән шығарса да «Қазақстанның халық 
әртісі» атағын өмірден өтерінде ғана алған жоқ па. Ол композиторлық 
факультетті міндетті түрде бітіруі керек. Қазір, Құдайға шүкір, біз 
жылына бір-бір том кітап шығарамыз. Жалғыз мен емес, кафедраның 
ұстаздары Айтжан Тоқтағанов, Карима Сахарбаева, Біләлі Ысқақов 
сияқты  ғалым-зерттеушілер  және  жас  мұғалімдер  өздерінің 
еңбектерін жыл сайын жариялап жатады. Күйлерді нотаға түсіреміз, 
шығу  тарихынан  мәлімет  береміз.  Дерек  көздеріне  сүйене  оты-
рып авторы жайлы толық мағлұмат беруді де ұмытпаймыз. Әрине, 
тереңірек  зерттеп  жазу  біздің  міндетіміз  емес.  Оны  жан-жақты 
арнайы  зерттеп  жазатын  бізде  музыка  зерттеушілері  бар.  Біздер 
осы  оқу  жүйесінде  орындалу  үшін  өзіміздің  күйлерімізді  жүйеге 
түсіріп, кейбір шығармаларды күйсандықтың сүйемелдеуімен оқу 
құралы етіп шығарамыз. Оны музыка мектептері, колледждер, кон-
серватория  оқу  құралы  ретінде  пайдаланады.  Содан  кейін  кейбір 
орындаушылардың, күй шығарушылардың өмірбаянын сол өзі өмір 

213
сүрген тарихи кезеңдермен байланыстырып, «кім қандай дәрежеде 
орындаушы болды?» деген сұраққа азды-көпті жауап береміз. Қазақ 
күй  өнерінің  шашасына  шаң  жұқпас  өрен  жүйріктері:  Лұқпан 
Мұхитов, Уақап Қабиғожин, Рүстембек Омаров, Қали Жантілеуов, 
Мағауия Хамзин, Әбікен Хасенов сынды күйшілердің орындап кел-
ген күйлерін сол қалпында нотаға түсіреміз, өйткені олар сахнада 
тартылған дайын дүниелер. Бұлардың бәрі електен өткен күйлер.
– «Ел іші – өнер кеніші» деп жатамыз. Бұл қағиданың аста-
рында көп сыр жатқанын өзіңіз де білесіз. Халық арасында әлі 
де  болса  ашылмай  жатқан  қазына  көздері  жоқ  емес,  әрине, 
бар. Бұл күй өнеріне де қатысты екені де белгілі. Сол ел ішінде 
қалып қойған халық күйлерін іздестіру, жинау мәселесі бүгінде 
жүргізіле ме? 
–  Ондай  күйлерді  де,  атаусыз  қалған  күйшілерді  де  шетінен 
шығарып жатырмыз. Мұрат Өскенбаев, Төлеген Момбеков, Сағым 
Жалмышев,  Бақыт  Басықара,  Сержан  Шәкіратов  бұлар  халық 
арасында,  елге  белгілі  болған  күйшілеріміз.  Міне,  осындай  елек-
тен  өткен  халықтың  қалаулысы  болған  күйшілерді  біз  эталон 
ретінде,  үлгі  ретінде  ұстап,  солардың  шығармаларын,  солардың 
орындауындағы  күйлерді  нотаға  түсіреміз.  Ал,  іздестіру,  жинау 
мәселесі қазіргі кезде тоқырап тұрғаны жасырын емес. Келешекте 
өз шешімін тауып жатса оны қолға алуға біз дайын.
–  Өзіңіз  де  байқап  жүрген  боларсыз,  соңғы  жылдары  сах-
налардан,  теледидардың  экрандарынан  күйшілердің  көсіліп 
күй  тартқанын  көрмейтін  болып  кеттік.  «Көрген  түстей 
сағымдай» демекші көзден бұл-бұл ұшты. «Көзден кетсе көңілден 
де  кетедінің»  кері  келіп  жүрмеске  болғаны.  Сізде  мұндай  күдік 
жоқ па?
– Дұрыс айтасыз. Бұл шындық, оны мойындау керек. Бірақ, бұған 
қарап  күй  өнері  құлдырап  бара  жатқан  жоқ.  Күй  өнерін  дәріптеп 
оны  насихаттайтын  құрал  әлі  аз.  Теледидар,  радиода  отырған 
адамдардың көбісі күйдің табиғатын білмеуі мүмкін. Себебі, оған 
көңіл бөлмесе, қазіргі заманға сай басқаға еліктесе, қазақтың күйсіз 
өмірі  жоқ  екенін,  тілсіз  қазақ  болмайтынын  түсінбейтін  адамнан 
не күтуге болады. Қазір теледидардан тиіп-қашып беріледі. Бірақ, 
ол  күйдің  қандай  екеніне,  құрылымына,  мәні  мен  мазмұнына 
тереңдеп  бойлап  жатпайды.  Бұрын  кез  келген  шығарманың  ақ- 
қарасын анықтайтын «Көркемдік кеңестер» деген болған. Қазір ол 
жоқ.  Керісінше  бүгінде  күй  тағдырын  басқа  мамандықтың  адам-

214
дары  шешіп  отырса  оған  не  дерсің.  Мысалы,  күй  жөнінде  жазу-
шылар келіп билік айтады. Өздері тартпайды, «ауыз өзімдікі» деп 
бәрін  сынайды.  Осындай  ұялмайтын  адамдар  көбейіп  кетті  қазір.  
Қазақтың күйі жөнінде пікір айту үшін ол адам күйдің болмысын 
аз да болса білу керек қой. Солардың кесірінен күйге деген кереғар 
көзқарастар туындап жатыр бүгінде. Өзі жақын жүрген күйшілерді 
дәріптеу көбейіп кетті. Әрине, уақыт бәрін шешеді, жақсы-жаманын 
анықтайды.  Мен  бұл  жерде  –  бәрін  білем  деп  көсемсіп  отырған 
жоқпын. Негізі әркім өзінің шамасын білу керек қой. Жасыратыны 
жоқ, қазір ұлттық өнерге қырын қарайтындар, оны менсінбейтіндер  
көбейіп келеді.
–  Өтпелі  кезеңде  өнеріміз  біраз  қиындықты  бастан  кешті. 
Әнші–  күйшілеріміз,  музыканттарымыз  не  істерін  білмей 
аңтарылып қалғаны да рас. Ал, қазір Құдайға шүкір, ес жиып, 
етек-жеңімізді  қымтадық.  Елдің  еңсесі  де  көтеріліп  келеді. 
Бірақ, өнердегі тоқырау әлі жаслғасып жатыр ма қалай? Сіздің 
ойыңызша күйдің дәуірлеу шағы қашан туады?
–  Өнердің  дәуірлеу  кезеңі  тезірек  болу  үшін  біз  ұлт  есебінде, 
мемлекет  есебінде  толық  қалыптасып  бітуіміз  керек.  Сол  кезде 
әніміз  де,  күйіміз  де  ауадай  қажет.  Сол  кезде  бізді  іздейді.  Қазір 
бәрі еліктеушілік қой. Әлі біз ұлт ретінде оянған жоқпыз. Ұлттық 
музыка жөнінде біз әлі ештеңе білмейміз. Бізге қазір дүние керек, 
жылтыраған  керек.  Басқа  жаққа,  Батысқа,  Америкаға  табынып, 
солардың музыкасын тыңдау керек. Біз өзіміздің қадірімізді өзіміз 
білмей  жатырмыз.  Өзіміздің  музыкамыздың  құндыларын  білмей 
жатырмыз.  Біздің  ұлттық  дәстүрдің  кәсіби  деңгейге  көтерілген, 
дүниежүзіне  белгілі  болып  отырған  бір  түрі  осы  күй  мәдениеті. 
Кеңестік дәуірде де осы күй мәдениеті арқылы біздің елімізді шет ел 
таныды. Құрманғазының бір «Сарыарқасы» неге тұрады, ғажап емес 
пе! Жетпіс сегіз жасында Дина шешеміз Мәскеуге барып қазақтың 
кім екенін осы  күймен танытты. Дүниежүзілік фестивалға орыстың 
оркестрі  барған  жоқ,  біздің  Құрманғазы  оркестрі  барды.  Осы  ор-
кестр арқылы Ахмет Жұбанов қазақтың күйлерін әлем сахнасына 
шығарды. 1934 жылы бүкіл еліміздің өнер тарландарының бас қосуы 
болды. Қазақстан бойынша өнердің мықтыларын жинады. Қараңыз, 
талғам қайда жатыр. Сол кездесуге келгендер Дина, Уақап, Қали, 
Жаппас сынды тума таланттар, міне, осы жерде көрінді. Енді қазір 
тәуелсіз ел болдық. Сол Ахаңдар жасағанды енді біз қайталауымыз 
керек.  Енді  осыны  ұйымдастыру  керек.  Мен  айтып  та  жүрмін. 

215
Оның басы басталып та жатыр. Осы жақын арада мені министрлік 
шақырып алды, елімізде жиырмадан астам оркестр бар соларға ба-
рып барынша көмек көрсетіп, бір тоқсанда бір рет аралап шығуым 
керек.  Әр  аймақтың  оркестрлерінің  кәсби  деңгейі  қандай,  музы-
канттары  талапқа  сай  ма?  Осылардың  концерттік  бағдарламасы 
қандай?  Бәрі  Құрманғазы  оркестрі  орындайтын  шығармаларды 
көшіріп  алған.  Неге  олай  болу  керек?  Мысалы,  Дәулеткерейдің 
атындағы  оркестр  ме,  Дәулеткерейдің  өзінің  күйлері  бар.  Сол 
аймақтың  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Дәулеткерей  күйлері  сол  жерде 
түгел  нотаға  түсіріліп  неге  орындамасқа.  Немесе,  Дина  оркестрі 
бар. Неге Динаның күйлері нотаға түгел түсіріліп, бірінші Динаның 
күйлері неге орындалмасқа. Ия, болмаса осы жерде «Отырар сазы» 
оркестрі бар. Нұрағаң құрған. Нұрағаның барлық шығармасы қағазға 
түскен.  Неге  Нұрағаның  шығармаларын  орындамасқа.  Неге  олар 
Құрманғазы оркестрі орындағанды қайталайды. Менің ойымша әр 
окестр сол өзінің аймағының әнін, күйін дамыту керек. Сонда ғана 
бізді  халық  таниды.  «Менсінбейді»  деп  жұрттың  бәрін  кінәлауға 
болмайды. «Күй жетімсіреп барады, ешкімге қажеті жоқ» деп тағы 
айта алмаймыз. Халық өзінің музыкасын ұмытқан жоқ. Тыңдағысы 
келеді. Ал, кейбір уақытта халықтың көкейінен шықпағаннан кейін 
ол қала береді. Оған ешкім бармайды.
–  Өзіңіз  де  байқап  жүрген  боларсыз  қазір  күй  жанрында 
өндіріп еңбек етіп жүрген кәсіби композиторлар мүлде жоқтың 
қасы. Сонда күй шығару, күй жазу тиімсіз болғаны ма? Сіз бұған 
не дейсіз?
–  Бұрын  күй  жазтын  композиторлар  аз  емес  еді.  Күйдің 
арқауында  поэма  жазған.  Сыдық,  Нұрғиса,  Кенжебек,  Мәкәлім 
сонымен қатар Дүнгенбай, Еркеғали бұлардың бәрі кезінде дом-
бырашылар  болған.  Сондай-ақ  Мұхаң  да,  Ахаң  да  өз  шағында 
домбыра  тартқан.  Ахмет  Жұбановтың  1934  жылы  Ленинград-
та  тартқан  күйлері  сол  кезде  үн  таспаға  жазылған,  қандай  кере-
мет.  Елге  алып  келді  ғой.  Осылардың  бәрі  ұлттық  музыканың 
негізінде,  күйдің  арқауында  неше  түрлі  шығармалар  жазды.  Ал, 
қазіргі  композиторлардың  көпшілігі  бұлар  қалада  өскен,  қалада 
оқыған  балалар.  Жаңағы  аталғандардың  бәрі  ауылдан  келгендер 
ғой. Табиғатпен  тілдесіп келгендер. Олардың бойында табиғилық 
басым. Қалада өскен балалар Ерекеңнің айтысы бойынша асфаль-
тта туылғандар. Бұлар күйді ойнамаған, тыңдамаған адамдар. Олар 
күйден гөрі басқа халықтың музыкасына қарай бет бұрып, солар-

216
ды қабылдап, соларға еліктеп жазады. Міне, осыған байланысты 
күй  жазатын  композиторлар  азайып  кетті.  Ал,  енді  домбырада 
күй  шығарып  жүргендерге  келетін  болсақ,  кезінде  Мәлғаждар, 
Мәкәлім,  Нұрғиса  қайталанбайтын  керемет  күйлер  туғызды. 
Менің де жүзден астам күйлерім бар. Секен Тұрысбековтың жақсы 
күйлері бар. Бірен-саран еліктеп күй шығарып жүрген жастар да 
бар. Жоқ емес, күй жазатын талантты күйшілер де бар. Енді-енді 
сол күйлерді оркестрге түсіріп, біздің шәкірттеріміз сол күйлерді 
пайдаланса нұр үстіне нұр болар еді.
–  Байқап  жүрміз,  елімізге  танымал  мүйізі  қарағайдай 
оркестрлеріміздің  концерттік  репертуары  Құрманғазы,  Дина, 
Дәулеткерей,  Тәттімбет  сынды  күйшілердің  күйлерімен  ғана 
шектеліп  қала  береді.  Басқа  халық  күйшілерінің  күйлері  неге 
жоқ? Олардың шығармалары зерттеліп, нотаға түспеді ме?
– Ол былай, мұнда мынандай жағдай бар. Халықтың ішінде му-
зыка көп. Жер-жерде, тіпті ауылда домбыра тартпайтын қазақ жоқ. 
Олардың бәрінің бір құлақ күйі бар. Оған сан жетпейді. Бірақ, оның 
бәрі өз деңгейінде ме, әрине, өз деңгейінде емес. Ал, Құрманғазы, 
Дәулеткерей,  Тәттімбеттердің  күйлері  неге  жоғары  деңгейде. 
Себебі бұлар білімді адамдар. Мысалы, шетелде «Құрманғазы қай 
консерваторияны  бітірген?»  деп  сұрайды.  Кеше  кеңес  дәуірінде 
бұлардың бәрін «түк білмеген, далада өскен» деп шығару керек бол-
ды ғой. Міне, «осылардың бәрі зерттеліп болды ма?» деген сұраққа 
келсе,  жоқ,  зерттеліп  болған  жоқ  әлі.  Біз  баяғы  кеңес  дәуіріндегі 
түсінікпен оларды әлі білімсіз, қараңғы қазақ деп жүрміз. Әлі күнге 
дейін  сол  дәуірдің  жазылған,  айтылған  күйінде  келе  жатырмыз. 
Бұлардың әр қайсысын, әр күйін түгел зерттейтін уақыт енді туып 
келеді.  Осында  консерваторияда,  оның  ішінде  домбыра  кафедра-
сында білім алып жүрген жастардың бәрі талантты. Тума талант-
тар  десем,  қателеспеспін.  Міне,  осылардың  арасынан  ертең  күй 
өнерін  зерттейтін  ғалымдар  да,  күшілер  де  шығады.  Сол  сияқты 
халықтың  ішінде  неше  түрлі  таланттар  бар.  Егер  өнерін  кәсіби 
деңгейде жеткізем деп талаптанса ол шығады. Ал барлығының да 
шығармалары керемет деп айтуға болмайды. Оны өңдеу керек, оны 
жүйеге келтіру керек. Ол жеке шебер орындаушының қолынан өтсе, 
сонда ғана ол иі қанған шығарма. Оны оркестргеде түсіруге болады. 
Әр қазақтың ауылындағы күйлер неге орындалмайды дейді, ол қалай 
орындалады,  талғамнан  шықпаса.  Сондықтан  әр  өңірдегі  Халық 
шығармашылық  үйлері,  Композиторлар  одағының  бөлімшесі  не 

217
болмаса сол жерде құрылған оркестр ұжымдары бірігіп сол өңірдің 
ән күйлерін жинап, соны жүйеге келтірсе сол уақытта өнеріміз өз 
дәрежесінде дамиды.
Біздің  ең  мықты  байлығымыз  күй.  Бұл  біздің  халықтың 
ерекшелігі. Қазіргі жетістігімізге, саясатымызға, жаңа заманға бай-
ланысты сол өңірдің музыкасы даму керек. Бұл ауадай қажет нәрсе. 
Сол өңірдің әкімі егер өнерге жаны ашитын болса, жасау керек. Әні 
– күй, әсіресе, күйі дамымаса оның тілі де дамымайды. Екеуі бірі мен 
бірі байланысты. Қазір тіл жөнінде айқай салып жатырмыз. Айқай 
салудың қажеті жоқ. Ұлт болғаннан кейін тіл болады, тіл болғаннан 
кейін оның музыкасы болады. Бұлар бірге дамиды. Оларды бөліп-
жарып қарауға болмайды. Нағыз табиғи күйші тілмен бірге туады. 
Тіл шығысымен қолына домбыра ұстатып тәрбиелеген бала күйші 
болып шығады.
– Жаңа заман тудырған тұлғалар, қазіргі өміріміз, елдің ты- 
ныс-тіршілігі, қоғамымызда болып жатқан күрделі өзгерістер, 
қол  жеткен  жетістіктер,  келешек  арман-мақсаттар  күйге 
арқау бола ала ма?
–  Әрине,  арқау  бола  алады.  Елбасы  Туды  алып,  оны  сүйіп 
жатқанын  көргенде  керемет  толқып  кеттім.  Қазақта  осындай  ұл 
бар  деп  Нұрсұлтан  ағамен  мақтандым.  Бұл  көрініс  шабытыма 
шоқ  тастады.  Мен  кеудемді  керіп,  бар  екенбіз  ғой  деп  масатта-
нып  кеттім.  Осындай  сезім  бұлқынысынан  «Шабыт»  деген  күйім 
туды. Не болмаса Нұрғиса ағамның талантын, ер мінезін, тұлғасын, 
композиторлығын, дирижерлығын арқау еткен күйім бар «Нұрғиса» 
деген. Еркеғалиға арнаған «Ерке би» деген күй бар. Шындығында 
Ерекең би қойған. Ертең Шамғон ағамыздың сексен жылдығы бо-
лайын  деп  жатыр.  Ал  жетпіс  жылдығында  жазылған  «Ақжелең» 
деген күйім бар. Шәкеңнің көңілді бір шақтарын суреттейтін. Не-
месе Ғазиза апамызға арналған «Ғазиза» күй-реквием. Елге, жерге 
деген сүйіспеншілікті білдіретін «Ата қоныс», «Атамекен» немесе 
көшіп  келіп  жатқан  отандастарымызға  бағышталған  «Қандастар» 
деген күйім бар. Біздің үлкен тұлға болған аналарымыз да бар ғой. 
Осындай  ел  тұтқасын  ұстаған  ұл-қыздарды  тапқан  біздің  анала-
рымыз кімнен-кем. «Ана мейірімі» деген күйім сол аналарымызға 
қойылған  ескерткіш  сияқты.  Құрманғазы  «Қайран  шешем»  деп 
шығарса  мен  «Қайран  әке»  деп  шығардым.  Осындай  елге  тұтқа 
болған  ұл-қыздарды  тәрбиелеп  жатқан  әкенің  орны  қайда?  «Ал-
тын ұя» деген күйім бар. Өйткені әркімнің өзінің «алтын ұясы» бар 

218
ғой. Бесіктен бастап туған жер, мектеп, консерватория... Сондай-ақ 
болашақ ұрпақтарға арналған күйлерім де бар.
– Жалпы қазақтың күйін әлемдік деңгейде насихаттау жағы 
қандай дәрежеде? Шетелдің музыка мамандары біздің осы өнерге 
қызығушылық  танытып  отыр  ма?  Осы  жөніндегі  ойыңызды 
ортаға салсаңыз?
– Әлем керегінше жақсы, шебер орындалған біздің күйлерді ала-
ды. Шебер тартылған күйлерге өте құмар. Менің орындауымдағы 
күй  дискілерді  көп  сұрайды.  Швейцарияға  шақырды.  Қытайда 
менің елу төрт күйімді жазып алды. Өткенде Францияда, Париж-
де болып қайттық. Олардың талғамы жоғары ғой. Кез келген күйді 
тыңдамайды. Күй бұл жанр болып қалыптасқан үлкен музыкалық 
шығарма. Бір симфонияға бір күйміз тұрады деп айтады. Бұл сөздің 
жаны  бар.  Мысалы,  Құрманғазының  «Ақбайы»  бір  симфониядан 
артық  болмаса  кем  емес.  Оның  тақырыптық  құрылысына  талдау 
жасай білетін адам болса, онда оның көзі жетеді. Ұлттық операға 
халық  неге  аз  барады.  Себебі  оны  тыңдайтын  біздің  халықтың 
кейбір бөлігінің өресі әлі жеткен жоқ. Біз енді-енді есімізді жиып 
жатырмыз ғой. «Болмай жатыр» деп байбалам салудан гөрі ұстам 
керек. Біз жұмыс істеуіміз керек. Сонда біздің күйлерміз шетелге 
кеңінен  танылады.  Бірақ  күйді  түсінетін,  негізінен  қабылдайтын 
өзіміздің ұлт. Күй қазаны өзімізде қайнап, өзімізде пісіп жетілуі ке-
рек. Керек болса шетел өздері келіп алады.
– Елімізде әр түрлі байқаулар, фестивальдер жоқ емес, бар, 
өтіп  тұрады.  Бірақ  күй  өнеріне  арналған  шаралар  республика 
көлемінде өте сирек болады. Бұның себебі не?
– Былтыр «Күй Керуені» деп бастадық қой. Алматыда, Көктөбеде 
өтті. Иманғали ініміз әдейі бір домбыраны Атырауға беріп жіберді. 
Ондағы оның ойы келесі кезек Құрманғазы, Динаның туған жері 
«Атырау сенікі» дегенді меңзеуі еді. Бірақ, ол ауылдың қозғалып 
жатқанын  көріп,  естіп  жатқам  жоқ.  Бұған  ауданның,  облыстың 
әкімдері көңіл аударып ден қойғаны дұрыс сияқты. Ұлттық өнер 
үшін  жаны  ашитын  болса  бірінші  солар  бастау  керек.  Аспан-
дамай  жерге  түсіп,  халықтың  өнерімен  тілдесу  керек  қой.  Елба-
сы  Нұрсұлтан  ағамыздың  өзі  дүниежүзі  қазақтарының  бірінші 
Құрылтайы  өткеннен  кейінгі  қонақасында  қазір  бүкіл  ел  айтып 
жүрген  «Елім  менің»  деген  әнді  домбырамен  сонда  айтты  ғой. 
Ал, маған «Парасат» орденін беріп тұрып: «Қаршыға, домбыраң 
қайда?» деді. Елбасымыздың өзі домбыраға көңіл бөліп тұрғанда 

219
қалған азаматтар неге көңіл бөлмеске. Күйсіз қазақтың күйі бол-
майды.
– Сіз көптеген шәкірттер тәрбиелеп жатырсыз. Бұл саладағы 
еңбектеріңіз өз алдына жеке әңгіме болатын тақырып. Болашақ 
күйшілердің бапкері ретінде не айтар едіңіз?
– Жастардың ішінде елге танымал күйшілер өте көп. Атап айт-
сам Салтанат Құдайбергенова. Ол Айгүл Үлкенбаевамен күй тар-
тысына  қатысты.  Айгүл  Батырхайырова  Құрманғазы  атындағы 
байқаудың Гран-при иегері. Биыл бітіргендердің арасында Сәбира 
Бибатырова деген қыз бар. Ол дегенің нағыз жұлдыз. Келешегінен 
көп  үміт  күтетін  күйші.  Репертуарында  көп  күйлер  бар.  Керемет, 
жарқын талант. Қазір күй өнеріне қызығушылық танытып отырған 
жастар ел ішінде өте көп. Бізде жылына бір орынға төрт-бес бала-
дан келеді. Менің шәкірттеріме тілегім: «халықтың күйлерінің боя-
уын бұзбай орындаңдар. Әрлеңдер, құлпыртыңдар, заман талабына 
сай жасаңдар бірақ күйіміз өзінің табиғатына тән қасиетінен ажы-
рап қалмасын» дегім келеді.

1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал